Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Итоги государственного аудита
Сарқан ауданы қорытынды
Категория: Итоги государственного аудита | |
Дата: 28.03.2019 | |
Просмотры: 1291 | Печать страницы |
ТАЛДАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Талдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес жергілікті бюджеттің жоспарлануы және атқарылуы, аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылуын талдау.
Талдау объектілері:
«Сарқан аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
«Сарқан ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Талдаумен қамтылған кезең: 2018 жылдың қаңтарынан бастап, 2018 жылдың желтоқсанын қоса алған кезең.
Негізгі (талдамалық) бөлік
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 13, 51-баптарына сәйкес Сарқан ауданының 2018 жылғы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды есебі әзірленді.
Сарқан ауданының 2018 жылғы аудан бюджетінің кірістері 100,3 пайызға, немесе 6 593 401,9 мың теңге болып орындалып, аудан бюджетіне жоспардан тыс 22 208,1 мың теңге түскен. Салықтық түсімдер бөлігі қаралған 381 490,0 мың теңгенің орнына 409 746,5 мың теңге болып 107,4 пайызға орындалған, немесе 28 256,5 мың теңге қаражат артығымен түскен. Салықтық емес түсімдердің түзетілген көрсеткіштері 38 528 мың теңгенің орнына 20 254,2 мың теңге болып 52,6 пайызға орындалған, немесе 18 273,8 мың теңге қаражат кем түскен. Бюджет жоспары бойынша жоғары тұрған бюджет есебінен жоспарланып түскен трансферттер түсімдері 6 122 818,0 мың теңгені, немесе аудан бюджеті кірістерінің 92,9 пайызын құраған, оның ішінде: нысаналы трансферттер 1 078 251,0 мың теңгені, немесе аудан бюджеті кірістерінің 16,4 пайызын құраған, нысаналы даму трансферттері 1 274 777,0 мың теңге, субвенциялар 3 769 790,0 мың теңгені, немесе аудан бюджеті кірістерінің 57,2 пайызын құраған.
Аудан бюджетінің шығындары 6 612 590,2 мың теңгеге орындалған. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің талаптары сақталмай, бюджеттік бағдарлама әкімгерлері және уәкілетті орган тарапынан бөлінген қаражаттың толық игеруі қамтамасыз етілмеген себебінен аудан бюджетінің шығындары 99,9 пайызға орындалған, немесе орындалмаған сомасы 7967,8 мың теңгені құраған.
Қазақстан Республикасының 04.12.2008 жылғы №95-IV Бюджет Кодексінің 82, 104 баптарының талаптары сақталмай, бюджеттік бағдарлама әкімгерлері және уәкілетті орган тарапынан төмендегі шығындарға бөлінген қаражаттың толық игеруі қамтамасыз етілмеген:
«Қорғаныс» функционалдық тобының жоспары 3 209,0 мың теңге, игерілуі 3 197,4 мың теңге немесе 99,6%, игерілмегені 11,6 мың теңге;
«Білім беру» фунционалдық тобының жоспары 4 415 679,0 мың теңге, игерілуі 4 415 353,9 мың теңге немесе 99,9%, игерілмегені 325,1 мың теңге;
«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» функционалдық тобының жоспары 417 840,0 мың теңге, игерілуі 417 745,9 немесе 99,9%, игерілмегені 94,1 мың теңге;
«Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобының жоспары 382 234,0 мың теңге, игерілгені 375 203,1 мың теңге немесе 98,2%, игерілмегені, 7 030,9 мың теңге;
«Мәдениет, спорт туризм ақпараттық кеңістік» функционалдық тобының жоспары 372 448,0 мың тенге, игерілуі 372 422,1 мың теңге немесе 99,9%, игерілмегені 25,9 мың теңге;
«Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану» функционалдық тобының жоспары 206 099,0 мың тенге, игерілуі 206 098,9 мың теңге немесе 100,0%, игерілмегені 0,1 мың теңге;
«Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» фунционалдық тобының жоспары 148 273,0 мың теңге, игерілуі 148 039,6 мың теңге немесе 99,8%, игерілмегені 233,4 мың теңге;
«Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» фунционалдық тобының жоспары 20 695,0 мың теңге, игерілуі 20 689,5мың теңге немесе 99,9%, игерілмегені 5,5 мың теңге;
«Көлік және коммуникация» функционалдық тобының жоспары 195 109,0 мың теңге, игерілуі 195 019,0 мың теңге немесе 99,9%, игерілмегені 90,0 мың теңге;
«Басқалар» функционалдық тобының жоспары 34 894,0 мың теңге, игерілуі 34 891,2 мың теңге 100,0% игерілмегені 2,8 мың теңге;
Борышқа қызмет көрсету жоспары 20,0 мың теңге, игерілуі 19,9 мың теңге немесе 100,0%, игерілмегені 0,1 мың теңге;
«Трансферттер» функционалдық тобының жоспары 22 408,0 мың теңге, игерілуі 22 407,4 мың теңге немесе 100,0% игерілмегені 0,6 мың теңге.
2019 жылдың 01 қаңтарына орын алған дебиторлық қарыз 35 894,1 мың теңгені құраған, оның ішінде:
- «Сарқан аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша – 35 759,5 мың теңге (13 404,7 мың теңгесі 2015 жылдың 16 ақпандағы №2-319/15 сот шешіміне сәйкес өткен жылдардың аудандық білім бөлімі алдындағы «SV- Veles» ЖШС-тың сұйық отын сатып алудан шыққан, 22 354,8 мың теңгесі 2015 жылдың 16 ақпандағы №2-355/15 сот шешіміне сәйкес «Астана Ресурс» ЖШС мың теңге сұйық отын сатып алудан шыққан);
- «Саркан аудандык Маслихатынын аппараты»" мемлекеттік мекемесі бойынша 12,5 мың теңге (байланыс қызметі артық төлемдерінен шыққан);
- «Ауыл, қала және ауылдық округ әкімдерінің аппараттары» 36,1 мың теңге (іс-сапар шығындарының артық төлемдерінен шыққан);
- «Саркан аудандык экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі бойынша 67,6 мың теңге (байланыс қызметі артық төлемдерінен шыққан);
- «Сарқан аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 18,4 мың теңге (байланыс қызметі артық төлемдерінен шыққан).
2019 жылдың 01 қаңтарына қалыптасқан кредиторлық қарыз 45946,0 мың теңгені құраған, оның ішінде:
- «Сарқан аудандық еңбекпен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 25,7 мың теңге (жеке тұлғаларға берілетін трансферттер бойынша төлеуге қаражат жетпей қалды);
- «Сарқан аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 45896,3 мың теңге (5249,3 мың тенгеге мұғалімдердің біліктілікті жоғарылату курстарына барып келген соң өткізген іс сапар құжаттары, 25739,3 – еңбек ақының аударымдары, 4435,1 мың теңгеге мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар, 8283,6 мың теңгеге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар, 2189,0 мың теңгеге коммуналдық төлемдер - осы ерекшеліктер бойынша қаржыландыру жоспарындағы қаражат жетіспеді);
- «Саркан аудандык Маслихатынын аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша 18,3 мың теңге. (іс-сапар шығындарын төлеуге қаражат жетпей қалды);
- "Сарқан аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі бойынша 2,9 мың теңге (іс-сапар шығындарын төлеуге қаражат жетпей қалды);
- "Сарқан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі бойынша 2,8 мың теңге (еңбек ақы шығындарын төлеуге қаражат жетпей қалды).
Аумақтық даму бағдарламасының орындалуын нақтыланған жоспармен салыстырғанда 4 индикатор бойынша тікелей нәтижеге қол жеткізілгенмен соңғы нәтижеге қол жеткізілмеген. Оның ішінде:
БАҒЫТ. Экономиканың дамуы.
2 - мақсат. Ұйымдастырылған шаруашылықтарда ірі қара мал жоспары 45,6%, нақты орындалғаны 39,5%. және ұсақ мал басының үлесі жоспары 50,0%, нақты орындалғаны 37,4%. Себебі ұйымдастырылған шаруашылықтарда 3100 бас ірі қара мал жекешелендіруіне байланысты болжамдалған көрсеткіш 39,5 % түсіп отыр. Бірақ, жалпы мал басы бойынша жоспар 100,1% орындалды.
Аудан бойынша ұсақ малдардың өнімділік құндылығын анықтау мақсатында бонитировка жүргізілу себепті ұйымдастырылған шаруашылықтарда да ұсақ мал басының үлесі төмендеді.
4 - мақсат. Кіші және орта кәсіпкерліктің дамуы, сауда
Бөлшек сауданың НКИ-ң жоспары 102%, нақты орындалғаны 99,7%. Орындалмау себебі 2018 жылға бөлшек сауда айналымы 6293,3 млн. теңгені құраса, 2017 жылға қарағанда өсу қарқыны 109,2% құрады
5 –мақсат. Экономикалық өсім орталықтарын дамыту ( Сарқан қаласы)
Жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің көлеміндегі белсенділердің үлесі жоспарланғаны 66,6%, нақты орындалғаны 56,2%. Орындалмау себебі қаржылық қиындықтарға байланысты шағын орта бизнес субъектілерінің көпшілігі өздерінің іскерлік қызметін уақытша тоқтатты.
4 БАҒЫТ. Инфрақұрылым
2 мақсат: Құрылысты дамыту: құрылыс жұмыстардың көлемі жоспарланғаны 4445,0 млн. теңге, нақты орындалғаны 4442,1 млн. теңге. Мемлекеттік және жеке меншік есебінен қаржыландырылытын барлық құрылыс насандары құрылыс жұмыстарының көлемі туралы есебін толық өткізді. Бұл туралы моиторинг жүргізілді. Бірақ жеке меншік есебінен қаражат жеткізіліксіз болды.
2018 жылы Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы тарапынан жергілікті атқарушы органның және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шарт талаптарын орындауына және жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің, бюджетке түсетін түсімдерді алудың толықтығы мен уақытылығына, сондай ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген соманы қайтаруға, есепке жазудың дұрыстығы бойынша сәйкестік аудитімен Сарқан ауданында 10 мемлекеттік кәсіпорындар жалпы соммасы 677 534,0 мың теңге активтері қамтылып, 838,1 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптары бұзылғаны анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 838,1 мың теңге. Қаржылық бұзушылыққа және талаптарын бұзуға жол берген лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылған.
Қабылданған шаралар
Қабылданған шаралар болған жоқ.
Талдаудың қорытындысы бойынша тұжырымдар
Сарқан ауданының 2018 жылғы аудан бюджетінің кірістері 100,3 пайызға, немесе 6 593 401,9 мың теңге болып орындалып, аудан бюджетіне жоспардан тыс 22 208,1 мың теңге түскен. Салықтық түсімдер бөлігі қаралған 381 490,0 мың теңгенің орнына 409 746,5 мың теңге болып 107,4 пайызға орындалған, немесе 28 256,5 мың теңге қаражат артығымен түскен. Салықтық емес түсімдердің түзетілген көрсеткіштері 38 528 мың теңгенің орнына 20 254,2 мың теңге болып 52,6 пайызға орындалған, немесе 18 273,8 мың теңге қаражат кем түскен. Бюджет жоспары бойынша жоғары тұрған бюджет есебінен жоспарланып түскен трансферттер түсімдері 6 122 818,0 мың теңгені, немесе аудан бюджеті кірістерінің 92,9 пайызын құраған, оның ішінде: нысаналы трансферттер 1 078 251,0 мың теңгені, немесе аудан бюджеті кірістерінің 16,4 пайызын құраған, нысаналы даму трансферттері 1 274 777,0 мың теңге, субвенциялар 3 769 790,0 мың теңгені, немесе аудан бюджеті кірістерінің 57,2 пайызын құраған.
Аудан бюджетінің шығындары 6 612 590,2 мың теңгеге орындалған. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің талаптары сақталмай, бюджеттік бағдарлама әкімгерлері және уәкілетті орган тарапынан бөлінген қаражаттың толық игеруі қамтамасыз етілмеген себебінен аудан бюджетінің шығындары 99,9 пайызға орындалған, немесе орындалмаған сомасы 7967,8 мың теңгені құраған.
Сарқан ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасымен 2018 жылға белгіленген 4 бағыттағы мақсаттар пен нысаналы индикаторларына қол жеткізілмеген.
Талдаудың қорытындысы бойынша ұсынымдар
Сарқан ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасымен белгіленген мақсаттар мен нысаналы индикаторларының толық орындалуы, тікелей және түпкілікті мақсаттарына қол жеткізу қамтамасыз етілсін.
- 2018 жылдың қорытындысымен анықталған бюджеттік қаражаттың толық игеруін қамтамасыз етпеген бюджеттік бағдарлама әкімгерлері мен уәкілетті органдардың жауапкершілігі қаралсын.
- 2018 жылы аудан бюджетінің жалпы құрамындағы меншікті кірістер деңгейінің арттыру мүмкіншіліктері қарастырылсын.
- 2018 жылдың қорытындысымен анықталған аудан бойынша орын алған дебиторлық және кредиторлық қарыздарды азайту жұмыстары жүргізілсін.
Тексеру комиссиясының мүшесі Қ.Манамұратов