Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Итоги государственного аудита
Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы қорытынды
Категория: Итоги государственного аудита | |
Дата: 04.06.2019 | |
Просмотры: 2204 | Печать страницы |
Жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалануға, мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығына, сонымен қатар мемлекеттік аудит объектісінің саласы бойынша ақылы қызметтерден түскен қаражаттарын нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес түсуі және жұмсалуына «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен оған қарасты коммуналды мемлекеттік мекемелерде жүргізілген аудиторлық іс-шара бойынша |
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ |
|
«Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ |
|
|
Алматы облысы бойынша
тексеру комиссиясының Төрағасы
М.Мұсаевқа
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
I. Кіріспе бөлік
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Жергілікті бюджет қаражатының Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалануға, мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығына, сонымен қатар мемлекеттік аудит объектісінің саласы бойынша ақылы қызметтерден түскен қаражаттарын нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес түсуі және жұмсалуына аудит жүргізу.
1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:
1. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
2. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы " ММ "Үштөбе орман шаруашылығы" КММ;
3. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы " ММ "Алакөл орман шаруашылығы" КММ;
4. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы " ММ "Үйгентас орман шаруашылығы" КММ;
5. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы " ММ "Жаркент орман шаруашылығы" КММ;
6. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы " ММ "Ұйғыр орман шаруашылығы" КММ;
7. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы " ММ "Кеген орман шаруашылығы" КММ;
8. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы " ММ "Нарынқол орман шаруашылығы" КММ;
9. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы " ММ "Күрті орман шаруашылығы" КММ;
10. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы " ММ "Бақанас орман шаруашылығы" КММ;
11. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы " ММ "Бөрлітөбе орман шаруашылығы" КММ;
12. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы " ММ "Жоңғар орман шаруашылығы" КММ;
13. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы " ММ "Қаскелең орман шаруашылығы" КММ;
14. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы " ММ "Шелек орман шаруашылығы" КММ;
15. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы " ММ "Талдықорған орман шаруашылығы" КММ;
16. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы " ММ "Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет" КММ.
1.4. Мемлекеттік аудит тобының құрамы (мемлекеттік аудиторлардың сертификаттарының нөмірлерін көрсете отырып): Топ жетекшісі, бөлім басшысы - мемлекеттік аудитор Базарбаев Дидар Темірғалиұлы (№0301), бас маман - мемлекеттік аудиторлар: Желдібаев Сырым Сарқанбайұлы (№1349), Ботабеков Мұрат Санақұлы (№0302), Сағынбеков Шалқар Жолдыбайұлы (№1297), Абеубакиров Өркен Дүйсембекұлы (№0197), Қожағұлова Гүлнар Қалиқызы (№0308), Кеңесжан Бибігүл Кеңесжанқызы (№0307), Мухашев Саят Алдажарұлы (№0314), Сыздықова Шолпан Нұртілеуқызы (№0318).
1.5. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2014 жылдың 01 тамызынан бастап, 2018 жылдың желтоқсанын қоса алғанда.
II. Негізгі (талдамалық) бөлік:
2.1. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қарасты 14 коммуналды мемлекеттік мекемелердің иелігінде облыс бойынша жалпы алаңы 4 137 914 гектар болса, оның 1 666 762 гектары орман алқабы, 2 471 152 гектары орманды емес алқапты құрайды.
Оның ішінде; «Алакөл орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің иелігінде жалпы 168 116 гектар, оның ішінде; 52 129 гектар орман, 115 987 гектары орманды емес алқаптар, «Бақанас орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің иелігінде жалпы 1 558 997 гектар, оның ішінде; 907 808 гектар орман, 651 189 гектары орманды емес алқаптар, «Бөрлітөбе орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің иелігінде жалпы 86 287 гектар, оның ішінде; 58 421 гектар орман, 27 866 гектары орманды емес алқаптар, «Жоңғар орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің иелігінде жалпы 33 077 гектар, оның ішінде; 11 337 гектар орман, 21 740 гектары орманды емес алқаптар, «Жаркент орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің иелігінде жалпы 215 864 гектар, оның ішінде; 63 526 гектар орман, 152 338 гектары орманды емес алқаптар, «Қаскелең орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің иелігінде жалпы 10 506 гектар, оның ішінде; 6 568 гектар орман, 3 938 гектары орманды емес алқаптар, «Кеген орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің иелігінде жалпы 84 790 гектар, оның ішінде; 23 579 гектар орман, 61 211 гектары орманды емес алқаптар, «Күрті орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің иелігінде жалпы 367 567 гектар, оның ішінде; 187 967 гектар орман, 179 600 гектары орманды емес алқаптар, «Нарынқол орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің иелігінде жалпы 193 938 гектар, оның ішінде; 52 291 гектар орман, 141 647 гектары орманды емес алқаптар, «Талдықорған орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің иелігінде жалпы 185 791 гектар, оның ішінде; 51 151 гектар орман, 134 640 гектары орманды емес алқаптар, «Үйгентас орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің иелігінде жалпы 76 396 гектар, оның ішінде; 17 838 гектар орман, 58 558 гектары орманды емес алқаптар, «Ұйғыр орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің иелігінде жалпы 259 715 гектар, оның ішінде; 103 421 гектар орман, 156 294 гектары орманды емес алқаптар, «Үштөбе орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің иелігінде жалпы 779 408 гектар, оның ішінде; 105 881 гектар орман, 673 527 гектары орманды емес алқаптар, «Шелек орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің иелігінде жалпы 104 515 гектар, оның ішінде; 23 376 гектар орман, 81 140 гектары орманды емес алқаптарды құрайды.
Жоғары көрсетілген мекемелердің қызметтерінің мәні орманды және өзіне тікелей тұрақты пайдалануға бекітілген аумақта орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету және қорғау болып табылады.
Жоғары көрсетілген мақсаттарға коммуналдық мемлекеттік мекемелерге және оларға тікелей басшылық жасайтын «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне келесідей қаражаттар бөлініп мемлекеттік аудитпен қамтылған:
Жалпы сомасы 6 505 026,5 мың теңге мемлекеттік аудитпен қамтылды, оның ішінде: 2014 жылдың 1 тамызынан 31 желтоқсан аралығында - 779 496,2 мың теңге, 2015 жыл - 1 154 573,0 мың теңге, 2016 жылы - 741 709,6 мың теңге, 2017 жылы - 1 636 777,2 мың теңге және 2018 жылы - 2 024 561,9 мың теңге. Ақылы қызметтерден түскен қаражат көлемі: 167 908,6 мың теңге, оның ішінде: 2017 жылы – 96 809,3 мың теңге және 2018 жылы – 71 099,3 мың теңге.
2.2. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен оған қарасты коммуналды мемлекеттік мекемелерде жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері:
Осы мемлекеттік аудитпен барлығы 16 мемлекеттік аудит объектісі қамтылды.
Аудиторлық іс-шара қаражатты жұмсау кезінде мемлекеттік аудит объектісінің келесі көрсеткішке сай қызмет атқаруы, атап айтқанда: мәнділік мемлекеттік аудит объектісі қаржы шаруашылық операцияларын жасауы кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, сондай-ақ ең жоғары жол берілетін мөлшері мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне және көрсеткіштер санатына қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын, қабылданатын шешімдерге ықпал ететін өзге де қателер.
Мемлекеттік аудит барысында негізгі бұзушылықтардың барлығы Қазақстан Республикасының Заңнамаларының нормаларын тікелей сақтамағандықтан, атап айтқанда олардың басым бөлігі коммуналдық шығындарды өтеу, еңбек ақы, сыйақы, үстемеақы, пайдалану мерзімі өтіп кеткен ЖСҚ және мемлекеттік органдарды кеңсе жихазымен қамтамасыз етудің заттай нормаларының сақталмауынан орын алған.
2.2.1. Мемлекеттік аудит жүргізу барысында жалпы сомасы 6 505 026,5 мың теңге қаражат қамтылып, 4 347,1 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптары бұзылғаны анықталды, оның ішінде; қаржылық бұзушылықтар - 1 271,6 мың теңге қалпына келтіруге жататыны - 642,0 мың теңге (2019 жылдың бюджетінен қысқартылуыға), өтелуге жататыны- 629,6 мың теңге), тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы – 3 075,5 мың теңге. Сонымен қатар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны – 1 бірлікті құрады. Оның ішінде жеке мекемелер бөлінісінде:
1. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі:
2018-2020 қаржы жылдарына арналған Бюджеттік өтінімінде 151 «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігі бойынша жылытудың есебі 04-151 «орталық жылыту жүйесі бар мемлекеттік мекемелер үшін ғимараттарды, үй-жайларды босатуға арналған жылу шығыстарын есептеу» тізімінде 103,5 шаршы метр артық есептеліп, соның нәтижесінде 288,0 мың теңге артық жоспарланған . Сондай-ақ 04-151 «Ыстық және суық суға, кәрiз бен газға арналған судын шығыстары» тізімінде есептеу пайдалану үшін суық су және кәріз (канализация) коэффициентері көтеріліп қойылған, яғни, 1,23 коэффициентын орнына (52,3)*159,28*31=257,0 мың теңге); 2,92 коэффициентын орнына (30,1) *119,56*31=117,0 мың теңге) қолданылған. Соның нәтижесінде, 354,0 мың теңге, барлығы 642,0 мың теңге артық жоспарланғаны анықталды, аталған сома 2019 жылдың қаржыландыру жоспарынан кемітілуге жатады.
2018 жылдың желтоқсан айында мемлекеттік мекемесіне офистік жихаздар сатып алынған. «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланасымен, кеңсе жихазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 бұйрығының 16 қосымшасы бұзылған. Мемлекеттік органдарды кеңсе жихазымен қамтамасыз етудің заттай нормаларында кілем сатып алу қарастырылмаған. Сонымен, сатып алынған кілемдер 18 дана - 971,4 мың теңгеге тиімсіз пайдалану болып саналады. Яғни, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Кодексінің 1 тарау, 1 бөлімінің, 3 баптың 14-2) тармағының талабы сақталмаған.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңының 9-тарау, 60-бабының 7-тармағының 2 қайырмасының талаптары сақталмай, Мекемеде 2 жобалық сметалық құжаттама (Талғар ауданында ескірген пестицидтермен ластану ошақтарын жоюға ЖСҚ әзірлеуге -210,0 мың теңгеге, Ақсу ауданы Жансүгіров кентіндегі кәріз желілерін күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге -1894,1 мың теңгеге) құжаттама бойынша үш жыл ішінде құрылыс жұмыстары осы уақытқа дейін басталмаған, осылайша 2 104,1 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған. Яғни, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Кодексінің 1 тарау, 1 бөлімінің, 3 баптың 14-2) тармағының талабы сақталмаған.
2. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Үштөбе орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы «Алматы облысы аумағындағы зиянкес жыртқыштармен күрес туралы» №283 өзгерістер енгізілген қаулысы негізінде қасқыр, қасқырдың бөлтірігі және шибөрі атуға, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы №99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 158 - бабының 1 тармағының және 168 - бабының талаптары сақталмай бірнеше жеке тұлғалардан қараша және желтоқсан айларына 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы және 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-VI Салық кодексінің 320 - бабының 1 тармағы және 351 - бабының 1, 2 және 3 тармақтарының талаптары толық сақталмай 2018 жылдың қараша және желтоқсан айларында барлығы 36,2 мың теңгенің жеке табыс салығы ұсталынбаған және айыппұл сомасы 5,3 мың теңгені құраған.
3. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Нарынқол орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы 3 қосымшасының талабы бұзылып мекеменің өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісіне еңбекақы төлеуде жұмысшылардың лауазымдық айлықақыларын (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған коэффициенттердің дұрыс қолданылмауай 6 біліктілік разряды - 2,25 коэффициентінің орнына 4 біліктілік разряды - 1,96 коэффициенті қолданылып нәтижесінде 123,2 теңге еңбекақысы кем төленген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 1 қосымшасының және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-2/1132 «Ауыл, су, орман шаруашылықтары және жануарлар дүниесі саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» бұйрығының талабы сақталмай, мекеменің бірнеше маманының біліктілігі дұрыс есептелмеуі салдарынан 2018 жылдың шілде-желтоқсан айларында 84,9 мың теңге еңбекақы артық төленген.
4. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Бақанас орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекiтiлген «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесінің» 5 тарау 18 тармағының талаптары бұзылып 2017 жылы желтоқсан айында А. Нурхановқа 41225 теңге, М.Нурмуханбетовқа 33897 теңге бұйрықтың шықпауына қарамастан сый ақы берілген.
5. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Бөрлітөбе орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағының 1) тармақшасы талаптары бұзылып, мекеме қызметкерлері Е.Қанатұлына 12,7 мың теңге, Н.Нұрахымұлына 7,7 мың теңге, барлығы 20,4 мың теңге негізсіз сыйақы берілген.
6. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қаскелең орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 1 қосымшасының және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-2/1132 «Ауыл, су, орман шаруашылықтары және жануарлар дүниесі саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» бұйрығының талабы сақталмай, мекеменің бірнеше маманының біліктілігі дұрыс есептелмеуі салдарынан 2018 жылдың шілде-желтоқсан айларында 175,2 мың теңге еңбекақы артық төленген.
7. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шелек орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 1 қосымшасының және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-2/1132 «Ауыл, су, орман шаруашылықтары және жануарлар дүниесі саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» бұйрығының талабы сақталмай, мекеменің бірнеше маманының біліктілігі дұрыс есептелмеуі салдарынан 2018 жылдың шілде-желтоқсан айларында 232,5 мың теңге еңбекақы артық төленген.
«Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің тиімділігіне аудит жүргізгенде Заңнамалардың талаптарына сәйкес келмейтін келесі сәйкессізідктер анықталды:
1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған «Қазақстан Республикасының Конституциясы» Конституциясының 31-бап, 1 тармағына сәйкес мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды; 6-бап, 3 тармағына сәйкес жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы N212 «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» 7-бап, 1 тармағына сәйкес жер, жер қойнауы, жер үстi және жер асты сулары; атмосфералық ауа; ормандар мен өзге де өсiмдiктер; жануарлар дүниесi, тiрi организмдердiң гендiк қоры; табиғи экологиялық жүйелер, климат және жердiң озон қабаты жойылудан, тозудан, зақымданудан, ластанудан және өзге де зиянды әсерден қорғалуға тиiс. 18-бап, 2 тармағына сәйкес арнайы уәкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдардың құзыретi Қазақстан Республикасының жер, су, орман заңнамасында, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, ветеринария, өсiмдiктер карантинi, атом энергиясын пайдалану, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, азаматтық қорғау, өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасында белгiленедi.
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593 Заңының 1-бап, 5 тармақшасына сәйкес аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қоры – жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi; 75 тармақшасына сәйкес уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың мамандандырылған ұйымдары (бұдан әрі – мамандандырылған ұйымдар) – жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер және республикалық мемлекеттік кәсіпорындар. 10-бап, 2 тармағы, 5-5 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары: аңшылық алқаптарының резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi; 5-6 тармақшасына сәйкес балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi. 43 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды жүзеге асыру үшін мамандандырылған ұйымдар құрады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіліктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» №898 Жарлығы және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №239-V Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың құзырына аңшылық алқаптардың резервтік қорында және балық шаруашылығы су айдындарында және учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету функциялары берілген. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысымен Алматы облысы әкіімінің орынбасарына 2016 жылғы 20 сәуірдегі №25-25/629 шығыс хаты жолданып, ұйымдастыру шараларына қатысты сұраныс жасалған.
2017 жылғы 9 қарашадағы №483 Алматы облысының әкімдігінің қаулысы негізінде «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заң талаптарына сәйкес құрылған және Ережесі бекітілген. Ережеге сәйкес қызметінің мәні - аңшылық алқаптарының және балық шаруашылығы су айдындарының және учаскелерінің резервтік қорында жануарлар дүниесін қорғау.
Алайда, «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» КММ аңшылық алқаптарының және балық шаруашылығы су айдындарында және учаскелерінің жануарлар дүниесін қорғауды жүзеге асыратын резервтік қорларының алаңы уәкілетті органмен немесе жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен нақты бекітілмеген.
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175 Заңының 32-бап, 1 тармағына сәйкес мемлекеттік табиғи-қорық қорының, мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың және мемлекеттік қорық аймақтарының мемлекеттік орман қоры жерінде және оларға іргелес жатқан жерде орналасқан табиғи кешендері мен объектілерін қорғауды Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің қызметтері, басқа санаттардағы жерде табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың инспекторлары жүзеге асырады. 2 тармағына сәйкес мемлекеттік табиғат ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи қаумалдарды және мемлекеттік қорық аймақтарын қорғау мақсатында оларды мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелеріне, табиғат қорғау мекемелеріне және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдарға бекітіп беру уәкілетті органның және өздерінің құзыреті шегінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен жүргізіледі. 72-бабы, 5 тармағына сәйкес мемлекеттiк қорық аймақтары бекiтiп берiлетiн табиғат қорғау мекемелерi, мемлекеттiк орман шаруашылығы мекемелерi, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар осы Заңның 32-бабына сәйкес арнайы күзет қызметтерiнiң күшiмен оларда орналасқан мемлекеттiк табиғи қорық қорының объектiлерiн қорғау мен қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады.
«Жерлерді резервте қалдыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 178 бұйрығының 2 тармағына сәйкес 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16-18-баптарына сәйкес жерлерді резервте қалдыру туралы шешімді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, ал республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, елді мекендердің шекараларында - аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары қабылдайды. 16 тармағына сәйкес жерлерді резервте қалдыру туралы жергілікті атқарушы органның шешімінде: 1) резервтеудің мақсаттары мен мерзімдері; 2) резервте қалдыру оларға сәйкес жүзеге асырылатын құжаттардың деректемелері; 3) жерлердің жалпы көлемі мен санаты (экспликациясы); 4) резервте қалдырылатын жерлердің шекараларында толық немесе жартылай орналасқан жер учаскелерінің жер пайдаланушылары мен сервитут иеленушілері туралы (олар болған кезде) мәліметтер, кадастрлық нөмірлерінің тізбесі; 5) шектеулер көрсетіледі. 17 тармағына сәйкес жерлерді резервте қалдыру туралы шешім бір әкімшілік - аумақтық бірлік шегінде орналасқан жер учаскелеріне қатысты қабылданады.
Алаңы туралы ақпарат «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ бас маманы М.Дарикбаевпен 2018 жылғы 01 желтоқсандағы жағдай бойынша ұсынылды. Осы орайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысымен бекітілген «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiне» сәйкес Алматы облысы бойынша жалпы алаңы 3772237,09 га құрайтын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағын, Балқаш ауданында орналасқан 65 га Іле ботаникалық бағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің қарамағында қорғалуға жатқызылғанын атап өту керек. Демек, республикалық көлемде анықтау мүмкін болған жағдайда, жергілікті деңгейде де аңшылық алқаптарының және балық шаруашылығы су айдындарында және учаскелерінің жануарлар дүниесін қорғауды жүзеге асыратын резервтік қорларының алаңын нақты белгілеуге мүмкіндік бар болуы тиіс.
Құрлымы, Материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі
«Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» КММ Ережесінің 18 тармағы, 6 тармақшасына сәйкес «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі мекеменің құрлымы мен шекті штаттық санын бекітеді. Аудит барысында 2018 жылғы тамыз айына жасалған мекеменің директорымен бекітілген, «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысымен келісілген штаттық кестесі қаралды. Штаттық кесте бойынша директор – 1 бірлік, есепші – 1 бірлік, іс жүргізуші – 1 бірлік, заңгер-маман – 1 бірлік және маман – 14 бірлік, жалпы саны 18 штаттық бірлік.
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593 Заңының 1 бап, 41 тармақшасына сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау – жануарлар дүниесiн, олар мекендейтiн ортаны және биологиялық сан алуандықты сақтауға, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану мен өсiмiн молайтуға бағытталған қызмет, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралар кешенi; 42 тармақшасына сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкiлеттi орган) – жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 55 бап, 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау (бұдан әрi - жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерiн қадағалайтын жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мамандандырылған ұйымдардың қызметкерлерiнен құралады. 2 тармағына сәйкес жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғауға өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн: 1) жеке және заңды тұлғалардың аң және (немесе) балық аулау құқығын беретiн құжаттарын тексеру; 2) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру; 4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көлiк құралдарын, өзге де объектiлер мен орындарды, ал қажет болған кезде - ұсталған адамдардың жеке заттарын жете тексеру; 6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) кию және қызметтік қару алып жүру құқығы берiледi. 3 тармағына сәйкес жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау: 1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмауға және олардың жолын кесуге; 2) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзу фактiлерi бойынша ақпаратты, талап қою мен өзге де материалдарды уәкiлеттi және құқық қорғау органдарына, сотқа жiберуге; 3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында құқық бұзушылық жасаған жеке тұлғаларды ұстауға және құқық қорғау органдарына жеткiзуге; 4) жеке тұлғалардан Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, заңсыз аң аулау мен балық аулаудан алынған өнiмдi, аулау құралдарының тыйым салынған түрлерiн алып қоюға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен олардың одан әрi тиесiлiгі туралы мәселенi шешуге міндетті. 4 тармағына сәйкес жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнаулы құралдар мен қызметтiк қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат берiледi. 5 тармағына сәйкес жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киiммен (погонсыз) және қызметтiк қарумен қамтамасыз етiледi. 6 тармағына сәйкес жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау қызметi уәкілетті орган бекiткен Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау туралы ережемен айқындалады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N310 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің» 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі – агроөнеркәсіптік кешен, су, балық, орман және аңшылық шаруашылығы, жер ресурстары, геодезия және картография саласында басшылық жасауды, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында (бұдан әрі – реттелетін сала) мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
«Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы №18-03/146 бұйрығының 3 тармағына сәйкес жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерiмен айналысатын жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мамандандырылған ұйымдардың қызметкерлерiнен тұрады. 4 тармағына сәйкес жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың лауазымды тұлғалары: директор, жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi инспекторлар болып табылады. 5 тармағына сәйкес жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен арнаулы құралдар мен қызметтiк қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат берiледi. 6 тармағына сәйкес жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киiммен (погонсыз) және қызметтiк қарумен қамтамасыз етiледi.
«Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/146 бұйрығының 2 тармағына сәйкес жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың негiзгi мiндеттерi: 1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау және жолын кесу; 2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактiлерi жөнiндегi ақпаратты, талап-арыздарды және өзге де материалдарды уәкiлеттi, құқық қорғау және сот органдарына жiберу болып табылады. 3 тармағына сәйкес жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерiмен айналысатын жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мамандандырылған ұйымдардың қызметкерлерiнен тұрады. 4 тармағына сәйкес жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың лауазымды тұлғалары: директор, жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi инспекторлар болып табылады. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғауға өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн: 1) жеке және заңды тұлғалардың аң және (немесе) балық аулау құқығын беретiн құжаттарын тексеру; 2) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру; 3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды ұстап, құқық қорғау органдарына жеткiзу; 4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көлiк құралдарын, өзге де объектiлер мен орындарды, ал қажет болған кезде - ұсталған адамдардың жеке заттарын жете тексеру; 5) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, заңсыз аң аулау мен балық аулаудан алынған өнiмдi, аулау құралдарының тыйым салынған түрлерiн алып қою және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен олардың бұдан әрi тиесiлi болуы туралы мәселенi шешу; 6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) кию және қызметтік қару алып жүру құқығы берiледi. 5 тармағына сәйкес жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен арнаулы құралдар мен қызметтiк қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат берiледi. 6 тармағына сәйкес жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киiммен (погонсыз) және қызметтiк қарумен қамтамасыз етiледi.
Алайда, Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерiне инспектор лауазымы уәкілетті органымен бекітілмеген.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 25 ақпандағы № 18-04/128 бұйрығымен бекітілген «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын, айырым белгілері бар (погондарсыз) нысанды киім киіп жүруге құқығы бар, жұмыскерлерінің тізбесінің» 9 тармағына сәйкес жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары - жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспектор нысанды киім киіп жүруге құқығы бар жұмыскерлер қатарына жатқызылған.
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар жұмыскерлерінің айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру қағидаларын және онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 25-03/206 Бұйрығының 11 тарауына сәйкес жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің ерлерге арналған күнделікті киім нысаны; 12 тарауына сәйкес жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің әйелдерге арналған күнделікті киім нысаны; 13 тарауына сәйкес жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің далалық киім нысаны бекітілген. Ескертпеге сәйкес жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жұмыскерлері үшін осы үлгілерге 16-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша жең белгісі тігіледі, жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жұмыскерлері үшін осы үлгілерге 19-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша төсбелгі тағылады, жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жұмыскерлері үшін осы үлгілерге 22-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша мемлекеттік инспекторлардың санатына тиесілігін айқындайтын жең қондырмасы тігіледі, ол оң және сол жақ жеңнің сыртқы жағына жеңнің төменгі жиегінен 100 миллиметр қашықтықта тігіледі.
Алайда, Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерi айырым белгілері бар (погондарсыз) нысанды киіммен қамтамасыз етілмеген.
«Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттік инспекторлардың және жануарлар дүниесiн қорғаумен айналысатын мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 670 Қаулысының 2 тармағына сәйкес арнайы құралдар мен қызметтік қаруды инспекторлар мен қорықшылар жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асырған және өздерінің міндеттерін орындаған кезде қолданады. 3 тармағына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспектор мынадай арнайы құралдармен: 1) кісендермен (БР, БР-С); 2) резина таяқшамен (арнайы); 3) механикалық әсерлерден қорғауға арналған кеудешемен; 4) жалтырауық шаммен; 5) автокөлікті мәжбүрлеп тоқтату құрылғысымен («Еж-М») қамтамасыз етіледі. 4 тармағына сәйкес арнайы құралдар қызметтiк қарудан бөлек арнайы жабдықталған үй-жайларда, сенiмдi ілмек құрылғысы бар, қабырғаларының қалыңдығы кемінде 3 миллиметр металл жәшiктерде (шкафтарда) сақталуы тиіс. 5 тармағына сәйкес инспектор мен қорықшы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондар айналымының ережесіне сәйкес қызметтік қарумен қамтамасыз етіледі. 7 тармағына сәйкес қорғалатын аумақтарда инспекторлар мен қорықшылар қалыптасқан жағдайды, құқық бұзушылықтың сипаты мен құқық бұзушының жеке басын, сондай-ақ арнайы құралдардың тактикалық-техникалық сипаттамаларын ескере отырып, арнайы құралдарды қолдану, олардың түрі мен қолданылу қарқындылығы туралы шешім қабылдайды. Жеке әрекет ететін, арнайы құралдарды қолдану құқығы бар тұлғалар мұндай шешімді дербес қабылдайды. 8 тармағына сәйкес арнайы құралдарды инспекторлар: 1) егер құқық бұзушылар «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) талаптарына сәйкес өздеріне жүктелген міндеттерді орындайтын инспекторларға қарсылық білдірсе, оларды ұстау, сондай-ақ оларды ішкі істер органдарына жеткізу үшін; 2) инпекторлардың Заңмен өздеріне жүктелген міндеттерін орындауына кедергі келтіргенде көлік құралдарын мәжбүрлеп тоқтату үшін қолданады.
Алайда, Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерi арнайы құралдармен қамтамасыз етілмеген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесiне 7-1-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесінің мемлекеттік инспекторлары мен қызметкерлерін қаруландыру үшін белгіленген қару мен оның патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері, саны бойынша жергілікті атқарушы органдармен құрылған мамандандырылған ұйымның жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторына қару қарастырылмаған (Ескертпеде Қарудың жалпы саны бекітілген штаттық кестеге сәйкес жұмыскерлердің жалпы санынан аспауы тиіс, бұл ретте 10 бірлік қаруға бір резервтік қару ұстауға рұқсат етіледі. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор – Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшесі мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын қызметкері (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 408 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ережеге 1 және 2 қосымшаларда айқындалған). Мамандандырылған ұйымның жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылған және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы мамандандырылған ұйымның жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын қызметкері екендігі ескертілген).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы №1176 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесiне 7-2-қосымша Облыстық атқарушы органдардың орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерін қаруландыру үшін белгіленген қару мен оның патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері, саны бойынша ескертпеге сәйкес облыстық атқарушы органның орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің қызметкері – орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің аумағында жануарлар мен өсімдіктер дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын қызметкер (орманды күзету және қорғау инженері, орман шебері, мемлекеттік инспектор (қорықшы), аңшылық маман). Орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері облыстық атқарушы органдардың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының құрылымдық бөлімшелері болып табылады.
Алайда, Коммуналдық мемлекеттік мекеме облыстық атқарушы органның табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылғанымен, орман шаруашылығының мемлекеттік мекемесі ретінде статусы айқындалмаған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы №1176 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесiнде аталған статус Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкеріне бекітілмеуі себепті, мекеме қызметкелерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген.
Келесі мемлекеттік аудит объектілерінен қаржылық бұзушылықтар анықталмады:
1. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алакөл орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Үйгентас орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жаркент орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ұйғыр орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Кеген орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Күрті орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жоңғар орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
III. Жиынтық бөлік
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар :
3.1.1. Анықталған қаржылық бұзушылықтарды бюджет есебіне өндіру бойынша:
Мемлекеттік аудит барысында өндірілуге жататын 629,6 мың теңгенің 629,6 мың теңгесі бюджет есебіне өндірілді, қалпына келтірілуге (2019 жылдың бюджетінен қысқартылуға) жататын 642,0 мың теңге толық қалпына келтірілді.
- «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінде - «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігі бойынша 642,0 мың теңге 2019 жылдың қаржыландыру жоспарынан кеміту туралы 2019 жылдың 13 мамырында №25-01-25/680 қызмет хаты Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жолданған;
- «Үштөбе орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мемлекеттік мекемесінде - жеке тұлғалардан ұсталуға жататын жеке табыс салығының жалпы сомасы 36,2 мың теңге 101201 коды бойынша және 5,3 мың теңге айыппұл бюджет есебіне өндірілді.
- «Бөрлітөбе орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде – негізсіз төленген сыйақы 20,4 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді.
- «Нарынқол орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде - артық төленген еңбекақы 84,9 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді.
- «Бақанас орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде - негізсіз төленген сыйақы 75,1 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді.
- «Қаскелең орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде – артық төленген еңбекақы 175,2 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді.
- «Шелек орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде- артық төленген еңбекақы 232,5 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді.
3.1.2. Бұзушылықтарға жол берген жауапты тұлғалар келесі бұйрықтардың негізінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған:
- «Үштөбе орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының 2019 жылғы 26 сәуірдегі №24 бұйрығы негізінде;
- «Қаскелең орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының 2019 жылғы 16 мамырдағы №1-Т бұйрығы негізінде;
- «Шелек орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының 2019 жылғы 03 мамырдағы №29-н бұйрығы негізінде;
- «Бөрлітөбе орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының 2019 жылғы 16 мамырдағы №43 бұйрығы негізінде;
- «Нарынқол орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының 2019 жылғы 17 мамырдағы №41-Н бұйрығы негізінде;
- «Бақанас орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының 2019 жылғы 20 мамырдағы №72-Н/Қ бұйрығы негізінде;
3.1.3. Уәкілетті органға әкімшілік шара қолдануға материалдарды жолдау:
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 279 бабының 2 тармағына сәйкес "Үштөбе орман шаруашылығы" КММ заңнаманың бұзылуына жол берген жауапты тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін Алматы облысының Қаратал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына 30.04.2019 ж. №02-13/757 хатпен аудит материалдары жолданып жауапты лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
3.1.4. Бұзушылықтарға жол берген (аудитпен қамтылған кезеңде қызмет еткен) лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту мүмкіндігі келесі мемлекеттік аудит объектісі бойынша мүмкін болмады:
«Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік-қаржы бөлімінің бас маманы А.Смагулова 2019 жылғы 11 наурыздағы басқарма басшысының №9 бұйрығына сәйкес бала күтіміне байланысты еңбек демалысына шығуына байланысты тәртіптік жазаға тарту мүмкін болмаған.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:
Жалпы алғанда салаға бөлінген қаражаттардың басым бөліктері тиімді өз мақсаттарына жұмсалғанына қарамастан, жүргізілген аудиторлық іс-шараның нәтижесінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнама талаптарының сақталмай осы арқылы бюджет қаражатының негізсіз шығындалуы, тиімсіз жоспарлануы орын алғандығына көз жеткізілді.
Атап айтқанда саладағы бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» №242 Заңының, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыз "Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы" №1127 қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 бұйрығының, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-2/1132 «Ауыл, су, орман шаруашылықтары және жануарлар дүниесі саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» бұйрығының талаптарын толық сақтамағандығына байланысты орын алып отыр.
«Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:
Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңының және осы Заңның аясында қабылданған нормативті құқықтық актілермен айқындалған арнайы мекеме ретіндегі бірде бір құқық, тиісті нормативтік құқықтық актілердің негізінде бекітіліп берілмеген.
«Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің Заңнама талаптарына сәйкес құзіртеттіліктерінің белгіленбеуі, арнайы құралдармен, қызметтік қарумен қамтамасыз етілмеуі жеке өмірлеріне қауіп тигізуі мүмкін.
«Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекеменің құзіреттілігі тиісті бекітілмеуі салдарынан жұмыстарын толық қанды тек тиісті құзіреттілігі Заңнамалармен белгіленген арнайы мемлекеттік органдардың бекіткен бірлескен жұмыс жоспарының шегінде ғана жұмыстар атқарады.
2018 жылы «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемені ұстауға бюджет есебінен жалпы сомасы 42 984,1 мың теңге бөлінген, нақты резервтік қорлардағы жерлер бойынша құзіретті органдармен бірлескен жоспар бойынша 13 әкімшілік іс қозғалып 594,0 мың теңге айыппұл салынған.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:
3.3.1. Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалануға, мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығына, сонымен қатар мемлекеттік аудит объектісінің саласы бойынша ақылы қызметтерден түскен қаражаттарын нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес түсуі және жұмсалуы бойынша «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен оған қарасты коммуналды мемлекеттік мекемелерде жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесін қарау.
3.3.2. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша құзіреттілігі шегінде тиісті шараларды қабылдау мақсатында жергілікті атқарушы органға тиісті ұсыныс хат жолдансын.
3.3.3. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Қонақбаев келесіге назар аударсын:
- басқармаға қарасты мекемелер бюджет қаражатын пайдаланғанда Қазақстан Республикасының Заңнамаларының нормаларын тікелей сақталуына және осы аудиторлық іс-шара барысында анықталған бұзушылықтарды келешекте болдырмауына;
- Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнама талаптарының сақталуына.
3.3.4 Мемлекеттік аудит жүргізу барысында анықталған бұзушылықтардың бюджет есебіне өтеліп, қалпына келтірулер жасалғанына байланысты мекемелерге Нұсқама жіберілмесін.
3.4. Қосымша: Аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі 7 парақта.
Тексеру комиссиясының мүшесі Б. Мұхамеджанов