Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Жамбыл ауданы қорытынды

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 14.11.2018
Просмотры: 1548 Печать страницы

 

 

Алматы облысы бойынша

тексеру комиссиясының төрағасы ______________________ М. Мұсаев  

 

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

  1. Кіріспе бөлік

Аудиторлық іс-шараның атауы:

Жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану.

 Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалануға және мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығына аудит жүргізу.

 Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1. Жамбыл ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

2. «Жамбыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі;

3. «Жамбыл   ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау  бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

4. «Жамбыл  аудандық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

5. «Жамбыл аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

6. «Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

7. «Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

8. «Жамбыл ауданының жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

9. «Жамбыл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

10. «Жамбыл ауданының  кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

11. «Жамбыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

12. «Жамбыл ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

13. «Жамбыл ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

14. «Жамбыл  ауданының  ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

15. «Жамбыл ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

16. «Жамбыл аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

17. «Жамбыл  ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

18. «Жамбыл  аудандық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі;

19. «Алматы облысы Жамбыл ауданының денешынықтыру және спорт  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

20. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

21. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Ақсеңгір селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

22. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Ақтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

23. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Беріктас ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

24. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Дегерес ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

25. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі;

26. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Қаракастек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

27. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Мыңбаев ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдык мемлекеттік мекемесі;

28. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Самсы ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

29. Жамбыл ауданы әкімдігінің  «Шолақкарғалы  ауылдық  округі  әкімінің аппараты»;

30. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

31. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Ұзынағаш ауылдық округі әкімінің аппараты»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі;

32. Жамбыл  ауданы әкімдігінің «Аққайнар  ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

33. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Мәтібұлак  ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі;

34. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Талап ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі;

35. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Үлгілі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

36. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Шиен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

37. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Үңгіртас ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

38. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

39. Жамбыл ауданы әкімдігінің  «Бозой ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі;

40. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Сарытаукұм ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

41. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Теміржол ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі;

42. Жамбыл ауданы әкімдігінің  «Үлкен ауылдық  округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік  мекемесі;

43. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Таран ауылдық округі  әкімінің аппараты» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі.

 Мемлекеттік аудит тобының құрамы (мемлекеттік аудиторлардың сертификаттарының нөмірлерін көрсете отырып):

Топ жетекшісі–бөлім басшысы - мемлекеттік аудитор Базарбаев ДидарТемірғалиұлы (№0301), бөлім басшысы - мемлекеттік аудитор Жүнісбеков Арман Мұратбекұлы (№0193), бас маман - мемлекеттік аудиторлар: Ботабеков Мұрат Санақұлы (№0302), Елубаева Салтанат Сламғалиқызы (№0303), Бектенова Шынар Аскенқызы (№1163), Желдібаев Сырым Сарқанбайұлы (№1349), Жұмашев Бөкейхан Қанабекұлы (№1395), Қалқаев Нұрқанат Көшербайұлы (№1192), Абеубакиров Өркен Дүйсембекұлы (№0197), Қожағұлова Гүлнар Қалиқызы (№0308), Кеңесжан Бибігүл Кеңесжанқызы (№0307), Қалдарбекова Гульвира Қуандыққызы (№0306), Муджаев Сәрсен Абдолдаұлы (№0312), Мухашев Саят Алдажарұлы (№0314), Мусина Динара Жүрсінғалиқызы (№0313), Нұрғалық Нұрлан (№0316), Нұрханов Жұмахан Муханұлы (№1351), Сыздықова Шолпан Нұртілеуқызы (№0318), Шиғамбаева Сәуле Сағындыққызы (№1355), Шыңғысбаев Нұрсұлтан Айтбайұлы (№0322), Тұрсынбаев Саят Есболғанұлы (№0320), Тауханова Айгүл Бейбітқызы (№1353), Төребеков Ғалымжан Еренұлы (№0319), Әлімханов Дінмұхамед Әлімханұлы (№0198), Нұраленова Майра Сәлімжанқызы (№0315), жетекші маман - мемлекеттік аудитор ассистенті Нұрғожаев Марс Батырханұлы.

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:

2015 жылдың сәуірінен бастап, 2017 жылдың  желтоқсанын қоса алған кезең.

II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Алматы облысы Жамбыл ауданына бөлінген бюджет қаражатының атқарылуына талдау жасау:

Мемлекеттік аудитпен кезеңде  Жамбыл ауданында бюджет есебінен жергілікті деңгейде аудан көлеміндегі барлық аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілері арқылы жергілікті деңгейде мемлекет саясатын іске асыруға  2015 жылы – 12 694 874,0 мың теңге, 2016 жылы – 17 478 993,0  мың теңге және 2017 жылы- 18 418 293,0 мың теңге, жалпы 48 592 160,0 мың теңге бөлініп, игерілген. Осы көрсетілген қаражаттың нақты аудитпен қамтылғаны  29 160 687,9 мың теңге, оның ішінде тексерілетін жылдар бөлінісінде: 2015 жылы – 7 776 857,0 мың теңге, 2016 жылы – 9 764 085,9  мың теңге және 2017 жылы- 11 619 745,0 мың теңге немесе жалпы ауданның шығыстарына қарастырылған қаражаттың 60,01% мемлекеттік аудитпен қамтылды.

Мемлекеттік аудит барысында жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың бюджет қаражатын пайдаланғанда бұзушылықтардың барлығы Қазақстан Республикасының Заңнамаларының нормаларын тікелей сақтамағандықтан орын алған, олардың басым бөлігі құрылыс, коммуналдық меншікті жалға беру, еңбек ақы, сыйақы, салық салу, мемлекеттік мекемелер бекітілген лимиттер және іс-сапар шығындары бойынша қабылданған заңнамалар бойынша.

Мемлекеттік аудитте пайдаланылған көрсеткіш МӘНДІЛІК бойынша жалпы мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражаттың көлемінен анықталған бұзушылықтардың көлемі 0,7% құрағанын ескерсек ауданға жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты жүргізуге бөлінген қаражаттың қанағатанарлық деңгейде пайдаланған деген тұжырымға келуге болады.

 

2.2. Алматы облысы Жамбыл ауданына жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері:

 Мемлекеттік аудитпен 2015 жылдың сәуірінен бастап, 2017 жылдың  желтоқсанын қоса алған кезеңге 2018 жылдың 26 қыркүйегінен 12 қазан аралығында тексеру комиссиясының тапсырмалары бойынша 43 мемлекеттік мекемелер мемлекеттік аудитпен қамтылды.

Жамбыл ауданының мемлекеттік мекемелерінде аудит жүргізу барысында жалпы сомасы 29 160 687,9 мың теңге мың теңге қаражат қамтылып, 205681,6 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптары бұзылғаны анықталды, оның ішінде бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған бұзушылықтар – 85,3 мың теңге, қаржылық бұзушылықтар – 144595,6 мың теңге, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы 43221,0 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы 17779,7 мың теңге.

Сонымен қатар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны – 11 бірлік, жүйелі олқылықтар мен кемшіліктер – 3 бірлікті құрады. Оның ішінде жеке мекемелер бөлінісінде:

1. «Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиhазымен және мемлекеттік органардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығының және Алматы облысы әкімінің 2016 жылғы 10 наурыздағы №30-ө н/қ өкімінің 2 қосымшасына сәйкес мекемеге бекітілген  лимит бойынша  4 дана қызметтік автокөлік және 1 дана кезекші автокөлік болуы тиіс,  алайда мекеменің 2018 жылдың 1 қаңтарына ұзақ мерзімді активтердің түгендеу  тізіміне сәйкес  мекеменің теңгерімінде 5 қызметтік және 1 кезекші автокөлік тіркелген. Белгіленген лимиттен артық қызметтік автокөліктің саны 1 бірлікті құрайды, атап айтқанда: бастапқы құны 6190,0 мың теңгені құрайтын, мемлекеттік тіркеу номері 404 VV 05, 2013 жылы шыққан Skoda Superb B6 автокөлігі.

«Алматы облысы Жамбыл ауданы Дегерес ауылындағы дамбаға өту жолын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге» 2015 жылы 1198,4 мың теңге бөлініп игерілген, бүгінгі күнге аталған жоба мемлекеттік сараптамадан өткізілмеген, аталған нысанның күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Нәтижесінде бюджет қаражатының  тиімсіз пайдаланылуына жол берілген. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60 бабының 7 тармағының талабы бұзылған, яғни әзiрлеу аяқталғаннан кейiнгi үш және одан да көп жыл iшiнде құрылыс басталмаған жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы ескiрген деп саналады және жаңа сараптама өткізiлiп, заңдарда белгiленген тәртiппен қайта бекiтiлгеннен кейiн ғана iске асыру үшiн пайдаланылуы мүмкiн.

 Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 4 бабы, 9 тармақшасының талабы бұзылған, яғни аталған нысанның ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өткізуге  мекемемен 221,0 мың  теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланып, Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 20.05.2016 жылғы  №4-22 шешімінің негізінде 006 бағдарлама  "Аудан (облыстық маңызы бар қала) ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою" 015 кіші бағдарлама, 421 ерекшелігінен 2016 жылдың маусым айында бөлінген 221,0 мың теңге игерілместен кезекті қаржы жылында жергілікті бюджет есебіне қайтарылған.

2. «Жамбыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428  «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» қаулысының 9 тармағы, 2 тармақшасы бұзылып, тұрғын жайды жалға алу бойынша растайтын құжаттарсыз 15,6 мың теңге іссапар шығындары негізсіз төленген.

3. «Жамбыл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту» қаулысының 1-2 тармағының және 9 тармағының талабы  бұзылып, 2017 жылдың желтоқсанында мекеме қызметкеріне 48,6 мың теңге сыйақы негізсіз (бұйрықсыз) төленген.

4. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 139 бабының 10 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 3 тармағы 1тармақшасының талабы сақталмаған, яғни мекеменің штатық лауазымдағы мекеменің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін автакөлік жүргізушісі К.Тастановқа 2017 жылы тарификация дайындау кезінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосылатын бір лауазымдық ақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы қарастырылмаған және еңбек демалысына шыққанда 34,7 мың теңге сауықтыру жәрдем ақы кем төленген (төленбеген).

5. «Жамбыл  аудандық қаржы бөлімі»  мемлекеттік мекемесі:

Мекеменің теңгеріміндегі ғимараттың 1 бөлмесіне №5 келісім шарт негізінде «Жамбыл тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  29,9 шаршы метрді құрайтын және екінші бөлмесінде жалпы алаңы 83,6 шаршы метрді құрайтын «Жамбыл су құбыры» мемлекеттік комуналдық кісіпорны  жалға алып орналасқан, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының, Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы 10 тамыздағы №163 «Коммуналдық меншік нысандарын жалға беру қағидасын бекіту туралы» қаулысының талаптарына сай жалға беру келісім шарты жасала отырып, коммуналдық шығындары ақысын жалға алушылар жалға берушіге өтеулері керектігі және мекемемен  нысан орналасқан ауданның жергілікті бюджетіне өтелуге жататындығы қарастырылған. Алайда жалға алушылармен көрсетілген коммуналдық қызметтер ақысы толық  өтелмеген. Осы аталған кемшіліктердің салдарынан жергілікті бюджет есебіне мемлекеттік мүлікті   жалға беруден 78,3 мың теңгені құрайтын түсімдер жалға алушылармен аударылмай қалған, соның ішінде:

  • «Жамбыл тазалық» ЖШС  - 40,5 мың теңге, 
  • «Жамбыл су құбыры» МКК – 37,8 мың теңге.

Алматы облысы  әкімдігінің 2015 жылғы 02 наурыздағы №133-р "Жамбыл ауданының мемлекеттік органдарындағы қызметтік автомобильдердің тиесілік нормативі және техникалық қызметкерлер санының лимиті туралы" өкімінің 1 қосымшасы бұзылған,  баланстық құны 5978,0 мың теңгені құрайтын 2017 жылы шыққан «Kia Cerato» маркалы мемлекеттік тіркеу нөмірі 174AХ05 лимиттен артық.

6.  «Жамбыл  ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 9 тармағының талаптары бұзылған, яғни бас маман М.С.Рысбаеваға 2015 жылдың 12 мамырында № 4561030/15–116 төлем шоты бойынша 51,4 мың теңге және инспектор Р.Ж.Тойлыбаеваға 2016 жылдың 17 тамызындағы № 4561030/16–239 төлем шоты бойынша–25,8 мың теңге көлемінде көлемінде сыйлықақы бөлім басшысының тиісті бұйрығынсыз төленген.

7. «Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы  №1284 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Жарлығының, Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V «Еңбек кодексінің» 103 бабының 1 тармағының  талабы бұзылып,  2017 жылы еңбекақы төлеуде бөлім басшысы қызметін атқарған Ж.М.Базарбаевқа  28,4 мың теңге еңбекақы артық аударылғаны анықталды, аудит барысында жергілікті бюджетке  қайтарылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.11.2015 жылғы №414-V «Еңбек кодексі» 103 бабының 1 тармағының  талабы бұзылып, мекеменің техникалық қызметкерлеріне еңбек ақы төленуі бойынша  ай сайынғы еңбекақы төлем ведомостарымен 5-15а формаларын және «Қазақстан Халық банкі» АҚ ведомостарын салыстыру негізінде 2017 жылдың шілде айында бухгалтер инспектор Ұ. Медетке 8,4 мың теңге еңбекақы артық төленгені анықталды, аудит барысында жергілікті бюджетке  қайтарылды.

Алматы облысы  әкімдігінің  02.03.2015 жылғы 133-ө «Алматы облысының мемлекеттік органдарындағы  қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативі және техникалық қызметкерлер санының лимиті туралы» өкімінің 2 Қосымшасының қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативі бұзылған, яғни мекемеге тиісті 1 автокөліктің орнына, мекеменің теңгерімінде баланстық құны 8562,8 мың теңге, қалдық құны 1056,5 мың теңгені құрайтын қосымша 4 автокөлік тіркелген.

8. «Жамбыл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV «Бюджет Кодексінің» 67 бабы 12,12-1 тармақтары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының  талаптары сақталмай, бюджеттік бағдарлама әкімгері тарапынан 2016 жылы 001- «Жергілікті денгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» және 003 «Жалпы білім беру» бюджеттік бағдарламалардың 111,113 ерекшеліктері бойынша республикалық трансферттер есебінен мекеме қызметкерлерінің еңбек ақысы мен  компенсациялық төлемдері артық жоспарлануы себебінен 0,1 мың теңге қаражаттың игеруі қамтамасыз етілмеген және 2017 жылы 003 «Жалпы білім беру» бюджеттік бағдарламаның 111,122 ерекшеліктері бойынша мектеп қызметкерлерінің еңбек ақысы мен әлеуметтік аударымдар төлемдері артық жоспарлануы себебінен 0,7 мың теңге қаражаттың игеруі қамтамасыз етілмеген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 және 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесін бекіту туралы» қаулыларының 1,2 қосымшаларының талаптары сақталмай, 2015 жылы G-14 категориясына жататын техникалық (қосалқы) персоналдың еңбек ақысы G-13 категориясының коэффициенттерімен есептелген; 2016-2017 жылдары D блогына жататын техникалық (қосалқы) персоналдың еңбек ақысы әкімшілік персоналдың С3 блогына белгіленген коэффициенттерімен есептелген себебінен экономист болып қабылданған Б.Омаровқа 2015 жылы 58,4 мың теңге; 2016-2017 жылдары іс қағаз жөніндегі инспектор және статистик болып істеген Б.Омаровқа және А. Сармановаға 2016 жылы 51,4 мың теңге, 2017 жылы 125,2 мың теңге, барлығы 235,0 мың теңге еңбек ақысы техникалық персоналдың артық төленген еңбек ақысының жинақтау есебі бойынша артық төленгені анықталды. Аудит барысында жергілікті бюджетке қайтарылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесін бекіту туралы» қаулысының 4-қосымшасы,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы №40 «Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2 тарауы 14 тармағының талаптары сақталмай, 2015 жылы Ұзынағаш ауылындағы Наурызбай батыр атындағы орта мектебінің мұғалімдерінің еңбек ақысы (жұмыста уақытша болмаған оқытушылардың міндеттерін орындау тәртібімен жүргізілген жұмыс сағаттары) дұрыс есептелмей, барлығы 333,9 мың теңге еңбек ақысы мұғалімдердің артық төленген еңбек ақысының жинақтау есебі бойынша артық төленгені анықталды. Аудит барысында жергілікті бюджетке қайтарылды.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы «Еңбек кодексінің» 10 тарауы 131 бабы 2 тармағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесін бекіту туралы» қаулысының 4-қосымшасы,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы №40 «Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 1 тарауы 1 тармағы, 2 тарауы 9,14 тармақтарының талаптары сақталмай, Ұзынағаш ауылындағы Абай атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Г.Айнагулованың 2015 жылдың қаңтар айындағы еңбек ақысы педагогикалық жүктемесі 22,5 сағат және жұмыста уақытша болмаған оқытушының міндеттерін орындау тәртібімен жүргізілген 23 жұмыс сағатымен 22,7 мың теңге сомасында есептеліп Г.Айнагулованың жеке карт-шотына аударылған. 05.01.2015 жылғы №2 жұмыста уақытша болмаған мұғалімдердің сағаттарын жүктеу туралы бұйрығында және қаңтар айының табелінде Г.Айнагулова көрсетілмеген. Аудит барысында негізсіз төленген еңбек ақы шығындары «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның 09.10.2018 жылғы №0020 төлем түбіртегі негізінде жергілікті бюджетке қайтарылды.

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 74 бабы 3,5 тармағы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №212 «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, Алматы облысы әкімдігінің 10.08.2011 жылғы №163 «Коммуналдық меншік нысандарын жалға беру қағидасын бекіту туралы» қаулысының талаптары сақталмай, мектеп асханаларын жалға алушылардың 2015-2017 жылдары аралығында төленбеген коммуналдық шығындарының жинақтау есебі бойынша 1257,3 мың теңгені құраған. Аудит барысында төленбеген коммуналдық шығындары жергілікті бюджетке қайтарылды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  ережесінің» 9 бөлімінің  272 тармағы және  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» бұйрығының 17 тармағының № талаптары сақталмаған, яғни құрылысы аяқталмаған объектілерінің есебіне 2015-2016 жылдары балабақша ғимараттарын күрделі жөндеудің жобалық-сметалық құжаттамаларын дайындап, мемлекеттік сараптама қорытындыларын алу мақсатында жұмсалған 10762,6 мың теңге шығындары, оның ішінде: Мынбаев ауылындағы балабақша ғимараты-  6070,3 мың теңге; Саурық батыр ауылындағы балабақша ғимараты- 4692,3 мың теңге сомасында есепке толық алынбаған. Жылдық есебі (балансы) бойынша көрсетілгені 3857,0 мың теңге, баланс есебінде көрсетілмегені- 7105,6 мың теңге. Бухгалтерлік есепте көрсетiлуге жататын деректердi көрсетпей, бухгалтерлік есепті әдістерін бұза отырып жүргізу, 2015-2017 жылдардағы қаржылық есептілікті бұрмалаған.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242-II «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60 бабы, 1 тармағының талаптары сақталмай, жобалау-сметалық құжаттамада көзделген уақытша салынған ғимараттар мен құрылыстардан қайтаруға жататын жалпы сомасы 3077,0 мың теңге қаражаттың қайтарылуы қамтамасыз етілмеген. Аудит барысында  Фирма «Еламан» ЖШС-нің 04.10.2018 жылғы №2259 төлем-шоты негізінде сомасы 949,5 мың теңге, «НСК «МВМ Construction» ЖШС-нің 11.10.2018 жылғы №1566 төлем-шоты негізінде сомасы 653,6 мың теңге, «Проект «Аида» ЖШС-нің 04.10.2018 жылғы №334 төлем-шоты негізінде сомасы 910,9 мың теңге және «Еңбек» ЖШС-нің 04.10.2018 жылғы №736 төлем-шоты негізінде сомасы 563,0 мың теңге жергілікті бюджет есебіне қайтарылды.

9. «Жамбыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60 бабының 7 тармағының талабына сәйкес әзiрлеу аяқталғаннан кейiнгi үш және одан да көп жыл iшiнде құрылыс басталмаған жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы ескiрген деп саналады және жаңа сараптама өткізiлiп, заңдарда белгiленген тәртiппен қайта бекiтiлгеннен кейiн ғана iске асыру үшiн пайдаланылуы мүмкiн. Алайда, «Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылындағы Мәдениет үйін күрделі жөндеу» бойынша жобалық-сметалық құжаттары 2013 жылы дайындалып үш жылдың ішінде құрылыс жұмыстары жасалмаған, яғни аталған жобалық-сметалық құжаттамаға бөлінген 3300,0 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған.

10. «Жамбыл  ауданының  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 4 желтоқсандағы №95-IV «Бюджет Кодексінің» 103 бабының 3 тармағы бұзылған, яғни «ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанан кейін есепке жазылған түсімдер жаңа қаржы жылының түсімдері болып есептеледі». Мекеме тарапынан есепті қаржылық жоспарына уақытында өзгеріс енгізілмей, 2016 жылдың аяғында мекеменің шотында 1107,0 мың теңге (022 «Көлік инфрақұрылымын дамыту» 1071,4 мың теңге, басқа бюджеттік бағдарламалар бойынша игерілмеген қаражаттар- 35,6 мың теңге) және 2017 жылдың аяғында  234,0 мың теңге (045 «Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу») барлығы 1341,0 мың теңге игерілмеген. 

Мекемемен 2015 жылы жалпы сомасы 1376,8 мың теңге тиімсіз жұмсалынған, яғни 2015 жылы ауыл көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарына жасалған жобалық-сметалық құжаттамалар мемлекеттік сараптамадан өткізілген, алайда Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 64-1 бабының 2 тармағына сәйкес орташа жөндеу жұмыстары мемлекеттік сараптамадан өткізуге жатпайды.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы"  Заңының 34 бабының 2 тармағы бұзылып, жалпы сомасы 1364,7 мың теңге тиімсіз жұмсалған яғни ауыл көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына авторлық қадағалау қажеттілігі болмасада жүргізілген, атап айтқанда:

2015 жылы-548,4 мың теңге (Бесмойнақ ауылындағы Садуақасова көшесінде орташа жөндеу жұмыстарына -90,2 мың теңге; Жамбыл ауылындағы көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына – 189,5 мың теңге; Қаракастек ауылындағы көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына– 268,7 мың теңге:

2016 жылы – 266,9 мың теңге: (Ұзынағаш ауылындағы Мақатаев көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына-13,9 мың теңге; Қаракастек ауылындағы Етекбаев көшесіне -30,2 мың теңге; Жаңақұрылыс ауылындағы Ленина көшесіне -51,8 мың теңге; Жайсан ауылындағы көшелеріне -171,0 мың теңге):

2017 жылы- 549,4 мың теңге, олар:(Ұзынағаш ауылындағы мектептен жаңа көпірге дейін -34,8 мың теңге; Ақсенгір ауылындағы көшелеріне - 79,9 мың теңге;Қарғалы ауылындағы Досбергенов көшесіне -36,3 мың теңге; Ұзынағаш ауылындағы Молдағүлова көшесіне -70,7 мың теңге; Қарғалы ауылындағы Геологическая көшесіне -135,8 мың теңге; Ұзынағаш ауылындағы айналма жолына -191,9 мың теңге ).

Жамбыл ауданының автомобиль жолдарын паспортизация және диагностика жасауға 68320,0 мың теңге және Алматы облысы Жамбыл ауданының көшелеріне орташа жөндеуге сметалық құжаттарды әзірлеуге 1361,4 мың теңге, барлығы  69681,4 мың теңге жұмсалынған. Алайда осы құжаттар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №245 «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 4 бабы 5 тармағы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»  Ережесінің 240 тармағының талаптары басшылыққа алынбай,  мекеме теңгеріміне қойылмаған.

11. «Жамбыл  ауданының  ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағының  1 тармақшасының талаптары бұзылып,  2016 жылдың 21 желтоқсанында мекеме басшысы Ө.Алимқожаевқа 89,4  мың теңге  сыйақы алынбаған тәртіптік жазасы бола тұра негізсіз төленген.

Ұзынағаш ауылы, Қараш батыр көшесі №18 үйдің ғимаратын күрделі жөндеу бойынша Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 64-1 бабының 1 тармағының талаптары сақталмаған, яғни дайын жобаға мемлекеттік сараптама жасалмаған. Тапсырушы мен мердігер мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттың мерзімін өзгертуде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 45 бабының 2 тармағы және 3 тамақтарында көрсетілген  мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына немесе мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізудің негіздері тізімінде қарастырылмаса да, негізсіз ұзартқан және бюджет қаражатын игеруде тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізбей  7280,0 мың теңге бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілген.

Осымен қатар «АЛ-ЖЕ-ТЭН»  ЖШС-гі негізгі келісім шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттерін 121- күнтізбелік күнге кешіктіріп орындағаны анықталды. Мердігердің 29.03.2017 жылға 6500,0 мың теңгеге міндеттемелерін орындаған, 780,0 мың теңгеге міндеттемелер орындалмаған, ол  (29.03.2017-28.07.2017 жыл 780000 теңге *0,1%*121=94,4 мың теңге.) бойынша  сомасы 94,4 мың теңге тұрақсыздық айыппұлы есептелді.

12. «Жамбыл ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

2016 жылы 80,7 мың теңгеге артық төленген іс сапар шығындары анықталды, атап айтқанда бөлім басшысы Ғ.Айдарбеков 2016 жылы 10 наурызында № 70-ө, 13 қаңтарында № 11-ө, 27 қаңтарында № 29-ө, 17 мамырында № 154-ө өкімдері негізінде Талдықорған қаласына жұмыстық іс-сапарға барған, бірақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы аумағында іссапар ережесін бекіту туралы» 2000 жылдың 22 қыркүйегіндегі №1428 қаулысының 12 бабы бұзылып,  аванстық есептерін өткізбеген.

13. «Жамбыл   аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 103 бабының 1 тармағы бұзылған, яғни 2015 жылдың желтоқсан айында мекеменің 4 қызметкерлеріне аванс ретінде 38,1 мың теңге еңбек ақы артық аударылып, ұсталмаған.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 239 бабы бұзылып, А.Карнаковаға 2015 жылдың қыркүйек айында еңбек демалысына шығуына байланысты 87,2 мың теңге, 2016 жылдың тамыз айында 114,0 мың теңге, 2017 жылдың маусым айында 57,0 мың теңге, барлығы 258,2 мың теңге сауықтыру ақысы негізсіз аударылған.

Аудитпен қамтылған мерзім аралығында мекемеде іссапар шығындарына бөлініп, жұмсалған қаржы  2291,8 мың теңгені құраған, соның ішінде 2015 жылдың сәуір айынан желтоқсан айы аралығында 391,0 мың теңге, 2016 жылы  884,6 мың теңге, 2017 жылы 1016,2 мың теңге.

Алайда 2015 жылдың сәуір айынан 2017 жылдың желтоқсан айы аралығында 1457, 6 мың теңгеге аванстық есептер өткізілген, яғни 834,2 мың теңге іссапар шығындары үшін негізсіз аударылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысының 2,5,6,9,122,5,6,9,12 тармақтары талаптары сақталмай 403,4 мың теңге артық аударылған.

Осымен қатар мемлекеттік аудит барысында 31,6 мың теңгеге кем төленген іссапар шығындары анықталды, соның ішінде:

- Б. Байгеловаға 10 шілде 2015 жылғы аванстық есеппен 2,0 мың тенге – пәтер ақы үшін;

-  А. Кемелбековке 7 сәуір 2016 жылғы аванстық есеппен  2,2 мың теңге – пәтер ақы үшін;

- К. Абсеитовқа 7 сәуір 2016 жылғы аванстық есеппен  2,2 мың теңге – пәтер ақы үшін;

- А. Кемелбековке 24 қараша 2017 жылғы аванстық есеппен  12,6 мың теңге – пәтер және тәуліктік ақы үшін;

- Н. Жантурсыноваға 24 қараша 2017 жылғы аванстық есеппен  12,6 мың теңге – пәтер және тәуліктік ақы үшін.

1 қаңтар 2016 жыл мен 1 қаңтар 2017 жылғы жағдайда бухгалтерлік есеп бойынша қысқа мерзімді кредиторлық және дебиторлық қарыздар жоқ.

Алайда «Алматытелеком» АҚ-ына 29 ақпан 2016 жылы №4871007/16-78 төлем құжатымен 19,6 мың теңге  2015 жылдың желтоқсан айындағы кредиторлық қарыз аударылып берілген, бұл сома баланста көрсетілмеген.    

Осы секілді шаруашылық жүргізу құқығындағы «Республиканский центр  правовой  информации»  РМК-ына 27 қазан 2016 жылы №4871007/15-487 төлем құжатымен 15,7 мың теңге 2012,2013 жылдарғы кредиторлық қарыз аударылып берілген, бұл сома баланста көрсетілмеген.

2016 жылдың желтоқсан айында пайда болған 1179,3 мың теңге дебиторлық қарыз «УКС» ЖШС-іне Сұраншы батыр ауылының сумен қамтамасыз ету құрылғысын жаңғырту мен салу бойынша жұмыстарға техникалық қадағалау жүргізгені үшін аударылып берілген, алайда бұл сома баланста көрсетілмеген.

Бұдан бөлек бухгалтерлік есепті жүргізулерде Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының» 172, 174 тармақтары талаптары сақталмаған.

2016 жылғы 14 желтоқсандағы №39 келісім шартпен «УКС» ЖШС-не Сұраншы батыр ауылының сумен қамтамасыз ету құрылғысын жаңғырту мен салу бойынша жұмыстарға техникалық қадағалау жүргізгені үшін 21 желтоқсан 2016 жылғы №4871007/16-743 төлем құжатымен 1179,3 мың теңге аударылып берілген.

Алайда құрылыс-монтаж жұмыстары басталмаған, мердігермен құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін келісім шарт жасалмаған.

Мекеме «ПСК Архат» ЖШС-імен Жамбыл ауданы Қайназар ауылының тұрғын алқабын электрмен қамтамасыз ету үшін сараптамадан өткізе отырып жобалау сметалық құжаттар дайындауға 3668,4 мың теңгеге 6 сәуір 2015 жылы №21 келісім шарт жасалған, осының ішінде 2015 жылы қаржыландырудың I этапы бойынша – 2000,0 мың теңге, 2016 жылы қаржыландырудың II этапы бойынша – 1668,4 мың теңге. 22.06.2015 жылғы №1 қосымша келісіммен 2015 жылы 1668,4 мың теңге бөлінген. Жобаның тапсырылу мерзімі 25 қараша 2015 жыл, ал мемлекеттік сараптаудың №18-0060/16 қорытындысы бойынша жұмыс нақты 26 қаңтар 2016 жылы аяқталған, яғни мердігермен жұмыс 62 күнге кешіктірілген.           

Келісім шарттың 38 тармағына сәйкес тұрақсыздық айыппұлы 227,4 мың теңгені құрады.

Осы сияқты «ПСК Архат» ЖШС-імен Жамбыл ауданы Қызыләскер ауылының тұрғын алқабын электрмен қамтамасыз ету үшін сараптамадан өткізе отырып жобалау сметалық құжаттар дайындауға 3668,4 мың теңгеге 6 сәуір 2015 жылы №19 келісім шарт жасалған, келісім шарт бойынша жұмысты тапсыру 25 қараша 2015 жыл,  нақты 20 қаңтар 2016 жылы тапсырылған. Тұрақсыздықтың сомасы 56 күн үшін 205,4 мың теңгені құрады.  

«ПСК Архат» ЖШС-імен Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының тұрғын алқабын электрмен қамтамасыз ету үшін сараптамадан өткізе отырып жобалау сметалық құжаттар дайындауға 17673,6 мың теңгеге 6 сәуір 2015 жылы №22 келісім шарт жасалған, келісім шарт бойынша жұмысты тапсыру 25 қараша 2015 жыл,  нақты 26 қаңтар 2016 жылы тапсырылған. Тұрақсыздықтың сомасы 62 күн үшін 1095,8 мың теңгені құрады.  

«ПСК Архат» ЖШС-імен Жамбыл ауданы Жайсан ауылының тұрғын алқабын электрмен қамтамасыз ету үшін сараптамадан өткізе отырып жобалау сметалық құжаттар дайындауға 5706,4 мың теңгеге 6 сәуір 2015 жылы №23 келісім шарт жасалған, келісім шарт бойынша жұмысты тапсыру 25 қараша 2015 жыл,  нақты 26 қаңтар 2016 жылы тапсырылған. Тұрақсыздықтың сомасы 62 күн үшін 154,1 мың теңгені құрады.

«ПСК Архат» ЖШС-імен Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылының тұрғын алқабын электрмен қамтамасыз ету үшін сараптамадан өткізе отырып жобалау сметалық құжаттар дайындауға 6358,6 мың теңгеге 6 сәуір 2015 жылы №18 келісім шарт жасалған, келісім шарт бойынша жұмысты тапсыру 25 қараша 2015 жыл,  нақты 21 қаңтар 2016 жылы тапсырылған. Тұрақсыздықтың сомасы 57 күн үшін 362,4 мың теңгені құрады.

«Икар-Строй» ЖШС-імен Жамбыл ауданы Жамбыл ауылының тұрғын алқабын электрмен қамтамасыз ету үшін сараптамадан өткізе отырып жобалау сметалық құжаттар дайындауға 22190,3 мың теңгеге 22 мамыр 2015 жылы №35 келісім шарт жасалған, келісім шарт бойынша жұмысты тапсыру 2015 жылдың қараша айында,  мемлекеттік сараптаудың қорытындыс бойынша жұмыс нақты 3 сәуір 2017 жылы тапсырылған. Тұрақсыздықтың сомасы 488 күн үшін 10828,8 мың теңгені құрады.

«ПСК Архат» ЖШС-імен Жамбыл ауданы Б. Қыдырбекұлы ауылының тұрғын алқабын электрмен қамтамасыз ету үшін сараптамадан өткізе отырып жобалау сметалық құжаттар дайындауға 1000,0 мың теңгеге 27 мамыр 2015 жылы №37 келісім шарт жасалған, келісім шарт бойынша жұмысты тапсыру 2015 жылдың қарашасында,  нақты 26 қаңтар 2016 жылы тапсырылған. Тұрақсыздықтың сомасы 62 күн үшін 62,0 мың теңгені құрады.

Тұрақсыздықтың жалпы сомасы 12936,0 мың теңгені құрады.

Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 12 бабының 4.3 тармағы бұзылып, тапсырыс беруші осындай мердігерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану үшін сотқа жүгінбеген.

Алайда мекемемен 2015 жылғы объектілер бойынша атқарылған жұмыстар бойынша 2016 жылы қайта келісім шарттар жасалған:

- «ПСК Архат» ЖШС-імен Жамбыл ауданы Қайназар ауылының тұрғын алқабын электрмен қамтамасыз ету үшін сараптамадан өткізе отырып жобалау сметалық құжаттар дайындауға 14177,7 мың теңгеге 20 маусым 2016 жылы №19 келісім шарт;

- «ПСК Архат» ЖШС-імен Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылының тұрғын алқабын электрмен қамтамасыз ету үшін сараптамадан өткізе отырып жобалау сметалық құжаттар дайындауға 486,9 мың теңгеге 20 маусым 2016 жылы №18 келісім шарт;

-  «ПСК Архат» ЖШС-імен Жамбыл ауданы Қызыләскер ауылының тұрғын алқабын электрмен қамтамасыз ету үшін сараптамадан өткізе отырып жобалау сметалық құжаттар дайындауға 2876,5 мың теңгеге 20 маусым 2016 жылы №17 келісім шарт;

- «ПСК Архат» ЖШС-імен Жамбыл ауданы Жайсан ауылының тұрғын алқабын электрмен қамтамасыз ету үшін сараптамадан өткізе отырып жобалау сметалық құжаттар дайындауға 299,1 мың теңгеге 20 маусым 2016 жылы №21 келісім шарт;

- «ПСК Архат» ЖШС-імен Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылының тұрғын алқабын электрмен қамтамасыз ету үшін сараптамадан өткізе отырып жобалау сметалық құжаттар дайындауға 1488,7 мың теңгеге 20 маусым 2016 жылы №16 келісім шарт;

- «ПСК Архат» ЖШС-імен Жамбыл ауданы Б. Қыдырбекұлы ауылының тұрғын алқабын электрмен қамтамасыз ету үшін сараптамадан өткізе отырып жобалау сметалық құжаттар дайындауға 4237,5 мың теңгеге 20 маусым 2016 жылы №20 келісім шарт.

Осылайша «ПСК Архат» ЖШС-іне 2016 жылы мекемемен негізсіз барлығы 23566,5 мың теңге аударылған.

Мекемемен Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылының тұрғын алқабын электрмен қамтамасыз ету «MELLON» ЖШС-імен 224976,6 мың теңгеге 28 сәуір 2017 жылы №050240008665/170030/00 келісім шарт жасалған, келісім шарт бойынша объектінің тапсырылуы мерзімі – 30 қараша 2017 жыл, №49 орындалған жұмыстарының актісі бойынша объекті 6 желтоқсан 2017 жылы пайдалануға қабылданған.  

Тұрақсыздықтың сомасы 6 күнге 1349,9 мың теңгені құрады.

Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 12 бабының 4.3 тармағы бұзылып, тапсырыс беруші осындай мердігерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану үшін сотқа жүгінбеген.

003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасымен  2017 жылы автокөлік құралдары сатып алынған:

- «Российские грузовики» ЖШС-імен 19 маусым 2017 жылы жасалған №050240008665/170044/00 келісім шарты негізінде баланстық құны 21000,0 мың теңге суаруға арналған арнайыландырылған автомобиль  (КАМАЗ 45142-011-15).  25 қыркүйек 2017 жылғы өткізу-қабылдау актісі және Жамбыл ауданы әкімінің 31 тамыз 2017 жылғы №285 қаулысы бойынша автокөлік Ұзынағаш ауылдық округі әкімінің аппаратының балансына берілген.

- «Sky Motors» ЖШС-імен 8 тамыз 2017 жылы жасалған №050240008665/170042/00 келісім шарты негізінде баланстық құны 11000,0 мың теңге арнайыландырылған ассенизаторлық машина  (ГАЗ-330980-1837-03-300-20-00-000).  25 қыркүйек 2017 жылғы өткізу-қабылдау актісі және Жамбыл ауданы әкімінің 31 тамыз 2017 жылғы №285 қаулысы бойынша автокөлік Сарытауқұм ауылдық округі әкімінің аппаратының балансына берілген.

- «ГазКомТехника» ЖШС-імен 9 қыркүйек 2017 жылы жасалған №050240008665/170043/00 келісім шарты негізінде баланстық құны 11000,0 мың теңге арнайыландырылған автоцистерна  (ГАЗ-330980-1837-39-774-220-00-000).  25 қыркүйек 2017 жылғы өткізу-қабылдау актісі және Жамбыл ауданы әкімінің 31 тамыз 2017 жылғы №285 қаулысы бойынша автокөлік Бозой ауылдық округі әкімінің аппаратының балансына берілген.

Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №403 бұйрығына сәйкес 003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша ауылдық округ әкімдерінің аппараттарын бюджеттік бағдарлама әкімгері ретінде анықтау керек еді, себебі аталған активтер солар үшін алынған.  

14. «Жамбыл  ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 «Қазақстан Республикасындағы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының (бұдан әрі - Сәулет, қала құрылысы және құрылыс Заңы) 68 бабының 2 тармағының талаптары бұзылып, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, «Бесмойнақ ауылының балабақшасы, Жангелді атындағы орта мектеп және Сұңқар орта мектебінің қазандығын газдандыру» құрылысы объект құрылысын жүзеге асыруға ниетi бар тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес ayдандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарынан жерге тиісті құқық беру туралы шешімді алуға міндетті. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс Заңының 68 бабының 2 тармағының талаптары бұзылып, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, «Бесмойнақ ауылының балабақшасы, Жангелді атындағы орта мектеп және Сұңқар орта мектебінің қазандығын газдандыру» құрылысы объект құрылысын жүзеге асыруға ниетi бар тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес ayдандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарынан жерге тиісті құқық беру туралы шешімді алуға міндетті.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс Заңының 60 бабы, 7 тармағының талаптары бұзылып, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Бесмойнақ ауылының балабақшасы, Жангелді атындағы   орта   мектеп   және   Сұңқар   орта   мектебінің   қазандығын газдандыру құрылысының жобалық-сметалық құжаттамаларының заңды түрде қарастырылған үш жылдың ішінде пайдалану мерзімі өткеннен кейін пайдалануға жатпайтын болып табылады, алайда аталған жобалау сметалық құжатпен құрылыс жұмыстары жасалып, қабылданған.

Орындаушы   аталған   шарт   негізінде   жұмыстарды   орындаған туралы 2-В - нысаны актісінде    жұмыстың жиынтық құнын негізсіз көбейткен,   Қазақстан Республикасының құрылыстық нормалары 8.02-07-2002 «Қысқы мерзімде құрылыс монтаж жұмыстарын жасаған кезде қосымша шығындардың сметалық нормалар жинағына (ҚШН 2001)» талабы бұзылған, яғни қысқы мерзімде жасалмаған жұмыстар үшін сметалық құнын 1,44%,(794,43*К2,39=ағымдағы 2014 жылғы баға)   немесе 1898,6 мың теңге  негізсіз өсірген.

«Жамбыл    ауданының   құрылыс   бөлімі»   мемлекеттік   мекемесімен «Береке   газ   монтаж» ЖШС арасында жалпы сомасы   132207,1   мың теңгеге 13.07.2017 жылы №15 келісім шарт жасалған.   Қазақстан   Республикасының   құрылыстық   нормалары 8.02-02-2002   «Уақытша   ғимарат және қондырғылар құрылысын салу кезде шығындардың жинағы»-ның 2 тарауының, 3.4 тармағына және жобалық сметалық құжаттаманың реттік нөміріне  қайшы, тапсырыс беруші жұмыс толық аяқталғанан кейін мердігермен есеп айырысуда қайтарымды 122,3 мың теңгені  мердігерден ұстап қалмаған.

15. «Жамбыл  аудандық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі: мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 22 қыркүйегіндегі №1428 «Қазақстан Республикасы аумағында іссапар ережесін бекіту туралы» қаулысының 9 тармағы, 2 тармақшасы бойынша пәтерақы(квартирные) қызметтiк iссапарлар бойынша тәулiкақы нормасының 50% мөлшерiнде өтелуi тиіс болса, пәтерақы (квартирные) тәулiкақы нормасында 40842 теңгеге артық төленген, сонымен бірге 9 тармағы, 5 тармақшасы  бойынша жол жүру ақысы ең төменгі құнмен төленуі тиіс болса, 2800 теңгеге артық төленген, осылайша 2017 жылдың аудитпен қамтылған уақыты аралығында барлығы 43,6 мың теңге бюджет қаражаты негізсіз жұмсалған. Аудит барысында жергілікті бюджетке қайтарылды.

16. «Алматы облысы Жамбыл  ауданының денешынықтыру және спорт  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V «Еңбек кодексінің» 139 бабы бойынша азаматтық қызметкерлерге еңбек демалысына шыққан кезде бір айлық лауазымдық ақысы көлемінде сауықтыру ақысы жылына бір рет сауықтыру ақысы төленеді. Алайда аудитпен қамтылған мерзім аралығында мекемеде сауықтыру ақысы артық төленгені және азаматтық қызметкерлер болып табылмайтын жұмыскерлерге  де   сауықтыру ақысы төленгені анықталды. Осылайша 2015 жылы 36501 теңге артық төленсе, 2016 жылы 97158 теңге және 2017 жылы 101051 теңге азаматтық қызметкерлер болып табылмайтын жұмыскерлерге  төленген, барлығы  234,7 мың теңге сауықтыру ақысы негізсіз төленген. Аудит барысында жергілікті бюджетке қайтарылды.

Мекемеде балалар мен жасөспірімдер арасындағы спорттық жарыстарға баруда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы №107 «Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін бекіту туралы» бұйрығы басшылыққа алынбай, Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрінің м.а.  2010 жылғы 8 шілдедегі №01-01-07/96 «Спорттық іс шаралар мен оқу жаттығу сабақтарына қатысушыларға арналған шығыстар нормаларын белгілеу туралы» бұйрығы басшылыққа алынған, алайда бұл бұйрықтың күші Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы №107 бұйрығымен жойылған.

Аудитпен қамтылған мерзім аралығында іссапар шығындарын өтеулерде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 22 қыркүйегіндегі №1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» қаулысы талаптары сақталмаған. Атап айтқанда мекеме жүргізушісіне 2016 жылы тәуліктік ақы осы қаулының 9 тармағының 1 тармақшасына сәйкес іссапарда жүрген әрбір күні үшін екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленбей, тек 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленген.

17. «Жамбыл  ауданының  Ақсеңгір  селолық  округінін әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамызындағы №1127 «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» қаулысының 4.1 тармағының талаптары сақталмай, 58,9 мың теңге мөлшерінде сыйақы негізсіз берілген.

Аудит барысында бюджетке қайтарылды.

18. Жамбыл ауданы әкімдігінің  «Беріктас  ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамызындағы №1127 «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» қаулысының 4.3 тармағының талаптары сақталмай, 170,0 мын теңге  сыйақы төленген. Аудит барысында бюджетке қайтарылды.

19. «Дегерес ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Іс-сапар шығындарын есептеп төлеуде Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2000 жылғы 22 қйркүйектегі №1428 «Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының қызметтік іс-сапары ережесі туралы» қаулысымен бекітілген нұсқаулығының 9.2 тармағының талаптары сақталмай, 34,6 мың теңге іс-сапар шығындары негізсіз төленгені анықталып, аудит барысында бюджет кірісіне қайтарылды.

20. Жамбыл  ауданы әкімдігінің  «Қарасу ауылдық  округі әкімінің  аппараты» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 «Қазақстан Республикасы аумағында іс-сапар ережесін бекіту туралы» қаулысының 9 тармағының талабы бұзылып  21,0 мың теңге іссапар шығындары төленген, аудит барысында  бюджетке қайтарылды.

21. Жамбыл   ауданы әкімдігінің  «Қарақастек  ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» қаулысының 9 тармағының талаптары орындалмай, 82,0 мың теңге мөлшерінде сыйақы негізсіз есептелініп, төленген.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» қаулысының 3 және 9,2 тармақтарының талаптары толық сақталмай, 41,0 мың теңге іссапар шығындары негізсіз өтелген.

Қазақстан Республикасы қаржы министірінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиhазымен және мемлекеттік органардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығының және Алматы облысы әкімінің 2015 жылғы 02 наурыздағы №133-ө өкімінің 2 қосымшасы сақталмаған, яғни баланстық құны 1199,0 мың теңгені құрайтын 2007 жылы шыққан «Ваз21214» маркалы мемлекеттік тіркеу нөмірі В153DK 1 автокөлік лимиттен артық.

«Қарақыстақ ауылдық округі әкімінің аппаратының ғимаратын күрделі жөндеу» жұмыс жобасы бойынша  «Казатком» ЖШС-гі жасаған. Осы жұмыс бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларының құнына кіргізілген бюджет есебіне қайтаруға жататын бөлігі 49,2 мың теңге жергілікті бюджетке төленбеген, бұл жерде Қазақстан Республикасының «Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс саласындағы» Заңының 60 бабы,  1 тармақшасы және ҚР 8.02-09-2011 құрылыс нормалары мен ережелерінің (СНиП)  4-бабының 4.3-тармақшасы талаптары сақталмаған, яғни  уақытша құрылыс объектілерінің құны бюджетке уақытында қайтарылмаған. 

22. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Мыңбаев  ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдык мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» қаулысының 9 тармағының 1,2 тармақшалары талаптары толық сақталмай, 32,5 мың теңге іссапар шығындары негізсіз төленген.

23. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Самсы  ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

«Almaty Construction Group» ЖШС жұмыстарды орындаған туралы актісінде жұмыстың жиынтық құнын негізсіз көбейткен, Қазақстан Республикасының құрылыстық нормалары 8.04-06-2015 «Қысқы мерзімде құрылыс монтаж жұмыстарын жасаған кезде қосымша шығындардың сметалық нормалар жинағына (ҚШН 2001)» талабы бұзылып, қысқы мерзімде жасалмаған жұмыстар үшін сметалық құнын 1,08% немесе 91,0 мың теңге  негізсіз өсірген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының құрылыстық нормалары 8.04-05-2015 «Уақытша ғимарат және қондырғылар құрылысын салу кезде шығындардың жинағының» 47 тармағы бұзылған, яғни мердігерге 60,0 мың теңге негізсіз төленген. Аталған қосымша шығын тек құрылыс жұмысын жүргізуде қолданылады.

«Бауыр Құрылыс Компаниясы» ЖШС-на Қазақстан Республикасының құрылыстық нормалары 8.02-02-2002 «Уақытша ғимарат және қондырғылар құрылысын салу кезде шығындардың жинағының» 36 тармағына қайшы, мердігерге 113,0 мың теңге (44,167*2,55 коэфициент) негізсіз төленген. Аталған қосымша шығын ағымды жөндеу жұмысында қолданылмайды, тек құрылыс жұмысын жүргізуде қолданылады.

24. Жамбыл ауданы әкімдігінің  «Шолаққарғалы  ауылдық  округі  әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағы толық сақталынбай 31,0 мың теңге сыйақы төленген. Аталған сома аудит барысында жергілікті бюджетке қайтарылды.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 28 және 60 баптарының талаптары сақталмай, жүргізілген жұмыстар бойынша жобалық сметалық құжаттамада көрсетілген уақытша ғимараттардан қайтаруға жатқызылатын бюджет қаражатының жалпы сомасы 68,7 мың теңге мердігер «Электротехснаб» ЖШС-імен қайтарылмағаны анықталды. Аталған сома аудит жүргізу барысында жергілікті бюджетке қайтарылды.

25. Жамбыл  ауданы әкімдігінің «Ұзынағаш  ауылдық  округі әкімінің аппараты»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі:

2018 жылдың 1 қаңтарына мекеменің теңгерімінде 3 қызметтік автокөліктер: 2012 жылы шығарылған «ЛАДА - 21214» маркалы автокөлік, баланстық құны – 138,7 мың теңге, мемлекеттік тіркеу нөмірі- В410VV, сол сияқты 2007 жылы заводтан шыққан «ЛАДА - 21214» маркалы автокөлік мемлекеттік тіркеу нөмірі 159АХ05, баланстық құны жоқ (жүруге жарамсыз) және автокөлік Skoda Super B6 мемлекеттік тіркеу нөмірі 405ММ05, баланстық құны  автокөліктері бар екені, баланстық құны – 3 072,5 мың теңге белгіленген лимиттен артық екендігі анықталды.

2015 жылдың 27 тамызындағы «Фирма Еламан» ЖШС-імен жасалған №43 келісім-шарттың 4 тармағының 1 тармақшасында көрсетілген мерзімде құрылыс жұмыстары мердігермен уақытында орындалмай және уақытында пайдалануға берілмей 2017 жылдың 13 шілдесіндегі қабылдау актісі бойынша қолданылуға берілген, соның салдарынан келісімнің мерзімінен 219 күнге кешіктіріліп, өткізілген. Осы бойынша есептелген айыппұл сомасы 1 287,7 мың теңгені құрайды (5 880 000*0,1%*219 күн = 1 287 720 теңге).

26. Жамбыл  ауданы әкімдігінің «Аққайнар  ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 72 бабы, 2 тармағының талаптары сақталмаған, яғни Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Ә.Умбетов көшесі, 18 үй мекен-жайы бойынша ғимаратта орналасуына қатысты мекеменің мәртебесін анықтайтын құжат – ғимаратты өз теңгерімінде ұстаушы тараппен азаматтық – құқықтық шарт рәсімделмеген, мемлекеттік мүлікті пайдалануға негізсіз жол берілген..

27. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Мәтібұлак  ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі:

Мемлекеттік аудитпен «Жамбыл ауданы Мәтібұлақ ауылдық округінің Еспе ауылын сумен жабдықтау жүйелеріне ағымдағы жөндеу», «Жамбыл ауданы Мәтібұлақ ауылдық округінің Жартас ауылын сумен жабдықтау жүйелеріне ағымдағы жөндеу»,  «Жамбыл ауданы Мәтібұлақ ауылдық округінің Жайлау ауылын сумен жабдықтау жүйелеріне ағымдағы жөндеу» жұмыстары бойынша бекітілген  ақаулы өнім тізімдемесіндегі, сметалық құжаттамадағы және мердігер мекеменің атқарылған жұмыстар актісінде көрсетіліп жүргізген жұмыстар ағымдағы жұмыстар болып табылмайтындығы, яғни жаңа құрылыс жұмыстары жүргізілгендігі анықталды. Атқарылған жұмыстар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы «Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы» №1118 Қаулысының «Су құбыры және канализация, ыстық сумен жабдықтау (үй іші қабырғалары)» бөлігі бойынша ағымдағы жұмыстар болып анықталған тізбеге сәйкес келмейді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60 бабының 1 тармағы бұзылған, яғни жұмыстар жобалау-сметалық құжаттамасыз жүргізілген, елді мекеннің бас жоспары негізінде жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленбеген.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-бабының 1 тармағының талабы сақталмай, «Алматы облысы Жамбыл ауданы Мәтібұлақ ауылдық округінің Еспе ауылын сумен жабдықтау жүйелеріне ағымдағы жөндеу» жобасы бойынша 73,9 мың теңге және «Алматы облысы Жамбыл ауданы Мәтібұлақ ауылдық округінің Жартас ауылын сумен жабдықтау жүйелеріне ағымдағы жөндеу» жобасы бойынша 72,4 мың теңге, Алматы облысы Жамбыл ауданы Мәтібұлақ ауылдық округінің Жайлау ауылын сумен жабдықтау жүйелеріне ағымдағы жөндеу» жобасы бойынша 117,3 мың теңге жобалау-сметалық құжаттамада көзделген уақытша ғимараттар мен құрылыстардан қаражат қайтарылмаған. Аудит барысында бюджетке қайтарылды.

28. Жамбыл ауданы әкімдігінің  «Талап  ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 9 тармақшасы бұзылып, мекеме қызметкерлеріне  36,7 мың теңге лауазымдық ақыларынан артық аударылып берілгені анықталды. Аудит барысында бюджетке қайтарылды.

29. «Үлгілі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі35. «Үлгілі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 «Қазақстан Республикасы аумағында іссапар ережесін бекіту туралы» қаулысының  2 және 9 тармақтарының талаптары сақталмай 27,1 мың теңге іссапар шығындары өтеліп берілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №212 «Мемлекеттік мүлікті, мүліктік жалға жалдауға (жалға алуға)  беру қағидаларын  бекіту туралы»  қаулысының және келісім-шарттардың 4 тармағы 12 тармақшасының талаптары орындалмай, аудитпен қамтылған кезеңде жеке кәсіпкер «Р.Расмухамбетова»-мен мектептің ғимаратының алаңдарын жылытуға коммуналдық жылу шығындарының жалпы сомасы  2016-жылға 12500 теңге, 2017-жылға 12500 теңге, барлығы 25,0 мың теңге төленбегені анықталды.

«Жамбыл ауданының Қаншеңгел ауылының су жүйесінің ағымды жөндеуі» жұмыстарына «Техно Снаб 2002» ЖШС-гімен 2015 жылдың 22 маусымында №15 келісім шарты жасалған. Қазақстан Республикасының 16.07.2001 жылғы №242 «ҚР Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс саласындағы Заңының» 60-бабының 1-тармағы және ҚР 8.02-09-2011 құрылыс нормалары мен ережелерінің (СНиП) 4-тармағының 4.2 және 4,3-тармақшалары талаптары сақталмай, осы жұмыстар бойынша өткен жобалау-сметалық құжаттамаларының құнына кіргізілген бюджет есебіне қайтаруға жататын бөлігі  66,1 мың теңге жергілікті бюджетке төленбеген. Аудит барысында бюджетке қайтарылды.

30. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Үңгіртас  ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V «Еңбек кодексінің» 103 бабы, 1 тармағы сақталмай 68,6 мың теңге еңбек ақы жұмыстан босап кеткен бұрынғы есепші А.Ж.Нұрмаханбетоваға негізсіз төленген, аудит барысында бюджетке қайтарылды.

31. «Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 9 тармағының талаптары бұзылып, 40,5 мың теңге сыйақы негізсіз төленген.

32. Жамбыл ауданы әкімдігінің  «Бозой ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі:

2017 жылдың қыркүйек айында 30,6 мың теңге, қазан айында 29,7 мың теңге   әлеуметтік салығы кем есептелініп, жалпы сомасы 60,3 мың теңге салық декларациясында көрсетілмеген. Бұл жеке тұлғалардың өздерінен жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептелетін және ұсталатын, оның ішінде өзінің пайдасына есептелетін, сондай-ақ әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар есептелетін, оның ішінде өзінің пайдасына есептелетін табыстары ҚР Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы берілген 2014 жылдың 28. қарашасындағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (Салық кодексі) 67,160,161, 158 баптарына қайшы келеді.

Аудит барысында жоғарыда көрсетілген сомалар қосымша декларациямен мемлекеттер кіріс басқармасына тапсырылды.

33. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Теміржол  ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммунал

 

дық мемлекеттік мекемесі:

        Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 1 тармағы, 1,2 тармақшаларының, 9 тармағының талаптары бұзылып, 60,2 мың теңге сыйақы негізсіз төленген. Аудит барысында бюджетке қайтарылды.

34. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Таран ауылдық округі  әкімінің аппараты» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі:

Мекеме тарапынан есепті қаржылық жоспарына уақытында өзгеріс енгізілмей, 2016 жылдың аяғында мекеменің шотында 001 "Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы бойынша 139,1 мың теңге игерілмеген.  Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 4 желтоқсандағы №95-IV «Бюджет Кодексінің» 103 бабының 3 тармағы  «ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанан кейін есепке жазылған түсімдер жаңа қаржы жылының түсімдері болып есептеледі».

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 34 бабының 2 тармағы басшылыққа алынбаған. Орташа жөндеу жұмысына авторлық қадағалауға арналған қаражат – 23,3 мың теңге тиімсіз пайдаланылған.

Келесі мемлекеттік мекемелерде бұзушылықтар анықталмады:

1. «Жамбыл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

2. «Жамбыл ауданының сәулет және қалақұрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

3. «Жамбыл ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

4. Жамбыл  ауданы әкімдігінің «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5. Жамбыл  ауданы әкімдігінің «Ақтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6. «Жамбыл  ауданы әкімдігінің «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7. Жамбыл  ауданы әкімдігінің «Шиен ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

8. «Жамбыл  ауданы әкімдігінің «Сарытауқұм ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

9. Жамбыл  ауданы әкімдігінің «Үлкен ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

III. Жиынтық бөлік

Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Мемлекеттік аудит барысында жалпы анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасынан 6529,5 мың теңге жергілікті бюджет есебіне қайтарылды, соның ішінде:

- «Жамбыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде 15,6 мың теңге;

- «Жамбыл   ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау  бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 48,6 мың теңге;

- «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 34,7 мың теңге;

- «Жамбыл  аудандық  қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 78,2 мың теңге;

- «Жамбыл  ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 77,2 мың теңге;

- «Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 36,8 мың теңге;

- «Жамбыл   ауданының білім  бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 4925,9 мың теңге;

- «Жамбыл   ауданының ветеринария  бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 89,4 мың теңге;

- «Жамбыл ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 43,6 мың теңге;

- «Жамбыл ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 234,7 мың теңге;

- Жамбыл  ауданы әкімдігінің    «Ақсеңгір  селолық  округінін әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 58,9 мың теңге;

- Жамбыл  ауданы әкімдігінің    «Дегерес ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 34,6 мың теңге;

- Жамбыл  ауданы әкімдігінің    «Қарақастек ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 123,0 мың теңге;

- Жамбыл  ауданы әкімдігінің    «Қарасу ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 21,0 мың теңге;

- Жамбыл  ауданы әкімдігінің    «Мәтібұлак ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 263,6 мың теңге;

- Жамбыл  ауданы әкімдігінің    «Шолаққарғалы ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 99,7 мың теңге;

- Жамбыл  ауданы әкімдігінің    «Талап ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 36,7 мың теңге;

- Жамбыл  ауданы әкімдігінің    «Үлгілі ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 118,2 мың теңге;

- Жамбыл  ауданы әкімдігінің    «Үңгіртас ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 68,6 мың теңге;

- Жамбыл  ауданы әкімдігінің    «Теміржол ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 60,2 мың теңге;

- Жамбыл  ауданы әкімдігінің    «Бозой ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 60,3 мың теңге.

Ал «Жамбыл  ауданының  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 69681,4 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды.

«Жамбыл аудандық мәслихатының аппараты», «Жамбыл   ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау  бөлімі»,   «Жамбыл  аудандық  қаржы бөлімі», «Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі», «Жамбыл   ауданының білім  бөлімі» мемлекеттік мекемелері мен «Жамбыл ауданы әкімінің аудандық кітапханасы», «Жамбыл ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі», «Дегерес ауылдық  округі әкімінің аппараты», «Қарасу ауылдық  округі әкімінің аппараты»,  «Қарақастек ауылдық  округі әкімінің аппараты», «Талап ауылдық  округі әкімінің аппараты», «Үңгіртас ауылдық  округі әкімінің аппараты», «Теміржол ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде жауапты тұлғаларға ескертулер жарияланды.

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» мемлекеттік мекемесіне 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің» тиісті баптарымен әкімшілік жаза қолдану мақсатында  15.10.2018 ж. №02-13/1937 хатпен «Жамбыл ауданының білім бөлімі», 22.10.2018 ж. №02-13/195014 хатпен «Жамбыл ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі», 11.10.2018 ж. №02-13/1915 хатпен «Жамбыл  ауданының  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», 18.10.2018 ж. №02-13/1943 хатпен «Жамбыл   аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі»,   11.10.2018 ж. №02-13/1914 хатпен «Жамбыл  ауданының  ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемелері мен 16.10.2018 ж. №02-13/1939 хатпен «Ұзынағаш  ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша материалдар жіберілді.

Осылармен қатар «Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің» тиісті баптарымен әкімшілік жаза қолдану мақсатында 12.10.2018 ж. №02-13/1936 хатпен «Мәтібұлак  ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі бойынша материалдар жіберілді.

Барлық мемлекеттік мекемелерде Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптарын сақтау қажеттілігі ескертілді.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:

Жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалануға және мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығы және дұрыстығы бойынша сәйкестік аудитімен Жамбыл ауданында 43 мемлекеттік мекемелер 29 160 687,9 мың теңге қаражатпен қамтылып, 34 мемлекеттік мекемелерде жалпы сомасы 211659,7 мың теңге көлемінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзушылықтарына жол берілгені анықталды, оның ішінде бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған бұзушылықтар – 85,3 мың теңге, қаржылық бұзушылықтар – 150573,7 мың теңге, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы 43221,0 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы 17779,7 мың теңге.

Осымен қатар бюджет қаражаты мен активтерді пайдалану бойынша 11 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, мемлекеттік аудит объектісі қызметіндегі өзге де заңнама бұзушылықтары, сондай-ақ оның міндеттері мен функцияларын іске асыруға байланысты жүйелі олқылықтар мен кемшіліктер бойынша 3 бірлік жүйелі бұзушылықтар анықталды.

Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражатты игеруге қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол толық жеткізілмеген және жекелеген мемемелер бойынша барынша пайдалы нәтиже алу көрсеткіштері толық орындалмаған.

Анықталған қаржылық және рәсімдік бұзушылықтары қолданыстағы бюджеттік және басқада заңнамалардың талаптары бұзылғаннан орын алған.

        Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

Негізгі (талдамалық) бөлікте аталған мәліметтерді назарға ала отырып:

  1. Мемлекеттік аудит іс-шараның қорытындысы Тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.
  2. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларына Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджеттік және басқада заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және келешекте қаржылық бұзушылықтарға жол бермеулері бойынша Тексеру комиссиясының Нұсқамасы ұсынылсын.

3. Жамбыл ауданының әкіміне:

- «Жамбыл ауданының  ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 94,4 мың теңге,  «Жамбыл ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 80,7 мың теңге, «Жамбыл аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 39385,9 мың теңге, «Жамбыл ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2020,9 мың теңге, «Беріктас ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 170,0 мың теңге,  «Қарақастек ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 49,2 мың теңге, «Мыңбаев ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 32,4 мың теңге, «Самсы ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 264,0 мың теңге, «Ұзынағаш  ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1287,7 мың теңге, «Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 40,5 мың теңге, барлығы 43425,7 мың теңге бюджет есебіне аударылуы қамтамасыз етілсін.

- «Жамбылауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде 6190,0 «Жамбыл аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 5978,0 мың теңге,«Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 6262,8 мың теңгеге, «Жамбыл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 7105,6 мың теңгеге, «Жамбыл   аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 1214,5 мың теңгеге,  «Қарақастек  ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1199,0 мың теңгеге, «Ұзынағаш  ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 3072,5 мың теңгеге,  барлығы 31022,4 мың теңгеге қалпына келтірілуі қамтамасыз етілсін.

- «Жамбыл  ауданы әкімі аппараты»,  «Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі», «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Жамбыл ауданының құрылыс бөлімі», «Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі», мемлекеттік мекемелері мен Жамбыл ауданының «Ақсеңгір ауылдық округі әкімінің аппараты», Жамбыл ауданының «Мәтібұлақ ауылдық округі   аппараты», Жамбыл ауданының «Таран ауылдық округі әкімінің аппараты», Жамбыл ауданының «Ұзынағаш ауылдық округі әкімінің аппараты», Жамбыл ауданының «Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты», Жамбыл ауданының «Шолаққарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты», Жамбыл ауданының «Самсы ауылдық округі әкімінің аппараты», Жамбыл ауданының «Мыңбаев ауылдық округі әкімінің аппараты», Жамбыл ауданының «Беріктас ауылдық округі әкімінің аппараты», Жамбыл ауданының «Аққайнар ауылдық округі әкімінің аппараты», Жамбыл ауданының «Бозой ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзушылықтарына жол берген лауазымды тұлғалардың  тәртіптік жауапкершілігі қаралсын.

4. Тексеру комиссиясының мүшесі және №2 мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы белгіленген тәртіппен аудит материалдарын процессуалдық шешім қабылдау мақсатында құқық қорғау органдарына жолдауға дайындасын.

  • Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (32 парақ), мемлекеттік аудит объектілерімен жергілікті бюджетке қайтарылған және қалпына келтірілген қаражаттар туралы ақпарат (3 парақ).

 

 

Тексеру комиссиясының мүшесіҚ. Сағымбаев

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ