Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Қапшағай қаласы қорытынды

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 26.02.2019
Просмотры: 1188 Печать страницы

 

 

                                                                                                 Алматы облысы бойынша

тексеру комиссиясының

төрағасы

М. Мұсаев________________

 

ТАЛДАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 

      

Талдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес жергілікті бюджеттің жоспарлануы және атқарылуы, аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылу мәселесі бойынша тиімділігін бағалау.

 Талдау объектілері:

«Қапшағай қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.        

«Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Талдаумен қамтылған кезең: 2018 жылдың қаңтарынан бастап, 2018 жылдың желтоқсанын қоса алған кезең.

Негізгі (талдамалық) бөлік

«Қапшағай қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде

Жыл ішінде бекітілген қала бюджетіне бюджеттің атқарылуы барысында  облыстық, қалалық маслихат шешімдерімен, жергілікті атқарушы  органның шешімдері мен қаулыларымен  4 рет нақтылаулар жасалып, толықтырулар мен өзгерістер енгізілген. Жиынтық жоспардың көлемі 2019 жылғы 1 қаңтарға 9 млрд. 225 млн. 253 мың теңге болған немесе бекітілген бюджетпен  салыстырғанда 1 млрд. 885 млн. 279 мың теңгеге, оның ішінде 1 млрд. 215 млн. 752 мың теңге нысаналы трансферттер, 192 млн. 204 мың теңге кредиттер, 469 млн. 33 мың теңге бюджет қаражаттарының бос қалдықтары, 8 млн.290 мың теңге өз кірістері есебінен көбейген болса, Шеңгелді ауылдық округі бойынша жергілікті атқарушы органның шешімдері және қаулыларымен 2 рет нақтылаулар жасалып 2019 жылғы 1 қаңтарға 3 млн. 503 мың теңге және Заречный ауылдық округі бойынша 905 мың теңгеге кеміген.

Қала бюджетіне облыстық бюджеттен алынатын нысаналы трансферттер барлығы 6 млрд 798 мың теңге болып аудан бюджетінің 65 пайызын құраған.

Бюджет кодексінің 4 бабының 12 тармағына сәйкес тиімділік принципі - бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдаланып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей нәтижеге қол жеткізу болып табылады.

2018 жылы бюджеттің нақтыланған шығын жоспары 9225253,0 мың теңге, кассалық шығындары 9220815,5 мың теңге, немесе 100%.

2018 жылдың соңына 4 437,5 мың теңге қалалық бюджет қаражаты игерілмеген, дебиторлық берешек 4938,6 мың теңге, кредиторлық берешек 2362,3 мың теңгені құраған.

«Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  мемлекеттік мекемесінде

«Қапшағай қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» қапшағай қалалық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №29-131 шешімі негізінде және Қапшағай қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 04 қаңтардағы «Қапшағай қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» Қапшағай қалалық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №29-131 шешімін іске асыру туралы» №3 қаулысына сәйкес қала бюджетінің кірісі мен шығысы 7 млрд 339 млн 974 мың теңге болып бекітілген.

«Қапшағай қаласының ауылдық округтерінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» қапшағай қалалық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №30-132 шешімін іске асыру туралы 2018 жылдың 05 қаңтардағы №4 шешіміне сәйкес Шеңгелді ауылдық округінің 36 068,0 мың болып бекітілсе, Заречный ауылдық округінің қалалық мәслихаттың 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №30-132 шешімін іске асыру туралы 2018 жылдың 05 қаңтардағы №1 шешіміне сәйкес 31 676,0 мың теңге болып бекітілген.

Қаланың 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы қала мәслихатының 2018 жылғы 22 қарашадағы  № 43-179 шешімімен бекітіліп, қала әкімінің 2019 жылғы 3 қантардағы  № 1 қаулысымен Қапшағай қаласы бойынша 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары жаңа редакцияда бекітілді.

Қаланың 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы  мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттары негізінде бесжылдық кезеңге арналып әзірленеді. Аумақтарды дамыту бағдарламасы негізгі бағыттарды, мақсаттарды, нысаналы индикаторларды, қажетті ресурстарды қамтиды.

Қабылданған шаралар

Қабылданған шаралар болған жоқ.

Талдау  қорытындысы бойынша тұжырымдар

Қала бюджетінің бекітілген меншікті кірісі 2550485,0 мың теңге, нақтыланған бюджет кірісі 2558775,0 мың теңге болса, нақты  түскен кіріс 2612836,9 мың теңгеге немесе 102,1 пайызға орындалып, жыл соңына 54061,9 млн.теңгеге жоспар артығымен орындалған.

Салық төлеушілердің  қарызын өндіру, азайту мақсатында аудандық кірістер басқармасы  тарапынан Салық  кодексінің 118-бабында көрсетілген шараларды басшылыққа ала отырып мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету  тәсілімен 152 салық төлеушінің берешек қарызы бойынша банктегі есепшоттарын жабу арқылы 193 301,3 мың теңге өндірілген. Берешек қарыздарын өтеу туралы 641 хабарлама жіберіліп 17 135,0 мың теңге қарыз өндірілген.

«Салық кодексіне» сәйкес мемлекеттік  кірістер басқармасы  тарапынан нормативтік құқықтық акітілерді пайдалана отырып,  біршама шаралар ұйымдастырылғанмен ауданның өз кірісі  болып табылатын бюджетке төленбеген /недоимка/салықтардың  көлемі  01.01.2018 жылға 447 892,0 мың теңге болса, 1 қаңтар 2019 жылға 1 122 156,0 мың теңге  болған немесе 674 264,0 мың теңгеге көбейгендігі  байқалады.

Талдау қорытындысы бойынша ұсынымдар

      1. 2018 жылдың қорытындысымен жекелеген бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша 4 437,5 мың теңге қаражаттардың игерілмеуі орын алған, игерілмеуіне жауапты тұлғалардың жауапкершілігі қаралсын.

      2. 2018 жылы аудан бюджетінің жалпы құрамындағы меншікті кірістер деңгейінің арттыру мүмкіншіліктері қарастырылсын.

      3. 2018 жылдың қорытындысымен қала бойынша дебиторлық берешек 4938,6 мың теңге және кредиторлық берешек 2362,3 мың теңгені құраған, Қазақстан Республикасы бюджеттік заңнамалары талаптарына сәйкес дебиторлық берешектерді азайту жұмыстары жүргізілсін.

           

Тексеру комиссиясының мүшесі                           Қ. Сағымбаев

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ