Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Алматы облысының қаржы басқармасы қорытынды

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 28.10.2019
Просмотры: 1420 Печать страницы

Алматы облысы бойынша

тексеру комиссиясының төрағасы ______________________ М. Мұсаев 

 

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

  1. Кіріспе бөлік

Аудиторлық іс-шараның атауы:

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының 2019 жылғы 8 қаңтардағы №2-ө бұйрығымен бекітілген 2019 жылға арналған аудитпен қамтылатын объектілер тізбесі.

 Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Жергілікті бюджет қаражатын, Қазақстан Республикасының  бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы және  Жергілікті атқарушы органдардың борышының басқарылуы, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепіргеллірігімен тартылатын қарыздарының дұрыстығына аудит жүргізу.

 Мемлекеттік аудиттің объектісі:

«Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Мемлекеттік аудит тобының құрамы (мемлекеттік аудиторлардың сертификаттарының нөмірлерін көрсете отырып):

Топ жетекшісі–бас маман- мемлекеттік аудитор Қожағұлова Гүлнар Қалиқызы (№0308)), Нұрғалық Нұрлан (№0316), Ботабеков Мұрат Санақұлы (№0302).

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:

2016 жылдың қаңтарынан бастап, 2018 жылдың  желтоқсанын қоса алған кезең.

II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бюджет қаражатының атқарылуына талдау жасау:

            Аудиторлық іс-шарамен  қамтылатын қаражаттың және (немесе) активтердің көлемі: 19 897 115,2 мың теңге бюджет қаражаты бөлінген, оның ішінде: 2016 жылы – 2071 023,4 мың теңге, 2017 жылы – 6 186 713,5  мың теңге және  2018 жылы  – 11 639 378,3 мың теңге қамтылды.

Мемлекеттік аудит барысында жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың бюджет қаражатын пайдаланғанда бұзушылықтардың барлығы Қазақстан Республикасының Заңнамаларының нормаларын тікелей сақтамағандықтан орын алған, олардың басым бөлігі бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 104803,0 мың теңгені құрады. Үнемділік көрсеткіші- Осы нәтижелердің тиісті сапасын сақтай отырып,қызметтің бағаланатын нәтижелеріне қол жеткізу үшін бөлінген ресурстардың жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты жүргізуге бөлінген қаражаттың қанағатанарлық деңгейде пайдаланған деген тұжырымға келуге болады.

 

2.2. Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері:

 Мемлекеттік аудитпен 2016 жылдың қаңтарынан бастап, 2018 жылдың  желтоқсанын қоса алған кезеңге 2019 жылдың 4 қыркүйегінен 4 қазан аралығында тексеру комиссиясының тапсырмасы бойынша Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі аудитпен қамтылды.

«Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде аудит жүргізу барысында 2016-2018 жылдары жалпы сомасы 19 897 115,2 мың теңге бюджет қаражаты бөлінген, оның ішінде: 2016 жылы – 2 071 023,4  мың теңге, 2017 жылы – 6 186 713,5  мың теңге және  2018 жылы  – 11 639 378,3 мың теңге.

Аудит барысында Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптары бұзылғаны анықталды, оның ішінде: бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған бұзушылықтар – 30,1 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы 104 803,0 мың теңге, жүйелі олқылықтар мен кемшіліктер саны – 1 бірлік, олар:

- Бақылаулық тексеру кезінде жекелеген объектілер бойынша жалға алушылардың нақты алып отырған алаңы жалға алу шарттарында көрсетілгендерге сәйкес келмейтіндігі анықталды. Нәтижесінде бюджет кірісіне 30,1 мың теңге түспеген.

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 608 "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" қаулысына сәйкес (29.12.2014 жылғы өзгерістерді ескере отырып) жергілікті мемлекеттік басқару құрылымы 24 құрылымдық бөлімшені құрайды, яғни облыстық экономика және қаржы басқармасы бір басқарма болуы тиіс. Алайда, аудиттелген кезеңде жоғарыда атлаған Үкімет қаулысы бұзылып, облыста Экономика басқармасы және Қаржы басқармасы дербес құрылымдық бөлімше болып құрылған.

  • Басқарма тарапынан жалпы көрсетілген бағдарламалар бойынша тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілген. Алайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері (Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, Қапшағай қаласының және Талдықорған қаласының жергілікті атқарушы органдары) Бюджет кодексінің 4-бабының 6, 10, 12, 13-тармақтарын бұза отырып, нәтижелілік, уақтылылық, тиімділік және жауапкершілік принциптерін сақтамаған. Осылайша, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тарапынан Бюджет кодексінің 1-бабының 14-2 тармағының сақталмауы нәтижесінде 104 803,0 мың теңге бюджет қаражаты тиімісз пайдаланылған.

III. Жиынтық бөлік

Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Мемлекеттік аудит барысында Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптарын сақтау қажеттілігі ескертілді.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:

              Жергілікті бюджет қаражатын, Қазақстан Республикасының  бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы және  Жергілікті атқарушы органдардың борышының басқарылуы, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепіргеллірігімен тартылатын қарыздарының дұрыстығына бойынша сәйкестік аудитімен Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде 19 897 115,2 мың теңге қаражатпен қамтылып, жалпы соммасы 104833,1 мың тенге көлемінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзушылықтарына жол берілгені анықталды, оның ішінде бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған бұзушылықтар – 30,1 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы 104803,0  мың теңге, сонымен қатар бюжет қаражаты мен активтерді пайдалану бойынша 1 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, мемлекеттік аудит объектісі қызметіндегі өзге де заңнама бұзушылықтары, сондай-ақ оның міндеттері мен функцияларын іске асыруға байланысты жүйелі олқылықтар мен кемшіліктер бойынша 3 бірлік жүйелі бұзушылықтар анықталды.

Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражатты игеруге қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол толық жеткізілмеген және жекелеген мемемелер бойынша барынша пайдалы нәтиже алу көрсеткіштері толық орындалмаған.

Анықталған бюджетке түсетін түсімдер бойынша, рәсімдік және тиімсіз бұзушылықтары қолданыстағы бюджеттік және басқада заңнамалардың талаптары бұзылғаннан орын алған.

        Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

Негізгі (талдамалық) бөлікте аталған мәліметтерді назарға ала отырып:

1. Мемлекеттік аудит іс-шараның қорытындысы Тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.

2. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларына Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджеттік және басқада заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және келешекте қаржылық бұзушылықтарға жол бермеулері бойынша Тексеру комиссиясының Нұсқамасы ұсынылсын.

3. Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына:

- Аудит барысында анықталған бюджетке түсетін 30,1 мың теңгенің қайтарылуы қамтамасыз етілсін;

- Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзушылықтарына жол берген лауазымды тұлғалардың  тәртіптік жауапкершілігі қаралсын.

4. Облыс әкіміне (А.Баталов) хат дайындалсын.

       Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (3 парақ).

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                           Қ. Сағымбаев

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ