Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Райымбек ауданыны қорытынды

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 14.01.2019
Просмотры: 1366 Печать страницы

 

Жергілікті атқарушы органның және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шарт талаптарын орындауына және жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің,бюджетке түсетін түсімдерді алудың толықтығы мен уақытылығына, сондай ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген соманы қайтаруға, есепке жазудың дұрыстығына  Алматы облысы Райымбек ауданында жүргізілген аудиторлық іс-шара бойынша

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

«Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11.01.2019

 

 

 

Жоба

Алматы облысы бойынша

тексеру комиссиясының Төрағасының м.а.

Ж.Ноғайбековке

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Жергілікті атқарушы органның және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шарт талаптарын орындауына және жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің, бюджетке түсетін түсімдерді алудың толықтығы мен уақтылығына, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген соманы қайтаруға, есепке жазудың дұрыстығы.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жергілікті атқарушы органның және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шарт талаптарын орындауына және жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің, бюджетке түсетін түсімдерді алудың толықтығы мен уақтылығына, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген соманы қайтаруға, есепке жазудың дұрыстығына аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1. Райымбек аудан әкімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ветеринариялық пунктері бар ветеринариялық станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

2. «Райымбек ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

3. «Райымбек ауданы Текес ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Қызғалдақ» бөбекжай-балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

4. «Райымбек ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Таугүл» бөбекжай-балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

5. «Райымбек ауданы Нарынқол ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің «Қарлығаш бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

6. «Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарасаз ауылындағы өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

7. «Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Текес ауылындағы балалар өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

8. «Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Нарынқол мектепаралық оқу-өндірістік  комбинаты» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

1.4. Мемлекеттік аудит тобының құрамы (мемлекеттік аудиторлардың сертификаттарының нөмірлерін көрсете отырып):

Топ жетекшісі– бас маман-мемлекеттік аудитор Сағынбеков Шалқар Жолдыбайұлы (сертификат 1297), бас маман - мемлекеттік аудиторлар: Қожағұлова Гүлнара Қалиқызы (сертификат 0308), Нұраленова Майра Сәлімжанқызы (сертификат 0315), Нұрғалық Нұрлан (сертификат 0316).

1.5. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2017 жылдың                       қаңтарынан бастап, 2017 жылдың желтоқсанын қоса алған кезең.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Өңірлік бөліністе аудиттелетін саланың, соның ішінде мемлекеттік басқарудың және (немесе) экономика саласының, әлеуметтік-экономикалық дамудың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау:

Аудитпен қамтылған мемлекеттік кәсіпорындар сала бөлінісі бойынша ауданның өсіп-өркендеуіне үлестерін қосуда, атап айтқанда бала бақшаларда балалардың білімін дамытып келеді, ветеринария саласында әр ауылдық округтарда мамандандырылған мал дәрігерлері эпизоотия ауруларын ушықтырмай адам өміріне қауіп-қатер тигізбей жұмыс атқаруда, мәдениет саласында ауданда мәдениет үйі халықтың рухани ахуалын көтеруге ауылдарда концерт және басқа да мерекелік шаралар өткізіледі, өнер мектептері мен  мектепаралық оқу-өндірістік комбинатында қосымша мамандық алып шығуда жұмыстар атқарылады.

Жергілікті атқарушы органның және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шарт талаптары толығымен орындалған, қаражат уақытында бөлініп, толығымен тиісті бағыттарға жұмсалған. Аталған квазимемлекеттік кәсіпорындар Райымбек ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып жатыр деп бағалауға болады.  

2.2. Жергілікті атқарушы органның және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шарт талаптарын орындауына және жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің,бюджетке түсетін түсімдерді алудың толықтығы мен уақытылығына, сондай ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген соманы қайтаруға, есепке жазудың дұрыстығына  жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері:

Мемлекеттік аудитпен 2017 жылдың қаңтарынан бастап, 2017 жылдың  желтоқсанын қоса алған кезеңге 2018 жылдың 04 желтоқсанынан  бастап 14  желтоқсан аралығында тексеру комиссиясының тапсырмалары бойынша 8 мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттік аудитпен қамтылды.

Райымбек ауданының мемлекеттік кәсіпорындарында аудит жүргізу барысында жалпы сомасы 546611 мың теңге қаражат қамтылып,  6 мемлекеттік кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптары бұзылғаны анықталды, оның ішінде 2 мемлекеттік кәсіпорындарында 176,7 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 4 мемлекеттік кәсіпорындарда 20 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Жергілікті атқарушы органның және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шарт талаптарын орындауына және жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің,бюджетке түсетін түсімдерді алудың толықтығы мен уақытылығына, сондай ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген соманы қайтаруға, есепке жазудың дұрыстығына аудит жүргізген нәтижелері бойынша қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді деп бағалауға болады, бірақ жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар орын алған. Бұзушылықтарды жинақтайтын болсақ  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №249 бұйрығымен бекітілген «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау туралы» қағидасының 11 тармағы сақталмай даму жоспарын уақтылы бекіту қамтамасыз етілмеген және 12 тармағы сақталмай даму жоспарын бекіткені туралы есепті мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға мемлекеттік мүлік тізіліміне уақтылы жолдау қамтамасыз етілмеген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы
№248 бұйрығымен бекітілген «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларының» 2 тармағы 7 тармақшасы талаптары сақталмай 2017 жылдың есебі мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға мемлекеттік мүлік тізіліміне уақтылы жолдау қамтамасыз етілмеген, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 тамыз №1127 қаулысының 9 тармағының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.09.2000 жылғы №1428 қаулысының  2 тармағының талаптары сақталмаған.

Осының ішінде жеке мекемелер бөлінісінде:

1. Райымбек ауданының «Текес ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Қызғалдақ» бөбекжай-балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  22.09.2000 жылғы №1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» қаулысының 2-тармақтарығының талаптары сақталмай, яғни мекеме қызметкерлері Қ.Бузаубекова 2017 жылдың қазан айында  Алматы  қаласына  іс-сапарға жіберілген. Алайда іс-сапар куәлігі өткізілседе, іс-сапарға баруға бұйрығы шығарылмаған. Осылайша 22,0 мың теңге бюджет қаржысы негізсіз жұмсалған.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» №145 Қаулысының 1 тармағының 3 тармақшасының 3 қайырмасының талаптары сақталмай кәсіпорынның іс сапар шығындарының лимиті белгіленбеген.

2. «Райымбек ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Таугүл» бөбекжай-балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушысының 27.03.2015 жылғы «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларын бекіту туралы» №249 бұйрығының 12 тармағы талабына сәйкес кәсіпорын даму жоспарын бекіткен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде электрондық есептің бірынғай есеп беру жүйесіне тізілімге енгізуге жіберуі тиіс.

Алайда кәсіпорынмен даму жоспары (1 нұсқасы) «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның электрондық есептің бірынғай есеп беру жүйесінің №60517400 растау хаттамасына сәйкес 07.11.2016 жылы жіберілген.

Кәсіпорын «Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен 35395,0 мың теңгеге 9 ақпан 2017 жылы №2 келісім шарт жасаған, ал 27 қараша 2017 жылғы №2/1 қосымша келісіммен 4300,0 мың теңгеге ұлғайтылып, 9 ақпан 2017 жылғы №2 келісім шарттың сомасы  39695,0 мың теңгені құраған.

Ал кәсіпорынмен даму жоспарына жоғарыда аталған ереженің  11, 12 тармақтарына қайшы өзгеріс жасалмаған (2 нұсқа) және сәйкесінше есеп (2 нұсқа) Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның электрондық есептің бірынғай есеп беру жүйесіне жіберілмеген.

Кәсіпорнының даму жоспарының орындалу туралы есебі Райымбек ауданы білім бөлімінің 11.04.2018 жылғы № 107 бұйрығымен бекітілген. Алайда даму жоспарының орындалу туралы есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушысының 27.03.2015 жылғы «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №248 бұйрығының 7 тармағына қайшы 31 мамыр 2018 жылы кешіктіріліп жіберілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.02.2003 жылғы «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» №145 қаулысының 1-тармағы 3-тармақшасының №талаптары сақталмай, кәсіпорнының іс-сапар шығындарының мөлшері басқару органымен белгіленбеген.

3. «Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарасаз ауылындағы өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушысының 27.03.2015 жылғы «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларын бекіту туралы» №249 бұйрығының 12 тармағы талабына сәйкес кәсіпорын даму жоспарын бекіткен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде электрондық есептің бірынғай есеп беру жүйесіне тізілімге енгізуге жіберуі тиіс.

Алайда кәсіпорынмен даму жоспары (1 нұсқасы) «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның электрондық есептің бірынғай есеп беру жүйесінің №60532344 растау хаттамасына сәйкес 21.12.2016 жылы жіберілген.

Кәсіпорын «Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен 37700,0 мың теңгеге 23 қаңтар 2017 жылы №10 келісім шарт жасаған, ал 24 қараша 2017 жылғы №10/1 қосымша келісіммен 207,0 мың теңгеге ұлғайтылып, 23 қаңтар 2017 жылғы №10 келісім шарттың сомасы  37907,0 мың теңгені құраған.

Ал кәсіпорынмен даму жоспарына жоғарыда аталған ереженің  11, 12 тармақтарына қайшы өзгеріс жасалмаған (2 нұсқа) және сәйкесінше есеп (2 нұсқа) Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның электрондық есептің бірынғай есеп беру жүйесіне жіберілмеген.

Кәсіпорнының даму жоспарының орындалу туралы есебі Райымбек ауданы білім бөлімінің 11.04.2018 жылғы № 107 бұйрығымен бекітілген. Алайда даму жоспарының орындалу туралы есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушысының 27.03.2015 жылғы «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №248 бұйрығының 7 тармағына қайшы 24 мамыр 2018 жылы кешіктіріліп жіберілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.02.2003 жылғы «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» №145 қаулысының 1-тармағы 3-тармақшасының №талаптары сақталмай, кәсіпорнының іс-сапар шығындарының мөлшері мен қызметтік автокөліктің лимиті басқару органымен белгіленбеген.

4. Райымбек ауданының «Нарынқол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекттік мекемесінің «Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушысының 27.03.2015 жылғы «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларын бекіту туралы» №249 бұйрығының 2-тарауы 11,12,13- тармақтарының талаптары сақталмай, уәкілетті органымен 25.12.2016 жылғы дейін бекітілуге және бекітілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде электрондық есептің бірынғай есеп беру жүйесіне беруге жататын кәсіпорнының 2017-2021 жылдарға арналған даму жоспары ауданның білім бөлімінің 12.10.2016 жылғы бұйрығымен бекітіліп, Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның электрондық есептің бірынғай есеп беру жүйесіне берілген туралы 07.11.2016 жылғы растау хаттамасын алған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушысының 27.03.2015 жылғы «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларын бекіту туралы» №249 бұйрығының 2-тарауы 14,15,16- тармақтарының талаптары сақталмай, даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданбаған, түзетілген даму жоспары уәкілетті органымен бекітілмеген және түзетулерді электрондық есептің бірынғай есеп беру жүйесінің операторына беру қамтамасыз етілмеген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушысының 27.03.2015 жылғы «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №248 бұйрығының 2-тарауы 7,8- тармақтарының талаптары сақталмай, уәкілетті органымен бекітілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде электрондық есептің бірынғай есеп беру жүйесіне беруге жататын кәсіпорнының 2017 жылға арналған даму жоспарының орындалуы жөніндегі есебі ауданның білім бөлімінің 11.04.2018 жылғы №107 бұйрығымен бекітіліп, «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның электрондық есептің бірынғай есеп беру жүйесіне берілген туралы растау хаттамасы тексеріске ұсынылмады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.02.2003 жылғы «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» №145 қаулысының 1-тармағы 3-тармақшасының №талаптары сақталмай, кәсіпорнының іс-сапар шығындарының мөлшері басқару органымен белгіленбеген.

5. «Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Нарынқол мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушысының 27.03.2015 жылғы «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларын бекіту туралы» №249 бұйрығының 2-тарауы 11,12,13- тармақтарының талаптары сақталмай, уәкілетті органымен 25.12.2016 жылғы дейін бекітілуге және бекітілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде электрондық есептің бірынғай есеп беру жүйесіне беруге жататын кәсіпорнының 2017-2021 жылдарға арналған даму жоспары ауданның білім бөлімінің 12.10.2016 жылғы бұйрығымен бекітіліп, Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның электрондық есептің бірынғай есеп беру жүйесіне берілген туралы 02.11.2016 жылғы растау хаттамасын алған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушысының 27.03.2015 жылғы «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларын бекіту туралы» №249 бұйрығымен бекітілген қағидаларының 2-тарауы 14,15,16- тармақтарының талаптары сақталмай, даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданбаған, түзетілген даму жоспары уәкілетті органымен бекітілмеген және түзетулерді электрондық есептің бірынғай есеп беру жүйесінің операторына беру қамтамасыз етілмеген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.02.2003 жылғы «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» №145 қаулысының 1-тармағы 3-тармақшасының №талаптары сақталмай, кәсіпорнының іс-сапар шығындарының мөлшері басқару органымен белгіленбеген.

6. Райымбек аудан әкімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ветеринариялық пунктері бар ветеринариялық станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Қазақстан Республикасы  Ұлттық Экономика министірінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы  «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №248 Бұйрығының 7-тармағының талабы бұзылып отыр, яғни бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өткізілмеген.

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 6 бабының 2 тармағы бұзылып, «Райымбек ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК-ның сыйақы төлеу туралы бұйрықтары басшылыққа алынбай, кәсіпорын қызметкері Е. Арипбаевқа алынбаған тәртіптік жазасы бола тұра 2017 жылдың мамыр айында 154,7 мың теңге сыйақы негізсіз төленген.

Қазақстан Республикасының  2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» №413-IV заңының 140-бабының  2-тармағының 1 қайырмасының талаптары сақталмай  2017-жылға Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органымен, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі белгіленіп бекітілмеген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» №145 Қаулысының 1 тармағының 3 тармақшасының 3 қайырмасының талабы сақталмай  кәсіпорынның басқару органы «Райымбек  аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі аталған нормаларды бекітпеген.

Келесі мемлекеттік аудит объектісінде бұзушылықтар анықталмады:

1. «Райымбек ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

2. «Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Текес ауылындағы балалар өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

III. Жиынтық бөлік

3.1.Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар: Тексеру комиссиясының комиссия отырысына дейін «Райымбек ауданы Текес ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Қызғалдақ» бөбекжай-балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 22,0 мың теңге жергілікті бюджет есебіне аударылды.

3.1.1. Бұзушылықтарға жол берген жауапты тұлғалар келесі бұйрықтар мен өкімдердің негізінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды:

- «Райымбек ауданы Текес ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Қызғалдақ» бөбекжай-балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

- «Райымбек ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Таугүл» бөбекжай-балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

- «Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарасаз ауылындағы өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Барлық мемлекеттік кәсіпорындарға Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптарын сақтау қажеттілігі ескертілді.

3.1.2. Бұзушылықтарға жол берген (аудитпен қамтылған кезеңде қызмет еткен) лауазымды тұлғалар жұмыстан босатылуына байланысты тәртіптік жауапкершілікке тарту мүмкіндігі келесі мемлекеттік аудит объектілері бойынша мүмкін болмады:  «Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Нарынқол мектепаралық оқу-өндірістік  комбинаты» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, «Райымбек ауданы Нарынқол ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің «Қарлығаш бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

3.2.Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:

Райымбек ауданының мемлекеттік кәсіпорындарында аудит жүргізу барысында жалпы сомасы 546611 мың теңге қаражат қамтылып,  6 мемлекеттік кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптары бұзылғаны анықталды, оның ішінде 2 мемлекеттік кәсіпорындарында 176,7 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 4 мемлекеттік кәсіпорындарда 20 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтар мекемелердің қызметкерлері өз жұмыстарына немқұрайлы қарағандықтан жол берілген.

Жалпы алғанда анықталған қаржылық және рәсімдік бұзушылықтар Райымбек ауданының  әлеуметтік-экономикалық саласына айтарлықтай әсер етпейді деп бағалауға болады.

Анықталған қаржылық және рәсімдік бұзушылықтары қолданыстағы бюджеттік және басқада заңнамалардың талаптары бұзылғаннан орын алған.

Атап айтқанда бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына, оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің талаптарынана сәйкес бюджет есебінен алынған қаражаттар бойынша 2017 жылға арналған бағыт бағдарламаларға бөлінген қаражаттар тиімді жұмсалған. Кейбір кәсіпорындарда тек Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №249 бұйрығымен бекітілген «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қағидасының 11,12 тармағы сақталмай даму жоспарын уақтылы бекіту және орнату қамтамасыз етілмеген, сонымен қатар басқару органының жіберген олқылықтарына байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» №145 Қаулысының талаптары толық сақталмаған. Аталған олқылықтар мемлекеттік аудит объектілеріне жұмысына кері әсерін тигізбеген деп қорытынды жасауға болады. Жалпы алғанда кәсіпорындар өз жұмысын тиімді атқарған деген тұжырым жасауға болады.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

Негізгі (талдамалық) бөлікте аталған мәліметтерді назарға ала отырып:

1. Райымбек ауданының мемлекеттік кәсіпорындарында жергілікті атқарушы органның және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шарт талаптарын орындауына және жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің,бюджетке түсетін түсімдерді алудың толықтығы мен уақытылығына, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген соманы қайтаруға, есепке жазудың дұрыстығына жүргізілген аудиторлық іс-шара қорытындысы бекітілсін.

2. Райымбек аудан әкімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ветеринариялық пунктері бар ветеринариялық станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны басшылығы тарапынан бюджет есебіне өндірілуге жататын 154,7 мың теңгенің өндірілуі, Қазақстан Республикасының  2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» №413-IV заңының 140-бабының  2-тармағының 1 қайырмасының талаптары сақталмай  2017-жылға Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органымен, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі белгіленіп,  бекітілуі қамтамасыз етілсін.

3. Райымбек аудан әкімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ветеринариялық пунктері бар ветеринариялық станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында бұзушылықтарға жол берген жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігі қаралсын.

3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің ЖИЫНТЫҚ ТІЗІЛІМІ   (5 парақ).

 Тексеру комиссиясының мүшесі                               Қ. Сағымбаев

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ