Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Итоги государственного аудита
Спорт қорытынды
Категория: Итоги государственного аудита | |
Дата: 04.07.2019 | |
Просмотры: 1280 | Печать страницы |
мм
Алматы облысы бойынша
тексеру комиссиясының төрағасының міндетін атқарушы Ж.Ноғайбековке
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
1.Кіріспе бөлік
Аудиторлық іс-шараның атауы:
Жергілікті бюджет қаражатын, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдалануы.
Мемлекеттік аудиттің мақсаты:
Жергілікті бюджет қаражатын, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес жұмсалуы және жергілікті атқарушы органның және квазимемлекеттік сектор субьектілерінің шарт талаптарын орындалуы.
Мемлекеттік аудиттің объектілері:
1. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
2. «Облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. «Алматы облысының Олимпиадалық резервтер дайындау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
4. №1 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
5. «Алматы облысының Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің жекпе-жек түрлері бойынша мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
6. «Облыстық футболдан мамандандырылған балалар мен жасөспірім спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
7. «Талдықорған қаласының Андрей Кивилев атындағы облыстық велоспорттан олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
8. «Текелі қаласының олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
9. «Талғар қаласындағы Андрей Кивилев атындағы велоспорт бойынша олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
10. «Алматы облысының қысқы спорт түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
11. «Ұлттық және ат спорты түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
12. «Шахматтан және үстел ойындарынын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
13. «Мүгедектерге арналған облыстық мамандандырылған спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
14. «Көгалдағы хоккейден мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
15. «Спорттың ойындық түрлері бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мен спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
16. «Гандболдан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
17. «Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат- колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
18. «Алакөл ауданының Лепсі ауылындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
19. «Талдықорған қаласының №1 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
20. «Олимп» кәсіпқой регби клубы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны.
21. «Жетісу» орталық стадионы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны.
22. «Жастар» спорт сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Мемлекеттік аудит тобының құрамы (мемлекеттік аудиторлардың сертификаттарының нөмірлерін көрсете отырып):
Топ жетекшісі – әкімшілік-құқық бөлім басшысы - мемлекеттік аудитор Кадир Асқар Кадирұлы (№1483), бөлім басшысы- мемлекеттік аудитор Қалқаев Нұрқанат Көшербайұлы (№1192), бас маман - мемлекеттік аудиторлар: Бектенова Шынар Аскенқызы (№1163), Қалдарбекова Гульвира Қуандыққызы (№0306), Муджаев Сәрсен Абдолдаұлы (№0312), Мусина Динара Жүрсінғалиқызы (№0313), Тұрсынбаев Саят Есболғанұлы (№0320), Төребеков Ғалымжан Еренұлы (№0319), Жүнісбеков Арман Мұратбекұлы (№0193), Шағжанов Жасқайрат Іңкарұлы (1354), Пирмаков Нұрман Шаметұлы (0887), Сағынбеков Шалқар Жолдыбайұлы (1297), Өтегенов Ермек Қазыбекұлы (0321), Қазақбеков Ғабит Зәкіржанұлы (1350), Искакова Гүлжанат Тәңірбергенқызы (0305).
Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:
2016 жылдың қаңтарынан бастап, 2018 жылдың желтоқсанын қоса алған кезең.
II.Негізгі (талдамалық) бөлік:
2.1. Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы және оның ведомствалық бағыныстылығындағы мекемелер мен кәсіпорындарына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына талдау жасау:
Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңде Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы және оның ведомствалық бағыныстылығындағы мекемелер мен кәсіпорындарына бюджет есебінен жергілікті деңгейде облыс көлеміндегі барлық ведомствалық бағыныстағы мекеме мен кәсіпорындары арқылы жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға 2016 жылы – 772 107,5 мың теңге, 2017 жылы – 4 728 300,5 мың теңге, 2018 жылы – 8 502 073,8 мың теңге, жалпы 14 002 481,8 мың теңге бөлініп, игерілген.
Мемлекеттік аудитпен қамтылған мекемелер мен кәсіпорындарда анықталған бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Заңнамаларының нормаларын тікелей сақтамағандықтан орын алған.
Мемлекеттік аудитте пайдаланылған көрсеткіш МӘНДІЛІК бойынша жалпы мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражаттың көлемінен анықталған бұзушылықтардың көлемі 0,02 % құрағанын ескерсек облыста жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүргізуге бөлінген қаражаттың қанағатанарлық деңгейде пайдаланған деген тұжырымға келуге болады.
2.2. Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы және оның ведомствалық бағыныстылығындағы мекемелер мен кәсіпорындарына жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері:
Мемлекеттік аудитпен 2016 жылдың қаңтарынан бастап, 2018 жылдың желтоқсанын қоса алған кезеңге 2019 жылдың 20 мамырынан 31 мамыры аралығында тексеру комиссиясының тапсырмалары бойынша 19 – коммуналдық мемлекеттік мекеме мен 3 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын мемлекеттік аудитпен қамтылды.
Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы және оның ведомствалық бағыныстылығындағы мекемелер мен кәсіпорындарында аудит жүргізу барысында жалпы сомасы 14 002 481,8 мың теңге қаражат қамтылып, 3 676,2 мың теңге қаржылық бұзушылықтар және 8 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
3 676,2 мың теңге қаржылық бұзушылықтың 2 460,2 мың теңгесі бюджетке өндірілуге жатады, мемлекеттік аудит барысында 384,7 мың теңгесі жергілікті бюджетке өндірілді, 1 216,0 мың теңге есептілік бойынша қалпына келтірілді.
Оның ішінде:
1. «Шахматтан және үстел ойындарынын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43 бабының 24 тармағының талаптарын сақтамай, мердігер «ГАЛИНА» ЖК-і өзіне қабылдаған міндеттерін мерзімінде орындамаған. Кешіктірген мерзімге тапсырыс беруші мен өнім беруші арасындағы келісім шарттың 7.3 тармағына сәйкес 0,1% көлемінде 10,7 мың теңге тұрақсыздық айыппұлы өндіріп алынбағаны анықталды.
Аудит барысында анықталған 10,7 мың теңге айыппұл жергілікті бюджет кірісіне өндірілді.
2. «Гандболдан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 22.09.2000 жылғы №1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» қаулысының 3-тармағы 7-тармақшасының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 3 тармағының 7 тармақшаларының талаптары сақталмай, 26,7 мың теңге іссапар шығындары артық төленген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 7 тармағының 1,2,7 тармақшаларының талаптары сақталмай, 10,1 мың теңгеге артық шығындалған.
Аудит барысында анықталған 36,8 мың теңге іс-сапар шығындары жергілікті бюджет есебіне өндірілді.
3. «Мүгедектерге арналған облыстық мамандандырылған спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы аумағында іссапар ережесін бекіту туралы» 2000 жылдың 22 қыркүйегіндегі №1428 қаулысы және оған кейінгі енгізілген толықтырулар мен өзгертулері талаптары бұзылып, 2018 жылы 10 қазанда мекеменің жаттықтырушы-оқытушысына 56,9 мың теңге артық есептеліп төленген.
Аудит барысында анықталған 56,9 мың теңге артық есептеліп төленген іс-сапар шығындары жергілікті бюджет есебіне өндірілді.
4. «Олимп» кәсіпқой регби клубы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 249 бұйрығымен бекітілген «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және Мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ іске асыруды мониторингілеу және бағалау» қағидаларының 12-тармағына сәйкес ұйым даму жоспары бекітілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Тізілімге енгізу үшін оны бекіту туралы есепті бірыңғай операторға жіберуге тиіс. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 54 бұйрығымен бекітілген 2017 жылға есеп ( 1 нұсқа). «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ серверіне келіп түскен электрондық есепті өңдеу нәтижелері туралы № 60553790 хабарламаға сәйкес 05.02.2017 жылы ғана жіберілген. 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 58 «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысының бұйрығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 248 бұйрығымен бекітілген «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және Мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және беру» қағидаларының 2-тармағы талаптары сақталмай «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысының 2018 жылғы 17 қаңтардағы № 07 бұйрығымен бекітілген даму жоспарының орындалуы туралы есеп «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ 5 күннен кейін Мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізу үшін бірыңғай операторға жіберілген.
5. «Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мектеп-интернат колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.09.2000 ж. № 1428 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы» Ереженің 9-тармағының талаптары бұзылып, 26,6 мың теңге артық есептеліп төленген.
Аудитпен анықталған 26,6 мың теңге қаржылық бұзушылық сомасы жергілікті бюджет есебіне өндірілді.
6. «Алакөл ауданының Лепсі ауылындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бекітілген № 393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 236-тармағы талаптарының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2010жылы № 281 бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» бұйрығының 16 тармағын № (енгізілген өзгерістер мен толықтырулар) басшылыққа алмаған. Яғни 2018 жылы қазан айында алынған - 1216 мың теңгеге өнімдер бухгалтерлік есепке негізгі құралдар ретінде қойылмаған (2360 «өзге машиналар мен жабдықтар» – стадиондардың, спорт алаңдарының және спорт жайларының жабдықтары (оның ішінде спорт снарядтары), 2383 - "Өзге негізгі құралдар", мұнда: сахналық қойылым құралдары (декорациялар, ағаш жиһаздары мен кәделік, бутафорлық заттар, театрлық және ұлттық костюмдер) бухгалтерлік есеп шоттарына аудит барысында есепке алынды.
7. «Жетісу» орталық стадионы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны:
003 «Әр түрлі спорт түрлері бойынша облыстың құрама командаларының мүшелерін дайындау және республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуы» бағдарламасы шеңберінде «Жетісу» кәсіпқой клуб командасы» қазыналық коммуналдық кәсіпорнымен «Северный Алмаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жалпы құны 66 950,2 мың теңгені құрайтын 2017 жылдың 03 қарашасында №193 келісім-шарты жасалған. Келісім-шарттың 1 тармағының 1.2 тармақшасына сәйкес ажырамас бөлігі болып табылатын сатып алынатын жұмыстардың тізбесінде (1 қосымша) көрсетілген талаптары бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі 15 қүн болып белгіленген. Мердігер кәсіпорынның қабылдап алу актісіне сәйкес тауарды қажетті мерзімнен 31 күнге кешіктіріп орындаған. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V ҚРЗ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43 бабының 24 тармағы бұзылған, тапсырыс беруші мердігерден 2 075,5 мың теңге айыппұл өндіріп алмаған.
8. «Алматы облысының Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің жекпе-жек түрлері бойынша мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 29.08.2001ж. №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағының 1 тармақшасының талабы сақталмай мекеменің әдіскері С.А.Джумабаеваға 05.12.2018 жылғы №67/1 бұйрығымен берілген ескерту түріндегі тәртіптік жазасы бола тұра, 2018 жылдың желтоқсан айында 44,7 мың теңге сыйақы төленгені анықталды және бұл сома аудит барысында жергілікті бюджет есебіне өндірілді.
9. «Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 29.08.2001ж. №1127 «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағының 1,2 тармақшасының талаптары сақталмай, 45,0 мың теңге сыйақы төленген, бұл сома аудит барысында жергілікті бюджет есебіне өндірілді.
10. «Жастар» спорт сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» №145 Қаулысының 1 тармағының 3 тармақшасының талаптары сақталмай кәсіпорынның қызметкерлерiне іссапар шығыстарын өтеу тәртiбi мен шарттары сәйкес лимиттерi және кәсіпорынның қызметтiк автомобильдерiнiң тиiстiлiк нормативтерi белгіленбеген.
11. «Талғар қаласындағы Андрей Кивилев атындағы велоспорт бойынша олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсан 2015 жылғы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 3 тармағының және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V «Еңбек кодексінің» 103 бабының талаптары бұзылып, 90,0 теңге еңбекақы артық төленген.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 29.08.2001ж. №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағының 1 тармақшасының талабы бұзылып, 19,0 мың теңге сыйақы төленген.
Аудитпен анықталған жалпы сомасы 109,0 мың теңге артық төленген еңбекақы мен сыйақы аудит барысында бюджет есебіне өндірілді.
12. «Ұлттық және ат спорты түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 29.08.2001ж. №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағының 2 тармақшасының талабы бұзылып, жалпы сомасы 32,3 мың теңге артық сыйақы төленген.
Аудитпен анықталған жалпы сомасы 32,3 мың теңге сыйақы аудит барысында бюджет есебіне өндірілді.
13. «Текелі қаласының олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» (өзгертулер мен қосымшалармен) қаулысымен бекітілген қағидаының 9 тармағының 6 тармақшаларының талаптары бұзылып, растайтын құжат тіркелмей 22,7 мың теңге іссапар шығындары артық төленгені анықталды.
Аудит барысында 22,7 мың теңге бюджет есебіне өндірілді.
Келесі мемлекеттік мекемелерде бұзушылықтар анықталмады:
1. «Алматы облысының Олимпиядалық резервтер дайындау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2. «Талдықорған қаласының №1 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3. «Спорттың ойындық түрлері бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
5. «№ 1 Олимпиадалық резертегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» қомуналдық мемлекеттік мекемесі;
6. «Алматы облысының қысқы спорт түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7. «Облыстық футболдан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8. «Көгалдағы хоккейден мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9. «Талдықорған қаласының Андрей Кивилев атындағы облыстық велоспорттан олимпиадалық резервінің мамандырылған балалар мен жасөсперімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
III. Жиынтық бөлік
Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:
Мемлекеттік аудит барысында жалпы анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасынан 384,7 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді және 1216,0 мың теңге қаржылық есептілік қалпына келтірілді, соның ішінде:
- «Шахматтан және үстел ойындарынын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 10,7 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді және жауапты тұлғаға ескерту берілді;
- «Гандболдан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 36,8 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді және жауапты тұлғаға ескерту берілді;
- «Мүгедектерге арналған облыстық мамандандырылған спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 56,9 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді және жауапты тұлғаға ескерту берілді;
- «Олимп» кәсіпқой регби клубы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнында бұзушылыққа жол берген жауапты тұлғаға ескерту берілді;
- «Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мектеп-интернат колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 26,6 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді және жауапты тұлғаға ескерту берілді;
- «Алматы облысының Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің жекпе-жек түрлері бойынша мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 44,7 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді және жауапты тұлғаға сөгіс берілді;
- «Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 45,0 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді және жауапты тұлғаға ескерту берілді;
- «Талғар қаласындағы Андрей Кивилев атындағы велоспорт бойынша олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 109,0 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді және жауапты тұлғаға сөгіс берілді;
- «Ұлттық және ат спорты түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 32,3 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді және жауапты тұлғаға ескерту берілді;
- «Текелі қаласының олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 22,7 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді және жауапты тұлғаға ескерту берілді;
- «Алакөл ауданының Лепсі ауылындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1216,0 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды және жауапты тұлғаға ескерту берілді.
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң «Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» мемлекеттік мекемесіне 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің» тиісті баптарымен әкімшілік жаза қолдану мақсатында «Жетісу» орталық стадионы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына және «Алакөл ауданының Лепсі ауылындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүргізілген аудит материалдары жолданды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:
Жергілікті бюджет қаражатын, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес жұмсалуы және жергілікті атқарушы органның және квазимемлекеттік сектор субьектілерінің шартталаптарын орындауы бойынша сәйкестік аудитімен «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» бойынша 19 – коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен 3 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары бойынша 14 002 481,8 мың теңге қаражат қамтылып, 10 – коммуналдық мемлекеттік мекемелері мен 3 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарында жалпы сомасы 3676,2 мың теңге көлемінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзушылықтарына жол берілгені анықталды, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 3 676,2 мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны – 8 бірлік.
Анықталған барлық бұзушылықтар 3676,2 мың теңгенің 2460,2 мың теңгесі бюджетке қайтаруға жатады, мемлекеттік аудит барысында 384,7 мың теңгесі бюджетке құйдырылды, 1216,0 мың теңге есептілік бойынша қалпына келтірілді.
Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражатты игеруге қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол толық жеткізілмеген және жекелеген мемемелер бойынша, барынша пайдалы нәтиже алу көрсеткіштері толық орындалмаған. Анықталған қаржылық және рәсімдік бұзушылықтары қолданыстағы бюджеттік және басқада заңнамалардың талаптары бұзылғаннан орын алған.
Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:
Негізгі (талдамалық) бөлікте аталған мәліметтерді назарға ала отырып:
1. Мемлекеттік аудит іс-шараның қорытындысы Тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.
2. «Жастар» спорт сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы №145 «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қаулысына сәйкем кәсіпорынның қызметкерлерiне іссапар шығыстарын өтеу тәртiбi мен шарттары сәйкес лимиттерi және кәсіпорынның қызметтiк автомобильдерiнiң тиiстiлiк нормативтерi белгіленуі және «Жетісу» орталық стадионы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында (С.М. Мұқанов) 2075,5 мың теңгенің жергілікті бюджет есебіне өндірілуі бойынша Тексеру комиссиясының Нұсқамалары ұсынылсын.
Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (10 парақ).
Тексеру комиссиясының мүшесі Қ.Сағымбаев