Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Новости

Сенбілік – тазалық кепілі

Категория: Новости
Дата: 04.04.2024
Просмотры: 33 Печать страницы
Сенбілік – тазалық кепілі

Сенбілік – тазалық кепілі

 

          «Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қор­шаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының аппараты бүгінгі сенбілікте ерекше белсенділік танытты.
Арна ауылының шырайын шұғылалы ету мақсатында көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу жұмыстары жүйелі жүргізілді. Сенбілік – бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбір­шілікті көрсететін керемет шара. Аталған шара ұжымның табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалып­тастыруға және ауылдың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды. Қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген Тексеру комиссиясының аппараты «Ауыл тазалығы – баршамызға ортақ» деген ұранды ұстанып, ұйымшылдықпен сенбілікке шықты.
Сенбілік – халықты игілікті іске шақыру. Сенбіліктің мақсаты тазалық қана емес, бірлік, еңбек пен салауат, қоршаған ортаны аялау сынды қоғамды ізгілікке бастайтын құндылықтарды қамтитыны белгілі.

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ