Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Новости

Пресс релиз Талдыкорган

Категория: Новости
Дата: 17.04.2019
Просмотры: 1445 Печать страницы

Алматы  облысы  бойынша  тексеру комиссиясының 2018жылғы  Талдықорған қаласы  бойынша  жергілікті бюджетінің атқарылуы  туралы (Жергілікті  атқарушы   органның  есебіне  қорытынды) есебініңіске асырылу мәселесі  бойынша

 

 

Пресс релиз

 

          Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес,  Талдықорған қаласына жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалануға және мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығына  2019 жылдың 19 ақпанынан 19 наурыз аралығында мемлекеттік аудит жүргізілді. Аталған аудиторлық іс-шарамен Талдықорған қаласы бойынша 8 мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік аудит жүргізіліп, 2016 жылдың наурызынан бастап 2018 жылдың желтоқсаны аралығы кезең қамтылды.

          Мемлекеттік аудит барысында аталған 8 мемлекеттік мекеменің 7-де  Қазақстан Республикасының Бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзушылықтарына жол берілгені анықталды.

           Аудитпен Талдықорған қаласы бойынша жалпы сомасы                            29 021 371,8  мың теңге қаражат қамтылып, (соның ішінде 2016 жылы – 29437,0 мың теңге, 2017 жылы – 1274127,0 мың теңге, 2018 жылы – 27717807,8 мың теңге), 4 218 021,2 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптары бұзылғаны анықталды, оның ішінде бюджетке қаржылық бұзушылықтар – 4 204 225,3 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы 13 795,9 мың теңге. Мемлекеттік аудит барысында жалпы анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасынан 11 097,5 мың теңге жергілікті бюджет есебіне қайтарылды, бухгалтерлік есеп бойынша 4 164 932,6 мың теңгеге қалпына келтірулер жасалды. Бюджетке қайтаруға 28 195,2 мың теңге және қалпына келтіруге 1 512,9 мың теңге жатады.

           Сонымен қатар, 29 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

           Қала бойынша негізгі орын алған кемшіліктерге тоқталатын болсақ, олар:

 «Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша  жалпы сомасы  2254,7 мың теңгеге қаржылық және 2 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталған.

 

  • Талдықорған қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 96,4 мың теңге қаржылық бұзушылық анықталған.

           

  • Талдықорған қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2 рәсімдік сипаттағы бұзушылық анықталған.

 

          «Талдықорған қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 8 тармақ жалпы 4 179 676,9 мың теңгеге бұзушылықтар, оның ішінде: 4522,4 мың теңге өтелуге, 4 161 358,6 мың теңге қалпына келтіруге және  13 795,9 мың теңге қаражат тиімсіз пайдаланылғаны анықталған.

        

          «Талдықорған каласының құрылыс  бөлімі» мемлекеттік мекемесі: бойынша 17 тармақ  жалпы 23 683,4 мың теңгеге қаржылық және 6 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталған.

 

         «Талдықорған қаласының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша жалпы сомасы 8505830,5 мың теңге қаражат қамтылып, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптары бұзылып 3225,8 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, соның ішінде 1512,9 мың теңге - қалпына келтіруге,  1712,9 мың теңге - жергілікті бюджет есебіне қайтаруға жататыны анықталған.  Сонымен қатар, 17 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталған.

 

        «Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» мемлекеттік мекемесіне 4 мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» тиісті баптарымен әкімшілік жаза қолдану мақсатында материалдар жіберілді.

«Алматы облысының «Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне «Талдықорған қаласының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша материалдар жіберілді.

        «Талдықорған қаласының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша аудит материалдарын процессуалдық шешім қабылдау мақсатында құқық қорғау органдарына жолданады.

        Аудит барысында бұзушылықтарға жол берген 1 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ