Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Аудиторлық қорытынды Ішкі саясат басқармасы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 20.02.2020
Просмотры: 336 Печать страницы

 

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

1.Кіріспе бөлік

Аудиторлық іс-шараның атауы:

Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы.

Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуына аудит жүргізу.

«Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Мемлекеттік аудит тобының құрамы (мемлекеттік аудиторлардың сертификаттарының нөмірлерін көрсете отырып):

Топ жетекшісі – бас маман - мемлекеттік аудитор Мусина Динара Жүрсінғалиқызы, 2016 жылғы 05 желтоқсандағы № 0313 сертификаты, бас маман – мемлекеттік аудитор Темірбаева Мереке Нығметтоллақызы, 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 1287 сертификаты және жетекші маман – мемлекеттік аудитор ассистенті Нұрғожаев Марс Батырханұлы.

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:

2018 жылдың қаңтарынан бастап, 2019 жылдың  желтоқсанын қоса алған кезең.

II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатының атқарылуына талдау жасау:

Мемлекеттік аудитпен «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жергілікті бюджет есебінен бөлінген 3 342 840,9 мың теңге қаражат қамтылды, оның ішінде тексерілетін жылдар   бөлінісінде: 2017 жылы – 1 566 478,7 мың теңге, 2018 жылы – 1 776 362,2 мың теңге.

Мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігін ескере отырып, келесідей мәнділік деңгейі айқындалды: аудит жүргізу барысында нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкессіздігі, бұзушылықтар анықталмады.

2.2. «Алматы облысының энергетика және үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері:

Мемлекеттік аудитпен 2018 жылдың қаңтарынан бастап, 2019 жылдың  желтоқсанын қоса алған кезең қамтылып, 2020 жылдың 14 қаңтарынан басталып, 31 қаңтарында аяқталды.

Аудитпен жалпы   сомасы   3 342 840,9   мың   теңге мың теңге қаражат қамтылып, бұзушылықтар анықталмады.

Осы аудитпен «Байтақ Болашақ» экологиялық одақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы бойынша филиалының өтінішінде көрсетілген 2019 жылы бюджет қаражаты есебінен әртүрлі іс-шаралар және той өткізу ықтималдығы фактілері қосымша қаралды.

2019 жылға 001 «Мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы, 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы, 155 «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігі бойынша төленген міндеттемелердің жалпы сомасы 62 593,0 мың теңгені құраған.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес өткізілген мемлекеттік сатып алулардың қорытындыларымен анықталған «Мүшелтой» балалар – жасөспірімдер клубы» қоғамдық бірлестігі, «Алакөл әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Катализатор Прогресса» жеке қоры, «Алматы облысының студенттер одағы» жастар қоғамдық бірлестігі, «Алматы облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігімен келісім шарттар жасалып, келісім шарттарға сәйкес көрсетілген қызметтердің актілерімен қаржы аударулар жасалған.

Аталған ұйымдар келісім шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған, көрсеткен қызметтері бойынша қорытынды шығармашылық есептерін тапсырыс беруші «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне тапсырған.

Келесі мемлекеттік мекемелерде бұзушылықтар анықталмады:

III. Жиынтық бөлік

Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Мемлекеттік аудит барысында шаралар қабылданған жоқ.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:

Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сай пайдаланылуы бойынша сәйкестік аудитімен  «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінде нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкессіздігі, бұзушылықтар анықталмады.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

Негізгі (талдамалық) бөлікте аталған мәліметтерді назарға ала отырып:

1. Мемлекеттік аудит іс-шараның қорытындысы Тексеру  комиссиясының отырысында қаралсын.

 

Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар  мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (3 парақ).

 

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                       Қ. Манамұратов

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ