Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Аудиторлық қорытынды Райымбек ауданы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 05.10.2020
Просмотры: 475 Печать страницы

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлықіс-шараныңатауы:Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы және өңірлердегі жеке тұрғын үй құрылысының және су ресурстарын басқарудың және халықтың ауыз суға қол жеткізуінің тиімділік аудиті.

1.2. Мемлекеттікаудиттіңмақсаты:Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы, өңірлердегі жеке тұрғын үй құрылысының және су ресурстарын басқарудың және халықтың ауыз суға қол жеткізуіне аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1. «Райымбек  ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

2. «Райымбек аудандық мәслихаттың аппараты»  мемлекеттік мекемесі;

3. «Райымбек ауданының «экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

4. «Райымбек аудандық қаржы бөлімі»  мемлекеттік мекемесі;

5. «Райымбек ауданының «құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

6. «Райымбек ауданының әкімдігінің «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

7. «Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

8. «Райымбек ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

9. «Райымбек ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

10. «Райымбек ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі»  мемлекеттік мекемесі;

11.«Райымбек ауданының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

12. «Райымбек ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

13. «Райымбек  ауданының кәсіпкерлік бөлімі»  мемлекеттік мекемесі;

14. «Райымбек ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

15. «Райымбек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

16. «Райымбек аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

17. «Райымбек ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Райымбек аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

18. «Райымбек ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

19. «Райымбек ауданы әкімдігінің «Тегістік ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

20. «Райымбек ауданы әкімдігінің «Шалкөде ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

21. «Райымбек ауданы әкімдігінің «Текес ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі;

22. «Райымбек ауданы әкімдігінің Ұзақ батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

23. «Райымбек  ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесі;

24. «Райымбек ауданының «Сумбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

25. «Райымбек ауданының «Сарыжаз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

26. «Райымбек ауданы ауданы әкімдігінің «Қақпақ ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі;

27. «Райымбек ауданы ауданы әкімдігінің «Нарынқол ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі;

28. «Райымбек ауданы ауданы әкімдігінің «Қарасаз ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі;

29.«Райымбек ауданының «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

30. «Райымбек ауданының «Қайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2020 жылдың  30маусым аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау

Мемлекеттік аудитпен Райымбек ауданында жергілікті бюджет есебінен аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілері арқылы бөлінген 17 989 570,9мың теңгеқаражат қамтылды. Мемлекеттік аудит барысында жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың бюджет қаражатын пайдаланғанда бұзушылықтардың барлығы Қазақстан Республикасының Заңнамаларының нормаларын тікелей сақтамағандықтан орын алған, олардың басым бөлігі еңбек ақы, сыйақы, салық салу, мемлекеттік мекемелер бекітілген лимиттер және іс-сапар шығындары бойынша қабылданған заңнамалар бойынша.

Мемлекеттік аудитте пайдаланылған көрсеткіш МӘНДІЛІК бойынша жалпы мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражаттың көлемінен анықталған бұзушылықтардың көлемі 3,5% құрағанын ескерсек ауданға жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты жүргізуге бөлінген қаражат қанағатанарлық деңгейде пайдаланылған деген тұжырымға келуге болады.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері

Мемлекеттік аудитпен 2018 жылдың қаңтарынан бастап2020 жылдың  маусымын қоса алған кезеңге 2020 жылдың 03 маусымынан19 маусымы аралығында тексеру комиссиясының тапсырмалары бойынша 30 мемлекеттік мекемелер қамтылды.

Райымбекауданының мемлекеттік мекемелерінде аудит жүргізу барысында жалпы сомасы 17 989570,9мың теңге мың теңге қаражат қамтылып, 625152,8мыңтеңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптары бұзылғаны анықталды,оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 509232,8 мың теңге,тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы 115 920,0 мың теңге. Осылармен қатар рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны –10 бірлікті құрады.

Жалпы  анықталған 509232,8мың теңге қаржылық бұзушылықтардың 506342,0 мың теңгесіне қалпына келтірулер жасалуы тиіс, 2890,8мың теңгесі жергілікті бюджет есебіне өндірілуі тиіс, мемлекеттік аудит барысында 491342,0мың теңгеге есептілік бойынша қалпына келтірулер жасалды, 1004,4мың теңгежергілікті бюджет есебіне өндірілді.

Оның ішінде жеке мекемелер бөлінісінде:

1. «Райымбек  ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Мекемеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесінің» 4 тармағы бұзылып, алынбаған тәртіптік жазалары бола тұра төмендегі қызметкерлерге жалпы сомасы 450843 теңге сыйақы төленген.

Іссапар шығындарын өтеуде ішінара бұзушылықтар орын алған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы аумағында іссапар ережесін бекіту туралы» 2000 жылдың 22 қыркүйегіндегі №1428 қаулысының 2 тармағы талаптарына қайшы мекеме жүргізушісі Б.К. Акымжанов 22.02.2018 ж. №14 бұйрық бойынша Талдықорған қаласына 22-23 ақпан 2018 жылы 2 күнге іссапарға жіберілген. Алайда аванстық есеп бойынша сөткелік ақы 1 күнге 4810 теңгеге, пәтер ақы 1 күнге 2405 теңгеге, барлығы 7219 теңге артық есептеліп төленген.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидасының 236-тармағы талаптары және  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен 15.06.2010 жылы бекітілген №281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» қағидасының 16 тармағының талаптары бұзылып, Алматы облысы әкімінің 19.04.2018 ж. №182 «Жылжымайтын мүлік нысандарын республикалық мешіктен Алматы облысы Райымбек ауданының коммуналдық меншігіне қабылдап алу туралы» қаулысына сай «Райымбек ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылдық округі, Нарынқол ауылы, Нұрқасым Жанайұлы көшесі, 23-үй мекенжайы бойынша жылжымайтын мүлік нысандарын қабылдап алу тапсырылған. Алайда осы уақытқа дейін аталған мүліктер «Райымбек ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне алынбаған.

2. Райымбек ауданының «Нарынқол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидасының 236-тармағы талаптары және  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен 15.06.2010 жылы бекітілген №281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» қағидасының 16 тармағының талаптары бұзылып, 2019 жылы «Нұр-Шапағат-Проект» ЖШСімендайындалып, өткізілген «Нарынқол ауылы көшелерін аббатандыру жұмыстарына жобалау сметалық құжаттары» 15000,0 мың теңге сомасымен осы уақытқа дейін Райымбек ауданының «Нарынқол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне алынбаған.

3. «Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген «Қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының» 3-тармағының 2-тармақшасы бұзыла отырып, 2019 жыл кезеңінде 5-15а нысанындағы ақша алушылардың тиісті шоттарына жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірмеге сәйкес мемлекеттік мекеменің басшысы мен қызметкерлеріне тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстар жалпы сомасы 189700 теңге негізсіз өтелген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларының 9,10-тармақтары бұзыла отырып, 2019 жыл кезеңінде 5-15а нысанындағы ақша алушылардың тиісті шоттарына жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірмелерге сәйкес жалпы сомасы 273288 теңге сыйлықақылар негізсіз төленген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №381 қаулысымен бекітілген патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға бөлінген ақшалай қаражатты төлеуді жүзеге асыру қағидаларының 2-тармағының 6-тармақшасы және ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №312 қаулысы талаптарына қайшы патронат тәрбиеші Г.К. Асановаға 2019 жылғы 10 маусымдағы №4645751/19-918 төлем шотына сәйкес 118 күнге төлеу мерзімі бұзыла отырып ақшалай қаражат төленген, ал патронат тәрбиешілерге бөлінген ақшалай қаражатты тағайындау туралы шешім 2019 жылғы 4 наурызда шығарылған.

«Алматы облысы, Райымбек ауданының Тегістік ауылындағы  «М. Мақатаев атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектепті күрделі жөндеу» жобасы бойынша  техникалық қадағалауды жүзеге асыруға шарт жасалмаған.

Мекемеде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №312 бұйрығымен бекітілген негізгі құралдар теңгерімін жасау және оның көрсеткіштерін есептеу әдістемесінің 36, 37 және 38-тармақтарын бұза отырып, Райымбек ауданының Қақпақ ауылындағы Жәменке орта мектебінің ғимаратына 197 640,0 мың теңге сомасына жүргізілген күрделі жөндеу құны 2019 жылғы қаржылық есептілікте көрсетілмеген.

4. «Райымбек ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

2018 жылы мекемемен «Талгар Земельный проект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында 006 Аудандардың, облыстық маңызы бар, кенттердің , ауылдардың, ауылдық округтердің  шекарасын белгілеу бағдарламасы негізінде Кеген және Райымбек аудан орталықтарының шекарасын бөлуге 2018 жылдың 18 маусым айында №1 келісімшарты жалпы соммасы 60000,0 мың теңгеге жасалынған орындалған жұмыстар актісі негізінде қабылданған.

2018 жылы мекемемен «Талгар Земельный проект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында 006 Аудандардың, облыстық маңызы бар, кенттердің , ауылдардың, ауылдық округтердің  шекарасын белгілеу бағдарламасы негізінде Кеген және Райымбек аудан орталықтарының шекарасын бөлуге контурлық жоспар және карта жасауға 2018 жылдың 15 қазан айында №2 келісімшарты жалпы соммасы 39500,0 мың теңгеге жасалынған орындалған жұмыстар актісі негізінде қабылданған.

2018 жылы Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпарациясы комерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиялымен 006 Аудандардың, облыстық маңызы бар, кенттердің , ауылдардың, ауылдық округтердің  шекарасын белгілеу бағдарламасы негізінде Кеген және Райымбек аудан орталықтарының шекарасын бөлуге контурлық жоспар және жер пайдаланушылардың жеріне құжаттық тугендеуге 2018 жылдың 15 қазан айында №3 келісімшарты жалпы соммасы 25975,0 мың теңгеге жасалынған орындалған жұмыстар актісі негізінде қабылданған.

Жоғарыда аталған жалпы соммасы 125475,0 мың теңге мекеменің  балансына алынбаған.Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 242 және 243-тармақтарының талаптары және  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2010 жылы бекітілген № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» 16 тармағы толық сақталынбаған.

5. Райымбек ауданының «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

«045»-«Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде «Алматы облысы Райымбек ауданындағы Нарынкол ауылындағы сужібергіш құбырларды күрделі жөндеу» нысаны күрделі жөндеу жұмыстарына жататынына қарамастан Мекемемен 2018 жылға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге және 2019 жылға құрылыс-монтаж жұмыстарына шығыстарды жоспарлау кезінде «159» «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойыншабюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органга бюджеттік өтінімдер ұсынылған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң бұйрығымен бекітілген 24.11.2014 жылғы №511 «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының» 41 тармағының талаптары орындалмай  421, ерекшелiгі бойынша міндетті тәртіпте есептеулердi ұсыну кезiнде мемлекеттік мекемелер жобалау-сметалық құжаттамаға және жұмыстардың (қызметтердiң) құнын негiздейтiн құжаттарға мемлекеттiк сараптаманың немесе кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысын ұсыну қажет, алайда жоғарыда аталған нысанның жобасына қорытынды 06.05.2019 жылы шыққандықтан,«159» «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігінен жоспарланып шығысталған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  ережесінің» 9- бөлімінің 243, 272 тармақтарының№ талаптары сақталмаған, барлығы 17 261,9мың теңгесомасында,оның ішінде жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау және мемлекеттік сараптама қорытындысын алу шығындарыМекеменіңтеңгеріміне алынбаған, яғни бухгалтерлік есепте көрсетiлуге жататын деректерi толық көрсетілмей, бухгалтерлік есебі әдістерін бұза отырып жүргізілген.

«Құрылыс Жоба Сараптама» ЖШС-мен берілген қорытындысы бойынша жұмыс жобасының атауы «Алматы облысы Райымбек ауданындағы Нарынкол ауылындағы сужібергіш құбырларды күрделі жөндеу» болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 18.09.2014 жылғы «Қазақстан Республикасының Біріңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері»№403 бұйрығына сәйкес бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша «Жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, беру қоңдырғыларын күрделі жөндеу» «421» ерекшеліктен сыныпталады. Алайда, жоғарыда аталған нысан «159» «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу»ерекшелігінен сыныпталған, яғни төлемнің мақсаты бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасына сәйкес келмейді.

Мекеме тарапынан «Асыл Жас» ЖШС-не құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың 30 қыркүйегі екендігі және келісім-шарттың 8.3 тармағына сәйкес мердігер алынған міндеттемелерін орындалмаған жағдайда орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын ұстап қалу туралы 24.09.2020 жылғы №83-15-83/8 хабарламасы  жіберілген.

Аталған нысан бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама (талон) 2019 жылдың 19 тамызында берілген.  

Алайда, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 17 бабы 1 тармағының 5) тармақшасының және 68 бабы 12 тармағының талаптары орындалмай "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарды хабардар етпей құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргiзілген, яғни, құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуы қолданыстағы заңнамада қарастырылған мерзімнен бұрын басталып, Мекемемен 25.07.2019 жылғы орындалған жұмыстар актісі (Форма КС-2, КС-3)негізінде 18000,5 мың теңге аударылған.

6. Райымбек ауданының «Кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Іс-сапар шығындарын өтеуде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы аумағында іс-сапар ережесін бекіту туралы» 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысының 3 тармақтың 1 тармақшысының талабы бұзылып, 2018 жылдың 4 желтоқсанда №432-Ө-ж/қ өкіміне сәйкес 12025 теңге іссапар шығындары, дұрыс емес өтеліп берілген, яғни іссапарда жүрген әрбiр күнi үшiн екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде тәулiкақы төленедi, бірақта жоғардағы өкіміне сәйкес іс-сапар 2018 жылғы 4-6 желтоқсан аралығында жіберілген, яғни іссапар 3 күнді құрайды, ол үшін 6 айлық есептік көрсеткіш төленуі тиіс болған.

7. «Райымбек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Нарынқол ауылындағы орналасқан жаңадан салынған 20 жалгерлік тұрғын үй бойынша Қазақстан РеспубликасыҰлттық экономика министрінің 2015 жылдың 17 наурыздағы №212«Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға(жалға беру) беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Ережесінің 54 тармағы сақталмай, 2020 жылдың  30 маусымына 20 жалға алушылармен жалгерлік үйлердің айлық төлемдері жалпы сомасы 1437,6 мың теңге жергілікті бюджет есебіне төленбеген.

«Алматы облысы Райымбек ауданы Қақпақ ауылының ауыз сумен жүйесінің құрылысы мен  қайта жаңғырту» жұмыс жобасына авторлық  қадағалауға» «Райымбек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі мен орындаушы «Сұлутөр» ЖШС-і арасында 20.04.2018 жылғы №11 келісім-шарты жалпы сомасы 685,9 мың теңгеге жасалған. Алайда Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2014 жылдың 4 желтоқсандағы №540 «Бюджеттің атқарылуы және оған қассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген ереженің 168 тармағы сақталмай авторлық  қадағалауға қаралған 685,9 мың теңге, 2018 жылы толықтай төленіп жіберілген.

«Алматы облысы Райымбек ауданы Қақпақ ауылының ауыз сумен жүйесінің құрылысы мен  қайта жаңғырту» жұмыс жобасына техникалық қадағалауға» «Райымбек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі мен орындаушы «УКС» ЖШС-і арасында 20.04.2018 ж. №12келісім-шартыжалпы сомасы  4633,0 мың теңгегежасалған. Алайда Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2014 жылдың 4 желтоқсандағы №540 «Бюджеттің атқарылуы және оған қассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген ереженің 168 тармағы сақталмай авторлық  қадағалауға қаралған 4633,0 мың теңге, 2018 жылы толықтай төленіп жіберілген.

2019 жылы «Қақпак ауылының сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген 342160,0 мың теңгеге тікелей және түпілікті көрсеткішке жетілмеген, Қазақстан Республикасының 04.12.2008 жылғы №95-IV Бюджет кодексінің 46 бабының 6тармағының талабы сақталмаған.

8. «Райымбек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Аудиторлық іс-шара жүргізу барысында 2018 жылдың мемлекеттік органның қызметін іске асыруға бөлінген бюджеттік қаражаттың жоспарлауы мен орындалуының негізділігінің заңдылықтарын сақтауда 001 бағдарлама бойынша 28,0 мың теңге сонын ішінде: 161 ерекшелігі бойынша негізсіз iссапарлар шығындары төленіп,бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылдың 11 мамырдағы №256  қаулысымен бектілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары»-ның  2-1 тармақшасының талаптарының бұзылуына әкеліп отыр.

Мекеме 2018 жылдың 17 шілдеде ЖК «Елжас»-пен 100,0 мың теңгеге 014 бағдарламамен «диспенсер» сатып алу үшін №79 келісім-шартқа отырған. 2018 жылдың  17 шілдеде  мердігер №6 накладноймен тауарды әкеліп қойған.  Алайда ұзақ мерзімді активтерге жататын «диспенсер»-лер 2383 шотына есепке алынбай, 1316 шотына қорларға жатқызылып есепке алынған. Бұл «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»  Ережесінің 243,244-тармақтарының талаптарына қайшы келеді.

Аудиторлық іс-шара жүргізу барысында 2018 жылдың қаржылық есептілігінің жасалуы мен тапсырылуының анықтылығы заңдылықтарын сақтауда мемлекеттік мекеменің қаржылық есептілікке жауапты тұлғасы бас маман-есепші Ф.Ысқақованың тарапынан 014 бағдарлама бойынша 150,0 мың теңге сонын ішінде: 159 ерекшелігі бойынша ұзақ мерзімді активтерге жататын 6 «стенд»-тер  2370 шотына есепке алынбай, бірден 7140 шотымен шыңысталған анықталды. Бұл «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»  Ережесінің 236-тармағының талаптарының бұзылуына әкеліп отыр.

Жеткізілген негізгі құрал жүкқұжаттарымен расталған, ақысы толық төленген.         Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал құралдарының жеткізілуінің және нақты бар болуының анықтығы бақылау өлшемін жүргізу арқылы расталды. Сонымен қатар жоғарыдағы 28,0 мың теңгенің 2 «мадемі» 1316 шотына қорларға жатқызылып есепке алынған. Мекеме 2018 жылдың  24 мамырда ЖК «Балжан»-пен 28,0 мың теңгеге 021 бағдарламамен «мадем» сатып алу үшін №64 келісім-шартқа отырған. 2018 жылдың  25 мамырда мердігер №20 накладноймен тауарды әкеліп қойған.  Алайда ұзақ мерзімді активтерге жататын «мадем»-лер 2360 шотына есепке алынбай, 1316 шотына қорларға жатқызылып есепке көрсетілген. Бұл «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»  Ережесінің 243,244-тармақтарының талаптарына қайшы келеді.

9.Райымбек ауданының «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

2020 жылдың 30 қаңтарында ЖШС «УКС» мен 8 939,0 мың теңгеге Нарынқол ауылына 83 жеке тұрғын үйдің құрылысын  (1 этап 15 үй) техникалық қадағалау қызметіне №72  келісім шартқа отырып, 5 500,0 мың теңге төленген. Алайда Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Заңының Рұқсат және хабарламалар туралы 46 бабының және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 17 бабының 1 тармағының 5) тармақшасының және 68 бабының 12 тармақтарының талаптары және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» бұйрығының 6 тармағының талаптары сақталмай, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабар беруге және сондай-ақ хабарламада толтыру үшін сол туралы ақпарат міндетті болып табылады. Алайда, «Райымбек ауданының  құрылыс бөлімі» ММ-ң басшысы М.Тилепбердиев тарапынан мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарының құрылыс монтаж жұмыстарының басталу туралы хабарламасыз құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзген.

2020 жылдың 03 ақпанда ЖШС «ЭЛМ» мен 4 363,9 мың теңгеге Нарынқол ауылына 83 жеке тұрғын үйдің құрылысын  (2 этап 18 үй) авторлық қадағалау қызметіне №78  келісім шартқа отырып, 4 100,0 мың теңге төленген. Алайда Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Заңының Рұқсат және хабарламалар туралы 46 бабының және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 17 бабының 1 тармағының 5) тармақшасының және 68 бабының 12 тармақтарының талаптары және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» бұйрығының 6 тармағының талаптары сақталмай, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабар беруге және сондай-ақ хабарламада толтыру үшін сол туралы ақпарат міндетті болып табылады. Алайда, «Райымбек ауданының  құрылыс бөлімі» ММ-ң басшысы М.Тилепбердиев тарапынан мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарының құрылыс монтаж жұмыстарының басталу туралы хабарламасыз құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзген.

2020 жылдың 06 мамырында ЖШС «Музтау» мен 3 888,0 мың теңгеге Нарынқол ауылына мемлекеттік қызметкерлерге 4 қызметтік тұрғын үй құрылысына техникалық қадағалау қызметіне  №29 негізгі  келісім шартқа отырып, 2 436,0 мың теңге төленген. Нысанды пайдалануға берілетін мерзімі 22.10.2020 жыл. АлайдаҚазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Заңының Рұқсат және хабарламалар туралы 46 бабының және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 17 бабының 1 тармағының 5) тармақшасының және 68 бабының 12 тармақтарының талаптары және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» бұйрығының 6 тармағының талаптары сақталмай, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабар беруге және сондай-ақ хабарламада толтыру үшін сол туралы ақпарат міндетті болып табылады. Алайда, «Райымбек ауданының  құрылыс бөлімі» ММ-ң басшысы М.Тилепбердиев тарапынан мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарының құрылыс монтаж жұмыстарының басталу туралы хабарламасыз құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзген.

2020 жылдың 06 мамырында ЖШС «Музтау» мен 2 640,6 мың теңгеге Алматы облысы, Райымбек ауданы Нарынкол ауылынандағы ҰҚК қызметкерлеріне арналған төрт қызметтік тұрғын үй құрылысына техникалық қадағалау қызметіне  №30 негізгі  келісім шартқа отырып, 1 500,0 мың теңге төленген. Келісім шарттың орындалу мерзімі 2020 жылдың 23 қазан. АлайдаҚазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Заңының Рұқсат және хабарламалар туралы 46 бабының және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 17 бабының 1 тармағының 5) тармақшасының және 68 бабының 12 тармақтарының талаптары және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» бұйрығының 6 тармағының талаптары сақталмай, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабар беруге және сондай-ақ хабарламада толтыру үшін сол туралы ақпарат міндетті болып табылады. Алайда, «Райымбек ауданының  құрылыс бөлімі» ММ-ң басшысы М.Тилепбердиев тарапынан мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарының құрылыс монтаж жұмыстарының басталу туралы хабарламасыз құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзген.

2018 жылдың 8 маусымында ЖШС «УКС» пен 4 455,3 мың теңгеге (УПП) құрылысы (с.Жамбыл, с.Карасаз, с.Сумбе, с.Кайнар, с.Нарынқол, с.Текес, с.Какпак,  с.Сарыбастау,) құрылысы салуға техникалық қадағалау қызметіне №[111240019914/180013/10] келісім шартқа жасалып, 4 455,3 мың теңге игерілген. Алайда Қазақстан Республикасының 04.12.2008 жылғы №95-IV Бюджет Кодексінің 18-тарауы 95- бабы1-тармағының талаптарысақталмай, Қызметтік тұрғын үймен қосарланған учаскелік полиция пунктері (а.Жамбыл, а.Сумбе, а.Нарынқол, а.Какпак, а.Сарыбастау, а. Карасаз) ауылдарында бүгінгі күнге дейін учаскелік полиция қызметкерлерімен қамтамасыз етілмей  бюджеттік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне, негізгі және соңғы нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілмей, жұмсалған шығындары- 115920,0 мың теңгесомасында тиімсіз пайдаланған болып саналады.

10. «Райымбек аудандық кітапханасы» коммуналдық мемелекеттік мекемесі:

2018 жылдың 25 қыркүйегінде«Райымбек аудандық кітапханасы» коммуналдық мемелекеттік мекемесінің» директоры И.Ахметованың жеке есеп шотына  06 бағдарламаның 161 ерекшелігі бойынша нақты іссапар шығындарына басшының бұйрығысыз және аванстық есепсіз 25240 теңге  төленген. Сонымен қатар  кітапханашы С.Кемекованың жеке есеп шотына  06 бағдарламаның 161 ерекшелігі бойынша нақты іссапар шығындарына басшының бұйрығысыз және аванстық есепсіз 4760 теңге, барлығы 30000 теңгеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйегіндегі №1428 «Қазақстан Республикасы аумағында іссапар ережесін бекіту туралы» (кейінгі толықтырулар мен өзгертулер енгізілген) қаулысының  2, 5 тармағының  талаптары сақталмай төленген.

11. Райымбек ауданының «Қайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 29.08.2001ж. №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағының 3 тармақшасының талабы бұзылып, аудит барысында 2019 жылдың мамыр айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы тексеру нәтижесіз сынақта жүрген мекеменің бас маманыА.Қанатқызына 34951 теңге негізсіз  сыйқы төленгені анықталды.

12. «Райымбек ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылдың  29 қаңтардағы «Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу» № 40 бұйрығымен бекітілген қағидасының 2 бөлім, 9 тармақшасының 1 азат жолында көрсетілген талаптары сақталмай, 2020 жылдың сәуір айында мекеменің Сарыжаз ауылындағы бокстан жаттықтырушы Е.Қазақбаевқа 26734 теңге, Көмірші ауылындағы қазақ күресінен жаттықтырушы А.Іскендірге 31813 теңге, Талас ауылындағы еркін күрестен жаттықтырушы Қ.Көмековке 25646 теңге және Сарыбастау ауылының дзюдодан жаттықтырушысы С.Алимжановқа 44179 теңге, барлығы өткізілмеген сабақтары үшін аталған жаттықтырушыларға 128372 теңге негізсіз жалақы төленген.

13. Райымбек ауданының «Шәлкөде ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 29.08.2001ж. №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген ережесінің 4 тармағыны  3) тармақшасының талабы сақталмай сынақ мерзімінде жүрген аудан округінің акімі – Қ. Қуанышұлына2020 жылдың наурыз айында 118,4 мың теңге сыйақы негізсіз төленген.

Бір көзден алу тәсілімен «Адема» ЖК 15.05.2019 жылы № 13 келісім шарт (бұдан әрі-шарт) жасалған. Осы Шарт бойынша жалпы сома 250,0 мың теңгені құрайды. Көрсетілген қызметтердің 26.06.2019 жылы №190013/00/1 актісі негізінде 29.04.2019 жылы №1241092/19-135 төлем шот бойынша өнім «Адема» ЖК 250,0 мың теңге аударылған.

Алайда, атқарылған жұмыстар 2018 жылдың 26 қарашадағы қабылдау актісімен қабылданып алынған, «Адема» жеке кәсіпкеріменкелісім шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттерін 12 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындаған. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 43 бабының 24 тармағының және келісім шарттың 8.3 тармағына сәйкес орындаушы жұмыстарды кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан (15.06.2019 - 26.06.2019 жыл 250,0 теңге*0,1%*12=3000 теңге.) 0,1% тұрақсыздық айыпұл немесе 3000,0 теңгебюджет есебіне өндірілмеген.

14. Райымбек ауданының «Ұзақ батыр  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  қағидаларының»  244-тармағыныңжәне  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2010жылы № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының бекіту туралы  жоспарының» 16 мен 20 тармақтарының№ (енгізілген өзгерістер мен толықтырулар) негізін талаптары басшылыққа алмаған. Яғни, 2020 жылдың587760  теңгеге сатып алынған тауарлар бухгалтерлік есепке   қойылмаған.

15. Райымбек ауданының «Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Іссапар шығындарын өтеуде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 мамырындағы № 256 қаулысының талаптарына қайшы, төмендегідей заңбұзушылықтар орын алған, атап айтқанда:

-  Округ әкімінің 27 маусым 2018 жылғы № 129-ө-ж/қ өкімі негізінде Мекеменің бас маман-салық инспекторы Иманжанов Құдайберген Нургаликович біліктілігін арттыру мақсатында 2018 жылдың 30 маусымы мен 03 шілдесі аралығына Талдықорған қаласына жолданған. Өткізілген іссапар туралы есебі мен іссапар бойынша шығыстар туралы растаушы құжаттар негізінде аталған қызметкерге іссапар шығындарына барлығы 73050 теңге есеп-шотына аударылған. Алайда, 2018 жылдың 30 маусымы мен 01 шілдесі демалыс күндері болып табылуына байланысты, іс сапар шығындары 2 жұмыс күніне төленуге тиіс болған және шығыны 26650 теңгені құрайды, демек 46430 теңге қаражаты негізсіз төленген;

- Округ әкімінің 04 қыркүйек 2019 жылғы № 45-ө-ж/қ өкімі негізінде Мекеменің бас маманы Саламат Азамат Серікұлы ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне қатысу үшін 2019 жылдың 07-08 қыркүйегі күндеріне Нұр-Сұлтан қаласына жолданған.

Қағиданың 3 тармағы 2 тармақшасына сәйкес, іссапарға жiберiлген қызметкердiң мынадай шығыстары, соның ішінде, іссапарда болатын жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру бойынша ерекше жағдайларда (Қазақстан Республикасынан тыс жерге іссапарға жіберілген жағдайда, транзитпен жүріп өткен кезде, аталған көлік құралдары болмаған немесе іссапар шұғыл болған кезде) мемлекеттiк мекеме басшысының бұйрығына (өкiміне) сәйкес темiржол көлiгiмен жол жүрген кезде жұмсақ дивандары төменде орналасқан, қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орындық купе (ҰВ) тарифтері бойынша және әуе көлiгiмен экономикалық класс тарифі бойынша өтеледi.

Осының негізінде, Саламат Азамат Серікұлына өткізілген іссапар туралы есебі мен іссапар бойынша шығыстар туралы растаушы құжаттарына  сәйкес барлығы 150071 теңге есеп шотына аударылған, оның ішінде, жоғарыда көрсетілген нормаға қайшы, әуе көлігінің билеті негізінде 23821 теңге.

Мекеме бойынша барлығы артық төленген іс сапар шығындары 70251 теңге құрайды.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуғаәсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):_________________________________________________________      (болған жағдайда)

III. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар

Мемлекеттік аудит барысында жалпы анықталған 509232,8 мың теңге қаржылық бұзушылықтардың сомасынан 1004,4 мың теңге жергілікті бюджет есебіне аударылды және 491342,0мың теңге қаржылық есептілік бойынша қалпына келтірілді, соның ішінде:

- «Райымбек ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 163,3 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді, 147100,0 мың теңгенің мүлкі есепке алынды;

- Райымбек  ауданының  әкімдігінің «Мәдениет  және тілдерді дамыту бөлімі»  мемлекеттік  мекемесінде 31,7 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді;

- «Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 374,9 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді, 197640,0 мың теңгеге есептілік бойынша қалпына келтіру жасалды;

- «Райымбек ауданының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 17261,9 мың теңгеге есептілік бойынша қалпына келтіру жасалды;

- «Райымбек ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 125474,9 мың теңгегеесептілік бойынша қалпына келтіру жасалды;

- «Райымбек  ауданының кәсіпкерлік бөлімі»  мемлекеттік мекемесінде 12,0 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді;

- Райымбек ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 10,0 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді;

- «Райымбек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 28,0 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді, 3277,4 мың теңгеге есептілік бойынша қалпына келтіру жасалды;

- «Райымбек аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 30,0 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді;

- «Райымбек ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 128,4 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді;

- Райымбек ауданының «Шәлкөде ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 121,4 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді;

- Райымбек ауданының «Ұзақ батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 587,8 мың теңгеге есептілік бойынша қалпына келтіру жасалды;

- Райымбек ауданының «Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 70,2 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді;

- Райымбек ауданының «Қайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 34,5 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді.

«Райымбек ауданының білім бөлімі»,  «Райымбек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»,  Райымбек ауданының «Шәлкөде ауылдық округі әкімінің аппараты»,  Райымбек ауданының «Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты», Райымбек ауданының «Қайнар ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемелерінде және «Райымбек ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жауапты тұлғаларға ескертулер жарияланды.

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң «Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» мемлекеттік мекемесіне 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің» тиісті баптарымен әкімшілік жаза қолдану мақсатында «Райымбек ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша - 1,Райымбек ауданының «Нарынқол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша - 1,«Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша - 1, «Райымбек ауданының жер қатынастары бөлімі»  мемлекеттік  мекемесі бойынша - 1, «Райымбек ауданының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша - 1, «Райымбек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша - 1, Райымбек ауданының «Ұзақ батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша - 1, барлығы  7 материалдар жіберілді.

Сонымен бірге «Алматы облысының сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің» тиісті баптарымен әкімшілік жаза қолдану мақсатында «Райымбек ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша - 4, «Райымбек ауданының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша - 1,«Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша - 1,барлығы  6 материалдар жіберілді.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар

Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражатты игеруге қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол толық жеткізілмеген және жекелеген мемемелер бойынша барынша пайдалы нәтиже алу көрсеткіштері толық орындалмаған. Анықталған қаржылық және рәсімдік бұзушылықтары қолданыстағы бюджеттік және басқада заңнамалардың талаптары бұзылғаннан орын алған.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар

Негізгі (талдамалық) бөлікте аталған мәліметтерді назарға ала отырып:

1. Мемлекеттік аудиторлық іс-шараның қорытындысы Тексерукомиссиясының отырысында қаралсын.

2.Мемлекеттік аудит объектілері басшыларына Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджеттік және басқада заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және келешекте қаржылық бұзушылықтарға жол бермеулері бойынша Тексеру комиссиясының Нұсқамалары ұсынылсын.

3. Райымбек  ауданының  әкіміне:

- «Райымбек ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде294,7 мың теңге,  «Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 88,0 мың теңге, «Райымбек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 1427,6 мың теңге, Райымбек ауданының «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 76,1 мың теңгежергілікті бюджет есебіне өндірілуі қамтамасыз етілсін;

- Райымбек ауданының «Нарынқол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 15000,0 мың теңгегебухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалуы қамтамасыз етілсін;

- Қаржылық бұзушылықтарға жол берілген «Райымбек ауданы әкімінің аппараты», Райымбек ауданының «Нарынқол ауылдық округі әкімінің аппараты», «Райымбек ауданының құрылыс бөлімі», «Райымбек ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі», Райымбек ауданының «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелері бойынша кінәлі лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершіліктері қаралсын.

 

 

 

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                                          Қ. Сағымбаев

 

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ