Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Қорытынды Текелі

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 08.01.2021
Просмотры: 358 Печать страницы

 

Алматы облысы бойынша

тексеру комиссиясының

Төрағасының м.а

Б. Мұхамеджановқа

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы және өңірлердегі жеке тұрғын үй құрылысының және су ресурстарын басқарудың және халықтың ауыз суға қол жеткізуінің тиімділік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы, өңірлердегі жеке тұрғын үй құрылысының және су ресурстарын басқарудың және халықтың ауыз суға қол жеткізуіне аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1.  «Текелі қаласының мәслихаттың аппараты»  мемлекеттік мекемесі;

2.  «Текелі қаласының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

3. «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

4. «Текелі қаласының қаржы бөлімі»  мемлекеттік мекемесі;

5. «Текелі қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»  мемлекеттік мекемесі;

6.  «Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

7.  «Текелі қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

8. «Текелі қаласының әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

9. «Текелі қаласының кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

10. «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

11. «Текелі қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

12. «Текелі қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

13. «Текелі қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

14. «Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

15.  «Текелі қаласының спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

16.  «Текелі қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

17.  «Текелі қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі»  мемлекеттік мекемесі;

18.  «Текелі қаласының ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

19. «Текелі қаласы Рудничный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2019 жылдың 31 желтоқсаны аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

2018-2019 жылдары жалпы аудиттелетін сала Текелі қаласының жергілікті атқарушы органдарына жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру, ақпарат мемлекеттілікті нығайту және азаматтарды әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру, білім беру, тілдерді және мәдениетті дамыту, дене шынықтыру және спортты дамыту, экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту, бюджетің орындалуы және коммуналдық меншікті басқару, жер қатынастарын реттеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қоры, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және жалпы ауданды дамыту мақсатында бюджет шығындары және игерілуі келесідей болған:

2018 жыл бойынша бюджеттің шығындары 99,2% құрады, нақтыланған жоспар 3563892,0  мың теңге, игерілгені 3535314,2  мың теңге. 2018 жыл ішінде қала бюджеті 4 мәрте нақтыланды. Бұдан басқа, Текелі қаласы әкімдігінің қаулыларымен бюджетке 8 мәрте түзетулер енгізілді. Қаржыландырудың басым бағыты, уақытылы еңбекақы төлеу, салық пен арнайы зейнетақы жарналарын аудару және коммуналдық қызмет төлемдерін төлеуге бағытталды. Еңбекақы және оның төлемдері 1 424 740,3 мың теңгені құрап, жалпы қала бюджеті шығынының 29,6 % проценті көлемінде анықталып отыр.

          2019 жылы Текелі қаласының бюджеті шығындар бөлігі 99,4%-ке орындалды. Жоспар бойынша қаралған сумма 4 678 125,0 мың теңге, игерілген сумма 4 651 832,7 мың теңге. Игерілмегені 26 292,3 мың теңге (жоғарғы бюджеттен нысаналы трансферттері – 17 523,5 мың теңге), оның ішінде:

мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша үнемі – 1 680,4 мың теңге;

еңбекақы төлемдері бойынша үнем – 750,4  мың теңге;

әлеуметтік төлем алушылардың нақты санының азаюы – 9 788,4 мың теңге;

жоспарланған іс-шаралардың уақытында өтпеуінен – 756,0 мың теңге;

тұтыну көлемінің азаюына байланысты пайдаланбаған қаражат қалдығы – 104,8 мың теңге;

шарт бойынша нақты көрсетілген қызметтерге төлеу себебінен – 2 632,8 мың теңге;

сот орындарында қаралып жатқан шарттар бойынша – 405,8 мың тенге;

мерзімі ұзартылып, өтпей қалған мемлекеттік сатып алулар бойынша – 454,0 мың теңге;

қолма-қол ақшаның бақылау шотына қаражаттың жетіспеуі себебінен (ҚБШ) – 12 105,5 мың теңге;

басқа шығындары – 98,3 мың теңге.

Бюджет қаражаттары Текелі қалалық мәслихат сессиялары шешімдерімен бекітілген соммалар негізінде бағытталды.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері

Текелі қаласы бойынша 5 207 820,0  мың теңгесі мемлекеттік аудитпен қамтылды.

Аудиторлық іс шара қорытындысымен барлығы 37003,7 мың теңге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 29 495,0 мың теңге қалпына келтіруі,  932,6  мың теңге өндірілуі тиіс.

Сонымен қатар 2208,1 мың теңге бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланғаны, 4 368,0 мың теңге бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуы фактілері анықталды.

Осымен бірге 14 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.

Жалпы  анықталған  37003,7 мың теңге қаржылық бұзушылықтардың 211,5 мың теңгесі мемлекеттік аудит барысында жергілікті бюджет есебіне өндірілді, 23 449,2 мың теңгеге есептілік бойынша қалпына келтірулер жасалды.

1. «Текелі қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 243 - тармағы бұзылуда мемлекеттік мекеменің 2019 жылғы теңгерімінде жалпы сомасы 6045,8 мың теңгеге жобалау-сметалық құжаттама көрсетілмеген, бұл 2019 жылғы қаржылық есептің бұрмалануына әкеліп соққан.

2. «Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының 01.03.2011 жылғы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 74-бабы 3,5-тармағы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 17.03.2015 жылғы №212 «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, Алматы облысы әкімдігінің 10.08.2011 жылғы №163 «Коммуналдық меншік нысандарын жалға беру қағидасын бекіту туралы» қаулысының талаптары сақталмай, Текелі қаласының мектеп асханаларын жалға алушылардың 2018-2019 жылдары аралығында төленбеген коммуналдық шығындарының жинақтау есебі бойынша 208,4 мың теңгені құраған.  

3. «Текелі қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 23.10.2018 ж. №513 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 4 тарау 24 тармақшасына сәйкес, аудитпен қамтылған кезеңінде  ЖК «Салтанат» 2019 жылдың 29 сәуіріндегі шартымен  старттық бизнесті (стартап-жоба) іске асыруға жалпы сомасы 246,5 мың теңге көлемінде мемлекеттік грантты алып мақсатсыз пайдаланылғаны анықталды.

4. «Текелі қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы»N1193 қаулысының 18-қосымшаның 5-тармағына сәйкес, лауазымдарды біріктіргені үшін қосымша төлем (қызмет көрсету аймағын кеңейту) 50% дейін мөлшерінде жүзеге асырылады.  Алайда инспектор А.К.Қойшубаев  2018 жылы қаңтар-ақпан айлары үшін ресми жалақының 100% -114147 теңге  төленген. Негізсіз төленген 50% мөлшері 57074 теңге өндіріуге жатады.

Инспектор А.К. Қойшыбаевқа 8,9 теңге өтемақы артық есептелген және аударылған.

А.О. Токановаға 2018 жылғы 10 мамырдағы №9 бұйрықтың негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларының» 4-тармағын бұза отырып, 20,0 мың теңге сомасында сыйлықақы негізсіз есептелген және төленген, өйткені 1 айдан аз жұмыс істеген қызметкерлерге сыйлықақы берілмеуі тиіс.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Заңының 43-бабының 22-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге жұмсалатын мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күн болуға тиіс. Алайда, «ЮлианаСтрой» ЖШС-мен 2018 жылғы 22 қазанда жасалған №30 келісім-шартының орындау мерзімі 3 күнтізбелік күнді құрайды.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Заңының 43-бабының 22-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге жұмсалатын мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күн болуға тиіс. Алайда, «ЮлианаСтрой» ЖШС-мен 2018 жылғы 15 қарашада жасалған №59 келісім-шартының орындау мерзімі 1 күнтізбелік күнді құрайды.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Заңының 43-бабының 22-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге жұмсалатын мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күн болуға тиіс. Алайда, «ТЕКЕЛІ ЖОБА» ЖШС-мен 2018 жылғы 28 қарашада жасалған №64 келісім-шартының орындау мерзімі 2 күнтізбелік күнді құрайды.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Заңының 43-бабының 22-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге жұмсалатын мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күн болуға тиіс. Алайда, «ЖЭК г.Текели» ЖШС-мен 2019 жылғы 20 маусымда жасалған №29 келісім-шартының орындау мерзімі 10 күнтізбелік күнді құрайды.

«Жигули» ЖШС жолды орташа жөндеу бойынша жұмыстарды орындаған, ал «ЮлианаСтрой» ЖШС 2018 жылы Текелі қ. Сәтпаев көшесі №1 жол учаскесін ағымдағы жөндеу бойынша сметалық есеп жасаған. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №403 «Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» бұйрығымен бекітілген бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын бұза отырып, мекеме 60,0 мың теңге сомасындағы қаражатты 045 «Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу» бағдарламасының орнына 023 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша бөлінген қаражат есебінен жұмсаған.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Заңының 43-бабының 22-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге жұмсалатын мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күн болуға тиіс. Алайда, «ЮлианаСтрой» ЖШС-мен 2019 жылғы 15 қарашада жасалған №57 келісім-шартының орындау мерзімі 1 күнтізбелік күнді құрайды.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Заңының 43-бабының 22-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге жұмсалатын мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күн болуға тиіс. Алайда, «Ергожанов К.А.» ЖК-мен 2019 жылғы 18 қарашада жасалған №60 келісім-шартының орындау мерзімі 12 күнтізбелік күнді құрайды.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Заңының 43-бабының 22-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге жұмсалатын мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күн болуға тиіс. Алайда, «ЮлианаСтрой» ЖШС-мен 2019 жылғы 15 қарашада жасалған №58 келісім-шартының  орындау мерзімі 1 күнтізбелік күнді құрайды.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Заңының 43-бабының 22-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге жұмсалатын мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күн болуға тиіс. Алайда, «Ергожанов К.А.» ЖК-мен 2019 жылғы 18 қарашада жасалған №61 келісім-шартының орындау мерзімі 12 күнтізбелік күнді құрайды.

Текелі қаласының 7 көшесіне орташа жөндеу бойынша техникалық қадағалау жүргізуге «УКС» ЖШС-мен 3000,0 мың теңгеге 2019 жылғы 3 мамырда жасалған №15 келісім-шарты жасалып, орындалған жұмыстардың актілерімен төлем жасалған. Алайда нақты тек 4 көшеге ғана орташа жөндеу жасалған.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы «Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы» №249-нқ бұйрығына 1-қосымшасы бойынша тапсырыс берушінің техникалық қадағалауға арналған шығыстар лимитінің нормативі 3,24% - ды құрайды. Яғни мердігерлік жұмыстардың құны 85131,9 мың теңге болған кезде техникалық қадағалауды жүргізу бойынша қызметтердің құны 2758,3 мың теңгені құрауы тиіс. Осылайша, негізсіз 241,7 мың теңге аударылған.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Заңының 43-бабының 22-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге жұмсалатын мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күн болуға тиіс. Алайда, «Игілік Стройпроект» ЖШС-мен 2019 жылғы 31 мамырда жасалған №25 келісім-шартының орындау мерзімі 3 күнтізбелік күнді құрайды.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Заңының 43-бабының 22-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге жұмсалатын мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күн болуға тиіс. Алайда, «ЮлианаСтрой» ЖШС-мен 2019 жылғы 28 қарашада жасалған №67 келісім-шартының  орындау мерзімі 2 күнтізбелік күнді құрайды.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Заңының 43-бабының 22-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге жұмсалатын мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күн болуға тиіс. Алайда, «ЖЭК г.Текели» ЖШС-мен 2019 жылғы 20 маусымда жасалған №30 келісім-шартының орындау мерзімі 10 күнтізбелік күнді құрайды.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Заңының 43-бабының 22-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге жұмсалатын мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күн болуға тиіс. Алайда, «ЮлианаСтрой» ЖШС-мен 2019 жылғы 28 қарашада жасалған №63 келісім-шартының  орындау мерзімі 2 күнтізбелік күнді құрайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 304 бұйрығымен бекітілген бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларының 4-тармағын сақтамау нәтижесінде мекеме басшысымен 4 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама уақтылы бекітілмеген.

5. «Текелі қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Мердігер «ТС-Индустрия» ЖШС-гі  Текелі қаласының «Достық» шағын ауданының инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылыс жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуінің бүгінгі күнге 1000,0  мың теңгенің жұмыстары орындалмаған, келісім шарттың 8 тармағының 8.3 тармақшасы бойынша кешікен 150 күнге тұрақсыздық көлемі  150,0 мың теңге құрайды (1000*150), аталған сома жергілікті бюджет есебіне өтелуі тиіс.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» бұйрығымен бекітілген қағидасының 236-тармағы талаптары және  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есептің шоттар жоспарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген қағидасының 16,19 тармақтарының талаптары № (енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) басшылыққа алынбаған. Яғни  2019 жылы  наурыз айында алынған– 1295,5 мың теңгенің көшеттері бухгалтерлік есепке биологиялық активтер ретінде 2620 шотына қойылмаған және 2019 жылғы сәуір-мамыр айларында алынған 22153,7 мың теңгенің көгалдандыру және сәндік екпелері бухгалтерлік есепке басқада негізгі құралдар ретінде 2383 шотына қойылмаған.

6. «Текелі қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының 4.12.2008 ж. № 95-IV Бюджет кодексінің 4 – бабының 12) тармақшасына сәйкес тиімділік қағидаты-«Алматы облысы Текелі қаласы Рудничный ауылдық округі  мәдени-спорт кешені бар клубын реконструкциялауға» ЖСҚ әзірлеуге бөлінген бюджет қаражаты 4368,0 мың теңге тиімсіз пайдаланылған.

Сот шешімімен "Текелі қаласы әкімінің қалалық мәдениет үйі" МКҚК-дан 2268,0 мың теңге сомада ақша қаражатының қалдығын және "Арх-Көксу"ЖШС пайдасына 68,1 мың теңге сомада мемлекеттік бажды төлеу бойынша шығыстарды өндіріп алу белгіленген. Талдықорған қаласы сотының 2018 жылғы 24 мамырдағы шешімі және Текелі қаласы әкімінің 2018 жылғы 17 қыркүйектегі № 282 қаулысы негізінде Текелі қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 15 қазандағы № 329 қаулысына өзгерістер енгізілді, Текелі қаласы әкімінің резервінен 2337,0 мың теңге бөлінді.

Көрсетілген жұмыс үшін 2 336,0 мың теңге сомасында берешек соттың шешімі бойынша 2018 жылғы 18 қазандағы № 4551048/18-305 және № 4551048/18-306 төлем тапсырмаларымен өтелді. Алайда осы уақытқа дейін жоғарыда көрсетілген ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өткен жоқ.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 4 – бабының 12) тармақшасына сәйкес тиімділік қағидаты-бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдалана отырып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, "Алматы облысы Текелі қаласы Текелі ауылдық округі Рудничный ауылының мәдени-спорт кешені бар клубын реконструкциялауға" ЖСҚ әзірлеуге 4368,0 мың теңге сомасында бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылды. Текелі қаласы әкімі Мәдениет үйінің директоры Нестеров К. М. тәртіптік жазаға тартылды.

7. «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Жұмыспен қамту бөлімі 2019 жылдың қорытындысы бойынша жоспардың 7,5% - ын құраған  сапасыз және тиімсіз жоспарлау салдарынан түзетілген бюджетті игеруін қамтамасыз етпеген.

Игерілмеген сома - 2208,1 мың теңге, оның ішінде бағдарламалар бойынша:

-511,6 мың теңге аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін тұрғын үй көмегі;

-1537,6 мың теңге жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаждардың бөлім санаттарына әлеуметтік көмек;

-158,9 мың теңге үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету.

Көрсетілген мән-жайларды ескере отырып, жалпы сомасы 2 208,1 мың теңге бюджет қаражатын пайдалану кезінде нәтижелілік және тиімділік қағидаттарын бұзу деп атап өткен жөн, бұл Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 4 бабының 9) 12) тармақшаларының талаптары, бюджет қаражатын пайдалану кезінде нәтижелілік және тиімділік принциптерінің бұзылуына жол берілген.

«Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 24.12.2020 ж. №01-18/1404 хатымен анықталған бұзушылықтар бойынша жауапты қызметкердің жұмыстан босап кетуіне байланысты тәртіптік жазаға тарту мүмкіншілігі жоқ екені хабарланды.

Өңірде жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге жер телімдерін беру бойынша талдау:

Текелі қаласы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға ағымды жылдың 2020 жылдың 01 қарашасына кезекте тұрғандардың барлық саны -1421 азаматты құрайды.  Осы тізімде тұрған азаматтардың 280-і 2016 жылдың 01 тамызына дейін жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін жер пайдалануға алды.

Алайда, 2016 жылдын бері жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөліп берілетін алаңдардың (инженерлік - коммуникациялардың толық болмауы) дайын болмауына байланысты уақытша жеке тұрғын үй құрылысы үшін азаматтарға жер учаскелері берілуі тоқтатылды.

Негізгі жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін алаңдар қаланың батыс жағында (жылыжай кешенінің маңы) орналасқан. Қазіргі уақытта алаңдарды толық инженерлік-коммуникациялармен қамтамасыз ету жұмыстарын «Текелі  қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жоспарға сәйкес жұмыстарын атқаруда.

Өңірде коммуналдық меншіктен бөлінетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және оларға тұрғын үйлерді беру:

Текелі қаласы бойынша 10 санатта 917 азамат тұрғын үй алу кезегіне 2007 жылдан бастап тіркелген. Олар: Ұлы отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар –20 адам, көп балалы жанұя – 73 адам, Жанұясында мүгедек бала асыраушы отбасылар – 20 адам, Зейнеткер және жалғыз басты ана – 272 адам, «Ардақты ана» атағы бар «Алтын алқа» белгісімен марапатталған – 3 адам, І-ІІ топтағы мүгедектер – 87 адам, Жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 151 адам, мемлекеттік және бюджеттік қызметкер–308 адам,Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адам -1 адам.

2018 жылы «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы бойынша жаңадан салынып біткен көпқабатты 80 пәтерлі тұрғын үй тұрғын үй алу есебінде тұрған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары ата-анасыз жетім қалған балалар – 20 жанұя, I-II топтағы мүгедектер -17 жанұя, зейнеткерлер-11 жанұя, жалғыз басты аналар-26 жанұя, көп балалы отбасылар -5 жанұя, мүгедек балны тәрбилеп отырған отбасы – 1 жанұя.

2019 жылдың 1 қаңтарына Текелі қаласында тұрғын үйге мұқтаж  азаматтар коммуналдық тұрғын үй қоры есебінен алатын тұрғын үй алу кезегінде 2016 жылмен салыстырғанда 340 адамға көбейіп 1114 адам құрады, оның ішінде  «Ардақты ана» атағы бар «Алтын алқа», «Күміс алқа»  белгісімен марапатталған – 98 адам, Жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 166 адам, әлеуметтік осал топтар 416- адам, мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер–434 адам.

Өңірлердегі су ресурстарын басқарудың және халықтың ауыз суға қол жеткізуі.

Текелі қала және оған қарасты ауыл тұрғындары 100% толықтай орталалықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Халықты сумен шаруашылық жүргізу құқығындағы «Текелі Су құбыры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны қамтамасыз етеді.

Сүзгі станцияның жоба куаттылығы  – күніне 20,0 мың м3.

Сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 167,9 шақырым құрайды, оның ішінде  Текелі қаласында 152,9 шақырым, Рудничный кентінде 15,0 шақырым,жалпы су коймалары 3000 м3   бес су қоймасы, 500 м3    екі су қоймасы, 800 м3 және  – 600 м3    бір резервуалардан.

Су коймаларға ашық Қора өзенінең алынып, Сүзгі станциянда тазалаудан өтіп сумен жабдықтау желілеріне бөлінеді.Сумен жабдықтау желілерінің  2018 жылға – төзілімдігі 55,9%, 2015 жылмен салыстырғанда  9,1% төмен.

 «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау желілерінің жаңғыртуға 2 жоба жалпы көлемі 23,3 шақырым іске асырылған.

сумен жабдықтау проблемалары:

- сумен жабдықтау желілерінің   жоғарғы төзілімдігі 50,9%, су жабдықтау желілерінің және құрылымдардың нормативтік пайдалануы белгіленген мерзімінең  1,5 есе асып кеткен;

- су тұтынушыларды есепке алу аспаптарымен толық қамтылмағаны.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):

Текелі қаласы 6,1 мың га аумақты немесе облыс ауданының 0,03% - ын алып жатыр, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 2,6 мың га.халықтың саны 33,4 мың адамды құрайды. Қала құрамына Рудничный ауылдық округі кіреді. Облыс орталығына дейінгі қашықтық 39 км. Қаланың негізгі қызметі өнеркәсіп болып табылады. Негізгі өнеркәсіптік кәсіпорындар «ТЭК» ЖШС энергетикалық кешені, «Көксу» тау-кен компаниясы» ЖШС, Солод өндірісі бойынша «Суффле Қазақстан уыт зауыты» АҚ болып табылады.

Негізгі капиталға инвестициялар көрсеткіштерінің негізгі өсуі бюджеттен тыс инвестициялар болып табылады. Тұрғын үйді іске қосу көлемінің ұлғаюы 40 пәтерлі жалға берілетін үй құрылысының Бюджеттік инвестициялық жобасын іске асыруға мемлекет қаражатының құйылуын қамтамасыз етті.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес Текелі қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы Текелі қаласы мәслихатының 2019 жылғы 22 желтоқсандағы №44-287 шешімімен бекітілген. Текелі қаласы мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №42-254 шешімімен Текелі қаласы мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы №44-287 шешіміне өзгеріс енгізіліп, жаңа редакцияда бекітілді. Текелі қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы 3 бағыттан тұрады – экономиканы дамыту, әлеуметтік саланы дамыту және инфрақұрылымды дамыту.

III. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін бюджет есебіне жалпы сомасы 473,2 мың теңге өндірілді, 29 495,0 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды, олар:

- «Текелі қаласының білім бөлімі»  мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуі тиіс 208,4 мың теңге 24.11.2020 ж. №1218; 24.11.2020 ж. №53; 24.11.2020 ж. №1215; 24.11.2020 ж. №1217; 24.11.2020 ж. №1216; 24.11.2020 ж. №43 төлем түбіртектері негізінде бюджет есебіне өндірілді;

- «Текелі қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»  мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуі тиіс 327,7 мың теңгенің 264,8 мың теңгесі жергілікті бюджет есебіне өндірілді;

«Текелі қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуі тиіс 6 045,8 мың теңге бухгалтерлік анықтамамен бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді;

- «Текелі қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуі тиіс 23 449,2 мың теңге бухгалтерлік анықтамамен бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жылпы саны 2 материал жолданды, оның ішінде жеке мекемелер бойынша:

«Текелі қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі А.Жумагалиеваға 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №586 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 бөлігі 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;

«Текелі қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы Ғ.Қызылбаевқа 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №590 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 бөлігі 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

1. Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша 30 427,6 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 2208,1 мың теңге     бюджет   қаражатын тиімсіз жоспарлау, 4 368,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану және 14 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

2. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының талаптарын сақтамаудан орын алған.

3. Бюджет қаражаты шығындарын жоспарлау кезінде тиімділік принциптерінің сақталмауы салдарынын бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлануына және пайдаланылуына жол берілген.

4. Қазақстан Республикасы Заңнамаларының талаптарын тиісті сақтамау салдарынан бюджет қаражатын артық және негізсіз шығысталуларына жол берілген.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар

Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы және өңірлердегі жеке тұрғын үй құрылысының және су ресурстарын басқарудың және халықтың ауыз суға қол жеткізуінің тиімділік аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

1. Текелі қаласында жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы және өңірлердегі жеке тұрғын үй құрылысының және су ресурстарын басқарудың және халықтың ауыз суға қол жеткізуінің тиімділік аудитінің нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.

2. Текелі қаласының әкімі келесі шараларды қабылдасын:

1. 2021 жылдың 1 наурызына дейін Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзылуына жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарасын;

2. 2021 жылдың 1 наурызына дейін бюджет есебіне өндірілуге жататын 479,4 мың теңгенің жергілікті бюджет есебіне өндірілуін қамтамасыз етсін;

3. Текелі қаласының білім бөлімі (мектептер бойынша) коммуналдық меншіктегі мүлікті жалға беру барысында, бюджет қаражаты есебінен жеке кәсіпкерлердің шығындарын төлемеу мақсатында коммуналдық төлемдер бойынша жеке баланс ұстаушылардың тиісті келісім шартқа отыруларын қадағаласын.

4. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларының бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрын жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында жергілікті бюджет есебіне өндірген 244,8 мың теңгесі және есептілік бойынша қалпына келтірілген 29 495,0 мың теңге назарға алынсын.

3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар  мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі, қалпына келтірілген және мемлекеттік аудит объектілері қалпына келтірген және өтеген қаражат (жұмыстар, тауарлар, көрсетілетін қызметтер) жөніндегі ақпарат.

Тексеру комиссиясының мүшесі                             Қ. Манамұратов

 

Бөлім басшысы                                                          Н. Қалқаев

 

Сапа бақылауына жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы                        Қ. Есенаманов

Құқықтық сүйемелдеуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы                        А. Қадір 

Аудит тобының жетекшісі                                        Н. Қалқаев

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ