Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Аудиторлық қорытынды Тілдер басқармасы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 08.01.2021
Просмотры: 411 Печать страницы

 


Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасының міндетін атқарушы

Б. Мұхамеджановқа

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

 I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуына аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1.  «Алматы облысының  тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

2. «Алматы облысының «Тіл» оқу әдістемелік орталығы» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: «Алматы облысының  тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 2017 жылдың 01 қаңтарынан бастап  2020  жылдың 30 маусымы аралығы,  «Алматы облысының «Тіл» оқу әдістемелік орталығы» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесіне  2018 жылдың  01 қаңтарынан бастап  2020  жылдың 30 маусымы аралығы.            

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау

01.01.201730.06.2020 жылдары жалпы аудиттелетін сала «Алматы облысының  тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесімен «Алматы облысының «Тіл» оқу–әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспарына сәйкес  шығысталған  бюджет шығындарының игерілуі келесідей болған;

2017 жылдың «Алматы облысының  тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бюджет шығындардың бөлігі 100%-ға орындалды. Жоспар бойынша 71311,0 мың теңге, игерілген соммасы 71311,0 мың теңге.

2018 жылғы бюджет шығындардың бөлігі 100,0%-ға орындалды. Жоспар бойынша 171161,0 мың теңге, игерілген соммасы 171161,0 мың теңге.

2019 жылғы бюджет шығындардың бөлігі 97,3%-ға орындалды. Жоспар бойынша 263746,7 мың теңге, игерілген соммасы 256588,0 мың теңге. Игерілмегені 6858,7  мың теңге, оның ішінде:

-«Алматы облысының «Тіл» оқу–әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 032   Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары бағдарламасы бойынша  6858,7 мың теңге  игерілмей қалды.  

30.06.2020 жылғы бюджет шығындардың бөлігі 100,0%-ға орындалды. Жоспар бойынша 107015 мың теңге, игерілген соммасы 107015,0 мың теңге.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері

«Алматы облысының  тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 2017 жылдың 01 қаңтарынан бастап  2020  жылдың 30 маусымы аралығы, «Алматы облысының «Тіл» оқу әдістемелік орталығы» коммуналдық  мемлекеттік мекемесіне 2018 жылдың  01 қаңтарынан бастап  2020 жылдың 30 маусымы аралығында тексеру комиссиясының тапсырмалары бойынша аудитпен қамтылды.  

Аталған мемлекеттік мекемелерге бөлінген жалпы   сомасы   606075,0 мың теңге қаражат аудитпен қамтылып, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптары сақталмай анықталған қаржылық бұзушылықтар  сомасы 649,9 мың теңгені құрады.

Жалпы  анықталған  649,9  мың теңге қаржылық бұзушылықтардың 157,7 мың теңгесі қалпына келтірілуге жатады,  ал 492,2 мың теңгесі жергілікті бюджет есебіне өндірілуі тиіс.

Оның ішінде мекемелер бөлінісінде:

«Алматы облысының «Тіл» оқу әдістемелік орталығы» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінде:  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйегіндегі №1428 «Қазақстан Республикасы аумағында іссапар ережесін бекіту туралы» (кейінгі толықтырулар мен өзгертулер енгізілген) қаулысының 2 тармағының талаптары сақталмағай  негізсіз төленген іссапар шығындары 180,9 мың теңгені құрады.

 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»  Ережесінің  114-тармақтарының талаптарының бұзылып  2018 жылғы бухгалтерлік есеінде мекеменің  157,7 мың теңге  дебиторлық  қарызы  көрсетілмеген

 Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы  №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43-бабының  24-тармағына қайшы  негізгі келісім шарттың 7.3 тармағына сәйкес «ADL GOLDEN FLOW» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыстарды кешіктірген әр күнтізбелік күніне тұрақсыздық айыппұл  сомасы 311288,5  теңгені құрады.

 

Келесі мемлекеттік мекемеде бұзушылықтар анықталмады:

«Алматы облысының  тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Өңірдегі тілдерді дамыту саласының жай күйі бойынша талдау жүргізу.

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында (бұдан әрі – Басқарма) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы және Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған Алматы облысы бойынша іс-шаралар жоспарында көрсетілген барлық нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізілген.

Мемлекеттік тілді дамыту институтымен бірлесе отырып, облыстағы тілдік ахуалдың жай-күйін зерделеу мақсатында халықтың көзқарасын анықтау үшін өңіріміздің 17 ауданы мен 3 қаласына әлеуметтік лингвистикалық сауалнама жүргізілген. Бағдарламаның нысаналы индикаторына сәйкес мемлекеттік тілді меңгергендердің үлесі 92 %,  ағылшын тілін меңгергендер 13 %, үш тілді меңгергендер 11,8 %  құраған.

Сауалнама нәтижесі бойынша «Алматы облысындағы тілдік ахуал» атты кітапша шығарылған.

Тілдік жағдайды зерделеу мақсатында облыстық және жергілікті  атқарушы органдардың кіріс-шығыс құжаттарына тоқсан сайын мониторинг жүргізілген. Осыған сәйкес өңірімізде жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік тілдің қолданылу көрсеткіші 99,5 пайызды құраған.

2019 жылы мемлекеттік тілді оқыту курсына 869, орыс тілі курсына 21 және ағылшын тілі курсына 462 тіл үйренуші, латын негізді әліпбиді оқыту курсына 1158 тыңдаушы қабылданған. Барлығы 2510 тыңдаушы. Олардың ішінде сертификат алғандардың саны 618, куәлік алғанда 628, анықтама 1231 тыңдаушыға берілген.

Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның басым бағыттарының бірі – ономастикалық мәселелерді ретке келтіру бойынша Алматы облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 мамырдағы «Алматы облысының ономастикалық комиссиясын құру және Ережесін бекіту туралы» қаулысы қабылданып, облыс әкімінің 2013 жылғы 6 маусымдағы өкімімен бекітілген облыстық ономастика комиссиясының мүшелері тарапынан жұмыстар жүргізілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясымен мақұлданған «Тарихи тұлғалар» тізіміне сәйкес облыс бойынша 3 ауданның, 8 ауылдық округтің, 19 елді мекеннің, 4000 жуық көшенің, 115 білім мекемесі мен 2 мәдениет ұйымының атауы тарихи тұлғалардың атымен аталған.

Халық арасында ортақ тарихи сана қалыптастыру мақсатында 2017-2019 жылдары облыстық ономастика комиссиясының отырысында қаралған 1825 ұсыныстың 1599-ына оң қорытынды берілген (766 дәстүрлі атау, 328 жер-су аты, 505аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және қоғамдастық алдында еңбек сіңірген адамдардың есімі (442 тарихи тұлғалар тізіміне енгізілген кісі есімдері).

Бағдарламаның көрсеткіштері:

1) мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі (2016 жылы – 80%, 2017 жылы – 83%, 2018 жылы – 85%, 2019 жылы – 90%);

2) мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесі (2016 жылы – 70%, 2017 жылы – 80%, 2018 жылы – 90%, 2019 жылы – 100%);

3) мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақтілді контенттің үлесі (2017 жылы – 70%, 2018 жылы – 71%, 2019 жылы – 72%);

4) қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесі (2013 жылы – 20%, 2016 жылы – 60%, 2017 жылы – 75%, 2018 жылы – 90%, 2019 жылы – 100%);

5) шешім қабылдау процесін талқылауға ашықтық және қоғамдық қолжетімділік қағидаттарын сақтау бөлігінде ономастикалық комиссиялардың жұмысына халықтың қанағаттану дәрежесі (2013 жылы – 60%, 2016 жылы – 75%, 2017 жылы – 80%, 2018 жылы – 81%, 2019 жылы – 82%);

6) орыс тілін меңгерген республика халқының үлесі (2017 жылы – 89%, 2018 жылы – 89%, 2019 жылы – 89%);

7) этномәдени бірлестіктер жанындағы қазақ және ана тілдерін оқыту курстарымен қамтылған этностардың үлесі (2013 жылы – 60%, 2016 жылы – 70%, 2017 жылы – 73%, 2018 жылы – 78%, 2019 жылы – 80%);

8) ағылшын тілін меңгерген республика халқының үлесі (2013 жылы – 10%, 2016 жылы – 22%, 2017 жылы – 23%, 2018 жылы – 25%, 2019 жылы-27%);

9) Үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген республика халқының үлесі (2013 жылы – 10%, 2016 жылы – 20,5%, 2017 жылы – 22%, 2018 жылы – 24%, 2019 жылы – 25%).

III. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Мемлекеттік аудит барысында жалпы анықталған  «Алматы облысының «Тіл» оқу әдістемелік орталығы» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі бойынша 649,9 мың теңге қаржылық бұзушылықтардың сомасынан 180,9 мың теңге жергілікті бюджет есебіне аударылды,  157,7 мың теңге қаржылық есептілік бойынша қалпына келтірілді,  311,3 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілуі тиіс, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң «Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» мемлекеттік мекемесіне 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің» тиісті баптарымен әкімшілік жаза қолдану

 

 

 

 

мақсатында  2 материал жіберілді, аудит мерзіміндегі  жауапты тұлғаларға департамент тарапынан  хаттама толтырылды.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар

1.Жүргізілген аудиторлық іс-шараның нәтижесінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнама талаптарының сақталмай жалпы алғанда  649,9 мың теңге қаржылық бұзұшылықтар анықталған. 

2.Анықталған қаржылық бұзұшылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасы Заңнамаларының талаптарын тиісті сақтамау салдарынан бюджет қаражатын артық  шығысталуларына жол берілген.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының талаптарын сақтамаудан орын алған.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.

Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуына сәйкестік аудиті нәтижелерін негізде ала отырып ҰСЫНАМЫН:

1. «Алматы облысының  тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «Алматы облысының «Тіл» оқу әдістемелік орталығы» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінде жергілікті бюджет Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуына жүргізілген сәйкестік аудитінің нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясынның отырысында қаралсын.

2. «Алматы облысының «Тіл» оқу әдістемелік орталығы» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі келесі шараларды қабылдасын:

1) 2021 жылдың 1 наурызына дейін бюджет есебіне өндірілуге жататын 311,3 мың теңгенің жергілікті бюджет есебіне өндірілуін қамтамасыз етсін.

2) А жергілікті бюджет есебіне өндірген 180,9 мың теңгесі және есептілік бойынша қалпына келтірілген 157,7мың теңге назарға алынсын.

3.5. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің   ЖИЫНТЫҚ ТІЗІЛІМІ  (3 парақ)

Тексеру комиссиясының мүшесі                                       Қ. Манамұратов

 

№2 мемлекеттік аудит

бөлімінің  басшысы                                                              Д. Базарбаев 

 

Сапа бақылауына жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы                                  Қ. Есенаманов

 

Әкімшілікқұқықтық бөлімнің басшысы                        А. Қадір 

 

Аудит тобының жетекшісі                                                   М. Ботабеков

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ