Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ Сарқан ауданы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 01.09.2021
Просмотры: 306 Печать страницы

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ I. Кіріспе бөлік 1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Сарқан ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану жеткізуінің тиімділік аудиті. 1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Сарқан ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділгіне аудит жүргізу. 1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері: 1. «Сарқан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі; 2. «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; 3. «Сарқан аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мемлекеттік мекемесі; 4. «Сарқан аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 5. «Алматы облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 6. «Сарқан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 7. «Сарқан ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 8. «Сарқан аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 9. «Сарқан аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 10. «Сарқан аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 11. «Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; 12. «Сарқан ауданының Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; 13. «Cарқан ауданының Аманбөктер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; 14. «Сарқан ауданының Амангелді ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі; 15. «Сарқан ауданының Бақалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; 16. «Cарқан ауданының Екіаша ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; 17. «Сарқан ауданының Қарабөгет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; 18. «Cарқан ауданының Көктерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; 19. «Cарқан ауданының Қарашыған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; 20. «Сарқан ауданының Қойлық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; 21. «Сарқан ауданының Лепсі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; 22. «Cарқан ауданының Черкасск ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; 23. «Cарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; 24. «Cарқан ауданы әкімдігінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2020 жылдың 31 желтоқсаны аралығы. II. Негізгі (талдамалық) бөлік 2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау: 2020 жылы аудан көлемінде өнеркәсіп орындарымен 8,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Нақты индекс көлемі 107,8%. Өңдеу өнеркәсібінде 116 пайыз қарастырылған, өсім 131,2 пайызға қамтамасыз етіліп, 5853,9 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Өнеркәсіп өнімдерінің көлемінің ұлғаюына, төмендегі іске қосылған жобалар себеп болған: - Лепсі ауылдық округінде «Ақтоғай ресайклинг» ЖШС-ң қатты қалдықтарды өңдейтін зауыты ашылған. Инвестициялық құны 43 млн.теңге, қуаттылығы тәулігіне 3000 тонна. Жаңа ашылған жұмыс орнының саны 20 адам. - Сарқан қаласында «Ануар» ЖК-ң құрам жемді өңдеу зауыты ашылып, инвестициялық құны 100 млн.теңге, қуаттылығы тәулігіне 5000 тонна. Жаңа ашылған жұмыс орнының саны 15 адам. - Қойлық ауылында «Фисюкова» ЖК шұжық өнімдерін шығаратын цех құру жобасын іске асырған. Жобаның инвестициялық көлемі 12 млн.теңге. Жаңа жұмыс орны – 3 адам. Ауыл шаруашылығында 46,3 млрд. теңгенің жиынтық өнімі өндірілген. Нақты индекс көлемі 102,3 %. Егістік алқап 98274 га.: оның 54451 га. дәнді дақылдар, 29568 га. майлық дақылдар, 660 га. көкөніс, 980 га. картоп, 119 га. бақшалық дақылдар, 9329 га. жем-азықтық дақылдар. Мал өнімдерін өндіру мен мал басының көрсеткіштері 2016 жылмен салыстарғанда, 2020 жылы 13,5 мың тонна ет (101,6%), 37,1 мың тонна сүт (102,4%), 13,5 млн. дана жұмыртқа (110,4%) өндірілген. Ауыл шаруашылық саласы бойынша 2 жоба іске асырылған, атап айтқанда: «Байдаулетова» ШҚ - 150 басқа арналған мал бордақылау алаңы салынып 4 жаңа жұмыс орны ашылған. «Абылкасымова» ШҚ - 120 басқа арналған мал бордақылау алаңы салынып 4 жаңа жұмыс орны ашылған. Аудандағы жұмыс жасайтын 2695 шағын және орта бизнес субъектілерімен 21,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілген, 2016 жылмен салыстырғанда 18,0 млрд. теңгеге немесе 7 есе өскен. Бюджетке 844,7 млн. теңге түсімдер түсіп, 5730 адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген. Бөлшек сауда айналымы 6,9 млрд. теңгені құрап, нақты индекс көлемі 101,6% орындалған. Инвестициялар көлемі 10,9 млрд. Теңгені құраған, нақты индекс көлемі 127,6% құрайды. Оның ішінде 3,2 млрд. теңге немесе 79,9% кәсіпорындардың өз қаражаттары есебінен салынған инвестициялар. 2020 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың көлемі 153,5 млн. теңгені, немесе үлесі 1,4 пайызды құрайды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсімі 2016 жылмен салыстырғанда 219,4% пайызға өскен. 2019 жылы 50 орындық 1 жекеменшік бала-бақша іске қосылып, барлығы 11 балабақша құрайды, оның 6 мемлекеттік, 5 жекеменшік және 18 шағын орталықтар жұмыс жасайды. Нәтижесінде бүлдіршіндер 100% балабақшамен қамтамасыз етілген. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде есепті кезеңде 2597 адам жүгінген. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 95 адамға жолдама берілген. Екінші бағыты бойынша 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде 111 адамға 61 млн. 672 мың теңге мемлекеттік гранттар беру жоспарланған. Үшінші бағыты бойынша: Бос жұмыс орнына - 1195 адам орналастырылған. Жастар практикасына - 90 адамға жолдама беру жоспарланып, 124 адамға жолдама берілген. Әлеуметтік жұмыс орнына - 55 адамға жолдама берілген. Қоғамдық жұмысқа - 712 адамға жолдама беру жоспарланып, 750 адамға жолдама берілген. 2020 жылы 1371 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, нақты 1763 жаңа жұмыс орыны ашылып (128,6%) орындалған. Аудан көлемінде жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,4% құрайды. 1899 адамға 178,4 млн. теңге мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсетілген. Сонымен қатар 103,3 млн. теңгеге түрлі бағыттағы көмектер көрсетілген (тұрғын-үй, мүгедектерді оқыту, ҰОС ардагерлеріне, Ауған соғысы ардагерлері, отын сатып алу т.б.). Мәдениет саласы бойынша 2020 жылдың 1 тоқсанында 103-тен астам ісшаралар өткізілген. Пандемияға байланысты жұмыс онлайн режимінде жүргізіліп 1831 онлайн-шара өткізілген. Оның 5-еуі әртүрлі байқаулар, фестивальдар. Аудандық мәдениет үйінде 59 үйірме жұмыс атқарады. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Қарабөгет ауылдық мәдениет үйінің қайта жаңғырту жұмысына 264 млн. 931 мың теңге қаражат бөлініп, бүгінге күнге құрылысы аяқталған. Дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін 118 спорт нысандары жұмыс атқаруда, оның ішінде: 1 стадион, 1 спорт кешені, 75 спорт алаңы, 31 спорт залы. Аудан тұрғындарының спорт және дене шынықтырумен айналысуына 31 спорттық нысандар өз қызметін көрсетуде. Халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 26,4% пайыз. Туризм саласындағы объектілер үстіміздегі жылы 75,8 млн. теңгеге ақылы қызметтерін көрсетіп, оның ішінде ішкі туризм бойынша 15,5 мың адам демалған. Құрылыс жұмыстарының көлемі 8,1 млрд. теңгеге жетіп, нақты индекс көлемі 100,2%-ды құраған. 6,5 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, 2016 жылмен салыстырғанда 147,7%-ды құрайды. 2020 жылы Сарқан қаласында 5 қабатты 50 пәтерден тұратын тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары басталып, бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаның жалпы құны: 580 млн. 503 мың теңге. Жұмыс орынымен 26 адам қамтылған. 2021 жылдың 1 қаңтарына тасымалданған жолаушылар саны 2502,8 мың адам, коммерциялық тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлер мен көліктік емес ұйымдар бағасын есепке алғандағы өсім – 51,3 пайыз. Жолаушылар айналымы 87 млн. 376 мың. жолаушы немесе өсім – 53 пайыз. Аудан жолдарының жөндеу жұмыстары 261,4 млн. теңгеге жүргізілген. Бүгінгі күні Сарқан ауданында орналасқан 36 елді мекеннің орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылғаны 28 (77,7 пайыз), қамтылмағаны – 2 (5,5 пайыз) және әкелімді - 6 (16,7 пайыз) елді мекен. Еркін ауылының 163,1 млн. теңгеге, ДЭУ ықшам ауданы 158,9 млн. теңгеге су жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілген. Қ.Қазыбаев ауылының су жүйесін қайта жаңғырту және құрлыс жұмыстарына 128,8 млн. теңгеге қаражат бөлініп, бүгінгі күнге жұмыстар аяқталған. 2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері Сарқан ауданы бойынша бюджет қаражаты есебінен салалар бойынша 7 762 447,8 мың теңгесі мемлекеттік аудитпен қамтылды. 12,3 мың теңге бюджетке қаражаттың түсуі кезіндегі заңнаманың өзге де қаржылық бұзушылықтар; 45 674,2 мың теңге қаржылық бұзушылықтар 44 702,6 мың теңге қалпына келтірілетін, 971,6 мың теңге өндірілетін); Сонымен қатар 3 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған. 1. «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларының 4 тармағы 1 тармақшасының талаптары бұзылып, 2020 жылы желтоқсан айында тәртіптік жазасы алынбағанына қарамастан бас маман Ш.Е.Баймадиеваға 121,2 мың теңге негізсіз сыйақы төленгені анықталды. Аудит барысында заңбұзушылық соммасы толығымен жергілікті бюджет есебіне аударылды. Сонымен қатар, мекеменің 2021 жылғы 01 қаңтарына өткізілген жылдық қорытынды теңгерімінде (баланс) қаржылық есептілік жасауында есеп айырысу актісі басшылыққа алынбай «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының филиалы - «Алматытелеком» өнірлік телекоммуникация дирекциясына 355,5 мың теңге кредиторлық қарызы бойынша бухгалтерлік баланстың 215 жолында жабдықтаушылармен мердігерлер алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек ретінде көрсетілмеген анықталды. Жалпы кредиторлық карыз 355,5 мың теңгеге бухгалтерлік есепте көрсетiлуге жататын деректердi көрсетпей, бухгалтерлік есепті әдістерін бұза отырып жүргізу, 2020 жылдағы қаржылық есептілікті бұрмалау жағдайына әкеп соққан. Аталған бұзушылық Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 31.03.2015 жылғы №241 бұйрығымен бекітілген «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының» 3-тармағы 1-тармақшасының және 5-тармағының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» бұйрығының және ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» қағидасының 116 және 118– тармақтарының талаптарының сақталмауынан орын алған. 2. «Сарқан ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларының 4 тармағы 1 тармақшасының талаптары бұзылып, 2020 жылы шілде айында тәртіптік жазасы алынбағанына қарамастан бас маман Қ.С. Ноғайбаеваға негізсіз 115,9 мың теңге негізсіз сыйақы төленгені анықталды. Аудит барысында заңбұзушылық соммасы толығымен жергілікті бюджет есебіне аударылды. 3. «Алматы облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасының 15.05.2007 жылғы «Еңбек кодексінің» 10- тарау 131-бабы 2-тармағының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2015 жылғы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесін бекіту туралы» қаулысының және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 29.01.2008 жылғы №40 бұйрығымен бекітілген бюджет қаражаты есебінен қаржыландыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидаларының 1-тарау 1-тармағы және 2-тарау 9.14-тармақтарының талаптары сақталмай, «Бірлік орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-нің математика пәнінің мұғалімі С.Д.Садуакасоваға қараша айындағы демалыс күндеріне 7 күнге 9 сағатқа 18,3 мың теңге еңбекақы негізсіз төленген. Сол сияқты, «Екіаша орта мектебі» КММ-нің музыка пәнінің мұғалімі Е.Б.Тоқтасыновқа 7 күнге 4 сағатқа 8,1 мың теңге, «М.Жұмабаев атындағы орта мектебі» КММ-нің тарих пәнінің мұғалімі С.Н.Мозговойға 7 күнге 8 сағатқа 22,6 мың теңге, бастауыш сынып мұғалімі Б.Т.Акимбаеваға 7 күнге 2 сағатқа 4,8 мың теңге еңбекақы негізсіз төленгені анықталды. Сонымен қатар, 2020 жылдың мамыр айында аудандық білім бөлімінің бас есепшісінің орынбасары Е.А.Моисееваға 02 мамырдағы №32ж/қ бұйрығы негізінде тәртіптік жаза «ескерту» берілгеніне қарамастан, 06 мамырда 78,3 мың теңге көлемінде негізсіз сыйақы төленгені анықталды. Алматы облысы әкімінің 2011 жылғы 10 тамыздағы №163 қаулысымен бекітілген «Коммуналдық меншік нысандарын жалға беру» қағидасының 10 тармағына және Сарқан ауданының жергілікті атқарушы органдары мен Сарқан қаласының жеке кәсіпкер арасындағы келісім-шарттың талаптары орындалмай, Сарқан қаласындағы орналасқан Ақын Сара атындағы орта мектебінің асханасын жалға алушы ЖК «Рысканов» 2020 жылдың қыркүйекжелтоқсан айларында қолданылған электр жүйесіне 12,3 мың тенге төлемеген. Аудит барысында негізсіз төленген еңбекақы және сыйақы жалпы сомасы 144,4 мың теңге толығымен жергілікті бюджет есебіне аударылды. 4. «Сарқан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №908 орташа жалақыны есептеудің біріңғай қағидаларының 7 тармағының талаптары сақталмай, мекеменің бөлім басшысы Ж.Кудияровқа 42,2 мың теңгеге, статистик- іс жүргізушісі М.Тоқтасынға 70,9 мың теңгеге негізсіз артық орташа еңбекақы төленгені анықталды. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 54 бабы 1 тармағының талаптары сақталмай, мекеменің бөлім басшысы Ж.Кудияровқа 9,6 мың тенге мөлшерінде еңбекақының артық төленгені анықталды. Аудит барысында негізсіз төленген еңбекақы жалпы сомасы 122,7 мың теңге толығымен жергілікті бюджет есебіне аударылды. 5. «Сарқан ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларының 4 тармағы 1 тармақшасының талаптары бұзылып, 2019 жылдың мамыр айында әлеуметтік жұмыскер А. Құрмашқа 49,7 мың теңге, 2019 жылдың қазан айында бас маман А.И. Сәрсенге 82,8 мың теңге негізсіз сыйақы төленгені анықталды. Аудит барысында жалпы сомасы 132,5 мың теңге негізсіз төленген сыйақы жергілікті бюджет есебіне аударылды. 6. «Сарқан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі: Сарқан ауданы Бақалы, Көкөзек және Алмалы ауылдарында спорт аландарың орнату және жайластыруға «Бағалы-Алакөль» ЖШС-мен 2020 жылдың 24 қыркүйегінде №42,43,44 келісім шарттардың жалпы соммасынан 40652,7 мың теңгеге жұмыс көлемдері орындалмаған. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 - тармағы және келісім шартардың 8.3 тармағында қаралған орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбы есептелмеген. Мекеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 «Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін анықтау туралы» қаулысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 191 қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларының 9-1 тармағы негізінде жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілер төтенше жағдай енгізу салдарынан туындаған, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған немесе өнім беруші шарттық міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайларда тапсырыс беруші мұндай әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу және оларға айыппұл санкцияларын қолдану жөнінде шараларды қолданбаған. «АЯКС-78» ЖШС-мен 19.09.2020 жылы №35 келісім шартымен Сарқан қаласының орталық қазандықтың жылу жүйесін ағымдағы жұмысын жүргізуге 52500,0 мың теңгеге жасалған, аяқталу мерзімі 10.10.2020 жылға дейін, 16.10.2020 жылы №1 қосымша шарт жасалынып алғашқы қаралған соммасы 17500,0 мың теңгеге көбейтілген, аяқталу мерзімі 31.10.2020 жылға дейін. «АЯКС-78» ЖШС-мен 2020 жылдың 28 қазанында 37700,0 мың теңгеге орындалған жұмыстардың актілері өткізілген, 16.10.2020 жылы №1 қосымша шарт 17500,0 мың теңгеге жасалынған, аяқталу мерзімі 31.10.2020 жылға дейін, акты бойынша жұмыстар 5.11.2020 жылы жасалынған. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 - тармағы және кешіктірілген әрбір күн үшін 19.09.2020 ж. №35 келісім шарттың 8.3 тармағында қаралған 0,1% мөлшерінде, Мекеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 «Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін анықтау туралы» қаулысына ҚР Үкіметінің 10.04.2020 жылғы №191 қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларының 9-1 тармағы негізінде мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа шағымданбаған және айыппұл есептемеген. 7. «Сарқан аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңның 60-бабының 1-тармағын бұза отырып, жобалаусметалық құжаттамада көзделген, уақытша ғимараттар мен құрылыстардан жалпы сомасы 46,5 мың теңге қаражатты қайтару қамтамасыз етілмеген. 2020 жылдың 25 ақпанындағы №2 негізгі келісім шартқа жасалған қосымша келісімнің 1 қосымшасына сәйкес аталған Жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстардың орындалу мерзімі 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылған. Алайда, 372,0 мың тенгеге атқарылған жұмыстар актісі Орындаушымен Мердігерге 2020 жылдың 7 тамызында тапсырылғандығы анықтылып, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43 бабының 24 тармағының және негізгі келісім шарттың 8.3 тармақтарына сәйкес орындаушы жұмыстарды, міндеттерді кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан 128 мерзімі өткен күндерге 0,1% немесе 47,6 мың тенге тұрақсыздық айыппұл бюджет есебіне өндірілмеген. (372000*0,1%=372*128=47 616 тенге). 2019 жыдың 27 маусымында Тапсырыс беруші (Мекеме) және Орындаушы ЖШС «Капремпроект» (Орындаушы) арасында Алматы облысы Сарқан ауданы Бірлік ауылында 25 орындық шағын орталығы бар 120 орындық мектеп құрылысы бойынша Жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 30592,3 мың тенгеге, оның ішінде 2019 жылға 22944,3 мың теңге, 2020 жылға 7648,0 мың теңге №21 келісім-шарты жасасқан, қызметтерді көрсету мерзімі келісім-шарт жасасқан күннен бастап 7,2 айға белгіленген. 2020 жылдың 30 қаңтарындағы №2 негізгі келісім шартқа жасалған қосымша келісімнің 1 қосымшасына сәйкес аталған Жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстардың орындалу мерзімі 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылған. Алайда, 383,0 мың тенгеге атқарылған жұмыстар актісі Орындаушымен Мердігерге 2020 жылдың 7 тамызында тапсырылғандығы анықтылып отыр. Орындаушы жұмыстарды, міндеттерді кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан 128 мерзімі өткен күндерге 0,1% немесе 49,0 мың тенге тұрақсыздық айыппұл бюджет есебіне өндірілмеген (383000*0,1%=383*128=49 024 тенге). Сонымен қатар, тапсырыс беруші тарапынан жоғарыда аталған келісімшарттар бойынша тиісті Мердігерге (Орындаушыға) қатысты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес шаралар қолданбаған немесе «Сарқан ауданы құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген. Аудит барысында жалпы сомасы 96,6 мың теңге тұрақсыздық айыппұл жергілікті бюджет есебіне аударылды. 8. «Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі: Сарқан қаласы әкімінің 04.06.2019 ж. №69-Ө өкімімен бекітілген «Сарқан ауданы Сарқан қаласы әкімінің аппараты» ММ-ң қызметкерлеріне ҚР шегінде қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды бюджет қаражаты есебінен өтеу қағидаларының және ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысымен бекітілген бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының 2) тармақшасы 3-тармағының талаптарын орындамау салдарынан, мекеме қызметкерлеріне тұрғын үй-жайды жалдау шығындары барлығы 37,6 мың теңгеге артық өтелгені анықталған. ҚР Үкіметінің 22.09.2000 ж. №1428 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ ҚР Парламенті депутаттарының ҚР шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Қағидалардың 2-тармағының талаптары бұзылып, мекеме басшысының өкімінсіз іссапар шығындары 13,3 мың теңге өтелген. ҚР Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу ережесінің 243, 272 тармақтарының талаптары сақталмай, атап айтқанда нысанның барлығы 1312,9 мың теңге сомасында, оның ішінде жобалық-сметалық қүжаттамасын дайындау және мемлекеттік сараптама қорытындысын алу, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу, авторлық және техникалық қадағалаушылардың шығындары мекеменің теңгеріміне алынбаған, яғни бухгалтерлік есепте көрсетiлуге жататын деректерi толық көрсетілмей, бухгалтерлік есебі әдістерін бұза отырып жүргізілген. Аудит барысында жалпы сомасы 50,9 мың теңге артық өтелген іссапар шығындары жергілікті бюджет есебіне аударылды. 9. «Сарқан ауданының Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі: ҚР Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу ережесінің 243, 272 тармақтарының талаптары сақталмаған, атап айтқанда нысанның барлығы 822,0 мың теңге сомасында жобалық-сметалық қүжаттамасын дайындау шығындары мекеменің теңгеріміне алынбаған, яғни бухгалтерлік есепте көрсетiлуге жататын деректерi толық көрсетілмей, бухгалтерлік есебі әдістерін бұза отырып жүргізілген. 10. «Cарқан ауданының Аманбөктер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» бұйрығымен бекітілген қағидасының 6 тарауы, 116 тармағы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есептің шоттар жоспарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген қағидасының 9 тармағының талаптары (енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) басшылыққа алынбай, 2019 жылдың қаңтар айында бас маман А.Қыдырбаевқа 88,1 мың теңге іс-сапар шығыны төленген, бірақта жылдық бухгалтерлік балансында қысқа мерзімді кредиторлық қарыз ретінде көрсетілмеген. 11. «Сарқан ауданының Амангелді ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2015 жылғы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесін бекіту туралы» қаулының 1 тармағының 2-3 тармақшасына қайшы 2019 жылғы күзетші С.Каймолдинға мамыр айында 41,6 мың теңге еңбекақы негізсіз төленген. Аудит барысында жалпы сомасы 41,6 мың теңге негізсіз төленген еңбекақы жергілікті бюджет есебіне өңдірілді. 12. «Сарқан ауданының Бақалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 2-қосымшасының бұзылуынан туындаған, яғни бағдарламашы Н. Нупбаеваның еңбек өтілін анықтау кезінде, 2020 жылғы мамыр-қыркүйек аралығындағы кезеңде D блогы (Қосалқы персонал) бойынша лауазымдық айлықақыны есептеу үшін коэффициент дұрыс қолданылмаған, яғни 2020 жылғы мамыр-қыркүйек аралығында 2,98 орнына 3,29 қолданылды, бұл өз кезегінде жалпы сомасы 27,4 мың теңге еңбекақының артық төленгеніне алып келді. Аудит барысында жалпы сомасы 27,4 мың теңге негізсіз төленген еңбекақы жергілікті бюджет есебіне өңдірілді. 13. «Cарқан ауданының Екіаша ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу ережесінің 9 - бөлімінің 243, 244 тармағының талаптары сақталмаған, атап айтқанда 24.10.2019ж. қабылдау актілері негізінде «Алматы облысының Сарқан ауданы, Екіаша ауылындағы Аманжолова, Амангелді, Абылайхан, Пушкин, Жастар жолдарының орташа жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттаманы әзірлеу» жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау сомасы 1000,0 мың теңгеге мекеменің теңгеріміне алынбаған, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2010 жылы бекітілген № 281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген қағиданың 16 тармағының талаптары (енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) басшылыққа алынбаған. 14. «Cарқан ауданының Көктерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.09.2000 жылғы №1428 қаулысымен бекітілген бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары 3,4-тармақтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.05.2018 жылғы №256 қаулысымен бекітілген бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары 3-тармағының талаптары сақталмай, Т.Тұяқоваға 29,2 мың теңге іс-сапар шығындары артық төленгені анықталып, аудит барысында бюджет есебіне өңдірілді. 15. «Cарқан ауданының Қарашыған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43 бабының 24 тармағының талаптарын сақтамай «ЕРМАХАН» ЖК-і 2019 жылдың 04 қазанындағы №30 шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттерін мерзімінде орындамағаны үшін, кешіктірген мерзімге тапсырыс беруші мен өнім беруші арасындағы келісім шарттың 7.3 тармағына сәйкес белгіленген мерзімді бұзғаны үшін әрбір мерзімі өткен күніне шарттың орындалмаған мөлшерінің 0,1% көлемінде тұрақсыздық айыппұлы есептелінуі тиіс болған (187500 теңге*0,1%*14 күн = 2625 теңге) өндіріп алуды қамтамасыз етілмеген. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12 бабының 4 тармағы 3 тармақшасының талаптарына қайшы тапсырыс беруші мердігерді мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы ретінде тану туралы талапарызбен сотқа шағымданбаған. Сол сияқты, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43 бабының 24 тармағының талаптарын сақтамай «Джайчубеков Жолдасхан Ергалиевич» ЖК-і 2019 жылдың 28 мамырындағы №26 шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттерін мерзімінде орындамағаны үшін, кешіктірген мерзімге тапсырыс беруші мен өнім беруші арасындағы келісім шарттың 7.3 тармағына сәйкес белгіленген мерзімді бұзғаны үшін әрбір мерзімі өткен күніне шарттың орындалмаған мөлшерінің 0,1% көлемінде тұрақсыздық айыппұлы есептелінуі тиіс болған (200000 теңге*0,1%*13 күн = 2600 теңге) өндіріп алуды қамтамасыз етілмеген. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12 бабының 4 тармағы 3 тармақшасының талаптарына қайшы тапсырыс беруші мердігерді мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы ретінде тану туралы талапарызбен сотқа шағымданбаған. Аудит барысында жалпы сомасы 5,2 мың теңгені құрайтын тұрақсыздық айыппұлы бюджет есебіне аударылды. 16. «Сарқан ауданының Қойлық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі: Мекеменің 2019-2020 жылдық қаржылық есептілік жасауында салыстыру актілері басшылыққа алынбай (ШЖҚ «ЖетысуЭнерготрейд») 2019 жылы 94,0 мың теңгенің, 2020 жылы 109,8 мың теңгенің кредиторлық берешек ретінде және 2020 жылдары 129,5 мың теңгенің дебиторлық қарызы бухгалтерлік баланстың дебиторлық берешек ретінде көрсетілмегені анықталды. Бухгалтерлік есепте көрсетiлуге жататын деректердi көрсетпей, бухгалтерлік есепті әдістерін бұза отырып жүргізу, 2019-2020 жылдардағы қаржылық есептілікті бұрмалау жағдайына әкеп соққан. Бұл өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу ережесінің 114,116-тармақтарының талаптарының бұзылуына әкелген. 17. «Сарқан ауданының Лепсі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі: «Сарқан ауданының мемлекеттік органдарындағы қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативі және техникалық қызметкерлер санының лимиті туралы» Сарқан ауданы Әкімінің 14.02.2020 жылғы № 5-ө өкімінің 1 тармағының 1-ші қосымшасы талабы сақталмай, лимит бойынша 1-қызметтік автокөліктің орнына мекемеде 2 автокөлік тіркелген. 18. «Cарқан ауданының Черкасск ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі: Мекеменің 2019 жылдық қаржылық есептілік жасауында салыстыру актілері басшылыққа алынбай (Алматытелеком өңірлік телекоммуникациялар дирекциясы 2019 жылдары 138,1 мың теңгенің дебиторлық қарызы бухгалтерлік баланстың дебиторлық берешек ретінде көрсетілмегені анықталды. Бухгалтерлік есепте көрсетiлуге жататын деректердi көрсетпей, бухгалтерлік есепті әдістерін бұза отырып жүргізу, 2019 жылғы қаржылық есептілікті бұрмалау жағдайына әкеп соққан. Бұл өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу ережесінің 114 тармағының талаптарының бұзылуына әкелген. 19. «Cарқан ауданы әкімдігінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 2- қосымшасының бұзылуынан туындаған, яғни есепші Г. Долдаеваның еңбек өтілін анықтау кезінде, 2019 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығындағы кезеңде С блогы (Әкімшілік персонал) бойынша лауазымдық айлықақыны есептеу үшін коэффициент дұрыс қолданылмаған, яғни 2019 жылғы қаңтар-мамыр аралығында 3,69 орнына 3,86, 2019 жылғы маусым-желтоқсан 4,61 орнына 4,83 қолданылды, бұл өз кезегінде жалпы сомасы 49,8 мың теңгеге еңбекақының артық төленгеніне алып келді. Аудит барысында жалпы сомасы 49,8 мың теңге негізсіз төленген еңбекақы жергілікті бюджет есебіне өңдірілді. 2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтікэкономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе): 2016-2020 жылдарға арналған Аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылуын бағалау. «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 бұйрығына сәйкес, Сарқан ауданының 2016-2020 жылдарға арналған өңірлерді дамыту бағдарламасы 2019 жылғы Сарқан ауданыны маслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №72-288 шешімімен бекітілген. Сарқан ауданының 2016-2020 жылдарға даму бағдарламасы 5 бағыттан тұрады. Өңірде келесі 3 бағыт бойынша 9 нақты мақсат, 26 индикатор айқындалған. Сарқан ауданының 2016-2020 ж.ж. арналған аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру туралы есебіне сәйкес(есепті кезең 2020 жыл) 1-БАҒЫТ. Экономика. 1-мақсат. Өнеркәсіптің үдемелі дамуын қамтамасыз ету. 2020 жылғы ауданның даму бағдарламасының орындалу Есебі бойынша 2 нысаналы индикатор қарастырылған: 1) Өңдеу өнеркәсібі өнімін шығарудың нақты көлем индексі, 2) 2016 жылмен* салыстырғанда инвестиция. 2-мақсат. Агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің бәсеке қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау. АӨК субъектілерінің бәсеке қабілеттілігін арттыруға жағдай жасау мақсаты бойынша 1 нысаналы индикатор қарастырылған: 1) Ауыл шаруашылық өнімінің нақты көлем индексі; 2-БАҒЫТ. Әлеуметтік сала. 1- мақсат. Білім сапасын және қол жетімділігін қамтамасыз ету, балалардың заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсаты бойынша 2 нысаналы индикатор қарастырылған: 1) Апатты және үш аусымды мектептер саны; 2) Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамту. 2-мақсат. Халықтың денсаулығын жақсарту 2 нысаналы индикатор қарастырылған: 1) 100 мың тірі туылғандарға шаққандағы ана өлімі; 2) 1000 тірі туғандарға шаққанда нәресте шетінеуінің азаюы. 3-мақсат. Халықты жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу шараларының тиімділігін арттыру және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бойынша 5 нысаналы индикатор қарастырылған: 1) Жұмыссыздық деңгейі; 2) Жалпы өз бетінше жұмыспен қамтылғандар % санының, өнімсіз жұмыспен қамтылғандар үлесі; 3) Үлес салмағы атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек), белсенді шараларға тартылған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу; 4) Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген халықтың мүмкіндігі шектеулі адамдардың жұмысқа орналасқандардың үлесі; 5) Әлеуметтік және көлік инфрақұрылым, мүгедектер үшін қамтамасыз етілген қол жетімді объектілердің үлесі. 4-мақсат. Мәдениет саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және бұқаралық спортты дамыту және туризм индустриясын тұрақты дамыту бойынша 3 индикатор қарастырылған: 1) 1000 адамға шаққанда кітапханаларға келушілердің орташа саны; 2) Халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі; 3) Алдыңғы жылмен салыстырғанда орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілер санын арттыру. 5-мақсат. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша 3 нысаналы индикатор қарастырылған: 1) 10000 тұрғынға қылмыстылық деңгейі; 2) Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы; 3) Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі. 3-БАҒЫТ. Инфрақұрылым. 1-мақсат. Тұрғын үй құрылысын дамыту, коммуналдық сектордың инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту және көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша 6 нысаналы индикатор қарастырылған: 1) Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі; 2) Құрылыс жұмыстарының көлемі; 3) Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы ауданы; 4) Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету; 5) Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету: қалаларда, АЕМ-де; 6) Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі. 2-мақсат. Аумақтың экологиялық жағдайын жақсарту және жер ресурстарын тиімді пайдалану бойынша 2 нысаналы индикатор қарастырылған: 1) Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату олардың пайда болуына қатысты үлесі; 2) Экологиялық талаптарға және санитариялық қағидаларға сәйкес келетін қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан). Бағдарламада 2020 жылы қол жеткізуге қарастырылған 26 нысаналы индикатордың ішінде 26-на қол жеткізілген немесе жалпы санына 100% жеткізілген. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту» бағдарламасы шеңберінде барлық үш бағыт бойынша жоспарлы көрсеткіштер орындалған. 2020 жылы ауданда 1763 жаңа жұмыс орны ашылған. Әлеуметтік сала бойынша 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жалпы сомасы 178 млн. 381 мың теңгеге 347 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. 2020 жылға бекітілген кешенді жоспарға сәйкес жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 2405 адамды қамту жоспарланса, 2597 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды немесе жоспар 104,3 % орындалды, ол келесідей: Бағдарламаның бірінші бағыты қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 70 адамды оқыту жоспарланса, 95 адам оқытылды. Екінші бағыты бойынша «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 156 адамды оқыту жоспарланып, 156 адам оқытылды. Жаңа бизнес-идеяларды (жастарға, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға және мүгедектерге) іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде 111 адамға 61 млн. 672 мың теңге берілді. Саркан-69 адам, Алмалы-13 адам, Аманбөктер- 1 адам, Амангельді-1 адам, Бақалы-3 адам, Екіаша-14 адам, Қойлық-1 адам, Черкасск-4 адам, Лепсі-1 адам, Шатырбай-1 адам, Қарабөгет-3 адам. Өз ісін ашуға және жұмыс істеп жүрген қызметін кеңейту үшін 36 адамға 113,4 млн.теңге шағын несие берілді. Сарқан - 12 адам, Амангельді-3 адам, Алмалы-3 адам, Бақалы-5 адам, Екіаша-6 адам, Коктерек-1 адам, Қойлық-2 адам, Қарабөгет- 3 адам, Черкасск-1 адам. Үшінші бағыты бойынша бос жұмыс орнына 893 адам орналастыру жоспарланса, 1195адам орналастырылды. Жастар практикасынан 90 адам өткізу жоспарланса, 124 адам өткізілді. Әлеуметтік жұмыс орнындарына 37 адам орналастыру жоспарланса, 55 адам орналастырылды. Қоғамдық жұмысқа 712 адам орналастыру жоспарланса, 750 адам орналастырылды. III. Қорытынды бөлік 3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін бюджет есебіне жалпы сомасы 925,1 мың теңге өндірілді, 44 702,6 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды, олар: - «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 121,2 мың теңге бюджет есебіне өндірілді және 355,5 мың теңге қалпына келтірілді; - «Сарқан ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 115,9 мың теңге бюджет есебіне өндірілді; - «Алматы облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 132,1 мың теңге бюджет есебіне өндірілді; - «Сарқан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 122,7 мың теңге бюджет есебіне өндірілді; - «Сарқан ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» бойынша өндірілуге жататын 132,5 мың теңге бюджет есебіне өндірілді; - «Сарқан аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 96,6 мың теңге бюджет есебіне өндірілді; - «Сарқан ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуі тиіс 40 652,7 мың теңге қалпына келтірілді; - «Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 50,9 мың теңге бюджет есебіне өндірілді және қалпына келтірілуі тиіс 1312,9 мың теңге бухгалтерлік есеп негізінде қалпына келтірілді; - «Сарқан ауданының Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуі тиіс 822,0 мың теңге бухгалтерлік есеп негізінде қалпына келтірілді; - «Cарқан ауданының Аманбөктер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуі тиіс 88,1 мың теңге қалпына келтірілді; - «Сарқан ауданының Амангелді ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 41,6 мың теңге бюджет есебіне өндірілді; - «Сарқан ауданының Бақалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 27,4 мың теңге бюджет есебіне өндірілді; - «Cарқан ауданының Екіаша ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуі тиіс 1 000,0 мың теңге бухгалтерлік есеп негізінде қалпына келтірілді; - «Cарқан ауданының Көктерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 29,2 мың теңге бюджет есебіне өндірілді; - «Cарқан ауданының Қарашыған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 5,2 мың теңге бюджет есебіне өндірілді; - «Сарқан ауданының Қойлық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуі тиіс 333,3 мың теңге қалпына келтірілді; - «Cарқан ауданының Черкасск ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуі тиіс 138,1 мың теңге қалпына келтірілді; - «Cарқан ауданы әкімдігінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 49,8 мың теңге бюджет есебіне өндірілді. Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 8 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды: - Алматы облысы Сарқан ауданының әкімінің 2021 жылғы 26 шілдедегі №95-ө өкіміне сәйкес, персоналды басқарудың біріңғай қызметі (кадр қызметі) бөлімшемесінің басшысы Г.Мырзабаеваға ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған; - «Сарқан аудананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының 2021 жылғы 16 шілдедегі №59 бұйрығына сәйкес, аталған бөлімнің бас маман-есепшісі И.Тультекеноваға ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған; - «Алматы облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басышысының 2021 жылғы 1 шілдедегі №151 бұйрығына сәйкес, аталған бөлімнің орталықтандырылған бухгалтерияның есепшісі Э.Бершимбековаға ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған; - «Сарқан аудананың қаржы бөлімі» ММ басышысының 2021 жылғы 13 шілдедегі №23 бұйрығына сәйкес, аталған бөлімнің сектор меңгерушісі Б.Бостановаға ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған; - «Сарқан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысының 2021 жылғы 25 маусымдағы №14 бұйрығына сәйкес, аталған бөлімнің статистик- іс жүргізушісі М.Тоқтасынға ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған; - Сарқан ауданының Лепсі ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 тамыздағы №40-Ө өкіміне сәйкес, бас маман - есепшісі Е.Ахметжановқа ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған; - «Сарқан ауданы әкімдігінің аудандық кітапханасы» КММ басшысының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 10 бұйрығына сәйкес, есепші Г.Долдаеваға ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған; - Сарқан ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 2 тамыздағы №15-Ө өкіміне сәйкес, бас маман - есепшісі Н.Оспановаға ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жылпы саны 12 материал жолданды, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес 8 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 583,4 мың теңге, 207 бабының 16 тармағына сәйкес 1 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып жалпы сомасы 175,0 мың теңге, 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасына сәйкес 1 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып жалпы сомасы 43,8 мың теңге аудиторлық іс-шара барысында айыппұл бюджетке төленді, олар: - «Сарқан аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы М.Рымбаеваға №565 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабының 16 тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған; - «Сарқан аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы М.Рымбаеваға №566 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабының 16 тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған; - «Сарқан ауданының Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман-есепшісі Е.Дүйсебайға №558 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған; - «Сарқан ауданының Қойлық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман-есепшісі Н.Есиркееваға №568 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған; - «Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман-есепшісі Н.Мерекенге №583 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған; - «Сарқан ауданының Черкасск ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман-есепшісі Н.Бекбулатоваға №584 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған; - «Сарқан ауданының Аманбөктер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман-есепшісі Ж.Серикпаеваға №590 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған; - «Сарқан ауданының Қарашыған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Тоқтасыновқа №599 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған; - «Сарқан ауданының Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман-есепшісі Б.Ашкеноваға №601 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған; - «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман-бас есепшісі Г.Турганбаеваға №606 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған; - «Сарқан ауданының Екіаша ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бұрыңғы бас маман-есепшісі І.Балтабекке №610 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған; - «Сарқан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаның іс-әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамы анықталмады (Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 12.08.2021 жылғы № 03-15-1860-5171 хаты). 3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар. 1. Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша 45 674,2 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 12,3 мың теңге бюджетке қаражаттың түсуі кезіндегі заңнаманың өзге де қаржылық бұзушылықтар және 3 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. 2. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының талаптарын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының талаптарын, Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу туралы Ережесінің сақтамаудан орын алған. 3. Қазақстан Республикасы Заңнамаларының талаптарын тиісті сақтамау салдарынан бюджет қаражатын артық және негізсіз шығысталуларына жол берілген. 3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы және жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану жеткізуінің тиімділік аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН: 1. Сарқан ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану жеткізуінің тиімділік аудитінің нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын. 2. Сарқан ауданының әкімі келесі шараларды қабылдасын: 1) 2021 жылдың 27 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзылуына жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарасын. 2) 2021 жылдың 27 қыркүйегіне дейін бюджет есебіне өндірілуге жататын 46,5 мың теңгенің жергілікті бюджет есебіне өндірілуін қамтамасыз етсін. 3) Мемлекеттік аудит объектілері басшыларының бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрын жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында жергілікті бюджет есебіне өндірген 925,1 мың теңгесі және есептілік бойынша қалпына келтірілген 44 702,6 мың теңге назарға алынсын. 3. Сарқан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінде анықталған заңбұзушылықтарға құқықтық баға беру мақсатында тиісті материалдар құқық қорғау органдарына жолдансын. 3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі. Тексеру комиссиясының мүшесі Қ. Манамұратов Бөлім басшысы Н. Қалқаев Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы Қ.Есенаманов Құқықтық сүйемелдеуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы А.Қадир Аудит тобының жетекшісі Н. Қалқаев

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ