Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ Кербұлақ ауданы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 18.10.2021
Просмотры: 503 Печать страницы

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Кербұлақ ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігі аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Кербұлақ ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділгіне аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1. «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі;

2.  «Кербұлақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

3. «Кербұлақ ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мемлекеттік мекемесі;

4. «Кербұлақ ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

5. «Кербұлақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

6. «Кербұлақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кербұлақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7. «Алматы облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

8. «Кербұлақ аудандық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

9. «Кербұлақ ауданының жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

10. «Кербұлақ ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

11. «Кербұлақ ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

12. «Кербұлақ ауданы Сарыозек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

13. «Кербұлақ ауданы Алтынемел ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

14.  «Кербұлақ ауданы Басши ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

15. «Кербұлақ ауданы Жайнақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

16. «Кербұлақ ауданы Жоламан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

17. «Кербұлақ ауданы Қарашоқы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

18. «Кербұлақ ауданы Қаспан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

19. «Кербұлақ ауданы Коғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

20. «Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

21. «Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

22. «Кербұлақ ауданы Сарыбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

23. «Кербұлақ ауданы Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

24. «Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

25. «Кербұлақ ауданы Шанханай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

26. «Кербұлақ ауданы Шұбар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2020 жылдың 31 желтоқсаны аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

Кербұлақ ауданы Алматы облысының 4 ауданымен: Ескелді, Көксу, Балқаш, Панфилов аудандарымен және 2 қаламен: Текелі және Қапшағай қалаларымен шектеседі және аграрлық бағыттағы өңірлерге жатады.

Аудан аумағы 11,5 мың км, облыс аумағының үлес салмағы 5,1% құрайды.

Ауданның әкімшілік-аумақтық бөлінісі 15 ауылдық округтен тұрады. Ауданда 63 елді мекен бар.

Кербұлақ ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметі халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру, өңірлік экономиканың тұрақты дамуы, өнеркәсіптің тұрақты дамуын қамтамасыз ету және инвестициялар тарту, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, білім берудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, балалардың заңды мүдделерін қорғау және қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімділігін арттыру және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, мәдениет саласындағы белсенділіктің, және туризм индустриясын тұрақты дамыту, АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау, тұрғын үй құрылысын дамыту, коммуналдық сектордың инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту және көлік инфрақұрылымын жақсарту, ауданның экологиялық жағдайын жақсарту және жер ресурстарын тиімді пайдалану, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.

Жоғарыда көрсетілген міндеттер мен бағыттарды іске асыруға Кербұлақ ауданының бюджетіне жыл сайын бюджет қаражаты көзделеді.

Жергілікті атқарушы органдардың перспективаға арналған негізгі басым міндеті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер көлемінің өсуі есебінен бюджеттің өзін-өзі қамтамасыз етуін арттыру болып табылады.

Алматы облысының 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №100 қаулысымен бекітілген. Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында аудандардың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері айқындалды.

Аудан экономикасының нақты секторын дамытудың түйінді көрсеткіштері: ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп болып табылады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2021 жылғы 1 қаңтарға қолданыстағы бағаларда 43 707,1 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі 101,9%.

Ауданның ауылдық жерлерінің жалпы ауданы 1149,3 мың га құрайды, оның ішінде: егістік – 132,5 мың га; жайылым – 747,7 мың га; шабындық – 20,5 мың га; басқалары – 248,7 мың га.

2020 жылы егіс алқабы 112,9 мың га, дәнді және дәнді – бұршақты дақылдар – 98,5 мың га, жем – шөп-10,9 мың га, басқалары-3,5 мың га құрады.

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 4 828,6 млн.теңгені құрады. Өнеркәсіптің нақты көлем индексі 108,4% - ды құрады.

2020 жылы қуаты жылына 1,2 млн.тонна цемент болатын «Alacem» ЖШС цемент зауыты іске қосылды. 450 тұрақты жұмыс орны құрылды. Зауыт Алматы облысындағы цементтің маңызды жеткізушісі болып табылады.

2020 жылы 403,0 млн.теңге сомасына 29 бірлік жаңа техника (5 бірлік – комбайн, 18 бірлік трактор және басқа да техника – 6 бірлік) сатып алынды.

2021 жылдың қаңтар айында негізгі капиталға салынған инвестициялар 13259,6 млн. теңгеге немесе НКИ 29,3%, облыстық көлемдегі ауданның үлесі 1,9% құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 7 321,0 млн.теңгеге немесе НКИ 101,1% орындалды.

Ауданда 52 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның ішінде: 33 орта, 7 негізгі 12 бастауыш мектеп. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының желісі 36 бірлікті құрайды, оның ішінде 7 балабақша және 29 мектепке дейінгі шағын орталық.

2021 жылдың 1 қаңтарына 2 795 адам жұмысқа орналастырылды, жылдық жоспар бойынша 2908 немесе 133,2%, оның ішінде: 1 720 адам тұрақты жұмыс орындарын алды, жылдық жоспар бойынша 1369 немесе 125,7%; уақытша – 1 075 жұмыссыз, жылдық жоспар бойынша 730 немесе 147,2%.

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 729 жұмыссыз ресми тіркелген, экономикалық белсенді халықтың қатарындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 4,7% - ды құрады.

Халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейі, оның әл – ауқатының мөлшері мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатының бағыттары мен басымдықтарын таңдауда маңызды әлеуметтік-экономикалық өлшем болып табылады.

2021 жылдың 1 қаңтарына аудан халқының саны 47 614 адамды, 2020 жылдың 1 қаңтарына – 48 142 адамды құрады. 2019 жылмен салыстырғанда олардың саны 528 адамға азайды. Халық санының төмендеуі көші-қонның одан әрі кетуіне байланысты.

Аудандағы қазіргі көші-қон процестері бірқатар себептерге байланысты: жалақының төмендігі, еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігі, ауыз су.

Статистикалық деректерге сәйкес 2020 жылға орташа айлық жалақы 135258 (шағын кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарынсыз) теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 120,4% (115961 теңге) құрады.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ