Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 10.08.2021
Просмотры: 379 Печать страницы

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ I. Кіріспе бөлік 1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі және оған қарасты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті. 1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу. 1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері: 1. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі; 2. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу» футбол клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; 3. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талғар қаласындағы Андрей Кивилев атындағы велоспорт бойынша олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 4. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шахматтан және үстел ойындарынан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 5. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған қаласының Андрей Кивилев атындағы облыстық велоспорттан олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 6. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мүгедектерге арналған облыстық мамандандырылған спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 7. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Текелі қаласының олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 8. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының Олимпиадалық резервтер дайындау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 9. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Гандболдан және футзалдан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 10. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының қысқы спорт түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 11. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық футболдан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 12. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің жекпе-жек түрлері бойынша мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 13. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мектеп-интернат колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 14. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 15. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Көгалдағы хоккейден мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 16. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алакөл ауданының Лепсі ауылындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектепинтернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 17. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Спорттың ойындық түрлері бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 18. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «№ 1 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» қомуналдық мемлекеттік мекемесі; 19. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Регбиден мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі; 20. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Олимп» кәсіпқой регби клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; 21. «Талдықорған қаласының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 22. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған қаласының ұлттық және ат спорты түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 23. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жастар спорттық ойын түрлер клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 24. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2020 жылдың 31 желтоқсан аралығы. II. Негізгі (талдамалық) бөлік 2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау: Алматы облысында дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін 3702 спорт нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде: 26 стадион, 3 спорт сарайы, 13 спорт ғимараттарының кешені, 2 құрама командалардың оқу-жаттығу орталығы, 33 спорт кешені (оның ішінде 11 дене шынықтыру-сауықтыру кешені), 1 шаңғы базасы, 248 атыс тирі, 4 атыс алаңы, 2 яхта клубы, 1 конькимен жүгіру стадионы, 20 хоккей корты, 2179 жазықтық құрылыс, 27 теннис корты, 7 ипподром, 53 бассейн, 902 спорт залы, 179 жапсарлас спорт залы және 2 шыңды бағындыру скаладромы. Бүгінгі таңда Алматы облысында 11 дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ФОК) жұмыс істейді (Ұзынағаш ауылы, Жаркент қаласы, Есік қаласы, Қаскелең қаласы, Кеген ауылы, Талғар қаласы, Қарабұлақ ауылы, Балпық би ауылы, Үшарал қаласы, Шамалған және Райымбек ауылдары). 2020 жылдан 6 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде «АуылЕл бесігі» бағдарламасы аясында 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ФОК) (Шонжы, Бақанас, Достық ауылдарында), жергілікті бюджет есебінен 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ФОК) (Жансүгіров, Нарынқол ауылдарында), мемлекеттік-жекешелік әріптестік (ГЧП) аясында 1 нысан (Талдықорған қаласындағы жабық жүзу бассейні). 2020 жылы қыркүйек айында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Қарасай ауданының Райымбек ауылында шынықтыру-сауықтыру кешені (ФОК) пайдалануға берілді. Сондай-ақ, 2 шынықтыру-сауықтыру кешені (ФОК) Қарабұлақ, Балпық би ауылдарында 2020 жылдың желтоқсан айында іске қосылды. 2021 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік (ГЧП) аясында салынған Талдықорған қаласында жабық жүзу бассейнін ашылды. 5 нысан – Жансүгіров, Нарынқол, Бақанас, Достық және Шонжы ауылдарындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері (ФОК) 2021 жылға ауыспалы болып қалдырылды. 2021 жылы Қапшағай қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік (ГЧП) аясында дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ФОК) салу жоспарлануда. Бұдан басқа, 10 спорт нысанының жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде, оның ішінде 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ФОК) (Қаратал, Еңбекшіқазақ, Іле аудандарында және Текелі қаласында), 6 спорт кешені (Райымбек 2, Панфилов 2, Ұйғыр және Алакөл аудандарында). Облыста үш кәсіби клуб жұмыс істейді: «Олимп» регби клубы, Талғар қаласында «Жастар» спорттың ойын түрлері клубы және «Жетісу» футбол клубы және ат және ұлттық спорт түрлері орталығы ашылды. 2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі және оған қарасты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен 22 038 542,0 мың теңге жұмсалған бюджет қаражаты қамтылып, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптарын сақтамау бойынша жалпы сомасы 12 794,2 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде: - 5 038,2 мың теңге қаржылық бұзушылықтар (оның 2 426,2 мың теңгесі қалпына келтірілуі тиіс, 2 612,0 мың теңгесі бюджет есебіне өндірілуі тиіс); - 7 500,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты; - 256,0 мың теңге тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты; Сонымен қатар 3 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған. Жеке мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар бойынша бұзушылықтардың сипаттамасы: 1. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.09.2000 ж. қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» №1428 Ережесі (өзгерістер мен толықтырулармен - бұдан әрі №1428 ереже) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының талаптары сақталмай, 199,6 мың теңгеге іссапар шығындары негізсіз өтелген. 2. «Талдықорған қаласының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 18 қосымшасы 10 тармағының талаптары орындалмай, 2019 жылғы қаңтар - 2020 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде жүргізуші Е.Мамыраимовқа «2-сыныпты жүргізуші» ретінде сыныптық біліктілігі үшін жалпы сомасы 84,9 мың теңге негізсіз үстемақы есептелініп төленген. 3. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талғар қаласындағы Андрей Кивилев атындағы велоспорт бойынша олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағының 1 тармақшасының талаптары бұзылып 2020 жылы желтоқсан тәртіптік жазасы алынбағанына қарамастан жаттықтырушы В.Вегельге 89,9 мың теңге сыйақы төленген. 4. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шахматтан және үстел ойындарынын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: 2020 жылдың 15 қазанында Тапсырыс беруші (Мекеме) және Орындаушы ЖШС "BM-Inc" арасында антивирус ESET NOD32 Internet Security бағдармасына 47807,2 тенгеге №20 (веб-порталда № 170840029951//200020/00) келісім-шарты жасасқан, қызметтерді көрсету мерзімі келісім-шарт жасасқан күннен бастап 15 күн (06.11.2020ж) белгіленген. Алайда, атқарылған жұмыстар актісі Орындаушымен Мердігерге 2020 жылдың 26 қарашасында тапсырылғандығы анықтылып отыр. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43 бабының 24 тармағының және негізгі келісім шарттың 7.3 тармақтарына сәйкес орындаушы жұмыстарды, міндеттерді кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан 47807,2*0,1%*20 күн=956,1 тенге) 0,1% немесе 956,1 тенге тұрақсыздық айыппұл бюджет есебіне өндірілмеген және өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген. 5. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мүгедектерге арналған облыстық мамандандырылған спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: Іс-сапар шығындарын есептеп төлеуде ҚР Үкіметінің 22.09.2000 жылғы № 1428 «ҚР аумағында мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен ҚР Парламенті депутаттарының қызметтік іс-сапары ережесі туралы» қаулысымен бекітілген қағидасының ( қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысы) 2 тарау 3 тармағының талабы бұзылып, 42,0 мың теңге іссапар шығындары өтелген. 6. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Текелі қаласының олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысы талаптары бұзылып, қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалысына шығу ақысы 529,1 мың теңгеге артық төленген. Мекеме қорларға жататын 1316 шотына көрсетілетін тізімі бойынша 82,6 мың теңгеге 1 қосымшасына, ұзақ мерзімді активтерде 2370 шотына есепке алынған. Бұл «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 243,244-тармақтарының талаптарына қайшы келеді. 7. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының Олимпиадалық резервтер дайындау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Қағидалардың 2-тармағын бұза отырып, тұрғын үй жалдау бойынша бокстан жаттықтырушы С.Шүкбутовқа 60,6 мың теңге іссапар шығыстары артық төленген. 8. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының қысқы спорт түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсан 2015 жылғы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесін бекіту туралы» қаулысының 3 тармағының 1 тармақшасына қайшы мекеменің 2020 жылы ақылы еңбек демалысына қосылатын бір ЛА (тарифтік мөлшерлеме) мөлшеріндегі сауықтыру жәрдемақысына сомасы 143,5 мың теңге ауылдық жердегі жұмысы үшін үстемеақы төленген. 9. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық футболдан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларын бұза отырып, тәртіптік жазасы бар қызметкерге 18,9 мың теңге мөлшерінде негізсіз сыйлықақы төленген. 10. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің жекпе-жек түрлері бойынша мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекiтiлген «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағы 1 тармақшасының талабы сақталмай, тәртіптік жазасы бар қызметкерге 52,0 мың теңге мөлшерінде сыйақы негізсіз есептеліп төленген. 11. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 2- қосымшасының бұзылып, қызметкерлердің еңбек өтілін дұрыс есептемеу нәтижесінде 233,1 мың теңге еңбекақы артық төленген. 12. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Көгалдағы хоккейден мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: Іссапар шығындарын есептеп төлеуде ҚР Үкіметінің 22.09.2000 жылғы №1428 «ҚР аумағында мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен ҚР Парламенті депутаттарының қызметтік іс-сапары ережесі туралы» қаулысымен бекітілген қағидасының 2 тарау 3 тармағының талабы бұзылып, спортшылардың жол жүру шығыны 140,0 мың теңгеге негізсіз төленген. 13. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алакөл ауданының Лепсі ауылындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағы толық сақталынбай, тәртіптік жазасы алынбаған қызметкерге 120,2 мың теңге сыйақы негізсіз төленген. 14. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Спорттың ойындық түрлері бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.05.2020 ж. №256 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы» Ереженің 2-тарауының 3-тармағының 2-тармақшасы бұзылып, 70,0 мың теңге іссапар шығыстары негізсіз төленген. «Жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы №1210 қаулысы талаптары бұзылып, жалпы сомасы 41,0 мың теңгеге 258 литр көлемінде АИ-92 маркалы бензині есептен артық шығарылған. 15. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «№1 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» қомуналдық мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы №191 бұйрығымен бекітілген дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес 33-тармағының талаптары және «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 40-бабының 4-тармағы бұзылып, қыметкерлерге 190,2 мың теңге жалақы негізсіз төленген. 16. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Регбиден мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі: Мекеме өз теңгеріміндегі ғимаратта орналасқан. Сонымен қатар, аудит барысында мекеменің бюджеттік өітінімдері негізінде 2019 жылдың басында 154 «Үй-жайды жалға алу төлемдерi» ерекшелігіне 7500,0 мың теңге қаралған. Алайда, аталған қаражаттар бюджеттік өтінімде қаралған мақсаттарға жұмсалынбай, жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу арқылы ақпан, наурыз айларында 169 «Өзге де ағымдағы шығындар» ерекшелігіне жылжытылып, жаттығушылардың қатысқан жарыстардағы шығындарына жұмсалынған. Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4 бабы 9) тармақшасымен көзделген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін негізділік (бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану) принципіне қайшы. Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы, қызметкерге үстемақы белгілеу туралы мекеме басшысының бұйрығы шығарылмағандығына және мекемеде «Көркем гимнастика» мамандығы бойынша жұмыстар атқарылмайтындығына қарамай 58,7 мың теңге үстеме ақы негізсіз төленген. «Жетісу Энерготрейд» ЖШС-нің алдындағы 56,6 мың теңге көлеміндегі берешек 2021 жылдың 1 қаңтарына бухгалтерлік баланстың 215 жолында жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек ретінде көрсетілмегені анықталды. 17. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Олимп» кәсіпқой регби клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» №145 Қаулысының 1 тармағының 3 тармақшасының талаптары сақталмай, кәсіпорынның қызметтiк автомобильдерiнiң шығындарының тиiстiлiк нормативтерi белгіленбеген. Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығымен бекітіліген «Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы» қағидасының (енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) 5 тарауы 16,21 тармақтарының талаптары басшылыққа алынбай, 2019 жылы сатып алынған 1 047,8 мың теңгені құрайтын негізгі құралдар бухгалтерлік есепке негізгі құралдар ретінде «Ұзақ мерзімді активтердің» 2410 шотына қойылмай, «Қорлар» ретінде «Қысқа мерзімді активтер» дің 1310 шотына қойылған. 18. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу» футбол клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны: 2019 жылдың 20 қарашасындағы тауарларды қабылдап алу – өткізіп беру актісіне сай «Мәметай Г.Х.» ЖК–і келісім шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттерін 72 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындаған. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 43 бабының 24 тармағының және келісім шарттың 7.2 тармағына сәйкес орындаушы жұмыстарды кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан (09.09.2019 - 20.11.2019 жыл 4 728 888 теңге*0,1%*72 =467976 теңге.) 0,1% тұрақсыздық айыпұл немесе 340,5 мың теңге есептелініп тиісті бюджет есебіне аударылмаған. 19. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған қаласының ұлттық және ат спорты түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 25 мамырдағы «Орталық, жергілікті мемлекеттік органдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» № 108 өкімінің 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге 3 жыл мерзімге кеңсе жиһазын сатып алуға тыйым салынған. Алайда жоғарыда көрсетілген өкім талаптарын бұза отырып, 032 бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатқа мекемен «P.T.Z.» ЖШС-мен 256,0 мың теңге сомасына офистік орындықтар сатып алуға 10.08.2020 ж. №74 келісім шарт жасалған. Яғни, мекеме үнемдеу режимін сақтамаған және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексінің 4 - бабының 9- тармағы-негізділік қағидаты бұзылып, нәтижесінде 256,0 мың теңге сомасында бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкеп соққан. 20. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жастар спорттық ойын түрлер клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы №342 «Азаматтық қызметшілер, мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығының 9-тармағымен мамандық бойынша жұмыс өтілін негізсіз көтеру нәтижесінде 11,1 мың теңге сомасында жалақы артық есептеліп төленген. «Мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың және мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері мемлекетке қатысушылардың жалпы жиналысының шешімдерін айқындауға мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің әкімшілік шығыстарына мониторинг жүргізу тетігін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы №145 қаулысының 1-тармағының 3-тармақшасы талаптары сақталмай кейбір шығыстардың лимиттері кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесімен белгіленбеген. 6 мемлекеттік мекемеге кәсіпорынмен өз бетінше өз теңгеріміндегі үйжайлар өтеусіз пайдалануға берілген, бұл Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 74- бабының 3-тармағын, кәсіпорын Жарғысының 4-тармағын бұзу болып табылады. 21. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны: «Тапсырыс беруші» мен «Рысбаева Люаза Алтыбаевна» ЖК арасында 2020 жылдың 27 қаңтарында 1425,0 мың теңгеге №04 келісім-шарты негізінде садақ оқтарымен сатылып алынған. Келісім шарттың 1 қосымшасына сәйкес садақ оқтарымен есеп шот-фактурасы негізінде жеткізілген. «Тапсырыс беруші» 1425,0 мың теңгенің өнімдерін төлем шотымен төлеп, орындалған жұмыстар актісімен қабылдап алған бірақ бухгалтерлік есепке негізгі құралдар ретінде алмаған. 2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтікэкономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе): Алматы облысында дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін 3702 спорт нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде: 26 стадион, 3 спорт сарайы, 13 спорт ғимараттарының кешені, 2 құрама командалардың оқу-жаттығу орталығы, 33 спорт кешені (оның ішінде 11 дене шынықтыру-сауықтыру кешені), 1 шаңғы базасы, 248 атыс тирі, 4 атыс алаңы, 2 яхта клубы, 1 конькимен жүгіру стадионы, 20 хоккей корты, 2179 жазықтық құрылыс, 27 теннис корты, 7 ипподром, 53 бассейн, 902 спорт залы, 179 жапсарлас спорт залы және 2 шыңды бағындыру скаладромы. Бүгінгі таңда Алматы облысында 11 дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ФОК) жұмыс істейді (Ұзынағаш ауылы, Жаркент қаласы, Есік қаласы, Қаскелең қаласы, Кеген ауылы, Талғар қаласы, Қарабұлақ ауылы, Балпық би ауылы, Үшарал қаласы, Шамалған және Райымбек ауылдары). 2020 жылдан 6 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде «АуылЕл бесігі» бағдарламасы аясында 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ФОК) (Шонжы, Бақанас, Достық ауылдарында), жергілікті бюджет есебінен 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ФОК) (Жансүгіров, Нарынқол ауылдарында), мемлекеттік-жекешелік әріптестік (ГЧП) аясында 1 нысан (Талдықорған қаласындағы жабық жүзу бассейні). 2020 жылы қыркүйек айында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Қарасай ауданының Райымбек ауылында шынықтыру-сауықтыру кешені (ФОК) пайдалануға берілді. Сондай-ақ, 2 шынықтыру-сауықтыру кешені (ФОК) Қарабұлақ, Балпық би ауылдарында 2020 жылдың желтоқсан айында іске қосылды. 2021 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік (ГЧП) аясында салынған Талдықорған қаласында жабық жүзу бассейнін ашылды. 5 нысан – Жансүгіров, Нарынқол, Бақанас, Достық және Шонжы ауылдарындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері (ФОК) 2021 жылға ауыспалы болып қалдырылды. 2021 жылы Қапшағай қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік (ГЧП) аясында дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ФОК) салу жоспарлануда. Бұдан басқа, 10 спорт нысанының жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде, оның ішінде 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ФОК) (Қаратал, Еңбекшіқазақ, Іле аудандарында және Текелі қаласында), 6 спорт кешені (Райымбек 2, Панфилов 2, Ұйғыр және Алакөл аудандарында). Сондай-ақ, Талдықорған қаласында көгалдағы хоккейге арналған жабық спорт залы және көркем гимнастика мен скаладромға арналған спорт кешені құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасына конкурс жарияланды. 3 мыңнан астам тұрғыны бар аса мұқтаж тірек және спутниктік ауылдарға 30,60,70,80,90,100 орындық 30 спорт кешеніне өтінім берілді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спортпен 651 513 адам айналысады. Бұл облыс халқының дене шынықтырумен және спортпен қамтылуының 31,5 пайызын құрайды. Облыста үш кәсіби клуб жұмыс істейді: «Олимп» регби клубы, Талғар қаласында «Жастар» спорттың ойын түрлері клубы және «Жетісу» футбол клубы және ат және ұлттық спорт түрлері орталығы ашылды. III. Қорытынды бөлік 3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін бюджет есебіне жалпы сомасы 2426,2 мың теңге өндірілді, 2612,0 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды, олар: - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінде негізсіз төленген жалпы сомасы 199,6 мың теңге іссапар шығындары жергілікті бюджет есебіне өндірілді; - «Талдықорған қаласының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде негізсіз төленген 84,9 мың теңге үстемақы жергілікті бюджет есебіне өндірілді; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талғар қаласындағы Андрей Кивилев атындағы велоспорт бойынша олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде негізсіз төленген 89,9 мың теңге сыйақы жергілікті бюджет есебіне өндірілді; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мүгедектерге арналған облыстық мамандандырылған спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде негізсіз өтелген 42,0 мың теңге іссапар шығындары жергілікті бюджет есебіне өндірілді; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Текелі қаласының олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 529,1 мың теңге артық төленген еңбек демалысына шығу ақысы жергілікті бюджет есебіне өндірілді; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының Олимпиадалық резервтер дайындау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 60,6 мың теңге артық төленген іссапар шығыстары жергілікті бюджет есебіне өндірілді; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының қысқы спорт түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде негізсіз төленген 143,5 мың теңге үстеме ақы жергілікті бюджет есебіне өндірілді; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық футболдан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде негізсіз төленген 18,9 мың теңге сыйлықақы жергілікті бюджет есебіне өндірілді; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің жекпе-жек түрлері бойынша мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде негізсіз төленген 52,0 мың теңге сыйақы жергілікті бюджет есебіне өндірілді; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде артық төленген 233,1 мың теңге еңбекақы жергілікті бюджет есебіне өндірілді; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Көгалдағы хоккейден мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде негізсіз төленген 140,0 мың теңге спортшылардың жол жүру шығыны жергілікті бюджет есебіне өндірілді; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алакөл ауданының Лепсі ауылындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектепинтернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде негізсіз төленген 120,2 мың теңге сыйақы жергілікті бюджет есебіне өндірілді; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Спорттың ойындық түрлері бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде негізсіз төленген 70,0 мың теңге іссапар шығыстары, есептен артық шығарылған АИ92 маркалы бензиннің 41,0 мың теңгесі, барлығы 111,0 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «№1 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» қомуналдық мемлекеттік мекемесінде негізсіз төленген 190,2 мың теңге жалақы жергілікті бюджет есебіне өндірілді; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Регбиден мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесінде негізсіз төленген 58,7 мың теңге үстеме ақы жергілікті бюджет есебіне өндірілді; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу» футбол клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында 340,5 мың теңге тұрақсыздық айыпұлы жергілікті бюджет есебіне өндірілді; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жастар спорттық ойын түрлер клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында артық есептеліп төленген 11,1 мың теңге жалақы жергілікті бюджет есебіне өндірілді; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Олимп» кәсіпқой регби клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында 1 047,8 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында 1425,0 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді. Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 16 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды: - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының 29.07.2021 ж. №89-б-ж/қ бұйрығымен жоспарлау-қаржыландыру және әкімшілік бөлімі басшысы А.Т.Төлепбековаға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды; - «Талдықорған қаласының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 21.07.2021 ж. №50-Н бұйрығымен бас есепші К. Нурушеваға ескерту берілді; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талғар қаласындағы Андрей Кивилев атындағы велоспорт бойынша олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 26.07.2021 ж. №04-03-79 бұйрығымен бас есепші А.В.Очеретина мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Н. Жумабаеваға сөгіс жарияланды; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Текелі қаласының олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 26.07.2021 ж. №180-ж/қ бұйрығымен директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары Н.В.Нестеренкоға сөгіс жарияланды; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының Олимпиадалық резервтер дайындау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 26.07.2021 ж. №04-02/17 бұйрығымен бас есепші Б. Ахметоваға ескерту берілді; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының қысқы спорт түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 23.07.2021 ж. №115 бұйрығымен есепші Е.К.Акановаға ескерту берілді; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық футболдан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 23.07.2021 ж. №58 бұйрығымен бас есепші Г. Асельбаеваға ескерту берілді; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің жекпе-жек түрлері бойынша мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 05.08.2021 ж. №30-ж/ө бұйрығымен бас есепші Н.Н.Алимбековке сөгіс жарияланды; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 30.07.2021 ж. №04-02/75 бұйрығымен кадр бөлімінің испекторы М. Аманжоловаға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Көгалдағы хоккейден мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 23.07.2021 ж. №27-ж бұйрығымен бас есепші А.Т.Төлепбековаға ескерту берілді; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алакөл ауданының Лепсі ауылындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектепинтернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 26.07.2021 ж. №64-н/қ бұйрығымен бас есепші Р.Б.Оспановқа ескерту берілді; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Спорттың ойындық түрлері бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі А. Нургалиеваға мекеме басшысының 23.07.2021 ж. №04-02/26 бұйрығымен ескерту берілді; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «№1 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» қомуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 09.08.2021 ж. №03-18/25 бұйрығымен бас есепші В.А.Семзоваға ескерту жарияланды; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Регбиден мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 26.07.2021 ж. №04-02/23/1 бұйрығымен бас есепші Л.М.Омартаеваға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу» футбол клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны басшысының 29.07.2021 ж. №51 бұйрығымен директордың шаруашылық бойынша орынбасары Н. Адамовқа ескерту жарияланды; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жастар спорттық ойын түрлер клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының 04.08.2021 ж. №068-Н бұйрығымен кадр бөлімінің инспекторы А.К.Бековаға сөгіс берілді. Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жалпы саны 5 материал жолданып «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» тиісті тармақтарына сәйкес лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жалпы сомасы 335,4 мың теңге аудиторлық іс-шара барысында айыппұл бюджетке төленді: - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шахматтан және үстел ойындарынан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - 2021 жылдың 20 тамыздағы № 041102 түбіртегімен 43 755 тенге айыппұл төленді; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Регбиден мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі - 2021 жылдың 26 тамыздағы № 0005 түбіртегімен 72 925 тенге айыппұл төленді; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Олимп» кәсіпқой регби клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны - 2021 жылдың 26 тамыздағы № 0017 түбіртегімен 72 925 тенге айыппұл төленді; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны - 2021 жылдың 26 тамыздағы № 0005 түбіртегімен 72 925 тенге айыппұл төленді; - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Текелі қаласының олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - 2021 жылдың 27 тамыздағы № 0007 түбіртегімен 72 925 тенге айыппұл төленді. 3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар. 1. Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша 5 038,2 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 7 500,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты, 256,0 мың теңге тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты және 3 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. 2. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының талаптарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы Заңының талаптарын, Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу туралы Ережесінің сақтамаудан орын алған. 3. Бюджет қаражаты шығындарын жоспарлау кезінде тиімділік принциптерінің сақталмауы салдарынын бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына жол берілген. 4. Қазақстан Республикасы Заңнамаларының тиісті талаптарын сақтамау салдарынан бюджет қаражатын артық және негізсіз шығысталуларына жол берілген. 3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігі аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН: 1. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі және оған қарасты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігі аудитінің нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын. 2. «Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен кәсіпорындар үшін мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларының лимитін бекіту туралы ұсыныс берілсін. 3. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларымен бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрын жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында жергілікті бюджет есебіне өндірілген 2426,2 мың теңге және есептілік бойынша қалпына келтірілген 2612,0 мың теңге назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін жұмыстар жүргізілсін. 3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі. Тексеру комиссиясының мүшесі Қ. Сағымбаев № 1 мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы Н. Қалқаев № 2 мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы Д. Базарбаев Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы Қ. Есенаманов Құқықтық сүйемелдеуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы А. Қадір Аудит тобының жетекшісі Д. Базарбаев

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ