Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Аудиторлық қортынды Талдықорған қаласы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 10.08.2021
Просмотры: 363 Печать страницы

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ I. Кіріспе бөлік 1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы:Талдықорған қаласының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану жеткізуінің тиімділік аудиті. 1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты:Талдықорған қаласының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділгіне аудит жүргізу. 1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері: 1. «Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; 1.1.«Талдықорған қаласының тұрғын үй қызметі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 1.2. «Жолаушыларды тасымалдау басқармасы жөніндегі орталық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 2. «Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Шаруашылық басқарамасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 3. «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 3.1. «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өтенай ауылдық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 4. «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 4.1 «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Нұрғиса Тілендиев атындағы балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; 4.2 «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; 4.3 «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балалар өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; 4.4 «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Құрама үлдегі № 1 яслибақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; 4.5 «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Құрама үлдегі № 2 яслибақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; 4.6 «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 3 «Балбөбек» сәбилер балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 4.7 «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 4 ясли-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; 4.8 «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 5 ясли-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; 4.9 «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 6 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; 4.10 «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 42 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; 4.11 «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 45 «Арман» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; 4.12 «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 8 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; 4.13 «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 14 «Айбөбек» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; 4.14 «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 15 «Айгөлек» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; 4.15 «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 7 ясли-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; 4.16 «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 10 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; 4.17 «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 11 «Құлыншақ» аралас бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 5. Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған қаласының ақпараттық-талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 6. «Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі; 6.1 «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 12 «Байтерек» бөбекжай» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; 7. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған қаласының «Өркен» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 8. «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» комуналдық мемлекеттік мекемесі; 9. «Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 10. «Талдықорған сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 11. «Талдықорған қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 12. «Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 13. «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 14. «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 14.1. «Талдықорған таңы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; 15. «Талдықорған қалалық Маслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі; 16. «Талдықорған қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 17. «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 17.1. «Талдықорған көркейту» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; 17.2. «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «104-апаттық газ қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны; 17.3. «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жетісу Су құбыры» қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны; 18. «Талдықорған қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 19. «Талдықорған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 20. «Талдықорған қаласының ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 21. «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 22. «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 23. «Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; 23.1. «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 13 «Құралай» құрама үлгідегі бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 24. «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жас техниктер станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 25. «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 26. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған қаласының №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 27. «Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 28. «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 29. «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тұрмыстық зорлық – зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 30. «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Салтанат Сарайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:2016 жылдың 1 наурызынан бастап, 2020 жылдың 31желтоқсаны аралығы. II. Негізгі (талдамалық) бөлік 2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау: 2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері Талдықорған қаласы бойынша бюджет қаражаты есебінен салалар бойынша 49 454 993,2 мың теңгесі мемлекеттік аудитпен қамтылды. 349,6 мың теңгебюджетке қаражаттың түсуі кезіндегі заңнаманың өзге де қаржылық бұзушылықтар; 224 283,7 мың теңге қаржылық бұзушылықтар (163 316,9 мың теңге қалпына келтірілетін, 60 966,8 мың теңге өндірілетін); 1 957,5 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану пайдалану фактілері анықтылды. Сонымен қатар 52 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар және 2 жүйелі олқылықтар мен кемшіліктер орын алған. 1. «Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Шаруашылық басқарамасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: Мердігер «АСК Ауыл құрылысы» ЖШС-мен 25.06.2020 ж. жасалынған №81 келісім-шарт бойынша Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының43-бабы 24-тармағының жәнеаталған келісім-шарттың 8-тармағының 8,3- тармақшасының талаптары орындалмай, міндеттеремелерін тиісінше орындамаған жағдайда, орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын ұстамаған (тұрақсыздық айыбы сомасы шарттың жалпы сомасының 10 пайызынан аспауы тиіс). Аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде орындамаған мердігердің атына кешіктірілген 15 күнге, келісім-шартта көрсетілген жалпы соманың 0,1 пайызы көлемінде 492,4 мың теңгеге (орындалмаған міндеттемелер сомасы 32 823,6 мың теңге*0,1%*15 күн=492,4 мың теңге) айыппұл салынып, аудит барысында жергілікті бюджет есебіне өңдірілді. Сол сияқты, Мердігер «ДАТ ПЛАСТ» ЖШС-мен 23.09.2020ж. жасалынған №111 келісім-шарт бойынша Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының43-бабы 24-тармағының жәнеаталған келісім-шарттың 8- тармағының 8,3-тармақшасының талаптары орындалмай, міндеттеремелерін тиісінше орындамаған жағдайда, орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын ұстамаған (тұрақсыздық айыбы сомасы шарттың жалпы сомасының 10 пайызынан аспауы тиіс). Аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде орындамаған мердігердің атына кешіктірілген 15 күнге, келісім-шартта көрсетілген жалпы соманың 0,1 пайызы көлемінде 97,8 мың теңгеге (орындалмаған міндеттемелер сомасы 6 518,8 мың теңге*0,1%*15 күн=97,8 мың теңге) айыппұл салынып, аудит барысында жергілікті бюджет есебіне өңдірілді. 2. «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі: ЖК «Куздикбаева Р.М» орындаушымен жасасқан 1 320,0 мың тенгені құрайтын 2020 жыдың 20 наурыздағы№13келісім-шарты бойынша бұйымға, нысанға жазу, сурет, төсбелгі жасау қызметтерін 13 күнге кешіктіріп атқарған, нәтижесінде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43 бабының 24 тармағының және негізгі келісім шарттың 7.3 және 7.4 тармақтарына сәйкес орындаушы жұмыстарды, міндеттерді кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан (1 320 000 *0,1%*13 күн=17 160 тенге) 0,1% немесе 17,2 мың тенге тұрақсыздық айыппұлын бюджет есебіне өндіруқамтамасыз етілмеген. Сол сияқты, Сахна шоуларына арналған металл конструкциялар жасау үшін «Жарнама агенттігі «Индиго» ЖШС-гімен 1 325 000 теңгеге жасалған 2020 жылдың 20 наурызындағы №16 келісім шарттың 8 тармағы 8.3 тармақшасының талаптары бұзылып, жұмыстар келісім шарттың 1 қосымшасында белгіленген мерзімнен 14 күнге кешіктіріліп орындалған, сәйкесінше тұрақсыздық көлемі 18,5 мың тенге (1 325 000*0,1%*14 күн=18 550) бюджет есебіне өндіруқамтамасыз етілмеген. Мәдени шаралар өткізуге бейнеклип түсіру қызметтерін көрсету үшін «Надиров» ЖК-мен 1 325 000 тенгеге жасалған 2020 жылдың 20 наурызындағы №14 келісім шарттың 7 тармағының 7.3 тармақшасына қайшы, Орындаушы тиісті қызметтерді белгіленген мерзімнен 15 күнге кешіктіріп атқарған, сәйкесінше тұрақсыздық көлемі 19,9 мың тенге (1 325 000*0,1%*15 күн=19 875)бюджет есебіне өндіруқамтамасыз етілмеген. Картридждерді толтыру қызметтеріне «Кривецкий Анатолий Викторович» ЖК-мен 300000 тенгені құрайтын 2020 жылдың 08 маусымындағы №21 келісім шарты жасалған. Нақтысында Орындаушы келісім шарттың 7 тармағы 7.3 тармақшасына қайшы, 1 қосымшасында көрсетілген уақытынан 40 күнге кешіктіріп орындаған, сәйкесінше тұрақсыздық айыппұл көлемі 12,0 мың тенге (300 000*0,1%*40 күн=12 000)бюджет есебіне өндіруқамтамасыз етілмеген. Жаңа жылдық сыйлық шоколад жиынтығын, катты қағаздан жасалған әдемі дизайнмен сатып алуға «TAUBA TRADE» ЖШС-мен 878 350 тенгеге жасалған 2020 жылдың 02 желтоқсанындағы № 41 келісім шарттың 7 тармағы 7.3 тармақшасына қайшы қызметтер келісім шарттың 1 қосымшасында көрсетілген уақытынан 12 күнге кешіктіріле отырып атқарылған, сәйкесінше тұрақсыздық айыбының көлемі 10,5 мың тенге (878 350*0,1%*12 күн=10 540)бюджет есебіне өндіруқамтамасыз етілмеген. Аудит барысында жоғарыда есептелген тұрақсыздың айыбы барлығы 78,1мың тенге көлемінде толығымен тиісті бюджет есебіне өтелді. «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өтенай ауылдық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында жүзеге асырылған үстеме тексерудің нәтижесі бойынша 2020 жылдың қаржылық есептілігінің жасалуы мен тапсырылуының Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігін тексеру барысында қаржылық есептiлiкті бұрмалау немесе жылдық бухгалтерлiк есепті қалыптастыруда көрсетiлуге жататын деректердi жасыру фактісі орын алған. Атап айтқанда, қаржылық есептілікке жауапты тұлғасы бас-есепшіЗ.Замзинатарапынан «АлматыТелеком» өңірлік телекоммуникация дирекциясымен есеп айырысуда13797 теңге, «Жетісу Энерготрейд» ЖШСмен есеп айырысуда 93137 теңге, жәнеТалдықорған қала әкімдігінің ШЖҚ «Жетісу су құбыры» МКК-мен есеп айырысуда 74193 теңге, барлығы 181,1 мың теңге көлеміндегі дебиторлық қарыздары 2021 жылдың 1 қаңтарына бухгалтерлік баланстың /04 жолында дебиторлық қарыз ретіндежабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек ретінде көрсетілмегені анықталды. Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпанындағы «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» № 234 аңының 2 тарауының4 бабының талаптарының бұзылуына әкеліп отыр. 3. «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бір қатар принциптерге негізделеді, оның ішінде, 9) тармақшасына сәйкес, негізділік принципі - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыз № 1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу туралы» Ережесінің 13 тармағына қайшыҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыз № 1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу туралы» Ережесінің 13 тармағына қайшықыркүйек айына Мекеменің үнемделген қаражаты 585,0 мың теңге екенін ескере келе, сый ақыға төленген қаражаттардың 120,0 мың теңгесі Мекеме аппаратын ұстауға қосымша бөлінген қаражат есебінен негізсіз төленгені анықталып,аудит барысында заңбұзушылық соммасы жергілікті бюджет есебіне өндірілді. Сонымен қатар, 2020 жылдың қаржылық есептілігінің жасалуы мен тапсырылуының Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігін тексеру барысында қаржылық есептiлiкті бұрмалау немесе жылдық бухгалтерлiк есепті қалыптастыруда бухгалтерлік есептілікті дұрыс жасауға жауапты тұлғасы тарапынан көрсетiлуге жататын деректердi жасыру фактісі орын алған. Атап айтқанда, қаржылық есептілікке «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жетісу су құбыры» қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен есеп айырысуда 846477 теңге, «Жетісу Энерготрейд» жауапкершіліг шектеулі серіктестігімен есеп айырысуда 126252 теңге және «Талдықорған қаласының тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талдықорғанжылусервис» қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен есеп айырысуда 9761207 теңге, барлығы 10733936 теңге көлеміндегі дебиторлық қарыздары 2021 жылдың 1 қаңтарына бухгалтерлік баланстың 14 жолында дебиторлық қарыз ретінде жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек ретінде көрсетілмегені анықталды. Бұл өз кезегінде «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 118-тармағының талаптарының бұзылуына әкеліп отыр. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсан 2015 жылғы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесін бекіту туралы» Қаулысының 4 қосымшасының талаптары сақталмай2 мұғалімге қосымша ақы төлеуге негіз болатын біліктілік сертификаттарының уақыты өтіп кеткені ескерілмей жалақыларына қосымша жалпы сомасы 254,0 теңге артық есептеліп төленген. Іс-сапар шығындарын өтеуде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 мамырындағы № 256 қаулысының 6 тармағынының талаптары орындалмай, Мекемемен 161 «Ел iшiндегi iссапарлар мен қызметтiк сапарлар» ерекшелігі бойынша «Талдықорған қаласының білім бөлімі» ММ-ң ведомстволық бағынысындағы 20 мемлекеттік коммуналдық мекемелерде (орта мектептер, мектеплицейлер, мектеп-гимназиялар) қызметкерлерінің іс-сапар шығындарына жыл бойы барлығы 1614857 теңге қаражаты жұмсалынған. Алайда, аудит барысында Мекемемен ұсынылған іс-сапар туралы есептерін зерделеу барысында қызметкерлермен тек 1546354 теңгеге ғана іссапар бойынша шығыстарды растайтын құжаттар өткізілгендігі анықталып, айырмасы 68,5 мың теңге кеткен шығындарды растайтын құжаттарынсыз, яғни негізсіз төленгені анықталды. Аудит барысында заңбұзушылық соммасы толығымен жергілікті бюджет есебіне аударылды. Мекеменің үстеме тексерудің нәтижелері бойынша: - «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Нұрғиса Тлендиев» атындағы балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бойынша Санитарлық қызмет (дезинфекция, дезинсекция, дератизация және соларға ұқсас) көрсету үшін«Дезинфекция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жасалған келісім-шарт бойынша міндеттемелердің толық орындалмағаны үшін Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 12-бабы 4-тармағы 3) тармақшасымен қаралған шаралар қолданбаған; - «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 42 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінің 29.08.2001ж. №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы»қаулысының 4 тармағының 1 тармақшасының талабы бұзылып, кәсіпорынның шаруашылық жөніндегі орынбасары Кожина Жанна Зинадиловнаға 21.07.2020 жылғы №45 ж/қ бұйрығымен берілген ескерту түріндегі тәртіптік жазасы бола тұра, 2020 жылдың тамыз айында 77,5 мың теңге сыйақы төленгені анықталды. «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 11 «Құлыншақ» аралас бөбекжайбақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бойынша 2020 жылдың қаржылық есептілігінің жасалуы мен тапсыруда Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 217 Бұйрығымен бекітілген «Ұлттық қаржылық есептіліктің №2 стандартын бекіту туралы» күшін жойғанқосымшалар бойынша тапсырылғандығы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығымен бекітілген «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қағидасының 3,5,7-тармақтарының талаптарына қайшы Кәсіпорынның 2021 жылдың 1 қаңтарының жағдайы бойынша өткен жылдардың қарызы ретінде бухгалтерлік баланстың 04 жолында қысқа мерзімді дебиторлық берешек және 27 жолында қысқа мерзімді кредиторлық берешек ретінде көрсетілмегені анықталған. - «Алматы облысы білім басқармасының «Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Құрама үлгідегі № 2 яслибақшасы»мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны бойынша «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпанындағы № 234 заңының 13 бабының 1 тармағына қайшы 99,8 мың теңгенің материалдық емес активі жылдық есепте көрсетілмей, бұрмалаулар фактілері орын алған. - «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 1 және 2 қосымшаларыныңталаптары орындалмай, аудитпен қамтылған кезеңде бас есепші Г.Байгудановаға 178,6 мың теңге, есепші А. Ордахановаға 191,7 мың теңге мөлшеріндежалақының негізсіз артық төленгендігі және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 495 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарқызметкерлерінің, әлеуметтік қамсыздандыру қазыналық кәсіпорындарды қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарының 2 тармағына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 2-қосымшасыныңталаптарына қайшы 64,3 мың теңге мөлшеріндежалақының негізсіз артық төленгендігі анықталды. Аудит барысында 200,0 мың теңге бюджет есебіне аударылды. 4. «Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған қаласының ақпараттық-талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: «109» қызметінің 1 маманы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V «Еңбек кодексі», 1 бабының 1 тармағының 2 тармақшасының, Еңбек шарттарының 1 тармағының 1.2 және 1.6 тармақшасының, 4 және 5 тармақтарының, маманның лауазымдық нұсқаулығының 3,4,6 тармақтарының талаптары өрескел бұзылып, «109» қызметінің 1 қызметкері Бикурманов Рауан Жанасилұлы міндеттері мен функцияларына ешбір байланысы жоқ «Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппаратында қызмет атқаруда. Аталған қызметкер 2020 жылғы 02 наурыздағы № 02 еңбек шартымен жұмысқа қабылданған. Мекеме маманыБикурманов Рауан Жанасилұлынан жергілікті бюджеттен негізсіз төленген 1260,2 мың теңге өтелуге жатады. 5. «Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі: Мекеменің 2021жылдың 25 қаңтарында №1241019/21-04 төлемшоттының және ұсынылған 02 қаңтар 2021 жылғы шот фактуралар негізінде 2020 жылдың желтоқсан айына барлығы 1085,3 мың теңге «Жетысу Энерготрейд» ЖШС-не төленген. Алайда Мекеменің қаржылық есептілік жасауында есеп айырысу актісі басшылыққа алынбай 2021 жылдың 01 қаңтарына өткізілген жылдық қорытынды теңгерімінде (баланс) 1085,3 мың теңгенің кредиторлық қарызы бойынша бухгалтерлік баланстың 215 жолында жабдықтаушылармен мердігерлер алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек ретінде көрсетілмегені анықталды. Бухгалтерлік есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, бухгалтерлік есепті әдістерін бұза отырып жүргізу, қаржылық есептілікті бұрмалау жағдайына әкеп соққан. Аталған бұзушылық Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 31.03.2015 жылғы №241 бұйрығымен бекітілген «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының» 3-тармағы 1-тармақшасының және 5-тармағының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» қағидасының және ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» қағидасының 116 және 118– тармақтарының талаптарының сақталмауынан орын алған. 6. «Талдықорған қаласының сәулет және қалақұрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының талаптары сақталмай, 2020 жылы қыркүйек айында мекеменің бөлім басшысыА.Лесбековқа16,8 мың теңге, бас маман Е.Оспановқа 14,6 мың теңге, бас маман Д.Шалғынбаевқа 11,5 мың тенге мөлшеріндееңбекақыныңартық төленгені анықталып, жалпы сомасы 42,9 мың теңге орын алған бұзушылық аудит барысында бюджет есебіне аударылды. 7. «Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі: - «Ж-Строй-Эксперт» ЖШС 2020 жылғы 27 қаңтардағы №21 келісім шарт «Талдықорған қаласының Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданындағы 6 шағын аудандағы 60-пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы» объектісі бойынша жұмыстардың аяқталуы үшін ЖСҚ түзету енгізуге жалпы сомасы 5405,6 мың теңгеге жасалған. 2020 жылғы 20 сәуірдегі №1 қосымша келісіммен келісім шарт сомасы 1832,6 мың теңгеге ұлғайтылып, 7238,2 мың теңгені құраған. Алайда, Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 45 бабы, 2 тармағы, 3 тармақшасының талаптары сақталмай, жұмыс көлемі өзгермеген жағдайда бірлік бағасының жоғарылауына жол берілген. Осылайша, «Ж-СтройЭксперт» ЖШС-мен 1832,6 мың теңгеге қосымша келісім негізсіз жасалған. - «Талдықорған қаласының Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданындағы 6 шағын аудандағы 60-пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы (7таңба)» объектісінвизуалды қарап-тексеру нәтижесіндежекелеген орыдалған құрылыс-монтаждық жұмыстардың сапасыз орындалғаны және жекелеген орындалған жұмыс түрлері бойынша орындалған жұмыс актісінде көрсетілген жұмыстар мен нақты орындалғанының арасында ауытқулар орын алғаны анықталды. Мердігер Азаматтық Кодекстің 654 бабы, 1 тармағының талаптарын сақтамаған және мекемемен 1747,7 мың теңге, ҚҚС қоса есептегенде 1957,4 мың теңгеге орындалмаған құрылыс-монтаждық жұмыстардың көлемі үшін төлем жасалған. Оның ішінде қалпына келтіруге жатқызылғаны – 615,2 мың теңге, бюджетке қайтаруға жатқызылғаны – 1342,2 мың теңге. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің» (ары қарай – Бюжеттің атқарылу Ережесі) 65 тармағының талаптары сақталмай,«Марасант» ЖШС «Талдықорған қаласының 8 шағын ауданындағы 98 пәтерге арналған 5,7,9 қабатты тұрғын үйлердің құрылысы (30 таңба)» объектісі бойынша 2020 жылғы желтоқсанда жергілікті бюджет бойынша алдында жасалған 82125,0 мың теңге сомасындағы кассалық шығындар республикалық бюджет шығындары есебіне көшірілген жұмыстарды орындауға 2020 жылғы 31 қаңтардағы №1 келісім шарт жалпы сомасы 1084888,9 мың теңгеге жасалған, оның ішінде 003/028 бағдарламасы бойынша 2020 жылға – 397069,3 мың теңге. Орындау мерзімі келісім шарт жасалған уақыттан бастап 16 ай. 11 наурыздағы №1 және 28 желтоқсандағы №3 қосымша келісімдермен 2020 жылға қаралған сома азайтылған, енгізілген қзгерістерден кейінгі сома 287444,0 мың теңгені құраған. Іс жүзінде аталған кіші бағдарлама бойынша 287444,0 мың теңге төленген, алайда жылдың соңында алдыңғы жүзеге асырылған кассалық шығындар көшірілген. -«Марасант» ЖШС «Талдықорған қаласының 8 шағын ауданындағы 98 пәтерге арналған 5,7,9 қабатты тұрғын үйлердің құрылысы (30 таңба)» объектісі бойынша, «ПМК-7К» ЖШС «Талдықорған қ. коттедж қалашығында 2 типті коттедж салу (36 үйді байлау, 4 кезең) нысаны бойынша, «ПМК-7К» ЖШС «Талдықорған қ. коттедж қалашығында 2 типті коттедж салу (35 үйді байлау, 7 кезең) нысаны бойынша, «ПМК-7К» ЖШС «Талдықорған қ. коттедж қалашығында 3 типті коттедж салу (25 үйді байлау, 2 кезең)» нысаны бойынша, «ПМК-7К» ЖШС «Талдықорған қ. коттедж қалашығында 3 типті коттедж салу (25 үйді байлау, 1 кезең) нысаны бойынша, «Құрылысшы - ТБС» ЖШС «Талдықорған қ. коттедж қалашығында 2 типті коттедж салу (25 үйді байлау, 1 кезең) нысаны бойынша, «Құрылысшы - ТБС» ЖШС «Талдықорған қ. коттедж қалашығында 2 типті коттедж салу (36 үйді байлау, 2 кезең) нысаны бойынша, «ПМК-7К» ЖШС «Талдықорған қ. коттедж қалашығында 2 типті коттедж салу (36 үйді байлау, 4 кезең) нысаны бойынша, «ПМК-7К» ЖШС «Талдықорған қ. коттедж қалашығында 2 типті коттедж салу (36 үйді байлау, 5 кезең)» нысаны бойынша, ПМК-7К» ЖШС «Талдықорған қ. коттедж қалашығында 2 типті коттедж салу (36 үйді байлау, 3 кезең)» нысаны бойынша,«Марасант» ЖШС «Талдықорған қ.8 ш.а.(Бірлік) 72 пәтерлі 9- этажды 2 үйді салу (31 таңба)» нысаны бойынша Алматы облысының Сәулет және қала құрылысы басқармасы құрылыс-монтаждық жұмыстардың басталғандығы туралы уақтылы хабардар етілмеген. Құрылыс қызметі туралы Заңның 68 бабының 12 тармағының талаптары, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №229 бұйрығымен бекітілген «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларының» 11 тармағының талаптарының, Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңының 46 бабының 7 тармағының талаптары, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларының» 6 тармағының талаптары сақталмай, құрылыс-монтаждық жұмыстарды рұқсатсыз жүзеге асырған. - «Жетісу Саулет құрылысы» ЖШС «Геодезия сервис» ЖШС және мекемеден тұратын консорциум арасында 2019 жылғы 20 сәуірдегі №25 «Талдықорған қ.оңтүстік-батыс тұрғын аудандағы 8 ш.а. 60-пәтерлі 2 тұрғын үйді салу» нысаны бойынша жобалау-зерттеу жұмыстарын орындауға жасалған келісім шартқа 2020 жылғы 31 наурыздағы №1 қосымша келісіммен келісім шарт сомасы 17621,8 мың теңгеден 20731,5 мың теңгеге ұлғайтылды. 2019 жылғы 28 маусымдағы техжиналыс хаттамасының негізінде нысанның аталуы «Талдықорған қ.оңтүстік-батыс тұрғын аудандағы 8 ш.а. 63-пәтерлі тұрғын үйді салуға» өзгертілген. ЖСҚ 2019 жылғы 29 қарашада жүкқұжатпен қабылданып алынған. Алайда, мекеме ЖСҚ қабылданып алынғаннан кейін, кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуге арналған бірегей порталда тапсырыс берілген соң, Консорциуммен 3109,7 мың теңгеге 2020 жылғы 31 наурызда №1 қосымша келісім негізсіз жасалған. Келісім шарт сомасы мекемемен Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 45 бабының 2 тармағының 7 тармақшасына сәйкес ұлғайтылған. Алайда, қосымша келісім 2019 жылы келісім шартта анықталған міндеттемелердің орындалуынан кейін – ЖСҚ қабылданып алынған соң және сараптама алынғанға дейін жасалғандықтан, 3109,7 мың теңгеге жасалған қосымша келісім негізсіз жасалған деп танылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығымен бекітілген «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына» сәйкес құрылыс жөніндегі жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқығы негізінде жүзеге асырылады. Осылайша, жобаны іске асыру барысында мекемемен Құрылыс қызметі туралы Заңның 66 бабының 3 тармағының 2 тармақшасының талаптары және Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының 22 тармағының талаптары сақталмаған. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 46 бабының 1 тармағының талаптарына қайшы 2020 жылғы 22 шілдедегі №2 қосымша келісім мекемемен бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне оны жасағаннан кейiнбес жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынылмаған.Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №30 бұйрығымен бекітілген «Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесіне» қайшы азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн жаңа объектілерді салуға арналған шығындар бойынша қосымша келісім тиісті түрде тіркелмеген. - Құрылыс бойынша жобаны орындау барысында 70850,0 мың теңгеге құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыружобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізуге дейін және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлауға дейін 2019 жылғы 5 сәуірдегі №1 акт бойынша құрылыстың тоқтатылуы кезінде іске асырылған. Осылайша, Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының 22 тармағының талаптары сақталмаған. 2019 жылғы 29 сәуірдегі №21 келісім шартқа 2020 жылғы 9 желтоқсандағы №1 қосымша келісімнің негізінде авторлық қадағалауды «Мега Строй Констракшн» ЖШС 481,4 мың теңгеге жүзеге асырған. Соның ішінде 2019 жылы 178,5 мың теңгеге қызмет көрсетіліп, ақысы төленген, 2020 жылға қаралғаны 302,9 мың теңге. Ұсынылған орындалған жұмыс актісі негізінде қызмет ақысы толық төленген. - Қосымша келісімнің жасалғаны күні мен желтоқсанда ұсынылған орындалған жұмыстар актісіне сәйкес авторлық қадағалаудың 2020 жылғы желтоқсан айында ғана жүргізілгендігі анықталды. Осылайша, Құрылыс қызметі туралы Заңның 34 бабының, 17 бабының 1 тармағының 6 тармақшасының талаптары сақталмаған. 2019 жылғы 29 наурыздағы №151 келісім шартқа 2020 жылғы 9 желтоқсандағы №1 қосымша келісімнің негізінде техникалық қадағалауды «Музтау» ЖШС 2575,2 мың теңгеге жүзеге асырған. Соның ішінде 2019 жылы 1350,0 мың теңгеге қызмет көрсетіліп, ақысы төленген, 2020 жылға қаралғаны 1225,2 мың теңге.Ұсынылған орындалған жұмыс актісі негізінде қызмет ақысы толық төленген. - Қосымша келісімнің жасалғаны күні мен желтоқсанда ұсынылған орындалған жұмыстар актісіне сәйкес техникалық қадағалаудың 2020 жылғы желтоқсан айында ғана жүргізілгендігі анықталды. Осылайша, Құрылыс қызметі туралы Заңның 34-1 бабының, 17 бабының 1 тармағының 6 тармақшасының талаптары сақталмаған. Құрылыс қызметі туралы Заңның 34-2 бабының, 2 тармағының 3 тармақшасына сәйкесқұрылысқа тапсырыс беруші техникалық және авторлық қадағалаулармен қолдау арқылы объектінің құрылысын қамтамасыз етуге міндетті екенін атап өту керек. - «Ка-Строй» ЖШС 2019 жылғы 21 қарашадағы №102 келісім шартқа 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №5 қосымша келісім «Талдықорған қ.коттедждік қалашықта инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу 2 кезең» нысаны бойынша жұмыстарды орындауға 3608971,6 мың теңгеге, соның ішінде 2019 ж – 0, 2020 жылы – 1684142,2 мың теңге, 2021 жылы – 1924829,4 мың теңгеге жасалған. Келісім шарттың қызмет ету мерзімі 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін. Хабарламаның қабылданғаны туралы талон 2020 жылғы 20 ақпандағы KZ82REA00162159. Бекітілген ЖСҚ бойынша нормативті құрылыс ұзақтығы 6 ай. Келісім шартқа сәйкес нысан 2021 жылға өтпелі. 2020 жылғы ақпан-желтоқсан айларында 1684142,2 мың теңгеге орындалған жұмыс актісі ұсынылып, ақысы төленген. - Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 21 бабының 2 тармағының 2 тармақшасының талаптары сақталмаған. Бекітілген ЖСҚ көрсетілген мерзім 6 ай мерзіміне жұмыстардың келісім шарт бойынша орындалу мерзімі сәйкес келмейді. Техникалық қадағалау 2019 жылғы 19 желтоқсанда жасалған №167 келісім шартқа 2020 жылғы 7 желтоқсанда №3 қосымша келісімнің негізінде орындалған. Орындалған жұмыс акті желтоқсан айында 28360,2 мың теңгеге ұсынылып, қызмет ақысы төленген. - Қосымша келісімнің жасалғаны күні мен желтоқсанда ұсынылған орындалған жұмыстар актісіне сәйкес техникалық қадағалаудың 2020 жылғы желтоқсан айында ғана жүргізілгендігі анықталды. Осылайша, Құрылыс қызметі туралы Заңның 34-1 бабының, 17 бабының 1 тармағының 6 тармақшасының талаптары сақталмаған. «Проектный институт им.Джанекенова Ж.Р.» ЖШС 2020 жылғы 31 қаңтардағы №3 келісім шарт «Талдықорған қ.Ынтымақ ауылында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу (1,2,3 этап)» нысаны бойынша ЖЗЖ дайындауға 46365,1 мың теңгеге жасалған. Орындау мерзімі келісім шарт жасалған күннен бастап 13,2 ай. 2020 жылғы 27 қазанда келісім шартқа №1 қосымша келісім жасалған. Келісім шарт сомасы 47016,2 мың теңгеге өзгертілген, соның ішінде 2020 жылы-46365,1 мың теңге, 2021 жылы651,1 мың теңге. 2020 жылғы 3 желтоқсандағы №3 қосымша келісіммен өзгерістер енгізілді: 2020 жылы – 44047,0 мың теңге, 2021 жылы – 2969,2 мың теңге. Орындалған жұмыс актісі 13 қарашада 44047,0 мың теңгеге ұсынылып, қызмет ақысы төленген. Жоба 2020 жылғы 13 қарашада жүкқұжатпен қабылданып алынған. - Қосымша келісімдермен өзгерістер енгізу барысында Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 45 бабының 2 тармағының 3 тармақшасының талаптары сақталмаған. Жұмыс көлемінің өзгермеген жағдайында, қызмет бірлігіне ақының жоғарылауына жол берілген. 651,1 мың теңгеге ұлғайту бөлігінде жасалған өзгерістер негізсіз жасалған деп танылды. «Талдықорған қ.әртүрлі биіктіктегі тұрғын үй кешеніне сыртқы инженерлік жүйені салу (3 кезең)» нысаны бойыншаавторлық қадағалауға 2015 жылғы 10 тамыздағы №66 келісім шартқа 2019 жылғы 13 желтоқсандағы №8 қосымша келісім «Арлан-жобақұрылыс» ЖШС жасалған. Қосымша келісімде 2020 жылға мәслихат қаражат бөлу туралы шешім шығарған соң қалдық соманы тіркеу жүзеге асырылатыны қаралған. 2020 жылы авторлық қадағалауға қосымша келісім жасалмаған.Осылайша, Құрылыс қызметі туралы Заңның 34 бабының 2 тармағының, 17 бабының 1 тармағының 6 тармақшасының талаптары сақталмаған – авторлық қадағалау жүргізуге негіз болып табылатын 2020 жылға келісім жасалмаған. 2020 жылы құрылыс ағымында авторлық қадағалау жүзеге асырылмаған. - «Тандем эксперт» ЖШС 2020 жылғы 25 маусымдағы №113 келісім шарт «Талдықорған қ.8 ш.а. әртүрлі биіктіктегі тұрғын үй кешеніне сыртқы инженерлік жүйені салу (7,9 таңба)» нысаны бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуге 1231,3 мың теңгеге жасалған. Жұмысты орындау мерзімі кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуге арналған бірегей порталда жинақтау жүргізілген соң 30 жұмыс күні ішінде. Жинақтау 2020 жылғы 2 қарашада жасалған. Орындалған жұмыс актісі 2020 жылғы 20 желтоқсанда 1229,7 мың теңгеге ұсынылған. Орындау мерзімінен 1 күнге кешіктіріліп орындалған.1 күнге айыппұл сомасы 1,2 мың теңге. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 43 бабының 24 тармағының,Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 421 тамағының талаптары сақталмаған -өнім беруші шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алуды қамтамасыз етпеген. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 12 бабының 4 тармағының талаптары сақталмаған – мекеме мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, сотқа осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қойып жүгінбеген. - «Сапа құрылыс 2007» ЖШС 2019 жылғы 11 қазандағы №79 келісім шартқа 2020 жылғы 26 ақпандағы №3 қосымша келісім «Талдықорған қ.Қаратал ш.а. солтүстік-батыс учаскесіне инженерлік-коммунакациялық жүйе салу» нысаны бойынша жұмыстарды орындауға 146291,1 мың теңгеге жасалған. Орындау мерзімі келісім шарт жасалған уақыттан бастап 2,5 ай, яғни 2020 жылғы 23 қаңтарға дейін. Нысан 2020 жылғы 13 тамызда забылдау актісімен қабылданып алынған. Эксплуатацияға енгізу мерзімі кешіктірілген. Нақты ұзақтығы 8 айға созылған. Құрылыс қызметі туралы Заңның 68 бабының 12 тармағының талаптары сақталмаған, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №229 бұйрығымен бекітілген «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларының» 11 тармағының талаптары сақталмаған - Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңында белгiленген тәртiппен түзету енгізілген жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы жаңадан хабарлама жібермеген. Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңының 46 бабының 7 тармағының талаптарына қайшы, Хабарламаларды қабылдау қағидаларының 6 тармағының талаптарына қайшы мекеме өзгеріс болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өзгерістер туралы хабарлама жібермеген. 2020 жылғы 30 сәуірдегі №4 қосымша келісіммен келісім шарттың орындалу мерзімін 2020 жылғы 30 наурызға дейін ұзарту бөлігінде өзгерістер енгізілген. Сонымен қатар, қосымша келісімнің 1.4 тармағы, күшіне ену жағдайы өзгертілген. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 46 бабының 1 тармағының талаптарына қайшы 2020 жылғы 30 сәуірдегі №4 қосымша келісім мекемемен бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне оны жасағаннан кейiнбес жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынылмаған.Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №30 бұйрығымен бекітілген «Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесіне» қайшы азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн жаңа объектілерді салуға арналған шығындар бойынша қосымша келісім тиісті түрде тіркелмеген. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N95-IV Кодексі «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің»(ары қарай – Бюджет Кодексі) 97 бабының 4 тармағына сәйкесжасалған азаматтыққұқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілесіз төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізуге жол берілмейді.Бюджет Кодексінің96 бабының 5 тармағының 5 тармақшасына сәйкес жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын дайындау құны шарт құнына енгізілген объектілерден басқа, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу жобалаусметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы міндетті түрде болған кезде жүргізілетінін атап өту керек. «Талдықорған қ.Қаратал ш.а. солтүстік-батыс учаскесіне инженерліккоммунакациялық жүйе салу» нысаны бойынша жұмыстар «Сапа құрылыс 2007» ЖШС «Күмбез» ЖШС дайындаған ЖСҚ негізінде жүргізілген. Сметалық есепке сәйкес ҚМЖ қысқы мерзімде жүзеге асыруға байланысты қосымша шығындардың сомасы ескерілмеген жұмыстар мен залалдарды есепке алғанда – 2% және ҚҚС – 12% бірге 7509,7 мың теңгені құраған (6573,6 х 1,02 х 1,12). 2,43% коэффициенті қолданылған (2,7% х 0,9) ҚР ҚШН 8.04-06-2015 «Қысқы мерзімде ҚМЖ жүзеге асыру кезінде қосымша шығындардың сметалық нормалар жиынтығының» VI-4а тармағына сәйкес есептелген. Сметалық есепке сәйкес дайындық жұмыстары, жалпы құрылыс жұмыстары, электржүйесімен байланысты жұмыстар, жылу жүйесімен байланысты жұмыстар, сыртқы су құбыры, кәріз жүйесімен байланысты жұмыстар, территоияны аббатандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілген. Осылайша сметалық нормаларға қайшы барлығына бірдей 2,7% қолданылған. 1999 жылғы 1 шілдедегі ҚР Азаматтық Кодексінің 667 бабының талаптары сақталмаған, Құрылыс қызметі туралы Заңның 60 бабының 4 тармағының талаптары сақталмаған. Нәтижесінде, 2418,7 мың теңгеге (ҚҚС қоса алғанда) шығын сомасы нормадан тыс негізсіз есептеліп, төленген. Бюджетке қайтаруға жатқызылады. Мемлекеттік аудит барысында объектіні визуалды қарап-тексеру жүргізілді. Жекелеген орыдалған құрылыс-монтаждық жұмыстардың сапасыз орындалғаны анықталды. Жекелеген орындалған жұмыс түрлері бойынша орындалған жұмыс актісінде көрсетілген жұмыстар мен нақты орындалғанының арасында ауытқулар орын алғаны анықталды. Мердігер Азаматтық Кодекстің 654 бабы, 1 тармағының талаптарын сақтамаған және мекемемен 6640,9 мың теңгеге (ҚҚС қоса есептегенде) орындалмаған құрылыс-монтаждық жұмыстардың көлемі үшін төлем жасалған. Оның ішінде қалпына келтіруге жатқызылғаны – 6640,9 мың теңге. - «Геодезия сервис» ЖШС 2020 жылғы 30 қаңтарда №2 келісім шарт «Талдықорған қ.Қабанбай батыр к.42/36 КПП орнатылған, азаматтарды қабылдау және қызмет көрсетуге арналған сервистік орталықтың құрылысы» нысаны бойынша ЖІЖ дайындауға 7108,5 мың теңгеге жасалған. Орындау мерзімі келісім шарт жасалған күннен бастап 6 ай. 2020 жылғы 1 шілдеде келісім шарт сомасын ұлғайтуға қосымша келісім №1 жасалған. Жалпы сомасы 8363,0 мың теңгені құраған. 2020 жылғы 3 наурыздағы жүкқұжатпен ЖСҚ қабылданып алынған. Сонымен қатар, 2020 жылғы 9 сәуірдегі №ҚЖС0010/20 сараптама қортындысы шыққан. Қосымша келісімдермен өзгерістер енгізу барысында Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 45 бабының 2 тармағының 3 тармақшасының талаптары сақталмаған. Жұмыс көлемінің өзгермеген жағдайында, қызмет бірлігіне ақының жоғарылауына жол берілген. 1254,5 мың теңгеге ұлғайту бөлігінде толық жұмыс орындалып, ЖСҚ қабылданып, сараптама қортындысы шыққаннан кейін жасалған өзгерістер негізсіз жасалған деп танылды. Келісім шарт сомасын азайту арқылы қалпына келтіруге жатқызылады. - «Стройтекс» ЖШС 2020 жылғы 4 қыркүйектегі №130 келісім шарт «Талдықорған қ.азаматтық бастамаларды қолдау орталығын салу» нысаны бойынша ЖСҚ дайындауға 25756,7 мың теңгеге жасалған. Соның ішінде 2020 жылға-5000,0 мың теңге. Орындау мерзімі келісім шарт жасалған күннен бастап 8,4 ай. 2 желтоқсандағы №1 қосымша келісіммен 2020 жылдың сомасы 2000,0 мың теңгеге өзгертілген. 2020 жылғы 10 желтоқсанда №180 орындалған жұмыс актісі 2000,0 мың теңгеге ұсынылып, ақысы төленген. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 43 бабының 26 тармағының талаптары сақталмаған - мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалғаны туралы құжаттар (тауарды қабылдау-тапсыру актісі, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі, шот-фактура) электрондық нысанда ресімделмеген. - «Капремпроект» ЖШС 2019 жылғы 18 сәуірдегі №24 келісім шартқа 2020 жылғы 26 мамырдағы №4 қосымша келісім «Талдықорған қ. Оңтүстікбатыс тұрғын массивінде 8 ш.а. 1200 орындық мектеп салу» нысаны бойынша ЖІЖ дайындауға 3430,0 мың теңгеге жасалған. Орындау мерзімі келісім шарт жасалған күннен бастап 12,5 ай. Төленгені 3430,0 мың теңге.ЖСҚ 2020 жылғы 2 наурызда жүкқұжатпен қабылданып алынған. Портал мәліметі бойынша 2020 жылғы 2 наурызда сараптама жасауға өтініш тіркелген. 2020 жылғы 10 сәуірдегі №73 келісім шарт «Госэкспертиза» РМК сараптама жасауға жасалған. Алайда, 2020 жылғы 26 мамырдағы міндеттемелердің орындалуынан кейін негізсіз 3430,0 мың теңгеге қосымша келісіммен келісім шарт сомасын ұлғайту жүзеге асырылған.Қосымша келісімдермен өзгерістер енгізу барысында Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 45 бабының 2 тармағының 3 тармақшасының талаптары сақталмаған. Жұмыс көлемінің өзгермеген жағдайында, қызмет бірлігіне ақының жоғарылауына жол берілген. №060140008504/200155/00 келісім шарт 2020 жылғы 27 мамырда 2019 жылғы 9 желтоқсанда шыққан №28498606-ЗЖ1 мемлекеттік сатып алу қортындысы туралы хаттаманың негізінде Н.Сарсембаевамен 12850,0 мың теңгеге жасалған. Келісім шартты жасау барысында Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 43 бабының 2 тармағының талаптары сақталмаған - Тапсырыс беруші жеңімпазға мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасынконкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға шағымдану мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібермеген. №060140008504/200140/00 келісім шарт 2020 жылғы 27 мамырда 2019 жылғы 9 желтоқсанда шыққан №28498593-ЗЖ1 мемлекеттік сатып алу қортындысы туралы хаттаманың негізінде Ш.Конысбаевамен 12890,0 мың теңгеге жасалған. Келісім шартты жасау барысында Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 43 бабының 2 тармағының талаптары сақталмаған - Тапсырыс беруші жеңімпазға мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасынконкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға шағымдану мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібермеген. 20 тікелей нәтижелердің 6-на қол жеткізілген, 6 түпкілікті нәтижелердің 1-не қол жеткізілген. 004 ББ бойынша 6 тікелей нәтижелердің 4-не қол жеткізілген, түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмеген. 005 ББ бойынша 6 тікелей нәтижелердің 4-не қол жеткізілген, түпкілікті нәтижелердің 50%-на қол жеткізілген. Бюджеттің орындалуы кезінде бюджеттік бағдарламалардың нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталмайтындығы байқалады. - «Талдықорған қаласының 8 шағын ауданындағы 98 пәтерге арналған 5,7,9 қабатты тұрғын үйлердің құрылысы (30 таңба)», «Талдықорған қ. коттедж қалашығында 2 типті коттедж салу (35 үйді байлау, 7 кезең)», «Талдықорған қ. коттедж қалашығында 3 типті коттедж салу (25 үйді байлау, 2 кезең)», «Талдықорған қ. коттедж қалашығында 2 типті коттедж салу (36 үйді байлау, 5 кезең)», «Талдықорған қ. коттедж қалашығында 2 типті коттедж салу (36 үйді байлау, 3 кезең)» нысандары бойынша Бюджеттік Кодекстың 4 бабының 12 тармақшасының талаптары сақталмаған - тиімділік қағидаты сақталмаған, 4 бабының 13 тармақшасының талаптары сақталмаған - жауапкершілік принципі сақталмаған: мемлекеттік мекемеде бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу қамтамасыз етілмеген. 8. «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Салтанат Сарайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Еңбек кодексінің 103-баптың 1-тармағының 1-1 тармақшасы және 107-баптың 1-тармағының талаптары сақталмай,А.Сүлейменоваға 2020 жылдың желтоқсан айында 38,2 мың теңгесомасында артық еңбекақы төленгені анықталып,аудит барысында бюджет есебіне өңдірілді. 9. «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасының 2017 жылғы №120-VI)РЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексінің350-351-355 қайшыжеке тұлға табыс салығы бойынша 2020 жылдың 1- тоқсанындақаңтар айында 37,9 мың тенге, ақпан айында 33,4 мың тенге, наурыз айында 116,9 мың тенге, жалпы соммасы 188,2 мың тенгесалық декларациясында тапсырылмаған. Қазақстан Республикасының 2017 жылғы №120-VI)РЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексінің487-489баптарына қайшыәлеуметтік салығы бойынша 2020 жылдың 1- тоқсанындақаңтар айында 38,1мың тенге, ақпан айында 37,6 мың тенге, наурыз айында 85,7 мың тенге, жалпы соммасы 161,4 мың тенгесалық декларациясында тапсырылмаған. 10. «Талдықорған қалалық Маслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидалары және Талдықорған қалалық мәслихаты хатшысының 2020 жылғы 18 маусымдағы №12 өкімінің талаптары бұзылып, екі бас маманға 2020 жылғы маусымда жалпы сомасы 46,0 мың теңге сыйлықақы негізсіз төленген. 11. «Талдықорған қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары»-ның 16 тармағына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 243,244-тармақтарының талаптары сақталмай,мекеме бухгалтерлік есептілікке алғашқы құны 122,8 мың теңгенің ұзақ мерзімді активтері (сейф, радиотелефон) 2360 шотына есепке алынған, ал ол өз кезегінде мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары бойынша жоғарыдағы ұзақ мерзімді активтер 2370 шотына көрсетілуі тиіс, сол сияқты 75,0 мың теңгенің мемелекеттік рәміздерге жататын «герб» 2383 шотына есепке алынған, ал мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары бойынша жоғарыдағы ұзақ мерзімді активтер 2370 шотына көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар, мекеме ЖК «Kairanov» орындаушымен жасасқан714,3 мың теңгені құрайтын 2020 жылдың 23 қазанында№991240002298/200028/00 келісім-шарты бойынша«Ноутбук» 4 күнге кешіктіріп жеткізген, нәтижесіндеҚазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43 бабының 24 тармағының талаптары сақталмай,келісім-шарттың 7.3 тармағында тауарды жеткізу мерзімін өткізіп алған жағдайда, әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде 3,2 мың теңге (714,3х0,1%х4) тұрақсыздық айыбы ұсталмаған. Сол сияқты, мекеме ЖШС «Азия Сервис -АСТАНА» орындаушымен жасақан 174,8 мың теңгені құрайтын2020 жылдың 18 ақпанында №991240002298/200015/00 келісім-шарты бойынша «бағдарламалық өнім» 4 күнге кешіктіріп әкеліп жеткізген, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43 бабының 24 тармағының талаптары сақталмай, келісім-шарттың 7.3 тармағында тауарды жеткізу мерзімін өткізіп алған жағдайда, әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде 0,7 мың теңге (174,8х0,1%х4)тұрақсыздық айыбы ұсталмаған. 12. «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі: «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыз №1127 қаулысының 4 тармағының 2 тармақшасы талабы бұзылып, мекеменің бөлім басшысы қызметіне 29.10.2020 жылы Талдықорған қаласы Әкімінің №270-өж өкімімен қабылданған Е.Н.Джетыбаевқа мекемеде бір айдан кем жұмыс істегеніне қарамай, 18.11.2020 ж. №239-н бұйрығына сай 368,1 мың теңге төленген. Осымен қатар «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыз №1127 қаулысының 4 тармағының 1 тармақшасы талабы бұзылып, сыйақы беру туралы 23.06.2020 ж. №156-н бұйрықпен алынбаған тәртіптік жазалары бола тұра (Талдықорған қаласы әкімінің 25.05.2020 ж. №109-ө-жқ өкімімен сөгіс берілген) Н.Алиұлына 248,3 мың теңге сыйақы төленген. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» бұйрығымен бекітілген қағидасының6 тарауы, 114 тармағы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есептің шоттар жоспарын бекіту туралы» бұйрығыменбекітілген қағидасының 9 тармағының талаптары(енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) басшылыққа алынбай,«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Көкшетау» корпоративтік қорымен орындалған жұмыстардың актілері өткізіліп, 66851,4 мың теңге төленген, алайда жасалмаған жұмыстардың құны 66851,4 мың теңге дебиторлық қарыз ретінде көрсетілмеген. Жалпы сомасы 616,4 мың теңге негізсіз төленген сыйақы жергілікті бюджет есебіне өндірілуі тиіс. Мекеме «Талдықорған қаласы маңындағы «Үйтас» елді мекенінің коммуналдық электрмен жабдықтау желілерін қайта жаңарту» жұмыстарын жүргізуге 636313,3 мың теңгеге «ПСК «Градцентр» ЖШС-імен 27.04.2020 ж. №2-С келісім шартын жасаған. Осы келісім шарттың №1 қосымшасына сәйкес жұмыстың аяқталу мерзімі келісім шарт жасалғаннан кейін 4 ай, яғни 27.08.2020 ж. Алайда осы объект 24.12.2020 жылы объектіні пайдалануғақабылдау актісімен қабылданған. «ПСК «Градцентр» ЖШС-імен 2020 жылдың маусым айында 243161,0 мың теңге, шілде айында 42142,9 мың теңге, жалпы сомасы 285303,9 мың теңгеге орындалған жұмыстардың актілері өткізілген. Электрмен жабдықтау желілерін қайта жаңарту аяқтау мерзімінен кейін қалған 351009,5 мың теңгенің жұмыстарына 2020 жылдың қазан айында 195018,3 мың теңгеге, 21.12.2020 жылы 155991,2 мың теңгеге орындалған жұмыстардың актілері өткізілген. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 - тармағы және кешіктірілген әрбір күн үшін 27.04.2020 ж. №2-С келісім шарттың №1 қосымшасы талабы орындалмай, орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбы ұсталмаған. Аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде орындамаған орындаушының атына кешіктірген 115 күнге орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 пайызында 27300,0 мың теңгеге (28.08.-15.10.2020 жылы 351009500теңге*0,1%*48 күн=16848,5; 16.10.-21.12.2020 жылы 155991200 теңге*0,1%*67 күн=10451,4) айыппұл есептеліп,жергілікті бюджет есебіне өңдірілуге жатады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 12 бап 4–тармағының талаптары орындалмай, Мекеме «ПСК «Градцентр» ЖШС-ін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген. Мекеме Талдықорған қаласы бойынша елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Көкшетау» корпоративтік қорымен 2020 жылдың 4 қарашасында №112 келісім шарты 44530,0 мың теңгеге жасалынған, осы келісім шарттың №1 қосымшасына сәйкес жұмыстың аяқталу мерзімі 31.12.2020 ж. Осы келісім шартқа 29.12.2020 ж. №1 қосыма шартымен 04.11.2020 ж. №112 келісім шарттың сомасы 66851,4 мың теңгеге өзгертілген. Алайда «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Көкшетау» корпоративтік қорымен 05.11.2020 жылы 30130,0 мың теңгеге, 30.11.2020 жылы 14315,0 мың теңгеге, 28.12.2020 жылы 85,0 мың теңгеге және 30.12.2020 жылы 22321,4 мың теңгеге жалпы соммасы 66851,4 мың теңгеге көгалдандыру жұмыстары орындалған деп актілері өткізіліп сонын негізінде «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Көкшетау» корпоративтік қорына 2020 жылдың қараша-желтоқсан айларында 66851,4 мың теңге төленген, нақты көгалдандыружұмыстары жасалмаған, 2021 жылдың көктем айында 51000 дана раушан гүлін отырғызуға «ҚСҚ» қоғамдық бірлестігінің «Көкшетау» корпоративтік қоры 2020 жылдың 30 қарашасында №20 кепілдік хат берген. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 - тармағы және кешіктірілген әрбір күн үшін 04.11.2020 ж. №112 келісім шарттың №1 қосымшасы талабы орындалмай, орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбы ұсталмаған. Аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде орындамаған орындаушының атына кешіктірген 85 күнге орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 пайызында 5682,4мың теңгеге (2021 жылдың қаңтар-наурыз айларына 66851400 теңге*0,1%*85 күн=5682,4) айыппұл есептеліп,жергілікті бюджет есебіне өңдірілуге жатады. Мекеме «Талдықорған қаласы Қабанбай батыр көшесің абаттандыру» жұмыстарын жүргізуге 1 092 693,7 мың теңгеге «ПМК-7К» ЖШС-імен 31.03.2020 жылы №11-п келісім шартын жасаған. Осы келісім шарттың 21.12.2020 жылғы №1 қосымшасына сәйкес жұмыстың аяқталу мерзімі келісім шарт жасалғаннан кейін 9 ай, яғни 21.09.2021 ж. «ПМК-7К» ЖШС-і мен 2020 жылдың желтоқсан айында жумыс көлемі орындалған №8 Актісі бойынша 18916,5 мың теңгеге жұмыстар жасалынған, оның ішінде 10 дана мрамор тасынан жасалынған скамейкалар құны 2679,8 мың теңге және 10 дана мрамор тасынан жасалынған ұрналар құны 1180,4 мың теңге көрсетілген,мемлекеттік аудит барысында бақылап қарау тексеру жүргізіліп қортындысында құны 4702,4 мың теңгенің скамейкалары мен ұрналары орнатылмағаны және қойылмағаны анықталды. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 - тармағы және кешіктірілген әрбір күн үшін 31.03.2020 жылы №11-п келісім шартын талабы орындалмай, орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбы ұсталмаған. Аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде орындамаған орындаушының атына кешіктірген 85күнге орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 пайызында 399,7мың теңгеге (4702443 теңге*0,1%*) айыппұл есептеліп,жергілікті бюджет есебіне өңдірілуге жатады. Мекеме «Талдықорған қаласы Женіс саябағын жанарту» жұмыстарын жүргізуге 257694,9 мың теңгеге «Асыл-Тау» ЖШС-і мен 24.07.2019 жылы №84-к келісім шартын жасаған. Осы келісім шарттың 10.03.2020 жылғы №2 және 15.04.2020 жылғы №3 жылғы қосымшаларына сәйкес 2020 жылға қарастырылған соммасы 68684,4 мың теңге жұмыстың аяқталу мерзімі 30.04.2020 ж. Алайда осы объект 24.12.2020 жылы объектіні пайдалануға қабылдау актісімен қабылданған. «Асыл-Тау» ЖШС-імен 30.04.2020 жылға орындалған жұмыстардың Актісі бойынша тек 28202,9 мың теңгеге орындалған, жұмыстар аяқталмаған. Маусым айында айында 21987,0 мың теңге, желтоқсан айында 18494,4 мың теңге, жалпы сомасы 40481,4 мың теңгеге орындалған жұмыстардың актілері өткізілген. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 - тармағы және кешіктірілген әрбір күн үшін 24.07.2019 ж. №84-к келісім шарттың 10.03.2020 жылғы №2 және 15.04.2020 жылғы №3 жылғы қосымшаларына сәйкес №1 қосымшасы талабы орындалмай, орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбы ұсталмаған. Аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде орындамаған орындаушының атына кешіктірген 243күнге орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 пайызында 5857,3мың теңгеге (2020 жылдың мамыр-маусым айына 40481400 теңге*0,1%*61 күн=2469,4; 2020 жылдың шілде-желтоқсан айларына18494400 теңге*0,1%*181 күн=3347,5) айыппұл есептеліп,жергілікті бюджет есебіне өңдірілуге жатады. Мекеме «Талдықорған қаласы коммуналдық саябағын жанарту» жұмыстарын жүргізуге 174809,0 мың теңгеге «Асыл-Тау» ЖШС-і мен 24.07.2019 жылы №83-к келісім шартын жасаған. Осы келісім шарттың 13.12.2019 ж. №1, 10.03.2020 жылғы №2 және 15.04.2020 жылғы №3 жылғы қосымшаларына сәйкес 2020 жылға қарастырылған соммасы 23110,0 мың теңге жұмыстың аяқталу мерзімі 30.04.2020 ж. Алайда осы объект 26.08.2020 жылы объектіні пайдалануға қабылдау актісімен қабылданған. «Асыл-Тау» ЖШС-імен 2020 жылдың 14 қыркүйек айында 23110,0 мың теңгеге орындалған жұмыстардың актісі өткізілген. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 - тармағы және кешіктірілген әрбір күн үшін 24.07.2019 ж. №83-к келісім шарттың 13.12.2019 жылғы №1, 10.03.2020 жылғы №2 және 15.04.2020 жылғы №3 жылғы қосымшаларына сәйкес №1 қосымшасы талабы орындалмай, орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбы ұсталмаған. Аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде орындамаған орындаушының атына кешіктірген 136күнге орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 пайызында 3143,0мың теңгеге (23110000 теңге*0,1%*) айыппұл есептеліп,жергілікті бюджет есебіне өңдірілуге жатады. «Талдықорған тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-і және «ДЭМА СЕРВИС»ЖК-і арасындағы 17.11.2020 ж.№113келісім шарты және оған №1 қосымша шарты бойынша Б.Римованың атындағы драма театрынын жанындағы фонтанға ағымды жұмыстарын жұргізуге және Талдықорған қаласындағы фонтандарды қысқа дайынығына 22978,6 мың теңгеге келісім шарт жасалынған, 2020 жылғы желтоқсан айынын №2 үлгідегі актілерібойынша жұмыстардың нақты орындалуына қарап, тексеруде құны 661,9 мың теңгеніңаббатандыру жұмыстары мерзімінде орнатылмағаны және қойылмағаны анықталды. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 - тармағы және кешіктірілген әрбір күн үшін 17.11.2020 ж.№113келісім шарты және оған №1 қосымша сәйкес №1 қосымшасы талабы орындалмай, орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбы ұсталмаған. Аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде орындамаған орындаушының атына кешіктірген 85күнге орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 пайызында 56,3мың теңгеге (661949 теңге*0,1%*) айыппұл есептеліп,жергілікті бюджет есебіне өңдірілуге жатады. «Талдықорған тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-і және «Colden City DS» ЖШС-і арасындағы09.06.2020 ж.№18-п келісім шарты және оған 13.11.2020 ж. №1 қосымша шарты бойынша «ТКШ жаңғырту» бағдарламасына сәйкес Талдықорған қаласындағы көп қабатты тұрғынүйлердің аула аумақтарын орнату»«Шығыс» шағын ауданындағы 25 үйдің ауласын аббаттандыру» бойынша 87737,7 мың теңге қаралған,2020 жылғы шілде айынын №2 үлгідегі актілерібойынша жұмыстардың нақты орындалуына қарап, тексеруде құны 829,2 мың теңгеніңкөгалдандыру жұмыстары мерзімінде орнатылмағаны және қойылмағаны анықталды. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 - тармағы және кешіктірілген әрбір күн үшін 09.06.2019 ж. №18-п келісім шарттың 13.11.2020 жылғы №1 қосымшасына сәйкес №1 қосымшасы талабы орындалмай, орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбы ұсталмаған. Аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде орындамаған орындаушының атына кешіктірген 101күнге орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 пайызында 83,7мың теңгеге (829200 теңге*0,1%*) айыппұл есептеліп,жергілікті бюджет есебіне өңдірілуге жатады. Талдықорған тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-і және «Colden City DS» ЖШС-і арасындағы09.06.2020 ж.№18-п шарты оған 13.11.2020 ж. №1 қосымша шарты бойынша «ТКШ жаңғырту»бағдарламасына сәйкес Талдықорған қаласындағы көп қабатты тұрғынүйлердің аула аумақтарын орнату»«Ғали Орманов көшесіндегі 5 үйдің ауласын аббаттандыру» бойынша 87737,7 мың теңге қаралған,2020 жылғы шілде айынын №2 үлгідегі актілерібойынша жұмыстардың нақты орындалуына қарап, тексеруде құны 626,9 мың теңгеніңкөгалдандыру жұмыстары мерзімінде орнатылмағаны және қойылмағаны анықталды. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 - тармағы және кешіктірілген әрбір күн үшін 09.06.2019 ж. №18-п келісім шарттың 13.11.2020 жылғы №1 қосымшасына сәйкес №1 қосымшасы талабы орындалмай, орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбы ұсталмаған. Аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде орындамаған орындаушының атына кешіктірген 101күнге орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 пайызында 63,3мың теңгеге (6269000теңге*0,1%*) айыппұл есептеліп,жергілікті бюджет есебіне өңдірілуге жатады. «Талдықорған тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-і және «Colden City DS» ЖШС-і арасындағы09.06.2020 ж.№20-п шарты бойынша «ТКШ жаңғырту» бағдарламасына сәйкес Талдықорған қаласындағы көп қабатты тұрғынүйлердің аула аумақтарын орнату»«Төлебаев көшесі 101 үйдің ауласын аббаттандыру» бойынша 60924,4 мың теңге қаралған,2020 жылғы шілде айынын №2 үлгідегі актілерібойынша жұмыстардың нақты орындалуына қарап, тексеруде құны 782,3 мың теңгеніңкөгалдандыру жұмыстары мерзімінде орнатылмағаны және қойылмағаны анықталды. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 - тармағы және 09.06.2020 ж.№20-п шарты оған 13.11.2020 ж. №1 қосымша шартықосымшасына сәйкес №1 қосымшасы талабы орындалмай, орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбы ұсталмаған. Аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде орындамаған орындаушының атына кешіктірген 101күнге орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 пайызында 79,0мың теңгеге (782300 теңге*0,1%*) айыппұл есептеліп,жергілікті бюджет есебіне өңдірілуге жатады. 13. «Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 24.11.2014 жылғы № 511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары талаптарынының бұзылуынан2020 жылға арналған бюджеттік өтінімі негізінде 801023015 «Жергілікті бюджет есебiнен жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша және 801032414 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік органдардың күрделі шығыстарынан артық жоспарланып 112 «Қосымша ақшалай төлемдер» ерекшелігіне жылжытылып 16958,8 мың теңгеигерілген 14. «Талдықорған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі: - 2020 жылдың 23 шілдедегіТапсырыс беруші (Мекеме) және Орындаушы ЖШС «Мұзтау» арасында830,4 мың теңгеге №149 келісімшарты жасасқан.Келісім шарттың 1 қосымшасының талабына сәйкес жұмыстардың орындалу мерзімі 2020 жылдың 30 қазан айы болып белгіленген.Атқарылған жұмыстар актісі 2020 жылдың 20 желтоқсанында жасалынған,жұмыстардыкөрсету мерзімдері 51 күнге кешіктірілді.Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының43 бабының 24 тармағының және негізгі келісім шарттың 7 тармағының 7.3 тармақшасына сәйкес орындаушы жұмыстарды, міндеттерді кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан (830,4 мың теңге*0,1%*51 күн =42,3мың теңге)тұрақсыздық айыппұл бюджет есебіне өндірілмеген. - 2020 жылдың 10 қарашадағыТапсырыс беруші (Мекеме) және Орындаушы ЖШС «Құрылысмаркетинг»арасында 1 102,9 мың теңгеге №180 келісім-шарты жасасқан. Келісім шарттың 1 қосымшасының талабына сәйкес жұмыстардың орындалу мерзімі 2020 жылдың30 қарашаға айы болып белгіленген. Атқарылған жұмыстар актісі 2020 жылдың 23 желтоқсандағы жасалынған, жұмыстарды көрсету мерзімдері 23 күнге күнге кешіктірілді.. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43 бабының 24 тармағының және негізгі келісім шарттың 7 тармағының 7.3 тармақшасына сәйкес орындаушы жұмыстарды, міндеттерді кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісіншеорындалмаған міндеттемелер сомасынан(1 102,9 мың теңге*0,1%*23 күн =25,4 мың теңге)тұрақсыздық айыппұл бюджет есебіне өндірілмеген. -2020 жылдың 08 маусымдағыТапсырыс беруші (Мекеме) және Орындаушы ЖШС «УКС» арасында 4 124,6 мың теңгеге №136келісім-шарты жасасқан. Келісім шарттың 1 қосымшасының талабына сәйкес жұмыстардың орындалу мерзімі 2020 жылдың30 қазанайы болып белгіленген. Атқарылған жұмыстар актісі 2020 жылдың 15 желтоқсандағыжасалынған, жұмыстарды көрсету мерзімдері 45 күнге кешіктірілді.. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43 бабының 24 тармағының және негізгі шарттың 7 тармағының 7.3 тармақшасына сәйкес орындаушы жұмыстарды, міндеттерді кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісіншеорындалмаған міндеттемелер сомасынан(1 124,6 мың теңге*0,1%*45 күн =50,6 мың теңге)тұрақсыздық айыппұл бюджет есебіне өндірілмеген. - 2020 жылдың 16 қарашадағы Тапсырыс беруші (Мекеме) және Орындаушы ЖШС «Құрылысмаркетинг» арасында 2 651,3 мың теңгеге №182 келісім-шарты жасасқан. Келісім шарттың 1 қосымшасының талабына сәйкес жұмыстардың орындалу мерзімі 2020 жылдың 30 қараша айы болып белгіленген. Атқарылған жұмыстар актісі 2020 жылдың 23 желтоқсандағы жасалынған, жұмыстарды көрсету мерзімдері 23 күнге кешіктірілді.. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43 бабының 24 тармағының және негізгі келісім шарттың 7 тармағының 7.3 тармақшасына сәйкес орындаушы жұмыстарды, міндеттерді кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан (2651,3 мың теңге*0,1%*23 күн =60,9 мың теңге)тұрақсыздық айыппұл бюджет есебіне өндірілмеген. Аудит барысында жоғарыда есептелген тұрақсыздың айыбы 179,2 мың тенге көлемінде толығымен тиісті бюджет есебіне өтелді. 15. «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268- ХIIIАзаматтық Кодексінің 386-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IVБюджет кодексінің 97-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығының талаптарына қайшы, мекеме 2020 жылдың 2 маусымындағы №12 келісім шарт күшіне енбестен, яғни бес күн бұрын2020 жылдың 29 мамырындағы №4691037/20-114 төлем тапсырмасымен «SN» ЖК-не1 957,5 мың теңге негізсіз төленген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 3 тармағының талаптары сақталмай,18,2 мың теңгеіссапар шығыстары артық есептелініп төленгені анықталып, аудит барысында бюджет есебіне өңдірілді. 16. «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрық (өзгерістер мен толықтырулармен) қосымшаларының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2015 жылғы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесін бекіту туралы» қаулының талаптары сақталмай, Мекеменің төмендегі пән мұғалімдеріне өткізілмеген сағаттар бойынша 25,3 мың теңге артық төленген еңбекақыартық төленгеніанықталды, аудит барысында бюджет есебіне аударылды. Сонымен қатар, мекемемен алаңдарды абаттандыру бойынша жұмыстарын 2020 жылдың 24 қыркүйегіне дейін жүргізу мақсатында «Коsem LTD» ЖШС-мен сомасы 3 640,0 мың теңгені құрайтын 23.06.2020ж. №57 келісім-шарты жасалынып, ағымдағы жөндеу жұмыстары қарастырылған мерзімнен 73 күнге кешіктіріліп мердігерден қабылданған. Мердігер «Коsem LTD» ЖШС-мен 23.06.2020ж. жасалынған №57 келісім-шарт бойынша Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының43-бабы 24-тармағының жәнеаталған келісім-шарттың 8-тармағының 8,3- тармақшасының талаптары орындалмай, міндеттеремелерін тиісінше орындамаған жағдайда, орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын ұстамаған (тұрақсыздық айыбы сомасы шарттың жалпы сомасының 10 пайызынан аспауы тиіс). Аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде орындамаған мердігердің атына кешіктірілген 73 күнге, келісім-шартта көрсетілген жалпы соманың 0,1 пайызы көлемінде 265,7 мың теңгеге (3 640 000 теңге*0,1%*73 күн) айыппұл салынып, аудит барысында жергілікті бюджет есебіне өңдірілді. 17. «Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127қаулысымен бекiтiлген«Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағы 1 тармақшасыныңталабы сақталмай, Қазақстан халқының бірлігі - 1 мамыр мемлекеттік мерекесінің құрметіне 120,2 мың теңге мөлшерінде сыйақы негізсіз есептеліп төленгені анықталып, аудит барысында бюджет есебіне қайтарылды. 18.«Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.11.2015 жылғы №414-V «Еңбек кодексі» Заңын 103 бабының 1 тармағының талабы бұзылып, мекеменің қызметкерлеріне еңбек ақы төленуі бойынша 2020 жылдың мамыр айындағы №3 еңбекақы төлем ведомостын, 5-15а формасын, салыстыру негізінде 2020 жылдың мамыр айында жұмыс табелі бойынша 18 күн жұмыс істеген 4 қызметкерге 19 жұмыс күні қойылып, нәтижесінде 23,9 мың теңгегеартық төленген еңбекақы аудит барысында жергілікті бюджетке қайтарылды. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысының 4 тармағының 1 тармақшасы талаптары сақталмай,мекеме қызметкеріА.Бектұрғановаға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылғанмен, қыркүйек айында(тәртіптік жаза алынбаған)негізсіз берілгенсыйақы 27,9 мың тенге аудит барысында бюджетке қайтарылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43- бабының 24-тармағына қайшы 28.09.2018 жылғы №84 шарттың 1 қосымшасының талабына сәйкес тауарлардың жеткізу мерзімі 2018 жылдың қыркүйек айы тауарлар № 180099/00/1 Тауарларды қабылдап алу-беру актісімен 08.11.2018 жылы жеткізіліп қабылданған. Бұл негізгі келісім шарттың 7,3 тармағына сәйкес мерзімі өткенде орындаушының жұмыстарды кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған 01% тұрақсыздық айыппұл мөлшері 7,6 мың теңге(200000теңге*0,1%*38күн=7600 теңге)бюджет есебіне өндірілді. Сол сияқты, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43-бабының 24- тармағына қайшы 28.09.2018 жылғы №85 шарттың 1 қосымшасының талабына сәйкес тауарлардың жеткізу мерзімі 2018 жылдың қыркүйек айы тауарлар 180098/00/1 Тауарларды қабылдап алу-беру актісімен 08.11.2018 жылы жеткізіліп қабылданған. Бұл негізгі келісім шарттың 7,3 тармағына сәйкес мерзімі өткенде орындаушының жұмыстарды кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған 01% тұрақсыздық айыппұл мөлшері 7,6 мың теңге (200000теңге*0,1%*38күн=7600 теңге)бюджет есебіне өндірілді. 19. «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 111-бабының 2 тармағы 2) тармақшасы бойынша жылдан жылға дейін мекемеде лауазымдық міндеттемелерінде көзделмеген басқа жұмысты қоса атқарғаны үшін қосымша ақының 50 пайызы негізгі жалақыға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына 18-қосымшаның 5 тармағына сай лауазымдық ақысына 50% қосымша төленіп отырған. Мекеменің тиімді қызметі үшін жұмысшылар санының толық құрамы қажеттігі және болашақ үшін тарифтеу тізіміне сәйкес қарастырылған қызметкерлерді алуға ескертілді. Жол-көлік оқиғасына түскен сәтіне байланысты жою кезінде автомобильдің баланстық құнының орнына қалдық құн сомасы қойылды, бұл Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 «Бухгалтерлік есепті жүргізу туралы» ереженің 4 тармағының талабы бұзылғанына акелды. Бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде -3369,5 мың теңгеге ұзақ мерзімді активтерге жататын тауарлар уақтылы есепке қойылмаған, осылайша Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептелік туралы»Заңының 3 тараудын 13 баптың 2 тармақшасында «Кірістер-есепті кезең ішінде капиталға қатысушы тұлғалардың жарналарына байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкелетін активтердің өсуі нысанындағы экономикалық пайданың ұлғаюы»негізінде орындалмаған. 2020-2022 жылдарына арналған бюджетік өтінімінде су құбыры желісі жүйесін монтаждау және демонтаждау жұмыстарына қаржы қарастырылмаған. Қаржы 2070,0 мың теңге, көзделмеген мақсатарға жұмсалынғаны анықталды. Мекеме электр жүйесін орнату жұмыстарын жүргізуге Орындаушының аталған жұмысына лицензияның бар-жоғын көрсетпестен келісім шартқа отырған. Яғни, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығының «Электр қондырғыларын орнату» қағиданың 122 тармағының «барлық өлшеу құралдары заңмен белгіленген тәртіппен қолданылуға рұқсат етілген болуы тиіс» талабын басшылыққа алмаған. 2021 жылдың 12 наурызында мекеменің алаңында 2020 жылдың желтоқсан айында 4 түрлі жұмыстарға, оның ішінде: 2 жұмыс түрі - су құбыры желісін орнату, монтаждау және демонтаждау, 1 жұмыс түрі - электрмен жабдықтау желілерін тарту және трансформатор орнатуға жасалынған жұмыстарға бақылау өлшемі жүргізілді. Бақылау өлшемі барысында жаңа электр жүйесіне арналған трансформатор орнату жұмыстары жүргізілуде, алсу құбыры желісін орнату, монтаждау және демонтаждау жұмыстары бүгінгі күні жүргізілмегеніанықталды. 20.12.2020 жылы мекеме орындаушының есеп шотына орындалмаған жұмыстар мен қызметтер үшін 5520,0 мың теңгенітөленген,сонің ішінде: 1380,0 мың теңге жаңа электр жүйесіне арналған трансформаторды мекеменің теңгеріміне қойған. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №241 бұйрығымен бекітілген «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағиданың» 5 параграф, 4 бап, 61 тармақшаны бұзылған. Келісім шарттар бойынша өндірушінің есеп шотына 2020 жылы 20 желтоқсан айында соңғы қаражат төленып, жалпы 5520,0 мың теңге аударылған. Келісім шарттардың 8.3 тармағында жұмыстарды орындау мерзімдерін өткізіп алған жағдайда 0,1 процент мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) өндіріп алуға тиіс. Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 04 желтоқсандағы«Мемлекеттiк сатып алу туралы» №434-V Заңының 12 бабының 4 тармағына қайшы мекеме тарапынан өнім берушінің жұмыстары келісім шартта көзделген уақытында аяқтамаған үшін,мемлекеттік сатып алудын жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап арызбен жүгінбеген. 20. «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тұрмыстық зорлық – зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 103 бабының 1 тармағының талабы сақталмай, 2018 жылдың қараша айында бас есепшіД.Масалимова негізсіз 50,0 мың теңге төленгені анықталып, бюджет кесебіне өңдірілді. Мекеме басшысының 2018 жылдың 04 шілдесіндегі №16-ө бұйрығының талабы сақталмай, Астана күні мемлекеттік мерекесінің құрметіне, аталған бұйрықта көрсетілгендей бір еңбекақы көлемінің орнына екі еңбекақы көлемінде сыйақы төленген, нәтижесінде 178,6 мың теңге сыйақы негізсіз төленгені анықталды. Мемлекеттік аудитпен қамтылған мерзім аралығында сатып алынған негізгі құралдардың толықтығын растау мақсатында бақылау өлшемі (тексеріп қарау) жүзеге асырылып, нәтижесінде 2018 жылы 150,0 мың теңгеге сатып алынған 10 дана балалардың ойын кешенінің және 240,0 мың теңгеге сатып алынған дыбыс ұлғайтқыштың жетпейтіндігі анықталды. 21. «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағиданың 49 тармағының 2) және 3) тармақшаларының Түгендеу комиссиясы түгендеу тізімдемесі бойынша мерзімі өткен дебиторлық берешектерге және кредиторлық қарыздар сомаларының негіздігі және дұрыс екендігіне жұмыс жүргізілмегены анықталған. 2020 жылдың бухгалтерлік есебінде Актив жағында «Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» ретінде – 456,0 мың теңге 2011 жылдаң пайда болған дебиторлық берешек қойылған, ал Пассив жағында «Резерв» ретінде – 456,0 мың теңге қойылмаған, яғни Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағиданың» 152 тармақшасыбасшылыққаалынбаған. 2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтікэкономикалық дамуғаәсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе): Құрылыс жұмыстарының көлемі 41,0 млрд.теңгені құрап, нақты көлемінің индексі 105,3%пайызға орындалды. 2020 жылы 9,1% өсіммен барлығы 137,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 44,8 мың ш. м. (2019 жылы - 37,3 мың м²),жеке инвесторлар үшін - 24,7 мың ш.м. (2019 жылы - 23,6 мың м²),жеке тұқрғын үй құрылысы - 68,0 мың ш.м. (2019 жылы - 65,2 мың м²), «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бюджет қаражаты есебінен 120 пәтерлі 2 несиелік үй және 145 коттедж салынды. Сонымен қатар, жеке инвесторлар есебінен 224 пәтерлі 6 көпқабатты үй салынды. Барлығы 489 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, оның ішінде 70 көп балалы және толық емес отбасы, 30 медицина қызметкері және 8 зейнеткер. «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 143 көп балалы, толық емес отбасылар және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар жеңілдетілген несие алып, жеке баспанаға ие болды. 2020 жылы негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 79,0 млрд.теңгені құрады, нақты индекс көрсеткіші112,0% көрсетті. Бюджеттен тыс инвестициялар құрылымында 32,1 млрд.теңге немесе 98,5%-ы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың меншікті қаражаты, 0,5 млрд. теңге – қарыз қаражаты. Әлеуметтік салада халықты жұмыспен қамту шаралары аясында жұмысқа орналасуға ниет білдірген 5218 адамның 4238–і жұмысқа орналастырылды. Халықты жұмыспен қамту шаралары аясында 5721 жұмыс орны ашылды. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында үш бағыт бойынша 5017 өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар қамтылып, 738,7 млн.теңге бөлінді. Бірінші бағыт бойынша кәсіптік дайындықпен және қысқа мерзімді курстармен 375 адам қамтылды, оның ішінде 340 адам немесе 90,7% жұмысқа орналастырылды. Екінші бағыт бойынша «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды 216 адам аяқтады, оның ішінде 73-і шағын несиелер алды (оның ішінде 56 ауыл тұрғыны 402,4 млн.теңгеге,17 қала тұрғыны 182,2 млн.теңгеге), 61,2 млн. теңгеге 111 адам гранттар алды, оның ішінде 29 - жастар және 22 - аз қамтылған, көп балалы отбасылар және мүмкіндігі шектеулі еңбекке қабілетті тұлғалар. Үшінші бағыт бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 81 адам, жастар тәжірибесіне - 267 түлек, қоғамдық жұмыстарға - 1475 адам жіберілді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа үлгісі бойынша 2506 отбасына (11065 отбасы мүшесіне)1,2 млрд.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 885 түлек немесе олардың жалпы санының 68,7% қатысты. Пандемияда қалыптасқан жағдайға байланысты 2020-2021 оқу жылының 1-ші жартыжылдығы қаланың барлық оқу орындары қашықтан аяқтады. 2020 жылы жоспарлы-алдын алу тексерумен 83,0 мың адам қамтылды, оның барысында 15,1 мың науқас анықталды, 13,8 мың адам денсаулығын жақсартты. Бюро порталы арқылы жергілікті, аймақтық және республикалық емдеу мекемелеріне 7518 адам жатқызылды. Есепті кезеңде диспансерлік есепте тұрған 22,5 мыңнан астам адамға жалпы сомасы 1,3 млрд.теңгеге тегін емдік дәрі-дәрмектер берілді.Перинаталдық орталық күрделі жөндеуден өтті. Облыстық ауруханада оттегі баллондарын толтыру функциясы бар оттегі станциясы орнатылды (қуаты тәулігіне 100 нүктеге 50 текше метр). Бюджеттің кіріс бөлігінің болжамы 107,7% орындалды, нақты түскені 39,0 млрд.теңге, оның ішінде жергілікті бюджетке – 19,9 млрд.теңге немесе божамнан 110,8%. Бюджеттің шығыны 64,2 млрд.теңгені құрады және 99,8% орындалды. Шығындардың біршама үлесін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық алады – 44,6%, білім – 30,2%, көлік және коммуникация – 7,8%, әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек – 6,0% және т.б. III. Қорытынды бөлік 3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін бюджет есебіне жалпы сомасы 2 519,3 мың теңге өндірілді, 72 530,7 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды, олар: - «Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Шаруашылық басқарамасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесібойынша өндірілуге жататын590,2 мың теңгебюджет есебіне өндірілді; - «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесібойынша өндірілуге жататын78,1 мың теңгебюджет есебіне өндірілді және 181,1 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді; - «Талдықорған қалалық Маслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесібойынша өндірілуге жататын46,0 мың теңгебюджет есебіне өндірілді; - «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесібойынша өндірілуге жататын188,5 мың теңгебюджет есебіне өндірілді; - «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Салтанат Сарайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесібойынша өндірілуге жататын38,2 мың теңгебюджет есебіне өндірілді; - «Талдықорған қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын3,9 мың теңге бюджет есебіне өндірілген және қалпына келтірілуі тиіс 197,8 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді; - «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуі тиіс 456,0 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді; - «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 66 851,4 мың теңгесі қалпына келтірілді; - «Талдықорған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіөндірілуге жататын179,2 мың теңгебюджет есебіне өндірілді; - «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Д.Рақышев атындағы қазақ мектепинтернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын291,0 мың теңгебюджет есебіне өндірілді; - «Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын120,2 мың теңгебюджет есебіне өндірілді; - «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын67,0 мың теңгебюджет есебіне өндірілді; - «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 42 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорныбойынша өндірілуге жататын77,5 мың теңгебюджет есебіне өндірілді; - «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдықмемлекеттік мекемесібойынша өндірілуге жататын298,1 мың теңге бюджет есебіне өндірілген және 3 369,1 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді; - «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бойынша 264,3 мың теңгебюджет есебіне өндірілді; - «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «104-апаттық газ қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорныбойынша өндірілуге жататын5,6 мың теңгебюджет есебіне өндірілді; - «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тұрмыстық зорлық – зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесібойынша өндірілуге жататын228,6 мың теңгебюджет есебіне өндірілді және 390,0 мың теңге қалпына келтірілді; - «Талдықорған сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесібойынша өндірілуге жататын42,9 мың теңгебюджет есебіне өндірілді; - «Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша 1 085,3 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді; - «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіөндірілуге жататын18,2 мың теңгебюджет есебіне өндірілді. Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 11 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды: - Талдықорған қаласының қаржы бөлімі басшысының 2021 жылғы 15наурыздағы №8- ж/қбұйрығына сәйкес, бөлімніңстатистіС.Мадихановаға ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған; - Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернатыбасышысының 2021 жылғы 16наурыздағы №н/жбұйрығына сәйкес, мектеп-интернатыныңоқу-ісі жөніндегі орынбасарыС.Мамырбековаға ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған; - Оқушылар сарайыбасышысының 2021 жылғы 02сәуірдегі №12/өбұйрығына сәйкес, оқушылар сарайының бас есепшісіГ.Байгудановаға, есепші А.Ордахановаға, кадр жөніндегі инспектор Б.Абароваға ескерту түріндегі тәртіптік жазалар қолданылған; - «№ 42 балабақшасы басшысының 2021 жылғы 19 наурыздағы №20- ж/қбұйрығына сәйкес, балабақшаныңесепшісіЗ.Тумарбаеваға ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған; - Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының 2021 жылғы 18наурыздағы №18бұйрығына сәйкес, бөлімніңстатистіА.Бериккалиевағасөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылған; - Еркін ауылдық округінің әкімінің 2021 жылғы 26наурыздағы №7-ө ж/қөкіміне сәйкес, округтіңбас маманыА.Буенбаевағаескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған; - Салтанат сарайы басшысының 2021 жылғы 18наурыздағы №6бұйрығына сәйкес, Салтанат сарайыныңесепшісіА.Байжумановағасөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылған; - Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының 2021 жылғы 30наурыздағы №23бұйрығына сәйкес, бөлімніңәдіскеріА.Рақышевағаескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған; - Талдықорған қалалық мәслихатының аппараты хатшысының 2021 жылғы 15наурыздағы №3бұйрығына сәйкес, мәслихат аппаратының бас маманЖ.Баешовағасөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылған; - Өтенай мәдениет үйі басшысының 2021 жылғы 19наурыздағы №28/01-ж/қбұйрығына сәйкес, мәдениет үйінің бас есепшісіЗ.Замзиновағаескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. - Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі басшысының 2021 жылғы 26наурыздағы №7/1-б ж/қбұйрығына сәйкес, бөлімніңстатистіД.Есімбековағаескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жылпы саны 11 материал жолданды,Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабы 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес 9 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 656,3 мың теңге, 207 бабы 10 тармағы 3 тармақшасына сәйкес 14 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылыпжалпы сомасы 612,6 мың теңге аудиторлық іс-шара барысында айыппұл бюджетке төленді, олар: - «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесініңесеп секторыныңмеңгерушісі А.Абзаловаға №325 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған; - «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Құрама үлдегі № 2 ясли-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның есепшісіФ.Бекарыстановаға №311 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған; - «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 11 «Құлыншақ» аралас бөбекжайбақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның есепшісі Ф.Бекарыстановаға №310 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған; - «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өтенай ауылдық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас есепшісі З.Замзиноваға №302 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған; - «Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің қаржы, экономика және салық бөлімшемесінің басшысыА.Кырбасовқа №307 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған; - «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Нұрғиса Тілендиев атындағы балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын директорының м.а. Б.Кизайбековаға №308 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабының 10тармағы3 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған; - «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры С.Бекпенбетовқа №317, №318, №319, №320 хаттамаларға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабының 10тармағы3 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 4 әкімшілік айыппұл салынған; бас есепші А. Самылтыроваға №315, №316 хаттамаларға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 2 әкімшілік айыппұл салынған; есепші Ш.Нурковаға №321 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған; - «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Э.Мукушеваға №340, №341, №342, № 343, №344 хаттамаларға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабының 10тармағы3 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 5 әкімшілік айыппұл салынған; - «Талдықорған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының м.а.№336, №337, №338, №339 хаттамаларға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабының 10тармағы3 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 4 әкімшілік айыппұл салынған; - «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесібас есепшісінің орынбасары М.Мухамедова №345 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған - «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша жолданған материал уәкілетті органмен қаралуда. «Алматы облысының сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің» тиісті баптарымен әкімшілік жаза қолдану мақсатында «Талдықоған қаласының құрылыс бөлімі»мемлекеттік мекемесі бойынша - 1 материал жіберілді және жолданған материал уәкілетті органмен қаралуда. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесібойынша - 2 материал жіберілді және жолданған материал уәкілетті органмен қаралуда. 3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар. 1. Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша 224 283,7мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 1 957,5 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, 349,6 мың теңгебюджетке қаражаттың түсуі кезіндегі заңнаманың өзге де қаржылық бұзушылықтаржәне 52 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар мен 2 жүйелі олқылықтар мен кемшіліктер анықталды. 2. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының талаптарын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының талаптарын,Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу туралы Ережесінің сақтамаудан орын алған. 3. Бюджет қаражаты шығындарын жоспарлау кезінде тиімділік принциптерінің сақталмауы салдарынын бюджет қаражатының тиімсізпайдаланылуына жол берілген. 4. Қазақстан Республикасы Заңнамаларының талаптарын тиісті сақтамау салдарынан бюджет қаражатын артық және негізсіз шығысталуларына жол берілген. 3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы және жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану жеткізуінің тиімділік аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН: 1.Талдықорған қаласындаТалдықорған қаласының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану жеткізуінің тиімділік аудитінің нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын. 2. Талдықорған қаласының әкімі келесі шараларды қабылдасын: 1. 2021 жылдың 27мамырына дейін Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзылуына жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарасын. 2. 2021 жылдың 27 мамырынадейін бюджет есебіне өндірілуге жататын 58 429,3 мың теңгенің жергілікті бюджет есебіне өндірілуін қамтамасыз етсін. 3. 2021 жылдың 27 мамырынадейін қалпына келтіруге жататын 90 786,2 мың теңгенің қалпына келтірілуі қамтамасыз етсін. 4. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларының бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрын жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында жергілікті бюджет есебіне өндірген 2 537,5мың теңгесі және есептілік бойынша қалпына келтірілген 72 530,7 мың теңге назарға алынсын. 3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар менкемшіліктердің жиынтық тізілімі. Тексеру комиссиясының мүшесі Ж. Үсенбаев Бөлім басшысы Н. Қалқаев Сапа бақылауына жауапты Құрылымдық бөлімшенің басшысы Қ.Есенаманов Құқықтық сүйемелдеуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы А.Қадір Аудит тобының жетекшісі Н. Қалқаев

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ