Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Райымбек ауданы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 20.07.2022
Просмотры: 177 Печать страницы

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы

 

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

Райымбек ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қонаев қаласы, Арна ауылы 2022 ЖЫЛ

 

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының Төрағасы

М. Мұсаевқа

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

1.1.    Аудиторлық іс-шараның атауы: Райымбек ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.

1.2.    Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Райымбек ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.

1.3.  Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1.3.   Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1.     «Райымбек ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі;

2.   «Райымбек ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-сі;

2.1.   «Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» ММ-сі;

2.2.   «Қайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;

2.3.   «Қақпақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;

2.4.   «Қарасаз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;

2.5.   «Нарынқол ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;

2.6.   «Сарыжаз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;

2.7.   «Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;

2.8.   «Текес ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;

2.9.   «Тегістік ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;

2.10.   «Ұзақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;

2.11.   «Райымбек ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-сі;

2.12.   Райымбек ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-нің «Райымбек аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3.           «Райымбек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі;

3.1.         «Райымбек ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4.   «Райымбек ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі;

5.   «Райымбек ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-сі;

6.   «Райымбек ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ;

1.4.        Мемлекеттік   аудитпен   қамтылған  кезең:   2020   жылдың   1 шілдесінен бастап, 2021 жылдың 31 желтоқсан аралығы.

II.   Негізгі (талдамалық) бөлік

 

2.1.   Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

Райымбек ауданы айтарлықтай өндірістік және экономикалық әлеуеті бар ауылшаруашылық аймақтарға жатады.

Райымбек ауданының коммуналдық меншігінде жұмыс істеп тұрған 26 мемлекеттік мекеме, 3 мемлекеттік коммуналдық мекемелер, 1 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын, 1 шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық қазыналық кәсіпорын тіркелген.

Райымбек ауданының аудандық бюджетінің атқарылуын бағалау нәтижелері аудандық бюджеттің атқарылуы негізінен Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына және мемлекеттік және бюджеттік бағдарламаларда көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған бюджет қаражатының нысаналы сипатына сәйкес келетінін көрсетті.

Дегенмен, Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының 2021 жылғы Райымбек ауданы бюджетінің атқарылуы туралы есебіне сәйкес, аудандық бюджетті орындау кезінде Райымбек ауданының аумағын дамыту бағдарламасының мақсаттарына, жекелеген бюджеттік инвестициялық жобалардың тікелей нәтижелеріне, бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізбеу, квазимемлекеттік сектор субъектілерін жеткілікті тиімді басқару бөлігінде кемшіліктер бар, бұл бюджет жүйесінің жекелеген қағидаттарын – нәтижелілік пен тиімділіктің тиісті дәрежеде сақталмауына алып келген.

2.2.  Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері:

Жүргізілген аудитпен 4 615 384,6 мың теңге қаражат қамтылып, қорытындысы бойынша жалпы сомасы 123 345,0 мың теңге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 117 945,0 мың теңге бюджет қаражатын пайдалану бойынша қаржылық бұзушылықтар (оның ішінде қалпына келтірілетін сома 117 250,5 мың теңге, бюджет есебіне өндірілуі тиісті сома 694,5 мың теңге), 5 400,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты.

Осымен қатар 2 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.

Жеке мемлекеттік мекемелер бойынша бұзушылықтардың сипаттамасы:

1.   «Райымбек ауданының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1    тармақ. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы

№95-IV Бюджет кодексінің 4 баптың 6), 9), 12) тармақшалары, 67 баптың 12 тармағы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының 51, 52 тармақтары бұзылып, мемлекеттік қызметшілердің жалақысын арттыруға арналған шығыстар көлемінің анықтығы мен негізділігін қамтамасыз етпеу салдарынан, Мекемемен 2021 жылға арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 5 400,0 мың теңгеге тиімсіз жоспарлауға жол берілген.

Райымбек ауданының аппарат басшысының 2021 жылғы 20 қазандағы

№ 831-01 хатының негізінде жоғарыда көрсетілген сома тиісті бюджетке қайтарылды.

2    тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметі 2001 жылғы 29 тамыздағы

№1127 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу ережесінің 4 тармағының 1) тармақшасы бұзылып, Райымбек ауданы

 

әкімінің орынбасарына алынбаған тәртіптік жазасы бола тұрып (10.03.2021 ж.

№63-ө-т/қ өкімі), Г.Джусанбаевқа 09.04.2021 ж. №30-ө-н/қ өкімнің негізінде

92,0 мың теңге сомасында негізсіз сыйақы төленгені анықталды.

3         тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Қағидалардың 2 тармағы бұзылып, Райымбек ауданы әкімінің орынбасары Н. Сағатбекұлына 28.12.2021 ж. №119 аванстық есебі негізінде, іссапар шығыстары 29,2 мың теңге сомасында негізсіз төленгені анықталды.

4   тармақ. Сол сияқты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Қағидалардың 2 тармағы бұзылып, Райымбек ауданы әкімінің орынбасары С.Сатылғановқа 24.12.2021 ж. №117, 28.12.2021 ж. №120 аванстық есептерінің негізінде жалпы сомасы 58,3 мың теңге іссапар шығыстары негізсіз өтелді.

5   тармақ. Сол сияқты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Қағидалардың 2 тармағы бұзылып, Райымбек ауданы әкімінің орынбасары Ғ. Жусанбаевқа 20.05.2021 ж. №58 аванстық есеп негізінде 29,2 мың теңге сомасында іссапар шығыстары негізсіз төленгені анықталды.

тармақ. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңның 4 баптың талаптары, Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының 243 тармақтың талаптары және Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарының 16 тармағының талаптары сақталмай, Мекемеде негізгі құралдар бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында және қосалқы шоттарында есептелмегені анықталды, атап айтқанда 2322

«Тұрғын ғимараттар» шотында теңгерімдік құны 30 721,0 мың теңге тұрғын емес ғимараттар (әкімдік ғимараттары) есепке алынған.

Жоғарыда аталғандар негізінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының

«Мемлекеттік мекемелердің ұзақ мерзімді активтері бойынша жылдық тозу нормалары» 1 қосымшасының 1 тармағы бұзылып, жылдық тозу нормасы дұрыс қолданылмаған, яғни әкімдік ғимараттарына 7% мөлшерінде амортизация нормасын қолданудың орнына 2% мөлшерінде амортизациялық аударымдар есептелген.

тармақ. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңының 4 бабы,

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының 243 тармағы және Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарының

16 тармағының талаптары орындалмай, Мекемеде негізгі құралдар бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында және қосалқы шоттарында есептелмегені анықталды, атап айтқанда, теңгерімдік құны 2 603,5 мың теңге тұрғын үйлер 2330 «Құрылыстар» шотына есепке алынған.

Жоғарыда аталғандар негізінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының

«Мемлекеттік мекемелердің ұзақ мерзімді активтері бойынша жылдық тозу нормалары» 1 қосымшасының 1 тармағы бұзылып, жылдық тозу нормасы дұрыс қолданылмаған, яғни тұрғын үйлерге 2% мөлшерінде амортизация нормасын қолданудың орнына 7% мөлшерінде амортизациялық аударымдар есептелген.

2.      «Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1   тармақ. 2020 жылы мекеме бухгалтерлік есептілікте алғашқы құны 7,0 мың теңгенің қорлары (2 бірлік клавиатуралар) 2370 шотына есепке алынған, ал мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары бойынша жоғарыдағы қорлар ұзақ мерзімді активтерге жатпайтындықтан 1319 шотына көрсетілуі керек. Бұл Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарының 10 тармағына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 199-тармағының талаптарына қайшы келеді.

2    тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары»-ның 16 тармағына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 243,244-тармақтарының талаптарына қайшы, 28,7 мың теңгенің ұзақ мерзімді активі (диспенсерлер) 2360 шотына есепке алынған.

3.         «Райымбек ауданының Қайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1      тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.05.2020 ж. №256 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегінде іссапарлары туралы» ережесінің 3-тармағы 2-тармақшасын бұза отырып, жетекші маман Б.Ж. Уразимбетоваға 26 336 теңге іссапар шығыны негізсіз төлеген.

4.    «Райымбек ауданы Қақпақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

 

1 тармақ: Сонымен қатар, іс-сапар шығындарын өтеуде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 мамырындағы № 256 қаулысының 2 тармағына сәйкес, іссапар жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу болып табылады.

Аудит барысында Мекеме қызметкеріне тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге жіберуге негіз болатын бұйрықсыз іс-сапар шығындарына 2020 жылы 25,2 мың теңге және 2021 жылы 26,3 мың теңге, барлығы 51,5 мың теңге көлемінде негізсіз төленгені анықталған.

5.    «Райымбек ауданы Қарасаз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1 тармақ. Райымбек ауданының «Қарасаз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемелекеттік мекемесі мен «АРХ-КОМПЛЕКС» ЖШС – і арасында 2021 жылдың 09 сәуірінде Қарасаз ауылдық округінің әкімдігінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін сметалық құжаттарды дайындау жұмыстары бойынша 3 204,3 мың теңгеге №33 келісім – шарты жасалған. Келісім шарттар бойынша міндеттемелер толығымен орындалған, орындалған жұмыстар актісімен қабылданып алған бірақ бухгалтерлік есепке алмаған. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидасына 236, 243 тармақтарының талаптары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен 15.06.2010 жылы бекітілген № 281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы жоспарының 21 тармағы талаптары басшылыққа алынбаған. Яғни 2021 жылы алынған 3 204,3 мың теңгенің өнімі бухгалтерлік есепте ұзақ мерзімді активтер ретінде 2810 шотына қойылмаған.

6.          «Райымбек ауданы Нарынқол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1 тармақ. 2021 жылдың 16 шілдесінде Мемеке мен «АРНИ KZ» жеке кәсіпкер арасында шаруашылық тауарларды сатып алу үшін жалпы соммасы 271,0 мың теңгеге № 41 келісім-шарты жасалған, орындалу мерзімі «Шарт күшіне енген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде» деп белгіленген, немесе 31 шілдесіне дейінгі мерзімді білдіреді. Тауар жеткізуші мен қабылдап алушы арасында жасалған «Тауарларды қабылдап алу-беру туралы» актісіне сәйкес келісім-шарт бойынша тауарлар 2021 жылдың 23 тамызында жеткізілген немесе 23 күнге кешіктірілген.

Аудит барысында Мекеме тарапынан Орындаушыға қатысты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының (әрі қарай - Заң) 43 бабының 24 тармағымен және негізгі келісім шарттың 7.3 тармағымен қаралған шаралар қолданбағандығы немесе 6,2 мың теңге көлемінде тұрақсыздық айыбы өндірілмегендігі анықталған.

Сонымен қатар, Тапсырыс беруші тарапынан жоғарыда аталған келісім- шарт бойынша аталған тауар жеткізушіге қатысты Заңның 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасымен белгіленген шаралар қолданбаған немесе өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу

 

туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

2   тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыз № 1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу туралы» Ережесінің 4-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, қызметкерге келесі жағдайларда, соның ішінде оның алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде сыйлық берілмейді.

Аудит барысында Мекемемен 2021 жылдың желтоқсан айында Райымбек ауданының «Нарынқол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылдың 26 қарашасындағы № 53-ө-н/қ өкімімен Мекеме қызметкерлеріне сый ақы төленген, соның ішінде, 2021 жылдың 19 қазанында

№ 30-ө-ж/қ өкімімен «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданған Мекеме қызметкеріне 50,0 мың теңге көлемінде негізсіз сый ақы ретінде бюджет қаражат төленгені анықталды.

7.   «Райымбек ауданы Сарыжаз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1       тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары»-ның 3 тармағы 43 тармақшасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарының 16 тармағы және ҚР ҚН 8.02-02-2002 сақталмай, құрылыс жұмыстары басталмаған 1084,0 мың теңгенің жобалық-сметалық құжаттамалары 2411 шотында есепте көрсетілген.

2       тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары»-ның 3 тармағы 43 тармақшасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарының 16 тармағы және ҚР ҚН 8.02-02-2002 сақталмай, 1400,0 мың теңгенің құрылыс жұмыстары басталмаған жобалық-сметалық құжаттамалар 2411 шотында есепте көрсетілген.

8.     «Райымбек ауданы Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1 тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының 114-тармағын бұза отырып,

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-не 2020 жылға 109,4 мың теңге дебиторлық берешегі көрсетілмеген, бұл 2020 жылға арналған қаржылық есептілікті бұрмалауға әкелді.

9.     «Райымбек ауданы Текес ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1    тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 243, 272 тармақтарының талаптасы

 

бұзылып, Текес ауылына шағын парк салуға сметалық құжаттаманы әзірлеуге жұмсалған 1 200,0 мың теңге сомасындағы шығындар Мекеменің теңгеріміне қабылданбаған, бұл өз кезегінде бухгалтерлік есепте көрсетілуге жататын деректердің жасыруына әкеп соқты.

2    тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 33, 243, 244 тармақтарының , Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемлердің бухгалтерлік есепке алу шоттары жоспарынының 16 тармағының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығымен бекітілген қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларының 7 қосымшаның 3 тарауы 27 тармағының талаптары бұзылып, 2370 «Құралдар, өндірістік және шаруашылық мүкәммал» шотында есепке алынуға тиіс құны 660,0 мың теңгенің негізгі құралдары (мемлекетті рәміздер, кресло, сирена) 2383 «Өзге негізгі құралдар» шотында есепке алынғаны анықталды.

10.    «Райымбек ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1    тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Еңбек кодексінің 114 бабының 1 тармағы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларынының 6 тармағы бұзылып, «Райымбек ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ.Әжікееваға 91,0 мың теңге сомасында еңбек демалысы ақысы негізсіз артық төленгені анықталған.

2     тармақ. Сәйкесінше, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 187 тармағының талаптары сақталмай, «Райымбек ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ.Әжікееваның демалысқа шығуы туралы жазба есеп айырысу-төлем ведомосінде көрсетілмегені орын алған.

3    тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Еңбек кодексінің 103 бабының 1 тармағы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 187 тармағы бұзылып, «Райымбек ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ. Әжікееваның 2021 жылдың 16 сәуірінен 30 сәуіріне дейін жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу табеліне сәйкес жоғарыда аталған қызметкер жұмыс орнында болғандықтан, айдың жұмыс істеген күндері үшін еңбекақы төленуі тиіс.

4         тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапар шығыстарына арналған шығыстарды өтеу қағидаларының 3 тармағының 2) тармақшасы бұзылып, «Райымбек ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы Т. Ақыловқа 2021 жылдың ақпан айында тұрғын үй-жайды жалдау бойынша 11,7 мың теңге сомасында іссапар шығыстарының артық өтелгені анықталған.

 

5         тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Ереженің 2 тармағының талаптары сақталмай, «Райымбек ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Т.Ақыловқа 11,7 мың теңге сомасында тәулікақы шығындары негізсіз төленгені анықталды.

6         тармақ.   Қазақстан  Республикасы   Үкіметінің   2018   жылғы   11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапар шығыстарына арналған шығыстарды өтеу қағидаларының               3              тармағының      2)    тармақшасы   бұзылып,   «Райымбек ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы Т.Ақыловқа 2021 жылдың наурыз айында тұрғын үй-жайды жалдау бойынша 37,9 мың теңге сомасында іссапар шығыстарының артық негізсіз төленгені анықталған. 7 тармақ. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңының 5 бабы 2 тармағының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 4, 33, 243-тармақтарының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемлердің бухгалтерлік есепке алу шоттары жоспарынының 16 тармағының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығымен бекітілген қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларының 7 қосымшаның 3 тарауы 27 тармағының талаптары бұзылып, жекелеген   негізгі   құралдар   2300   «Негізгі   құралдар»   және   және   2700

«Материалдық емес активтер» кіші бөлімінің тиісті шоттарындағы талдамалық есепте танылмаған, атап айтқанда: құны 3 337,4 мың теңге негізгі құралдар кіріске алынбаған, бұл 114 «Негізгі құралдар» жолы бойынша бухгалтерлік баланста 01.01.2022 жылғы есепті кезеңнің соңындағы қалдықты бұрмалауға әкеп соқты.

11.        «Райымбек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1 тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.05.2020 ж. №256 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегінде іссапарлары туралы» ережесі талаптары бұзылып, мекеменің консультантына 48,8 мың теңге іссапар шығынын негізсіз (өкімсіз) төлеген.

12.        «Райымбек ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1 тармақ. Мекеменің 2021 жылдың мамыр айындағы «2021 жылға арналған міндеттемелер жөніндегі мемлекеттік мекемелерді қаржыландырудың жеке жоспарын өзгерту туралы» өтінімі негізінде 023

«Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы ішінде басқа да ерекшеліктерден, соның ішінде 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігінен 112 «Қосымша ақшалай төлемдер»

 

ерекшелігіне 100,0 мың теңге жылжытылып, қызметкерлерге сыйақы ретінде төленген.

Мекемемен 2021 жылдың мамыр айына дейінгі мерзімде өткізілген мемлекеттік сатып алуларын зерделеу барысында, 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігіне қаралған бюджет қаражатары есебінен жоспарланған сатып алудың «Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу» тәсілі негізінде өткізілгені анықталған, демек немесе аталған кезеңде қаражатар үнемі қалыптаспаған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыз № 1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу туралы» Ережесінің 13 тармағына сәйкес, сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу шығыстардың түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады.

Демек, жоғарыда аталған 100,0 мың теңгенің сый ақы ретінде төленуі көрсетілген заңнамаларға қайшы болып отыр.

13.    «Райымбек ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1 тармақ. Мекеменің 2810 – «Өзге ұзақ мерзімді активтер» шоты өзге ұзақ мерзімді активтер бойынша операцияларды есепке алуға жататын жалпы сомасы 72 895,2 мың теңгенің 10   дана   жобалық-сметалық құжаттамалары  2383 – «Өзге негізгі құралдар» шотына есепке алынған, бұл ұзақ мерзімді активтер 2810 шотына есепке алынуы тиіс болған. Бұл

«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығының 16, 21 тармақтары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 243-тармағының талаптарына қайшы келеді.

14.    «Райымбек ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1 тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы

№414-V «Еңбек кодексі» -нің 111 бап, 3 тармағына сәйкес Райымбек ауданы әкімінің 2020 жылдың 01 маусымындағы №132-ө-ж/қ өкімімен Райымбек ауданының кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы А.Рыспекованы осы бөлімнің басшысының уақытша міндетін атқарғаны үшін 50 пайыз еңбек ақысына үстеме ақы тағайындалған. 2020 жылдың шілде айында А.Рыспековаға еңбек ақысын және 50 пайыз үстемақы есептелініп төлеу барысында 20,7 мың теңге қателесіп негізсіз аударылғаны анықталды.

15.   «Райымбек ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1 тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.08.2001ж. №1127

«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулымен бекітілген ережесінің 4 тармақ 1 тармақшасы бұзылғандығы анықталды. 2020 жылдың «20» қыркүйектегі №22-ө-ж/қ өкімі негізінде «Райымбек ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты»

 

мемлекеттік мекемесінің бас маманы Б.Баубекке алынбаған тәртіптік жазасы бола тұра желтоқсан айында 30,0 мың теңге сыйақы төленген.

2.3.           Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік- экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):

Райымбек ауданы Қазақстан Республикасы Президентінің 18 наурыз 2018 жылғы №653 жарлығымен қайта құрылған.

Райымбек ауданы — Алматы облысының оңтүстік-шығысында орналасқан аумақтық-әкімшілік бөлік, орталығы – Нарынқол ауылы, ауылдық округтер саны 11, ауыл саны 20, жер аумағы 14,2 мың шаршы метр. Райымбек ауданының негізгі бағыты ауылшаруашылығы болғандықтан мал және егін шаруашылығын дамыту болып табылады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 2 млрд. 716,9 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 162,0%. (2020 жылы 1 млрд.

121,9 млн. теңге).

2021 жылы ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі 27,8 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 101,2%. (2020 жылы 25 млрд. 362,4 млн. теңге). Мал шаруашылығында қой мен ешкінің және жылқының саны өсіп отыр.

Өткен жылдың сәйкес мерзіммен салыстырғанда тірі салмақтағы мал мен құс етін өндіру, 1,9%-ға, жұмыртқа өндіру 2,9%-ға өсіп, сиыр сүтін өндіру 4,5%- ға кеміді.

Аудан бойынша пайдаланып отырған егістік жердің көлемі - 38 804 га., дәнді дақылдың жоспары – 10200 га, орындалғаны – 10750 га., 6050 гектар жерге отырғызылған картоптың әр гектарынан 216 центнерден (2020 жылы 215 центнерден) өнім алынды.

2021 жылы тартылған инвестиция көлемі 3 млрд. 962,6 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 53,0%. (2020 жылы тартылған инвестиция көлемі 7 млрд. 176,1 млн. теңге).

Инвестицияның 2 млрд. 972,6 млн. теңгесі бюджет қаражаты есебінен, немесе 75% (2020 жылы 5 млрд. 693,5 млн. теңге) 989,9 млн. теңгесі жеке қаражаттар есебінен немесе 25% (2020 жылы 1 млрд.482,6 млн. теңге) тартылды.

Ауданда 19 орта, 1 негізгі, 2 бастауыш мектептер білім беруде. Сонымен қатар, 5-мемлекеттік, 3-жекеменшік балабақшалар, 2-өнер мектебі, 1 - мектепаралық оқу-өндірісітік комбинаты жұмыстарын жүргізіп келді. 3-6 жас аралығындағы (1005 бала) балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 96,1%-ды құрайды. Аудан көлемінде 0-6 жас аралығындағы 3953 баланың 570 бала-бақшаларда, 518-і мектеп алды даярлықта, 800 бала мектеп жанындағы шағын орталықтарда тәрбиеленуде. 2021-2022 оқу жылын 6062 оқушы бастады.

Аудан тұрғындарына 1- аудандық аурухана, 1- ауылдық аурухана, 11- дәрігерлік амбулатория, 3- фелдьшерлік акушерлік пункт, 2- медициналық пункт, жалпы саны 18 емдеу мекемесі қызмет көрсетеді. Туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 2021 жылы 331 (8,2) құрап отыр, 2020 жылы 474 (11,8).

Жалпы өлім көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда 3,5 құраса, тиісінше 2020 жылдың осы мерзімінде 4,4 болған.

Жыл басынан бері 15 азаматқа 60,2 млн. теңге микро кредиттер берілді. 200 айлық есептік көрсеткіш (583 400 теңге) көлемінде 50 азаматқа 29,2 млн. теңге қайтарымсыз грант берілді. Жұмыссыз ретінде 1 276 азамат тіркеліп,

 

оның 533-і жұмысқа орналастырылды. (41,7%). Қоғамдық жұмысқа 453 (жоспар 380) адамға жолдама беріліп, көрсеткіш 119%-ға орындалды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 30 (жоспар 28 адам) адам тартылып, көрсеткіш 107,1%-ға орындалды. Жастар тәжірибесіне 33 (жоспар 33 адам) жас маман жұмысқа жіберіліп, көрсеткіш 100%-ға орындалды.

Аудан халқын орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз ету деңгейі 83 пайызды құрайды. 4 ауылдағы ауыз су жүйелері қайта жаңғыртуды қажет етеді. 2021 жылы 3 млрд. 159,9 млн. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды. Нақты көлем индексі 45,5%. (2020 жылы 5 млрд. 692,8 млн. теңге).

2021 жылы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, республика көлемінде атап өтілді. Нарынқол ауылының орталығынан ақиық ақын М. Мақатаевтың ескерткіші орнатылды. (Жоба құны 61,8 млн. теңге).

Мәдениет саласын дамыту мақсатында Қақпақ ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге 30,0 млн. теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Аяқталу мерзімі 2022 жыл. Жоба құны 315,8 млн. теңге. Қайнар, Текес ауылдарындағы мәдениет үйлерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 28,5 млн. теңге бөлініп, жұмыстар толық аяқталды.

2021 жылы 45 қылмыс тіркелсе, 2020 жылы 67 қылмыс тіркелген немесе 32,8%-ға төмендеді, оның ішінде ауыр қылмыс 16 (2020 жылы 10), өте ауыр қылмыс 1 (2020 жылы 3).

III.   Қорытынды бөлік

3.1.   Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін бюджет есебіне жалпы сомасы 694,5 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді, 117 250,5 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды, соның ішінде:

-   «Райымбек ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде аудит барысында 208,7 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді, 33 324,5 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды;

-           «Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде аудит барысында 35,7 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды;

-     «Райымбек ауданының Қайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде аудит барысында 26,3 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді;

-        «Райымбек ауданы Қақпақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде аудит барысында 51,5 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді;

-       «Райымбек ауданы Қарасаз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде аудит барысында 3 204,3 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды;

-   «Райымбек ауданының Нарынқол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде аудит барысында 56,2 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді;

-      «Райымбек ауданы Сарыжаз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде аудит барысында 2 484,0 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды;

 

-             «Райымбек ауданы Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде аудит барысында 109,4 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды;

-        «Райымбек ауданы Текес ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде аудит барысында 1860,0 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды;

-    «Райымбек ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде аудит барысында 152,3 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді, 3 337,4 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды;

-            «Райымбек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде аудит барысында 48,8 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді;

-    «Райымбек ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде аудит барысында 100,0 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді;

-    «Райымбек ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде аудит барысында 72 895,2 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды;

-    «Райымбек ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде аудит барысында 20,7 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді;

-       «Райымбек ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде аудит барысында 30,0 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 3 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды:

- «Райымбек ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының 24.05.2022 жылғы №10 бұйрығымен бас маман Қ.Әжікееваға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды;

-       «Райымбек ауданы Қақпақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде округ әкімінің 26.05.2022 ж. №16-Ө-ж/қ өкімімен бас маман – есепшісі М. Аубакироваға ескерту түрінде тәртіптік жаза берілді;

-    «Райымбек ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының 08.06.2022 ж. №28ж-қ бұйрығымен бас маман А.Қуанышқызына ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жалпы саны 6 материал төмендегі мекемелерге қатысты жолданып, уәкілетті органмен қаралуы бойынша жергілікті бюджет есебіне 474,8 мың теңге айыппұл өндірілді:

 

-   «Райымбек ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша жолданған материал уәкілетті органмен қаралып, 20.06.2022 ж. №36247956 төлем түбіртегімен 76,6 мың теңге, айыппұл жергілікті бюджет есебіне төленді;

-        «Райымбек ауданы Текес ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша жолданған материал уәкілетті органмен қаралып, 20.06.2022 ж. №2206207775641 төлем түбіртегімен 76,6 мың теңге, айыппұл жергілікті бюджет есебіне төленді;

-       «Райымбек ауданы Қарасаз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша жолданған материал уәкілетті органмен қаралып, 01.06.2022 ж. №2206019310994 төлем түбіртегімен 76,6 мың теңге, айыппұл жергілікті бюджет есебіне төленді;

-        «Райымбек ауданы Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша жолданған материал уәкілетті органмен қаралып, 02.06.2022 ж. №2206023780013 төлем түбіртегімен 76,6 мың теңге, айыппұл жергілікті бюджет есебіне төленді;

-      «Райымбек ауданы Нарынқол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша жолданған материал уәкілетті органмен қаралып, 03.06.2022 ж. №36097699 төлем түбіртегімен 45,9 мың теңге, 03.06.2022 ж. №2206039369134 төлем түбіртегімен 45,9 мың теңге, барлығы 91,8 мың теңге айыппұл жергілікті бюджет есебіне төленді;

-    «Райымбек ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша жолданған материал уәкілетті органмен қаралып, 24.06.2022 ж. №620300062750 төлем түбіртегімен 76,6 мың теңге айыппұл жергілікті бюджет есебіне төленді.

3.2.   Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:

1.   Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша жалпы сомасы 123 345,0 мың теңге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 117 945,0 мың теңге бюджет қаражатын пайдалану бойынша қаржылық бұзушылықтар (оның ішінде қалпына келтірілетін сома 117 250,5 мың теңге, бюджет есебіне өндірілуі тиісті сома 694,5 мың теңге), 5 400,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты.

Осымен қатар 2 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.

2.     Анықталған қаржылық бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының талаптарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы Заңының талаптарын, Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, демалыс ақысын төлеу, іссапар шығындарын өтеу туралы Ережелердің сақталмауынан орын алған.

3.    Бюджет қаражаты шығындарын жоспарлау және пайдалану кезінде тиімділік принциптерінің сақталмауы салдарынын бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлануына жол берілген.

4.  Қазақстан Республикасы Заңнамаларының тиісті талаптарын сақтамау салдарынан бюджет қаражатының артық және негізсіз шығысталуына жол берілген.

3.3.   Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

Райымбек ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын

 

және    мемлекет    активтерін   пайдалану   тиімділігіне    жүргізілген   аудит нәтижелерін негізге ала отырып

ҰСЫНАМЫН:

1.   Райымбек ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.

2.     «Райымбек ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен мемлекеттік аудит объектілері басшыларымен бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрын жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында жергілікті бюджет есебіне өндірілген 694,5 мың теңге және есептілік бойынша қалпына келтірілген 117 250,5 мың теңге назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін жұмыстар жүргізілсін.

3.4.     Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.

 

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                                   Қ. Сағымбаев

 

№1 мемлекеттік аудит

бөлімінің басшысы                                                          Н. Қалқаев

 

Сапа бақылауына жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы                             Қ. Есенаманов

 

Құқықтық сүйемелдеуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы                             А. Қадір

 

 

 

Аудит тобының жетекшісі                                               Н. Қалқаев

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ