Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

«Алматы облысы әкімі аппаратының «Шаруашылық басқармасы»

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 01.04.2022
Просмотры: 170 Печать страницы

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

«Алматы облысы әкімі аппаратының

«Шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекетік мекемесінде жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдықорған қаласы 2022 ЖЫЛ

 

Алматы облысыбойынша тексерукомиссиясының Төрағасы

М. Мұсаевқа

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

  1. Кіріспебөлік
    1. Аудиторлықіс-шараныңатауы:Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемелекет активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудиті.
    2. Мемлекеттікаудиттіңмақсаты:Жергілікті бюджетті жоспарлау және атқару, жергілікті бюджет қаражатын және мемелекеттік активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.

1.3.Мемлекеттік аудиттің объектісі:

«Алматы облысы әкімі аппаратының «Шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекетік мекемесі.

  1. Мемлекеттік   аудитпен   қамтылған   кезең:2020   жылдың   1 қаңтарынан бастап, 2022 жылдың 31қаңтарын қоса алғанда.

II.Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

«Алматы облысы әкімі аппаратының «Шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекетік мекемесі қызметтік ғимараттарды пайдалануды, көліктік қызмет көрсетуді жүзеге асыру және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарды қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыру үшін белгіленген (мемлекеттік орган қызметінсіз) мекеме болып табылады.

Мекеменің мақсаты қызметтік ғимараттарды пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыру, көліктік қызмет көрсету және мемлекеттік органдарды қамтамасыз ету жұмыстарын орындау.

2.2 Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері

Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемелекет активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу бойынша қамтылған қаражаттың көлемі3206284,0мың теңгені құрады.

Жалпы анықталған бұзушылықтар 221 249,8мың теңгені құрады, оның ішінде 136,7 мың теңге бюджет қаражатын пайдалану бойынша қаржылық бұзушылықтар, 6646,0 мың теңге бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау кезіндегі заңнама бұзушылықтары, 214467,1 мың теңге тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты,3 бірлік рәсімдік бұзушылықтар орын алған, соның ішінде:

Мемлекеттік сатып алу Заңның 43 бабының 12 тармағы толық басшылыққа алынбай, №360 келісім-шарттың қамтамасыз етуін кешіктіріп қайтарған;

 

Қазақстан   Республикасы   Үкіметінің    2018   жылғы   31   қазандағы

«Мемлекеттік    және    мемлекеттік    емес    ұйымдарда   құжаттама   жасау,

 

құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы №703 қаулысының 33 тармағы толық басшылыққа алынбай, штат кестесібекітілмеген;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылдың 11 мамырдағы №256 қаулысымен бектілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары»-ның 3 тармағынының 1, 2 тармақшаларының талаптарының бұзылып 38,4 мың теңгепәтер ақы заңбұзушылықпен төленген;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылдың 11 мамырдағы №256 қаулысымен бектілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары»-ның 3 тармағынының 1, 2 тармақшаларының талаптарының бұзылып 40,8 мың теңге негізсіз төленген;

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесін 9 тарау 244, 271 тармақтарының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2010 жылы № 281 бекітілген „Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының бұйрығының“ 16, 17 тармақтарының (енгізілген өзгерістер мен толықтырулар) талаптары басшылыққа алынбаған. Жалпы акивтердің баланстық құны 2490,0 мың теңгеге ұлғайтылмаған;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Ережесінің

319 тармағының талаптары толық сақталмай, 4156,0 мың теңгеніңкөпжылдық екпелер (сосны, ели) жылдық есепте көрсетілмеген;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының" 285 және 286 – (физикалық және моральдық тозу, оларды жөндеудің тиімсіздігі салдарынан негізгі құралдар объектілерінің жарамсыздығын айқындау үшін, сондай-ақ есептен шығаруға қажетті құжаттаманы ресімдеу үшін)тармақтарының және Қазақстан Республикасы бюджет кодексінің 4 бабының 12 тармақтары толық басшылыққа алынбай, 17490,4 мың теңгенің жабдықтары  физикалық және моральдық тозғанымен есептен шығысталмаған;

Қазақстан Республикасы бюджет кодексінің 4 бабының 12 тармақтары толық басшылыққа алынбай, жылдары 214 467,1мың теңге қаржы шығындары тиімсіз пайдаланылған;

Қазақстан Республикасының   2001   жылғы   16   шілдедегі   N   242

« Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының34-3 быбының 2 тармағының талаптары толық сақталмай, 57,5 мың теңге негізсіз төленген.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік- экономикалық дамуғаәсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):

 

«Шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жалпы басшылық етуді анықталған заңнамаларына сәйкес аппарат жүзеге асырады, мекеменің міндеттері:      жергілікті                                                                  бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік орнадарды шаруашылық құралдарымен, механизация жабдықтарымен, ұйымдастыру техникаларының жиынтық материалдарымен қамтамасыз ету қызметін орындау, мемлекеттік органдарды автокөлікпен қамтамасыз ету және қызмет көрсету, Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін басқа да қызметтерді жүзеге асыру.

Қызметтік ғимараттарды, үй жайларды және оған жататын аумақтық өндірістік санитарлық нормалар ережелеріне сәйкес қажетті жағдайда ұстау және пайдалану;қызметтік ғимараттарды коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету (суық сумен қамтамасыз ету және канализация, жылу және ыстық сумен, электр энергиясымен, байланыспен қамтамасыз ету, залалсыздандыру, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және лас қалдықтарды тартып шығару, өрт қауіпсіздігі мен өртке қарсы автоматика жүйесіне, лифттерге техникалық қызмет көрсету, объектілерді күзету); ғимараттардың байланыс құралдарына, ішкі және сыртқы жылу, желдеткіш, ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелеріне, суық су құбырларына, канализациясына (канализация құбырларын тазарту), ішкі электр желілеріне қызмет көрсету және жөнделуін қамтамасыз ету, сантехникалық, электротехникалық және жылу жабдықтарынжөндеу және құрастыру, объекьілердің сыртқы және ішкі электрлік жарық беру жүйелеріне қызмет көрсету және пайдалану. Сонымен қатар мемлекеттік басқару органдарына құрылыс-жөндеу қызметін көрсету, офистік жиһаздарды жинау және жөндеу жүргізу;жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарды шаруашылық құралдарымен, механизация жабдықтарымен, ұйымдастыру техникаларының жиынтық материалдарымен қамтамасыз ету қызметін орындау; мемлекеттік органдардағы компьютерлік және ұйымдастыру техникаларын, электронды шектеулі жүйелерді орнату, жөндеу және қызмет көрсету және тағы басқа қызметтерді көрсету қарастырылған.

III.Қорытынды бөлік

  1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар

Анықталған бұзушылықтар бойыншаҚазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы №703 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылдың 11 мамырдағы №256 қаулысымен бектілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары», «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4

 

желтоқсандағы №95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Кодексініңталаптарын толық сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аудит барысында 136,7мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді, 6 646,0мың теңгенің қаржылық заңбұзушылықтары бойынша бухгалтерлік анықтамамен қалпына келтіру жасалды.

Мекеменің 2020 жылғы жылдық есебі бойынша 4156,0 мың теңгенің биологиялық активтер көрсетілмеген, жалпы акивтердің баланстық құны 2490,0 мың теңгеге ұлғайтылмаған,осылайша бұрмаланған қаржылық есептілікке жол берілген.

Осыған байланысты жоғарыда аталғанзаңнамалардың бұзылуына жол берген жауапты тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне екі материалдар жіберілді.

3.2.Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

  1. Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша 136,7 мың теңге бюджет қаражатын пайдалану бойынша қаржылық бұзушылықтар, 6646,0 мың теңге бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау кезіндегі заңнама бұзушылықтары, 214467,1 мың теңге тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты,3 бірлік рәсімдік бұзушылықтаранықталды.

Аудит барысында 136,7мың теңге бюджет есебіне өндірілді, 6 646,0мың теңгеге бухгалтерлік анықтамамен қалпына келтіру жасалды.

  1. Анықталған бұзушылықтарҚазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы №703 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылдың 11 мамырдағы №256 қаулысымен бектілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары», «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Кодексініңталаптарын толық сақтамаудан орын алған.
  2. Бюджет қаражаты шығындарын жоспарлау кезінде тиімділік принциптерінің сақталмауы салдарынын бюджет қаражатының тиімсізпайдаланылуына жол берілген.

3.3.Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар

Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

  1. Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.

 

  1. 2022 жылдың 10 мамырына дейін Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзылуына жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктері қаралсын.
  2. Мемлекеттік аудит объекті басшысыменбюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзылуын барынша азайтуға бағытталған және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін жұмыстар жүргізілсін.
  3. Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы облыс өңірлері бойынша резиденцияларды күтіп-ұстау және қызмет көрсету бойынша жүргізілген мемлекеттік аудит негізінде жоғарыда көрсетілген ғимараттарды тиімді падалануына іс-шаралар қаралсын.
  4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар менкемшіліктердің жиынтық тізілімі.

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                              Қ. Манамұратов

 

Бөлімбасшысы                                                         Д.Базарбаев

 

Сапа бақылауына жауапты

құрылымдықбөлімшенің басшысы                        Қ.Есенаманов

 

Құқықтық сүйемелдеугежауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы                        А.Қадір

 

 

Аудит тобының жетекшісі                                        Ш.Сыздыкова

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ