Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

«Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы»

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 05.12.2022
Просмотры: 287 Печать страницы

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

1.1. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

1.2. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

1.3. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

1.4. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алатау әуендері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

1.5. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

1.6. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

1.7. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2021 жылдың 31 желтоқсан аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

«Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі – облыс аумағында мәдениет, архивтер және құжаттама саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Басқарманың миссиясы: мәдениет мәдениет, архивтер және құжаттама саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

Міндеттері:

заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;

оперативті басқару құқығымен қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;

басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелерді және кәсіпорындарды құру, қайта құру, қайта атау және тарату бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу және олардың Жарғыларын (ережелерін) бекіту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

2020 жылы Алматы облысының мәдениет, архив  мекемелерінің желісі 578 нысанды құраса, 2021 жылы мәдениет  архив мекемелер желісі 7 нысанға толығып, 585 нысанды құраған. Оның ішінде: 2020 жылы 247 мәдениет үйлері мен клубтар,  278 кітапхана, 26 музей, 2 галерея, 20 архив, 5 облыстық мәдениет мекемелері, 2021 жылы 251 мәдениет үйлері мен клубтар,             281 кітапхана, 26 музей, 2 галерея, 20 архив, 5 облыстық мәдениет мекемелері.

2020 жылы мәдениет үйлерінде 88 «Халықтық», «Үлгілі» атағы бар ұжымдар мен 1501 көркемөнерпаздар үйiрмелерi жұмыс iстесе, 2021 жылы мәдениет үйлерінде 88 «Халықтық», «Үлгілі» атағы бар ұжымдар мен 1560 көркемөнерпаздар үйiрмелерi жұмыс iстеген.

2020 жылы Мәдениет және архив саласындағы штат саны – 3389 адамды құраса, 2021 жылы штат саны 126 штат бірлігімен толығып, барлығы  3515 құраған.

2020 жылға сала бюджеті 13,0 млрд. теңге құрап. Жылыту маусымына орай облыстық бюджеттен сұйық отынға 253,7  қатты отынға 34,8 млн. теңге қаржы бөлінген.

2020 жылы 20 мәдениет нысанының күрделі жөндеу жұмыстарына 4,7 млрд.теңге, 27 нысанның ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 439,4 млн. теңге бөлінсе, 21 нысанға ЖСҚ әзірлеуге 203,1 млн. теңге бөлінген.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері

«Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі, ведомствалық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарында жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен 5 357 016,0 мың теңге жұмсалған бюджет қаражаты қамтылды және ведомствалық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне бақылаулар жүргізіліп, қорытындысымен Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптарын сақтамау бойынша жалпы сомасы 796 191,9 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:

- 734 483,8 мың теңге қаржылық бұзушылықтар (оның 733 991,4 мың теңгесі қалпына келтірілуі тиіс, 492,4 мың теңгесі бюджет есебіне өндірілуі тиіс);

- 48 059,5 мың теңге тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты;

- 13 648,6 мың теңге тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты.

Осымен қатар 21 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.

Жеке мемлекеттік мекемелер бойынша бұзушылықтардың сипаттамасы:

1. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

2020 жылға арналған 001-015 бюджеттік бағдарлама шығындарының ерекшеліктері бойынша үнемдеу және қаржыландырудың жеткіліксіздігінің  есептері

Ерекшеліктер

 4-20 есептілігі (мың теңге)

 

айырмашылық

Жыл басындағы жоспар

қосымша өтінім

жыл соңында нақты шығындар

111

32 494,0

0,0

28 137,0

4 357,0

112

0,0

0,0

19 279,2

-19 279,2

113

5 416,0

0,0

4 945,4

470,6

121

1 755,0

0,0

2 871,2

-1 116,2

122

1 024,0

0,0

1 361,3

-337,3

124

650,0

0,0

891,0

-241,0

131

1 383,0

0,0

1 454,7

-71,7

135

146,0

0,0

148,0

-2,0

149

2 749,0

764,0

210,6

3 302,4

151

5 165,0

0,0

1 640,4

3 524,6

152

3 212,0

0,0

1 590,0

1 622,0

159

4 660,0

0,0

2 398,3

2 261,7

161

4 630,0

2 298,0

1 178,3

5 749,7

416

0,0

0,0

235,7

-235,7

Барлығы

63 284,0

3 062,0

66 346,0

4,9

Үнемделген қаржы

 

 

20 817,4

қаржыландырудың жеткіліксіздігі

 

 

-21 283,1

Жоғарыдағы кестеге сәйкес Мәдениет басқармасының 111, 113, 149, 151, 152, 159, 161 ерекшеліктер бойынша 20 817,4 мың теңге сомасына үнемдеу байқалады. Бұл сома бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау кезеңінде соманы көбейту есебінен қалыптастырылған.

1-Тармақ. Бюджеттік кодекстің 3-бабы 1-тармағының 12-4) тармақшасын, 4-бабы 12) тармақшасын басшылыққа алынбай, мәдениет басқармасы 20 817,4 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағанына жол берген. Бұл 2020 жылы Мәдениет басқармасы 19 279,2 мың теңге қаражатың қосымша сыйақы төлеп, бұл 2020 жылғы жалақы сомасының 68,5 пайызын құраған.

 

2021 жылға арналған 001-015 бюджеттік бағдарлама шығындарының ерекшеліктері бойынша үнемдеу және қаржыландырудың жеткіліксіздігінің  есептері

ерекшеліктер

 4-20 есептілігі (мың теңге)

 

Жыл басындағы жоспар

қосымша өтінім

жыл соңында нақты шығындар

айырмашылық

111

32 778,0

18 850,0

40 738,0

10 890,0

112

 

 

23 057,9

-23 057,9

113

5 463,0

 

7 650,2

-2 187,2

121

1 770,0

1 374,0

3 852,0

-708,0

122

1 033,0

785,0

1 441,8

376,2

124

656,0

536,0

1 048,5

143,5

131

1 399,0

 

1 464,0

-65,0

135

148,0

 

165,0

-17,0

149

2 621,0

 

140,3

2 480,7

151

5 571,0

1 800,0

2 356,0

5 015,0

152

3 212,0

500,0

1 524,0

2 188,0

159

4 317,0

700,0

1 934,9

3 082,1

161

4 770,0

2 000,0

3 703,4

3 066,6

162

 

1 385,0

1 628,6

 

414

 

 

962,7

-962,7

Всего

63 738,0

27 930,0

91 667,3

0,7

Үнемделген қаржы

 

 

27 242,1

қаржыландырудың жеткіліксіздігі

 

 

-26 997,8

Жоғарыдағы кестеге сәйкес Мәдениет басқармасының 111, 113, 149, 151, 152, 159, 161 ерекшеліктер бойынша 24 030,1 мың теңге сомасына үнемдеу байқалады. Бұл сома бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау кезеңінде соманы көбейту есебінен қалыптастырылған.

2-Тармақ. Бюджеттік кодекстің 3-бабы 1-тармағының 12-4) тармақшасын, 4-бабы 12) тармақшасын басшылыққа алынбай, мәдениет басқармасы 27 242,1 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағанына жол берген. Бұл 2020 жылы Мәдениет басқармасы 23 057,9 мың теңге қаражатың қосымша сыйақы төлеп, бұл 2021 жылғы жалақы сомасының 56,6 пайызын құраған.

3-Тармақ. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Кодексінің 34 бабының 1-тармағындағы «Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға» жататын және бұл бағдарламалар арқылы мекеменің қызметіне байланысты барлық ағымдағы шығыстар жоспарланып, төленетіндігі ескерілмей, 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында  273-001-416 бағдарлама арқылы 276,0 мың теңге, 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 273-001-414 бағдарлама арқылы 962,7 мың теңге күрделі сипаттағы шығындарды жоспарлап төленуіне жол берілген.

4-Тармақ. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 224 бұйрығына                 1-қосымшасының «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидалары» Қағиданың 7 тармағының төлеушi қорға әлеуметтiк аударымдарды ай сайын Мемлекеттік корпорацияның банк шоты арқылы төлемді жүзеге асыру жолымен есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешіктірмей, әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып өзiнiң банк шоттарынан қолма-қол ақшасыз тәртіппен төлейді деген талаптары сақталмай, Мәдениет басқармасының қызметкері Жақыпова Ақерке Амангелдықызының 2020 жылдың сәуір айындағы есептелген 4,2 мың теңге әлеуметтiк аударымын 3 күнге кешіктіріліп аударылғаны анықталған.

5-Тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы №405-V ҚРЗ «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының 30-бабы, 6-тармағы, 1)-тармақшасындағы дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар – кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төлейді деген талаптары сақталмай, Мәдениет басқармасының қызметкерлері Жақыпова Ақерке Амангелдықызының және Жансеркенов Айса Ильясовичтың 2020 жылдың қаңтар айындағы есептелген 0,8 мың теңге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарын 3 күнге кешіктіріліп аударылғаны анықталған.

6-Тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1116 «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген қағиданың 9 тармағының 1) тармақшасында дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар жұмыскерлерге төленген табыстан – табыстар төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей аударады деген талаптары сақталмай, Мәдениет басқармасының 5 қызметкерлер бойынша (Ахметжанова А., Гумаров Т., Домбай Г., Кольбаев М., Салханова Ж.) 2021 жылдың шілде айындағы есептелген 84,7 мың теңге міндетті зейнетақы жарналарын 30 күнге кешіктіріліп аударылғаны анықталған.

Жылыту қызметтері үшін «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорғанжылусервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен 2020 жылдың 06 ақпанында 4 625,0 мың теңгеге №853 келісім шарты жасалған.

7-Тармақ. Аталған келісім шарт бойынша «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорғанжылусервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына 2020 жылғы №5-15 «Мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық және (немесе) қаржылық емес оператордың, мемлекет кепілдік берген қарызды алушының жүргізілген төлемдері бойынша күн сайынғы үзінді көшірме» нысанына сәйкес 1062,0 мың теңге аударылған. Яғни, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 45-бабының, 2 тармағы, 3 тармақшасының талаптары сақталмай, көрсетілетін қызметтердің көлеміне қажеттіліктің азаюына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасын азайту бойынша қосымша келісім шарт жасалмаған.

Жылыту қызметтері үшін «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорғанжылусервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен 2020 жылдың 25 ақпанында 4 757,0 мың теңгеге №853 келісім шарты жасалған.

8-Тармақ. Аталған келісім шарт бойынша «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорғанжылусервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына 2021 жылғы №5-15 «Мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық және (немесе) қаржылық емес оператордың, мемлекет кепілдік берген қарызды алушының жүргізілген төлемдері бойынша күн сайынғы үзінді көшірме» нысанына сәйкес 1657,8 мың теңге аударылған. Яғни, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 45-бабының, 2 тармағы, 3 тармақшасының талаптары сақталмай, көрсетілетін қызметтердің көлеміне қажеттіліктің азаюына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасын азайту бойынша қосымша келісім шарт жасалмаған.

Мекеме 2020 жылдың қаңтар айында қызметкерлерге есептелген іс-сапар шығындарына 2019 жылдың желтоқсан айындағы іс сапар шығындары: 2019 жылғы 23 желтоқсандағы №170 бұйрық негізінде мекеменің бөлім басшысы Г.Қалқабаеваға №110 аванс есебі бойынша 8,2 мың теңге,  2019 жылғы 25 желтоқсандағы №172 бұйрық негізінде мекеме басшысы М.Кольбаевқа №109 аванс есебі бойынша 55,1 мың теңге 2020 жылдың 20 қаңтарында қаңтар айының іс-сапар шығындарымен қосып бірге төленген.

Іс-сапар шығындары 01.01.2020 жыл есепті кезеңнің басына көрсетілмегені анықталды.

9-Тармақ. Аудит барысында 2020 жылғы қаржылық есептілікте 218 «Қызметкерлер және басқа да есеп беретін тұлғалар алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» жолы бойынша 2019 жылдың желтоқсан айында қызметкерлерге есептелген іс-сапар шығындары есепті кезеңнің басына көрсетілмегені анықталды. Яғни 2020 жылғы қаржылық есептілікті бұрмалау жағдайына әкеп соққан. Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидаларының 2 тарауының 27 тармағы талабы және «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 01 тамыздағы №468 бұйрығына 7-қосымшаның 31-тармағы талаптары (енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) басшылыққа алынбаған.

Мәдениет басқармасы мен «Ак-Жол Транс Оил» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – «Ак-Жол Транс Оил» ЖШС) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алу заңы) 2020 жылдың 13 наурызындағы № 3977032-ОК1 «Ашық конкурс» мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде 2020 жылдың 9 сәуірінде Алматы облысының аудандағы 83 мәдени нысандарға 2020 жылға дизель отының жеткізу бойынша 253 741,2 мың теңгеге №14 келісім шартқа отырған.

10-Тармақ. Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 20-бабының 1-тармағы басшалыққа алынбай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде Тапсырыс беруші Мәдениет басқармасы мен Ұйымдастырушы «Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі  дизель отынын жеткізуді оларды жеткізу орны бойынша лоттарға бөлмеген.

«Ак-Жол Транс Оил» ЖШС-гі келісім шартының тауарларды жеткізу мерзімі 2020 жылдың 31 шілдесіне - 40%, 30 тамызына - 40%, қалған 20%     01 қазанында жеткізуге міндеттелген.

11-Тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидатының 546 тармағы басшылыққа алынбай, Мәдениет басқармасы веб-порталында өнім берушінің тауарды қабылдап алу-беру хабарламаны алған күннен 56 күнтізбелік күнге кешіктіріп оған электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қоюға жол берген. Себебі, «Ак-Жол Транс Оил» ЖШС-гі 2020 жылғы 31 қазанда электрондық-цифрлық қолтаңбамен бекітілген тауарларды қабылдау-беру актілерін веб-портал арқылы тапсырыс берушіге жіберген. Өз кезегінде Мәдениет басқармасы оған 2020 жылғы 30 желтоқсанда ғана электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қойғаны анықталған.

Жоғарыда атап өткендей, «Ак-Жол Транс Оил» ЖШС-гі келісім шартының тауарларды жеткізу мерзімі 2020 жылдың 31 шілдесіне - 40%, 30 тамызына - 40%, қалған 20% 01 қазанға жеткізу міндеттелген. Алайда, «Ак-Жол Транс Оил» ЖШС-гі соңғы ұсынылған 3 жүкқұжатқа сәйкес дизель отынды 2020 жылдың 31 қазанында 4 962,5 мың теңгеге 31 күнтізбелік күнге кешіктіріп жеткізілген.

12-Тармақ. Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43 бабының 24 тармағы және 2020 жылдың 9 сәуіріндегі келісім шарттың 7.3. тармақтары басшылыққа алынбай, Мәдениет басқармасы сол келісім шарт бойынша 153,9 мың теңге (4964,5*0,1*31) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алуды қамтамасыз етілмеген. Аудит барысында 2022 жылғы №144 төлем тапсырмасымен 153,9 мың теңге бюджет есебіне қайтарылған.

13-Тармақ. Сонымен қатар, Мемлекеттік сатып алу заңнының 12 бабы 4 тармағының 3) тармақшасы басшылыққа алынбай, Мәдениет басқармасы сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, сотқа «Ак-Жол Транс Оил» ЖШС өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қойып жүгіну міндеттірін қамтамасыз етілмеген.

Мәдениет басқармасы 2021 жылдың 9 наурызында №8-НҚ бұйрығына сәйкес 2021 жылдың жылыту маусымына сұйық отын сатып алу қызметіне мемлекеттік электронды сатып алу конкурсының конкурстық құжаттамасын бекіткен.

Алайда, Мәдениет басқармасы «СНАБ ТЕХ АТВ» ЖШС-мен  2021 жылдың 16 наурызында биржалық брокерлік қызмет көрсету туралы №1 келісім шарты негізінде Мәдениет басқармасы мен  «Ак-Жол Транс Оил» ЖШС тауар биржа арқалы 2021 жылдың 30 наурызындағы №10492 қорытындылар хаттамаларына сәйкес  Алматы облысының аудандағы мәдени нысандарға 2021 жылға дизель отының жеткізу бойынша 2021 жылдың 30 наурызында №н/ж келісім шартқа отырған.

Келісім шарттың 3.1 тармақтың 2 тармақшасына сәйкес өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді міндеттелінген.

14-Тармақ. Мемлекеттік сатып алу заңының 43 бабының 11 тармағы басшылыққа алынбай Мәдениет басқармасы  мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап тауар биржалары арқылы тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша «Ак-Жол Транс Оил» ЖШС айқындалған өнім берушіге қолданылған.

15-Тармақ. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы №268-XIIII «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі» Кодексінің (бұдан әрі – №268 Азаматтық Кодекс) 152 бабының 2 тармағы басшылыққа алынбай,  Мәдениет басқармасы «СНАБ ТЕХ АТВ» ЖШС-мен  2021 жылдың 16 наурызында биржалық брокерлік қызмет көрсету туралы №1 келісім шарттың екінші қатысушысы брокер «СНАБ ТЕХ АТВ» ЖШС-гі қол қойылмаған. Сол себептен, №268 Азаматтық Кодексінің 153 бабының 2 тармағына сәйкес екі жақты қол қойылмаған келісім шарт маңызсыз болып саналады.

Мемлекеттік сатып алу Заңының 42-бабына сәйкес тауар биржалары арқылы тауарларды мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының Тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес биржалық тауарлар тізбесі бойынша Қосарланған қарсы аукцион режимінде жүзеге асырылатыны көрсетілген.

Егер биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемі биржалық тауарлар тізбесінде көзделген партияның ең төменгі мөлшерінен аспаған жағдайда, Тапсырыс беруші Тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың өзге тәсілін таңдауға құқылы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығымен бекітілген Биржалық тауарлардың тізбесіне сәйкес тауар биржалары арқылы өткізілетін автомобиль бензинін, дизель отынын және реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды өткізу көлемін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 7-тармағына сәйкес мұнай өнімдерін беру жоспарының шеңберінде белгілейді.

Бүгінгі күні тауар биржалары арқылы сатылатын жанар-жағар май партиясының бекітілген ең төменгі мөлшері жоқ. «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3-тармағына сәйкес, егер нормативтік құқықтық актінің өзінде оның қандай да бір құқық нормасы қосымша нормативтік құқықтық акт негізінде қолданылатыны көрсетілсе, онда бұл норма Негізгі және қосымша нормативтік құқықтық актіге сәйкес қолданылады. Қосымша нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейін тиісті қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер қолданылады. Осылайша, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган автомобиль бензинін, дизель отынын және тауар биржалары арқылы өткізілетін реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды өткізу көлемдерін бекіткенге дейін тиісті қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер қолданылады. Жоғарыдағыны негізге ала отырып, бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/ ресми сайтында тауар биржалары арқылы өткізілетін автомобиль бензині, дизель отыны және реактивті қозғалтқыштарға арналған мұнай өнімдерін жеткізу жоспары 2021 жылдың ақпан, наурыз айларында жарияланбаған. Сол жылдың сәуір-қараша айлары аралығындағы кезенде жарияланғанымен дизель отынын тауар биржалары арқылы өткізу лимиттері белгіленбеген.   Дизель отынын тауар биржалары арқылы өткізу лимиттері тек 2021 жылдың желтоқсан айындағы жеткізу жоспарында 37 730 тоннаға ғана жарияланған. Осыған байланысты тапсырыс беруші 2021 жылдың наурыз айында тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың өзге тәсілін таңдауға қажет еді.

16-Тармақ. Мемлекеттік сатып алу заңының 42 бабының 2 тармағында көзделген құқықты пайдаланбай Мәдениет басқармасы тауар биржасы арқылы жанар-жағар май алуға жол берген.

 «Ак-Жол Транс Оил» ЖШС-гі келісім шартының тауарларды жеткізу мерзімі 2021 жылдың 31 шілдесіне - 40%, 30 тамызына - 40%, қалған 20% 1 қазанға жеткізу міндеттелген. Алайда, «Ак-Жол Транс Оил» ЖШС-гі соңғы ұсынылған 2 жүкқұжатқа сәйкес дизель отынды 2021 жылдың 5 қазанында 2820,4 мың теңгеге кешіктіріп жеткізілген.

17-Тармақ. Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43 бабының 24 тармағы және 2021 жылдың 30 наурызындағы келісім шарттың 7.3. тармақтары басшылыққа алынбай, Мәдениет басқармасы сол келісім шарт бойынша 14,1 мың теңге (2820,4*0,1*5) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алуды қамтамасыз етілмеген. Аудит барысында 2022 жылғы №145 төлем тапсырмасымен 14,1 мың теңге бюджет есебіне қайтарылған.

18-Тармақ. Сонымен қатар, Мемлекеттік сатып алу заңнының 12 бабы 4 тармағының 3) тармақшасы басшылыққа алынбай, Мәдениет басқармасы сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, сотқа «Ак-Жол Транс Оил» ЖШС өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қойып жүгіну міндеттірін қамтамасыз етілмеген.

19-Тармақ. Мемлекеттік сатып алу заңының 43 бабының 12 тармағы басшылыққа алынбай Мәдениет басқармасы  өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық 2021 жылдың 5 қазанында орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтармай, тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз  ету сомасын «Ак-Жол Транс Оил» ЖШС өнім берушіге 141 күнтізбелік күнге кешіктіріп аударған.

1. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны:

1 - тармақ: Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекiтiлген «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағы 3 тармақшасының талабы сақталмай, «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директорының 2021 жылғы 18 қаңтардағы №05/ж бұйрығымен М.Билібаева кәсіпорынның әдіскері қызметіне 3 ай сынақ мерзімімен жұмысқа қабылданған, алайда сынақ мерзімінің уақыты аяқталмастан кәсіпорын директорының 2021 жылдың 16 наурыздағы №14/н бұйрығы негізінде «Наурыз мейрамы» мемлекеттік мерекесінің құрметіне М.Билібаеваға-40,0 мың теңге мөлшерінде сыйақы негізсіз есептеліп төленген. Аудит барысында 40,0 мың теңге 2022 жылдың 23 қыркүйектегі №226603011395 түбіртегімен бюджет есебіне қайтарылған.

2. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында:

1-тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бекітілген № 393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 236-тармағы талаптары және  Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы N 185 «Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы» бұйрығының 5 тарау 16,21 тармағы талаптары № (енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) басшылыққа алынбаған. Яғни,  2021 жылы  қараша айында алынған 1575,0 мың теңгеге өнім бухгалтерлік есепке негізгі құралдар ретінде 2410 шотына қойылмаған. Аудит жүргізу барысында бухгалтерлік есебі бойынша бұл сомаға түзетулер беріліп, қалпына келтірулер жасалған.

3. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алатау әуендері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

1-Тармақ: Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 23 қарашасындығы №414-V «Еңбек кодексінің» 23 бабының 6 тармақшасы, ұжымдық шарттың 3.4-4.2.6 тармақшалары  және Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағы толық сақталынбай кәсіпорынның басшысы У.Ербатырованың 2021 жылғы 21 мамырдағы №59-ж/қ бұйрығына сәйкес кәсіпорын қызметкерлеріне 21 мамыр мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай сыйақы тағайындалған. Кәсіпорының жеке дауыстағы әншісі Айдана Асанбаеваға 26,0 мың теңге, Ақжол Өсербай 26,0 мың теңге және Жансая Божбанға 26,0 мың теңге тәртіптік жазасы алынбай негізсіз жалпы соммасы 78,0 теңге  сыйақы төленген. Аталған сома   2022 жылдың 22 қыркүйегінде аудит жүгізу барысында жергілікті бюджет 206109 кодына өндірілген.

4. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде:

1-Тармақ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 341 тармағының талаптары орындалмай, тиісті білімі жоқ бола тұрып, бөлім меңгерушісі лауазымына А.Әбейбекова қабылданған, бұл өз кезегінде халыққа сапалы кітапханалық - библиографиялық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған 2 630,5 мың теңге сомасында бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына алып келген.

2-Тармақ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 341 тармағының талаптары орындалмай, тиісті білімі жоқ бола тұрып, бөлім меңгерушісі лауазымына Л.Жапсарбаева қабылданған, бұл өз кезегінде халыққа сапалы кітапханалық - библиографиялық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған 1 396,2  мың теңге сомасында бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына алып келген.

3-Тармақ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 341 тармағының талаптары орындалмай, тиісті жұмыс өтілі жоқ бола тұрып, бөлім меңгерушісі лауазымына Н.Камбаева қабылданған, бұл өз кезегінде халыққа сапалы кітапханалық - библиографиялық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған 549,0 мың теңге сомасында бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына алып келген.

4-Тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193  «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қаулысының 18 қосымшасы 11 тармағының талаптары сақталмай, аудитпен қамтылатын кезең аралығында мекеме басшысы Г. Тоқабаеваға жалпы сомасы 127,4 мың теңге көлемінде БЛА-дан 30% мөлшерінде құрметті атақ үшін негізсіз үстемеақы белгіленіп төленгені анықталды. Аудит барысында аталған сома жергілікті бюджет есебіне қайтарылған.

5-Тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193  «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қаулысының 18 қосымшасы 10 тармағының талаптары сақталмай, 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек кезең аралығында мекеме жүргізушісі А. Бегалыға жалпы сомасы 50,3 мың теңге көлемінде БЛА-дан 35% мөлшерінде сыныптық біліктілігі үшін негізсіз үстемеақы белгіленіп төленгені анықталды. Аудит барысында аталған сома жергілікті бюджет есебіне қайтарылған.

5. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде:

1 – тармақ.  Қызметтік іс-сапарларға арналған шығыстарды өтеу «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 Қаулысының  1 тараудың 2 тармағы сақталмай, 2020 жылы маусым айында, мекеменің маманы Идрисова А.С. іс-сапар шығыны басшының іс-сапар туралы бұйрығымен расталмай 28,7 мың тенге негізсіз төленген. Аудит барысында 28,7 мың теңге 2022 жылғы түбіртекпен бюджет есебіне қайтарылған.

6. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде:

1-тармақ. Мемлекеттік архиві Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Кодексінің 34 бабының 1-тармағындағы «Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға» жататын және бұл бағдарламалар арқылы мекеменің қызметіне байланысты барлық ағымдағы шығыстар жоспарланып, төленетіндігі ескерілмей, 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 273-010-414 бағдарлама арқылы 219,0 мың теңге,  273-010-416 бағдарлама арқылы 110,0 мың теңге, 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 273-010-414 бағдарлама арқылы 1 284,0 мың теңге күрделі сипаттағы шығындарды жоспарлап төленуіне жол берілген.

2-тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1116 «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген қағиданың 9 тармағының 1) тармақшасында дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар жұмыскерлерге төленген табыстан – табыстар төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей аударады деген талаптары сақталмай, Алакөл филиалының директоры Эльмира Мейрмановна Бақтыбаеваның 2021 жылдың қыркүйек айындағы есептелген міндетті зейнетақы жарналарын 18,1 мың теңге 14 мен 18 қазан айында аударылған төлемдер қате төлемдер болып мекеме шотына қайтарылып бүгінгі күнге дейін аударылмағаны анықталған.

3-тармақ. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 224 бұйрығына
1-қосымшасының «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидалары» Қағиданың 7 тармағының төлеушi қорға әлеуметтiк аударымдарды ай сайын Мемлекеттік корпорацияның банк шоты арқылы төлемді жүзеге асыру жолымен есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешіктірмей, әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып өзiнiң банк шоттарынан қолма-қол ақшасыз тәртіппен төлейді деген талаптары сақталмай, Алакөл филиалының директоры Эльмира Мейрмановна Бақтыбаеваның 2021 жылдың қыркүйек айындағы есептелген әлеуметтiк аударымдарын 5,7 мың теңге 14 мен 18 қазан айында аударылған төлемдер қате төлемдер болып мекеме шотына қайтарылып бүгінгі күнге дейін аударылмағаны анықталған.

4-тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы №405-V ҚРЗ «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының 30-бабы, 6-тармағы, 1)-тармақшасындағы дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар – кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төлейді деген талаптары сақталмай, Алакөл филиалының директоры Эльмира Мейрмановна Бақтыбаеваның 2021 жылдың қыркүйек айындағы есептелген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарын 7,2 мың теңге 14 мен 18 қазан айында аударылған төлемдер қате төлемдер болып мекеме шотына қайтарылып бүгінгі күнге дейін аударылмағаны анықталған.

5-тармақ. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы №268-ХІІІ  «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі» Занының 118 бабының 1 тармағы басшылыққа алынбай бастапқы құны 655 706,6 мың теңге болатын ғимарат мемлекеттік тіркеуден уақытылы өтпеу салдарынан осы уақытқа дейін бухгалтерлік баланста көрініс таппаған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі №310 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Кодексінің  9 бабының 1 тармағы өз уақытында басшылыққа алынбай мемлекеттік тіркеу жасалмаған.

6-тармақ. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 4-бабы 12)-тармақшасында көзделінген тиімділік қағидаты басшылыққа алынбай, Мемлекеттік архив балансында есепте тұрмайтын объектіге күтіп-ұстауға арналған 2020 жылы 4 820,0 мың теңге, 2021 жылы 4 252,9 мың теңге бюджет қаражатын жұмсалғаны анықталды. Сонымен қатар, Бюджет кодексінің 104-1 бабы бойынша бұл бұзушылық үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келетіні көрсетілген.

7-тармақ.  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» жоспарының 16 тармағы басшылыққа алынбай Мемлекеттік архив қызметкерлері Ұйғыр филиалының ғимаратын күрделі жөндеу бойынша 72 262,8 мың теңге қателесіп 2321 қосалқы шотына есепке алудың орнына 2322 қосалқы шотпен кірістелген. Сонымен бірге, осы күрделі жөндеуге қатысты 3 360,0 мың теңге жобалау-сметалық құжаттамасын қателесіп 2383 «Өзге негізгі құралдар» қосалқы шотымен есепке алып 2321 «Тұрғын емес үй ғимараттары» қосалқы шотымен ұзақ мерзімді активтерді есепке алу шотына жатқызылмағаны анықталған. Мемлекеттік аудит барысында бухгалтерлік есеппен қалпына келтірілген.

8-тармақ.  №393 бұйрығының  272 тармағы басшылыққа алынбай Мемлекеттік архиві 1 087,0 мың теңге тұратың Ұйғыр филиалының ғимаратын күрделі жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттамасының сараптамалық қорытынды 2411 «Аяқталмаған құрылыс» қосалқы шотында қалып 2321 «Тұрғын емес үй ғимараттары» қосалқы шотымен ұзақ мерзімді активтерді есепке алу шотына жатқызылмағаны анықталды. Мемлекеттік аудит барысында бухгалтерлік есеппен қалпына келтірілген. Қалпына келтірілген күрделі жөндеу бойынша 76 709,8 мың теңге барлық шығындар 2321 қосалқы шотына есепке алынып, амортизациялық есеп бойынша айырмашылық 2020 жылы 811,4 мың теңге, 2021 жылы 3521,2 мың теңге болған. Соның салдарынан, 2020 жылғы және 2021 жылғы Мемлекеттік архив қаржылық есептілікте бухгалтерлiк есеп жүргізуде бұрмаланған қаржылық есептілік жасауға жол берген.

«Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында тексеру нәтижесі бойынша бұзушылықтар анықталмаған.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):

2020 жылы Алматы облысының мәдениет, архив  мекемелерінің желісі 578 нысанды құраса, 2021 жылы мәдениет  архив мекемелер желісі 7 нысанға толығып, 585 нысанды құраған. Оның ішінде: 2020 жылы 247 мәдениет үйлері мен клубтар,  278 кітапхана, 26 музей, 2 галерея, 20 архив, 5 облыстық мәдениет мекемелері, 2021 жылы 251 мәдениет үйлері мен клубтар,             281 кітапхана, 26 музей, 2 галерея, 20 архив, 5 облыстық мәдениет мекемелері.

2020 жылы мәдениет үйлерінде 88 «Халықтық», «Үлгілі» атағы бар ұжымдар мен 1501 көркемөнерпаздар үйiрмелерi жұмыс iстесе, 2021 жылы мәдениет үйлерінде 88 «Халықтық», «Үлгілі» атағы бар ұжымдар мен 1560 көркемөнерпаздар үйiрмелерi жұмыс iстеген.

2020 жылы Мәдениет және архив саласындағы штат саны – 3389 адамды құраса, 2021 жылы штат саны 126 штат бірлігімен толығып, барлығы  3515 құраған.

2020 жылға сала бюджеті 13,0 млрд. теңге құрап. Жылыту маусымына орай облыстық бюджеттен сұйық отынға 253,7  қатты отынға 34,8 млн. теңге қаржы бөлінген.

2020 жылы 20 мәдениет нысанының күрделі жөндеу жұмыстарына 4,7 млрд.теңге, 27 нысанның ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 439,4 млн. теңге бөлінсе, 21 нысанға ЖСҚ әзірлеуге 203,1 млн. теңге бөлінген.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде 4519,3 млн. теңге бөлінген. Оның ішінде 12 нысанның күрделі жөндеуіне 4 029,8 млн. теңге, 2 ғимараттың қайта құрылыс жұмыстарына 489,6 млн.теңге қарастырылған.

«Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында 4 мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарына 534,9 млн. теңге бөлінген. Алматы облысы мемлекеттік архивінің Алакөл филиалына жергілікті жерден 44 млн. теңгеге 2 қабаттан тұратын  ғимарат сатылып алынған.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 404,8 мың теңге бөлінген. Облыстық халық шығармашылығы орталығына, Сүйінбай атындағы облыстық филармониясына, Б.Римова атындағы драма театрына 118,5 млн. теңгеге ЛЭД экрандар алынып, облыстық концерттік бірлестіктерге және аудан өнерпаздарына 93,3 млн. теңгеге сахналық костюмдер тігілген.

          2020 жылы 47 203 шара өтіп, 4 930 436  адам қамтылған.

Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында 26 жоба бекітіліп, бүгінгі таңда 9 жоба іске асырылып, облыстық эпидемиологиялық жағдайға және карантин шараларына байланысты  ұзақ мерзімді жобалар кезең-кезеңімен атқарылған.

Облыс әкімінің қолдауымен «100 томдық Жетісу кітапханасы» жобасы бойынша 40 млн. теңге қаржы бөлініп, 18 жергілікті ақын-жазушылардың кітаптары баспаға ұсынылып, кітап қоры 9 мың дана кітаппен толықтырылған. Сондай-ақ, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және жекелей демеушілердің қолдауымен Орақты батыр, Ақсудан ұшқан аққулар, Бөрібай батыр, қоғам қайраткері Әнуар Әлімжановтың және  Ұлы Отан соғысына арналған 2 кітап шығарылып, тұсаукесерлері атқарылған.

   Сәуір айында «Жетісу балалар әдебиеті» жобасы аясында үздік балалар әдебиетін анықтау мақсатында арнайы байқау ұйымдастырлып, «Балаларға қазына» атты 3 томдық кітап 3000 данада шығарылып, облыс аумағындағы кітапханаларға таратылған.

Сондай-ақ, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ескерткіштер - ел тарихы» жобасы іске асырылып,  ҰОС ардагерлеріне арналған 238 ескерткішке жөндеу, абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде 150 млн. теңге қаржы бөлініп, 119 ескерткішке ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, шілде-қыркүйек айларында Қаратал, Ескелді, Көксу, Кербұлақ, Іле аудандары және Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалаларындағы 150 ескерткішке QR-кодтар орнатылған.

          Жыл бойында облыс бойынша 3 ескерткіш орнатылып, 29 тақта қойылған. «Көне қалалар күмбірі»  жобасы бойынша 13 млн. қаржы бөлініп, Ақсу ауданы, Сағабүйен ауылындағы Пазырық мәдениетіне жататын ескерткіштерге археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген.

Алматы облысы бойынша 20 архив мекемелері бар, атап айтсақ:                  «Алматы облысының мемлекеттік архиві» және оның аудандық, қалалық             18 филиалы мен «Талдықорған мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемелері қызмет істейді.

Облыстық архив мекемелерінде жалпы 5432 қор, 1 544 329 сақтау бірліктері сақталуда.

2020 ж. мемлекеттiк сақтауға 126 қор, 24 431 сақтау бірлігі, оның ішінде тұрақты  сақталатын 17 982 сақтау бiрлiгi, жеке құрам бойынша 6381 сақтау бiрлiгi, 6 жеке тектік қор  68 сақтау бірлігі қабылданған.

Облыс бойынша архив мекемелері өшіп бара жатқан және көрінбейтін мәтіні бар құжаттардың жалпы саны 6391 бет парақтарын қалпына келтірген.

Архив мекемелерінің оқу залдарында 61 зерттеушілер келген,                      754 тізімдемелер мен жұмыс істеп, 3591 іс берілген.

Облыс әкімінің қолдауымен облыстық мемлекеттік архивінің Алакөл филиалына Алакөл ауданы, Қабанбай ауылындағы, Абылайхан 324 көшесінде орналасқан көлемі 518,3 шаршы метрді құрайтын 2 қабаттан тұратын ғимарат сатып алынған, сонымен қатар, Ұйғыр филиалының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын өткізу үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, филиал ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталған.

 «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша:

2019 жылдың қараша айынан бастап «Электронды архив» ақпараттық жүйесі бойынша облыстық мемлекеттік және Талдықорған мемлекеттік архивтерінде мемлекеттік сақтауда жатқан құжаттарды «Электронды архивке» енгізу жұмыстары басталған.

2020 ж. 30 қор, 29 тізімдеме, 6 622 іс, 560 095 парақ беттері сканерден өткізілген.

Архивтерде сақтандыру қорын құру бойынша аса құнды құжаттарды сканерден 2020 ж.  49 000 парақ өткізіп, 500 микрофиша дайындалған және                 282 сақтау бірлігінен 49 000 парақ цифрландырылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша:

Архив мекемелеріне  37821 әлеуметтік-құқықтық сұранымдар келіп түскен, соның ішінде 17 888 электрондық портал арқылы, 5344 халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, 14589 қолма қол және хат арқылы келіп түскен сұранымдар.

Жылдан жылға мемлекеттік көрсетілетін қызметті атқару деңгейі біршама жақсарып келеді, атап айтсақ: қағаз түрінде сұраныстарды қабылдау азайған және жеке заңды тұлғалар архивтерге келмей Архивтік анықтамаларды алу үшін  «E-gov» порталы арқылы сұранастарын жолдаған.

2021 жылы 2 мәдениет нысанына күрделі, ал 47 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалған, оның ішінде: 33 мәдениет үйлері, 9 кітапхана, 4 архив, 3 музей.  Сонымен қатар 3 кітапхана, 2 музей,  1 галерея ашылған.

«Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында 26 жоба бекітіліп, 9 жоба іске асырылған.

2021 жылғы қорытынды бойынша 64 092 шара ұйымдастырылып, оған 5 484 509 адам қамтылған.

2021 жылы қаңтар айында алғашқылардың бірі болып «Қазақ радиосының 100», «Шалқар радиосының 55» жылдықтары үлкен мерекелік салтанатты шара ретінде облыс орталығында өткізілген.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 28 қаңтарда Сүйінбай атындағы облыстық филармониясының «Ақ жауын» камерлық оркестрінің «Тәуелсіздік тұғырым» атты концерті қойылған.

12 ақпанда Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы мен Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай мерекелік шара өткізілген, онда  ұлы тұлғалардың мерейтойына арнайы шығарылған кітаптардың тұсаукесері өтіп, театрландырылған концерт қойылған.

2021 жылы Талдықорған, Қапшағай қалалары мен Балқаш, Талғар, Кербұлақ аудандарынан 5 халық театрлары жаңадан ашылып, облыс бойынша барлығы 24 халық театрлары жұмыс жасайды.

2021 жылы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы өтіп, 10 жұмыс қаралып, 4 ескерткіш мемлекеттік комиссия қарауына жіберілген. Мұқағали Мақатаев, Жолбарыс би, Алдияр батыр ескерткіштері қойылған.

Архив мекемелері 2021 жылы 622,5 млн. теңге бөлінген қаражатты                    99,9 пайызға игерген.

Облыстық  архив мекемелерінде жалпы 5 394 қор, 1 568 120 сақтау бірліктері сақталуда.

2021 жылы мемлекеттiк сақтауға 146 қор, 23 043 сақтау бірлігі, оның ішінде тұрақты  сақталатын 19 477 сақтау бiрлiгi, жеке құрам бойынша  2780 сақтау бiрлiгi, 16  жеке  тектік қор бойынша 786 сақтау бірлігі қабылданған.

2021 жылы архив  қызметкерлеріне  440 206 істер,  54 799 тізімдеме, оқу залына 3276 істер, 887 тізімдеме, уақытша қолдануға 178 істер берілген.

2021 жылы 39 қор, 39 тізімдеме, 10 168 іс, 1 029 917 парақ беттері сканерден өткізілген.

        Есепті кезеңде басқарма қызметкерлерімен архивистер, құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану бойынша аудан әкімдіктеріне кеңестер берілген.

Басқарманың сараптау тексеру және әдістемелік комиссиясының                         12 отырыстары өтіп, 260 тұрақты сақтау мерзімі бойынша 44 078 іс,                       238 жеке құрам тізімдемесі бойынша 19 465 iс, 219 жоюға жіберілген құжаттардың актілері  1 084 450  құжаттар мен істер, 80 iстер номенклатуралары, 28 сараптау комиссиясы бойынша және ведомстволық архивтер туралы Ережелері келісілген.

          Басқарманың және облыстық архивтің ведомстволық бөлімінің мамандары облыстық, аудандық, қалалық мемлекеттік мекемелеріне «Ведомстволық архивке құжаттарды өткізу және сақтау тәртібі», «Архивтік анықтаманы электронды түрде қабылдау, орындау, жөнелту», «Архивтік анықтамалар беру тәртібі, ЭҮП пайдалану» атты тақырыптарында 40 семинар-кеңестер, 12 дәріс онлайн форматта ұйымдастырылған.

        2021 жылы облыстық мемлекеттік архивтер жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына, М.Мақатаевтың 90 жылдығына онлайн форматта 4 әдеби кеш ұйымдастырылған.

Ашық қорлар бойынша айқындалған құжаттардың құғын-сүргін тақырыбына байланысты 1922 жылғы 1 маусымдағы РКФСР-ң қылмыстық кодексінің 15 баптары бойынша (58, 59, 62, 69, 73, 79, 82, 95, 97, 105, 107, 108, 110, 111, 371) құжаттар анықталып, құжаттардан 1458 іс іріктеліп, оның ішінен 510 іс ақталмағандардың саны айқындалған. Ал, қалған  948  іс ақталғандар қатарында.

Архив мекемелері  тақырыптық 161 сұраныстардың  137 оңды, 18 теріс жауаппен  орындалып,  6 сұраныс  басқа  архивтер  мен мекемелерге жолданған.

III. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін бюджет есебіне жалпы сомасы 492,4 мың теңге өндірілді, 78 284,8 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды, олар:

- «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 168,0 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;

- «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бойынша өндірілуге жататын 40,0 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;

- «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бойынша аудит барысында 1575,0 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды;

- «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алатау әуендері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бойынша өндірілуге жататын 78,0 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;

- «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 177,7 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;

- «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 28,7 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;

«Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша аудит барысында 76709,8 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 5 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды:

- «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі бойынша мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңдегі мекеменің жауапты тұлғалары жұмыстан шығып кетуіне байланысты тәртіптік жауаптылығын қарау мүмкіндігі болмады.

- «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының 2022 жылдың 23 қыркүйектегі №118/ж бұйрығына сәйкес кадр маманы Е.Ахметовқа ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды;

- «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алатау әуендері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының 2022 жылдың 23 қыркүйектегі №32/н/қ бұйрығына сәйкес бас есепші А.Нургалиеваға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды;

- «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022 жылдың 10 қарашадағы №51 бұйрығына сәйкес бас есепші Ә.Шариповаға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды;

- «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022 жылдың 23 қыркүйектегі №11 бұйрығына сәйкес бас есепші А.Қасымбаеваға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды;

- «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022 жылдың 21 қазандағы №140-ж/қ бұйрығына сәйкес қаржы бөлімінің басшысы Ж.Каттаубековаға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды;

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес 3 лауазымды тұлға  және 207 бабының 8, 10 тармақтарына сәйкес 1 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартуға 3 материал, барлығы 6 материал жолданды.

Орындалғаны 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып айыппұл өндірілді, 1 лауазымды тұлға бойынша материал Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде қаралуда, және 207 бабының 8 тармағына және 10 тармағы 3 тармақшасына сәйкес 1 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша материал Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде қаралуда.

Сонымен қатар Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 91-бабы 6-тармағы 2) тармақшасының; 92-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының; 92-1-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартуға 6 материал жолданып, Қарасай ауданы бойынша кірістер басқармасының 2022 жылғы 25 қарашадағы №004167, №004168, №004178 Қаулысына сәйкес «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ескерту түрінде әкімшілік жауакершілікке тартылған. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі бойынша 3 материал Алматы облысы бойынша кірістер басқармасында қаралуда.

- «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі бойынша, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабының 8 тармағына және 10 тармағы 3 тармақшасына сәйкес 1 лауазымды тұлғаны (3 материал)238 бабының 1 тармағына 2 тармақшасына сәйкес 1 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту, Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қаралуында.

- «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас есепшісі С.Ашықбаеваға №633 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағына 2 тармақшасына сәйкес 76575 теңге әкімшілік айыппұл салынған;

- «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі Ж.Каттаубековаға №634 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағына 2 тармақшасына сәйкес 76575 теңге әкімшілік айыппұл салынған;

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

1. Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша жалпы сомасы 796 191,9 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде: 734483,8 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 48 059,5 мың теңге тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты, 13 648,6 мың теңге тиімсіз пайдаланған бюджет қаражаты және 21 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

2. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексі» кодексінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидалары» қағидасының, Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» қаулысының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының, «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі» Кодексінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің  Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы қаулысының, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірінің мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қызметтік іс-сапарларға арналған шығыстарды өтеу «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының талаптарының сақталмауынан орын алған.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі №310 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Занының 9 бабының 1 тармағы Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 26 қаңтардағы №412-VI Заңымен алып тасталуына байланысты мекемелер мемлекеттік тіркеу өз уақытында мемлекеттік тіркеу жүргізілмеген. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу кезінде жауапкершілікті арттыру үшін Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі №310 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Занының 9-бабының 1, 2-тармақтарын қайтару қажет деп ойлаймыз. (Қазақстан  Республикасының Әділет министрлігіне ұсыныс жіберіледі)

Тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуды өткізу тауарларға бағаны қалыптастырудың ашықтығын бермейді. Дизель отынының нарықтық құны туралы нақты статистикалық деректердің болмауы сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігі үшін алғышарттар жасайды. Бұл, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның тауар биржаларына қатысты оның екі тармақшасының жергілікті жерлерде мақсатсыз қолданылуының себептерінің бірі болып табылады. Мемлекеттік аудиторлардың пікірінше, тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алу: ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау; әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру; әлеуетті өнім берушілер арасында адал бәсекелестік, сатып алуға қатысушылар арасында сөз байласуға жол бермеу; мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен ашықтығы сияқты мемлекеттік сатып алудың негізгі қағидаттарына сәйкес келмейді. Көбінесе сауда-саттық ресми болып табылады, ал талдаудан көрініп тұрғандай, мәмілелер алдын-ала келісім бойынша жасалады.

Аталғанды ескеріп бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 42-бабын алып тастау немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы №142 бұйрығымен бекітілген биржалық тауарлар тізбесінен мұнай өнімдерін алып тастау қажет деп ойлаймыз. (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне ұсыныс жіберіледі)

3. Бюджет қаражаты шығындарын жоспарлау және пайдалану кезінде тиімділік принциптерінің сақталмауы салдарынын бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлануына жол берілген.

4. Қазақстан Республикасы Заңнамаларының тиісті талаптарын сақтамау салдарынан бюджет қаражатының тиімсіз шығысталуына жол берілген.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар.

«Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен ведомствалық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік мекемелері және  жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

1. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен ведомствалық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігі аудитінің нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралуын.

2. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларымен бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрын жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында жергілікті бюджет есебіне өндірілген 492,4 мың теңге және есептілік бойынша қалпына келтірілген 78284,8 мың теңге назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін жұмыстар жүргізілуін.

 

 

 

 

 

 

 

3. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі келесі шараларды қабылдауын:

1) «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша аудит қорытындысымен анықталған бастапқы құны 655 706,6 мың теңге болатын ғимарат мемлекеттік тіркеуден өткізіліп, бухгалтерлік балансқа алынуы қамтамасыз етілсін.

2) Нұсқама жіберуді.

3) Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзылуына жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралсын.

 

3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар  мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.

 

 

 

Тексеру комиссиясының мүшесі А. Кадир

 

Аудит жүргізуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы  Ғ. Алдоңғаров

 

Сапа бақылауына жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы С.Елубаева

 

Құқықтық сүйемелдеуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы Ғ.Күмісбеков 

 

Аудит тобының жетекшісі                                             Ғ. Алдоңғаров

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ