Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Қонаев қаласы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 28.12.2022
Просмотры: 253 Печать страницы

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Қонаев қаласының жергілікті бюджетті жоспарлау және атқару, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану, жергілікті атқарушы орган мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Шарт талаптарын орындауына және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің есебін жүргізудің дұрыстығы мен тиімділігіне аудит жүргізу.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1.  «Қонаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

2. «Қонаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

2.1. «Шенгелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

2.2. «Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

2.3. «Қонаев қаласының кәсіпкерлік» мемлекеттік мекемесі;

3. «Қонаев қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

3.1. «Қонаев қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қонаев қаласының мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын;

4. «Қонаев қаласы әкімінің қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5. «Қонаев қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

6. «Қонаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

7. «Қонаев қаласының әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2021 жылдың 31 желтоқсан аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

Қонаев қаласы әкімдігінің қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары болып табылады. «Қонаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылдың 23 мамырында №341 Қауылына сәйкес «Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Алматы облысы Қонаев қаласының» мемлекеттік мекемелері болып қайта аталынды.

Қонаев қаласының 2021 жылға арналған даму бағдарламасын орындау туралы есебі. Статистикалық деректерге және уәкілетті органдардың ақпаратына сәйкес Қонаев қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері:

1-бағыт. Қала экономикасының өсуі Өнеркәсіп өндірісі саласында 113954,8 млн.теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 121,4%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 91371,4 млн. теңге, бұл 2020 жылдан 26923,8 млн. теңгеге артық, НКИ -127,7%. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы өндіріс көлеміндегі үлесі 80,2%. Өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға тартылған инвестиция 6586,4 млн.тенге болған. Нысаланы индикаторлар мен белгіленген іс-шаралар орындалған.

Агроөнеркәсіп кешенінде нысаланы индикаторлар мен белгіленген іс-шаралар орындалған. «Ағайындылар» шаруа қожалығы сүт бағытындағы 200 бас қазақ ақбас тұқымды сиырын алған. Инвестиция көлемі 340,0 млн.теңгені құрады. «Абенов» шаруа қожалығы ет бағытындағы 60 басқа арналған бордақылау алаңын іске қосқан. 50 млн.теңге инвестиция тартылды. Мал шаруашылығын дамытуға 4 жобаға 14,1 млн.теңгеге шағын несие берілді. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында, саудада нысаланы индикаторлар мен белгіленген іс-шаралар орындалған. Туризмді дамытуда 1 индикатор мен 1 іс-шара орындалған.

2-бағыт: Азаматтарға жайлы және қауіпсіз қала Құрылыс саласында 2 нысаналы индикаторлар мен Қонаев қаласының Заречный ауылында 20 пәтерлік жалгерлік үйдің және инженерлік жүйелерінің құрылысы, Қонаев қаласында «Ивушка» шағын ауданы, Степная, 3 көшесінде 50 пәтерлік жалгерлік тұрғын үй мен инженерлік жүйелерінің құрылысы аяқталған. Құрылыс жұмыстарының көлемі 11,257 млрд.теңге, НҚИ 124,4%-ды құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі мемлекеттік (тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық жүйе салу) және коммерциялық ұйымдар мен мекемелер есебінен орындалды. 26 2021 жылы 33,269 мың шаршы метр тұрғын үй берілді, оның ішінде: «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 4,87 мың шаршы метр мемлекеттік инвестициялар есебінен, жеке меншік қаражаттары есебінен 28,402 мың шаршы метр, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы – 21,883 мың шаршы метр. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында 5 нысаналы индикатор, 6 іс-шара толығымен орындалды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша «Қонаев қаласының Қонаев-Алматы көшесінің және Ду 200 мм (КССК дейін) құбыр айналмасына дейін қосымша тізбек, Алматинская көшесіне дейін бақылау резервуарларынан су құбырының екі тізбегін реконструкциялау» жобасы аяқталды. 3 жоба бойынша жылумен қамтуға жобалау сметалық құжаттары әзірленді. Көлік инфрақұрылымы саласында жолдар мен көшелерді жөндеу бойынша жұмыстар жасалды. Ауылдық округтер көшелерін орташа жөндеуге техникалық құжаттар әзірленді. Бөлінген қаражаттар толығымен игерілді, белгіленген 1 нысаналы индикатор орындалды. Құқық және азаматтық қорғаныс саласында белгіленген 3 нысаналы индикатор орындалды.

Қаланың және аймақтың тіршілігіне қолайлы жағдайлар жасау және экожүйені сақтау үшін іс-шаралар орындалуда. Ауылдық округтерде: «Аумақтарды дамыту» бағдарламасы аясында Шенгелді ауылында 7,9 млн.теңгеге шағын футбол алаңын абаттандыру жұмыстары жасалды, Заречый ауылында 5,4 млн.теңгеге сквер абаттандырылды.

3-бағыт. Өмірдің жаңа сапасын қамтамасыз ету Халықты әлеуметтік қорғау саласында жұмыспен қамту бағдарламасының тиімділігіне, жұмыссыздықты төмендетуге басты назар қойылды. 3498 жаңа жұмыс орыны, оның ішінде жоспарланған 3015-тің орнына тұрақты 2701 жұмыс орыны ашылды. АӘК алушылардың еңбекке жарамды бөлігінің үлес салмағы жоспардағы 66,0%-дың орнына 68,8%-ды құрады. Қоғамдық жұмыстарға 698 адам, қайта даярлау курстарына 80 адам жіберілді, 78 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 39 адам жіберілді. Барлығы жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасына 55 адам жіберіліп, 42 адам жұмысқа орналастырылды.

Бижнес идеяларды іске асыруға өз істерін ашуға аз қамтылған, көпбалалы, мүгедектер мен 29 жасқа дейінгі жастар арасынан 65 адам 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтеусіз мемлекеттік гранттар алды. Нысаналы индикаторлар мен іс-шаралар орындалды.

Білім беру саласында нысаналы индикаторлар мен іс-шаралар орындалды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқумен қамту деңгейі 99,8%- ды құрады (жоспар - 99,8%). Қалада 900 орындық мектеп құрылысы басталды. Мектептрге 69 компьютер, модификациялық кабинеттер (Сарыбұлақ ауылындағы №8 орта мектепке физика кабинеті, Кербұлақ ауылындағы №7, қаладағы №2, Арна ауылындағы №11 мектептерге биология кабинеттері, Шенгелді ауылындағы №6 мектепке СТЭМ кабинеті) алынды. Қ.Қайсенов атындағы №4 мектеп пен Ш.Уәлиханов атындағы №2 гимназияны сейсмокүшейту мен күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірленді.

Денсаулық сақтау саласында әйелдер мен балалар денсаулықтарын жақсарту, әлеуметтік маңызы бар ауруларды төмендету, дәрідәрмектермен қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын насихаттау тұрақты бақылауда. Белгіленген 3 нысаналы индикатордың 1-і орындалмады. Жалпы өлім көрсеткіші 11,0-ді немесе 824-ті құрады (2020 жылы – 9,0 немесе 660). Өлгендер санының өсуі COVID-19-бен байланысты пневмония, ми қан айналымының бұзылуы, тромбоэмболия, үлкендердің респираторлық ауыруларына байланысты болды. 212,5 млн.теңгеге медициналық құралдар алынды. 25,8 млн.теңгеге балалар емханасының ғимараты сатып алынды. Қалалық аурухананың «Д» блогы, «В» блогының операциялық бөлімшесі, кір жуатын бөлімше ағымдағы жөндеуден өтті. Спорт саласында жоспарланған 1 нысаналы индикатор орындалды. Барлығы 26 нысаналы индикатор, оның ішінде денсаулық сақтау саласы бойынша 1 нысаналы индикатор орындалмады. Белгіленген 69 ісшара толығымен орындалдалған. Жоспарланған іс-шаралардың нәтижелігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылданадған.

Сонымен қатар Алматы облысы Әділет департаменті Қапшағай қалалық Әділет басқармасында 2022 жылдың 23 мамырында №341 Қауылына сәйкес «Алматы облысы Қонаев қаласының» мемлекеттік мекемелері болып қайта аталынған мекемелерге жергілікті бюджеттен Қонаев қаласына 2019-2021 жылдары бөлінген бюджет қаражаты көлемі жалпы сомасы 3 880 524,0 мың теңге, оның ішінде: 2019 жылы -1 018 620,0 мың теңге, 2020 жылы  –1 296 219,0 мың теңге,  2021 жылы- 1 565 685,0 мың теңге.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері.

Аудит нәтижелері, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады: Қонаев қаласының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті жүргізудің дұрыстығы мен тиімділігінің мемлекеттік аудитімен бюджет қаржысы есебінен жұмсалған жалпы сомасы 3903239,0 мың теңге қамтылды, жалпы сомасы 127070,1 мың теңгеге бұзушылықтар мен 18 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Соның ішінде:

- 107616,0 мың теңге  тиімсіз жоспарланған,

- 8088,6 мың теңге тиімсіз пайдаланған.

қаржылық бұзушылықтар 11364,9 мың теңге соның ішінде:

- 10817,3 мың теңге қаржылық бұзушылықтар қалпына келтірілді.

- 321,6 мың теңге аудит барысында бюджет қаражаты өндірілді.

-226,0 мың теңге бюджетке түсетін түсімдер бойынша қаржылық бұзушылықтар өңдірілген жоқ. Жеке мемлекеттік мекемелер бойынша бұзушылықтардың сипаттамасы:

10 мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорн бойынша бұзушылықтардың сипаттамасы:    «Қонаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;  

Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 43-бабының 2,3,4-тармақтарын басшылыққа алынбай, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жөніндегі талаптар сақталмаған. Себебі, 2019 жылы 2019 жылға арналған жылдық сатып алу жоспарында орналастырылғанымен «Алматыэнергосбыт» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы келісім  шарттар жасалмаған.

Қапшағай Су Арнасы 2019 жылғы 560,0 мың теңгеге жасаған келісім шарт бойынша №5-15 «Мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық және (немесе) қаржылық емес оператордың, мемлекет кепілдік берген қарызды алушының жүргізілген төлемдері бойынша күн сайынғы үзінді көшірме» нысанының есебіне сәйкес 370,4 мың теңге аударылған. Сонымен қатар, «Қапшағайжылу» МКК 2019 жылғы 7 280,0 мың теңгеге жасаған келісім шарт бойынша №5-15 «Мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық және (немесе) қаржылық емес оператордың, мемлекет кепілдік берген қарызды алушының жүргізілген төлемдері бойынша күн сайынғы үзінді көшірме» нысанының есебіне сәйкес 9 550,9 мың теңге аударылған. Яғни, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 45-бабының, 2 тармағы, 3 тармақшасының талаптары сақталмай, көрсетілетін қызметтердің көлеміне қажеттіліктің 189,6 мың теңгеге азаюына және 2 684,5 мың теңгеге ұлғаюына  байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасын азайту мен ұлғайту  бойынша қосымша келісім шарт жасалмаған.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 43-бабының 2,3,4-тармақтарын басшылыққа алынбай, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жөніндегі талаптар сақталмаған. Себебі, 2020 жылы 2020 жылға арналған жылдық сатып алу жоспарында орналастырылғанымен «Қазпошта» акционерлік қоғамының «Республикалық арнаулы байланыс қызметі» филиалымен мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы келісім  шарттар жасалмаған.

Аталған келісім шарт бойынша 2020 жылғы №5-15 «Мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық және (немесе) қаржылық емес оператордың, мемлекет кепілдік берген қарызды алушының жүргізілген төлемдері бойынша күн сайынғы үзінді көшірме» нысанынын есебіне сәйкес келісім шарттан кем «Алматыэнергосбыт» ЖШС-не 370,0 мың теңге, Қапшағай Су Арнасына 31,2 мың теңге  аударылған және келісім шарттан артық «Қапшағайжылу» МКК-не 6 085,2 мың теңге қаржы аударған. Яғни, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 45-бабының, 2 тармағы, 3 тармақшасының талаптары сақталмай, көрсетілетін қызметтердің көлеміне қажеттіліктің азаюы мен ұлғайтуға байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасын азайту мен ұлғайту  бойынша қосымша келісім шарттар жасалмаған.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 43-бабының 2,3,4-тармақтарын басшылыққа алынбай, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жөніндегі талаптар сақталмаған. Себебі, 2021 жылы 2021 жылға арналған жылдық сатып алу жоспарында орналастырылғанымен «Алматыэнергосбыт» ЖШС-мен және Қазпошта» акционерлік қоғамының «Республикалық арнаулы байланыс қызметі» филиалымен мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы келісім  шарттар жасалмаған.

Аталған келісім шарт бойынша 2020 жылғы №5-15 «Мемлекеттік мекеменің квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық және (немесе) қаржылық емес оператордың, мемлекет кепілдік берген қарызды алушының жүргізілген төлемдері бойынша күн сайынғы үзінді көшірме» нысанынын есебіне сәйкес келісім шарттан кем «Қапшағайжылу» МКК-не 245,0 мың теңге, «Қазпошта» акционерлік қоғамының Алматы облыстық филиалына 89,6 мың теңге аударылған және келісім шарттан артық Қапшағай Су Арнасына 527,9 мың теңге қаржы аударған. Яғни, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 45-бабының, 2 тармағы, 3 тармақшасының талаптары сақталмай, көрсетілетін қызметтердің көлеміне қажеттіліктің азаюы мен ұлғайтуға байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасын азайту мен ұлғайту  бойынша қосымша келісім шарттар жасалмаған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы №423 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу Қағидалардың 59-тармағын басшылыққа алынбай, әкім аппараты кемшіліктері бойынша тиісті кінәлі тұлғалардың жазбаша түсініктемелерін алған жоқ, бұдан әрі түгендеу комиссиясы түгендеу деректері мен бухгалтерлік есеп деректері арасындағы айырмашылықты реттеу жөнінде ұсыныстар енгізбеген.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №403 бұйрығына 2 қосымшасы Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің қырылымы басшылыққа алынбай  негізгі құралдарға жататын қызметтерді 410 «Негiзгi құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді сатып алу» кіші сынып арқылы жүргізбей қателесіп 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелікпен жүргізген.

Бюджеттік кодекстің 3-бабы 1-тармағының 12-4) тармақшасын, 4-бабы 12) тармақшасын басшылыққа алынбай, Әкімінің аппараты 75 000,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағанына жол берген. Себебі, Әкім аппаратының ережесіне сәйкес Жасыл желілерді есепке алу және бақылау жұмыстары әкім аппаратының миссиясына, негізгі міндеттері мен функционалдық міндеттеріне кірмейді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №403 бұйрығына 2 қосымшасы Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің қырылымы басшылыққа алынбай,  «Элит Строй НС» ЖШС-гі Шеңгелді ауылында жылжымалы өрт сөндіру кешендерін дайындау және орнату жөніндегі жұмыстары, техникалық сипаттамаға сәйкес материалдардың, құралдардың және жабдықтардың тізіміне сәйкес жинақтау жұмыстары үшін 2019 жылы төленген 11 760,0 мың теңге негізгі құралдарға жататын қызметтерді 410 «Негiзгi құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді сатып алу» кіші сынып арқылы жүргізбей қателесіп 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелікпен жүргізген. Мекеме қызметкерлері 159 ерекшілікпен жүргізгенімен негізгі құралдарға жататын қызметтерді мекемеме теңгерімге алынған.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін «Қонаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен  «Energy Golden Systems» ЖШС-гі арасында 2020 жылдың 25 желтоқсанында сомасы 12343,0 мың теңгеге №200098 келісім шарты жасалған. Шарт бойынша жұмыстарды орындау мерзімі 2020 жылдың 31 желтоқсан болып белгіленген.Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының 43 бап 22 тармақтарының талаптары сақталмай мемлекеттік сатып алу туралы заңының келісім шарт жасасу талабы сақталмай келісім шарт он бес күнтізбелік күннен кем белгіленгені анықталды.

Бюджеттік кодекстің 3-бабы 1-тармағының 12-4) тармақшасын, 4-бабы 12) тармақшасын басшылыққа алынбай, Әкімінің аппараты 8 088,6 мың теңге (2019 жылы 2523,5 мың теңге, 2020 жылы 2648,9 мың теңге, 2021 жылы 2916,2 мың теңге) бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағанына және пайдаланғанына жол берген. Себебі, Әкім аппараты барлық ақпаратты www.gov.kz мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырылғанына қарамастан https://kapshagay-gov.kz/ мекеме сайтта осындай ақпараттың қайталап орналастыруға жол берген.

«Қонаев қаласының экономика және қаржы бөлімі»  мемлекеттік мекемесі

Қызметтік іс-сапарларға арналған шығыстарды өтеу «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 Қаулысының  1 тараудың 2 тармағы сақталмай, 2019 жылы мамыр айында, мекеменің мамандары Ибраимоа А. 25250 тенге, Косаумасова А.25250 тенге іс-сапар шығыны басшының бұйрығымен расталмай 50500 тенге негізсіз төленген. Аудит барысында бюджетке өндірілді.(қаржылық бұзушылық)

Еңбек төлем қорынан төленетін, әлеуметтік салығы бойынша 2019 жыл 4- тоқсанының қазан айында 25441 тенге, қараша айында 26082 тенге, желтоқсан айында 62025 тенге, жалпы соммасы 113548-00 тенге салық декларациясында кем тапсырылған және бюджетке төленбегені анықталды. Бұл ҚР 2017 жылғы №120-VI)РЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексінің 487-489- баптарына қайшы келеді.

« Шеңгелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

 «Қапшағай қаласының 2020-2022 жылдырға арналған бюджеттері туралы» Қапшағай қалалық мәслихатының 2020 жылғы 09 қаңтардағы №64-230 шешімін іске асыру негізінде Шеңгелді ауылдық әкімінің №1 шешімінде 013  «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасының жоспар бойынша 5000,0 мың теңге бөлінген бюджет қаражатының тиімді және мақсатты жоспарлануы мен орындалуын тексеру барысында аталған қаражаттың 2020 жылдың 27 сәуіріндегі Шеңгелді ауылдық әкімінің №10 шешімінде 013  «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы алынып тасталынған.Бюджет кодексінің 4 - бабының 9) тармақшасында көзделген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің негізділігі қағидатына қайшы келеді-бюджеттің жобасына белгілі бір түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттілігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ республика заңнамасына сәйкес мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерін пайдалану, яғни 013 бағдарламасы бойынша мекеме тарапынан 5000,0 мың теңге сомасында қаражатты алдын ала тиімсіз жоспарланған.

2020 жылы Шеңгелді ауылдық округіне балар алаңын орнатуға  "ЖК Қапшағай Көркейту" Ныгмеджанов Серик Шернияздановичпен  2020 жылдың 25 қыркүйегінде жалпы соммасы 1705,0 мың теңгеге №28 келісім шарты жасалынған. Келісім шартты орындау мерзімі желтоқсан айы болып белгіленген. Желтоқсан айында орындалған  жұмыстар актісі негізінде  төленген.

Жоғарыда аталған жалпы соммасы 1705,0 мың теңге мекеменің  балансына алынбаған. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 242 және 243-тармақтарының талаптары және  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2010 жылы бекітілген № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» 16 тармағы толық сақталынбаған.Аудит барысында қалпына келтірілді.

Шеңгелді ауылдық округіне қарасты 14 көшелеріне орташа жөндеуге техникалық құжаттарды әзірлеуге ашық конкурс тәсілі негізінде «Игілік Стройпроект» жауапкершілігі шектеулі  серіктестігімен 2021 жылдың маусым айының 08-де жалпы соммасы 3040,0  мың теңгеге  №16 келісім шарты жасалынған.Келісім шарт бойынша жұмыстарды өткізу уақыты қыркүйек айы болып белгіленген.Тамыз айының 13-де орындалған жұмыстар актісі негізінде қабылданған.Тамыз айының 16-да  Шеңгелді ауылдық округіне қарасты  17 көшелеріне орташа жөндеуге  техникалық құжаттарды әзірлеуге жалпы соммасы 4960,0 мың теңгеге №1 қосымшасы жасалынған.Орындалған жұмысты өткізу уақыты желтоқсан айы болып белгіленген.Қырқүйек айында орындалған жұмыстар актісі бойнша қабылданған.Жоғарыда аталған жалпы соммасы 8000,0 мың теңге мекеменің  балансына алынбаған. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 242 және 243-тармақтарының талаптары және  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2010 жылы бекітілген № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» 16 тармағы толық сақталынбаған.

«Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аудитпен 2019 жылдың қорытындысы бойынша бухгалтерлік теңгерімінде (баланс) коммуналдық қызметтерге төленген «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС электр энергиясына сомасы 823,4 мың теңгені құрайтын дебиторлық берешек көрсетілмеген.          31.12.2019ж. берілген электрэнергияға есеп айырысу бойынша салыстыру актісіне сәйкес жалпы сомасы 823,4 мың теңге дебиторлық берешек бар екендігі анықталды. «Қонаев қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бухгалтерлік баланстың "сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі" 014 жолы бойынша мекеменің Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығымен бекітілген қаржылық есептілікті жасау және ұсыну қағидаларының 25-тармағын бұза отырып (ФО-1 нысаны) дебиторлық берешек сомасы 87974,50 теңге мөлшерінде 2020 жылғы қаржылық есептіліктің бұрмалануына әкеп соққан бұрмаланған қаржылық есептілікті жасауға жол берген.

2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бухгалтерлік баланстың "сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі" 014 жолы бойынша мекеменің Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығымен бекітілген қаржылық есептілікті жасау және ұсыну қағидаларының 25-тармағын бұза отырып (ФО-1 нысаны) дебиторлық берешек сомасы 147620,64 теңге мөлшерінде 2021 жылғы қаржылық есептіліктің бұрмалануына әкеп соққан бұрмаланған қаржылық есептілікті жасауға жол берген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 3 тармағының талаптары сақталмай 2020 жылдың 13-15 маусым айы аралығында Талдықорған қаласына барған мекеменің басшысы – А. Ибраимов 58,9 мың теңге іссапар шығыстары астайтын құжатсыз негізсіз есептелініп төленген.

«Қонаев қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2019 жылдың 21 ақпанында № 4561021/19-41  төлем тапсырысымен «Несипбекова Е.А.» ЖК-іне стенд, табличкалар жасап берген жұмыстары үшін 200,0 мың теңге аударылып берілген. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алулар туралы» № 434-V Заңының  1-бабымен  осы заң тапсырыс берушінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметін орындауына қажетті қандай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты қатынастарға қолданылмайтыны белгіленген.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 29.08.2001ж. №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағының  3) тармақшасының талабы сақталмай Қапшағай қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сынақ мерзімінде жүрген бас маманның міндетін уақытша атқарып жүрген А.А. Тусупбековке  2019 жылдың тамыз айында негізсіз төленген  21345  теңге сыйақы бюджетке қайтарылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 1 тарудың 2 тармағының талаптары сақталмай 2019 жылдың қараша айына бас маман А.А. Тусупбековке 28050 мың теңге іссапар шығыстары растайтын құжатсыз негізсіз есептелініп төленген.

Аудиторлық іс-шара жүргізу барысында 2021 жылдың қаржылық есептілігінің жасалуы мен тапсырылуының анықтылығы заңдылықтарын сақтауда «Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қаржылық есептілікке жауапты тұлғасы М.Даулетбаеваның тарапынан 001 бағдарламаның 152 ерекшелікпен «Казахтелеком» АҚ-на 37672,6 теңгенің дебиторлық қарызы 01.01.2021 жылдың қорытындысымен бухгалтерлік баланстың жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу бойынша 014 жолында қысқа дебиторлық берешек ретінде көрсетілмей,  бұрмаланған қаржылық есептілік жасалып отыр, бұл өз кезегінде «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2010 жылғы № 281 бұйрығының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393            бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»  Ережесінің 118-тармақтарының талаптарының бұзылуына әкеліп отыр.

Аудиторлық іс-шара жүргізу барысында 2019 жылдың қаржылық есептілігінің жасалуы мен тапсырылуының анықтылығы заңдылықтарын сақтауда «Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекеменің қаржылық есептілікке жауапты тұлғасы А.Аманбаеваның тарапынан 001 бағдарламаның 152 ерекшелікпен «Казахтелеком» АҚ-на 53431,6 теңгенің дебиторлық қарызы 01.01.2019 жылдың қорытындысымен бухгалтерлік баланстың жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу бойынша 014 жолында қысқа дебиторлық берешек ретінде көрсетілмей,  бұрмаланған қаржылық есептілік жасалып отыр, бұл өз кезегінде «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»  Ережесінің 118-тармақтарының талаптарының бұзылуына әкеліп отыр.

«Қонаев қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қонаев қаласының мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43 бабының 24 тармағы және 2019 жылдың 26 сәуіріндегі келісім шарттың 8.3. тармақтары басшылыққа алынбай, «Қонаев қаласының мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны сол келісім шарт бойынша 15,1 мың теңге (579,04*0,1*26) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алуды қамтамасыз етілмеген.

Сонымен қатар, Мемлекеттік сатып алу заңнының 12 бабы 4 тармағының 3) тармақшасы басшылыққа алынбай, «Қонаев қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қонаев қаласының мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, сотқа ЛТД «КАЗСТРОЙСЕРВИС» ЖШС өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қойып жүгіну міндеттірін қамтамасыз етілмеген.

Сонымен қатар, Мемлекеттік сатып алу заңнының 12 бабы 4 тармағының 3) тармақшасы басшылыққа алынбай, «Қонаев қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қонаев қаласының мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, сотқа ЛТД «КАЗСТРОЙСЕРВИС» ЖШС өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қойып жүгіну міндеттірін қамтамасыз етілмеген.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидатының 546 тармағы басшылыққа алынбай, «Қонаев қаласының мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны веб-порталында өнім берушінің тауарды қабылдап алу-беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету актісін ресімдеуі туралы хабарламаны алған күннен 39 күнтізбелік күнге кешіктіріп оған электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қоюға жол берген. Себебі, ЛТД «КАЗСТРОЙСЕРВИС» ЖШС-гі 2021 жылғы 05 тамызда электрондық-цифрлық қолтаңбамен бекітілген орындалған жұмыстар актісін веб-портал арқылы тапсырыс берушіге жіберген. Өз кезегінде «Қонаев қаласының мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны оған 2021 жылғы 14 қыркүйегінде ғана электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қояды.

«Қонаев қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қонаев қалалық кітапханасы»   коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасының 01.03.2011 жылғы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 74-бабының 3,5 тармағы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 17.03.2015 жылғы №212 «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы 10 тамыздағы №-163 «Коммуналдық меншік нысандарын жалға беру қағидасын бекіту туралы» қаулысының талаптары сақталмай, мекеменің 2 қабатындағы  нақты аумағы 15,9 шаршы метр болатын мекеменің есепшілер мен әдіскер қызмет жұмыс кабинетін азаматша А.Жақияноваға  2021 жылдың желтоқсан айынан келісім-шартсыз берілген.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының 43 бап 22 тармақтарының талаптары сақталмай мемлекеттік сатып алу туралы заңының келісім шарт жасасу талабы сақталмай келісім шарт он бес күнтізбелік күннен кем белгіленгені анықталды.

"Қонаев қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

 «Қапшағай қаласының жер қатнастары бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің аудитке табысталған 2019-2021 жылдырға арналған бюджеттік өтінімінде бюджет кодексінің 67 бабының 6 тармағының 5 тармақшасына сәйкес түсіндірме жазбасында 006 «Аудандардың, облыстық маңызы бар, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң шекарасын белгiлеу кезiнде жүргiзiлетiн жерге орналастыру» бағдарламасы бойынша жалпы соммасы 9892,0 мың теңге  көрсетілмеген.     

Алайда, Қапшағай қалалық мәслихатының 44-180 шешімі негізінде «Қапшағай қаласының жер қатнастары бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің 2019 жылдың 31 қаңтар айына қазынашылық басқармасымен берілетін 4-20 формасында 006 «Аудандардың, облыстық маңызы бар, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң шекарасын белгiлеу кезiнде жүргiзiлетiн жерге орналастыру» бағдарламасы бойынша  9892,0 мың теңге кіріс бөлігіне отырызылған.Бюджет кодексінің 3 бабының 1 тармағының 12 тармақшасына сәйкес мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры бағдарламаға бөлінген 9892,0 мың теңгенің жұмыстары жүргізілмей 2019 жылдың мамыр айында Қапшағай қалалық мәслихатының 44-180 шешімі негізінде 9337,0 мың теңгеге қысқартылған.Қалған 555,0 мың теңгенің жұмыстары орындалмай тамыз айында толық Қапшағай қалалық мәслихатының 2019 жылдың 11 қыркүйектегі №57-206 шешімі негізінде жергілікті бюджетке қайтарылған.2019 жылдың тамыз айына дейін «Қапшағай қаласының жер қатнастары бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің басшысы Ш.Қожабергенова бюджет кодексінің 3 бабының 69 тармағы тікелей нәтиже - қол жеткізілуі осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметіне толық байланысты болатын, көзделген бюджет қаражаты шегінде атқарылатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және 70 тармақшасы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы және түпкілікті нәтиже – мемлекеттік орган қызметінің тікелей нәтижелерге қол жеткізуіне негізделген, мемлекеттік органның даму жоспарының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының және (немесе) бюджеттік бағдарламаның мақсатына қол жеткізбеген 006 «Аудандардың, облыстық маңызы бар, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң шекарасын белгiлеу кезiнде жүргiзiлетiн жерге орналастыру» бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына,  қызметінің бағаныттарына,көрсеткіштеріне бөлінген қаражаттың тиімділігін пайдаланбай жалпы соммасы 9892,0 мың теңгеге бөлінген қаражат игерілмеген. Яғни 2019 жылға бюджет кодексінің 3 бабының 1 тармағының 12-4 тармақшасына сәйкес бюджет қаражатын тиімсіз  жоспарланып, бюджет кодексінің 90 бабының 1 тармағы сақталынбай Қапшағай қаласының салықтық түсімдерінің  нақты есептелініп кірістелуіне кері әсерін тигізген.

Мердігер, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Е.Бекжунусовқа, 004 «Жердi аймақтарға бөлу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру» бағдарламасын іске асыруға Қапшағай қаласының әкім орынбасары Е.Қожақметов 2020 жылдың 20 қазандағы №88-04-88/2278 Алматы облысының жер қатнастары басқармасына облыстық бюджеттен қаржы бөлу туралы хат жолданғанын, тапсырмаларды орындау мақсатында сұралған қаражат бөлінген кезде орындалған жұмыстарға аударылатынын мәлімдеп, кепілдік хат жолдаған.2020 жылдың 05 қарашасындағы  Қапшағай қаласының жұмыс тобының өткізген аппараттық кеңесінің №1 Хаттамасы,Қапшағай қалалық мәслихатының №79-277 шешімі бойынша қаражат бекітілген. «Қапшағай қаласының жер қатнастары бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің 2020 жылдың 31 қараша айына қазынашылық басқармасымен берілетін 4-20 формасында   9636,0 мың теңге кіріс бөлігіне отырызылған.Бағдарламаға бөлінген 9636,0 мың теңгеге келісім шарт бойынша ақы төлеу қазнашылық басқармасында тіркелмеген. 2020 жылдың желтоқсан айында қалалық маслихаттың шешімі негізінде бюджетке қайтарып алынған. 2020 жылдың желтоқсан айына дейін «Қапшағай қаласының жер қатнастары бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Молдахметов бюджет кодексінің 3 бабының 69 тармағы тікелей нәтиже - қол жеткізілуі осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметіне толық байланысты болатын, көзделген бюджет қаражаты шегінде атқарылатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және 70 тармақшасында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы және түпкілікті нәтиже – мемлекеттік орган қызметінің тікелей нәтижелерге қол жеткізуіне негізделген, мемлекеттік органның даму жоспарының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының және (немесе) бюджеттік бағдарламаның мақсатына қол жеткізбеген 004 «Жердi аймақтарға бөлу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, қызметінің бағаныттарына,көрсеткіштеріне бөлінген қаражаттың тиімділігін пайдаланбай жалпы соммасы 9636,0 мың теңге бөлінген қаражат игерілмеген. Яғни 2020 жылға бюджет кодексінің 3 бабының 1 тармағының 12-4 тармақшасына сәйкес бюджет қаражатын тиімсіз  жоспарланып, бюджет кодексінің 90 бабының 1 тармағы сақталынбай Қапшағай қаласының салықтық түсімдерінің  нақты есептелініп кірістелуіне кері әсерін тигізген.

 «Қапшағай қаласының жер қатнастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманның міндеттерін атқару үшін Нұрбану Құрмашқызы Рысбекова 2019 жылдың 16 шілдесінде арнайы тексерудің нәтижелерін алған күнге дейін №3 бұйрығымен жұмысқа қабылданған.2019 жылдың 28 қазанында 2020 жылдың 28 қаңтарына дейін сынақ мерзімімен жұмысқа қабылданған.2019 жылдың тамыз айында №01-28/17 бұйрығы негізінде  Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағының 3 тармақшасы сақталынбай жалпы соммасы 15000 теңге негізсіз сый ақы төленген.

 «Қапшағай қаласының жер қатнастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маман Нұрбану Құрмашқызы Рысбекованың 2020 жылдың 16 маусымында №10 бұйрығымен сөгіс қолданылған.Аталған бұйрық сый ақы тағайындауға мерзімінен бұрын шешілмеген. 2020 жылдың 27 қарашадағы Тұнғыш Президент Күніне  №01-28/25 бұйрығы негізінде  97510 теңге сый ақы тағайындалған.Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағының 1 тармақшасы сақталынбай жалпы соммасы 97510 теңге негізсіз сый ақы төленген.

Қапшағай  қаласына қарасты ауылдық елді мекендерді салық салу мақсатында жерлерді аймақтарға бөлу бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат жалпы соммасы 13259,0 мың теңгенің жұмыстары екі жылға кешігіп орындалған. Қазақстан Республикасының 25.12.2017 жылғы  №120-VI ҚРЗ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінің 19 бабының 13 тармақшасына қайшы уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеудің дұрыстығы, алудың толықтығы және аударудың уақтылығы мәселелері жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыруға, 21 бабының 1 тармағы аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – әкімдер) салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтарын, жер салығын жинауды ұйымдастырады, 22 бабының 2 тармағы уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда салық органдарына жәрдем көрсетуге міндетті. Салық кодексінің 528 бабы,529 бабының 1 тармағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша айқындайтын салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салықтық база болып табылады. Жер салығын төлеушілердің тиісті коефитцентері болмағандықтан кем немесе қате төлеуіне жол берілген.

«Қонаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 10-тармағын бұза отырып, мекеме жүргізушісі Даниар Ершатұлы Ибраевке 2021 жылғы маусымнан желтоқсанға дейін сыныптылығы үшін 40% мөлшерінде негізсіз жалпы сомасы 98 526 теңгеге жалақыға қосымша ақы төленген, ол бюджетке өтелуге жатады.

«Қонаев қаласының әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2020 жылы мекеме 152 ерекшелік бойынша бюджеттік өтінімге енгізілмеген мобильді байланысқа шығуға 49 184 теңге сомасында бюджет қаражатын жұмсаған, яғни "Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығының 2-тарауының 39-тармағы бұзылған.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):________________________(болған жағдайда)

III. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін бюджет есебіне жалпы сомасы 321,6 мың теңге өндірілді, 10817,3 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды, олар:

- «Қонаев қаласының экономика және қаржы бөлімі»  мемлекеттік мекемесі бойынша 50,5 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;

- «Қонаев қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 58,9 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;

- «Қонаев қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 58,9 мың теңге бюджет есебіне өндірілді 53,4 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды;

- «Қонаев қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қонаев қаласының мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны бойынша 15,1 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;

- «Қонаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 98,5 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;

- «Қонаев қаласының әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 49,2 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;

- «Шеңгелді ауылдық округі әкімі аппараты»  мемлекеттік мекемесі бойынша аудит барысында 9705,0 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпыа келтірулер жасалды;

- «Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша аудит барысында 823,4 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 1 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды:

-«Қонаев қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2022 жылдың 11 қарашасындағы №01-05/12 бұйрығына сәйкес мекеменің есепшісі Маржан Заманқызы Ақжолтаеваға сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды;

«Қонаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Қонаев қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Қонаев қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Қонаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Қонаев қаласының әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері бойынша аудит барысында, мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңдегі мекеменің жауапты тұлғалары жұмыстан шығып кетуіне байланысты тәртіптік жауаптылығын қарау мүмкіндігі болмады.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес 5 лауазымды тұлға  және 207 бабының 3, 10 тармақтарына сәйкес 2 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартуға 2 материал, барлығы 7 материал жолданды.

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде қаралуда.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

1. Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша жалпы сомасы 127070,1 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде: 11364,9 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 107616,6 мың теңге тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты, 8088,6 мың теңге тиімсіз пайдаланған бюджет қаражаты және 18 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

2. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексі» кодексінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидалары» қағидасының, Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» қаулысының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының, «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі» Кодексінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің  Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы қаулысының, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірінің мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қызметтік іс-сапарларға арналған шығыстарды өтеу «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының талаптарының сақталмауынан орын алған.

3. Бюджет қаражаты шығындарын жоспарлау және пайдалану кезінде тиімділік принциптерінің сақталмауы салдарынын бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлануына жол берілген.

4. Қазақстан Республикасы Заңнамаларының тиісті талаптарын сақтамау салдарынан бюджет қаражатының тиімсіз шығысталуына жол берілген.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар.

Қонаев қаласының жергілікті бюджетті жоспарлау және атқару, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану, жергілікті атқарушы орган мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шарт талаптарын орындауына және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің есебін жүргізудің дұрыстығы мен тиімділігінің мемлекеттік аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

1. Қонаев қаласының жергілікті бюджетті жоспарлау және атқару, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану, жергілікті атқарушы орган мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шарт талаптарын орындауына және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің есебін жүргізудің дұрыстығы мен тиімділігінің нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралуын.

2. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларымен бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрмалануына жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында жергілікті бюджет есебіне өндірілген 321,6 мың теңге және есептілік бойынша қалпына келтірілген 10817,3 мың теңге назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін жұмыстар жүргізілуін.

3. Қонаев қаласның  мемлекеттік мекемелері келесі шараларды қабылдауын:

1) «Қонаев қаласының экономика және қаржы бөлімі»  мемлекеттік мекемесі «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 Қаулысының  1 тараудың 2 тармағы және Қазақстан Республикасы 2017 жылғы №120-VI)РЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексінің 487-489- баптарын сақтамай 113,5 мың теңге бюджетке өтелсін және қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі қарастырылсын.

2. «Қонаев қаласы әкімінің қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының 01.03.2011 жылғы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 74-бабының 3,5 тармағы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 17.03.2015 жылғы №212 «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы 10 тамыздағы №-163 «Коммуналдық меншік нысандарын жалға беру қағидасын бекіту туралы» қаулысының талаптары сақтамағаны үшін тәртіптік жауапкершілігі қарастырылсын.

 3. "Қонаев қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі бойынша  «Қапшағай қаласының жер қатнастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман қызметін атқарған Нұрбану Құрмашқызы Рысбековаға негізсіз аударылған жалпы соммасы 112,5 мың теңге жергілікті бюджетке өндірілсін.

2) Нұсқама жіберуді.

3) Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзылуына жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралсын.

3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар  мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.

 

Тексеру комиссиясының мүшесі А. Кадир

 

Аудит жүргізуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы  Ғ. Алдоңғаров

 

Сапа бақылауына жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы С.Елубаева

 

Құқықтық сүйемелдеуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы Ғ.Күмісбеков 

 

Аудит тобының жетекшісі                                             Ғ. Алдоңғаров

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ