Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Іле ауданы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 01.03.2023
Просмотры: 361 Печать страницы

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Іле ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Іле ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1.  «Іле ауданының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

2. «Іле ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

3. «Іле ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі;

4. «Іле ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

5. «Іле ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

5.1. Іле ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің» «Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6. «Іле ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

7. «Іле ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

8. «Іле аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй испекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

9. «Іле ауданының Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

10. «Іле ауданының Боралдай кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

11. «Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

12. Іле ауданының Байсерке ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

13. Іле ауданының Жетіген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

14. «Іле ауданының КазЦИК ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

15. «Іле ауданының Күрті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

16. «Іле ауданының Междуреченск ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

17. «Іле ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

18. «Іле ауданының Энергетический ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2022 жылдың 31 желтоқсан аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

2022 жыл ішінде бюджеттік заңнама нормаларына сәйкес аудандық бюджетті 5 нақтылау және 5 түзету жүргізілді, оларды ескере отырып, түсімдер бойынша түзетілген бюджет 197 352 254,0 мың теңгені немесе бекітілгеннің 103,0%-ын, шығыстар бойынша 200 102 400,0 мың теңгені немесе бекітілген бюджеттің 104,7%-ын құрады. Бекітілген және түзетілген аудандық бюджет құрылымы 2022 жылға:

Боралдай кенті және ауылдық округтерінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттері аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 30 желтоқсандағы сессиясының «Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтерінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттері туралы» №15-52 шешімімен бекітілген және тиісті аудан және ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен орындауға қабылданды. 2022 жыл ішінде бюджеттік заңнама нормаларына сәйкес көрсетілген бюджеттерді 5 нақтылау және 1 түзету жүргізілді.

Іле ауданы бюджетінің атқарылуы туралы есептің деректеріне сәйкес 2022 жылға кірістер 191 570 700,0 мың теңге көлемінде бекітілді, жыл ішінде жоспар 5 781 554,0 мың теңгеге немесе 103,0% көбею жағына түзетілді және 197 352 254,0 мың теңгені құрады (меншікті кірістер бойынша – 190 390542 мың теңге, трансферттер бойынша – 6 963 007,0 мың теңге).

Нақты 2022 жылы 198 783 875,4 мың теңге сомасында кірістер алынды, түзетілген жоспарға 100,7% - ға орындалды.

Кірістер құрылымында негізгі үлесті салықтық түсімдер 190617615,3 мың теңгені немесе 95,8% құрады, трансферттік түсімдер 6963007 мың теңгені немесе 3,5% құрайды, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 908636,9 мың теңгені немесе 0,5% құрады, салықтық емес түсімдер  294616,1 мың теңгені немесе 0,1% құрады.

Ауданның меншікті кірістері 3 түр бойынша жоспарланып орындалған, олар;

- 190617615,3 мың теңге көлемінде салықтық түсімдер;

- 294616,1 мың теңге көлемінде салықтық емес түсімдер;

- 908636,9 мың теңге көлемінде негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер.

2022 жылғы аудандық бюджеттің шығыстары  191 180 358,0 мың теңге болып бекітіліп, нақтылаулар мен түзетулер нәтижесінде 200 102 400,0 мың теңгеге жетті.

2022 жылдың 1 қаңтарына нақты шығындар 17 054,3 млн.теңге сомасында жоспарланған. Нақты орындалуы болжаммен 17 023,3 млн.теңгені немесе 99,8% құрайды. Орындалмаған сома –  31,0  млн.теңге ( ЖБ), олар:

Құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі бойынша – 2,1 млн.тенге, «Өтеген батыр ауылындағы 50 пәтерлі тұрғын үй құрылысының ЖСҚ-сы» нысанының облыстық бюджеттік комиссиясының шешімінің шықпауына байланысты сарапатама қорытындысына келісім шарт жасау мүмкін емес.

ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімі бойынша – 4,3 млн.тенге, «Құрылыс істері жөніндегі Комитеттің  «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламаларының Ережесіне өзгеріс енгізуіне байланысты  «Отбасы банк» АҚ-мы өтініш қабылдауды бастамаған және  «7-20-25» бағдарламасы бойынша кезекте тұрған тұрғындардан өтініштер түспеуіне байланысты.

Междуреченск ауылдық округі бойынша – 7,8 млн.теңге «Воркаут және балалар алыңын» орнату нысаны бойынша жеңімпаз «Баубек» ЖШС келісім шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған. Қаражат бекітілген бюджетпен бөлініп, келісім шартқа 2022 жылдың 9 желтоқсанында отырған. Келісім шарт негізінде жұмыстарды орындау мерзімі 2022 жылдың 20 желтоқсанына дейін.

Казцик ауылдық округі бойынша – 7,9 млн.теңге - қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақшаның болмауына байланысты.

Ащыбұлақ ауылдық округі бойынша – 8,9 млн.теңге «Ауыл көшелерінің жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары» нысаны бойынша үнемделегн қаражат.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері.

Аудит нәтижелері, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады: Іле ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен бюджет қаржысы есебінен жұмсалған жалпы сомасы 20 535 781,1 мың теңге қамтылды, жалпы сомасы 2 375 750,4 мың теңгеге бұзушылықтар мен 26 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Соның ішінде:

- 835,2 мың теңге тиімсіз пайдаланған;

- 1661,5 мың теңге - еңбек ақы және басқада табыстардан ұсталатын жеке тұлға табыс салығы мен еңбек төлем қорынан төленетін әлеуметтік салығы бойынша салық декларациясында кем тапсырылған және бюджетке төленбеген;

- 37,1 мың теңге – Жалға алушы жеке тұлға тарапынан әкімдік ғимаратының бөлек алаңын пайдаланғаны үшін коммуналдық төлемдер өндірілмеген;

- қаржылық бұзушылықтар 2 373 216,6 мың теңге соның ішінде 2 371 092,8 мың теңге қалпына келтірілуге 2123,8 мың теңге тиісті бюджет есебіне өндірілетін қаражаттар.

Жалпы анықталған заңбұзушылықтардың аудан бойынша аудитпен қамтылған мемлекеттік мекемелер және коммуналдық мемлекеттік мекеме бөлінісіндегі сипаттамасы:

1.  «Іле ауданының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 22 қыркүйегіндегі № 1428 қаулысымен бекітілген мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы Ереженің 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысымен бекітілген бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу Қағидаларының 3 тармақтың 1) тармақшасына қайшы, Мекеме қызметкерлеріне 110,2 мың теңге көлемінде іс-сапар шығындары негізсіз төленген. Қаржылық бұзушылық сомалары аудит барысында жергілікті бюджет есебіне қайтарылды.

2. «Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.08.2001ж. № 1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу туралы» Ережесінің 4-тармағы 3) тармақшасына қайшы, Мекеме қызметкеріне 40,5 мың теңге көлемінде сый ақы төленген. Аудит барысында заңбұзушылық сомасы жергілікті бюджет есебіне өтелді.

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» № 179 бұйрығымен белгіленген нормадан тыс, Мекеме теңгерімінде Lada 21214 маркалы және 2022 жылғы Chevrolet Cobalt маркалы екі автокөлік тіркелген.

- Ауылдық округ жолдарын кеңейту жұмыстары бойынша «АЗЕН и К» ЖШС-гіне қатысты 106,1 мың теңге көлемінде тұрақсыздық айыбын ұстау (өндіру) және өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгіну шаралары қолданылмаған.

Аудит барысында «АЗЕН и К» ЖШС-мен тұрақсыздық айыбы жергілікті бюджет есебіне төленді.

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Мекеме басшысына қатысты Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207-бабы 10-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілігін қарау туралы құжаттар жолданды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 804-бабы 1-тармағы 47 тармақшасы негізінде Ащыбұлақ ауылдық округі әкіміне қатысты Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

3. Іле ауданының Байсерке ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағының 1 тармақшасы сақталынбай жалпы соммасы 100,0 мың теңге негізсіз сый ақы төленген. Аудит барысында жергілікті бюджет есебіне төленді.

4. «Іле ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:

- ҚР 2017 жылғы №120-VI)РЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексінің 350-351-355 және 487-489 баптарына қайшы, еңбек ақы және басқада табыстардан ұсталатын жеке тұлға табыс салығы бойынша 912,3 мың тенге және еңбек төлем қорынан төленетін әлеуметтік салығы бойынша 749,2 мың тенге салық декларациясында кем тапсырылған және бюджетке төленбеген.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін әлеуметтік салық толығымен бюджетке төленді және де жеке тұлға табыс салығы бойынша 577,6 мың теңгесі төленді.

Аудит қорытындысы бойынша өтелмеген заңбұзушылықтар соммасы 334,7 мың теңгені құрап отыр.

- Сонымен қатар, «Іле ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүргізілген үстеме тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 22 қыркүйегіндегі № 1428 қаулысымен бекітілген мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы Ереженің 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысымен бекітілген бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу Қағидаларының 3 тармақтың 1) тармақшасына қайшы, Мекеме қызметкерлеріне 53,2 мың теңге көлемінде іс-сапар шығындары негізсіз өтелген. Қаржылық бұзушылық сомалары аудит барысында жергілікті бюджет есебіне қайтарылды.

5. «Іле ауданының Боралдай кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

- Боралдай кенті әкімінің 2020 жылғы 09 қыркүйегіндегі №123ө-НҚ өкімінің негізінде «Іле ауданының Боралдай кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі және жеке тұлғасы С.Ашимбеков арасында әкімшілік ғимаратының алаңы 25,0 шаршы метр болатын жайды мүліктік жалға беру (жалдау) жөніндегі 2020 жылдың 07 қыркүйегінде № 518 – ЭТП келісім шарты жасалған. ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №212 «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға(жалға алуға)беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 54 тармағы және келісім шарттың 4 тарауы 12 тармағы сақталмай жалға алушы жеке тұлға С.Б.Ашимбеков жалпы сомасы 37,1 мың теңге көлемінде жылу және электр қуаты ақысын төлемеген. Аудит барысында 37,1 мың теңге коммуналдық төлемдер жергілікті бюджет есебіне қайтарылды.

- Алматы облысы әкімінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы №134-өн/қ «Алматы облысының мемлекеттiк органдарының қызметтiк көлiк құралдарын реттеу және техникалық персонал санының лимитi туралы» өкімімен бекітілген лимиттен тыс 1 (бір) қызметтік автокөлігіне  жалпы сомасы 741,5 мың теңге шығысталған.

Аудит барысында Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 804-бабы 1-тармағы 47 тармақшасы негізінде Боролдай ауылдық округі әкіміне қатысты Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

- Мемлекеттік мекеменің 2022 жылғы 01 қаңтарына өткізілген жылдық қорытынды теңгерімінде (баланс) қаржылық есептілік жасауында есеп айырысу актісі басшылыққа алынбай «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС–не және «Алматы Газсервис Холдинг» ЖШС–не жалпы 443,4 мың теңге кредиторлық қарызы бойынша бухгалтерлік баланстың 215 жолында жабдықтаушылармен мердігерлер алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек ретінде көрсетілмеген.

Тексеру комисиясының отырысы өткізілгенге дейін заңбұзушылық сомасына бухгалтерлік анықтама беріліп, есеп бойынша қалпына келтірілді.

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Мекеме басшысына қатысты Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілігін қарау туралы құжаттар жолданды.

6. Іле ауданының Жетіген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 бұйрығына сәйкес автокөлік құралдарының тиесілік лимиті белгіленген. Алматы облысы әкімінің 2022 жылдың 14 қантарындағы №134-ө н/қ 2-ші қосымшасыны қайшы, бастапқы баланстық құны 1580,0 мың тенге, қалдық құны 0 тенге құрайтын 2012 жылы шыққан "Lada21214" НИВА маркалы мемлекеттік тіркеу нөмірі 423 VV 05 автокөлік  мекеменің теңгерімінде лимиттен артық болып анықталды.

Аудит барысында Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 804-бабы 1-тармағы 47 тармақшасы негізінде Жетіген ауылдық округі әкіміне қатысты Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

7. «Іле аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй испекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:

- Іле ауданы Жауғашты ауылындағы кәріздік тазарту құрылғысының электрмен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша «АлтайКазИнжиниринг» ЖШС-не қатысты 35,9 мың теңге көлемінде тұрақсыздық айыбын ұстау (өндіру) және өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгіну шаралары қолданылмаған;

- Автомобиль жолдарын ұстау бойынша жұмыстар жұмыстары бойынша «Amanat First Construction» ЖШС-не қатысты 328,2 мың теңге көлемінде тұрақсыздық айыбын ұстау (өндіру) және өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгіну шаралары қолданылмаған.

Аудит барысында аталған Мердігерлер тарапынан тұрақсыздық айыппұл сомалары жергілікті бюджет есебіне өндірілді.

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Мекеме басшысына қатысты Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207-бабы 10-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілігін қарау туралы құжаттар жолданды.

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 25 мамырдағы «Орталық, жергілікті мемлекеттік органдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» № 108 өкімінің 1-тармағының 3) тармақшасына қайшы, Мекеме тарапынан үнемдей режимі сақталмай, 93,7 мың теңгеге кеңсе жиһаздары сатып алынған.

8. «Іле ауданының КазЦИК ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 236,243-тармағының және ҚР ҚМ 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттары Жоспарының 16-тармағының талаптарына қайшы 300,0 мың теңгеге сатып алынған ағаш көшеттер Мекеменің бухгалтерлік есебінде негізгі құралдар ретінде көрсетілмеген.

Аудит барысында бухгалтерлік баланс қалпына келтіріліп, Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Мекеме басшысына қатысты Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілігін қарау туралы құжаттар жолданды.

9. «Іле ауданының Күрті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығының 114, 115 және 118-тармақтарының және  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығының 9 тармағының талаптарына қайшы 2021 жылдың бухгалтерлік балансында төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс және әлеуметтік салық бойынша 1755,0 мың теңге дебиторлық берешектер көрсетілмеген.

Аудит барысында бухгалтерлік баланс қалпына келтіріліп, Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Мекеме басшысына қатысты Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілігін қарау туралы құжаттар жолданды.

10. «Іле ауданының Междуреченск ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

- Тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасындағы өзара есеп айырысу актілеріне сәйкес, 2021 жылдың 01 қаңтарына «Алматы Энерго Сбыт» ЖШС-гі бойынша 231,1 мың теңге кредиторлық қарыздар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бекітілген № 393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 15, 116, 117-тармақтарының талаптарына қайшы, бухгалтерлік баланстың 215 жолында есепті жылдың басына қысқа мерзімді кредиторлық берешек көрсетілмеген.

Аудит барысында заңбұзушылық сомасына бухгалтерлік анықтама беріліп, есеп бойынша қалпына келтірілді.

- Іле ауданы Междуреченск ауылдық округінің аумағын көше бейнебақылау үшін жабдықтар кешенін орнату және монтаждау жұмыстары бойынша «Best Securite» ЖШС-не қатысты 246,4 мың теңге көлемінде тұрақсыздық айыбын ұстау (өндіру) және өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгіну шаралары қолданылмаған.

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Мекеме басшысына қатысты Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 және 238 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершіктерін қарау туралы құжаттар жолданды.

11. «Іле ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 111-бабы 1-тармағына қайшы, Мекеме қызметкеріне өз секторында қызмет атқаратын қызметкердің функционалдық міндеттерін орындағаны үшін 41,9 мың теңге көлемінде көтерме (қосымша) ақы негізсіз төленген.

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу» туралы Қағидаларының 2 тармағына қайшы, Мекеме қызметкеріне тиісті бұйрық шығарылмай, 2022 жылдың сәуір айында 12,1 мың теңге көлемінде негізсіз іс-сапар шығындары өтелген.

Аудит барысында анықталған заңбұзушылықтар сомасы толығымен жергілікті бюджет есебіне өтелді.

12. «Іле ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

ҚР ҚМ 17.03.2015 жылғы № 179 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, офистік жиһазбен және мемлекеттік органдар аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз ету» нормаларына және Алматы облысы әкімінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 134-қ «Алматы облысы мемлекеттік органдарының қызметтік автомобильдер тиістілігінің нормативі және техникалық персонал санының лимиті туралы» өкіміне қайшы, аудитпен қамтылған кезеңде Мекеме теңгерімінде «Lada21214» НИВА маркалы қызметтік автокөлік бола тұра 2012 жылғы «Chevrolet cruze» маркалы қызметтік автокөлігі қабылданған.

Аудит барысында Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 804-бабы 1-тармағы 47 тармақшасы негізінде Жетіген ауылдық округі әкіміне қатысты Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

13. «Іле ауданының Энергетический ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бекітілген № 393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 27 тармағы басшылыққа алынбай, 2021 жылға табысталған жылдық есебінің  бухгалтерлік балансының 1 қосымшасында 010 жол коды 1010- шотында кассалық қалдық 14432,1 мың теңгеге, 2022 жылға табысталған жылдық есебінің  бухгалтерлік балансының 1 қосымшасында 010 жол коды 1010- шотында 226,5 мың теңгеге аз көрсетіліп, қаржылық есептілік бұрмаланған.

 Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Мекеме басшысына қатысты Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілігін қарау туралы құжаттар жолданды.

- Мекемеге полиграфиялық өнімдерді әзірлеу жұмыстары бойынша жеке кәсіпкер Идирисов Сабит Ашкеновичке қатысты 5,5 мың теңге көлемінде тұрақсыздық айыбын ұстау (өндіру) және өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгіну шаралары қолданылмаған. Тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін тұрақсыздық айыппұл сомасы жергілікті бюджет есебіне өтелді.

- Өтеген батыр ауылындағы Соқпақпаев көшесінің электр жүйелеріне жөндеу жұмыстары бойынша «Хан-СтройХолдинг» ЖШС-не қатысты 121,1 мың теңге көлемінде тұрақсыздық айыбын ұстау (өндіру) және өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгіну шаралары қолданылмаған. Тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін тұрақсыздық айыппұл сомасы жергілікті бюджет есебіне өтелді.

- Қарасу ауылына (ВОЛС) байланыс желісін жөндеу жұмыстары бойынша «Ринат» Елешев Р.Р жеке кәсіпкеріне қатысты 292,6 мың теңге көлемінде тұрақсыздық айыбын ұстау (өндіру) және өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгіну шаралары қолданылмаған.

- Өтеген батыр ауылындағы Спортивная, Титова және Батталханов көшелеріне шұңқырларды жөндеу жұмыстары бойынша «Абылай» жеке кәсіпкеріне қатысты 16,5 мың теңге көлемінде тұрақсыздық айыбын ұстау (өндіру) және өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгіну шаралары қолданылмаған. Тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін тұрақсыздық айыппұл сомасы жергілікті бюджет есебіне өтелді.

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Мекеме басшысына қатысты Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207-бабы 10-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілігін қарау туралы құжаттар жолданды.

14. «Іле ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының 43 бап 22 тармақтарының талаптары сақталмай, Мекеме жиһаздарын жөндеу/қалпына келтіру бойынша жұмыстарын жүргізу мерзімі 2 келісім шартта он бес күнтізбелік күннен кем белгіленген;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бекітілген № 393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 16 тарау Шығыстарды есепке алу тәртібі  411, 412, 412 және 414 тармақтары (енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) басшылыққа алынбай, 2022 жылға табысталған бухгалтерлік есепте жалпы сомасы 11 164,8 мың теңгеге бұрмаланған.

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Мекеме басшысына қатысты Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілігін қарау туралы құжаттар жолданды.

- Іле ауданының Тлендиев көшесі» автомобиль жолының құрлысын жүргізуге 148 жер телімін бағалау құнын шығару бойынша «ADM construction expertise» ЖШС-не қатысты 122,3 мың теңге көлемінде тұрақсыздық айыбын ұстау (өндіру) және өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгіну шаралары қолданылмаған.

- «Іле ауданының жарты-сақиналы Солтүстік көшесі» автомобиль жолының құрлысын жүргізу мақсатында 40 жер телімін бағалау құнын шығару бойынша «Нур Гео Проект» ЖШС-не қатысты 35,7 мың теңге көлемінде тұрақсыздық айыбын ұстау (өндіру) және өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгіну шаралары қолданылмаған.

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Мекеме басшысына қатысты Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207-бабы 10-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілігін қарау туралы құжаттар жолданды.

15. «Іле ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі бойынша:

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 22 қыркүйегіндегі № 1428 қаулысымен бекітілген мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы Ереженің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу Қағидаларының талаптарына қайшы, Мекеме қызметкерлеріне 46,6 мың теңге көлемінде іс-сапар шығындары негізсіз артық төленген.

Негізсіз төленген қаражаттар толығымен жергілікті бюджет есебіне өтелді.

16. «Іле ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» (өзгертулер мен қосымшалармен)  қаулысының қағидасының 2 тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тарауы 6 тармағының талаптары сақталмай, іс сапарға шығуына негіз болатын Мекеме басшысының бұйрығынсыз іс сапар шығындарының есебісіз қызметкерлерге 111,2 мың теңге негізсіз төленген.

Аудит барысында заңбұзушылық сомасы жергілікті бюджет есебіне өтелді.

17. «Іле ауданының Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бекітілген № 393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 15, 114, 115-тармақтарына қайшы, бухгалтерлік баланстың 014 жолында есепті жылдың басына және есепті кезеңнің соңында жабдықтаушылар және мердігерлер алдындағы барлығы 98 947,82 теңге көлемінде қысқа мерзімді дебиторлық берешектер көрсетілмеген.

Аудит барысында 98 947,82 теңгеге бухгалтерлік анықтама беріліп, есеп бойынша қалпына келтірілді.

18. «Іле ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы   бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:

- «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыз №1127 қаулысының 4 тармағының 1 тармақшасы талабы бұзылып, алынбаған тәртіптік жазалары бола тұра Мекеме қызметкерлеріне 297,8  мың теңге көлемінде сый ақыт төленген;

- 2021 жылы наурыз айында Өтеген батыр 60 тұрғын үйі жалпы соммасы 592730,4 мың теңге 29.03.2021 жылғы объектіні пайдалануға қабылдау актісімен алынған, бірақта бухгалтерлік есебі бойынша 2322 шотына «Тұрғын үйлер» кірістелмеген, ҚР ҚМ 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерінде бухгалтерлік есебің жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 243, 244 - тармақтарының талаптарының сақталмауынан орын алған;

- 2022 жылдың бухгалтерлік балансында 248 333,3 мың теңге  дебиторлық қарыз ретінде көрсетілмей 01.08.2017 жылғы №468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілікті жасау мен ұсынудың нысандары мен қағидаларын бекіту туралы» 20, 24 - тармақтарының талаптарының сақталмауынан орын алған;

- 2022 жылдың бухгалтерлік балансында 267169,8 мың теңге  дебиторлық қарыз ретінде көрсетілмей 01.08.2017 жылғы №468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілікті жасау мен ұсынудың нысандары мен қағидаларын бекіту туралы» 20, 24 - тармақтарының талаптарының сақталмауынан орын алған;

- 2022 жылдың бухгалтерлік балансында 311509,0 мың теңге  дебиторлық қарыз ретінде көрсетілмей 01.08.2017 жылғы №468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілікті жасау мен ұсынудың нысандары мен қағидаларын бекіту туралы» 20, 24 - тармақтарының талаптарының сақталмауынан орын алған;

- 2021 жылы маусым айында Өтеген батыр 60 тұрғын үйдің инженерлік коммуникациялық желілері жалпы соммасы 99760,8 мың теңге 29.03.2021 жылғы объектіні пайдалануға қабылдау актісімен алынған, бірақта бухгалтерлік есебі бойынша 2340 шотына «Беру құрылғылары» кірістелмеген, ҚР ҚМ 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерінде бухгалтерлік есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 243, 244 – тармақтары сақталмауынан орын алған;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242-II «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60 бабының 1 тармағы толықтай орындалмай  Өтеген батыр ауылындағы коттедждік қалашығының инженерлік коммуникациялық желілері мен аббатандыру құрылысының жұмыс көлемдері белгіленген тәртіппен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына 30982,8 мың теңгеге сәйкес келмейді;

- Өтеген батыр ауылындағы коттедждік қалашығының инженерлік коммуникациялық желілері мен аббатандыру құрылыс объектісі жалпы соммасы 685269,2 мың теңге 23.12.2022 жылғы объектіні пайдалануға қабылдау актісімен алынған, бірақта бухгалтерлік есебі бойынша 2340 шотына «Беру құрылғылары» кірістелмеген, ҚР ҚМ 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерінде бухгалтерлік есебің жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 243, 244 – тармақтары сақталмауынан орын алған;

- Мекеменің 2021 жылдың есепті кезеңнің соңына (2022 жылғы 01 қаңтарына өткізілген жылдық баланс) қаржылық есептілік жасауында 200 жолында «Ұзақ мерзімді активтердің жиыны» қалдықтар 30 981 559,7 мың теңге құраған,  Мекеменің  2022 жылдың есепті кезеңнің басында (2023 жылғы 01 қаңтарына жылдық баланс) қаржылық есептілік жасауында 200 жолында «Ұзақ мерзімді активтердің жиыны» қалдықтар 31 088 246,4 мың теңге құраған, айырмашылығы 106686,7 мың теңге құрайды, бухгалтерлік есепті әдістерін бұза отырып жүргізу, 2022 жылдағы қаржылық есептілікті бұрмалау жағдайына әкеп соққан. Аталған бұзушылық Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 01.08.2017 жылғы №468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілікті жасау мен ұсынудың нысандары мен қағидаларын бекіту туралы» 27,28 - тармақтарының талаптарының сақталмауынан орын алған.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):________________________(болған жағдайда).

III. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Жоғарыда көрсетілгендей, мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін жалпы сомасы 2 492,9 мың теңге тиісті бюджет есебіне өтелді, оның ішінде 37,1 – жеке жалға алушы тарапынан төленген коммуналдық төлемдер, 1326,8 мың теңге – бюджетке түсетін түсімдер, 613,3 мың теңге – мемлекеттік сатып алу келісім-шарттары бойынша Орындаушылардан өндірілген тұрақсыздық айыбы және 515,7 мың теңге – аудит объектілері қызметкерлерімен жергілікті бюджет есебіне өтелген негізсіз төленген бюджет қаражаттар.

Сонымен қатар, 688 097,6 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 10 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды:

- «Іле ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық меңгерушісі Э.Қ.Керимбаеваға қатысты 2013 жылдың 13 ақпанындағы № 6-б ж/қ бұйрығымен «Ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

- «Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша аудитпен қамтылған кезеңде екінші қол қою құқығына ие болған жауапты тұлғалар қазіргі уақытта атқарып отырған лауазымынан босатылған: округ әкімінің орынбасары Е.Б.Аубакиров 2023 жылдың 10 ақпанындағы № 5ж/қ өкімімен, бас маман С.Ж.Сыздыков 2023 жылдың 04 қаңтарындағы № 1ж/қ өкімімен және бас маман А.А.Менилбаева 2023 жылдың 02 тамызындағы № 35ж/қ өкімімен.

- «Байсерке ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша бас маманы Г.Ж.Каиргалиева 2023 жылдың 06 ақпанындағы № 5-ө ж/қ өкімімен «Ескерту» түрінде тәртіптік жазаға тартылған.

- «Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мемемесі әлеуметтік көмек және мүгедектерді оңалту секторының меңгерушісі Д.С.Ормановқа 2023 жылдың 07 ақпанындағы № 02 бұйрығымен «Ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

- «Іле ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің статисті Е.Қуатқызына 2023 жылдың 07 ақпанындағы № 7 бұйрығымен «Ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

- «Іле аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй испекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің статисті Г.А.Жанысбекова 2023 жылдың 17 ақпанындағы № 34 н/қ бұйрығымен «Ескерту» түрінде тәртіптік жазаға тартылған.

- Іле ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің» «Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің есепшісі А.Бейсенбаевға 2023 жылдың 03 ақпанындағы № 2 ж/қ бұйрығымен «Ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

- «Боралдай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша бас маман А.А.Гумароваға қатысты «Сөгіс» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

- «Іле ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары Л.А.Сайнукенге және Н.Н.Толыбаеваға «Ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

 

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес 10 лауазымды тұлға  және 207 бабының 10 тармағына сәйкес 9 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартуға тиісті құжаттар (материалдар) жолданды.

Қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде қаралуда.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 804-бабы 1-тармағы 47 тармақшасы негізінде 4 аудит объектісі басшыларына қатысты соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалып, сот органдарына жолданды.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

1. Жоғарыда көрсетілгендей, мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша жалпы сомасы 20 535 781,1 мың теңге қамтылды, жалпы сомасы 2 375 749,9 мың теңгеге бұзушылықтар мен 26 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

2. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексі» кодексінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің  Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қызметтік іс-сапарларға арналған шығыстарды өтеу «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі талаптарының сақталмауынан орын алған.

3. Бюджет қаражаты шығындарын жоспарлау және пайдалану кезінде тиімділік принциптерінің сақталмауы салдарынын бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлануына жол берілген.

4. Қазақстан Республикасы Заңнамаларының тиісті талаптарын сақтамау салдарынан бюджет қаражатының тиімсіз шығысталуына жол берілген.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар.

Іле ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

1. Іле ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелерінің Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралуын.

2. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларымен бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрмалануына жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында тиісті бюджет есебіне өндірілген 2 492,9 мың теңге және есептілік бойынша қалпына келтірілген 688 097,6 мың теңге назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін жұмыстар жүргізілуін.

3. Аудит барысында анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында тиісті аудит объектілеріне бюджет есебіне 1 329,0 мың теңге қаражатының өндірілуін және 1 682 995,2 мың теңге (30982,8 мың теңге - бюджет қаражатын және активтерді пайдалану кезіндегі, 1 652 012,4 мың теңге - бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау кезіндегі) көлеміндегі заңбұзушылықтар бойынша қалпына келтіру және жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы Нұсқамалар жолдау.

3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар  мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.

Тексеру комиссиясының мүшесі А. Кадир

 

Аудит жүргізуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы  Н.Қалқаев

 

Сапа бақылауына жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы С.Елубаева

 

Құқықтық сүйемелдеуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы Ғ.Күмісбеков 

 

Аудит тобының жетекшісі                                             Н.Қалқаев

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ