Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Алматы облысының ветеринария басқармасы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 15.02.2023
Просмотры: 423 Печать страницы

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1. «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

1.1. «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Балқаш ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

1.2. «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Еңбекшіқазақ ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

1.3. «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Жамбыл  ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

1.4. «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Іле ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

1.5. «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Қарасай  ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

1.6. «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Кеген ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

1.7. «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Райымбек ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

1.8. «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Талғар  ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

1.9. «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Ұйғыр ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

1.10. «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Қонаев қаласының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2022 жылдың 31 желтоқсан аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

«Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

«Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы облыс аумағындағы эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ветеринария саласындағы бірегей мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.

Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер: жануарларды аурулардан қорғау және емдеу, халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау, жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану, жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою, ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.

Алматы облысы ветеринария басқармасының штаттық құрылымы             3 бөлімнен тұрады.

1. Ветеринариялық шараларды ұйымдастыру бөлімі - уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының алдын алу бойынша ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру мен орындалуын қамтамасыз етеді;

2. Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімі - жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия беру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды ұйымдастырады;

3. Ветеринария және қаржылық қамтамасыз ету бөлімі – еңбек қатынастары мен қаржылық мәселелер, мемлекеттік сатып алу қызметтерін атқарады.

Алматы облысы ветеринария қызметінің түпкі нәтижеге қол жеткізудегі мақсаты облыс аумағындағы эпизоотиялық тұрақтылық пен ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 11-бабының 4-тармағы сәйкес, жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды ұйымдастыру «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар аудан, қалалардың ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының функцияларының бірі болып табылады.

         Алайда, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою (жалпы жануарларды өлтіру) жұмыстары ветеринариялық қызметтің негізгі принциптеріне қарама-қайшы және салалық функциясына жатпайды.

         Ветеринариялық мамандардарға жүктелген негізгі міндеттер: адамдар мен жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларын жүргізу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (дерекқорды жүргізу, бұйымдарды және атрибуттарды тасымалдау), ветеринариялық препараттарды тасымалдау, сақтау, ветеринариялық анықтама беру, биологиялық материалдың сынамаларын алу, ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау болып табылады.

         Аумақта санитариялық тазалау жұмыстарын ауданның тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық секторы (питомникке жер бөлу, құрылысын салу, техникамен қамту және жұмысшыларды ұйымдастыру, көшелерді абаттандыру мен тазалау, қоқыс пен қалдықтарды жинау және жою жұмыстарын орындау мақсатында жергілікті атқарушы орган тарапынан құрылған мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын) жүргізеді.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды есепке алу мақсатында «TANBA» ақпараттық дерекқоры қолданысқа енгізілді.

Үй жануарларын тіркеу, қаңғыбас жануарлардың санын реттеу, жоғалған жануарлардың иелерін іздеу, үй жануарларын стерильдеу қажеттігі туралы хабарлау жұмыстары атқарылуда.

Жануарларға арналған уақытша ұстау орындары мен панажайлар құрылысын жүргізуге облыстың тоғыз ауданы мен Қонаев қаласында 5,3 га жер телімдері бөлініп, қазіргі кезде құжаттары рәсімделуде.

Онымен қоса, облыстық әкімдікпен Алматы қалалық әкімдігі арасында қараусыз қалған жануарлардың санын реттеу, тәжірибе алмасу, жануарларға жауапты қарауды және бірлескен жұмысты жақсарту мақсатында екі жақты ынтымақтастық Меморандумы жасалып, семинарлар өткізілді.

Қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын азайтуға және облыс аумағында тұрақтылықты қалыптастыру үшін қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап оларды Заңмен бекітілген мерзімде күтіп ұстау, иесіз иттер мен мысықтарды жансыздандыру эпизоотиялық ахуалды оңтайландыруға септігін тигізеді.

Облыс бойынша 10 ветеринариялық станциялар мен 136 ветеринариялық пункттер бар. «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру деректер қоры» мемлекеттік ақпараттық жүйесінің portal.iszh.kz веб-порталына ауыл шаруашылық жануарларын еңгізу мақсатында әр ветеринариялық маманға логин пароль ашылған.

2022 жылы Алматы облысы бойынша ветеринариялық мамандарды қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету мақсатында 10 модульді ветеринариялық пункттер салынды.

Бүгінгі күнге, 136 ауылдық окруктердің тек 24 ветеринариялық пункттерімен қамтылған, қалған 112 ауылдық окруктер жалдамалы немесе өз үйлерінде орналасқан.

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес, облыстың ветеринария саласындағы жергілікті атқарушы органының алдында тиісті ветеринариялық алдын-алу шараларын сапалы, әрі уақытылы жүргізу, жануарлар мен құстарды жұқпалы, жұқпалы емес және инвазиялық аурулардан қорғау міндеттері тұр және облыс аумағында эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жүргізеді. Ветеринариялық ұйымдардың басқару құрылымы шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық кәсіпорын болғандықтан, ветеринария қызметкерлерінің еңбекақысы жүргізілетін манипуляциялардың көлеміне тікелей тәуелді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында: - Мал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты. Бұл, түптеп келгенде, ауылдағы ағайынның әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ветеринария қызметі қазіргі заман талабына сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.   Сондықтан, осы салада жүйелі жұмыс атқарылуға тиіс. Атап айтқанда, үдерістерді цифрландыру,  маман даярлау және олардың жалақысын көбейту шаралары. Ветеринария жүйесін реформалау жөнінде нақты шаралар қабылдауы керек деп атап өткен. 

Ветеринария дәрігері кәсіби тәжірибесі ұштасқан маман болуы қажет. Практика жүзінде тікелей ауыл шаруашылығы жануарларына емдеу және профилактикалық алдын алу шараларын жүргізуді үйренген мамандарды қабылдау қажеттілігі туындайды.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы №7-1/559 бұйрығына сәйкес, Алматы облысы бойынша профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесі төмендегідей:

Жануарлардың бiрнеше түрiне ортақ аурулар – құтыру, лептоспироз, пастереллез, топалаң, туберкулез, аусыл, күл, экинококкоз.

Iрi қара малдың аурулары – қарасан, нодулярлық дерматит.

Қой және ешкi аурулары – қойдың анаэробтық энтеротоксемиясы, брадзот, жұқпалы пустелездiк дерматит (эктима).

Жылқы аурулары – маңқа.

Түйе аурулары – түйе обасы.

Құс аурулары – құстардың жоғары патогенді тұмауы.

Диагностикалық зерттеулер бойынша бруцеллез, инфекциялық эпидидимит, хламидиоз, лейкоз, листериоз, аусыл, нодулярлы дерматит ауруларына зерттеулер жүргізіледі.

Сонымен қатар, облыс аумағында белгіленген энзоотиялық аурулар тізбесіне: жылқы сақауы, биелердің сальмонеллезді іш тастауы кіреді.

2022 жылы жүргізілетін Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша іс-шаралардың жоспарын орындауға қажетті ветеринариялық препараттар мен қан алу жүйелерінің жоспарланған мезгілден кеш мерзімде жеткізілуімен бірге, толық көлемде келіп түспеуі аумақтың эпизоотиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге кері әсерін тигізді. Бұл жағдай бюджет қаржысының уақытылы игерілмеуіне әкеліп, ауылдық округтердің ветеринария мамандарына еңбекақы толық төленбей, үлкен наразылықтар тудырды.

Осыған байланысты, Ветеринариялық ұйымдарды шаруашылық жүргізу құқығындағы басқару құрылымынан коммуналдық мемлекеттік мекеме құрылымына ауыстыру арқылы, оларды мемлекеттік тапсырыс аясында жүргізілетін манипуляциялардың көлеміне тәуелді қылмай, ветеринариялық ұйымдарды бюджет есебінен жыл бойы тұрақты түрде ұстауға көшіру қажет деп есептейміз.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері:

«Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен ведомствалық бағыныстағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорндарында жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен 5 285 467,8 мың теңге жұмсалған бюджет қаражаты қамтылды және Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптарын сақтамау бойынша жалпы сомасы 38 039,9 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:

- 37 219,9 мың теңге қаржылық бұзушылықтар (2 369,2 мың теңге бюджет есебіне өндіруге жататын және қалпына келтіруге жататын соммасы – 34 850,7 мың тенге);

- 820,0 мың теңге тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты.

Осымен қатар 10 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.

1. «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінде:

Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақыға үстеме және қосымша ақыларды есептеу және есеп айырысу операцияларында Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» қаулысы басшылыққа алған.

Алайда, 02.07.2021 жылғы №129-ж бұйрығы негізінде Мекеме басшысы Н.Қиялбековтың жыл сайыңғы кезекті еңбек демалысына кетуіне байланысты міндеттерін уақытша атқаруды Мекеме орынбасары А.Базиловқа жүктелген және лауазымды қоса атқарғаны үшін лауазымдық еңбекақыларының айырмасы мөлшерінде қосымша ақы төленген.

Алматы облысы әкімінің 23.11.2020 жылғы №141-ө н/қ өкімімен бекітілген «Алматы облысының ветеринария басқармасы» ММ басшысының лауазымдық нұсқаулығының 1.2 тармағына сәйкес басқарма басшысы болмаған жағдайда (кезекті еңбек демалысында болған уақытында, іссапарға кеткен кезде немесе ауырып қалса) оны басқарма басшысының орынбасары алмастырады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 111 баптың 2 тармағына сәйкес уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру алмастыратын жұмыскердің лауазымдық міндеттеріне кіретін болса, уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаны (алмастырғаны) үшін жұмыскерлерге қосымша ақы төлеу жүргізілмейді.

Осылайша, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 111 баптың 2 тармағының талаптарына қайшы, 2021 жылдың шілде айында басқарма басшысының орынбасары А.Базиловқа 52,7 мың теңге көлемінде негізсіз қосымша ақы төленгені анықталып, аудит барысында аталған қаржылық бұзушылық бюджет есебіне қайтарылды.

Сонымен бірге, ветеринариялық және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас мамандардың лауазымдық нұсқаулықтарының 1.2 тармағына сәйкес бөлімнің бас маманы болмаған жағдайда оны осы бөлімнің бас мамандарының бірі алмастырады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 111 баптың 1 және 2 тармақтарына сәйкес сол бір ұйымда, еңбек шартында көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын не уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын жұмыскерлерге қосымша ақы төлеу жүргізіледі және уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру алмастыратын жұмыскердің лауазымдық міндеттеріне кіретін болса, уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаны (алмастырғаны) үшін жұмыскерлерге қосымша ақы төлеу жүргізілмейді.

Осылайша, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 111 баптың 1 және 2 тармақтарының талаптарына қайшы, 2021 жылғы маусымнан қазанға дейінгі кезеңге ветеринариялық және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы М.Жумашеваға жалпы сомасы 356,4 мың теңге көлемінде негізсіз үстемақы төленгені анықталып, аудит барысында аталған қаржылық бұзушылық бюджет есебіне қайтарылды.

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 мамырындағы № 256 қаулысының 2 тарау 6-тармағына сәйкес қызметкерлер іссапардан оралғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде іссапар бойынша шығыстар туралы растаушы құжаттарды қоса бере отырып, іссапар туралы есеп береді.

         Алайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысының 2 тарау 6-тармағының талабы басшылыққа алынбай 2022 жылдың ішінде іссапар туралы есептер бес жұмыс күнiнде тапсырылмаған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырындағы № 256 қаулысының 2-тарау 3-тармақ 1- тармақшасының талабы орындалмаған, атап айтқанда 2022 жылдың 14 желтоқсанында А. Базиловқа 18,4 мың теңге тәулікақы артық есептеліп  төленген,  аудит барысында аталған қаржылық бұзушылық бюджет есебіне қайтарылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырындағы № 256 қаулысының 1 тарау 2-тармағының талаптары орындалмаған, атап айтқанда 2022 жылдың 28 қыркүйегінде негізсіз А. Ахметовке 24,5 мың теңге, Б.Уалиевке 24,5 мың теңге, 2022 жылдың 31 қазанында негізсіз                                   Э. Танекеноваға 55,1 мың теңге іс – сапар шығындары есептеліп  төленген, аудит барысында аталған қаржылық бұзушылық бюджет есебіне қайтарылды.

Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 51-бабының 2-тармағына сәйкес, тауарлар өндіретін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектердің мұқтаждарына арналған тауарларды қоспағанда, тауарларды ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген жалпы қаражат көлемінің кемінде елу пайызы көлемінде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2016 жылғы №1181 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған, тауарлар өндіретін және (немесе) жеткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі сәйкес құжат тігілетін папкалар, қағазға арналған папкалар және сызғыштар көрсетілген.

№ 39776576-ЗЦП1 «Сызғыш/Линейка» лоты бойынша 20.01.2021 жылғы № 140540009643/210060/00, тапсырыс беруші мен жеткізуші "AliKHAN" ЖК арасында есептемегенде 1 700 теңге сомаға және № 39848916-ЗЦП1 «Тіркелім/Регистр» лоты бойынша 18.01.2021 жылғы № 140540009643/210054/00, тапсырыс беруші мен жеткізуші "Ахунжанова Г. Б." ЖК арасында есептегенде 49 029,12 теңге сомаға мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалды.

Жоғарыда аталған құқықтық нормаларды бұза отырып, ұйымдастырушы мемлекеттік қолдау шаралары қолданылатын әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттары арасында емес, жалпы негіздерде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды.

Сол сияқты тағы заң бұзушылықтар анықталды № 43334775-ЗЦП1 «Папка» лоты бойынша 27.03.2021 жылғы № 140540009643/210116/00, тапсырыс беруші мен жеткізуші "Ахунжанова Г.Б." ЖК арасында есептегенде 14 515,20 теңге сомаға мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалды.

Жоғарыда аталған құқықтық нормаларды бұза отырып, ұйымдастырушы мемлекеттік қолдау шаралары қолданылатын әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттары арасында емес, жалпы негіздерде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды

Сонымен қатар Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 9-бабының 7-тармағына сәйкес, біліктілік талаптары осы Заңның 37, 38-баптарында, 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында және 42-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.

№ 5432565-1 «Веб-сайтты әзірлеу және енгізу бойынша қызметтер» бағалы ұсыныныстарға сұраным бойынша 19.02.2021 жылғы № 140540009643/210087/00, тапсырыс беруші мен жеткізуші "Elaman" ЖК арасында жалпы 37 000 теңге сомаға мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалды.

Алайда, жоғарыда аталған құқықтық нормаларды бұза отырып, Мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған техникалық ерекшелікте мынадай артық біліктілік талаптар көзделген: Әлеуетті өнім берушіге қойылатын талаптар: - «әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі болуы тиіс».

Бухгалтерлік есеп жүргізу мекемеде жалпы 2008 жылдың 4 желтоқсандағы №95-IV Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Бюджет Кодексі, «Есеп саясатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі №444 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесіне сәйкес жасалған; Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі басшылыққа алынып, «1-С» ақпараттық бағдарламасында қанағаттандырарлық есеп жүргізілген.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы  № 393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» бұйрығының  28-тармағына сәйкес «Әрбір есепті ай өткенен кейін барлық мемориалды ордерлер, мемориады ордерлер – жинақтау ведомостері оларға қатысты құжаттармен бірге хронологиялық тәртіппен іріктеледі және түптеледі. Құжаттар саны аз болған кезде түптеуді үш айда бір дестеге жүргізіледі. Мұқабада мемлекеттік мекеменің немесе орталықтандырылған бухгалтерияның атауы, дестенің, істің атауы мен реттік нөмірі, есепті кезең жыл мен ай, мемориалды ордерлердің бастапқы және соңғы нөмірлері, істегі беттердің саны жазылады.»

Мекеме Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010  жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығының 28-тармағын басшылыққа алмай бухгалтерлік құжаттарды хронологиялық тәртіппен іріктеп түптелмеген.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  Қағидаларының 9 - бөлімінің  243, 244 тармақтарының№ талаптары сақталмай, сомасы 8 128,5 мың теңгеге ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы есепке дұрыс алынбаған.

1.1. «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Балқаш ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында:

Кәсіпорынның «Ветеринариялық станция қызметкерлеріне сыйақы беру туралы» бұйрықтарында қызметкерлерге сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар төлеуде Қазақстан Республикасының Үкіметінің 29.08.2001 жылғы № 1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қағидаларына сәйкес жүргізілген.

Аталған Қағиданың 4-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Қызметкерге оның алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде сыйлық берілмейді.

Аудит барысында барысында ұсынылған құжаттарға сәйкес, Кәсіпорын басшысының 01 шілде 2021 жылғы № 27 бұйрығымен Ақдала ауылдық округінің ветеринариялық фельдшері Р.А.Тулеуоваға, 14 қазан 2021 жылғы № 34 бұйрығымен Бақанас ауылдық округінің ветеринариялық фельдшері А.Ж.Жорабекке және Береке ауылдық округінің ветеринарлық дәрігері Н.А.Айдарға, 07 қыркүйек 2022 жылғы № 24 бұйрығымен Балатопар ауылдық округінің ветеринариялық фельдшері Е.К.Аскарбаевқа «Ескерту» түрінде тәртіптік жаза берілген.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 66-бабы 4 тармағына сәйкес, осы Кодексте көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзуды қоспағанда, тәртіптік жаза қолдану мерзімі ол қолданылған күннен бастап алты айдан аспайды.

Өз кезегінде, берілген тәртіптік жазаны алып тастау туралы жұмыс берушінің актілері шығарылмаған.

Алайда, көрсетілген Заңнама талаптарына қайшы, Кәсіпорын басшысының 24 желтоқсан 2021 жылғы № 38 бұйрығымен және 23 желтоқсан 2022 жылғы № 26 бұйрығымен аталған қызметкерге барлығы 128,0 мың теңге (оның ішінде 2021 жылы Р.А.Тулеуоваға 18,0 мың теңге, А.Ж.Жорабекке 19,0 мың теңге, Н.А.Айдарға 21,0 мың теңге және 2022 жылы Е.К.Аскарбаевқа 70,0 мың теңге) көлемінде сый ақы негізсіз төленген.

2022 жылға Кәсіпорын мен корпоративтік бизнес бойынша дивизион – «Қазақтелеком» АҚ филиалы арасындағы көрсетілген телекоммуникация қызметтеріне жасалған салыстыру актісіне сәйкес, 2022 жылдың басына Кәсіпорынның 114 333 мың теңге кредиторлық қарызы бар екендігі  анықталған.

«Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялау үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығының 2-қосымшасына (Есепті кезеңге бухгалтерлік баланс нысаны) және «Бухгалтерлік баланс» нысанын толтыру жөніндегі түсіндірмеге сәйкес, 214 «Қысқа мерзімді сауда және өзге де кредиторлық берешек» жол кодында есепті кезең басына және есепті кезең аяғына ШҮЖ 3300 – «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» деген кіші бөлімнің тиісті шоттары бойынша сальдо сомасы көрсетіледі.

Алайда, Кәсіпорынмен 2021 жылға тапсырылған бухгалтерлік балансын тексеру барысында есеп жылдың аяғына жоғарыда аталған барлығы 114 333 теңге кредиторлық қарызы көрсетілмегендігі немесе бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру фактісі орын алған.

  1. «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Еңбекшіқазақ ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында:

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңының 4 бабының талаптары басшылыққа алынбай, жоғарыда көрсетілген әкімшілік ғимарат пен қойма ғимараты  Кәсіпорының есебіне алынбағаны анықталды.

1.3. «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Жамбыл ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» (өзгертулер мен қосымшалармен) қаулысының қағидасының 2 тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тарауының 6 тармағының талаптары сақталмай 2021 жылдың 02 наурызындағы № 37, 25 наурызындағы №93, 22 қазанындағы №595 төлем тапсырмалармен мекеме қызметкерлері Муслим Балтабекович Жылысовқа 35 004 теңге, Ерлан Нурболатович Искаковқа 17 502 теңге,  Раббат Маратович Курпановқа  38 404 тенге, Назар Өтегенұлы Молдақұловқа 17 502 тенге, 2022 жылдың 05 наурызындағы № 65 төлем тапсырмасымен Жанар Жолдасбекқызы Башекке 13 052 тенге  іс сапар шығындары төленген, алайда аудит барысында іс сапарға шығуына негіз болатын мекеме басшысының бұйрығы шығарылмағаны және іс сапар шығындарының есебі болмағаны анықталды, яғни төленген 121 464 теңге іс-сапар шығындары негізсіз болып табылады.

  1. «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік

 мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Іле ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында:

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 138 бабының 3 тармағының талаптары сақталмай, 2022 жылдың қаңтар айында Кәсіпорын директорының орынбасары А.Кудеринға жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына шығу кезінде 11,0 мың теңге мөлшерінде еңбекақы мен сауықтыру жәрдемақысының артық төленгені анықталды.

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 «Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің (ерекше бөлім)» Кодексінің 553 бабының, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 51 тармағының және жоғарыда аталған 13.12.2021 жылғы №5 келісім-шарттың 6 тармақтың 13) тармашасының талаптары басшылыққа алынбай, 2022 жылғы 616,1 мың теңгені құрайтын коммуналдық шығындары (жылыту және электр энергиясы үшін) Кәсіпорын тарапынан тікелей коммуналдық қызметке өтелмегені анықталды. Көрсетілген коммуналдық қызметтер үшін шығындар бюджет есебінен өтелгендіктен бюджет есебіне қайтаруға жатады.

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV «Мемлекеттік мүлік» туралы Заңының 17 бабының 3), 11) және 17)  тармақтарының және  Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңының 4 бабының талаптары басшылыққа алынбай, Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган – «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі тарапынан (электрондық мекенжайдан) келіп түскен  біржақты тәртіппен қол қойылған қабылдау тапсыру актісі негізінде баланстық құны 12 880,0 мың теңгені құрайтын Жетіген ауылында орналасқан ветеринариялық пункт ғимараты жергілікті атқарушы органның («Алматы облысы әкімінің аппараты») шешімі қабылданбай, 2022 жылдың 27 желтоқсанында Кәсіпорынның 2410 - "Негізгі құралдар" есебіне негізсіз алынғаны анықталды.

1.5. «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Қарасай ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында:

Қызметкерлерге сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар төлеуде Қазақстан Республикасының Үкіметінің 29.08.2001 жылғы № 1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қағидаларына сәйкес жүргізілген.

Аталған Қағиданың 4-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Қызметкерге оның алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде сыйлық берілмейді.

Аудит барысында барысында ұсынылған құжаттарға сәйкес, Кәсіпорын басшысының 28 маусым 2021 жылғы № 27 н/қ бұйрығымен Райымбек ауылдық округі ветеринариялық пункт меңгерушісі Г.А.Дутбаеваға «Ескерту» түрінде ескерту берілген.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 66-бабы 4 тармағына сәйкес, осы Кодексте көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзуды қоспағанда, тәртіптік жаза қолдану мерзімі ол қолданылған күннен бастап алты айдан аспайды.

Өз кезегінде, берілген тәртіптік жазаны алып тастау туралы жұмыс берушінің актісі шығарылмаған.

Алайда, көрсетілген заңнама талаптарына қайшы, Кәсіпорын басшысының 30 қараша 2021 жылғы № 38 н/қ бұйрығымен аталған қызметкерге 113 730 теңге көлемінде сый ақы негізсіз төленген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы» Ереженiң 1-тармағына және 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен (ары қарай – № 256 Қаулы) бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы» қағидаларының 2-тармағына сәйкес, қызметтiк iссапар – қызметкердiң орталық мемлекеттік органның аппарат басшысының, ал мұндай болмаған жағдайда мемлекеттiк мекеме басшысының өкiмi бойынша еңбек мiндеттемелерiн өзiнiң тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде орындау, сондай-ақ кәсiптiк деңгейi мен бiлiктілiгiн арттыру және қайта даярлану үшін белгiлі бiр мерзiмге сапары болып табылады.

Осының негізінде Кәсіпорын басшысының 2022 жылдың 23 маусымындағы № 12 і/с,  13 і/с, 14 і/с, 15 і/с бұйрықтары негізінде Кәсіпорынның 4 қызметкерлері 2022 жылдың 24 маусымы күніне Қонаев қаласына бір күндік мерзімге іс-сапарға жолданған.

№ 256 Қаулымен бектілген Қағидалардың 3 тармағы 1) тармақшасына сәйкес, іссапарға жiберiлген қызметкердiң мынадай шығыстары өтеледi, соның ішінде, iссапарда жүрген әрбiр күнi үшiн екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде тәулiкақы төленедi.

Алайда, қызметкермен өткізілген іс-сапар шығындары туралы есебінде, жоғарыда көрсетілген заңнамалар талаптарына қайшы, іс-сапар жалпы күндері 2 тәулік деп есептелініп, қызметкерлерге барлығы 24 504 теңге негізсіз артық төленген.

1.6. «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Кеген ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында:

2021 жылдың 27 наурызында «Ветеринариялық пункттері бар Кеген ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және «КАЙСАРИН М.К» ЖК мердігер арасында стендтерді/тақтайшаларды/жазуларды дайындау бойынша жұмыстарды сатып алу үшін 738,0 мың теңгеге № 18 (веб-порталда № 180840029656/210018/00) келісім-шарты жасалған, міндеттемелердің орындалу мерзімі келісімшартқа қол қойған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде деп белгіленген.

Аудит барысында Мекемемен ұсынылған құжаттарға, немесе  сәйкес аталған келісім-шарт бойынша № 210018/00/1 «тауарларды қабылдап алу» акітісіне сәйкес, жоғарыда көрсетілген жұмыстарды Тапсырыс берушіге 2021 жылдың 26 сәуірінде міндеттемелер 15 (он бес) күнге кешіктіріліп орындалған.

Аудит барысында Мекеме тарапынан Орындаушыға қатысты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының (әрі қарай - Заң) 43 бабының 24 тармағымен және негізгі келісім шарттың 8.3 тармағымен қаралған шаралар қолданбағандығы немесе тұрақсыздық айыбы өндірілмегендігі анықталған.

Өз кезегінде, Мердігерге есептелінетін тұрақсыздық айыбы (738,0 мың теңге *0,1%*15 күн) 10 701 теңгені құрап отыр.

Сонымен қатар, Тапсырыс беруші тарапынан жоғарыда аталған келісім-шарт бойынша аталған тауар жеткізушіге қатысты Заңның 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасымен белгіленген шаралар  қолданбаған немесе өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

№ 42133915-ЗЦП1 «Скоросшиватель» және № 42130315-ЗЦП1 «Регистр» лоттар бойынша 22.02.2021 жылғы № 180840029656/210006/00, Тапсырыс беруші мен Жеткізуші арасында "АЛИ" ЖК арасында есептемегенде 30 500 теңге сомаға мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалды.

Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 51-бабының 1-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарын мемлекеттік сатып алуға қатысу осы Заңда көзделген жағдайларда айқындалады.

Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 51-бабының 2-тармағына сәйкес, тауарлар өндіретін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектердің мұқтаждарына арналған тауарларды қоспағанда, тауарларды ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген жалпы қаражат көлемінің кемінде елу пайызы көлемінде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2016 жылғы №1181 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған, тауарлар өндіретін және (немесе) жеткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі сәйкес құжат тігілетін папкалар, қағазға арналған папкалар көрсетілген.

Жоғарыда аталған құқықтық нормаларды бұза отырып, ұйымдастырушы мемлекеттік қолдау шаралары қолданылатын әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттары арасында емес, жалпы негіздерде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды.

Қызметкерлерге сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар төлеуде Қазақстан Республикасының Үкіметінің 29.08.2001 жылғы № 1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қағидаларына сәйкес жүргізілген.

Аталған Қағиданың 4-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Қызметкерге оның алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде сыйлық берілмейді.

Аудит барысында барысында ұсынылған құжаттарға сәйкес, Алматы обылысының ветеринария басқарма басшысының 19 тамыз 2022 жылғы № 120-н/қ бұйрығымен «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Кеген ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының орынбасары М.Д.Ерсариевке «Ескерту» түріндегі тәртіптік жаза берілген.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 66-бабы 4 тармағына сәйкес, осы Кодексте көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзуды қоспағанда, тәртіптік жаза қолдану мерзімі ол қолданылған күннен бастап алты айдан аспайды.

Өз кезегінде, берілген тәртіптік жазаны алып тастау туралы жұмыс берушінің актісі шығарылмаған.

Алайда, көрсетілген заңнама талаптарына қайшы, Кәсіпорын басшысының 27 желтоқсан 2022 жылғы № 144 ж/қ бұйрығымен аталған қызметкерге 423 270 теңге көлемінде сый ақы негізсіз төленген.

2022 жылдың 09 қарашасында «Ветеринариялық пункттері бар Кеген ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және «ТАУДАРБЕКОВА» ЖК мердігер арасында дизельді жанармай бойынша сатып алу үшін 1 150,0 мың теңгеге № 59 (веб-порталда № 180840029656/220059/00) келісім-шарты жасалған, міндеттемелердің орындалу мерзімі келісімшартқа қол қойған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ішінде деп белгіленген.

Аудит барысында Мекемемен ұсынылған құжаттарға, немесе  сәйкес аталған келісім-шарт бойынша № 220059/00/1 «тауарларды қабылдап алу» акітісіне сәйкес, жоғарыда көрсетілген жұмыстарды Тапсырыс берушіге 2022 жылдың 19 желтоқсанында міндеттемелер 25 күнге кешіктіріліп орындалған.

Аудит барысында Мекеме тарапынан Орындаушыға қатысты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының (әрі қарай - Заң) 43 бабының 24 тармағымен және негізгі келісім шарттың 8.3 тармағымен қаралған шаралар қолданбағандығы немесе тұрақсыздық айыбы өндірілмегендігі анықталған.

Өз кезегінде, Мердігерге есептелінетін тұрақсыздық айыбы (1 150,0 мың теңге *0,1%*15 күн) 28 750 теңгені құрап отыр.

Сонымен қатар, Тапсырыс беруші тарапынан жоғарыда аталған келісім-шарт бойынша аталған тауар жеткізушіге қатысты Заңның 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасымен белгіленген шаралар  қолданбаған немесе өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

№ 51159999-ЗЦП1 «Скоросшиватель» лот бойынша 28.02.2022 жылғы № 180840029656/220007/00, Тапсырыс беруші мен Жеткізуші арасында "Мейрманов" ЖК арасында есептемегенде 6 500 теңге сомаға мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалды.

Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 51-бабының 1-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарын мемлекеттік сатып алуға қатысу осы Заңда көзделген жағдайларда айқындалады.

Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 51-бабының 2-тармағына сәйкес, тауарлар өндіретін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектердің мұқтаждарына арналған тауарларды қоспағанда, тауарларды ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген жалпы қаражат көлемінің кемінде елу пайызы көлемінде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2016 жылғы №1181 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған, тауарлар өндіретін және (немесе) жеткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі сәйкес құжат тігілетін папкалар көрсетілген.

Жоғарыда аталған құқықтық нормаларды бұза отырып, ұйымдастырушы мемлекеттік қолдау шаралары қолданылатын әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттары арасында емес, жалпы негіздерде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды.

  1. «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Қонаев қаласының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнында:

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 мамырындағы № 256 қаулысының 1 тарау 2 тармағының талаптары сақталмай 2021 жылы кәсіпорын директордың бұйрығы шығарылмастан, қызметкерлер Калиакбарова А. – 17,5 мың теңге, Жумагулов Б. – 35,0 мың теңге, Калиев Б.- 11,7 мың теңге, Кертай К. – 11,7 мың теңге, барлығы  75,9 мың теңге іс-сапар шығындары негізсіз төленген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 мамырындағы № 256 қаулысының 1 тарау 2 тармағының талаптары сақталмай 2022 жылы кәсіпорын директордың бұйрығы шығарылмастан, қызметкерлер Калиев Б.- 23,4 мың теңге, Джанбатыров Д. – 12,3 мың теңге, Кертай К. – 9,2 мың теңге барлығы  44,9 мың теңге іс-сапар шығындары негізсіз төленген.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 25 мамырдағы «Орталық, жергілікті мемлекеттік органдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» № 108 өкімінің 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 3 жыл мерзімге кеңсе жиһазын сатып алуға тыйым салынған. Алайда жоғарыда көрсетілген өкім талаптарын бұза отырып, 2021 жылы 2 келісім-шарт негізінде жалпы сомасы 820,0 мың теңгеге кеңсе жиһаздары сатып алынған. 

Яғни, мекеме үнемдеу режимін сақтамаған және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексінің 4 - бабының 9-тармағы-негізділік қағидаты бұзылып, нәтижесінде 820,0 мың теңге сомасында бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкеп соққан.

  1. «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Райымбек  ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында:

2022 жылдың 20 қазаңында «Ветеринариялық пункттері бар Райымбек ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және «РАМАЗАН» ЖК мердігер арасында киім тігу жұмыстары бойынша сатып алу үшін 1 050,0 мың теңгеге № 75 (веб-порталда № 120340017960/220067/00) келісім-шарты жасалған, міндеттемелердің орындалу мерзімі келісімшартқа қол қойған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ішінде деп белгіленген.

Аудит барысында Мекемемен ұсынылған құжаттарға, немесе  сәйкес аталған келісім-шарт бойынша № 220067/00/1 «тауарларды қабылдап алу» акітісіне сәйкес, жоғарыда көрсетілген жұмыстарды Тапсырыс берушіге 2022 жылдың 09 желтоқсанында міндеттемелер 33 күнге кешіктіріліп орындалған.

Аудит барысында Мекеме тарапынан Орындаушыға қатысты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының (әрі қарай - Заң) 43 бабының 24 тармағымен және негізгі келісім шарттың 8.3 тармағымен қаралған шаралар қолданбағандығы немесе тұрақсыздық айыбы өндірілмегендігі анықталған.

Өз кезегінде, Мердігерге есептелінетін тұрақсыздық айыбы (1 050,0 мың теңге *0,1%* 33 күн) 34 650 теңгені құрап отыр.

Сонымен қатар, Тапсырыс беруші тарапынан жоғарыда аталған келісім-шарт бойынша аталған тауар жеткізушіге қатысты Заңның 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасымен белгіленген шаралар  қолданбаған немесе өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV «Мемлекеттік мүлік» туралы Заңының 1 баптың 4) тармағына сәйкес  жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган болып табылады.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 17 бабының 3), 11) және 17) тармақтарына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары: облыстық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады, облыстық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді және облыстық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешім қабылдайды.

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV «Мемлекеттік мүлік» туралы Заңының 17 бабының 3), 11) және 17)  тармақтарының және  Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңының 4 бабының талаптары басшылыққа алынбай, Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган – «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі тарапынан (электрондық мекенжайдан) келіп түскен  біржақты тәртіппен қол қойылған қабылдау тапсыру актісі негізінде баланстық құны 12 880,0 мың теңгені құрайтын Шәлкеде ауылында орналасқан ветеринариялық пункт ғимараты жергілікті атқарушы органның («Алматы облысы әкімінің аппараты») шешімі қабылданбай, 2022 жылдың 26 желтоқсанында Кәсіпорынның 2410 - "Негізгі құралдар" есебіне негізсіз алынғаны анықталды.

1.9. «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Талғар ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынында:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы №185 «Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы»  бұйрығының 5 тарау 21 тармағы басшылыққа алынбай 2022 жылы алынған жалпы соммасы 744,0 мың теңге тұратын негізгі құралдар: сандық камера, смартфон, радиотелефон, ноутбук, көп функциялы смарт терминал, штрих-код сканері 1310 - "Шикізат және материалдар" шотына жатқызылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 мамырындағы № 256 қаулысының 2 тарау 3-тармақ 1,2,3- тармақшаларының талаптары толықтай орындалмаған, атап айтқанда  2022 жылдың сәуір айынан шілде айы аралығында іс – сапар шығындарын өтеуде айлық есептік көрсеткішті дұрыс алмау себебінен 6 (алты) адамға 25,7 мың теңге көлемінде іс-сапар шығындары артық аударылған және артық төленген іс сапар шығындары бюджет есебіне қайтарылуға жатады.

Халықаралық қаржылық есептің стандарттары (IAS) 2" Қорлар", жанар-жағармай материалдарын есепке алу бөлімі,  жүргізушілердің есебінен мұнай өнімдерін есептен шығару бөлімшесіне сәйкес жанар жағармай материалдарын есептен шығаруға жол парағы негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңының 6-бап 3 тармақ 1 тармақшасына сәйкес бухгалтерлiк жазбаларды бастапқы құжаттардың түпнұсқаларына сайма-сай бекiту және бухгалтерлiк жазбаларда барлық операциялар мен оқиғаларды көрсету керек. 2022 жылдың 23 қарашадағы сұраныс негізінде алынған 400 литр жанар жағар май, бастапқы құжат жол парағынсыз есептен шығарылған. 2022 жылғы 23 қарашадағы №29 келісім шарт бойынша алынған жанар жағар майдың бір литр бензиннің бағасы – 182 теңгені құраған.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңының 6-бап 3 тармақ 1 тармақшасының талабы орындалмай, 400 литр жанар жағар май бастапқы құжат жол парағынсыз есептен шығарылған. Негізсіз есептен шығарылған,  бағасы 72,8 мың теңге болатын жанар жағар май соммасы бюджет есебіне қайтарылуға жатады.

  1. «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Ұйғыр ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында:

Ұйғыр ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ветеринариялық станциясы селолық округтеріндегі ветеринарлық  пункттерімен» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 2020 – 2024 жылдарға жасалған ұжымдық келісім шартының 118 тармағында қызметкерге материалдық көмек көрсету үшін негіз болатын ауыр материалдық жағдайлардың нақты тізімі келтірілген.

Аудит барысында 2021 жылы отбасылық жағдайына байланысты жазған өтініші негізінде Кәсіпорынның Үлкен Ақсу ауылдық округі бойынша ветеринарлық пункттің ветеринарлық дәрігері Б.Бахавдиновқа 2021 жылдың 02 желтоқсанындағы № 83 ж/қ буйрығымен 106 470 теңге материалдық көмек ретінде төленгені анықталып отыр, алайда материалдық көмек алушы тарапынан жоғарыда аталған Ережемен белгіленген жағдайларға негіз болатын басқа құжаттар өткізілмеген. Сонымен қатар, 2021 жылдың 01 қарашасындағы № 74 ж/қ бұйрығымен аталған қызметкер әскери міндетін атқару үшін 2021 жылдың 01 қарашасынан атқарып отырған қызметінен босатылғандығы анықталған.

Демек, жоғарыда көрсетілген қызметкерге материалдық көмек ретінде толенген бюджет қаражаттары негізсіз болып табылады.

 2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):

2022 жылға облыстық бюджеттен қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жансыздандыру жұмыстарын жүргізуге 61 180,0 мың тенге бөлінді (2021 жылы 63 161,0 мың тенге бөлінген).

Қонаев қаласы мен 9 ауданда 2022 жылы 16 988 ит пен 117 мысық ауланып оның 2 383 ит пен 15 мысық иелеріне қайтарылды. Ауланған қаңғыбас жануарлар аудандық, қалалық Ветеринариялық станцияларының уақытша ұстауға арналған изоляторларында ұсталады (2021 жылы 32 234 ит пен 8 мысық ауланды, олардың 2 626 ит пен 4 мысық иелеріне қайтарылды. Бұрынғы Алматы облысы 20 ауданымен).

Облыстық денсаулық сақтау мекемелерінің мәліметі бойынша 2022 жылы иттер мен мысықтардан 3 542 адам жарақат алған (2021 жылы 3 360 адам. Бұрынғы Алматы облысы 20 ауданымен).

Облыстық полиция департаментінің ақпараты бойынша Заң талаптарын бұзғаны үшін 2022 жылы 2 381 жануарлардың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 14 млн. теңгеден аса айыппұл салынды (2021 жылы 472 жануар иелеріне 3,4 млн. теңге айыппұл салынды. Бұрынғы Алматы облысы 20 ауданымен).

2022 жылға жануарларды қорғау ұйымдары мен Алматы облыстық полиция департаменті, облыстық білім басқармасы, Алматы облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы және облыстық ветеринария басқармасы мемлекеттік органдары арасында бірлескен жұмыс жоспары бекітіліп, зооқорғаушылармен бірлесіп халыққа жануарларды ұстау, серуендету, оларды ұстау мәдениетін арттыру және жануарларға қатыгездікпен қарау үшін жауапкершілік шаралары мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдарына, телеарналарда 5 сұхбат беріліп, 811 мақалалар беттерінде жарияланып, 133 мыңнан астам жануарлар иелеріне үй жануарларын ұстау және серуендету туралы жадынамалар таратылды (2021 жылы 8 сұхбат, 1 642 мақала жарияланып, 208 мыңнан астам жадынамалар таратылды. Бұрынғы Алматы облысы 20 ауданымен).

«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасына 2022 жылға 148,8 теңге бөлінді  (2021 жылы 255,6 млн. теңге бұрынғы Алматы облысы 20 ауданымен).

2022 жылы МІҚ – 231 871 бас, ҰММ - 1 131 338 бас, жылқы – 74 079 бас, түйе - 1 279 бас, шошқа – 40 826 бас (2021 жылы МІҚ – 394 172 бас, ҰММ - 1 641 170 бас, жылқы – 95 785 бас  түйе - 1 503 бас, шошқа - 69 101 бас. Бұрынғы Алматы облысы 20 ауданымен) ауыл шаруашылық жануарларының төлдері бірдейлендіріліп, ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру дерекқор базасына (ИСЖ) еңгізілді.

2021 жылы бұрынғы Алматы облысы бойынша (20 аудан) ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың аса қауіпті ауруларының 19 түрі бойынша алдын алу іс-шаралары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы №16-07/332 бұйрығына сәйкес жоспарланып, жылдық көрсеткіші 100%-ға орындалды. (33 457 127 манипуляция жүргізілді).

Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 3 507,2 млн. теңге бөлініп, толық игерілді. 

Бекітілген диагностикалық зерттеу жоспарына сәйкес, 1 330 480 бас мүйізді ірі қара малынан алынған қан сынамаларын зерттеу нәтижесінде 974-і бруцеллез ауруына оң нәтиже көрсетті. 4 193 783 бас ҰММ-дан алынған қан сынамаларын зерттеу нәтижесінде 943-і  бруцеллез ауруына оң нәтиже көрсетті. Облыс бойынша 2020 жылмен салыстырғанда бруцеллезге шалдыққан мүйізді ірі қара мал 80 басқа, ұсақ мүйізді мал 819 басқа азайды. Ауру жануарлар ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес, санитариялық союға өткізілді.

2021 жылы жануарлардың аса қауіпті ауруларының 17 қолайсыз ошағы тіркелді. оның ішінде:

мүйізді ірі қараның пастереллезі 1 ошақ,

мүйізді ірі қараның бруцеллезі 2 ошақ,

мүйізді ірі қараның қарасаны 4 ошақ,

мүйізді ірі қараның листериозы 1 ошақ,

мүйізді ірі қараның қатерлі ісігі 4 ошақ,

ұсақ мүйізді малдың брадзоты 2 ошақ,

ұсақ мүйізді малдың анаэробты энтеротоксемиясы 1 ошақ,

ұсақ мүйізді малдың бруцеллезі 2 ошақ.

Барлық ошақтар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мекемесі арқылы республикалық бюджет есебінен толық сауықтырылды (лабораториялық зерттеу, дезинфекциялау және егу жұмыстары).

Бруцеллезге оң нәтиже көрсеткен 805 бас мүйізді ірі қара мен 864 бас ұсақ мүйізді мал иелеріне (жануарлардың нарықтық құнының 30 пайызы мөлшерінде) өтемақы төлеу мақсатында облыстық бюджеттен 91,0 млн. теңге төленді.

Ветеринариялық препараттарды уақытша сақтау орындарына дейін тасымалдауға 8,6 млн. теңге қаржы бөлініп, толық игерілді. Осы қаржы көлемінде 33 457 127 доза ветеринариялық препараттар Алматы қаласы мен Қарасай  ауданындағы франкоскладтан уақытша сақтау орындарына (аудандардағы, қалалардағы ветеринариялық станциялар) жеткізілді.

Жануарлардың энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды қолдануға 12,7 млн. теңге бөлініп, 101 955 бас жылқы сақауға қарсы және 7 880 бас бие сальмонеллезді іш тастауға қарсы егілді.

Жануарлардың энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды сатып алуға 50,5 млн. теңге бөлініп, 101 955 бас жылқы сақауына қарсы және 7 880 бас биеге сальмонеллезді іш тастауға қарсы вакцина сатып алынды.

2022 жылы Алматы облысы бойынша (10 аудан) ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың аса қауіпті ауруларының 19 түрі бойынша алдын алу іс-шаралары жоспарланып, жылдық көрсеткіші 100%-ға орындалды. (16  995 687 манипуляция жүргізілді).

Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге  2 318,9 млн. теңге бөлініп, толық игерілді. 

Бекітілген диагностикалық зерттеу жоспарына сәйкес, 757 122 бас мүйізді ірі қара малынан алынған қан сынамалары зерттеліп, 333-і бруцеллез ауруына оң нәтиже көрсетті. 2 331 162 бас ҰММ-дан алынған қан сынамаларын зерттеу нәтижесінде 388-і бруцеллез ауруына оң нәтиже көрсетті. Облыс бойынша 2021 жылмен салыстырғанда бруцеллезге шалдыққан мүйізді ірі қара мал  317 басқа, ұсақ мүйізді мал 110 басқа азайды. Ауру жануарлар ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес, санитариялық союға өткізілді.

2022 жылы жануарлардың аса қауіпті ауруларының 7 қолайсыз ошағы тіркелді, оның ішінде:

мүйізді ірі қараның пастереллезі 1 ошақ,

мүйізді ірі қараның бруцеллезі 3 ошақ,

мүйізді ірі қараның қарасаны 2 ошақ,

мүйізді ірі қараның лептоспирозы 1 ошақ.

Барлық ошақтар толық сауықтырылды (лабораториялық зерттеу, дезинфекциялау және егу жұмыстары).

Бруцеллезге оң нәтиже көрсеткен 280 бас мүйізді ірі қара мен 358 бас ұсақ мүйізді мал иелеріне (жануарлардың нарықтық құнының 30 пайызы мөлшерінде) өтемақы төлеу мақсатында облыстық бюджеттен 38,9 млн. теңге төленді.

Ветеринариялық препараттарды уақытша сақтау орындарына дейін тасымалдауға 7,6 млн. теңге бөлінді. Осы қаржы көлемінде 16 995 687 доза ветеринариялық препараттар Алматы қаласы мен Қарасай  ауданындағы франкоскладтан уақытша сақтау орындарына (аудандардағы, қалалардағы ветеринариялық станциялар) жеткізілді.

Жануарлардың энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды қолдануға 7,2 млн. теңге бөлініп, 55 540 бас жылқы сақауға қарсы егілді.

Жануарлардың энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды сатып алуға 17,5 млн. теңге бөлініп, 55 540 бас жылқы сақауына қарсы вакцина сатып алынды.

III. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі бойынша бюджет есебіне жалпы сомасы 531,6 мың теңге өндірілді, сонымен қатар:

- «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Балқаш ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бойынша бюджет есебіне жалпы сомасы 128,0 мың теңге өндірілді;

- «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Жамбыл ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бойынша бюджет есебіне жалпы сомасы 121,4 мың теңге өндірілді;

- «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Іле ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бойынша бюджет есебіне жалпы сомасы 627,1 мың теңге өндірілді;

- «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Қарасай ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бойынша бюджет есебіне жалпы сомасы 138,2 мың теңге өндірілді;

- «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Кеген ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бойынша бюджет есебіне жалпы сомасы 462,7 мың теңге өндірілді;

- «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Райымбек ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бойынша бюджет есебіне жалпы сомасы 34,7 мың теңге өндірілді;

- «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Талғар ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бойынша бюджет есебіне жалпы сомасы 98,5 мың теңге өндірілді;

1.9. «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Ұйғыр ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бойынша бюджет есебіне жалпы сомасы 106,5 мың теңге өндірілді;

1.10. «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Қонаев қаласының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бойынша бюджет есебіне жалпы сомасы 120,8 мың теңге өндірілді.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабының 10 тармағына және 238 бабына сәйкес 4 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартуға 4 материал жолданып, Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде қаралуда.

- «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Балқаш ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының кадр жөніндегі маман К. Есенбаеваға 19.01.2023 жылғы №05 н/қ бұйрығы негізінде ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды;

- «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Жамбыл  ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас есепшісі Ж. Тойлыбаевнаға 13.01.2023 жылғы №22-ж/қ бұйрығы негізінде сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

- «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Іле ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас есепшісі С. Ыдырысқызына 13.01.2023 жылғы №19 ж/қ бұйрығы негізінде ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды;

- «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Қарасай ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас есепшісі М. Бакбергеноваға 31.01.2023 жылғы №8 ж/қ бұйрығы негізінде және кадр маманы Ә. Жеңісоваға 31.01.2023 жылғы №7 ж/қ бұйрығы негізінде ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды;

- «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Кеген ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының есепшісі М. Муслимоваға 13.01.2023 жылғы №1 ж/қ бұйрығы негізінде ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды;

- «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Райымбек ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас есепшісі Н. Байбосыноваға 31.01.2023 жылғы №27 ж/қ бұйрығы негізінде ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды;

- «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Талғар ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының есепшісі Л. Керейкуловаға 19.01.2023 жылғы №17 н/қ бұйрығы негізінде ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды;

- «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Қонаев қаласының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының есепшісі А. Әбдіқалықоваға 13.01.2023 жылғы №1-13/02 н/қ бұйрығы негізінде ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

1. Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша жалпы сомасы 5 285 467,8 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде: 37 219,9 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 820,0 мың теңге тиімсіз пайдаланған бюджет қаражаты және 10 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

2. Анықталған бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңы, Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырындағы № 256 қаулысы,  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010  жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  біріңғай қағидалары талаптарының сақталмауынан орын алған.

3. Бюджет қаражатын пайдалану кезінде тиімділік және нәтижелілік принциптерінің сақталмауы салдарынын бюджет қаражатының тиімсіз пайдалануына жол берілген.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

«Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен ведомствалық бағыныстағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорндарында жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

1. Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен ведомствалық бағыныстағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорндарында жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігі аудитінің нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралуын.

2. Мемлекеттік аудит объектісі басшымен бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрын жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында жергілікті бюджет есебіне өндірілген 1 753,1 мың теңге назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін жұмыстар жүргізілуін.

3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар  мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.

 

 

Тексеру комиссиясының мүшесі Ж. Үсенбаев

 

Аудит жүргізуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы  Н. Қалқаев

 

Сапа бақылауына жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы С.Елубаева

 

Құқықтық сүйемелдеуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы Ғ.Күмісбеков 

 

Аудит тобының жетекшісі                                             С. Елубаева

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ