Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Уйгурский район

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 28.03.2024
Просмотры: 1024 Печать страницы

 

 
 

 

 

 

 

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

Ұйғыр ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арна  ауылы  2024 жыл

 

Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы М. Мұсаевқа

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлім

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Ұйғыр ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Ұйғыр ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудит объектілері:

1. «Ұйғыр аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі;

2. «Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

3. «Ұйғыр ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

4. «Ұйғыр аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

5. «Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

6. «Ұйғыр ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

7. «Ұйғыр ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

8. «Ұйғыр ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ «Ұйғыр ауданының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

9. «Ұйғыр ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ «Ұйғыр ауданының Әл-Фараби атындағы аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

10. «Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

11. «Ұйғыр ауданының Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

  1. . «Ұйғыр ауданының Кетпен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

13. «Ұйғыр ауданының Кіші Дихан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

14. «Ұйғыр ауданының Бахар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

15. «Ұйғыр ауданының Тиірмен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

16. «Ұйғыр ауданының Ақтам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

17. «Ұйғыр ауданының Үлкен Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

18. «Ұйғыр ауданының Дардамты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2022 жылдың  31 желтоқсан аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау

Аудан тұрғындарының негізгі тіршілігі ауылшаруашылық өндірісімен байланысты. Аталған сала бойынша өндірілген өнімдердің жалпы құны 39,8 миллиард теңгені құрады. Өткен жылы 22504 гектар жерге ауылшаруашылық дақылдары егіліп, 14436 гектар дәнді дақылдардан 87489 тонна өнім алынды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда дәнді дақылдардан 4139 тонна, көкөністен 1928 тонна, картоптан 75 тонна өнім артық жиналды.

Шарын өңіріндегі бақ көлемі 4098 гектарға жетті. Өткен жылы 464 гектар жерге жаңадан бақ отырғызылып, алма, шабдалы, сарыөрік пен қараөрік сияқты жеміс бақтарының көлемі көбейді. Тамшылатып суару әдісі 560 гектар бақ алқабында қолданылады. Оның ішінде «Шабдалы» серіктестігі 200 гектарда осы әдісті қолданды. Есепті мерзімде өңір шаруалары 20 трактор мен 10 әртүрлі ауылшаруашылық техникасын жалпы 175 миллион 236 мың теңгеге сатып алыпты.

Қарадала аймағында соңғы жылдары мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бүгінгі таңда өңірде 207281 бас қой-ешкі, 68834 бас ірі қара, 15 мыңнан астам жылқы, 863801 құс жайлы қыстатылуда. Есепті мерзімде 61 тонна ірі қара еті экспортталған.

Өткен жылы өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 3 миллиард 874 миллион теңгені қамтыды. Үстіміздегі жылы өндіріс көлемін 8,5 миллиард теңгеге жеткізу немесе өткен жылмен салыстырғанда 223,5 пайыз өсіру жоспарланған. Бұл мақсатқа қол жеткізуге «ОТАН Грин Фуд» құс фабрикасының өңдеген өнімдері негіз болмақ.

Өңірде әлеуметтік құрылыс салу қарқыны артып келеді. Өткен жылы 6,6 миллиард теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа 6700 шаршыметр тұрғын үй берілді. Үстіміздегі жылға бір 60 пәтерлі тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, тағы осындай 60 пәтерлі тұрғын үйдің құжаттары дайындалуда.

Аудан бюджетіне құйылатын қаржының басым бөлігі табиғи ескерткіштер мен ыстық су көздеріндегі нысандарға келетін ішкі саяхатшылардан түседі. Бүгінгі күнде «Арасан» ыстық су көздеріндегі 53 демалыс орны мен Шарын шатқалы, «Горный» тау лагері жұмыс жасап, 62500 келушіге 310,5 миллион теңгенің туристік қызметін көрсеткен.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері

Аудит нәтижелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады:

Ұйғыр ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 9 348 989,0 мың теңге қамтылды және жалпы сомасы 427 343,4 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

- 205 351,8 мың теңге бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бұзушылықтар (оның 3 630,9 мың теңгесі өтелуге, 201 720,9 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады);

- 163 809,0 мың теңге активтерді тиімсіз жоспарлаулар, 58 182,6 мың теңге тиімсіз пайдаланулар.

Осылармен қатар 8 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

1. «Ұйғыр аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1 тармақ.  «Ұйғыр ауданының 2022-2024 жылдырға арналған бюджеттері туралы» Ұйғыр аудандық мәслихатының 2022 жылғы тоғызыншы  желтоқсандағы №7-32-151 шешіміне өзгерістер енгізу туралы  Ұйғыр аудандық мәслихатының әкімінің аппаратына 2022 жылға шілде қараша айлары аралығында қазынашылық басқармасымен берілетін 4-20 формасында 003/015/413 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 015/413  көлік құралдарын сатып алуға бөлінген қаражатты пайдаланудың дұрыстығы бағдарламасы  бойынша жалпы соммасы 12 650.0 мың теңге бөлінген, жыл қортындысы бойынша игерілгені 780,0 мың теңге, яғни 12 650.0 -780,0 = 11 870,0 мың теңге бөлінген қаражат 2022 жылдың қараша айына дейін игерілмеген, осы жағдай  Бюджет кодексінің 4 бабының 9 тармақшасына сәйкес негізділік принципі және 12 тармақшасы тиімділік қағидаты – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқарылуы жүзеге асырылмаған. 2022 жылға бөлінген 11870,0  мың теңге тиімсіз жоспарланған.

2. «Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1 тармақ. Мекемемен ұсынылған бюджеттік өтінімдерге сәйкес, 2022 жылға аудан бойынша ауылдық округтер әкімдеріне қызметтік автокөлік сатып алу үшін 91000,0 мың теңге сұратылған. Есепті жыл басында аталған бағдарлама бойынша 41000,0 мың теңге қаралған, оның ішінде 39000,0 мың теңгесі аудан бойынша ауылдық округтер әкімдеріне қызметтік автокөлік сатып алуға бөлінген. Осы жылдың қазанында мемлекеттік сатып алу жүргізіліп, қорытындысы бойынша ешкім қатыспауына байланысты өткізілмеген деп танылған. Нәтижесінде Мекемемен жыл бойын қаржыландыру жоспарына енгізілген өзгерістер мен толықтауларға сәйкес, аталған сома жыл бойы игерілмей, жыл аяғында бюджет есебіне қайтарылған, немесе ауылдық округ әкімдерін автокөліктермен қамтамасыз ету жоспары бойынша түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмеген. Бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабы 12) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік қағидатының сақталмағанды, яғни бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару шаралары атқарылмағандығы болып табылады.

Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану. Демек, 2022 жылға жоспарланып берілген 39000,0 мың теңге қаражаты тиімсіз жоспарланған болып табылады.

2 тармақ. Аудитке ұсынылған құжаттарға сәйкес, 2023 жылдың қараша айына жасалған бюджеттік өтініміне және қосымшаларына сәйкес 001 «Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша шығындарға барлығы 22400,0 мың теңге қажет болған, оның ішінде: 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша мұрағаттық құжаттарды өңдеуге 2000,0 мың теңге, Шарын өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге 10000,0 мың теңге, 161 «Ел iшiндегi iссапарлар мен қызметтiк сапарлар» ерекшелігі бойынша қызметкерлердің іс-сапар шығындарына 3000,0 мың теңге, 144 «Отын, жанар-жағар май материалдарын сатып алу» ерекшелігі бойынша от жағу кезеңіне сұйық отын сатып алуға 7400,0 мың теңге қажет болған.

Алайда, мекемемен аудитке ұсынылған қазынашылық басқармасының 4-20 нысанындағы шығындар бойынша жиынтық есепке сәйкес, жоғарыда көрсетілген шығындарға жоспарланған қаражаттардың 526,0 мың теңгесі 112 «Қосымша ақшалай төлемдер» ерекшелігіне қаралып, оның 422,2 мың теңгесі қызметкерлерге сый ақы ретінде төленген.

Ал, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеу туралы» бірыңғай Ережесінің 13-тармағына сәйкес, сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу шығыстардың мынадай түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады. Демек, қызметкерлерге сый ақы ретінде жоғарыда аталған қаражаттарды төлеу негізсіз болып табылады және тиісті тұлғалардан жергілікті бюджет есебіне қайтарылуға жатады.

3 тармақ. «Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен аудитке ұсынылған салықтар бойынша жеке шоттардағы мәліметтерді қарау барысында 2022 жыл қорытындысы бойынша Мекеме бойынша төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталынатын жеке табыс салығы бойынша 2 718,5 мың теңге және әлеуметтік салық бойынша 3 517,4 мың теңге көлемінде артық төленгені, немесе барлығы 6 235,9 мың теңге көлемінде дебиторлық қарыздар қалыптасқаны анықталды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидаларының 15-тармағымен мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау үшін толық және нақты ақпаратпен мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етуі тиіс екендігі белгіленген.

Алайда, аудитке ұсынылған жылдық есептілікте (бухгалтерлік баланс) аудит барысында анықталған дебиторлық берешектер көрсетілмеген немесе бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру фактісі орын алған.

(Аудит барысында бухалтерлік анықтамамен 6235,9 мың тенге қалпына келтірілді. және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің  238-бабы негізінде  аудит объектісінің басшысына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша шара қолдануға, Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне хат   жолданды). Сонымен қатар 422,2 мың тенге бюджетке өндірілуге жатады.

3. «Ұйғыр ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1 тармақ. «Ұйғыр ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен аудитке ұсынылған салықтар бойынша жеке шоттардағы мәліметтерді қарау барысында 2022 жылы қорытындысы бойынша мекемеде әлеуметтік салық бойынша код (103101) 252,5 мың теңге  дебиторлық қарыздар қалыптасқаны анықталды. Алайда, аудитке ұсынылған жылдық есептілікте (бухгалтерлік баланс) аудит барысында анықталған дебиторлық берешектер көрсетілмеген немесе бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру фактісі орын алған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен 114, 115 және 118-тармақтарының және  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығының 9 тармағының талаптарына қайшы.

 (Аудит барысында бухалтерлік анықтамамен 252,5 мың тенге қалпына келтірілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің  238-бабы негізінде  аудит объектісінің басшысына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша шара қолдануға Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне хат   жолданды).

4. «Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1-Тармақ: Аудитке ұсынылған салықтар бойынша жеке шоттардағы мәліметтерді қарау барысында 2022 жыл қорытындысы бойынша Мекеме бойынша төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталынатын жеке табыс салығы бойынша 376 817 теңге және әлеуметтік салық бойынша                    127 622 теңге көлемінде артық төленгені, немесе барлығы 504,4 мың теңге көлемінде дебиторлық берешектер қалыптасқаны анықталды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы             № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидаларының 15-тармағымен мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау үшін толық және нақты ақпаратпен мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етуі тиіс екендігі белгіленген.

Алайда, аудитке ұсынылған жылдық есептілікте (бухгалтерлік баланс) аудит барысында анықталған берешектер көрсетілмеген немесе бухгалтерлік есепте көрсетілуге жататын деректердi жасыру фактісі орын алған.

(Аудит барысында бухалтерлік анықтамамен 504,4 мың тенге  қалпына келтірілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің  238-бабы негізінде аудит объектісінің басшысына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша шара қолдануға Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне хат   жолданды).

5. «Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1-тармақ. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 24-тармағында көзделген орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде 21,5 мың теңге (498,0*43) мөлшерінде тұрақсыздық айыбы есептелмеген.

2-тармақ. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 12-бабы 4-тармағының 3-тармақшасының талаптары орындалмаған, мекеме «Гүл Бахрам» ЖК-ін мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны үшін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген (рәсімдік бұзушылық).

3-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 236,243-тармағының және ҚР ҚМ 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттары Жоспарының» 16-тармағының талаптары сақталмай, «Hyndai Elantra» маркалы сатып алынған автокөлік құралы 10 400,0 мың теңге баланстық құнымен мекеменің балансына қабылданбаған.

 (Аудит барысында 21,5 тенге тұрақсыз айыбыб юджетке өндірілді, бухалтерлік анықтамамен 10400,0 тенге қалпына келтірілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің  238-бабы негізінде және Кодекстің 207 бабы негізінде аудит объектісінің басшысына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша шара қолдануға Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне хат   жолданды).

6. «Ұйғыр ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1-тармақ: 01.01.2023 жылдың бухгалтерлік балансында 014 код жолында «Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар» есепті басында және есепті аяғында 165 000,0 мың теңге бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру себептерімен 2022 жылдағы қаржылық есептілікті бұрмалау жағдайына әкеп соққан. Аталған бұзушылық Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 01.08.2017 жылғы №468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілікті жасау мен ұсынудың нысандары мен қағидаларын бекіту туралы» 27,28-тармақтарының талаптарының сақталмауынан орын алған.

2-тармақ: Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 10 бабы 4 тармағы сақталмай Алматы облысы әкімдігінің жылжымайтын мүлік нысандарын Ұйғыр ауданының меншігінен облыстың коммуналдық меншігіне қабылдап алу туралы 2021 жылғы 17 маусымдағы №222 қаулысы өз мезгілінде орындалмай, аудан бойынша барлығы 12 нысан жалпы құны 193 298,6  мың теңге тек 01.06.2023 жылы  Алматы облыстық полиция департаментіне өткізіліп берілген (рәсімдік бұзушылық).

3–тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 14 тармағы сақталмай мекеме бас мамандары (есепші) ауысқан кезеңде, мекеме басшысының өткізіп қабылдау туралы бұйрығы болмаған,бухгалтерлік құжаттары қабылданып алынбаған (рәсімдік бұзушылық).

4-тармақ: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 - тармағы және кешіктірілген әрбір күн үшін 18.03.2021 жылы №10 келісім шарттың №1 қосымшасы талабы, 8 бап 8.3 тармағы  орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде  тұрақсыздық айыбы бюджет есебіне аударылмаған.

 Алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде кешіктірген  үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 пайызында   1 453,6 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілуге жатады.

5-тармақ: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242-II «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60 бабының 1 тармағы толықтай орындалмай  1 дана қоқыс контейнері құны 88,7 мың теңге және көгалдандыруға отызырылған 41 дана терек ағаштары құны 191,4 мың теңге, барлығы 280,1 мың теңгеге кем болғаны анықталды.

6-тармақ: Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджеттік Кодексінің 4 бабы, 12 тармағы орындалмай, жалпы 15 072,9 мың теңгеге тиімділік қағидаты – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген.

(Аудит барысында 165 000,0 мың теңге бухгалтерлiк анықтамамен қалпына келтірілді және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің  238-бабы негізінде аудит объектісінің басшысына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша шара қолдануға Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне хат   жолданды). Сонымен қатар 280,1 мың теңге қалпына келтіруге, 1453,6 мың тенге бюджетке өндірілуге жатады).

7. «Ұйғыр ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1 тармақ. «Ұйғыр ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттері туралы» Ұйғыр аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 желтоқсандағы №7-35-162 шешімімен "Ұйғыр ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жыл басынан жоспарланып, берілген қаражат 2023 жылға қаңтар айымен мамыр айлары аралығында қазынашылық басқармасымен берілетін 4-20 формасында  018 «Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру» 015 жергілікті бюджет  бағдарламасы  бойынша жалпы соммасы 100000,0 мың теңге бөлінген, жыл қортындысы бойынша 2023 жылдың сәуір айына дейін бағдарлама бойынша қаражат жұмсалынбаған. Бөлінген қаражаты Бюджет кодексінің 4 бабының 9 тармақшасына сәйкес негізділік принципі және 12 тармақшасы тиімділік қағидаты – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқарылуы жүзеге асырылмаған.

Ұйғыр ауданы маслихатының 2022 жылдың 25 желтоқсандағы  №7-35-162  шешіміне  2023 жылдың 15 мамырындағы № 8-3-24 нақтыланған шешімі.

2023 жылға бөлінген 100000,0  мың теңге тиімсіз жоспарланған және  бюджет қаражаты тиімді пайдаланылмаған. Бұл Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 3 бабының 14-2) тармағы бойынша  бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану сәйкес келмейтін бюджет қаражаттарының жұмсалуына әкелген.

2 тармақ. «Ұйғыр ауданының 2022-2024 жылдырға арналған бюджеттері туралы» Ұйғыр аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №7-18-89 шешіміне өзгерістер енгізу туралы  "Ұйғыр ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне 2023 жылға мамыр қараша айлары аралығында қазынашылық басқармасымен берілетін 4-20 формасында  023 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» 015 жергілікті бюджет  бағдарламасы  бойынша жалпы соммасы 7000,0 мың теңге бөлінген, жыл қортындысы бойынша игерілгені 2000,0 мың теңге, яғни 7000,0-2000,0 = 5000,0 мың теңге бөлінген қаражаты Бюджет кодексінің 4 бабының 9 тармақшасына сәйкес негізділік принципі және 12 тармақшасы тиімділік қағидаты – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқарылуы жүзеге асырылмаған.

Ұйғыр ауданы маслихатының 2021 жылдың 29 желтоқсандағы  №7-18-89 шешіміне  2022 жылдың 14 желтоқсандағы 12-49  нақтыланған шешімі. Яғни, жоғары аталған сомалар тиімсіз жоспарланған және  бюджет қаражаты тиімді пайдаланылмаған. Бұл Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 3 бабының 14-2) тармағы бойынша  бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану сәйкес келмейтін бюджет қаражаттарының жұмсалуына әкелген. (мекеменің бас маманы А.Муканованың  түсініктемеслері, дәлелдеме құжаттар 1-парақта, №4 қосымша аудиторлық есепке  қоса тіркелді).

 3 тармақ. "Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылындағы кәріз жүйесін қайта жаңарту мен құрылысы" объектісінің жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеуге «Талдыкорган Геодезия кварц» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 2021 жылдың 26 қарашасында №36 келісім шарт жалпы соммасы 13 036,0 мың теңгеге жасалынып, 2021 жылы 2699,0 мың теңгесі игерілген. 2023 жылға 10 337,0 мың теңге қарастырылған, алайда жобаны әзірлеуші мердігер өзіне алған міндеттемелерін уақытылы орындамағандықтан жобалау жұмыстары аяқталынбай бөлінген қаржы бюджетке қайтарылған. 2021 жылдың 26 қарашасындағы №36 келісім шарты және 2022 жылдың 30 желтоқсанында №1 қосымша келісім шарт бойынша жұмыстардың аяқталуы мерзімі 8 ай деп белгіліенген, яғни 2023 жылдың 30 тамызына дейінгі мерзімді білдіреді. Бұл жағдайда қосымша келісім түзгеннен кейінгі кешіктірілген уақыт (2023 жылдың 30 тамызынан 31 желтоқсанына дейін) 122 күнді құрап отыр.

Орындаушы мердігермен өткізілген «Орындалған жұмыстар туралы» электрондық актілерге сәйкес, келісім-шартпен белгіленген мерзімде 2699,0 мың теңге көлеміндегі жұмыстар атқарылған, мерзімнен кейін кешіктіріліп орындалған жұмыстардың сомасы 10337,0 мың теңгені құрап отыр.

Аталған келісім-шарттың 7.3. тармағына сәйкес, тауарды жеткізу мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады).

Сонымен, тұрақсыздық айыппұл сомасы (10337,0 теңге*0,1%*122 күн) 1260,8 мың теңгені құрап отыр.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 12-бабы, 4-тармағы, 3) тармақшасына сәйкес, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда, тапсырыс беруші өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей мұндай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге міндетті.

Алайда Кәсіпорын тарапынан «Геодезия Кварц» ЖШС-не қатысты жоғарыда аталған тиісті шаралар қолданылмаған.

(Жауапты тұлғаның түсініктемесі, келісім-шарт, қосымша келісім,  жұмыстардың атқарылуы туралы актілер, жеке куәліктің, көшірмелері аудиторлық есепке тіркелді. 5 – қосымша, 23 бетте).

   4 тармақ - «Ұйғыр ауданының 2022-2024 жылдырға арналған бюджеттері туралы» Ұйғыр аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №7-18-89 шешіміне өзгерістер енгізу туралы  "Ұйғыр ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне 2022 жылға шілде қараша айлары аралығында қазынашылық басқармасымен берілетін 4-20 формасында  029 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» 028 облыстық бюджет  бағдарламасы  бойынша жалпы соммасы 143657,0 мың теңге бөлінген, жыл қортындысы бойынша игерілгені 100828,0 мың теңге, яғни 143657,0-100828,0 = 42829,0 мың теңге бөлінген қаражаты Бюджет кодексінің 4 бабының 9 тармақшасына сәйкес негізділік принципі және 12 тармақшасы тиімділік қағидаты – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқарылуы жүзеге асырылмаған.

Ұйғыр ауданы маслихатының 2021 жылдың 29 желтоқсандағы  №7-18-89 шешіміне  2022 жылдың 14 желтоқсандағы 12-49  нақтыланған шешімі.

2022 жылға бөлінген 42829,0  мың теңге тиімсіз жоспарланған және  бюджет қаражаты тиімді пайдаланылмаған. Бұл Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 3 бабының 14-2) тармағы бойынша  бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану сәйкес келмейтін бюджет қаражаттарының жұмсалуына әкелген. (мекеменің бас маманы А.Муканованың  2024 жылдың 08 ақпандағы түсініктемелері, дәлелдеме құжаттар 5-парақта, №4 қосымша аудиторлық есепке  қоса тіркелді).( қосымша №6 дәлелдеме құжаттар 1 парақта, А.Муканованың түсініктемесі.)

 5 тармақ. «Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы ауылындағы көше жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу»нысанына 2023 жылы 49307,0 мың теңгеге 2023 жылдың 05 мамырында «Дизайн Центр Диполь» ЖШС-мен № 130940013852/230010/00  келісім шарт жасалынған. Нағыз келісім шарттың 4.1-тармақшасы негізінде өнім беруші шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ағымдағы қаржы түріндегі шарт сомасының үш пайызы мөлшерінде енгізуге міндетті:

-әлеуетті өнім берушінің электондық әмиянындағы ақша;немесе:Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 38-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында ұсынылатын банк кепілдігі. Бұл ретте шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын Орындаушы Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін енгізбеуі мүмкін;

Өнім беруші 15.05.2023 жылғы MG-02-279-2016/24 Нұр-Сұлтан қ-сы, Достық к-сі, 8/1 15.05.2023 ж. банктік кепілдік түрінде 7043,8 мың теңге сомасына, 2023 жылдың 20 қыркуйегіндегі № МG-02-279-2016/30 Нұр-Сұлтан қ-сы, Достық к-сі, 8/1 20.09.2023 ж. банктік кепілдік түрінде 1479,2 мың теңге сомасына,№ MG-02-279-2016/23 Нұр-Сұлтан қ-сы, Достық к-сі, 8/1 15.05.2023 ж. банктік кепілдік түрінде 946,7 мың теңге сомасына, Жалпы мердігер 9469,7 мың теңгеге кепілдік сомасын енгізген.

 Жұмыстың аяқталу мерзімі 2023 жылдың 30 қарашасы болып белгіленген. «Дизайн Центр Диполь»ЖШС-і мердігер келісім шарт негізінде өзіне алған міндеттемелерді толық қанды толық және мерзімінде орындап нысан 2023 жылдың 30.11.2023 жылы толығымен орындаған. Алайда, тапсырыс берушінің Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру қағидаларын бұза отырып, жалпы сомасы 9469,7 теңге болатын банктік кепілдіктер жұмыстарды қабылдағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде банктік кепілдікті қайтару/жою рәсімі жүргізілмеген. Бұл кемшілік Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 43-бабы, 12-тармағының талабына қарсы келеді. (мекеме бас маманы А.Муканованың  тұсініктемесі, келісім шартар, банктік кемілдеменің қайтарылу құжаттары көшірмесі дәлелдеме құжаттар 19 -парақта, №7 қосымша аудиторлық есепке  қоса тіркелді).

"Ұйғыр ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің теңгеріменде авторлық және техникалық қадағалауды қосқандағы  құны 757454,4  мың теңгеге "Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шарын ауылындағы су құбыры жүйесін қайта қалпына келтіру құрылыс жұмыстары жүргізіліп 2019 жылдың 27 желтоқсанда орындалған жұмыстарды қабылдап алу актісі мен қабылданып алынған.2023 жылдың 23 маусымында №194 Ұйғыр ауданы әкімінің қаулысы негізінде қабылдап –өткізіп беру актісімен Ұйғыр ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ұйғыр ауданының су құбыры" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының теңгеріміне берілген.

Осыған ұқсас, "Алматы облысы Ұйғыр ауданы Үлкен-Ақсу ауылындағы су құбыры жүйесін қайта қалпына келтіру құрылыс жұмыстары жүргізіліп 2021 жылдың 31 тамызында орындалған жұмыстарды қабылдап алу актісі мен қабылданып алынған. Ұйғыр ауданы әкімінің  №149 қаулысы негізінде 2023 жылдың 1 маусымында авторлық және техникалық қадағалауды қосқандағы  құны 465630,0 мың теңгені  құрайтын құрылыс нысаны қабылдап –өткізіп беру актісімен Ұйғыр ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ұйғыр ауданының су құбыры" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының теңгеріміне өткізілген.

(Аудит барысында Мекемемен соттың атқару парағымен 1260,8 мың теңге сот орындаушыға жіберілген сонымен қатар жауапты тұлғаның жаупкершілігі қаралды).

8. «Ұйғыр ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ұйғыр ауданының әл-Фараби атындағы аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі«Ұйғыр ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ұйғыр ауданының әл-Фараби атындағы аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы             3 тамыздағы «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» №393 Бұйрығының 4, 15 тармақтарының, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы                               1 тамыздағы №468 бұйрығының 3 тарау 25 тармағының талаптары сақталмай 2023 жылдың 01 қаңтарындағы қаржылық есептілігінің ҚЕ-1 нысаны бойынша есепті кезеңнің бухгалтерлік балансында мекеменің төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша 144,2 мың теңге және әлеуметтік салық бойынша 575,0 мың теңге сомасына дебиторлық берешек көрсетілмеген. Бұл қаржылық  есептіліктің бұрмалануына алып келген. 2024 жылғы 25 қаңтардағы бухгалтерлік анықтамамен 2022 жылға 719,2 мың теңге сомасына тиісті бухгалтерлік жазбалар мен түзетулер жүргізілді.

(Аудит барысында бухалтерлік анықтамамен 719,2 мың тенге қалпына келтірілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің  238-бабы негізінде аудит объектісінің басшысына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша шара қолдануға Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне хат   жолданды).

9. «Ұйғыр ауданының  Сүмбе  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1-тармақ. 2023 жылы Сүмбе ауылдық окрігі аппаратының бас маманы Ұлдақанов.Е. «қызметтік жазбамен» 02 қазанынан 04 қазан аралығында қызмет бабымен әскери міндеттелерді Алматы қаласына жұмыс істейтін және уақытша тұратын шақырушылардың ісдестіру жұмысын жүргізу үшін 3 (үш) күнге іссапарға барған, бірәқта мекеме басшысының (әкім) бұйрығы болмады, бақылау барысында негізсіз төленген іс-сапар шығыны 55,2 мың теңгеге  анықталды.

Мемлекеттік мекемеде іс-сапар шығындарын өтеулер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 22 қыркүйегіндегі №1428 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы аумағында іссапар ережесін бекіту туралы» (кейінгі толықтырулар мен өзгертулер енгізілген),   талабының 2 тармағы  сақталмаған.

(Аудит барысында егізсіз төленген іс-сапар шығыстары  55,2 мың теңге бюджет есебіне бюджетке өндіріліп,  жауапты тұлғаның тәртіптік жауапкершілігі қаралды.)

10. «Ұйғыр ауданының  Ават  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1-тармақ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №212 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алу) беру қағидаларының» 6-шы және 51-ші тармағының талаптары сақталмай, мекемеге қарасты емес (ауылдық округ әкіміне бағынысты емес) бюджеттік әкімшіліктері бөлек ұйымдар барлығы 136,8 мың теңгені құрайтын коммуналдық қызметтер (электр қуаты, жылу шығыны) үшін төлемдердің өтелмегені анықталды, оның ішінде 2022 жылы 67,0 мың теңге, 2023 жылы 69,8 мың теңге атап айтқанда:

1. Аудандық кітапхананың бөлімшесі 50,2 шаршы метр үшін 115,9 мың теңге.

2. Ветеринарлық кабинет 9,2 шаршы метр үшін 20,9 мың теңге.

(Аудит жүргізу барысында 136,8 мың теңге бюджет есебіне өндіріліп,  жауапты тұлғаланың тәртіптік жауапкершілігі қаралды.)

11. «Ұйғыр ауданының  Кетпен  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бекітілген № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу туралы» Қағидаларының және (әрі қарай - № 393 Қағида) 15-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау үшін толық және нақты ақпаратпен мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етуі тиіс.

Аудит барысында Мекемемен ұсынылған салықтар бойынша жеке шоттардағы мәліметтерді қарау барысында 2022 жыл қорытындысы бойынша Мекеме бойынша төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталынатын жеке табыс салығы бойынша 402 478 теңге кредиторлық және әлеуметтік салық бойынша 53 792 теңге дебиторлық, барлығы 456,3 мың теңге көлемінде қарыздар қалыптасқаны анықталды.

Алайда, аудитке ұсынылған жылдық есептілікте (бухгалтерлік баланс) аудит барысында анықталған берешектер көрсетілмеген немесе бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру фактісі орын алған.           (Аудит барысында бухалтерлік анықтамамен 456,3 мың тенге  қалпына келтірілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің  238-бабы негізінде аудит объектісінің басшысына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша шара қолдануға Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне хат   жолданды).

 

12. «Ұйғыр ауданының Кіші Дихан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының» 236,243-тармағының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттары Жоспарының» 16-тармағының талаптары сақталмай, Кіші Дихан ауылына спорт алаңына (Воркаут кешені) арналған спорттық мүкәммалды орнату бойынша шығындар бұзылып, 3 122,2 мың теңге сомасында мекеменің бухгалтерлік есебінде көрсетілмеген.

2-тармақ. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 24-тармағында көзделген орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде 30,0 мың теңге (1000,0*30) мөлшерінде тұрақсыздық айыбы есептелмеген.

3-тармақ. Заңның«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағының 3-тармақшасының талаптары орындалмаған, мекеме «Савут» ЖК-ін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап арызбен жүгінбеген (рәсімдік бұзушылық).

(Аудит барысында 30,0 мың тенге бюджетке өндіріліп, бухалтерлік анықтамен 3122,2 мың тенге қалпына келтірілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің  238-бабы негізінде және Кодекстің 207 бабы негізінде аудит объектісінің басшысына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша шара қолдануға Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне хат   жолданды).

13. «Ұйғыр ауданының Бахар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1-тармақ. «Ұйғыр ауданының 2022-2024 жылдырға арналған бюджеттері туралы» Ұйғыр аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №7-18-89 шешіміне өзгерістер енгізу туралы  Бахар ауылдық әкімінің аппаратына 2022 жылға шілде қараша айлары аралығында қазынашылық басқармасымен берілетін 4-20 формасында  011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы  бойынша жалпы соммасы 6840,0 мың теңге бөлінген, жыл қортындысы бойынша игерілгені 5340,0 мың теңге, яғни 6840,0-5340,0= 1500,0 мың теңге бөлінген қаражаты Бюджет кодексінің 4 бабының 9 тармақшасына сәйкес негізділік принципі және 12 тармақшасы тиімділік қағидаты – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқарылуы жүзеге асырылмаған.

2022 жылға бөлінген 1500,0  мың теңге тиімсіз жоспарланған және  бюджет қаражаты тиімді пайдаланылмаған.

2-тармақ. «Ұйғыр ауданының 2023-2025 жылдырға арналған бюджеттері туралы» Ұйғыр аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қарашасындағы №08-24 шешімін іске асыру негізінде қазынашылық басқармасымен берілетін 4-20 формасында Бахар ауылдық әкімінің аппаратына 2023 жылдың мамыр айынан қазан айлары аралығында 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» 015 жергілікті бюджет бағдарламасы  бойынша жергілікті бюджет есебінен жалпы соммасы 8575,0 мың теңге бөлінген, жыл қортындысы бойынша игерілгені 5965,0 мың теңге, яғни 8575,0-5965,0= 2610,0 мың теңге бөлінген қаражаты Бюджет кодексінің 4 бабының 9 тармақшасына сәйкес негізділік принципі және 12 тармақшасы тиімділік қағидаты – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқарылуы жүзеге асырылмаған.

2022 жылға бөлінген 2610,0  мың теңге тиімсіз жоспарланған және  бюджет қаражаты тиімді пайдаланылмаған.

3-тармақ. Мекеменің жетекші маман-есепшісі Исаева Нуршат Бакытовна Талдықорған қаласына 2022 жылдың 1 маусымындағы №18 ө ж/қ өкімі негізінде іс-сапарға 2022 жылдың 2-3 маусым күндері барған және 2022 жылдың 18-19 тамыз күндері Алматы қаласына №30 ө ж/қ өкімі негізінде іс-сапарға жіберілген.Төленген аванстық есептер №9 және №18 бойынша  Исаева Нуршат Бакытоваға  жол жүру ақысына билет немесе басқада дәлел құжаттары өткізілмеген. Аванстық есепте жол жүру шығындары негізсіз 11,7 мың теңге есептелініп төленген.

Ол, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.09.2000 жылғы №1428 «Қазақстан Республикасы аумағында іссапар ережесін бекіту туралы»   қаулысының 3 тармағының 5 тармақшасы  iссапарға жіберілген жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру құжаттары болмаған кезде шығыстар осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлген көлiкпен (әуе көлiгiн қоспағанда) жол жүрудiң ең төменгi құны бойынша өтеледi делінгеніне қайшы.

4-тармақ. Мекеменің бас маманы Мейрман Фарида Болатқызы Талдықорған қаласында Кәсіби байланыс стратегиясы.Көпшілік алдында сөйлеу біліктілік курсына қатысуға  2022 жылдың 1 маусымындағы №20 ө ж/қ өкімі негізінде іс-сапарға 2022 жылдың 6-10 маусым күндері аралығында  іс-сапарға жіберілген.Төленген аванстық есептер №10 бойынша  Мейрман Фарида Болатқызына 1 күн тәулік ақы жалпы соммасы 15,9 мың теңге артық төленгені анықталды.

Ол, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.09.2000 жылғы №1428 «Қазақстан Республикасы аумағында іссапар ережесін бекіту туралы»   қаулысының 3 тармағының 1  iссапарда жүрген әрбiр күнi үшiн екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде тәулiкақы төленедi делінгеніне қайшы.

5-тармақ. Мердігер жеке кәсіпкер Бахавдунова Фарида Бахавдуновна орындалған жұмыстар актісін 2022 жылдың 19 желтоқсанда жалпы соммасы 147,7 мың теңгенің жұмыстарын  202 күнге кешігіп өткізген.

Мемлекеттiк сатып алу  Заңының 43 бабының 24 тармағының және негізгі келісім шарттың 8.3 тармақтарына сәйкес Қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс. Яғни 147797*0,1%*202 күн =29,9 мың теңге аудит барысында жергілікті бюджет 206109 кодына түбіртек №0013 өңдірілді.

6-тармақ. Сонымен қатар, Тапсырыс беруші тарапынан жоғарыда аталған келісім-шарттар бойынша тиісті Мердігерлерге  қатысты Мемлекеттiк сатып алу Заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес шаралар  қолданбаған,  «Ұйғыр ауданының Бахар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осындай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген (рәсімдік бұзушылық).

(Аудит барысында 57,5 мың тенге бюджетке өндіріліп, жауапты тұлғаның жауапкершілігі қаралды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 207 бабы негізінде аудит объектісінің басшысына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша шара қолдануға Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне хат   жолданды).

14. «Ұйғыр ауданының Тиірмен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1-тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.05.2020 ж. №256 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Ереженің» 3-тармағының 2-тармақшасын бұза отырып, мекеменің бас маманы С. Ш. Бақашеваға іссапар шығыстары 59,1 мың теңге сомасына негізсіз (бұйрықсыз) төленген.

 (Аудит барысында 59,1 мың тенге бюджетке өндіріліп, жауапты тұлғаның жауапкершілігі қаралды).

15. «Ұйғыр ауданының Ақтам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1-тармақ: Аудитке ұсынылған салықтар бойынша жеке шоттардағы мәліметтерді қарау барысында 2022 жыл қорытындысы бойынша Мекеме бойынша төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталынатын жеке табыс салығы бойынша 90,9 мың теңге және әлеуметтік салық бойынша                    13,8 мың теңге көлемінде артық төленгені, немесе барлығы 104,7 мың теңге көлемінде дебиторлық берешектер қалыптасқаны анықталды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы             №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидаларының 15-тармағымен мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау үшін толық және нақты ақпаратпен мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етуі тиіс екендігі белгіленген.

Алайда, аудитке ұсынылған жылдық есептілікте (бухгалтерлік баланс) аудит барысында анықталған берешектер көрсетілмеген немесе бухгалтерлік есепте көрсетілуге жататын деректердi жасыру фактісі орын алған.

2-тармақ. Ақтам ауылында шағын футбол алаңын жасау жұмыстары осы күнге дейін аяқталмаған немесе түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмеген. Бұл Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабы 12) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік қағидатының сақталмағанды, яғни бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару шаралары атқарылмағандығы болып табылады (рәсімдік бұзушылық).

(Аудит барысында бухалтерлік анықтамен 104,7 қалпына келтірілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің  238-бабы негізінде аудит объектісінің басшысына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша шара қолдануға Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне хат   жолданды).

16. «Ұйғыр ауданының Үлкен Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1-тармақ. Тапсырыс беруші «Ұйғыр ауданының Үлкен Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі және орындаушы «Жетісу Строй Проект» ЖШС-і арасында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы Заңына сәйкес баға ұсыныстарына сұраным мемлекеттік сатып алудың қортындысы негізінде 2700,0 мың теңгеге шаруашылық заттар сатып алуға 18.03.2022 жылы №12 келісім шартқа отырған. Өнім беруші шарттың 4.1. тармағының 2) тармақшасына сәйкес  шарт күшіне енгеннен бастап он күн ішінде шарттың жалпы соммасының 3% мөлшерінде шарттың орындалуын қаматамасыз етпегені үшін Тапсырушы біржақты келісім шартты бұзған.

  «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Ресбуликасы Заңының 12-бабының 4-тармағын бұза отырып, орындаушы «Жетісу Строй Проект» ЖШС-і мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінбеген (рәсімдік бұзушылық).

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 04 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының»  12-бабы 4-тармағының екінші бөлігінің 3 тармақшасы бойынша:

(Аудит барысында Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  Кодекстің 207 бабы негізінде аудит объектісінің басшысына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша шара қолдануға Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне хат   жолданды).

17. «Ұйғыр ауданының Дардамты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1-тармақ: Әкімдік ғимаратының 18 дана терезелерің ауыстыруына «ИП Мауленова» ЖК-мен  18.09.2023 жылы №32 келісім шарты 1725,9 мың теңгеге жасалынған, бірақта бухгалтерлік есебі бойынша орнатылған 18 дана терезелер жалпы құны 1 725,9 мың теңге 2370 шотына «Құралдар, өндірістік және тұрмыстық жабдықтар» кірістелмеген.

2-Ттармақ: Ардолайты ауылында трансформатор орнату  жұмыстарына 03.09.2023 жылы №29 келісім шартына 14.12.2023 жылы №1 қосымша шарты «Димаш» ЖК-імен 3 450,0 мың теңгеге  жасалынған, бірақта бухгалтерлік есебі бойынша орнатылған трансформатор 2340 шотына «Берілгі құрылғылар» кірістелмеген.

Бухгалтерлік есепте көрсетiлуге жататын деректердi көрсетпей, бухгалтерлік есепті әдістерін бұза отырып жүргізу, 2023 жылдағы қаржылық есептілікті бұрмалау жағдайына әкеп соққан. Аталған бұзушылық Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 31.03.2015 жылғы №241 бұйрығымен бекітілген «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының» 18,19-тармақтарының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 243,244–тармақтарының талаптарының сақталмауынан орын алған.

3-тармақ: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242-II «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60 бабының 1 тармағы толықтай орындалмай,  Дардамты ауылында балалар спортық ойын алаңының қоршауында 2 сетка жалпы құны 134,2 мың теңге кем болғаны анықталды.

(Аудит барысында 5175,9 мың тенге бухгалтерлік анықтамамен қалпына келтірілді және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің  238-бабы негізінде аудит объектісінің басшысына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша шара қолдануға Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне хат   жолданды). Сонымен қатар 134,2 мың тенге бюджетке өндіруге жатады).

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе): _______________________________________________________

                                            (болған жағдайда)

III. Қорытынды бөлім

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін бюджет қаражатын   пайдалану   кезіндегі  бұзушылықтар бойынша аудит объектілерімен 201 440,8 мың теңгеге тиісті бухгалтерлік жазбалармен түзетілді, 1620,9 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өтелді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің  238-бабы негізінде 10 аудит объектісінің басшысына қатысты және Кодексінің  207-бабы негізінде 5 аудит объектісінің басшысына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша шара қолдануға, Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне хаттар   жолданды.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қорытындылар

1. Жоғарыда көрсетілгендей, мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша 9 348 989 мың теңге жұмсалған қаржы қамтылды және жалпы сомасы 427 343,4 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

- 205 351,8 мың теңге бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бұзушылықтар (оның 3 630,9 мың теңгесі өтелуге, 201 720,9 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады).

- 163 809,0 мың теңге активтерді тиімсіз жоспарлаулар, 58 182,6 мың теңге тиімсіз пайдаланулар.

Осылармен қатар 8 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

2. Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы заңы, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іс-сапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №241 «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы  талаптарын сақтамау салдарынан орын алған.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар

Ұйғыр ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

1. Ұйғыр ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.

2. Аудит объектілері тарапынан тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін анықталған қаржылық бұзушылықтар бойынша бюджет есебіне 1 620,9 мың теңгенің өтелуі мен бухгалтерлік есепке алу жолымен 201 440,8 мың теңгеге қалпына келтіру шаралары назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізілсін.

3. Аудит барысында анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында Ұйғыр ауданының құрылыс бөлімі ММ-і 280,1 мың теңгегені қалпына келтіруге және Ұйғыр ауданы Дартамты а/о ММ-і 134,2 мың тенге, Ұйғыр ауданының әкім аппараты ММ-і 422,2 мың тенге,  Ұйғыр ауданының құрылыс бөлімі ММ-і 1453,6 мың тенгені бюджет есебіне өндірілуін қамтамсыз ету және жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы Нұсқамалар жолдансын.

3.4. Қосымша: анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (9 парақта).

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                           А. Қондыбаева

 

Аудит тобының жетекшісі, 

№2 мемлекеттік аудит бөлімінің

басшысы-мемлекеттік аудитор                              А. Сәді

Талдау, сапаны жоспарлау және

бақылау бөлімінің басшысы

-мемлекеттік аудитор                                               С. Елубаева

 

Әкімшілік-құқықтық бөлімінің

бөлімінің басшысы

-мемлекеттік аудитор                                           А. Кұлмұхамбетова

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ