Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Кегенский район

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 11.04.2024
Просмотры: 23 Печать страницы

 

 
 

 

 

 

 

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

Кеген ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арна  ауылы  2024 жыл

 

Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы М. Мұсаевқа

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлім

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Кеген ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Кеген ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.

        1.3. Мемлекеттік аудит объектілері:

1. «Кеген ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

2. «Кеген аудандық мәслихаттың аппараты» мемлекеттік мекемесі;

3.«Кеген ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

4. «Кеген ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

5.«Кеген ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ;

6. «Кеген ауданының «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

7. «Кеген ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

8. «Кеген ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ;

9. «Кеген ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кеген аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

10. «Кеген ауданының Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ;

11. «Кеген ауданының Бөлексаз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ;

12. «Кеген ауданының Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2023 жылдың  31 желтоқсан аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік.

          2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау

Аудан тұрғындарының негізгі тіршілігі ауылшаруашылық өндірісімен байланысты. Аталған сала бойынша өндірілген өнімдердің жалпы құны 36,2 миллиард теңгені құрады. Өткен жылы 8212 гектар жерге ауылшаруашылық дақылдары себіліп, 12500 тонна өнім алынды.  2465 га картоптан – 45 775 тонна 271 га көкөністен   6992 тонна  өнім жиналды.

Аудан аймағында соңғы жылдары мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бүгінгі таңда өңірде 187362  бас қой-ешкі, 47932  бас ірі қара, 31718 бас жылқы, 27639 құс жайлы қыстатылуда.

Өткен жылы өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 23 миллиард 670 миллион теңгені қамтыды. Үстіміздегі жылы өндіріс көлемін 24,1 миллиард теңгеге жеткізу немесе өткен жылмен салыстырғанда 102,1 пайыз өсіру жоспарланған.

Өңірде әлеуметтік құрылыс салу қарқыны артып келеді. Өткен жылы 9,2 миллиард теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа 3900 шаршыметр тұрғын үй берілді.  Кеген ауылынан  20 тұрғын үйдің құрылысына   371,1 млн теңге, бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды. Тұрғын үй кезегінде тұрған әр санаттағы адамдарға тұрғын үйлердің кілттері табыс етілді.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинау жоспары  - 94,4 %  орындалды, жоспарлы 7 млрд 914 млн  теңгенің орнына  7 млрд 472 млн теңге түсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 5 млрд 326 млн теңге немесе болжам  91,1 %-ға, облыстық бюджетке  247 млн 634 мың теңге (орындалуы 104,3 %),  аудандық бюджетке  1 млрд 897 млн  теңге (орындалуы 103,6 %).

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері

Аудит нәтижелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады:

Кеген ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 9 400 150,0 мың теңге қамтылды және жалпы сомасы 471 095,7 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

- 78 046,5 мың теңге бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бұзушылықтар (оның 1 374,4 мың теңгесі өтелуге, 76 672,1 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады);

- 393 049,2 мың теңге активтерді тиімсіз жоспарлаулар.

Осылармен қатар 8 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

1. «Кеген ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1 тармақ. Аудитке ұсынылған құжаттарға сәйкес, 2022 жылға жасалған бюджеттік өтініміне сәйкес 001 «Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы 157 «Форумдар, семинарлар, конференциялар өткізуге арналған қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігіне 1306,0 мың теңге қаралған. Алайда, Мекемемен жыл бойы қаржыландыру жоспарына енгізілген өзгерістер мен толықтауларға сәйкес, аталған бюджет қаражаттары өз мақсатында пайдаланылмай 2022 жылдың шілде айына дейінгі мерзімде бағдарлама ішінде ерекшеліктерге жылжыту арқылы басқа да шығындарға жұмсалынған.

Бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабы 12) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік қағидатының сақталмағанды, яғни бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару шаралары атқарылмағандығы болып табылады.

Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану.

Демек, 2022 жылға жоспарланып берілген 1306,0 мың теңге қаражаты тиімсіз жоспарланған болып табылады.

2-тармақ. Соның ішінде, мамыр айында 407,0 мың теңгесі                                     112 «Қосымша ақшалай төлемдер» ерекшелігіне жылжытылып, қызметкерлерге сый ақы ретінде төленген.

Ал, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеу туралы» бірыңғай Ережесінің 13-тармағына сәйкес, сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу шығыстардың мынадай түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады.

Демек, қызметкерлерге сый ақы ретінде жоғарыда аталған қаражаттарды төлеу негізсіз болып табылады және тиісті тұлғалардан жергілікті бюджет есебіне қайтарылуға жатады.

2. «Кеген аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1 тармақ.  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы                                    11 мамырдағы № 256 қаулысы «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының қағидасының 6 тармағының талаптары сақталмай 2023 жылдың                                        22 желтоқсанда  2 күнге мекеменің төрағасы  Т. Әлімбайға іс сапар шығындарына 113 680 теңге төленген, алайда барлығы 2 күнге 34 980 теңге төленуі керек болған, аудитпен 78,7 мың теңге артық төленгені анықталды. Аудит барысында аталған сома бюджет есебіне толық өндірілді.

3. «Кеген ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1-тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бекітілген № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу туралы» Қағидаларының және (әрі қарай - № 393 Қағида) 15-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау үшін толық және нақты ақпаратпен мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етуі тиіс.

Аудит барысында Мекемемен ұсынылған тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасындағы өзара есеп айырысу актілеріне сәйкес, 2022 жылдың 31 желтоқсанына «Казақтелеком» АҚ-на 611,9 мың теңге артық төленгені анықталған.

Алайда, жоғарыда көрсетілген заңнама талаптарына қайшы, Мекеменің 2022 жылдың қорытындысы бойынша әзірленіп, өткізілген қаржылық есептілігін тексеру барысында бухгалтерлік баланстың 014 жолында есепті жылдың аяғында «Казақтелеком» АҚ-ның алдында қалыптасқан қысқа мерзімді дебиторлық берешек көрсетілмегендігі анықталды, немесе бухгалтерлік есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру фактісі орын алған.

4. «Кеген ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1-тармақ. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V Заңының                                  43-бабының 24-тармағын және Шарттың 7.3-тармағын бұза отырып, мекеме 15.09.2021 жылдан бастап 27.10.2021 жылға дейін кешіктірілген әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелердің 2805,2 мың теңге сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын өндіріп алған жоқ, яғни - мерзімі өткен 42 күн үшін (2805,2 мың теңге*0,1%)*42 күн = 117,8 мың теңге, сондай - ақ 147,6 мың теңге сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбы өндірілмеді, яғни 15.09.2021 жылдан бастап 27.12.2021 жылға дейінгі әрбір мерзімі өткен күн үшін міндеттемелерді ішінара орындамаудан мерзімі өткен - 67 күн (147,6 мың теңге*0,1%)*67 күн = 9,9 мың теңге, осылайша тұрақсыздық айыбының жалпы сомасы – 127,7 мың теңгені құрады.

2-тармақ. Сондай-ақ, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V Заңының 12-бабы 4-тармағының 3) тармақшасын бұза отырып, мекеме «Геодезия сервис» ЖШС-ні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

Кеген ауданы Жылысай ауылындағы мәдениет үйінің жаңа құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу. 10.09.2021 ж. №034 шарт «СТРОЙТЕКС» компаниясы» ЖШС-мен жалпы сомасы 27 925,3 мың теңгеге жасалды. 19.09.2022 ж. №34/1 қосымша келісіммен 2022 жылға 25 925,3 мың теңге қарастырылған. Жұмыстар орындалған жұмыстардың актілері бойынша жалпы сомасы 25 925,3 мың теңгеге қабылданды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының» 3 - тармағына, 50) тармақшасына сәйкес негізгі құралдар-материалдық объектілер, олар: тауарларды өндіруде немесе жеткізуде немесе қызметтер көрсетуде, басқа адамдарға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдалану үшін ұсталады; бір жылдан астам уақыт бойы пайдаланылады деп күтіледі.

ЖСҚ объектіні салу құнының бір бөлігі болып табылады, өйткені қолданыстағы құрылыс заңнамасы негізінде оны әзірлеу, сараптау және бекіту құны объект құрылысының жиынтық сметалық есебіне (ҚР ҚН 8.02-02-2002 «Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау тәртібі» негізінде енгізіледі)

Демек, ЖСҚ әзірлеу, сараптау және бекіту шығындары 2411 «Аяқталмаған құрылыс» шотына толығымен бастапқы құны бойынша жатқызылады, содан кейін пайдалануға берілген негізгі құралдың құрамында осы негізгі құралдың қызмет ету мерзіміне сәйкес амортизацияланады. Демек, ЖСҚ-дан амортизациялық аударымдарды бөлек есептеу мүмкін емес.

ЖСҚ түскен кезде, құрылыс әлі аяқталмағандықтан, оның құнын 2810 – «Басқа ұзақ мерзімді активтер» шотына жатқызу керек, ал құрылыстың басында келесі проводка жасау керек: Д-т 2411 «Аяқталмаған құрылыс»,                 К-т 2810 «Өзге де ұзақ мерзімді активтер».

3- тармақ. Алайда, 01.01.2023 жылғы жағдай бойынша есептің басында және есептің соңында 120-код жолында 25 925,3 мың теңге сомасында бухгалтерлік баланста көрсетілуге жататын деректерді жасыруға байланысты 2022 жылғы қаржылық есептілікті бұрмалау жағдайы туындады. Бұл бұзушылық Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 01.08.2017 жылғы №468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілікті дайындау және ұсыну нысандары мен қағидаттарын бекіту туралы» 27, 28-тармақтардың талаптарын сақтамау салдарынан орын алды.

5. «Кеген ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1-тармақ: Мекемемен жыл бойын қаржыландыру жоспарына енгізілген өзгерістер мен толықтауларға сәйкес, аталған сома жыл бойы игерілмей, жыл аяғында бюджет есебіне қайтарылған. Бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің (әрі қарай - Бюджет Кодексі) 4-бабы 12) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік қағидатының сақталмағанды, яғни бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару шаралары атқарылмағандығы болып табылады.

Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану.

Алайда, Бюджеттік кодекстің 3-бабы 1-тармағының 12-4) тармақшасын, 4-бабы 12) тармақшасын басшылыққа алынбай, Мекеме 2022 жылға жоспарланып берілген 5 000,0 мың теңге қаражаты тиімсіз жоспарланған болып табылады.

2 тармақ. Мекемемен жыл бойын қаржыландыру жоспарына енгізілген өзгерістер мен толықтауларға сәйкес, аталған сома жыл бойы игерілмей, жыл аяғында бюджет есебіне қайтарылған. Бұл, Бюджет Кодексінің 4-бабы 12) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік қағидатының сақталмағанды, яғни бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару шаралары атқарылмағандығы болып табылады.

Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану.

Алайда, Бюджеттік кодекстің 3-бабы 1-тармағының 12-4) тармақшасын, 4-бабы 12) тармақшасын басшылыққа алынбай, Мекеме 2023 жылға жоспарланып берілген 69 817,2 мың теңге қаражаты тиімсіз жоспарланған болып табылады.

3 тармақ. Мекемемен жыл бойын қаржыландыру жоспарына енгізілген өзгерістер мен толықтауларға сәйкес, аталған сома жыл бойы игерілмей, жыл аяғында бюджет есебіне қайтарылған. Бұл, Бюджет Кодексінің 4-бабы 12) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік қағидатының сақталмағанды, яғни бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару шаралары атқарылмағандығы болып табылады.

Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану.

Алайда, Бюджеттік кодекстің 3-бабы 1-тармағының 12-4) тармақшасын, 4-бабы 12) тармақшасын басшылыққа алынбай, Мекеме 2023 жылға жоспарланып берілген 307 300,0 мың теңге қаражаты тиімсіз жоспарланған болып табылады.

4-тармақ. Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 51-бабының 2-тармағын және ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы №1181 қаулысымен бекітілген тізбесіне сәйкес нормаларды бұза отырып, Ұйымдастырушы мемлекеттік қолдау шаралары қолданылатын әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттары арасында емес, Мекеме мен «Хан-тенгри» ЖК арасында 2022 жылдың 15 сәуірдегі №8 келісім шарты бойынша «құжат тігілетін папкалар» және «MG&KA» ЖШС арасында 2022 жылдың 26 сәуірдегі №12 келісім шарты бойынша «ағазға арналған папкалар» 100 % пайыз жалпы негіздерде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғандығы анықталды.

5-тармақ. Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 51-бабының                          2-тармағын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.06.2023 жылғы №225 бұйрығымен бекітілген тізбесіне сәйкес нормаларды бұза отырып, Ұйымдастырушы мемлекеттік қолдау шаралары қолданылатын әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттары арасында емес, Мекеме мен «MG&KA» ЖШС арасында 2023 жылдың 24 қазандағы    №73 келісім шарттары бойынша «Скоросшиватель» 100 пайыз жалпы негіздерде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғандығы анықталды.

6-тармақ. Мекеме басшысының м.у.а. 2022 жылдың 14 наурызындағы №14 бұйрығымен Мекеменің бас маманы Н.Нуркасымға ескерту жарияланған.

Алайда, 2022 жылдың 16 наурыздағы Мекеме басшысының м.у.а. №7 Наурыз мейрамы мемлекеттік мерекесінің құрметіне Мекеме қызметкерлеріне сыйақы беру бұйрығына сай бас маманы Н.Нуркасымға 2022 жылдың 24 наурыздағы № 4921001/22-118 төлем шотымен 160,1 мың теңге көлемінде сыйақы негізсіз төленген. Аталған бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 4 тармағы 1 тармақшасының талаптары сақталмағандықтан орын алған. Белгіленген қаржылық бұзушылық жергілікті бюджеттің кірісіне өтелуге жатады.

7-Тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу» туралы Қағидаларының 2-тарау,          3-тармақ, 1-2 тармақшаларының талаптары бұзылып келесідей бұзушылықтар анықталды.

2022 жылы: Мекеменің 2022 жылғы 16 ақпандағы №6-ж/қ бұйрығы негізінде мекеменің статисті (есепші) Б.Орынбасар 16-18 ақпан күндері Талдықорған қаласына жіберілген. 2022 жылдың ақпан айында Б.Орынбасарға 6,2 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары артық есептеліп төленген;

Мекеменің 2022 жылғы 25 сәуірдегі №10-ж/қ бұйрығы негізінде мекеменің бас маманы Б.Абдыманапов 25-26 сәуір күндері Алматы қаласына жіберілген. 2022 жылдың сәуір айында Б.Абдыманаповқа 7,9 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары артық есептеліп төленген;

Мекеменің 2022 жылғы 10 сәуірдегі №11-ж/қ бұйрығы негізінде мекеменің бас маманы Б.Абдыманапов стратегиалық ойлау және проблемаларды креативты шешу курс/семинарға қатысу үшін 10-15 сәуір күндері Талдықорған қаласына жіберілген. 2022 жылдың сәуір айында Б.Абдыманаповқа 4,7 мың теңге күнтізбелік, 14,9 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары, барлығы 19,6 мың теңге артық есептеліп төленген;

Мекеменің 2022 жылғы 18 тамыздағы №16-ж/қ бұйрығы негізінде мекеменің бас маманы Н.Нуркасым 20-25 тамыз күндері Нұр-Сұлтан қаласына жіберілген. 2022 жылдың тамыз айында Н.Нуркасымға 40,2 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары артық есептеліп төленген;

Мекеменің 2022 жылғы 19 қазандағы №20 бұйрығы негізінде мекеменің статисті (есепші) Б.Орынбасар 19-21 қазан күндері Қонаев қаласына жіберілген. 2022 жылдың қазан айында Б.Орынбасарға 4,0 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары артық есептеліп төленген;

Мекеменің 2022 жылдың 19 қазандағы №24-ж/қ бұйрығы негізінде мекеменің бас маманы Б.Абдыманапов 19-20 қазан күндері Қонаев қаласына жіберілген. 2022 жылдың қазан айында Б.Абдыманаповқа 5,7 мың теңге күнтізбелік, 23,8 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары, барлығы 29,5 мың теңге артық есептеліп төленген;

Мекеменің 2022 жылғы 01 желтоқсандағы №30-ж/қ және №31-ж/қ бұйрықтары негізінде мекеменің бас маманы Н.Нұрқасым және бас маманы Б.Абдыманапов 01-03 желтоқсан күндері Қонаев қаласына жіберілген. 2022 жылдың желтоқсан айында Н.Нұрқасымға 4,0 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары, Б.Абдыманаповқа 4,0 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары, барлығы 8,0 мың теңге артық есептеліп төленген;

Мекеменің 2022 жылғы 05 желтоқсандағы №32-ж/қ және №34-ж/қ бұйрықтары негізінде мекеменің бас маманы Б.Абдыманапов және бас маманы Н.Нұрқасым 05-07 желтоқсан күндері Қонаев қаласына жіберілген. 2022 жылдың желтоқсан айында Б.Абдыманаповқа 4,0 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары, Н.Нұрқасымға 4,0 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары, барлығы 8,0 мың теңге артық есептеліп төленген;

Мекеменің 2022 жылғы 12 желтоқсандағы №36-ж/қ бұйрығы негізінде мекеменің бас маманы Н.Нұрқасым 12-14 желтоқсан күндері Қонаев қаласына жіберілген. 2022 жылдың желтоқсан айында Н.Нұрқасымға 4,0 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары артық есептеліп төленген;

2022 жылы барлығы 127,4 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау және күн тізбелік шығыстары артық есептеліп төленген.

2023 жылы: Мекеменің 2023 жылғы 26 шілдедегі №10 бұйрығы негізінде мекеменің статисті (есепші) Б.Орынбасар 26-29 ақпан күндері Қонаев қаласына жіберілген. 2023 жылдың шілде айында Б.Орынбасарға 10,4 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары артық есептеліп төленген;

Мекеменің 2023 жылғы 03 қазандағы №15 бұйрығы негізінде мекеменің статисті (есепші) Б.Орынбасар 02-05 қазан күндері Қонаев қаласына жіберілген. 2023 жылдың шілде айында Б.Орынбасарға 10,3 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары артық есептеліп төленген;

Мекеменің 2023 жылғы 04 сәуір №129 ө-ж/қ бұйрығы негізінде мекемесі басшысының м.у.а. Б.Абдыманапов 04-05 сәуір күндері Қонаев қаласына жіберілген. 2023 жылдың шілде айында Б.Абдыманаповқа 10,3 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары артық есептеліп төленген;

Мекеменің 2023 жылғы 20 ақпандағы №88 ө-ж/қ бұйрығы негізінде мекемесі басшысының м.у.а. М.Мұса 22-23 ақпан күндері Іле ауданына жіберілген. 2023 жылдың шілде айында М.Мұсаға 6,9 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары артық есептеліп төленген;

2023 жылы барлығы 37,9 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары артық есептеліп төленген.

8-Тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу» туралы Қағидаларының 2-тарау,          3-тармақ, 3 тармақшасының талаптары бұзылып, келесі қызметкерлерге ерекше, шұғыл жағдайлар болмағанына қарамастан әуе көлігімен ұшуға жол берілгені анықталды;

Мекеменің 2023 жылғы 28 марттағы №18-ж/қ бұйрығы негізінде мекеменің бас маманы М.Мұса «Мемлекеттік қызметтің персоналды басқару ұлттық орталығы» АҚ-ның «Е-қызмет» жүйесі бойынша оқуына қатысу үшін 25-31 наурыз күндері Астана қаласына жіберілген. 2023 жылдың наурыз айында М.Мұсаға жол жүру шығындары 34,2 мың теңге негізсіз артық есептеліп төленген.

9-тармақ. Аудит барысында Мекемемен ұсынылған құжаттарға, немесе сәйкес аталған келісім-шарт бойынша № 210021/05/4 2023 жылғы 28 желтоқсандағы орындалған жұмыстар актісіне сәйкес, жоғарыда көрсетілген 3 032,0 мың теңгеге жұмыстарды Тапсырыс берушіге 2023 жылдың 28 желтоқсанында жұмыстар орындалып (өткізіп) міндеттемелер 58 күнге кешіктіріліп орындалған.

Аудит барысында Мекеме тарапынан Орындаушыға қатысты Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңының 43 бабының 24 тармағымен және негізгі келісім шарттың 8.3 тармағымен қаралған шаралар қолданбағандығы немесе тұрақсыздық айыбы өндірілмегендігі анықталған.

Өз кезегінде, Мердігерге есептелінетін тұрақсыздық айыбы (3 032,0 теңге*0,1%*58 күн) 175, 9 мың теңгені құрап отыр. Белгіленген қаржылық бұзушылық жергілікті бюджеттің кірісіне өтелуге жатады.

10- тармақ. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 12 бап 4 тармағына сәйкес, Мекеме «Компания Строй Индустрия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызын Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінбеген.

Әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеген үшін әкімшілік жауапкершілік 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің" 207-бабының 10 тармағы көзделген. (бас маман - М.Мұсаның түсініктемесі аудиторлық есепке тіркелді, №14 – қосымша, 1 бетте).

Сонымен қатар, Мекеме және «KZ Стройэксперт» ЖШС мердігер арасында Кеген ауданы Болексаз ауылы көше жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына техникалық бақылау, басқару қызметтері бойынша жалпы сомасы 9 805,0 мың теңгеге 2022 жылдың 16 қыркүйегінде №30 (веб-порталда № 180540005519/220030/00) келісім-шарты жасалған, келісім шарттың қосымшасына сәйкес 045/015 бағдарламасымен 2022 жылға – 3 000,0 мың теңге, ал 2023 жылға – 6 805,0 мың теңге деп бөлінген және шарт бойынша жұмыстарды орындау мерзімі қыркүйек 2023 жыл деп белгіленген.

11-тармақ. Аудит барысында Мекемемен ұсынылған құжаттарға, немесе сәйкес аталған келісім-шарт бойынша 2023 жылғы 18 қазандағы №404  орындалған жұмыстар актісіне сәйкес, сомасы 2 451,3 мың теңгеге жұмыстарды Тапсырыс берушіге 2023 жылдың 18 қазанында жұмыстар орындалып (өткізіп) міндеттемелер 18 күнге кешіктіріліп орындалған.

Аудит барысында Мекеме тарапынан Орындаушыға қатысты Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңының 43 бабының 24 тармағымен және негізгі келісім шарттың 8.3 тармағымен қаралған шаралар қолданбағандығы немесе тұрақсыздық айыбы өндірілмегендігі анықталған.

Өз кезегінде, Мердігерге есептелінетін тұрақсыздық айыбы (2 451,3 теңге*0,1%*18 күн) 44,1 мың теңгені құрап отыр. Белгіленген қаржылық бұзушылық жергілікті бюджеттің кірісіне өтелуге жатады.

12-тармақ. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 12 бап 4 тармағына сәйкес, Мекеме «KZ Құрылыс сараптама» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызын Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінбеген.

Әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеген үшін әкімшілік жауапкершілік 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207-бабының 10 тармағы көзделген.

6. «Кеген ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары»-ның 16 тармағына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»  Ережесінің 243,244-тармақтарының талаптары толық басшылыққа алынбай, 7 000,0 мың теңгенің автокөлігі есепке алынбаған.

2-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидалары»-ның 1 тарауының 3 тармақтары мен  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары»-ның  3 тармағының 56, 60 тармақшалары  бұзылып,  7 000,0 мың теңге қаржы ұзақ мерзімді активі  2350 шотына есепке көрсетілмегеннен активтер сомасы азайып, 2022 жылдық есептілік бұрмаланған. Қазақстан Республикасының  2014 жылдың 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы бойынша Мекеменің бас есепшісіне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу қарастырылған.

3-тармақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының 47-тармағын, Бюджет Кодесінің 3 бабының 12-4 тармағын және осы Кодекстің 4 бабының 9 тармағын бұза отырып, Мекеме «конференцияларды,семинарларды,форумдарды,конкурстарды, мәдени-мерекелік және ұқсас іс-шараларды ұйымдастырумен өткізу бойынша қызметтерін»  үшін 1 прайс-парақшасы тігілген. Аудит барысында мекеменің «конференцияларды, семинарларды, форумдарды, конкурстарды, мәдени-мерекелік және ұқсас іс-шараларды ұйымдастырумен өткізу бойынша қызметтерін» сатып алуға жұмсалатын шығын көлемін есептеу кезінде 1 136,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны анықталды.

7. «Кеген ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1-тармақ: «Кеген ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2 (екі) бірлік кезекші автокөліктер тіркелген.

 Демек, Мекеменің лауазымды адамдары тарапынан қызметтік автокөліктер бойынша бекітілген заттай нормалардан асыру фактісіне жол берілген.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 234-1 бабымен мемлекеттік органдармен бекітілген заттай нормалардан асыру арқылы бюджет қаражатын тиімсіз жоспарланғаны және (немесе) тиімсіз пайдаланғаны үшін әкімшілік-құқықтық жауапкершілік қарастырылған.

8. «Кеген ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ:

 1- тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары»-ның 16 тармағына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»  Ережесінің 243,244-тармақтарының талаптары болық басшылыққа алынбай, 42 282,3 мың теңгенің ұзақ мерзімді активтері алғашқы тануда дұрыс шотта көрсетілмеген.

     2- тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының 47-тармағын, Бюджет Кодесінің 3 бабының 12-4 тармағын және осы Кодекстің 4 бабының 9 тармағын бұза отырып, Мекеме «компьютер жинағын» алуға 2 прайс-парақшасы тігілген, яғни 1300,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны анықталды. 

9. «Кеген ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кеген аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1-тармақ. Аудит барысында Мекемемен ұсынылған тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасындағы өзара есеп айырысу актілеріне сәйкес, 2022 жылдың 31 желтоқсанына «Алматы Энерго Сбыт» ЖШС-гіне 788,4 мың теңге, «Казақтелеком» АҚ-на 64,2 теңге барлығы 852,6 мың теңге артық төленгені анықталған.

Алайда, жоғарыда көрсетілген заңнама талаптарына қайшы, Мекеменің 2023 жылдың қорытындысы бойынша әзірленіп, өткізілген қаржылық есептілігін тексеру барысында бухгалтерлік баланстың 014 жолында есепті жылдың басына «Алматы Энерго Сбыт» ЖШС-гінің  және «Казақтелеком» АҚ-ның алдында қалыптасқан қысқа мерзімді дебиторлық берешек көрсетілмегендігі анықталды, немесе бухгалтерлік есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру фактісі орын алған.

10. «Кеген ауданының Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1-тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының» 2 тарауы, 3 тармағы, 2) тармақшасы  талаптары сақталмай, келесі қызметкерлерге аванстық есеп бойынша әрбір іс-сапар тұрғын үй жалдау шығындарын өтеуде жалпы сомасы 83,4 мың теңгеге артық  төленгені анықталды.

Пәтер жалдау шығындарына артық төленген 83,4 мың теңге аудит барысында жергілікті бюджет есебіне өңдірілді.

2- тармақ. 2023 жылдық инвентарлық тізіліміге сәйкес мекеменің теңгерімінде 2012 жылы шыққан Lada 21214 мемлекеттік тіркеу нөмірі 753VV05 автоrөлігі бола тұра 2022 жылы шығарылған, бағасы 5 890,0 мың теңгені құрайтын «CHEVROLET COBALT» маркалы мемлекеттік тіркеу нөмірі 385AI05 автокөлігі  сатып алынған. Ал, Lada 21214 мемлекеттік тіркеу нөмірі 753VV05 автоrөлігі жүргізілген түгендеу кезінде ақауға байланысты ұзақ мерзімде жүрмей тұрғандығы анықталды. Сонымен қатар, мекеменің 2023 жылғы активтерінің айналмалық тізілімінде тағы төрт автокөліктер тіркелген: 2011 жылы шығарылған ГАЗ 322132 288 маркалы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 754VV05 автокөлігі,  2010 жылы шығарылған, мемлекеттік тіркеу нөмірі 754VV05 Donqfenq Хzi5040хшj маркалы қоқыс таситын автокөлігі, 2009 жылы шыққан мемлекеттік тіркеу нөмірі В943DA Donqfenq Хzi5040хшj маркалы гидроподьемник автокөлігі және 2010 жылы шыққан мемлекеттік тіркеу нөмірі В949DA Diq5040 qss3 маркалы ассенизатор автокөлігі тіркелген. Мекеме басшысы Р.К.Масеновтың берген түсініктемесі бойынша соңғы төрт автокөліктер пайдалануға жарамсыз, моральды тозған екендігі анықталды. Және де, осы төрт автокөліктер 2018 жылы Райымбек ауданы Кеген және Райымбек аудандары болып екіге бөлінгенде жүруге жарамағандықтан Кеген ауданында қалып қойған және мекеме балансына алынған.  

Осылайша, «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 бұйрығына 1-қосымшасының, 2022 - жылғы 31 желтоқсандағы №134-ө н/қ «Алматы облысы мемлекеттік органдарға қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативі және техникалық қызметкерлер санының лимиті туралы» өкіміне 2-ші қосымшасының талаптары және Кеген ауданы Әкімінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы  №82-ө-н/қ өкімінің №2 қосымшасының талаптары сақталмаған, яғни белгіленген тиістілік нормативтен артық қызметтік автомобильдің саны 5 бірлікті құраған, мекеме басшылығы тарапынан артық техникаларды азайтуға шара қолданылмаған.

Кеген ауданы «Кеген ауылдық округі Әкімінің Аппараты» мемлекеттік мекемесінің  басшысы Р.К.Масенов лауазымды тұлға бола отырып, ӘҚБтК-нің 234-1-бабында көзделген бекітілген заттай нормалардан асырғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасады, аудит барысында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

11. «Кеген ауданының  Бөлексаз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1-тармақ. Бөлексаз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі теңгерімінде барлығы 3 (үш) бірлік жеңіл автокөліктер тіркелген.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту» туралы № 179 бұйрығының 1-қосымшасымен белгіленген Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларына сәйкес қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округ әкімдеріне 1 (бір) бірлік қызметтік автокөлік тиесілі.

Мекеменің лауазымды адамдары тарапынан қызметтік автокөліктер бойынша бекітілген заттай нормалардан асыру фактісіне жол берілген.

12. «Кеген ауданының  Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1-тармақ. «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысының 2 тарауы, 3 тармағы, 1), 2) тармақшалары талабы сақталмай, 2022 жылы құрылымдық бөлімше басшысы А. Доғаевқа 1 күнге 6 126 теңге тәулiкақы, 2 күнге 42 882 теңге тұрғын үй-жайды жалдау ақысы, барлығы 49,0 мың теңге артық төленген.

        2-тармақ. «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы               № 256 қаулысының 2 тарауы, 3 тармағы, 2) тармақшасы талабы сақталмай, 2023 жылы құрылымдық бөлімше басшысы А. Доғаевқа 1 күнге 24,1 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау ақысы артық төленген.

3-тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысымен бекітілген 18-қосымшасының 10 реттік нөмірі талабы бұзылып, «1-сыныпты жүргізуші» деңгейі жоқ бола тұра мекеме жүргізушілері Б. Қонысбаевқа 2023 жылдың қыркүйек, қазан, қараша айларында 18152 теңге, Р. Ахановқа 2023 жылдың желтоқсан айында 6194 теңге, барлығы 24,8 теңге қосымша ақы төленген.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе): _______________________________________________________

                                            (болған жағдайда)

III. Қорытынды бөлім

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін бюджет қаражатын   пайдалану   кезіндегі  бұзушылықтар бойынша аудит объектілерімен 76 672,1 мың теңгеге тиісті бухгалтерлік жазбалармен түзетілді, 794,7 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өтелді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің  238-бабы негізінде 4 аудит объектілерінің есепші қызметкерлеріне және Кодексінің  207-бабы негізінде 2 аудит объектісінің басшысына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша шара қолдануға, Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне хаттар   жолданды.

Қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде қаралуда.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі                    № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 804-бабы                              1-тармағы 47 тармақшасы негізінде 2 аудит объектісі басшыларына қатысты соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалып, сот органдарына жолданды.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

1. Жоғарыда көрсетілгендей, мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша 9 400 150,0 мың теңге жұмсалған қаржы қамтылды және жалпы сомасы 471 095,7 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

- 78 046,5 мың теңге бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бұзушылықтар (оның 1 374,4 мың теңгесі өтелуге, 76 672,1 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады);

- 393 049,2 мың теңге активтерді тиімсіз жоспарлаулар.

Осылармен қатар 9 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

2. Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы заңының, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №241 «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының, «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 бұйрығының, 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №134-ө н/қ «Алматы облысы мемлекеттік органдарға қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативітің және техникалық қызметкерлер санының лимиті туралы» өкімінің және Кеген ауданы Әкімінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы  №82-ө-н/қ өкімінің талаптарын сақтамау салдарынан орын алған.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.

Кеген ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

1. Кеген ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.

2. Аудит объектілері тарапынан тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін анықталған қаржылық бұзушылықтар бойынша бюджет есебіне 794,7 мың теңгенің өтелуі мен бухгалтерлік есепке алу жолымен 76 672,1 мың теңгеге қалпына келтіру шаралары назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізілсін.

3. Аудит барысында анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында тиісті аудит объектілеріне 579,7 мың теңге бюджет есебіне өндіруді қамтамсыз ету және жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы Нұсқамалар жолдансын.

3.4. Қосымша: анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (16 парақта).

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                                          Ж.Үсенбаев

 

Аудит тобының жетекшісі, 

№2 мемлекеттік аудит бөлімінің

басшысы-мемлекеттік аудитор                                                А. Сәді

Талдау, сапаны жоспарлау және

бақылау бөлімінің басшысы

-мемлекеттік аудитор                                                                 С. Елубаева

 

Әкімшілік-құқықтық

бөлімінің басшысы

-мемлекеттік аудитор                                                       А. Кұлмұхамбетова

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ