Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Ескелді ауданы қорытынды

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 04.07.2019
Просмотры: 497 Печать страницы

 

Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуына  Алматы облысы Ескелді ауданында жүргізілген аудиторлық іс-шара бойынша

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

«Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
   

 

 

 

Алматы облысы бойынша

Тексеру комиссиясы

төрағасының м.а.

Ж. Ноғайбековқа

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалануға және мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығына аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

  1. «Ескелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  2. «Ескелді ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  3. «Ескелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»мемлекеттік мекемесі;
  4. «Ескелді ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  5. «Ескелді ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  6. «Ескелді ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  7.  «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  8. «Ескелді ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  9. «Ескелді ауданының  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  10. «Ескелді ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  11. «Ескелді ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  12. «Ескелді ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  13. «Ескелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Ескелді ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  14. Ескелді ауданының денешынықтыру және спорт  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ескелді ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  15. «Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  16. «Ескелді ауданының Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  17. Ескелді ауданының Қайнарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  18. «Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  19. «Ескелді ауданының Көкжазық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  20. Ескелді ауданының Алдабергенов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  21. «Ескелді ауданының Бақтыбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  22. «Ескелді ауданының Ақын Сара ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  23. «Ескелді ауданының Төлеңгіт ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  24. «Ескелді ауданының Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  25. «Ескелді ауданының Жалғызағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  26. «Ескелді ауданының Қоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

1.4. Мемлекеттік аудит тобының құрамы (мемлекеттік аудиторлардың сертификаттарының нөмірлерін көрсете отырып):

Топ жетекшісі бөлім басшысы - мемлекеттік аудитор Базарбаев Д. (№0301), бас маман - мемлекеттік аудиторлар: Ө.Абеубакиров (№0197), М.Ботабеков (№0302), С.Елубаева (№0303), С.Желдібаев (№1349), Б.Кенесжан (№0307), Г.Қожағұлова (№0308), С.Мухашев (№0314), М.Нұраленова (№0315), Н.Нұрғалық (№0316), С. Шигамбаева (№1355) Ж.Нұрханов (№1351), Қ.Молдашев (№1274), Ж.Үсенбаев (№1193), Ш.Сыздыкова (№0318) және жетекші маман – мемлекеттік аудитордың ассистенті Б.Рысхан.

1.5. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2017 жылдың қаңтарынан бастап, 2018 жылдың  желтоқсанын қоса алғандағы кезең.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Алматы облысы Ескелді ауданына бөлінген бюджет қаражатының атқарылуына талдау жасау:

Осы мемлекеттік аудитпен барлығы 26 мемлекеттік аудит объектісі қамтылып, Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңде  Ескелді ауданына бюджет есебінен жергілікті деңгейде аудан көлеміндегі барлық аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілері арқылы жергілікті деңгейде мемлекет саясатын іске асыруға жалпы сомасы 11 504 866,5  мың теңге бюджет қаражаты аудитпен қамтылды.

Мемлекеттік аудит барысында жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың бюджет қаражатын пайдаланғанда, бұзушылықтардың басым бөлігі бухгалтерлік есепті жүргізу, мемлекеттік сатып алу, коммуналдық меншік пен коммуналдық желілерінің құрылысын жүргізу кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы, еңбек ақы, сыйақы, мемлекеттік мекемелерде бекітілген лимиттер және іс-сапар шығындары бойынша Қазақстан Республикасының Заңнамаларының нормаларын тікелей сақтамағандықтан орын алған.

Мемлекеттік аудитте пайдаланылған көрсеткіш мәнділік  және нәтижелілік бойынша жалпы мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражаттың көлемінен анықталған бұзушылықтардың көлемі 3,4 % құрағанын ескерсек, ауданда жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты жүргізуге бөлінген қаражаттың тиімді пайдаланған деген тұжырымға келуге болады.

2.2. Алматы облысы Ескелді ауданында жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері:

Аудиторлық іс-шара республикалық және жергілікті бюджет есебінен бөлінеген қаражаттың жұмсалуы, осы қаражатты жұмсау кезінде мемлекеттік аудит объектісінің келесі көрсеткіштерге сай қызмет атқаруы, мәнділік және нәтижелілік аудиторлық тәуекел деңгейлері, іріктеу параметрлері, көлемі және әдістерін нақтылау арқылы анықталған мемлекеттік аудит объектісінің қаржылық және шаруашылық операцияларын жасауы кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының талаптарынан ауытқуы және мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне және көрсеткіштер санатына қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес ең жоғары жол берілетін мөлшері айқындалатын, қабылданатын шешімдерге ықпал ететін өзге де қателердің көлемі. Әрбір қызмет бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі және тиісті қызметтің жоспарлы (тікелей, түпкілікті) және нақты нәтижелерінің арақатынасы.

Ескелді ауданының мемлекеттік мекемелерінде аудит жүргізу барысында жалпы сомасы 11 504 866,5 мың теңге мың теңге қаражат қамтылып, 393608,5 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптары бұзылғаны анықталды.

Оның ішінде: бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бюджет және өзге де заңнама бұзушылықтары – 2086,6 мың теңге, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау кезіндегі заңнама бұзушылықтары – 391521,9 мың теңге. Анықталған бұзушылықтардың қалпына келтіруге жататыны – 391521,9 мың теңге және 2086,6 мың теңге өтелуге жатады. Сонымен қатар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны – 6 бірлікті құрады.

2.2.1. Республикалық және жергілікті бюджет есебінен Мекемелерге бөлінген бюджет қаражаттарының аудит көрсеткіштеріне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнама нормаларының талаптарына сәйкес игерілуі, оның ішінде жеке мекемелер бөлінісінде:

1. «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1. Мемлекеттік аудит барысында «ИКАР – СТРОЙ» ЖШС–і келісім шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттерін 5 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындағаны анықталды. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 тармағы және 2017 жылдың 26 маусымындағы №181 келісім-шартың 8 тармағының 8.3 тармақшасының талаптарына қайшы 50,4 мың теңге тұрақсыздық айыппұлы өндірілмегені анықталып, аудит барысында 29.05.2019 жылғы № 143 төлем тапсырмасымен жергілікті бюджет есебіне өндірілді.

2. 003/015/144 «Отын, жанар-жағар май материалдарын сатып алу» ерекшелігі бойынша 2018 жылдың 23 сәуірінде «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Res Prospere» ЖШС-нен 2018 жылы нақты 45450,9 мың теңгеге 259,7 мың литр  дизель отыны сатып алынып, мекеменің кірісіне алынбағаны анықталды.

«Есеп саясатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 бұйрығының талаптары сақталмаған.

Жалпы сатып алынған дизель отынының мемлекеттік мекеме баланысына алынбауы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»  Ережесінің 198-тармағының талабын орындамауынан туып отыр. Аталған бұзушылық бойынша кемшілік жойылып, мемлекеттік аудит барысында қалпына келтірілді.

3. Мекеме тарапынан 2018 жылы «Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімдігі аппараты» ММ-нің «Балдаурен» МКҚК-нын жарықтандыруға материалдық-техникалық базаны сатып алуға және балабақшаның күрделі жөндеу жұмысына барлығы 140982,8 мың теңге  жұмсалған.

Аталған шығындар «Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімдігі аппараты» ММ-нің «Балдаурен» МКҚК-ны қабылдап алу-беру актісімен ауылдық округтің балансына уақытылы берілмей, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»  Ережесінің 243-тармағының талабын орындамауынан туындаған. Аудит барысында мекеме заңгері Р. Мешелевке бөлім басшысының 30.05.2019 ж. № 23 бұйрығымен ескерту түрінде тәртіптік жаза берілді және өткізіп беру-қабылдап алу актісі арқылы «Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімдігі аппараты» ММ-нің «Балдаурен» МКҚК-ң теңгеріміне өткізіліп, бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды.

2. «Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1. Қарабұлақ кентінің ғимараттарды аймақтарды және ұқсас  объектілерді жинау бойынша қызметтер көрсетуге Ескелді ауданы әкімінің ШЖҚ «Қарабұлақжылу» МКК-мен өзіне алған міндеттемелерді 1000,0 мың теңгеге және 27 желтоқсанда 2000,0 мың теңгеге қызметтерді қажетті мерзімнен сәйкесінше 6 және 7 күнге кешіктіріп орындаған. Келісім-шарт бойынша жалпы тұрақсыздық айыппұлдың жалпы  көлемі 20,0 мың теңгені бюджет есебіне өндірмегені анықталған. Аталған сома 2019 жылдың 28 мамырындағы №214 төлем тапсырмасымен жергілікті бюджетке аударылған.

2. Ескелді ауданының Екпінді ауылына сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу жұмыстарын жүргізуге «МОНОЛИТ» ЖШС-мен 2016 жылыдың 04 қазан айында №33 келісім-шарт бойынша «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N242 Заңының 60-бабының 1-тармағын сақтамау нәтижесінде жобалау-сметалық құжаттамада көзделген уақытша ғимараттар мен құрылыстардан 564,7 мың теңге сомасында қаражатты қайтару қамтамасыз етілмеген. Аталған сома 2019 жылдың 26 маусымындағы №115 төлем тапсырмасымен жергілікті бюджетке аударылған.

3. Ескелді ауданының Қоржынбай ауылына сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу жұмыстарын жүргізуге «МОНОЛИТ» ЖШС-мен  жалпы соммасы 131390,9 мың теңгеге 2017 жылыдың 10 сәуір айында №21 келісім-шарты бойынша «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N242 Заңының 60-бабының 1-тармағын сақтамау нәтижесінде жобалау-сметалық құжаттамада көзделген уақытша ғимараттар мен құрылыстардан 540,5 мың  теңге сомасында қаражатты қайтару қамтамасыз етілмеген. Аталған сома 2019 жылдың 26 маусымындағы №116 төлем тапсырмасымен жергілікті бюджетке аударылған.

4. Ескелді ауданының Жендик ауылына сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу жұмыстарын жүргізуге «Темірқазық-стройпроект» ЖШС-мен  жалпы соммасы 83664,0 мың теңгеге 2017 жылыдың 11 сәуір айында №23 келісім-шарт бойынша «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N242 Заңының 60-бабының 1-тармағын сақтамау нәтижесінде жобалау-сметалық құжаттамада көзделген уақытша ғимараттар мен құрылыстардан 275,1 мың теңге сомасында қаражатты қайтару қамтамасыз етілмеген. Аталған сома 2019 жылдың 31 мамырындағы №230 төлем тапсырмасымен жергілікті бюджетке аударылған.

5. Ескелді ауданының Алдабергенов ауылының көшелеріне абаттандыру жұмыстарын жүргізуге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзету мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының  «Еңбек-Ақмола» филиалы-мен 2016 жылдың 22 қараша айында жалпы соммасы 88046,0 мың теңгеге №40 келісім-шарты бойынша мердігер мекеме, міндеттемелерді қажетті мерзімнен 13 күнге кешіктіріп орындаған.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 тармағы және 2018 жылдың 23 тамыздағы №47 келісім-шарттың 8 тармағының 8.3 тармақшасының талаптарына қайшы, 187,5 мың теңге тұрақсыздық айыппұлы бюджет есебіне өндірілмеген.

Аталған сома 2019 жылдың 10 маусымындағы №542 төлем тапсырмасымен жергілікті бюджетке аударылған

6. Ескелді ауданының Қарабұлақ кентінің орталық саябағын  абаттандыру жұмыстарын жүргізуге «Сапа-NS-Құрылыс» 2018 жылдың 04 мамында жалпы соммасы 30240,0 мың теңгеге №29 келісім шарты бойынша, мердігер 2445,0 мың теңгенің жұмыстарын қажетті мерзімнен 41 күнге кешіктіріп орындаған.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 тармағы және 2018 жылдың 23 тамыздағы №47 келісім-шартың 8 тармағының 8.3 тармақшасының талаптарына қайшы 102,8 мың теңге тұрақсыздық айыппұлы бюджет есебіне өндірілмеген. Аталған сома 2019 жылдың 27 мамырындағы №35 төлем тапсырмасымен жергілікті бюджетке аударылған.

7. Ескелді ауданының Теңлік ауылына сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу жұмыстарын жүргізуге «Қарасай Құрылыс» ЖШС-мен 2016 жылдың 08 тамыз айында жалпы соммасы 98846,6 мың теңгеге №23 келісім-шарты бойынша, 2017 жылдың 30 мамыр айында объектіні пайдалануға қабылдау актісі негізінде нысан қабылданып алынған.

         Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 24 бабының 12  тармақ талаптары және 2016 жылдың 17 тамызындағы №23 келісім-шартың 4 тармағының 1 және 2 тармақшасының талаптары  сақталмай, өнім беруші мердігерден өзіне қойған міндеттемелерді толық немесе тиісінше орындамағаны үшін,  үш пайыздық  аталған шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасы 2965,4 мың теңгені ұстап қалмаған. Сол себебті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  ережесінің» 9 бөлімінің  272 тармағы № талаптарына қайшы келеді, аяқталмаған және аяқталған, бірақ пайдалануға тапсырылмаған құрылыс және қайта жөнделген объектілер бойынша шығындар келесі жылдың балансына ауысады.

Сонымен қатар, мердігер 3396,1 мың теңгенің  толық жұмыстарын 161 күнге кешіктіріп орындаған.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 тармағы және 2018 жылдың 23 тамыздағы №47 келісім-шартың 8 тармағының 8.3 тармақшасының талаптарына қайшы тапсырыс беруші келісім-шарт бойынша жалпы тұрақсыздық айыппұлдың көлемі 546,8 мың теңге тұрақсыздық айыппұлы бюджет есебіне өндірілмеген.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12 бабының 4 тармағы 3 тармақшасының талаптарына қайшы тапсырыс беруші мердігерді мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы ретінде тану туралы талап-арызбен сотқа шағымданбаған.

Аталған бұзушылықтар әкімшілік құқықтық бөлімінің заң қорытындысымен «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 17-НҚ нормативтік қаулысының 156 тармағының 2 тармақшасына және 19 қосымшасының талаптарына сәйкес келмейтіндіктен, аудиторлық есебінен алынды.

3. «Ескелді ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы Бюджеттік өтінімді жасау және ұсынуды бекіту туралы №511 қағиданың 1 бөлігінің 39 тармағының талабы басшылыққа алынбай, 2017-2019 жылдарға және 2018-2020 жылдарға арналған Бюджеттік өтінімдерінде 161  «Ел iшiндегi iссапарлар мен қызметтiк сапарлар» ерекшіліктерінің есептерінде (2017 жылы-157,9 мың теңге, 2018 жылы- 167,9 мың теңге), ел iшiнде және елден тысқары жерлерге қызметтiк iссапарларға жоспарланатын шығыстарды негiздеу үшiн ағымдағы жылға арналған iссапарлардың бекiтiлген жоспарларын және жоспарлы кезеңге арналған iссапарлар жоспарларының жобаларын ұсынбаған.

4. «Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» қаулысының 5 тармағының1- тармақшасының талаптары бұзылып, 14,0 мыңтеңгеүстемақы негізсіз төленген. Аталған сома аудит барысында бюджеттің кірісіне қайтарылды.

5. «Ескелді ауданының ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағының  1- тармақшасының талаптары бұзылып,  98,2 мың теңге  сыйақы, негізсіз төленген. Аталған сома аудит барысында бюджеттің кірісіне қайтарылды.

6. «Ескелді ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Ескелді ауданы Шымыр ауылындағы 10 жалгерлік тұрғын үйге арналған инженерлік-коммуникациялық жүйелердің құрылысы нысаны бойынша құрылыс - монтаж жұмыстарын жүргізуге «Жетісу КазСтройСервис» ЖШС-нен өзіне алынған міндеттемелерді уақытылы орындамағаны үшін, 18,1 мың теңге тұрақсыздық айыбы өндірілмеген. Аталған сома аудит барысында бюджеттің кірісіне қайтарылды.

7. «Ескелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

«Ескелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен мердігер «Шарық Құрылыс» ЖШС 2017 жылдың 21 шілдесінде № 44 келісім-шарты жасалған. Аталған келісім-шарт бойынша мердігер мекеме «Шарық Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен шартың 4 бөлімінің 4.1. тармағының 2 тармақшасының талабын орындамай, келісім-шарттың орындалуы кепілдігінің сомасы  қамтамасыз етілмеген. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43 бабының 9 тармағының   талабын орындамай, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

8. «Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі:

2017 жылдың сәуір айында мекеменің бас бухгалтеріне 87,2 мың теңге есептеліп, 72,2 мың теңге еңбекақы төленген. Сәуір айының жұмыс уақытын есепке алу табеліне сәйкес, бас бухгалтер жұмыста болған және еңбек демалысына жіберу туралы бұйрық болмаған. Осыған орай, 2017 жылдың мамыр айында еңбек демалысына төленетін ақысы - 142,7 мың теңге негізсіз төленген. Аталған сома 2019 жылдың 01 маусымында жергілікті бюджетке өтелді.

9. «Ескелді ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 29.08.2001ж. №1127 «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармақ, 2 тармақшасының талаптары сақталмай, 38,2 мың теңге мөлшерінде сыйақы негізсіз есептелініп, төленген. Аталған сома аудит барысында бюджет есебіне қайтарылды және аталған бұзушылыққа жол берген іс жүргізуші инспектор Б.Байжанов 24.05.2019 жылғы №15 бұйрығы негізінде ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

10. «Ескелді ауданы Жалғызағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi №1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» Қаулысының 2 тармақтың талаптары сақталмай, 34,5 мың теңге мөлшерінде іс сапар шығындары негізсіз төленген. Аталған сома 2019 жылдың 13 маусымында №1906133460653 түбіртегі негізінде бюджет есебіне құйылды.

11. «Ескелді ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі  №242 Заңының 9-тарау, 60-бабы және бекітілген «Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі №304 бұйрығының 10 тармағы мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесін 1 тарау 43 тармағы бұзылып, уақытында есепке алынбаған,олар: 

         -Бахтыбай ауылының Қонаев көшесінен жаяу жүргіншілер өтпесі үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеү жұмысына -4319,9 мың теңге;

        -Бахтыбай ауылы Тауке Хан көшесін күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмысына- 1668,8  мың теңге;

       -Қарабулақ ауылындағы Алдабергенов көшесіне күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмысына -7874,8 мың теңге.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 316 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль жолдарын мемлекеттiк есепке алу қағидалары» 2 тармағының 1), 2), 3) тармақшаларының талаптары (өзгерістер енгізілген) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесін 1 тарау 43 тармағы бұзылып- 46909,6 мың теңге шығындары есепке алынбаған.

3. Сол секілді, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  ережесінің» 9 бөлімінің  240 тармағы № талаптары бұзылған, олар:

            -Қарабұлақ ауылының  Даирова көшесіне орташа жөндеу  жұмыстарына  -27603,8 мың теңге;

          -Қарабұлақ ауылының  Сейфуллина көшесіне орташа жөндеу  жұмыстарына 31156,0 мың теңге;

          - Бахтыбай ауылының  Кенесарымен Римова көшелеріне орташа жөндеу  жұмыстарына  - 28559,6 мың теңге;

          -Қарабұлақ ауылының  Байсеитова көшесіне орташа жөндеу  жұмыстарына  2018 жылдың 26 наурыздағы сомасы 8835,7  мың теңге;

         -Қарабұлақ ауылының  Пушкина мен Панфилов көшелеріне орташа жөндеу  жұмыстарына  2018 жылдың 26 наурыздағы сомасы 48160,0  мың теңге.

            Аталған кемшіліктер бойынша жалпы 205088,2 мың теңге шығындары уақытында есепке алынбай, бухгалтерлік есепте көрсетiлуге жататын деректердi толық көрсетпей, бухгалтерлік есепті әдістерін бұза отырып жүргізу және қаржылық есептілікті бұрмалау жағдайына әкеп соққан.

Келесі мемлекеттік аудит объектілерінен бұзушылықтар анықталмады:

  1. «Ескелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  2. «Ескелді аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  3. «Ескелді ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  4. «Ескелді ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  5. «Ескелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Ескелді ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  6. Ескелді ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ескелді ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  7. «Ескелді ауданының Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  8. «Ескелді ауданының Қайнарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  9.  «Ескелді ауданының Көкжазық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  10.  «Ескелді ауданының Алдабергенов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  11.  «Ескелді ауданының Бақтыбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  12.  «Ескелді ауданының Ақын Сара ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  13.  «Ескелді ауданының Төлеңгіт ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  14.  «Ескелді ауданының Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  15.  «Ескелді ауданының Қоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

III. Жиынтық бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар :

Мемлекеттік аудит барысында жалпы анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы 2086,6 мың теңге жергілікті бюджет есебіне қайтарылды, соның ішінде:

- «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде – 50,4 мың теңге;

- «Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде – 1690,6 мың теңге;

- «Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде – 14,0  мың теңге;

- «Ескелді ауданының ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінде- 98,2  мың теңге;

- «Ескелді ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде –   18,1 мың теңге;

- «Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік  мекемесінде – 142,7  мың теңге;

- «Ескелді ауданы Жалғызағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде – 34,5 мың теңге;

- «Ескелді ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 38,2 мың теңге.

Ал «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде – 186433,7 мың теңгеге және «Ескелді ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 205088,2 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды. Жалпы қалпына келтірілген сома 391521,9 мың теңге.

«Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, аудит барысында мекеме заңгері Р. Мешелевке бөлім басшысының 30.05.2019 ж. №23 бұйрығымен ескерту түрінде тәртіптік жаза берілді. «Ескелді ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, іс жүргізуші инспектор Б.Байжанов 24.05.2019 жылғы №15 бұйрығы негізінде ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«Ескелді ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі», Ескелді ауданының құрылыс бөлімі», «Ескелді ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі», «Ескелді ауданының Жалғызағаш ауылдық округі әкімінің аппараты», «Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелері мен «Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бұзушылыққа жол берген мамандардың, қазіргі уақытта әртүлі себептермен жұмыс жасамауына байланысты, тәртіптік жаза қолданылмады.

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» мемлекеттік мекемесіне 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің» тиісті баптарымен әкімшілік жаза қолдану мақсатында 04.06.2019 ж. №02-13-878 хатпен «Ескелді ауданының білім бөлімі», 27.05.2019 ж. №02-13/865 хатпен «Ескелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» және 20.06.2019 ж. №02-13/930 хатпен «Ескелді ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемелері бойынша материалдар жіберілді.

Мемлекеттік аудит шараларын жүргізу барысында «Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» мемлекеттік мекемесімен «Ескелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Бейсбаевқа Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабының 10 тармағының 3 тармақшасына сәйкес әкімшілік айыппұл салынды.

«Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орталықтандырылған бухгалтериясының бас есепшісі А.Токпаеваға және «Ескелді ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің есепшісі Е.Ақтанбайға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 бөлігінің 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік айыппұл салынды.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:

Жалпы алғанда ауданның әр саладағы мемлекеттің саясатын жүзеге асыруға берілген қаражаттардың басым бөліктері тиімді өз мақсаттарына жұмсалғанына қарамастан, жүргізілген аудиторлық іс-шараның нәтижесінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнама талаптарының сақталмай осы арқылы бюджет қаражатының негізсіз шығындалуы және тиімсіз пайдаланылуы орын алғандығына көз жеткізілді.

Атап айтқанда жол берген бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 тамыз "Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы" №1127 қаулысының талаптары;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйегіндегі №1428 «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегендегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» қаулысының талаптары;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының талаптары;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке  алуды жүргізу  қағидаларының» талаптары толық сақталмағандығы байқалады.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

Ескелді ауданының мемлекеттік мекемелерімен, Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралған, Ескелді ауданында жүргізілген мемлекеттік аудит іс-шаралары нәтижесі бойынша қорытындысы қаралып, назарға алынсын.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке  алуды жүргізу  қағидаларының», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйегіндегі №1428 «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегендегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» қаулысының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 тамыз "Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы" №1127 қаулысының және т.б. НҚА талаптары сақталуына назар аударсын.

Жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражатын пайдаланғанда Қазақстан Республикасының Заңнамаларының нормаларын тікелей сақталуына және осы аудиторлық іс-шара барысында анықталған бұзушылықтарды келешекте болдырмауы қамтамасыз етілсін.

3.4. Қосымша: Аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (№1, 2, 3 үлгі) 10 парақта.

 

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                              Қ. Манамұратов

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ