Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Білім басқармасы қорытынды

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 14.08.2019
Просмотры: 468 Печать страницы

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы М. Мұсаев

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

  1. Кіріспе бөлік
    1. Аудиторлық іс-шараның атауы:

Жергілікті бюджет қаражатын, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдалануы.

1.2.Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалануға және мемлекеттік аудит объектілерінің  бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығы және дұрыстығына аудит жүргізу.

1.3.Мемлекеттік аудиттің объектілері:

  1. «Алматы облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мeкeмеciнiң

«Алматы облыстық Ш. Смағұлов атындағы мамандырылған дарынды балаларға арналған арнайы физика-математика орта мектеп интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. «Алматы облысыныц білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Жаркент каласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналган арнайы мектеп- интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. «Талдықорған қаласының облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп-интернаты» қомуналдық мемлекеттік мекемесі.
  2. «Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығы» қомуналдық мемлекеттік мекемесі.
  3. «Талғар қаласының № 1 облыстық психологиялық-медициналық- педагогтік консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  4. «Талғар ауданындағы Ю. Гагарин атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын № 8 арнаулы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  5. Алакөл ауданының «№11 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  6. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Үшарал қаласының № 4 облыстық психологиялық-медициналық-педагогтік консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Өтеген   батыр  ауылының  №5   облыстық   психологиялық-медициналық- педагогтік консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. «Қаскелең қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  2. «Қарасай    ауданының    «№13    психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  3. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Ақсу    ауданының    №6     психологиялық-педагогикалық    коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Ескелді   ауданының   №12   психологиялық-педагогикалық   коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Есік қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Ұйғыр   ауданының   №5      психологиялық-педагогикалық   коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. «Алматы облысының Кәмлетке толмағандарды бейімдеу орталығы» мемлекеттік мекемесі.
  2. «Алматы облысының білім басқармасы ММ Балқаш ауданының №7 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  3. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданының «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл- Фараби атындағы арнаулы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  4. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Кеген ауылының №7 облыстық психологиялық-медициналық-педагогтық консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Сарқан ауданының «№10 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  2. «Талдықорған қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  3. «Текелі қаласының №2 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  4. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Есік қаласының облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Талдықорған қаласының "Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын

 

Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Айналайын» балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Талдықорған          дарынды          балаларға          «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Жаркент қаласының №3 облыстық психологиялық-медициналық-педагогтік консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Талдықорған қаласындағы «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №20 арнаулы лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Еңбекшіқазақ ауданының №8 психологиялық-педагогиялық коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Талдықорған қаласының №1 психологиялық-педагогиялық коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Қаратал ауданының №3 психологиялық коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Кербұлақ ауданының №9 психологиялық коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. «Енбекшіқазақ ауданының «№14 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  2. «Талдықорған қаласының №2 облыстық психологиялық- медициналық-педагогтік консультатциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  3. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Жамбыл ауданындағы «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  4. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Талғар ауданының №15 психологиялық коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Есік қаласының №6 облыстық психологиялық-медициналық-педагогтік консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Алматы облыстық №1 балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Қапшағай қаласының «№4 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Сарқан каласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналган арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. Мемлекеттік аудит тобының құрамы (мемлекеттік аудиторлардың сертификаттарының нөмірлерін көрсете отырып):

Топ жетекшісі –бөлім басшысы- мемлекеттік аудитор Қалқаев Нұрқанат Көшербайұлы (№1192), бас маман - мемлекеттік аудиторлар: Нұрғалық Нұрғалық (№0316), Жүнісбеков Арман Мұратбекұлы (№0193), Нұраленова Майра Сәлімжанқызы (№0315), Қалдарбекова Гульвира Қуандыққызы (№0306), Муджаев Сәрсен Абдолдаұлы (№0312), Әлімханов Дінмұхамет Әлімханұлы (№0198), Қазақбеков Ғабит Зәкіржанұлы (1350), Бектенова Шынар Аскенқызы (№1163), Шағжанов Жасқайрат Іңкарұлы (1354), Мусина Динара Жүрсінғалиқызы (№0313), Пирмаков Нұрман Шаметұлы (№0887), Жұмашев Бөкейхан (№1395), Мухашев Саят Алдажарұлы (№0314), Елеуова Лаззат Жеңісқызы (№0892), Төребеков Ғалымжан Еренұлы (№0319), Өтегенов Ермек Қазыбекұлы (0321), Тұрсынбаев Саят Есболғанұлы (№0320), Сағынбеков Шалқар Жолдыбайұлы (1297), Искакова Гүлжанат Тәңірбергенқызы (0305), Нұрғожаев Марс Батырханұлы - жетекші маман – мемлекеттік аудитор ассистенті.

1.5.Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:

2017 жылдың қаңтарынан бастап, 2018 жылдың желтоқсанын қоса алған кезең.

II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомствалық бағыныстылығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына талдау жасау:

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңде «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомствалық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне 2017 жылы – 4 196 534,5 мың

теңге, 2018 жылы –  4 356 124,5  мың теңге,  барлығы  8 552 659,5  мың теңге бөлініп, игерілген.

Мемлекеттік аудитпен қамтылған коммуналдық мемлекеттік мекемелерде анықталған бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Заңнамаларының нормаларын тікелей сақтамағандықтан орын алған.

Мемлекеттік аудитте пайдаланылған көрсеткіш МӘНДІЛІК бойынша жалпы мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражаттың көлемінен анықталған бұзушылықтардың көлемі 0,01 % құрағанын ескерсек, жұмсалған бюджет қаражаты қанағатанарлық деңгейде пайдаланған деген тұжырымға келуге болады.

2.2.«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомствалық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері:

 

Мемлекеттік аудитпен 2017 жылдың қаңтарынан бастап, 2018 жылдың желтоқсанын қоса алған кезеңге 2019 жылдың 11 шілдесінен 23 шілдесі аралығында тексеру комиссиясының тапсырмалары бойынша 40 коммуналдық мемлекеттік мекемелер қамтылды.

«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомствалық бағыныстылығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелерде аудит жүргізу барысында жалпы сомасы 8552659,5 мың теңге қаражат қамтылып, 890,0 мың теңге қаржылық бұзушылықтар және 1 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды, қаржылық бұзушылықтың 843,5 мың теңгесі бюджетке өндірілуге жатады, ал 46,5 мың теңгеге қалпына келтірулер жасалуы тиіс.

Мемлекеттік аудит барысында 560,3 мың теңге жергілікті бюджетке өндірілді.

890,0 мың теңге қаржылық және 1 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар төмендегі мекемелер бойынша анықталды:

1.«Алматы облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мeкeмеciнiң

«Алматы облыстық Ш. Смағұлов атындағы мамандырылған дарынды балаларға арналған арнайы физика-математика орта мектеп интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы №40 бұйрығымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидаларының» 2 тармағы 7-ші тармақшасы және 9 тармағының 2 абзацы талаптары бұзылып, аудитпен жекелеген мұғалімдерге өткізілмеген сабақтар үшін еңбек ақы төленгені анықталды, яғни олардың апталық нақты жүктемесі толық орындалмаған. Мысалы, мекеменің әртүрлі пәндер бойынша 6 мұғалімдеріне 2017 - 2018 оқу жылдарында, дәлірек айытқанда 2017 жылдың мамыр айындағы 1,6,7,8,9 - шы жұлдыздарында және 2018 жылдың наурыз айындағы 8,9,21,22,23-ші жұлдыздарындағы мереке күндерінде өткізілмеген сағаттарға жалпы сомасы 32,6 мың теңгеге еңбек ақы негізсіз артық төленіп кеткендігі анықталды.

Аудит барысында 32,6 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді.

2.«Талғар ауданындағы Ю. Гагарин атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын № 8 арнаулы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыз №1127 қаулысының 4 тармағы, 1 тармақшасына қайшы мекеме басшысының 15.12.2017 ж. №309 бұйрығымен мекеме қызметкерлеріне алынбаған тәртіптік жазалары бола тұра 53,4 мың теңге сыйақы төленген.

3.«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

 

«Өтеген батыр ауылының №5 облыстық психологиялық-медициналық- педагогтік консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.09.2000 жылғы №1428

«Қазақстан Республикасы аумағында іссапар ережесін бекіту туралы» қаулысының 9- тармағы 2-тармақшасының талаптары сақталмай, 2017-2018 жылдары қызметтік іссапарға шыққан қызметкерлерге пәтер ақысы қонақ үйде қонған туралы құжаттары негізінде толығымен өтеліп, оған қосымша әр бір күнге бір айлық есеп көрсеткіші көлемінде есептелген пәтер ақысы төленіп отырған. Аудиторлық есебіне қоса тіркелген іссапар шығындарының есебі бойынша барлығы 77,4 мың теңге іс-сапар шығындары артық төленген, оның ішінде: 2017 жылы- 41,3 мың теңге, 2018 жылы- 36,1 мың теңге.

Аудит жүргізу барысында 77,4 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді.

4.«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Есік қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

2018 жылдың шілде айында 108,9 мың тенге әлеуметтік салығы кем есептелініп, салық декларациясында көрсетілмеген. Бұл жеке тұлғалардың өздерінен жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептелетін және ұсталатын, оның ішінде өзінің пайдасына есептелетін, сондай-ақ әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар есептелетін, оның ішінде өзінің пайдасына есептелетін табыстары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы №99-IV Кодексінің 67,160,161, 158 баптарына қайшы келеді.

5.«Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

«Қарасай Құрылыс Сәулет» ЖШС-мен 3750,0 мың теңгеге 29.11.2016 ж.

№56 келісім шарт жасалған, ал 04.12.2017 ж. №2 қосымша келісіммен 29.11.2016 ж. №56 келісім шарттың сомасы 1125,0 мың теңгеге азайтылып, 2625,0 мың теңгені құраған, ал келісім шарттың басқа пункттері өзгертусіз қалдырылған.

29.11.2016 жылғы №56 келісім шартың 4.1–тармағының 1- тармақшасының талабына қайшы, шартың 3.1-тармағында 1 қосымшасына сәйкес өзіне қабылдаған міндеттерін келісім шарт жасалған күннен 9 ай ішінде, яғни 29.08.2017 жылы орындауға міндеттелген, алайда №62 жұмыстарды атқарған актіге сәйкес 06.12.2017 жылы орындаған, яғни 95 күнтізбелік күнге кешіктірген. Бұл ретте негізгі келісім шарттың 8.3- тармағына сәйкес орындаушы жұмыстарды кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% тұрақсыздық айыпұл өтеуі тиіс, яғни 249, 4 мың теңге бюджет есебіне өндірілуі тиіс.

Аудит барысында 249, 4 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді.

6.«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

 

«Айналайын» балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекiтiлген «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесінің» 4 тармағының 3 тармақшасының талаптары бұзылып, 2017 жылдың желтоқсан айында сынақ мерзімі өтпегеніне қарамастан тәрбиеші М.Шелчковаға 33,0 мың теңге сыйақы негізсіз төленген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.08.2001ж. №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының

4 тармағының 1 тармақшасының талабы бұзылып, әлеуметтік педагог Н.Т.Оналбаеваға 15.10.2018 жылғы №51 бұйрығымен берілген ескерту түріндегі тәртіптік жазасы бола тұра, 2018 жылдың желтоқсан айында 24,1 мың теңге негізсіз сыйақы төленген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы

№1103 «Еңбекке уақытша жарамсыздық жәрдемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысының 3-тармағының талаптары сақталмай, 2017 жылдың қазан айында мекеме қызметкері Ш.Есенбаеваға 13,8 мың теңге негізсіз төленген, яғни шектеу қойылған мөлшерден асып артық төленген.

Жалпы анықталған 70,9 мың теңге аудит барысында толық жергілікті бюджет есебіне өндірілді.

7.«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Талдықорған дарынды балаларға «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

«Талдықорған қаласында спорт алаңының құрылысы» жұмыстары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» N 242 Заңының 60-бабының 1 тармағының және Қазақстан  Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 2008 жылдың 4 желтоқсандағы №95-IV «Бюджет Кодексінің» 157-бабының 2-тармағының талаптары сақталмаған, жұмыстар жобалау-сметалық құжаттамасын белгіленген тәртіппен бекітіусіз жүргізілген, яғни жобаға мемлекеттік сараптама жасалмаған. Аталған жоба бойынша сметалық құжаттамадағы және мердігер мекеменің атқарылған жұмыстар актісінде көрсетіліп, жүргізген жұмыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы «Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы» №1118 Қаулысымен көрсетілген ағымдағы жұмыстар болып анықталған тізбеге сәйкес келмейді.

«Мед Строй Сити» ЖШС-гі негізгі келісім шарт бойынша өзіне

 

қабылдаған міндеттерін 9- күнтізбелік күнге кешіктіріп орындағаны анықталды. Бұл ретте негізгі келісім шарттың 8.3 тармағына сәйкес орындаушы жұмыстарды кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан тұрақсыздық айыппұлын өндіру көзделген. Мердігер 20.10.2018 жылға 11096,3 мың теңгеге міндеттемелерін орындаған, 2343,7 мың теңгеге  міндеттемелер орындалмаған (20.10.2018-29.10.2018 жыл 9-күн, 2343724 теңге

*0,1%*9=21096 теңге.) 0,1% тұрақсыздық айыппұлы есептелді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы

«Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43-бабының 24 – тармағына сәйкес тапсырыс беруші, мердігерден мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін тиісінше орындамаған үшін жалпы 21,1 мың теңге тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алуды қамтамасыз етуге міндетті.

Сонымен жоғарыда көрсетілген бұзушылық бойынша тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес «Мед Строй Сити» ЖШС-н тапсырыс беруші өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

Аудит барысында 21,1 мың теңге тұрақсыздық айыбы жергілікті бюджет есебіне өндірілді.

8.«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған қаласының №2 облыстық психологиялық- медициналық-педагогтік консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан  Республикасы  Қаржы  министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы

№393   бұйрығымен   бекітілген   «Мемлекеттік   мекемелерде   бухгалтерлік есепке   алуды  жүргізу»  қағидасының    175     тармағы талаптары бұзылып, мекеме басшысы Б.Н. Оналбековадан 2017 жылы ақпан, мамыр, қыркүйек айында аванс түрінде берілген   190,2 мың   теңгеден 160,2 мың теңгесі 2017 жылғы наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан айларында есептелген еңбек ақы сомасынан ұсталынған.                Ал осы уақытқа   дейін 30,0 мың теңге аванс сомасы мекеме басшысы Б.Н. Оналбекованың еңбек ақысынан ұсталынбаған. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы

№393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидасының 32 тармағы талабы бұзылып, 2017 жылы 27,3 мың теңге, 2018 жылы 19,2 мың теңге, барлығы 46,5 мың теңге дебиторлық қарыз бухгалтерлік есепте көрсетілмегені анықталды.

9.«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Жамбыл ауданындағы «Дарынды балаларға арналған үш тілде

 

оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Аудитпен «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының

№9 қосымшасы талабы бұзылып, 2017 жылдың наурыз айында элективтік курс оқытушысы М.Ж. Жақсыбаевқа жұмыс атқарған 72 сағатына 105,7 мың теңге есептеліп, төленген, ал журналда нақты наурыз айында М.Ж. Жақсыбаев барлығы 34 сағат элективтік курс өткізген.

Осылайша 38 сағат атқарылған жұмыс журналдағы жазбалармен расталмады.

Қорытындысымен элективтік курс бойынша өткізілген сағаттардың расталмауы салдарынан жалақыға артық төлем 55,8 мың теңгені құрады.

10.«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Қапшағай қаласының «№4 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Қазақстан Республикасы Заңының 60- бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының құрылыстық нормалары 8.02-09-2002 «Уақытша ғимарат және қондырғылар құрылысын салу кезде шығындардың жинағы»-ның 2- тарауының талабына қайшы уақытша ғимараттар мен құрылыстардан жобалау-сметалық құжаттамада көзделген 144,0 мың теңге қаражатты қайтару қамтамасыз етілмеген.

Келесі мемлекеттік мекемелерде бұзушылықтар анықталмады:

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Жаркент каласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналган арнайы мектеп- интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

  1. «Алматы  облысының  білім     берудегі ақпараттық технологиялар орталығы» қомуналдық мемлекеттік мекемесі;
  2. «Талдықорған қаласының облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп-интернаты» қомуналдық мемлекеттік мекемесі;
  3. «Талғар қаласының № 1 облыстық психологиялық-медициналық- педагогтік консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  4. Алакөл      ауданының      «№11      психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  5. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Үшарал қаласының № 4 облыстық психологиялық-медициналық-педагогтік консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

  1. «Қаскелең қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  2. «Қарасай     ауданының     «№13     психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

 

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Ақсу ауданының №6 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Ескелді ауданының №12 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Ұйғыр ауданының №5 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

  1. «Алматы облысының Кәмлетке толмағандарды бейімдеу орталығы» мемлекеттік мекемесі;
  2. «Алматы облысының білім басқармасы ММ Балқаш ауданының №7 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  3. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Кеген ауылының №7 облыстық психологиялық-медициналық-педагогтық консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Сарқан ауданының «№10 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  2. «Талдықорған қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  3. «Текелі қаласының №2 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  4. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Есік қаласының облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Талдықорған қаласының "Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Жаркент қаласының №3 облыстық психологиялық-медициналық-педагогтік консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Талдықорған қаласындағы «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №20 арнаулы лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Еңбекшіқазақ ауданының №8 психологиялық-педагогиялық коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Талдықорған қаласының №1 психологиялық-педагогиялық коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

 

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Қаратал ауданының №3 психологиялық коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Кербұлақ ауданының №9 психологиялық коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

  1. «Енбекшіқазақ ауданының «№14 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  2. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Талғар ауданының №15 психологиялық коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Есік қаласының №6 облыстық психологиялық-медициналық-педагогтік консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Алматы облыстық №1 балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Сарқан каласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналган арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

III.Жиынтық бөлік

  1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Мемлекеттік аудит барысында жалпы анықталған 836,6 мың теңге қаржылық бұзушылықтардың сомасынан 560,3 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді, соның ішінде:

  • «Алматы облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мeкeмеciнiң

«Алматы облыстық Ш. Смағұлов атындағы мамандырылған дарынды балаларға арналған арнайы физика-математика орта мектеп интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 32,6 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді және жауапты тұлғаға ескерту берілді;

  • «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Өтеген батыр ауылының №5 облыстық психологиялық-медициналық- педагогтік консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 77,4 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді және жауапты тұлғаға ескерту берілді;

  • «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Есік қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 108,9 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді және жауапты тұлғаға ескерту берілді;

  • «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 249,4 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді және жауапты тұлғаға ескерту берілді;
  • «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

 

«Айналайын» балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 70,9 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді және жауапты тұлғаға ескерту берілді;

  • «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Талдықорған          дарынды          балаларға          «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған     лицей-интернаты»     коммуналдық           мемлекеттік мекемесінде 21,1 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді және жауапты тұлғаға ескерту берілді.

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң «Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті»  мемлекеттік  мекемесіне  2014  жылғы  5   шілдедегі   №235-V

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің»    тиісті    баптарымен    әкімшілік    жаза    қолдану   мақсатында

«Талдықорған қаласының №2 облыстық психологиялық-медициналық- педагогтік консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 1 материал жіберілді.

«Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің» тиісті баптарымен әкімшілік жаза қолдану мақсатында «Талдықорған дарынды балаларға «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 1 материал жіберілді.

Қаржылық бұзушылықтар анықталған «Алматы облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мeкeмеciнiң «Алматы облыстық Ш. Смағұлов атындағы мамандырылған дарынды балаларға арналған арнайы физика- математика орта мектеп интернаты», «Талғар ауданындағы Ю. Гагарин атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын № 8 арнаулы гимназиясы», «Өтеген батыр ауылының №5 облыстық психологиялық- медициналық-педагогтік консультациясы», «Есік қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты», «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясы», «Айналайын» балалар үйі»,   «Талдықорған дарынды балаларға

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»           мамандандырылған           лицей-интернаты»,

«Талдықорған қаласының №2 облыстық психологиялық-медициналық- педагогтік консультациясы», «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясы», «Қапшағай қаласының «№4 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемелері, барлығы 10 коммуналдық мемлекеттік мекемелер бойынша материалдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.

3.2.Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:

Мемлекеттік аудитпен қамтылған «Алматы облысының білім басқармасы»      мемлекеттік      мекемесінің      ведомствалық    бағыныштағы

 

коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражатты игеруге қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол толық жеткізілмеген және жекелеген мемемелер бойынша, барынша пайдалы нәтиже алу көрсеткіштері толық орындалмаған.

Анықталған қаржылық және рәсімдік бұзушылықтары қолданыстағы бюджеттік және басқада заңнамалардың талаптарының толық сақталмауынан орын алған.

3.3.Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

Негізгі (талдамалық) бөлікте аталған мәліметтерді назарға ала отырып:

  1. Мемлекеттік      аудит     іс-шараның     қорытындысы          Тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.
  2. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларына Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджеттік және басқада заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және келешекте қаржылық бұзушылықтарға жол бермеулері бойынша Тексеру комиссиясының Нұсқамалары ұсынылсын.
  3. Мемлекеттік аудитпен анықталған барлығы 283,2 мың теңге қаржылық бұзушылықтардың жергілікті бюджет есебіне өндірілуі қамтамасыз етілсін, ал 46,5 мың теңгеге қалпына келтіру жасалсын және Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзушылықтарына жол берген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігі қаралсын.

 

 

 

Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (14 парақ).

 

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                            Қ. Манамұратов

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ