Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Іле ауданы қорытынды

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 13.03.2019
Просмотры: 502 Печать страницы

 

Алматы облысы бойынша

тексеру комиссиясының төрағасы______________________ М. Мұсаев

 

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

1.Кіріспе бөлік

Аудиторлық іс-шараның атауы:

          Жергілікті бюджет қаражатының Қазақстан Республикасының бюджеттік  заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы.

Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Жергілікті бюджет қаражатының, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалануға және мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығына аудит жүргізу.

 Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1.«Іле  ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

2.«Іле  аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі;

3.«Іле ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау  бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

4.«Іле   аудандық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

5.«Іле  аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

6.«Іле ауданының балалар мен жасөспірім спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7.«Іле  ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

8.«Іле  ауданының жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

9. «Іле  ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

10.«Іле  ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

11.«Іле  ауданы әкімдігінің халықты  жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі;

12.«Іле  ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

13.«Іле   ауданының  ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

14.«Іле  аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

15.«Іле   ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

16.«Іле   аудандық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі;

17. «Іле ауданының Қараой  ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

18.«Іле ауданының  Боралдай кенті әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі

19. «Іле ауданының Жетіген ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі;

20.«Іле  ауданының  КазЦик ауылдық округі әкімінің  аппараты» мемлекеттік мекемесі;

21.«Іле  ауданының Энергетический ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

22. «Іле  ауданының Чапаев  ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

23.«Іле  ауданының Междуреченск ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

24.«Іле ауданының Байсерке ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

25.«Іле  ауданының Ашыбұлақ ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

26.«Іле ауданының Күрті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

Мемлекеттік аудит тобының құрамы (мемлекеттік аудиторлардың сертификаттарының нөмірлерін көрсете отырып):

Топ жетекшісі–бөлім басшысы- мемлекеттік аудитор Қалқаев Нұрқанат Көшербайұлы (№1192), бас маман - мемлекеттік аудиторлар: Бектенова Шынар Аскенқызы (№1163), Жұмашев Бөкейхан Қанабекұлы (№1395),  Қалдарбекова Гульвира Қуандыққызы (№0306), Муджаев Сәрсен Абдолдаұлы  (№0312),  Мусина Динара Жүрсінғалиқызы  (№0313),    Шиғамбаева  Сәуле  Сағындыққызы (№1355),Тұрсынбаев Саят Есболғанұлы (№0320),  Төребеков Ғалымжан Еренұлы  (№0319), Әлімханов Дінмұхамет Әлімханұлы (№0198), Тауханова Айгүл Бейбітқызы (№1353), Жүнісбеков Арман Мұратбекұлы  (№0193), Шағжанов Жасқайрат Іңкарұлы (1354), Пирмаков  Нұрман  Шаметұлы (0887), Үсенбаев  Жарқынбек Орынбасарұлы (1193), Сағынбеков Шалқар Жолдыбайұлы (1297), Өтегенов Ермек Қазыбекұлы (0321), Қазақбеков Ғабит Зәкіржанұлы (1350), Искакова Гүлжанат Тәңірбергенқызы (0305), жетекші маман - мемлекеттік аудитор ассистенті Нұрғожаев Марс Батырханұлы.

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:

          2017 жылдың қаңтарынан бастап, 2018 жылдың  желтоқсанын қоса алған кезең.

II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Алматы облысы Іле ауданына бөлінген бюджет қаражатының атқарылуына талдау жасау:

Мемлекеттік аудитпен кезеңде Іле ауданында бюджет есебінен жергілікті деңгейде аудан көлеміндегі барлық аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілері арқылы жергілікті деңгейде мемлекет саясатын іске асыруға  2017 жылы – 17053241,6   мың теңге, 2018 жылы – 24021253,2   мың теңге, жалпы  41074494,8   мың теңге бөлініп, игерілген. Осы көрсетілген қаражаттың нақты аудитпен қамтылғаны  39406033,1   мың теңге, оның ішінде тексерілетін жылдар бөлінісінде:  2017 жылы – 16291328,7   мың теңге, 2018 жылы – 23114704,4     мың теңге немесе жалпы ауданның шығыстарына қарастырылған қаражаттың 96,00 % мемлекеттік аудитпен қамтылды.

      Мемлекеттік аудит барысында жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың бюджет қаражатын пайдаланғанда бұзушылықтардың барлығы Қазақстан Республикасының Заңнамаларының нормаларын тікелей сақтамағандықтан орын алған, олардың басым бөлігі құрылыс, коммуналдық меншікті жалға беру, еңбек ақы, сыйақы, салық салу, мемлекеттік мекемелер бекітілген лимиттер және іс-сапар шығындары бойынша қабылданған заңнамалар бойынша.

      Мемлекеттік аудитте пайдаланылған көрсеткіш МӘНДІЛІК бойынша жалпы мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражаттың көлемінен анықталған бұзушылықтардың  көлемі 0,6 % құрағанын ескерсек ауданға жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты жүргізуге бөлінген қаражаттың қанағатанарлық деңгейде пайдаланған деген тұжырымға келуге болады.

      2.2. Алматы облысы Іле  ауданына жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері:

      Мемлекеттік аудитпен 2017 жылдың қаңтарынан бастап, 2018 жылдың  желтоқсанын қоса алған кезеңге 2019 жылдың 28 қаңтарынан 15 ақпаны аралығында тексеру комиссиясының тапсырмалары бойынша 26- мемлекеттік мекемелер мемлекеттік аудитпен қамтылды.

      Іле  ауданының мемлекеттік мекемелерінде аудит жүргізу барысында жалпы сомасы 39406033,1 мың теңге мың теңге қаражат қамтылып, 249239,9 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптары бұзылғаны анықталды, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 243626,9 мың теңге, бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған бұзушылықтар – 113,0  мың теңге,  тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы  5500,0 мың теңге. 

      Анықталған барлық бұзушылықтар 249239,9 мың теңгенің 62747,5 мың теңгесі бюджетке құйдыруға жатады,  қалпына келтіруге жататыны 180992,4 мың теңге, мемлекеттік аудит барысында  7880,4 мың теңгесі бюджетке құйдырылды,   53350,2 мың теңге есептілік бойынша қалпына келтірілді.  Сонымен қатар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны – 16 бірлік.

Оның ішінде жеке мекемелер бөлінісінде:

1.«Іле  ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

    ҚР Қаржы министірінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиhазымен және мемлекеттік органардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығының және Алматы облысы әкімінің 2018 жылғы 04сәуірдегі №36-ө н/қ өкімінің 2 қосымшасына сәйкес мекемеге бекітілген  лимит бойынша  4 дана қызметтік автокөлік және 1 дана кезекші автокөлік болуы тиіс,  алайда мекеменің 2019 жылдың 1 қаңтарына ұзақ мерзімді активтердің түгендеу  тізіміне сәйкес  мекеменің теңгерімінде 15-қызметтік және 1-кезекші автокөлік тіркелген. Белгіленген лимиттен артық қызметтік автокөліктің саны 10 бірлікті құрайды, бұл көліктерді ұстауға шығындар жасалмаған, осының ішінде 7 автокөлік сату үшін аукционға берілген, алайда осы уақытқа дейін сатып алушы табылмаған, ал 3 автокөліктер өзге жаққа жіберу үшін дайындалған.

     ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV Заңының 74 бабының 5 тармағы талабына сәйкес «Іле ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «Сапаков Р.Т.» ЖК арасында Іле ауданы әкімдігінің ғимаратындағы аумағы 31,80 шаршы метр бөлмесін  жалға беру жөнінде 10.05.2018 жылы №18711256 келісім шарты жасалған.  Осы келісім шарттың 11 тармағы  бойынша  әр айдың 28 жұлдызынан кешіктірілмей  12,0 мың теңге төленуі тиіс болса, аудит барысында бұл соманың уақытында төленбегені, сонымен қатар электр энергиясын пайдаланғаны үшін 10,0 мың теңге, жылу үшін 25,0 мың теңге төленбегені анықталды, барлығы  47,0 мың теңге жергілікті бюджет есебіне төленді.

    Мекеме «Асыл Қуат Құрылыс» ЖШС-імен 25536,0 мың теңгеге әкімшілік ғимаратына ағымдық жөндеу жүргізуге 31.10.2018 жылы  келісім шарт жасаған, осы келісім шарт бойынша ағымдық жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі 31.11.2018 ж. «Асыл Қуат Құрылыс» ЖШС-інің 17.11.2018 ж. №40 хатына сай жасалған 30.11.2018 ж. №01 қосымша келісіммен ағымдық жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі 25.12.2018 ж. дейін ұзартылған. Алайда 30.11.2018 ж. №01 қосымша келісімде көрсетілген мерзімде құрылыс жұмыстары мердігермен уақытында орындалмай және уақытында пайдалануға берілмеген, соның салдарынан келісімнің мерзімінен 44-күнге кешіктірілген және өткізілмеген. Жасалған құрылыс жұмыстардың сомасы 1500,0 мың теңгені құраған. Жалпы есептелген айппұл сомасы 66,0 мың теңгені құрайды (1500,0  *0,1%*44 күн = 66,0 мың теңге).

    2.«Іле ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 бұйрығына   және Алматы облысы Әкімінің 2018 жылғы 04-сәуірдегі «Алматы облысының мемлекеттік органдарындағы қызметтік автомобильдерінің тиесілік нормативі және техникалық қызметкерлер санының лимиті туралы» № 36-ө н/қ өкімінің 2-ші қосымшасына сәйкес  мекемеде 1-қызметтік  автокөлік  болуы  тиіс, алайда теңгерімдік құны  2100,0 мың теңгенің  «Kia Cerato» маркалы мемлекеттік тіркеу нөмірі B064СВ  1-қызметтік автокөлік белгіленген  лимиттен  артық екендігі  анықталды.

      ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  ережесінің» 287- тармақтарының талаптары сақталмай мекеме тарапынан жылдық есеп көрсетіштерінде 31.12.2018ж. (жылдық баланс) 263000 теңгеге бұрмалау жіберілген. 01.07.2018ж. деректер бойынша мекеме теңгерімінде 5646,6 мың теңге негізгі қорлар тіркелген,  31.12.2018ж. деректер  бойынша 10701,9 мың теңге тіркелген, осы екі аралық арасында, шығысталған  негізгі қорлар 1466,1 мың теңге көрсетілген, алайда екінші жартыжылдықта мемкемеде 1729,1 мың теңгенің негізгі қорлары есептен шығарылып,айырмасы 263000 теңгені құрады.  Аудит барысында  бұрмаланған бухгалтерлік есеп  деректерін, қалпына  келтіру жұмыстары жүргізілді 263000 теңгеге 2360 субшот бойынша дт 2391,7420  кт 2370 түзету проводкасы жасалды, бухгалтерлік есеп теңгерімінің деректері дұрыс қалпына келтіріліп  бухгалтерлік анықтама берілді.

       ҚР   2008 жылғы 4 желтоқсандағы  N 95-IV «Бюджет  кодексінің» 172 бабының 1), 3) тармақшаларының, 183 бабының 2 тармағының, 191-192 бабтарының  талаптары орындалмай, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» бағдарламасы бойынша берілген бюджеттік кредиттерді қайтаруда,  9-бюджеттік кредитті алушы тұлғалар бойынша, мемлекеттік аудит басталған күнге,   қайтарылмаған мерзімі өткен берешек қарыз  сомасы  208455 теңге, уақытында қайтарылмағаны үшін есептелген өсімпұл 3050 теңге. Бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өткен берешек қарыз сомасы өсімпұлмен қоса есептегенде 211505 теңгені құрады және бюджетке  уақытында  өндірілмегені анықталды, оның ішінде негізгі сомасы 208455 теңге, кредиттік пайыз мөлшері  0,0 теңге. 211505 теңге мемлекеттік аудит барысында жергілікті бюджет табысына құйдырылды.

      3.«Іле  ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:  ҚР Үкіметінің  2001 жылғы 29 тамыздағы «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» № 1127  қаулысының  4  тармағының 1 тармақшасының талаптары  сақталмай    2018  жылдың  шілде  айында  мекеменің  бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және орындау секторының меңгерушісі   Тенилбаеваға Б   ескерту түріндегі тәртіптік жазасы бола тұра 106,8 мың  теңге сыйақы негізсіз төленген.

       4.«Іле ауданы Әкімінің аудандық кітәпханасы» мемлекеттік мекемесі:

      ҚР   2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V «Еңбек кодексі» - нің 103 бабының 1 тармақшасы бойынша  жұмыскерге жұмыс уақытын есепке алу бойынша жұмыс берушінің құжаттарында есепке алынған нақты жұмыс істеген уақыт үшін төленуі тиіс болған, алайда жұмыс уақытын есепке алу табелі талаптары бұзылып мекеменің есепшісі А.Оразымбетоваға  2018 жылдың желтоқсан айында 19,7 мың теңге еңбекақы негізсіз артық төленген.

     5.«Іле ауданы Әкімінің аудандық жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі: ҚР  Үкіметінің  2001 жылғы 29 тамыздағы «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» № 1127  қаулысының  4  тармағының 3 тармақшасының талаптары  сақталмай    2018  жылдың  наурыз  айында  мекеменің  маманы   Е.Туракбаевқа 3 айлық сынақ мерзімінде жүрсе де 27,5 мың  теңге сыйақы негізсіз төленген. Аталған қаражат жергілікті бюджет есебіне аудит жүргізу кезінде құйдырылды.

     6.«Іле ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

     Мекемемен мердігер «AKA PROJECT» ЖШС-гі арасында 2017 жылдың 07 қыркүйегінде 111 жер телімінің қоныстандыру және жер кадастрлық жұмыстары негізінде 870,0 мың теңгеге №463/17-17 келісім-шарты жасалған. Келісім шартыттың 1 қосымшасына сай жұмыстарды аяқтау мерзімі 2017 жылдың 08 қазан айы болып айқындалған. 2017 жылдың 10 қарашасындағы жұмыстары қабылдап алу актісімен қабылданып алынған. «AKA PROJECT» ЖШС–і негізгі келісім шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттерін 2-күнтізбелік күнге кешіктіріп орындағаны анықталды. Бұл ретте негізгі келісім шарттың 8.3 тармағына сәйкес орындаушы жұмыстарды кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан (08.10.2017 - 10.10.2017 жыл 870000 теңге*0,1%*2 =1740 теңге.) 0,1% 1,7 мың теңге тұрақсыздық айыппұлы есептелді.   

    7. «Іле  ауданының  ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

  Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеуде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V «Еңбек кодексі», және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»  Ережесінің 116,117,118-тармақтарының талаптары бұзылып 158,0 мың теңге негізсіз артық төленен еңбекақы анықталды.

      Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуде  2018-жылы 27- мал иесіне 15029,0 мың теңге трансферт өтеліп берілген.  Бірақ осының ішінде 3- мал иелеріне ауру малдардың құжаттарын жиналмай 2018 жылдың 26 сәуірінде негізсіз артық 189,5 мың теңге аударылған,  бұл ҚР Ауылшаруашылығы министірлігінің 30.10.2014 жылғы №7-1-559 «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы»  бұйрығының 3 қосымшасына және  ҚР 2008 жылғы 04 желтоқсандағы №95-IV Бюджеттік Кодексінің 44бабына қайшы келеді.

    Мемлекеттік мекеменің 2017-2018 жылдардына қаржылық есептілік жасауында 412,6 мың теңгенің дебиторлық қарызы, 1111,9 мың теңгенің  кредиторлық қарызыдары   бойынша өткен жылдардың қарызы ретінде бухгалтерлік баланстың 215 жолында жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек ретінде көрсетілмегені анықталды. Мекеменің қаржылық есептілігінде барлығы 1524,5 мың теңгеге бұрмаланған қаржылық есептілік жасалып отыр, бұл өз кезегінде ҚР  Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» бұйрығының және ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»  Ережесінің 116, 117,118-тармақтарының талаптарының бұзылуына әкелген.

      8.«Іле  ауданының  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

   ҚР 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 санды «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 28, 60 баптары сақталмай, Іле ауданының «Ашыбұлақ ауылдық округіндегі жолдарын күрделі жөндеу» жұмыстарының сметалық құжаттамасында бюджетке қайтарылуға жататын сомасы 1884,46 мың теңге, «Байсерке ауылдық округіндегі жолдарын күрделі жөндеу» жұмыстарының сметалық құжаттамасында қайтарылуға жататын сомасы 1728,1 мың теңге, Күрті ауылдық округіндегі жолдарын күрделі жөндеу» жұмыстарының сметалық құжаттамасында қайтарылуға жататын сомасы 1282,13 мың теңге және Междуреченск ауылдық округіндегі жолдарын күрделі жөндеу» жұмыстарының сметалық құжаттамасында қайтарылуға жататын сомасы 1040,16 мың теңге жалпы сомасы 5935,0 мың теңге мердігерлермен қайтарылмағаны анықталды және бұл сома аудит барысында жергілікті бюджет табысына құйдырылды.

     9.«Іле ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

     ҚР Қаржы министрінің «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 бұйрығына   және Алматы облысы Әкімінің 2018 жылғы 04-сәуірдегі «Алматы облысының мемлекеттік органдарындағы қызметтік автомобильдерінің тиесілік нормативі және техникалық қызметкерлер санының лимиті туралы» № 36-ө н/қ өкімінің 2-ші қосымшасына сәйкес  мекемеде 1-қызметтік  автокөлік  болуы  тиіс, алайда  осы 2-ші қосымшаның талаптары сақталмай, теңгерімдік құны  877,5 мың теңгенің  «Фиат-Уно» 1-қызметтік автокөлігі белгіленген  лимиттен  артық екендігі  анықталды.

  ҚР   Үкіметінің «ҚР аумағында іссапар ережесін бекіту туралы» 2000 жылдың 22 қыркүйегіндегі №1428 (кейінгі толықтырулар мен өзгертулер енгізілген) қаулысының 9-тармағының 2-тармақшасының талаптары сақталмай 2018-жылдың  мамыр айында  мемеменің бас маманы Қ.Сарсеновке 20,0 мың теңге іссапар шығындары негізсіз өтеліп берілген, бұл сома аудит барысында жергілікті бюджет табысына құйдырылды.

     10. «Іле   аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

  ҚР 16.07.2001 жылғы №242 «ҚР сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметтері туралы» Заңының 9- тарауы 60-бабы 1-тармағының талаптары сақталмай, Іле ауданы Боралдай ауылының электр беру желілерін салу ретінде орындаушы мердігер - «Фирма ЛАН» ЖШС-гі атынан жобалау-сметалық құжаттамалармен қарастырылған уақытша салынған ғимараттар мен қондырғылардан қайтарылатын 137,6 мың теңге, Іле ауданының Жаңадәуір ауылына электр желілерін салу құрылысына  (2 кезең) орындаушы мердігер - «Кернеу-К»  ЖШС-гі атынан жобалау-сметалық құжаттамалармен қарастырылған уақытша салынған ғимараттар мен қондырғылардан қайтарылатын 566,99 мың теңге, Іле ауданының Ынтымак ауылына электр желілерін салу құрылысына (2 кезең)  орындаушы мердігер - «Art Prise» ЖШС-гі  атынан жобалау-сметалық құжаттамалармен қарастырылған уақытша салынған ғимараттар мен қондырғылардан қайтарылатын 482,52 мың теңге, Іле ауданының Көкқайнар ауылына электр желілерін салу құрылысына (2 кезең)  орындаушы мердігер «Кернеу-К» ЖШС-гі  атынан жобалау-сметалық құжаттамалармен қарастырылған уақытша салынған ғимараттар мен қондырғылардан қайтарылатын  468,87 мың теңге, Іле ауданының Еңбек ауылына электр желілерін салу құрылысына (2 кезең)  орындаушы мердігер «CK Global ibc» ЖШС-гі   атынан жобалау-сметалық құжаттамалармен қарастырылған уақытша салынған ғимараттар мен қондырғылардан қайтарылатын  808,31 мың теңге, Іле ауданы Қоянқұс ауылының сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу ретінде орындаушы мердігер- ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару комитеті түзіту мекемелерінің шаруашылық жүргізу құқындағы «Еңбек» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының «Еңбек-Жауғашты» филиалымен жобалау-сметалық құжаттамалармен қарастырылған уақытша салынған ғимараттар мен қондырғылардан қайтарылатын  561,80 мың теңге, Іле ауданы Қарасу ауылының сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу құрылысы ретінде орындаушы мердігер «Фирма Еламан» ЖШС-гі жобалау-сметалық құжаттамалармен қарастырылған уақытша салынған ғимараттар мен қондырғылардан қайтарылатын  287,99 мың теңге, Іле ауданының Жанаталап ауылының сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу ретінде орындаушы  мердігер  «Build  Enterprise Top»  ЖШС-гі  атынан жобалау-сметалық құжаттамалармен қарастырылған уақытша салынған ғимараттар мен қондырғылардан қайтарылатын 185,7мың теңге, Іле ауданының Түймебаев ауылының сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу ретінде орындаушы мердігер «TIME Строй» ЖШС-гі  атынан жобалау-сметалық құжаттамалармен қарастырылған уақытша салынған ғимараттар мен қондырғылардан қайтарылатын 297,1 мың теңге, Іле ауданының Жауғашты ауылының сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу ретінде орындаушы мердігер «КАЗАТКОМ» ЖШС-гі  атынан жобалау-сметалық құжаттамалармен қарастырылған уақытша салынған ғимараттар мен қондырғылардан қайтарылатын 739,1 мың теңге, Іле ауданының Қараой ауылының сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу ретінде орындаушы мердігер «Байқоңыр» ЖШС-гі  атынан жобалау-сметалық құжаттамалармен қарастырылған уақытша салынған ғимараттар мен қондырғылардан қайтарылатын 579,83 мың теңге, Іле ауданының Жаңадәуір ауылының сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу ретінде орындаушы мердігер «Қорғаныс ЛТД» ЖШС-гі   атынан жобалау-сметалық құжаттамалармен қарастырылған уақытша салынған ғимараттар мен қондырғылардан қайтарылатын  508,068 мың теңге, Іле ауданының Покровка  ауылының сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу ретінде орындаушы мердігер «АЙСЕМ и КО» ЖШС-гі   атынан жобалау-сметалық құжаттамалармен қарастырылған уақытша салынған ғимараттар мен қондырғылардан қайтарылатын 725,798  мың теңге, Іле ауданының Өтеген батыр кентінде кәрізжүйесін реконструкциялау және кәріз насостық станциясын салу үшін орындаушы мердігер «Шах Строй Сервис Снаб» ЖШС-гі    атынан жобалау-сметалық құжаттамалармен қарастырылған уақытша салынған ғимараттар мен қондырғылардан қайтарылатын  671,87 мың теңге, жоғарыда аталған құрылыс жұмыстары бойынша уақытша салынған ғимараттар мен қондырғылардан қайтарылатын барлығы 7021,0 мың теңге жергілікті бюджет есебіне қайтаруға жатады.

   ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы № 434-V «Мемлекеттік  сатып алу туралы» Заңының 43-бабының 24-тармағына сәйкес  Іле ауданы Қоянқұс ауылының сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу жұмыстарына мекеме Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының «Еңбек-Жауғашты» филиалымен 25.01.2017 жылы келісім шартын жасаған, сомасы 112539,3 мың теңгені құрайды. Қосымша шарттың 1 қосымшасының талабына сәйкес жұмыстардың орындалу мерзімі  2017 жылдың  25 қарашасы  белгіленген. Объектіні пайдалануға қабылдау актісі №191 22.12.2017 жылы жасалынған. Келісім шарттың  жалпы құны 112539,3 мың теңге, оның ішінде орындалмаған не тиесінше орындалмаған міндеттемелері 9,725,337.29 теңге (9,725,337.29*0,1%*150 күн). Тұрақсыздық айыппұлы 1458,8 мың теңге мөлшерінде жергілікті бюджет есебіне мердігерден қайтарылуы тиіс.

   ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 3тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген  «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу Ережесінің»244, 272 тармақтарыныңжәне Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығының16 тармағының талаптары сақталмай 2018 жылдын 15 қыркүйегіндегі қабылданған 64063,0 мың теңге құрайтын нысан «Жанаталап  ауылының сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу» бухгалтерлік есепке негізгі құрал ретінде 2330 бухгалтерлік шотына қойылмаған.

      11. «Іле  ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

      «Алматы облысы Іле ауданының Өтеген батыр ауылындағы 320 орындық балабақша жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтауға», мекеме «Капремпроект» ЖШС-гімен 14.12.2017 жылы келісім шарты жасалған,сомасы  33253,3 мың теңге, 2017 жылға – 500,0 мың теңге бөлінген, 2018 – жылға 32753,3 мың  теңге қарастырылған. Келісім шарт бойынша орындалған жұмыстарды өткізу мерзімі 11.09.2018ж. 2017ж. жұмыстарды атқарған актісімен мердігердің атына 500,0 мың тенге аударылған. 15.06.2018 жылы негізгі шартқа қосымша келісім жасалып, қаржыландырудың болмауына байланысты жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары тоқтатылған.   ҚР  2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV «ҚР  Бюджет  кодексінің»  4-бабының  талабы сақталмағандықтан 2017 жылы игерілген 500,0 мың теңге тиімсіз пайдаланған.

   «Алматы облысы Іле ауданының Өтеген батыр кентінде мәдениет үйін салу үшін  жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге» мекеме «Қазақ Жобалау Құрылыс» ЖШС-гімен 31.07.2017  жылы келісім шарты жасалған,сомасы  25737,6  мың теңге, 2017 жылға – 5000,0 мың теңге бөлінген, 2018 – жылға 20737,6 мың теңге қарастырылған. Келісім шарт бойынша орындалған жұмыстарды өткізу мерзімі 31.05.2018. 2017ж. жұмыстарды атқарған актісімен мердігердің атына 5000,0 мың тенге аударылған, негізгі шартқа қосымша келісім жасалып, қаржыландырудың болмауына байланысты жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары тоқтатылған.   ҚР  2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV «ҚР  Бюджет  кодексінің»  4-бабының  талабы сақталмағандықтан 2017 жылы игерілген 5000,0 мың теңге тиімсіз пайдаланған.

     «Алматы облысы Іле ауданының Қосөзен ауылындағы балабақша ғимаратын қайта жаңғырту құрылысын аяқтауы» бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы «Алматы облыстық құрылыс басқармасы» ММ-мен құрылыстың жалпы сметалық құны  248970,0 мың теңгеге бекітілген. ҚР 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60 бабының 1 тармағының талабы орындалмай, «Құрылысшы-ТБС» ЖШС-гі тарапынан жобалау-сметалық құжаттамада көзделген 668,6 мың теңге қаражатты уақытша ғимараттар мен құрылыстардан қайтаруды қамтамасыз етпеген.

     «Алматы облысы Іле ауданының Төле Би ауылындағы 300 орындық орта мектебінің құрылысы» бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы «Іле ауданының  құрылыс бөлімі» ММ-мен құрылыстың жалпы сметалық құны - 1065667,0 мың теңгеге бекітілген. ҚР 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «ҚР  сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60 бабының 1 тармағының талабы орындалмай, «Дуит-Телеком» ЖШС-гі тарапынан жобалау-сметалық құжаттамада көзделген 2035,8 мың теңге қаражатты уақытша ғимараттар мен құрылыстардан қайтаруды қамтамасыз етпеген.

     «Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кенті 50 пәтерлі несиелік тұрғын үйдің құрылыс» жұмысын жүргізуге «Техно Снаб 2002» ЖШС-і мен 06.09.2017 жылы  жасасқан келісімшарт құны 421120,0 мың теңге құрайды. «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі ҚР Заңының 60- бабының  1-тармағы  талабына қайшы, уақытша ғимараттар мен құрылыстардан жобалау-сметалық  құжаттамада  көзделген  595,5  мың теңге қаражатты мердігерден қайтаруды қамтамасыз етпеген.

     «Алматы облысы Іле ауданының Өтеген батыр кентіндегі 50 пәтерлі несиелік тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық жүйлерінің құрылысы және аббатандыру» жұмысын жүргізуге «Ақмола-Капчагайстрой» ЖШС-і мен 13.12.2016 жылы жасасқан келісімшрт құны 113092,4 мың теңгені құрайды.  «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі ҚР Заңының 60- бабының  1-тармағы  талабына қайшы, уақытша ғимараттар мен құрылыстардан жобалау-сметалық құжаттамада көзделген  52,7 мың теңге қаражатты мердігерден қайтаруды қамтамасыз етпеген.

«Алматы облысы Іле ауданының Ынтымақ ауылындағы 600 орындық орта мектебінің құрылысы» бойынша құрылысын жүргізуге «Бекжан Құрылыс» ЖШС- мен 28.07.2016  жылы № 467/16-11 келісім шарты жасалған. Келісім шарт бойынша орындалған жұмыстарды өткізу мерзімі 2017 жылдың 30 сәуірі болып белгіленген.

20.11.2017ж. №4 қосымша келісімімен негізгі келісім шарт бойынша орындалған жұмыстарды өткізу мерзімін 2017 жылдың 29 желтоқсаны болып өзгертілген.

13.04.2018ж. №6 қосымша келісімімен 2018 жылға69108,0 мың теңге бөлінген. «Бекжан Құрылыс» ЖШС-гі негізгі келісім шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттерін осы күнге дейін толық орындамағаны анықталды. Бұл ретте 43 бабының 24 тармағының және негізгі келісім шарттың 8.3 тармағына сәйкес орындаушы жұмыстарды, міндеттерді кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан 410-күнге 0,1% тұрақсыздық айыпұл 14918,9 мың теңгені бюджет есебіне өндірілмеген.

Сонымен бірге, бүгінгі күнге құрылыс аяқталмай, нысанды қолданысқа қабылдап алу актісімен қабылдап алмаған.

Қазақстан Республикасының 16.07.2001 жылғы №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі турал» Заңының 11- тарау,  73 бабының 7 тармағының талаптары бұзылып, Алматы облысы Іле ауданының Ынтымақ ауылындағы 600 орындық орта мектебінің құрылысы аяқталмай, аталған мектепті 2018ж. 01 қыркүйегінен пайдаланып отыр.

«Алматы облысы Іле ауданының Төле Би ауылындағы 300 орындық орта мектебінің құрылысы» бойынша 2016 жылдың 14 қарашасында № 467/16-44 келісім шарты жасалған. Келісім шарт бойынша орындалған жұмыстарды өткізу мерзімі 2017 жылдың 12 маусымы болып белгіленген.

17.03.2017ж. №2 қосымша келісімімен негізгі келісім шарт бойынша орындалған жұмыстарды өткізу мерзімін 29.08.2017ж. болып өзгертілген.

03.05.2018ж. №3 қосымша келісімімен 2018 жылға69185,5 мың теңге бөлінген.

Аталған нысанды 30.11.2018ж. «Нысанды қолданысқа қабылдап алу актісімен» қабылдап алған.

Бүгінгі күнге «Іле ауданыныңқұрылыс бөлімі» ММ-нің теңгерімінен «Іле ауданыныңбілім бөлімі» ММ-нің теңгеріміне өткізіліп берілмеген.

Қазақстан Республикасының 16.07.2001 жылғы №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі турал» Заңының 11- тарау,  73 бабының 7 тармағының талаптары бұзылып, Алматы облысы Іле ауданының Төле Би ауылындағы 300 орындық орта мектебі «Іле ауданының  білім бөлімі» ММ-нің теңгеріміне өткізіліп берілмеседе, аталған мектепті 2018ж. 01 қыркүйегінен пайдаланып отыр.

Сонымен бірге, «Дуит-Телеком» ЖШС-гі негізгі келісім шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттерін осы күнге дейін толық орындамағаны анықталды. Бұл ретте 43 бабының 24 тармағының және негізгі келісім шарттың 8.3 тармағына сәйкес, жұмыстарды орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда Тапсырыс беруші, Мердігер міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда Мердігерден мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын ұстап қалады немесе міндеттемелерін тиісінше орындамаған жағдайда орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын ұстап қалады. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасынан 10% артық болмауы тиіс. (263010,0*10%=26301,0 мың теңге.) 10% тұрақсыздық айыпұл 26301,0 мың теңгені бюджет есебіне ұстап қалып, өндірілмеген.

    Бұл жерде, Тапсырыс беруші тарапынан негізгі келісім шарттың 8.3 тармағының талабы орындалмай, Мердігер «Дуит-Телеком» ЖШС-нен 10% тұрақсыздық айыпұл 26301,0 мың теңгені ұстап қалып, бюджетке аударуға мүмкіндігі бола тұра, негізгі келісім шартқа жасалған 03.05.2018ж. №3 қосымша келісімімен 2018 жылға  бөлінген 69185,5 мың теңгені, келесі төлем тапсырмаларымен: 09.08.2018ж. №4671002/18-228 – 20 000,0 мың теңге, 27.12.2018ж. №4671002/18-418 – 24592,7 мың теңге, 28.12.2018ж. №4671002/18-4434- 24592,7 мың теңге, жалпы сомасы 69185,5 мың теңгені Мердігер «Дуит-Телеком» ЖШС-ң атына аударып берген.

   Бүгінгі күнге «Дуит-Телеком» ЖШС-гі тарапынан «Алматы облысы бойынша арнайы ауданарлық экономикалық сотының» 04.05.2018ж. қосымша шешімімен міндеттеген 26301,0 мың теңге айыппұлы бюджет есебіне өндіруі қамтамасыз етілмеген.

Сонымен бірге, ҚР 16.07.2001 жылғы №242 «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі турал» Заңының 34-1 бабының талаптары және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71  «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының  3 тарауы 14 тармағының талаптары, негізгі келісім шарттың 6.1 тармағының талабы бұзылып, атқарылмаған, орындалмаған жұмысқа технологиялық бақылаушының қолы қойылып, мөрімен бекітіліп, мектеп жабдықтарына 4000,0 мың теңге қаражат негізсіз аударылып, бүгінгі күнге мектеп жабдықтары толық жеткізіліп берілмеген, қалпына келтіруге жатады.

  • жылы  жасасқан келісімшарт құны 1530,0 мың теңге құрайды. Шартың 2.3-тармағында аталған 1 қосымшасына сәйкес жұмыстың орындалуы мерзімі 05.10.2018 жыл дейін белгіленген. 2018 жылға жоспарланған қаражат толық игерілген және қорытындысы 15.10.2018 ж берілген.  Шартың 4.1 –тармағының 1)-тармақшасының талабына қайшы, Шартың 2.2-тармағында аталған 1 қосымшасына сәйкес өзіне қабылдаған міндеттерін  тиісінше орындамай 12 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындаған. Бұл ретте негізгі келісім шарттың 8.3-тармағына сәйкес орындаушы жұмыстарды кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан (15.10.2018-17.10.2018 жыл  1530019 теңгеден*0,1%*12 күн= 18360 теңге) 0,1% тұрақсыздық айыпұл немесе 18,3 мың теңгені бюджет есебіне өндіруге тиіс.

     «Іле ауданы құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі Өтеген батыр кентінде 60 пәтерлі тұрғын үйдің инженерлік коммуникациялық жүйелерінің құрылысына»  даярланған жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүргізуге «Экспертиза РRO» ЖШС-і мен 10.12.2018 жылы  жасасқан келісімшарттың құны 1054,5 мың теңгені құрайды. Шартың 2.3 тармағында аталған 1 қосымшасына сәйкес жұмыстың орындалуы мерзімі 30.12.2018 жылға дейін белгіленген. Негізгі жасалған Шартың 4.1 –тармағының 1)-тармақшасының талабына қайшы,  шарттың 2.3 тармағында аталған 1 қосымшасы бойынша қабылдаған міндеттерін тиесінше орындамай  29 күнтізбелік күнге кешіктірілген, аудит жүргізу кезеңінде қорытын берілмеген. Бұл ретте негізгі келісім шарттың 8.3 тармағына сәйкес орындаушы жұмыстарды кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан (30.12.2018-28.01.2019 жыл 1054476 теңгеден*0,1%*29 күн=30580 теңге) 0,1% тұрақсыздық айыпұл немесе 30,6 мың теңгені бюджет есебіне өндіруге тиіс.

     «Алматы облысы Іле ауданының Өтеген батыр кентіндегі 50 пәтерлі несиелік тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық жүйлерінің құрылысы және аббатандыру жұмысын» жүргізуге «Ақмола-Капчагайстрой» ЖШС-і мен 13.12.2016 жылы жасасқан келісімшарт құны 113092,4 мың теңге құрайды. Жұмыстың орындалуы мерзімі 12.04.2017 жылға дейн белгіленген. Нақты жұмысты толық орындаған уақыты 25.12.2018 жыл. Мердігер негізгі шарттың 4.1 –тармағының 1)-тармақшасының талабына қайшы, шартың 2.3-тармағында аталған 1 қосымшасына сәйкес өзіне қабылдаған міндеттерін тиісінше орындамай  92 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындаған. Бұл ретте негізгі келісім шарттың 8.3- тармағына сәйкес орындаушы жұмыстарды кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан  92-күнге 0,1% тұрақсыздық айыпұлы есептеліп  574,2 мың теңгені бюджет есебіне өндіруге тиіс.

12. «Ілеауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

    ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесін бекіту туралы» қаулысының «Білім беру саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар» 4 қосымшасының 3 реттік нөмірі бойынша жазбаша жұмыстарды тексергені үшін 5-11 (12) сынып мұғалімдеріне шет тілі бойынша базалық лауазымдық ақыдан 20% қосымша ақы төленуі тиіс болса, 2017-2018 оқу жылы мен 2018 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында Іле ауданының мектептерінің ағылшын тілі  пәні мұғалімдеріне базалық лауазымдық ақыдан 25% қосымша ақымен есептеліп, осылайша барлығы 800,8 мың теңге еңбекақыға бюджет қаржысы негізсіз артық төленген.

  ҚР 16.07.2001 жылғы №242 «ҚР сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметтері туралы» Заңының 1- тармақ 60-бабының талаптары және ҚР 8.02-09-2002 жылғы құрылыс нормаларының жиынтығының 3.4 бабының талаптары сақталмай, мердігерлер «Еңбек» ЖШС және «MS-Stroy» ЖШС атынан жобалау-сметалық құжаттамалармен қарастырылған уақытша салынған ғимараттар мен қондырғылардың 481,9 мың теңге  сомасы жергілікті бюджет есебіне қайтарылмаған.

     ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  ережесінің»  2- тармағы талабына қайшы аудан мектептерінде сұйық отынның есептен шығарылуына жауапты тұлғалар 2018 жылдың төртінші тоқсанында уақытша сақтауға берілген 305697 литр жалпы сомасы 52617,2 мың теңге  сұйық отынды мекеменің шығынына негізсіз жатқызып жіберген. Аудит барысында сәйкесінше бухгалтерлік  проводка беріліп, сұйық отын білім бөлімінің есебі бойынша кіріске алынды.

 ҚР  Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығы, «Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» ҚР  Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы №630 бұйрығы, «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығы талаптарына сәйкес «НДОУ «Родничок» ЖК-іне 53698,7 мың теңге берешек қарыз, «Сейтканова» ЖК-іне «Еркенұр» жекеменшік балабақшасы бойынша 1287,8 мың теңге берешек қарыз, барлығы 54986,5 мың теңге берешек қарыз 2019 жылдың 1 қаңтарына мекеме есебіне қойылмаған.

    13.Іле  ауданының  «Междуреченск  ауылдық  округінін әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

    ҚР  Үкіметінің  2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекiтiлген «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен ҚР органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесінің» 4 тармағының 3 тармақшасының талаптары бұзылып аудитпен қамтылған кезеңде барлығы негізсіз  төленген сыйақы сомасы 153,5 мың теңге анықталды.

     ҚР 16.07.2001 жылғы №242 «ҚР сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметтері туралы» Заңының 1- тармақ 60-бабының талаптары және ҚР 8.02-09-2002 жылғы құрылыс нормаларының жиынтығының 3.4 бабының талаптары сақталмай, мердігерлер «Amanat Stroy» ЖШС және «БаЕРС и К» ЖШС атынан жобалау-сметалық құжаттамалармен қарастырылған уақытша салынған ғимараттар мен қондырғылардан қайтарылатын  90,1 мың теңге  сомасы жергілікті бюджет есебіне қайтарылмағаны анықталды.

   ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43 бабының 24 тармағының талаптарын сақтамай  мердігер Іле ауданының Междуреченск ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Amanat Stroy» ЖШС-і шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттерін мерзімінде орындамағаны үшін, кешіктірген мерзімге тапсырыс беруші мен өнім беруші арасындағы келісім шарттың 8.3 тармағына сәйкес белгіленген мерзімді бұзғаны үшін әрбір мерзімі өткен күніне шарттың орындалмаған мөлшерінің 0,1% көлемінде 113,7 мың теңге тұрақсыздық айыппұлы есептелді. (2643,4*0,1%*43 күн 113,7)

       14. Іле  ауданының  «Чапаев  ауылдық  округінін әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

  ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, ҚР Парламенті депутаттарының ҚР шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» (өзгертулер мен қосымшалармен)  қаулысының қағидасының 2 тармағының талаптары орындалмай, 2018 жылы  бас маман Е.Исабаеваға  әкім өкімі шықпай 2018 жылы 16 сәуірде №3 аванстық есебі негізінде 67,2 мың теңге іссапар шығындары негізсіз төленген. Аудит барысында бюджет есебіне қайтарылды.

    15.Іле  ауданының  «Қараой  ауылдық  округінін әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

     ҚР  Үкіметінің 22.09.2000 жылғы № 1428 «ҚР аумағында мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының қызметтік іс-сапары ережесі туралы» қаулысының (өзгертулер мен қосымшалармен)  2-тармағының талаптары сақталмай, бақылаумен қамтылған 2018  жылдың  желтоқсан айында округ әкімі Д.Қазербаевқа  бұйрық шығарылмай негізсіз 36,4 мың теңге  көлемінде іс-сапар шығындары төленгені анықталды.

    16.Іле  ауданының  «Күрті  ауылдық  округінін әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

     ҚР  Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  ережесінің» талаптарының 244-тармағы, және  ҚР  Қаржы министрінің 15.06.2010жылы № 281 бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының  бұйрығының» 20 тармағы № (енгізілген өзгерістер мен толықтырулар) негізін басшылыққа алмаған. «Тапсырыс беруші» 470,0 мың теңгенің өнімдерін  төлем шотымен төлеп, шот фактура бойынша қабылдап алған бірақ бухгалтерлік есепке материалдық емес активтер ретінде  алмаған. Яғни, 2017 жылы  тамыз, желтоқсан айларында алынған 470,0 мың теңгеге өнімдер бухгалтерлік есепке 2018 жылы материалдық емес активтер ретінде қойылмаған.

     17.Іле  ауданының  «Боралдай  ауылдық  округінін әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

      ҚР  Үкіметінің 22.09.2000 жылғы № 1428 «ҚР аумағында мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының қызметтік іс-сапары ережесі туралы» қаулысының 2 тармағының талаптары сақталмай, бақылаумен қамтылған 2017  жылдың  мамыр  айында  мемеменің  маманы А.Алмумановқа  бұйрық шығарылмай негізсіз 16,6 мың  теңге  көлемінде іс-сапар шығындары негізсіз төленгені анықталды.

  1. 2017 жылғы бухгалтерлік баланста дебиторлық берешек көрсетілмеген. Мемлекеттік аудит жүргізу барысында "АлматыЭнергосбыт" ЖШС алдында салыстыру актілеріне сәйкес 89,9 мың теңге сомасындағы дебиторлық берешек анықталды. ҚР  Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің»" 114 тармағының талаптарының сақталмауы: "АлматыЭнергосбыт" ЖШС алдындағы 89,9 мың теңге сомасындағы дебиторлық берешектің көрсетілмеуі 2017 жылғы қаржылық есептің бұрмалануына әкелген.

19. Ілеауданының«Байсеркеауылдықокругінін әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

     Мекемемен «Art Price» ЖШС–і арасында 2017 жылдың 25 шілдесінде Байсерке ауылдық округі әкімдігінің ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары на  53200,0 мың теңгеге №1231226/17-21 келісім-шарты жасалған. Келісім шартыттың 1 қосымшасына сай жұмыстарды аяқтау мерзімі 2017 жылдың қазан айы болып айқындалған. 2017 жылдың 07 желтоқсанындағы жұмыстары қабылдап алу актісімен қабылданып алынған. 2017 жылдың 09 қазанындағы техникалық кеңестің хаттамасына сәйкес 2017 жылдың 23 қазанында негізгі келісім-шартқа қосымша келісім жасалып мерзімі ұзартылған. Техникалық кеңестің хаттамасында «Art Price» ЖШС-гі құрылысқа рұқсатты кеш алғандарына байланыста жөндеу жұмыстарының 2017 жылдың 20 қыркүйегінде басталғандығын айтқан және сол жағдайға байланысты құрылыс монтаж жұмыстарын 2017 жылдың 15 желтоқсанына дейін ұзартуды сұраған. Яғни, өнім беруші қызметті көрсетудің неғұрлым үздік сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларын не мерзімдерін және (немесе) талаптарын ұсынбаған.2017 жылдың 23 қазанында жасалған қосымша №1231226/17-21-1 келісім негізсіз жасалған және жұмыстарды аяқтау мерзімі негізсіз ұзартылған.

   Мердігер «Art Price» ЖШС–і негізгі келісім шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттерін 37 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындағаны анықталды. Бұл ретте негізгі келісім шарттың 8.3 тармағына сәйкес орындаушы жұмыстарды кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан (01.11.2017-07.12.2017жыл 14325995 теңге*0,1%*37=530025 теңге.) 0,1% тұрақсыздық айыппұл  530,0 мың теңгені есептемеген және бюджет есебіне өндірілмеген.

       Келесі мемлекеттік мекемелерде бұзушылықтар анықталмады:

1.«Іле  аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі;

2.«Іле  ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

3.«Іле  ауданының қаржы  бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

4.«Іле ауданының балалармен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5.Іле  ауданы әкімдігінің «Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6.Іле  ауданы әкімдігінің «Жетіген ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7.Іле  ауданы әкімдігінің «Каз ЦиК ауылдық округі әкімінің аппараты»коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

III. Жиынтық бөлік

Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Мемлекеттік аудит барысында жалпы анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасынан 7880,4 мың теңге жергілікті бюджет есебіне құйдырылды және 53350,2 мың теңге қаржылық есептілік қалпына келтірілді, соның ішінде:

- «Іле  ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 113,0 мың теңге;

- «Іле  ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 5935,0 мың теңге;

-«Іле  ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 19,7 мың теңге;

- «Іле  ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінде 27,5 мың теңге;

- «Іле  ауданының білім  бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 1282,7 мың теңге;

- «Іле  ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 20,0 мың теңге;

- Іле  ауданы әкімдігінің    «Междуреченск  ауылдық  округінін әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 203,8 мың теңге;

- Іле  ауданы әкімдігінің    «Чапаев  ауылдық  округінін әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 67,2 мың теңге;

-«Іле ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау  бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 211,5  мың теңге және  263,0 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды.

- Іле  ауданы әкімдігінің    «Күрті  ауылдық  округінін әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 470,0 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды;

- «Іле  ауданының білім  бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 52617,2 мың  теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды.

      «Іле  ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде және  Іле  ауданы әкімдігінің    «Қараой  ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жауапты тұлғаларға ескертулер жарияланды.

      «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң «Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» мемлекеттік мекемесіне 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің» тиісті баптарымен әкімшілік жаза қолдану мақсатында  «Іле ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау  бөлімі» мемлекеттік мекемесінде -1, «Іле  аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі» мемлекеттік мекемесінде -3, «Іле ауданының ветеринария  бөлімі» мемлекеттік мекемесінде -1, «Іле ауданының білім  бөлімі» мемлекеттік мекемесінде -2, «Іле ауданының құрылыс   бөлімі» мемлекеттік мекемесінде -3, Іле  ауданы әкімдігінің    «Междуреченск  ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде -1, Іле  ауданы әкімдігінің    «Күрті  ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде -1, Іле  ауданы әкімдігінің    «Энергетический  ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде -1, Іле  ауданы әкімдігінің    «Байсерке  ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде -1, бойынша барлығы  14-материал жіберілді.

     Осылармен  қатар  «Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау  басқармасы»  мемлекеттік  мекемесіне 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің» тиісті  баптарымен әкімшілік жаза қолдану мақсатында  «Іле ауданының құрылыс   бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 4-материал, Іле  ауданы әкімдігінің    «Междуреченск  ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік  мекемесі бойынша 1-материал, барлығы 5-материал жіберілді.

     Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:

     Жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалануға және мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығы және дұрыстығы бойынша сәйкестік аудитімен Іле ауданында 26-мемлекеттік мекемелер бойынша  39406033,1 мың теңге қаражат қамтылып, 19-мемлекеттік мекемелерде жалпы сомасы 249239,8 мың теңге көлемінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзушылықтарына жол берілгені анықталды, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 243626,9 мың теңге, бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған бұзушылықтар – 113,0 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы 5500,0 мың теңге.

      Анықталған барлық бұзушылықтар 249239,9 мың теңгенің 62747,5 мың теңгесі бюджетке қайтаруға  жатады,  қалпына келтіруге жататыны 180992,4 мың теңге, мемлекеттік аудит барысында  7880,4 мың теңгесі бюджетке құйдырылды,   53350,2 мың теңге есептілік бойынша қалпына келтірілді.      Осымен қатар бюджет қаражаты мен активтерді пайдалану бойынша 16- бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

     Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражатты игеруге қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол толық жеткізілмеген және жекелеген мемемелер бойынша барынша пайдалы нәтиже алу көрсеткіштері толық орындалмаған.  Анықталған қаржылық және рәсімдік бұзушылықтары қолданыстағы бюджеттік және басқада заңнамалардың талаптары бұзылғаннан орын алған.

  Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

  Негізгі (талдамалық) бөлікте аталған мәліметтерді назарға ала отырып:

  1. Мемлекеттік аудит іс-шараның қорытындысы  Тексеру  комиссиясының отырысында қаралсын.
  2. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларына Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджеттік және басқада заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және келешекте қаржылық бұзушылықтарға жол бермеулері бойынша Тексеру комиссиясының Нұсқамалары ұсынылсын.

3. Іле ауданының әкіміне:

- «Іле  ауданы әкімдігінің халықты  жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінде 106,8 мың теңге, «Іле  ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 1,7 мың теңге, «Іле  ауданының  ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 347,5 мың теңге, «Іле  аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 8479,0 мың теңге, «Іле  ауданының  құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 45195,6 мың теңге, Іле  ауданы әкімдігінің    «Междуреченск  ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 153,5 мың теңге, Іле  ауданы әкімдігінің    «Боралдай  ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 16,6 мың теңге, Іле  ауданы әкімдігінің    «Байсерке  ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 530,0 мың теңге, Іле  ауданы әкімдігінің    «Қараой  ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 36,4 мың теңге  барлығы  54867,1 мың теңге жергілікті бюджет есебіне құйдыруды қамтамасыз етілсін.

- Іле  ауданының  ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 1524,5 мың теңгеге, «Іле  ауданының  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 54986,5 мың теңгеге, «Іле  ауданының  құрылыс  бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 4000,0 мың теңгеге, «Іле  ауданының  ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 877,5 мың теңгеге, «Іле ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау  бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2100,0  мың теңгеге, «Іле  аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 64063,8 мың теңгеге, Іле  ауданы әкімдігінің    «Энергетический  ауылдық  округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 89,9 мың теңгеге, барлығы 127642,2 мың теңгеге есептілік бойынша қалпына келтірілуі қамтамасыз етілсін.

  • «Іле ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау  бөлімі», «Іле   аудандық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі», «Іле  ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі», «Іле  ауданының жер қатынастар бөлімі», «Іле  ауданының білім бөлімі», «Іле  ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», «Іле  ауданының  ветеринария бөлімі», «Іле  аудандық  тұрғын  үй  коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі»,  «Іле   ауданының құрылыс бөлімі», «Іле   аудандық кітапханасы», «Іле  ауданының Қараой  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты», «Іле ауданының  Боралдай кенті әкімінің аппараты», «Іле  ауданының Энергетический ауылдық  округі әкімінің аппараты», Іле  ауданының Чапаев  ауылдық  округі әкімінің аппараты», «Іле  ауданының Междуреченск ауылдық округі әкімінің аппараты», «Іле ауданының Байсерке ауылдық округі әкімінің аппараты», «Іле ауданының Күрті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік  мекемелерінде Қазақстан  Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзушылықтарына  жол берген мекеме басшыларымен  лауазымды тұлғалардың  тәртіптік жауапкершілігі  қаралсын.
  • Тексеру комиссиясының мүшесі және №1 мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы  белгіленген  тәртіппен «Іле   ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аудит материалдарын процессуалдық шешім қабылдау мақсатында құқық қорғау органдарына жолдауға дайындасын.

     Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар  мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (20 парақ), мемлекеттік аудит объектілерімен жергілікті бюджетке қайтарылған және қалпына келтірілген қаражаттар туралы ақпарат (2 парақ).

 

 

 

Тексеру комиссиясының мүшесіҚ. Сағымбаев

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ