Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Новости

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау туралы

Категория: Новости
Дата: 24.05.2024
Просмотры: 1750 Печать страницы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау туралы

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 24 ақпандағы № 43 бұйрығымен Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2024 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарындағы іс-шараларды сапалы және уақытылы орындау мақсатында  2024 жылдың 24 мамыры сағат 10:00-де Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы – әдеп жөніндегі уәкіл Н.Р.Рақышевтың төрағалығымен және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының бастығының м.а. Д.Е. Абикулов пен превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Е.Т. Игіліковтің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) әзірленген материалдармен таныстыру, оның ішінде іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау туралы тексеру комиссиясының қызметкерлерімен жиналыс өтті.

Жиналыста тексеру комиссиясы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы қадағалансын ақпараты назарға алынды. Тексеру комиссиясының мүшелері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бөлігінде аудиторлық іс-шара кезінде мемлекеттік аудиторлардың қызметіне бақылауды күшейтілуі бойынша айтылып, іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау мәселелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ