Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
![]() |
Президент Республики Казахстан |
Новости
Іле ауданының жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекетт
Категория: Новости | |
Дата: 16.06.2025 | |
Просмотры: 36 | Печать страницы |
Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының Іле ауданының жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің жүргізілген негізгі қорытындылары
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылға аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Іле ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті жүргізілген. Аудитпен 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2024 жылдың 31 желтоқсан аралығындағы кезең қамтылды.
Іле ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен барлығы 24 776 205,2 мың теңге қамтылып, жалпы сомасы 1 727 219,2 мың теңге көлемінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда:
- Қаржылық бұзушылықтар 58 305,4 мың теңге, оның ішінде: бюджет есебіне өтелуге жататыны – 6 176,1 мың теңге және қалпына келтірілуге тиіс бұзушылықтар сомасы – 52 129,3 мың теңге;
- Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жағдайларда тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаттары 1 613 594,7 мың теңге және тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаттары 60 032,5 мың теңге.
Сонымен қатар 68 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 8 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік аудит барысында 234-1 бабымен «Іле ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша хаттама толтырылып, 196,6 мың теңге айыппұл төленді.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабы бойынша 2 материал, 238 бабы бойынша 5 материал, барлығы 7 материал әкімшілік жауапкершілікті қарау үшін жолданып, қазіргі уақытта қаралуда.
Аудит объектілері тарапынан анықталған заңбұзушылықтардың салдарын барынша азайтуға бағытталған шаралар, атап айтқанда өтелуге тиіс қаражаттардың 2 405,2 мың теңгесі жергілікті бюджет есебіне өтелуі және 38 490,0 мың теңгенің бұзушылықтары қаржылық есептілікте қалпына келтірілуі фактілерін назарға алу және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін жұмыстар жүргізілуде.
«Іле ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мердігерлердің мемлекеттік сатып туралы келісім шарттардың міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін есептелген 1 250,1 мың теңге көлеміндегі айыппұл сомаларын 206109 бюджеттік кодына өндіру туралы, «Іле ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне өтелмеген 2 520,8 мың теңгені жергілікті бюджет есебіне өндіру және 13 639,3 мың теңгені қалпына келтіру туралы, «Іле ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Іле ауданының аудандық мәдениет үйі» КМҚК-ның және Ақши ауылдық мәдениет үйінің штаттық кестелеріне өзгерістер енгізу және кінәлі тұлғалардын жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар жолданды.
https://www.instagram.com/reel/DK9TIjvNZ69/?igsh=MTVldjRxd2I4eHJiNA%3D%3D