Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ Ақсу ауданы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 18.10.2021
Просмотры: 1388 Печать страницы

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы:Ақсу ауданыныңжергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдаланунатиімділік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты:Ақсу ауданыныңжергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділгіне аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі;

2.  «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

3. «Ақсу аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мемлекеттік мекемесі;

4. «Ақсу аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

5. «Алматы облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

6. «Ақсу аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

7.«Ақсу аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

8. «Ақсу ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

9. «Ақсу аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

10. «Ақсу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

11. «Ақсу аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

12. «Ақсу ауданының Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

13. «Ақсу ауданының Егінсу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

14. «Ақсу ауданының Арасан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

15.  «Ақсу ауданының Көшкентал ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі;

16. «Ақсу ауданының Молалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

17. «Ақсу ауданының Қапал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

18. «Ақсу ауданының Қызылағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

19. «Ақсу ауданының Суықсай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

20. «Ақсу ауданының Ойтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

21. «Ақсу ауданының Матай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

22. «Ақсу ауданының Жансүгіров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

23. «Ақсу ауданының Жаңалық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

24. «Ақсу ауданының Қаракөз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

25. «Ақсу ауданының Барлыбек Сырттанов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

26. «Ақсу ауданының Есеболатов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

27. «Ақсу ауданының Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

28. «Ақсу ауданының Қарашілік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2020 жылдың 31желтоқсан аралығы (1 мемлекеттік аудит объектісі бойынша 2021 жылдың 10 тамыз аралығы).

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

Аудан бойынша  2020 жылдың әлеуметтік –экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша көрсеткіштердің  орындалуына негізінен бюджеттен қаржыландыру есебінен аудандық құрылымдық бөлімдердің атқарған жұмысының нәтижесінде қол жеткізілді.

Өнеркәсіп өндірісі саласы. 2020 жылы өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 4100 млн теңге жоспары кезінде 5930,8 млн теңгені құрады. Ақшалай мәнде өсу қарқыны 144,7% - ды құрады, бұл ретте нақты көлем индексі 101% болжамды жоспарлау кезінде 95,6% - ды құрады, көрсеткішке қол жеткізбеу тамақ өнімдері өндірісінің 94,2% - ға дейін, оның ішінде сүт және ірімшік өндірісінің 93,4% - ға дейін, нан және мақта бұйымдары 83,4% - ға дейін, қант 92,5% - ға дейін төмендеуімен байланысты. Осыған байланысты өңдеу өнеркәсібіндегі нақты көлем индексі жоспардағы 101% - ға қарағанда 95,6% - ды құрады.

Ауыл шаруашылығында өндірілген өнім көлемі өткен жылдың деңгейіне   102,8%  құрады, нақты  39 млрд 737 млн теңгенің өнімі өндірілді, Жылдық болжам  36 657 млрд теңге 108,4% орындалды. Егін шаруашылығының жиын-терін жұмыстары, қант қызылшасынан басқасы, жоспарланған көлемде толық  аяқталған. Дәнді дақылдар 29650га себілген, 74198 тн өнім алынды, жоспары 105% орындалды. Майлы дақылдар 15621 гектарға себілген,  өнім көлемі 102,6% құрады, 30919 тонна өнім алынды. Қант қызылшасының жоспарланған көлемде 3167 гектар себілген,87600  га өнім жиналды.

Шағын және орта кәсіпкерлік, сауда саласында жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің үлесі жоспар бойынша 90,5%, орындалуы 91,8% құрады, бөлшек сауда көлемі 96,5% - ға орындалды. Көрсеткіштің орындалмауы кароновирус пандемиясымен және карантиндік шараларды қолданумен байланысты. Жыл соңына  жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 117 бірлікке артып, 3687 бірлікті құрады,  өткен жылдың сәйкес кезеңіне 104,1% (2019 - 3541 бірлік).

Осы салада жұмыс істейтіндердің саны 6,5 мың адамды құрады, 100,2%.

- өндірілген өнім мен қызмет көлемі өткен жылмен салыстырғанда   26 млрд 200 млн теңгені құрады. (2019ж- 26139 млн тг.)

- бюджетке 1029,3 мың тг салықтар түсті,   өткен жылдың деңгейінен 418 млн тг артты,  168,5% (2019- 610,7 млн тг).

Жергілікті бюджетке салықтардың үлесі 2019 жылмен салыстырғанда 24,3%ден   35,2% дейін ұлғайған.

Өңірлік өнім көлеміндегі үлесі 23-тен 26% дейін артқан.

Сауда, қызмет көрсету саласында 7 жаңа нысанды іске қосу жоспарланған,   5 нысан  іске қосылды, жоспардың  орындалуы 71,4%.   "Бизнестің жол картасы 2025" бағдарламасымен 2  субъектіге 35 млн теңгеге 1 грант және 1 субсидия  берілген.

Негізгі капиталға инвестиция көлемі 15 млрд 858 млн теңгені құрады,  өткен жылмен салыстырғанда нақты көлемі 115,3% құраған.

Жылдық жоспар 100,1% орындалды, (жоспар 15850 млн тг). Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар құрылымында:

- жеке инвестициялардың үлесі 72%, немесе 8 млрд теңгені құраған.

Бұл көрсеткішке қант зауытын одан әрі жаңғырту және Алматы-Өскемен автомобиль, Лепсы -Ақтоғай жолын қайта жаңарту, Ислам банк арқылы каналдарды жаңарту бойынша жұмыс көлемі есебінен қол жеткізіледі.

2021 жылдың жоспары  – 18,5 млрд теңге,  келесі  6 жобалар жүзеге асырылғанда  орындалады деп күтіледі: 

- "Агрохолдинг Ақсу" ЖШС Қызылағаш ауылдық округінде 620 аналық мал басына арналған сүт-тауар фермасын салу;

- Матай ауылдық округіндегі "Қаратал" ЖШС Филе  және артемия рачки цехының құрылысы,   523 млн. теңге;

- Жансүгіров ауылдық округінде   2 АЗС кешеннің құрылысы,   700 млн. теңге;

- Жансүгіров ауылдық округіндегі "Ақсу ГЭС" ЖШС форельшаруашылығының құрылысы,   515,2 млн. теңгені құрайды;

- Жаңалық ауылдық округінде "Алатау Эко БИФ" ЖШС ІҚМ өсіру бойынша ферма салу,   652 млн. теңге;

- жалпы сомасы 500 млн.теңгеге "Ақсу Кант" ЖШС жаңғырту.

Ауданның суару желілерін қайта құру және жөндеу  жобасының   қаржыландыру  көлемі қосымша есепке алынады.

Білім беру саласында барлығы 51 білім беру ұйымы, оның ішінде 41 орта мектеп, оқушылар саны 7453. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 33 млн.теңгеге 4 мектептің спорт алаңында ағымдағы жөндеу жүргізілді (мектеп сыдықов, каракемер, тоқтаров, кеңжыра).

- ауданда 8 балабақша бар (7 мемлекеттік, 100 орындық 1 жеке меншік), және 29 шағын орталық, онда 2187 бала бар.

Құрылыс саласында жұмыстарының көлемі - 12 млрд 985 млн тг, өткен жылдың деңгейіне 103,6%  құрады,     (2019ж- 11 млрд 175 млн тг).

- 6443 шаршы метр тұрғын үйлер іске қосылды, жылдық жоспар  95,8% орындалды. (план 6726 ш/метр). 

«7-20-25» бағдарламасымен 46 адамның өтініші қаралды, оның ішінде 21 адам төлем қабілеті жарамды деп танылды. 2 адам Алматы қаласынан үй алған.

Аталған көрсеткіш ағымды жылдың  қорытындылары бойынша құрылыс жұмыстары жүріп жатқан Алматы – Өскемен тас жолы, Жансүгіров ауылынан салынатын екі жанар-жағар май бекеті, балық етін және артемия шаяндарын өндеу цехы және облыстық бюджет есебінен салынатын құрылыс нысандары арқылы орындалды. 

Мәдениет саласы саласында ауданда 22 мәдениет үй, 22 кітапхана және 2 музей  халыққа қызмет көрсетеді. Жалпы аудандық мәдениет үйлері мен клубтары бойынша   132  үйірме жұмысы бар. Оған қатысатын адам саны 1460. Аудан бойынша халықтық атағы бар 5 ұжым  жұмыс істейді.

2020 жылдың наурыз – желтоқсан аралығында  аудан көлемінде 2556 онлайн шара өткізіліп, оларға 43429 адам қатыстырылды. Сондай – ақ  316 шара офлайн түрінде өткізіліп, оған 4338 адам тартылған.  Атқарылған жұмыстар әлеуметтік желіге, БАҚ құралдарына жарияланған.

Карантин  жағдайларға байланысты қашықтықтан басқару, онлайн түрінде өткізілген мәдени шараларға ауыл және аудан жастары мәдениет қызметкерлерімен бірлесе отырып дөңгелек үстелдер, танымдық сағаттар, шеберлік сабақтар, көрмелер және концерттік бағдарламалар өткізілген.

Туризм саласында ауданда 3 туризм нысаны бар: 2 қонақ үй және 1 "Қапал-Арасан" шипажайы, 2 жаяу туристік маршрут.

2019 жылы "Саду Девлопомент" ЖШС Жоңғар-Алатау ұлттық паркінің аумағында Суықсай ауылдық округінде орналасқан 2 га жерге демалыс аймағын құру бойынша эскиздік жобаны бекітті. Жобаның құны 150 млн теңге, оны жүзеге асыру 2021 жылы басталады.

Ішкі туризм бойынша қызмет көрсетілген келушілер саны 2020 жылдың 10 айында пандемияға байланысты 2,5 мың адамнан 1,1 мың адамға дейін төмендеген.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері

Ақсу ауданы бойынша бюджет қаражаты есебінен салалар бойынша 10 732 716,4 мың теңгесі мемлекеттік аудитпен қамтылды.

183,8 мың теңге бюджетке қаражаттың түсуі кезіндегі заңнаманың өзге де қаржылық бұзушылықтар;

59 838,5 мың теңгеқаржылық бұзушылықтар (56 249,3 мың теңге қалпына келтірілетін, 3 589,2 мың теңге өндірілетін);

Сонымен қатар 9 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.

1. «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, ҚРПарламенті депутаттарының ҚРшегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» 2000 жылдың 22 қыркүйегіндегі №1428 қаулысымен бекітілген ереженің 1, 2 тармағының 2 тармақшасының талаптары бұзылып, ҚР Үкіметінің «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысымен бекітілген ереженің 3 тармағының 1,2 тармақшасының талаптары бұзылып 2019-2020 жылдары тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде еңбек міндеттерін орындау үшін басшының өкімдерімен және бұйрықтарымен белгіленген мерзімнен асатын іссапар шығындарына арналған шығыстар бойынша жалпы сомасы 111,9 мың теңгеартық төленді.Аудит барысында негізсіз төленген іссапар шығындары бюджетке қайтарылды.

2. «Қызылағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы N1127 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларының 4-тармағын бұза отырып, мекеме қызметкеріне20,0 мың теңге сомасында сыйақысы төленген.

Аудит барысында заңбұзушылық соммасы толығымен жергілікті бюджет есебіне аударылды.

3. «Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Ақсу ауданы Әкімінің 2019 жылдың 26 қарашасындағы №470 Қаулысының 2 тармақшасына сәйкес «Ақсу ауданының аудандық орталық ауруханасы» МҚК акушер-гинеколыгі А.А. Медетбековаға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көтерме жәрдемақы төленген. Көтерме жәрдемақы алушы А.А. Медетбекова 2021 жылдың тамыз айында өз еркімен жұмыстан босап кеткен.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қағиданың 4 Қосымшасының 2 тармағының 4 тармақшасының талабы,  Ауылды елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы 28.11.2019ж. №19-40 Келісімінің 4 тармағының 2 тармақшасының талаптары бұзылып, жәрдем алушы 252,5 теңгекөтерме жәрдемақыны бюджет есебіне қайтаруға міндетті болған.

Аудит барысында заңбұзушылық соммасы толығымен жергілікті бюджет есебіне аударылды.

4. «Ақсу аудандық кітапханасы» коммуналдық мемелекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V «Еңбек кодексінің» 139 бабының 10 тармағының талабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсан 2015 жылғы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 3 тармағының 1), 2) тармақашалрының талаптары сақталмай 2020 жылдың қаңтар айында мекеменің директор орынбасарына 107,5 мың теңге сауықтыруға арналған жәрдемақысы лауазымдық айлықақы мөлшерінен негізсіз артық төленген. Аудитпен анықталған жалпы сомасы 107,5 мың теңгені құрайтын негізсіз артық төленген сауықтыруға арналған жәрдемақы бюджет есебіне қайтарылуға жатады.

Аудит барысында заңбұзушылық соммасы толығымен жергілікті бюджет есебіне аударылды.

5. «Ақсу ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

ҚР 2017 жылғы №120-VI Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексінің 487-489- баптарына қайшы келіп, 2020 жылдың 3 тоқсанында шілде айында 59,4 мың тенге, тамыз айында 26,9 мың тенге, 2020 жылдың  4 тоқсанының қараша айында 60,6 мың тенге әлеуметтік салығын айлық ақыдан жалпы соммасы 147,0 мың тенге салық декларациясында тапсырылмаған және бюджетке төленбеген.

Аудит барысында заңбұзушылық соммасы толығымен жергілікті бюджет есебіне аударылды.

6. «Ақсу ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйегіндігі № 1428 қаулысы сақталмай, 6 қызметкер мекеме басшысының бұйрығына сәйкес іс-сапарға жіберілген, алайда аудит барысында аванстық есеп бухгалтерияға тапсырылмағаны анықталып, жалпы сомасы 95,4 мың тенге аудит барысында бюджет есебіне қайтарылды

7. «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  қағиданың»  196, 220 тармақтары-және  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2010жылы № 281 бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының  бұйрығының»10 тармағы№ негізінде басшылыққа алынбай, сатып алынған шаруашылық материалдар мен кенсе тауарлары бухгалтерлік есебіне  қойылмаған және2020 жылға арналған бас кітапты қарау кезінде 1316 "шаруашылық материалдар және кеңсе тауарлары", сатып алынатын кеңсе, шаруашылық тауарлары (ақпан және қараша) аналитикалық шотында көрсетілмегены анықталды.

Мемлекеттік аудит барысында 440,0 мың теңге бухгалтерлік есебі бойынша қалпына келтірілді.

8. «Суықсай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 4 бабының 9) 12) тармақшаларының талаптары, бюджет қаражатын пайдалану кезінде нәтижелілік және тиімділік принциптерінің бұзылуына жол беріліп, оқушыларды мектепке дейін тегін тасымалдауды ұйымдастыру бағдарламасы бойынша жұмсалған қаражаттардың негізділігі бюджеттік бағдарламасы бойынша 153 «көліктік қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігі  807,0 мың теңге қараластырылып,келісім-шарты жасалынған. 2020 жылдың  Қызылжар ауылынан Суықсай ауылындағы Ю.Гагарин атындағы орта мектепке дейін және кері жолына тасымалдау жүргізіледі. Каңтар және наурыз айларында қызмет көрсеткені үшін 300,0 мың теңге көлемінде қаражат төленді. 2020 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы бойынша COVID-19 вирусына байланысты төтенше жағдай жарияланып, мектеп оқушылары Онлайн форматта оқуға ауыстырылғандықтан, тасымалдау қызметі тоқтатылып, қаражаттың 507,0 мың теңгесі игерілмей қалған.Көрсетілген мән-жайларды ескере отырып, жалпы сомасы 507,0 мың теңге бюджет қаражатын пайдалану кезінде нәтижелілік және тиімділік қағидаттары бұзылған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  ережесінің» талаптарының 32 және 33-тармақтары бұзылып, 2020 жылы 13 "материалдар шығысы бойынша жинақтау ведомосі" мемориалдық ордері бойынша және бас кітаптың жылдың аяғында корсетілген  329,1 мың теңгеге жаңар жағар май 1315 «Отын, жаңар-жағар май» шотының 2020 жылдың бухгалтерлік балансында орын алмаған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  ережесінің» талаптарының 244-тармағы, және  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2010жылы № 281 бекітілген „Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының  бұйрығының“ 16 тармағы № (енгізілген өзгерістер мен толықтырулар) негізінде басшылыққа алмаған. Яғни, 2020 жылда аумақты абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі жұмыстың сметалық есебі бойынша 2145,0 мың теңгеге жасалынған. Барлығы – 353,3 мың теңге бухгалтерлік есепке  кіріске алынуы тиісті.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  ережесінің» талаптарының 244-тармағы, және  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2010жылы № 281 бекітілген „Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының  бұйрығының“ 16 тармағы№(енгізілген өзгерістер мен толықтырулар) негізінде басшылыққа алмаған. Орта мектебінде спорт алаңына 7920,0 мың теңгеге орындалған жұмыстар актісі негізінде жүргізілген. Жұмыстар уақытылы жасалынып, орындаушыға төленген. Объектіні қабылдау-тапсыру актісімен 2020жылы 24 мамыр айында өткізілген. Объектіні пайдалануға қабылдау актісінде 8 тармақта пайдалануға қабылданатын негізгі қорлардың сметалық құны 7920,0 мың теңге екендігі айтылғанымен мекеменің теңгеріміне қойылмаған.

Аудит барысында анықталған кемшіліктер 8602,4 мың теңге бухгалтерлік есебі бойынша  қалпына келтірілді.

9. «Алматы облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 3 қосымшасының талаптары сақталынбай Садырбай орта мектебінің техникалық қызметкеріне еңбек демалысынан кейін 2 жұмыс күні орнына 4 жұмыс күнге еңбек ақы төленген. Еңбек ақы есептеу ведомостарында жалақы есептеу барысында негізсіз 32,7 мыңтеңге артық төленгені анықталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 3 қосымшасының талаптары талаптары  және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы №40 «Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 40 тармағының 1 тармақшасы сақталынбай М.Маметов орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімінееңбек ақы есептеу ведомостарында жалақы есептеу барысында ақпан айына 4 сағатқа негізсіз 15,5 мыңтеңге артық төленгені, Б.Сырттанов орта мектебінің география пәнінің мұғаліміне еңбек ақы есептеу ведомостарында жалақы есептеу барысында қазан айына 1 сағатқа негізсіз 6,2 мыңтеңге артық төленгені, Қ.Мұқашев орта мектебінің музыка пәнінің мұғаліміне еңбек ақы есептеу ведомостарында жалақы есептеу барысында мамыр айында 30 пайыздық жаңартылған бағдарлама бойынша 6 сағат негізсіз 26,0 мыңтеңге артық төленгені, Е.Сихимов орта мектебінің қазақ тілі  пәнінің мұғаліміне еңбек ақы есептеу ведомостарында жалақы есептеу барысында қыркүйек айында 30 пайыздық жанартылған бағдарламабойынша негізсіз 16,4 мыңтеңге артық төленгеніанықталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 3 қосымшасының талаптары сақталынбай Қаракемір орта мектебінің тәрбие көмекшісіне еңбек ақы есептеу ведомостарында жалақы есептеу барысында қараша 34 пайыздық залал ақы негізсіз 4,0мың  теңге артық төленгені, Қ.Сәтбаев орта мектебінің техникалық персоналына еңбек ақы есептеу ведомостарында жалақы есептеу барысында желтоқсан айында негізгі қызметкерді алмастыруға негізсіз 5,3мың теңге артық төленгені, Абай орта мектебінің іс-жүргізушісіне еңбек ақы есептеу ведомостарында жалақы есептеу барысында маусым айында үстем ақы негізсіз 16,9 мыңтеңге артық төленгені анықталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсан 2015 жылғы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесін бекіту туралы» Қаулыға 4 қосымшасының талабы сақталмай, 2020 жылдың оқу жылна бірінші (ілгері) деңгейдегі (1-категория) Егінсу орта мектебінің қазақтілі пәнінің мұғаліміне сертификаттың қолдану мерзімі  біткенімен, жалақысына қосымша (аудитпен қамтылған қаңтар-шілде) айларына  90,4 мыңтеңге негізсіз  төленген.

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңының 74-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығының 53 тармағының талабы және Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы 10 тамыздағы №163 қаулысының талаптары бұзылып, бөлімге қарасты 27 мектептің асханасын жалға алушылар коммуналдық қызметтер ақысын атап айтқанда жылыту ақысын жалпы соммасы 585,9 мыңтеңге төлемеген.

Аудит барысында заңбұзушылық соммасы толығымен жергілікті бюджет есебіне аударылды.

Ақсу ауданының білім бөліміне қарасты Қ.Сәтпаев атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жүргізуге арналған жобалық сметалық құжаттамасы21183,2 мың теңгеге жасалған. 2020 жылдың 24 желтоқсанында орындалған жұмыстар актісі бойынша қабылданып алынған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 242 және 243-тармақтарының талаптары және  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2010 жылы бекітілген № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» 16 тармағы толық сақталмайжоғарыда аталған жалпы соммасы 21183,2 мың теңге мекеменің  балансына алынбаған.

10. «Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

2019 жылы мекемемен «WINNER CONSTRUCTION» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қарасу ауылдық округіне қарастыКеңжыра ауылындағы орта мектеп алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, орнатуға жалпы сомасы 4340,0 мың теңгеге 2019 жылдың 1 қараша айында №23 келісім-шарты жасалынған. Келісім шарт негізінде жұмысты өткізу уақыты 10 желтоқсан айы болып белгіленген. 2019 жылдың 10 желтоқсан айында орындалған жұмыстар актісі негізінде қабылданып алынған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 242 және 243-тармақтарының талаптары және  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2010 жылы бекітілген № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» 16 тармағы толық сақталынбай,жоғарыда аталған жалпы соммасы 4340,0 мың теңге мекеменің  балансына алынбаған.

11. «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

2020 жылдың 01 қаңтары мен 2019 жылдың 31 желтоқсанындағы «қолма-қол ақшаны бақылау шотынан үзінді көшірме»-сі мен 1043 шоты «ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» бойынша 16318,1 мың теңге қаржы болып, 16318,1 мың теңге Бас кітапта көрсетілмеген. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 Бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы»-ның 47 тармағы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»  Ережесінің 55, 4 тармағыныңталаптары толық сақталмай 16 318,1 мың теңгенің қаржысы баланста көрсетілмеген.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»  Ережесінің 198, 4 тармақарыныңталаптары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 Бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ереженің 25 тармағы толық сақталмай, 198,8 мың теңгенің қорлары артық көрсетілген. Яғни 2020 жылдық есепте бұрмалаулар орын алған.

2020 жылдың 03 наурызында мекеме ЖК «Бақжол»-мен «шкаф» сатып алу үшін 195,0 мың теңгеге №13 келісім-шартқа отырып, сатып алынған. Бухгалтерлік есепте «шкаф» 2360 шотында көрсеткен. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары»-ның 16 тармағына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»  Ережесінің 243,244-тармақтарының талаптары сақталмай бухгалтерлік есептілікте  алғашқы құны 195,0 мың теңгенің ұзақ мерзімді активі (шкафы)  2360 шотына есепке алынбай, жоғарыдағы ұзақ мерзімді активтер 2370 шотына көрсетілуі керек.

Аудит барысында анықталған кемшіліктер 16 711,8 мың теңге бухгалтерлік есебі бойынша  қалпына келтірілді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу Заңының 43 бабының 24 тармағы сақталмай, 10,3 мың теңге тұрақсыздық сомасы ұсталмаған.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу Заңының 12 бабының 4 тармағы сақталмай, Мекеме өзімен жасалған келісім-шарт бойынша міндеттемелерді тиiсiнше орындамаған өнім берушіні жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбен.

Аудит барысында заңбұзушылық соммасы толығымен жергілікті бюджет есебіне аударылды.

12. «Ақсу ауданының Матай  ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары»-ның 16 тармағына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 243,244-тармақтарының талаптары сақталмай,2019 жылы мекеме бухгалтерлік есептілікте  алғашқы құны 456,8 мың теңгенің ұзақ мерзімді активі 2360 шотына есепке алынған, ал мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары бойынша жоғарыдағы ұзақ мерзімді активтер 2370 шотына көрсетілуі керек.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»  Ережесінің 236-тармағының талаптары толық сақталмай, 370,0 мың теңгенің ұзақ мерзімді активтері есепке алынбаған.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»  Ережесінің 259 тармағының талаптары сақталмай, барлығы 2019-2020 жылдары амортизация сомасы 101,1 мың теңгеесептелмеген.

Аудит барысында анықталған кемшіліктер 927,9 мың теңге бухгалтерлік есебі бойынша  қалпына келтірілді.

13. «Ақсу аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Еңбек кодексінің 115 бабының 2 тармағы 3 тармақшасын бұза отырып, қызметкерлерге жалақы есебіне берілген 176,0 мың теңге сомасында аванстар ұсталмаған.

«Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы» ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 Қаулысының 1 тармағының талабы бұзылып, 2019 жылы іссапар шығыстарына 24,0 мың теңге сомасында қаражат негізсіз аударылған.

Мекеме Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 18, 21, 34 және 114-тармақтарын сақтамау нәтижесінде, 2019 жылғы 31 желтоқсандағы баланста жалақы бойынша 176,1 мың теңге сомасындағы дебиторлық берешек көрсетілмеген.

Мекеме Жансүгіров ауылында велосипед жолын жайластыру жұмыстарын орындауға "Жаксымбет" ЖШС-мен 67 951,5 мың теңгеге2019 жылы 26 наурызда №16 келісім шарт жасаған. 2019 жылы 10 шілде №16/1 қосымша келісім шартта сомасы ұлғайып, 75 501,7 мың теңгені құраған.

"Көксу Проект" ЖШС-мен 1 262,2 мың теңгеге қосымша сметалық есеп (бордюрлерді орнату үшін) жасалып, "Жаксымбет" ЖШС-мен Жансүгіров Жидебаев, Қабанбай батыр, Тәуелсіздік көшелерінде шекараларды орнату бойынша жұмыстарды орындауға 1262,2 мың теңгеге10.07.2019ж. №35 келісім шарты жасалған.

Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын 1 - қосымшаға сәйкес, шарттарды орындау мерзімі №16 шарты бойынша 2019 жылғы 26 наурызда,  №35 шарты бойынша 10 шілде -тамыз аралығында.

Алайда, сәйкестік туралы декларациялар, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындылар, орындалған жұмыстардың жобаға объектіні пайдалануға қабылдау актісімен сәйкестігі туралы қорытындылар негізінде объект 2019 жылғы 19 қыркүйекте, яғни 19 күнге кешіктіріліп пайдалануға қабылданған.

2019 жылғы 10 шілдедегі №16 және 26 наурыздағы №35 шарттардың 8.3-тармағына сәйкес жұмыстарды орындау мерзімдерін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші орындаушыдан міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда Мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда Мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) жалпы сомасы шарттың жалпы сомасының 10% - ынан аспауға тиіс. Осылайша, тұрақсыздық айыбы 189,7 мың теңгені құрады. (есеп: 9986053 теңге х 0,1% х 19 күн).

Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 43-бабының 24-тармағын, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 421-тармағын бұза отырып, тапсырыс беруші Өнім беруші Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін тиісінше орындамаған жағдайда тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды қамтамасыз етпеген. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 12-бабының 4-тармағын бұза отырып, тапсырыс беруші Өнім берушінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінбеген.

Мекеме 2019 жылы 7 наурызда "Санжар - 2612" ЖШС Ойтоған ауылындағы Жаңабіл көшесін орташа жөндеу жұмыстарын орындауға 7744,2 мың теңгеге №11 шарт жасалған. 2019 жылғы 26 тамызда №11/1 қосымша келісім-шарт сомасы ұлғайтылып, 12904,9 мың теңгені құраған.

Алайда, мекемемен "Санжар - 2612" ЖШС-не орындалған жұмыстар актілерінің негізінде 2019 жылғы 28 мамырдағы төлем шоттарына сәйкес барлығы 13 730,1 мың теңге сомасында төлеген.

  Бюджет Кодексінің 96-бабының 5-тармағына сәйкес мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері олар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді. Азаматтық-құқықтық мәмілелер тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында бекітілген сомалар және жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші Қаржы жылдарының базалық шығыстары шегінде олардың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде іске асыру мерзімі бір жылдан асатын бюджеттік даму бағдарламаларына байланысты тіркелуге жатады. Бюджет Кодексінің 96-бабының 7-тармағына сәйкес шартты тіркеу туралы хабарлама азаматтық-құқықтық мәміленің тіркелгенін растайтын құжат болып табылады.

2019 жылғы 11 наурыздағы №49660402 және 2019 жылғы 27 тамыздағы №5151381 шарттарды тіркеу туралы хабарламаларға сәйкес шарттық сомасы 12904,9 мың теңге болған кезде жалпы сомасы 13730,1 мың теңге тіркелді, бұл шарттық сомадан 825,2 мың теңгеге артық. Нәтижесінде "Санжар-2612" ЖШС 825,2 мың теңге сомасында негізсіз аударылған.

14. «Ақсу ауданының Жансүгіров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Еңбек кодексінің 115-бабының 2-тармағы 3-тармақшасы бұзылып, қызметкерлерге жалақы есебіне берілген жұмыс істелмеген аванстар толық көлемде ұсталмаған. 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ұсталмаған аванс сомасы 526,7 мың теңгені құрады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 18, 21, 34 және 243-тармақтарын сақтамау нәтижесінде: Жансүгіров ауылы, Қабанбай батыр көшесі, 1980 жылы салынған, жалпы алаңы 277,7 м2, баланстық құны 557,5 мың теңге болатын Жансүгіров ауылдық округі әкімі аппаратының әкімшілік ғимараты уақтылы кіріске алынбаған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын 18, 21, 34 және 114 тармақтарының сақтамау нәтижесінде 526,8 мың теңге жалақы сомасы бухгалтерлік есептің теңгерімінде дебиторлық берешек болып көрсетілмеген.

Ақсу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 31 қазандағы №411 қаулысы негізінде теңгерімдік құны 1834,0 мың теңге №19 Есеболатов көшесіндегі тұрғын үй мекеме балансына берілді.

Бірақ, Алматы облысы Әділет департаменті Ақсу ауданы әділет Басқармасының 2016 жылғы 25 ақпандағы №002078840621 меншік иесі (құқық иеленушісі) туралы мәліметтерге сәйкес Есеболатов көшесіндегі №19 тұрғын үйдің меншік иесі осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Алматы облысы соттарының әкімшісі болып табылады.

Азаматтық Кодекстің 118-бабының 1-тармағына сәйкес және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 1-тармағына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтардың туындауы, өзгеруі және тоқтатылуы, сондай-ақ заңдық талаптар құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелуге жатады. №310 Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес тұлға құқықтың туындауына, оның ішінде шартты нотариалды куәландыруға, шарттың күшіне енуіне негіз болып табылатын заңды факті басталған кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтініш жасауға міндетті.

 

 

Жансүгіров ауылдық округінің бұрынғы әкімі Б. Т. Шәріповтың түсініктемесінен, аудитпен қамтылған кезеңде және қазіргі уақытта Есеболатов көшесіндегі №19 тұрғын үйде имам Ә. Мәмбетов тұрады.

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңының 74-бабының 3-тармағын бұза отырып, ауылдық округ әкімі коммуналдық мүлікті белгіленген тәртіппен мүліктік жалдауға (арендаға) беруді жүзеге асырмаған және тиісінше имам А.Мәмбетов тұрғын үй-жайды жалға (жалдауға) бергені үшін ақы төлемеген. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы №306 бұйрығымен бекітілген бір айдағы жалдау ақысының мөлшері 1528-33 теңгені (1834,0 мың теңге/100 жыл/12 ай) құрайды. 2019 жылғы қаңтар-2020 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде барлығы жергілікті бюджет кірісіне 36,6 мың теңге түспеді.

Ақсу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 қазандағы №436 қаулысы негізінде Жансүгіров ауылдық округі аппараты мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне Жансүгіров ауылы, М. Төлебаев көшесі, 26/2 мекенжайында орналасқан теңгерімдік құны 300,0 мың теңге тұратын Тұрғын үй. Ақсу ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің теңгерімінен берілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің 275-тармағына сәйкес "негізгі құралдар объектілерінің істен шығуы әртүрлі тәсілдермен (сату, өтеусіз беру, тарату жолымен) болуы мүмкін.

"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Қазақстан Республикасы Заңының 94-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес "мемлекеттік мүлікті аукцион және тендер нысанындағы сауда-саттықта сату, қор биржасындағы сауда-саттық, екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс, туынды бағалы қағаздарды сату арқылы жекешелендіру" болуы тиіс.

Алайда, мекеме 2020 жылдың қазан айында "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Қазақстан Республикасы Заңының 14, 17, 19, 24, 25, 26 тармақтарды сақтамау нәтижесінде "Жекешелендіру объектілерін сату Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысында с.Жансүгіров көшесі, М. Төлебаев көшесі, 26/2 мекенжайында орналасқан тұрғын үй 254,3 мың теңгеге сатылғаны аудит барысында анықталды.

Аудит барысында заңбұзушылық 526,8 мың теңгежергілікті бюджет есебіне аударылды.

15.«Ақсу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығының 243 және 244-тармақтарының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығының 16 тармағының талаптарына 8 билборд жалпы сомасы 1 150,0 мың теңге мекеменің балансына алынбаған.

Аудит барысында анықталған кемшіліктер 1150,0 мың теңге бухгалтерлік есебі бойынша  қалпына келтірілді.

СН РК 8.02-09-2011 «Уақытша ғимараттар мен құрылыстарды салуға арналған шығындардың сметалық нормаларының жинағы» 1.1 тармағына қайшы «Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылының 16 көппәтерлі үйлердің сыртқы қабатын және аулаларын ағымдағы жөндеу және абаттандыру» жұмыстары бойынша жалпы сомасы 302,5 мың теңге уақытша ғимараттар мен құрылыстарды салуға арналған шығындар негізсіз есептелініп төленген.

Аудит барысында заңбұзушылық 302,5 мың теңге жергілікті бюджет есебіне аударылды.

Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» (енгізілген өзгерістер мен толықтырулар) 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес «Қолғанат Құрылыс» ЖШС–ін тапсырыс беруші өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

«Жансүгіров ауылында Сүлейменов көшесінде аула алаңдарында ағымды жөндеу» жұмыстарына сметалық есепті әзірлеу үшін «Ақсу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі және тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесі «SAS-plus» ЖШС-мен жалпы сомасы 720,0 мың теңгеге 2021 жылғы 17 мамырындағы №22 келісім шарт жасалған, жұмыстардың сметалық құны 72 145,6 мың теңгені, оның ішінде ҚҚС 7 729,8 мың теңгені құрап, «Ақсу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі және тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысымен бекітілген.

Аталған жоба бойынша бекітілген сметалық есепте және Мердігер «НиКонстрой» ЖШС-ның атқарылған жұмыстар актісінде көрсетіліп, жүргізілген жұмыстар, яғни Мөлшері 6м*25м екі дана Пескоблоктан көмір қоймасын салуҚазақстан Республикасы Үкіметінің «Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы»1998 жылдың 2 қарашасындағы№1118 Қаулысымен Ғимараттарды ағымдағы жөндеу кезіндеорындалатын жұмыстардың тізбесіне сәйкес келмейді. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңының 60-бабының 1 тармағының талабы сақталмай, жұмыстар жобалау сметалық құжаттамасыз жүргізілген, яғни елді мекеннің бас жоспары негізінде жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленбеген.

«Жансүгіров ауылында Сүлейменов көшесінде аула алаңдарында ағымды жөндеу»жұмыстарына жұмыстарды орындау актілерінде және сметалық есебінде қарастырылған жұмыстарына 2021 жылдың 20 тамызында бақылау өлшемі (көзбен қарап) жүзеге асыру барысында жалпы сомасы 1570,5 мың теңгеге келесі жұмыстар орындалмағаны анықталды: қалыңдығы 5 мм К=1,020 резеңке үгіндісі негізінде орамды жабын – 102 м2, жалпы сомасы 490,3 мың теңге; қуаттылығы 90 Вт, IP67 көше шамы СТ РК 3055-2017 типі Keremet C 90W – 25 дана, жалпы сомасы 723,3 мың теңге; НР=0 поликарбонат шатыры бар жазғы беседка – 2 дана, жалпы сомасы 356,9 мың теңге. Аудит барысында анықталған кемшіліктер 1570,5 мың теңге қалпына келтірілді.

16. «Ақсу ауданының Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 236, 243-тармақтарының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттары Жоспарының 16-тармағының талаптары бұзылған. Яғни, "жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу" актісі бойынша қабылданған 766,0 мың теңге мөлшеріндегі сома мекеменің бухгалтерлік есебінде көрсетілмеген.

17. «Арасан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 мамырындағы №256 қаулысының 1 тарауы 2 тармағының талабы сақталмай, Арасан ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі басшысының іс-сапарға жіберу туралы өкімі шығарылмастан, мекеме қызметкеріне негізсіз 22,9 мың теңге іс-сапар шығындары төленген.

Аудит барысында 22,9мыңмтеңге бюджет есебіне қайтарылды.

18. «Ақсу ауданының Молалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43 бабының 03 тармағының талаптарын сақтамай «Айнабеков»  ЖК-і 2020 жылдың 04 наурызында №13034001894/200025/00 шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттерін мерзімінде орындамағаны үшін, кешіктірген мерзімге тапсырыс беруші мен өнім беруші арасындағы келісім шарттың 7.3 тармағына сәйкес белгіленген мерзімді бұзғаны үшін әрбір мерзімі өткен күніне шарттың орындалмаған мөлшерінің 0,1% көлемінде тұрақсыздық айыппұлы есептелінуі тиіс болған (200,9 теңге*0,1%*21 күн = 4,2 мың теңге) өндіріп алуды қамтамасыз етуге міндетті.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12 бабының 4 тармағы 3 тармақшасының талаптарына қайшы тапсырыс беруші мердігерді мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы ретінде тану туралы талап-арызбен сотқа шағымданбаған.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» № 908 бұйрығының 7 тармағы бұзылып,2019 жылы  қыркүйек айында мекеменің жетекші маманына3,7 мың теңге  жыл сайынғы еңбек демалысына шығу ақысын артық төленгені  анықталды.   

Аудит барысында заңбұзушылық 7,9 мың теңге жергілікті бюджет есебіне аударылды.

19. «Ақсу ауданы әкімдігінің Қапал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.11.2015 жылғы №414-V «Еңбек кодексі» Заңын 103 бабының 1 тармағының  талабы бұзылып, мекеменің қызметкерлеріне еңбек ақы төленуі бойынша 2019 жылдың тамыз айындағы еңбекақы төлем ведомостын, 5-15а формасын, салыстыру негізінде 2019 жылдың 26 тамыздан еңбек демалысына кеткен  округ әкімі жұмыс табелі бойынша 18 күн жұмыс істеген, алайда есепші тарапынан 22 жұмыс күнге 22,2 мың теңге еңбекақы есептелініп төленген.Артық төленген еңбекақы 22,2 мың  теңге аудит барысында жергілікті бюджетке  қайтарылды.

20. «Ақсу ауданы әкімдігінің «Барлыбек Сырттанов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.11.2015 жылғы №414-V «Еңбек кодексі» Заңын 103 бабының 1 тармағының  талабы бұзылып, мекеменің қызметкерлеріне еңбек ақы төленуі бойынша 2020 жылдың тамыз айындағы еңбекақы төлем ведомостын, 5-15а формасын, салыстыру негізінде аудан әкімінің 163-Ө өкімімен 2019 жылдың 27 мамырдан жұмыстан кеткен округ әкімі мамыр айында жұмыс табелі бойынша 16 күн жұмыс істеген, алайдаесепші тарапынан 20 жұмыс күнге 32,1 мың теңге еңбекақы артықесептелініп төленген.Артық төленген еңбекақы32,1 мың  теңге аудит барысында жергілікті бюджетке  қайтарылды.

21. «Ақсу  ауданының «Ойтоған  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысының сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысының 2-тармағыбұзылып, штаттан тыс қызметкеріне іссапар шығыстарына бұйрықтың болмауына қарамастан2019 жылдың шілде айына 17,0 мың теңгенегізсіз төленген.

Аудит барысында заңбұзушылық 17,0 мың теңге жергілікті бюджет есебіне аударылды.

22. «Ақсу ауданының Қарашілік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қаулысының 3-тармағын бұза отырып, мекеменің бас маман - бухгалтеріне желтоқсан айында жалпы сомасы 45,4 мың теңге жалақы артық төленген.

Аудит барысында заңбұзушылық 45,4 мың теңге жергілікті бюджет есебіне аударылды.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуғаәсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):

2016-2020 жылдарға арналған Аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылуын бағалау.

«Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 бұйрығына сәйкес, Ақсу ауданының 2016-2020 жылдарға арналған өңірлерді дамыту бағдарламасы 2020 жылғы Ақсу ауданыны маслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №72-314 шешімімен бекітілген.

Ақсу ауданының 2016-2020 жылдарға даму бағдарламасы 3 бағыттан тұрады.Өңірде келесі  3 бағыт бойынша 10 нақты мақсат, 30 индикатор айқындалған.

Ақсу ауданының 2016-2020 жж. арналған аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру туралы есебіне сәйкес (есепті кезең 2020 жыл).

1-БАҒЫТ. Экономика.

1-мақсат. Экономиканың сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету.

2020 жылғы ауданның даму бағдарламасының орындалу есебі бойынша 1 нысаналы индикатор қарастырылған: Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны;

2-мақсат.Өнеркәсіптің тұрақты дамуын қамтамасыз ету және инвестициялар тарту.

2020 жылғы ауданның даму бағдарламасының орындалу есебі бойынша 2 нысаналы индикатор қарастырылған:

1) Өңдеу өнеркәсібінің өнеркәсіп өндірісіндегі нақты көлем индексі;

2) Негізгі капиталға инвестициялар 2017 жылға қарай.

3-мақсат.Агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің бәсеке қабілеттілігінарттыру үшін жағдай жасау.

Агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің бәсеке қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау бойынша 1 нысаналы индикатор қарастырылған:

1)        Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) нақты көлем индексі.

2-БАҒЫТ. Әлеуметтік сала.

1- мақсат.Білім сапасын және қол жетімділігін қамтамасыз ету, балалардың заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсаты бойынша 2 нысаналы индикатор қарастырылған:

1) Жұмыс істейтін апатты және үш ауысымды мектептердің саны;

2) Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту (3-6 жас).

2-мақсат.Халықтың денсаулығын жақсарту бойынша 3 нысаналы индикатор қарастырылған:

1) Жалпы өлімді азайту;

2) 100 мың тірі туылғандарға шаққанда ана өлімінінің төмендеуі;

3) 1000 тірі туылғандарға шаққанда нәресте өлімінің азаюы.

3-мақсат. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімділігін арттыру және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бойынша5 нысаналы индикатор қарастырылған:

1) Жұмыссыздық деңгейі;

2)Жалпы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санының%, өнімсіз жұмыспен қамтылғандар үлесі;

3) Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың үлес салмағы (шартты ақшалай көмек), белсенді шараларға тартылған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;

4)Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген халықтың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың жұмысқа орналасқандардың үлесі;

5) Мүгедектерге қол жетімділік үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген объектілердің үлесі.

4-мақсат.Мәдениет саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және бұқаралық спортты дамыту және туризм индустриясын тұрақты дамыту  бойынша 3 индикатор қарастырылған:

1)1000 адамға шаққанда мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа саны;

2) Халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі;

3) Алдыңғы жылмен салыстырғанда орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілер санын арттыру.

5-мақсат.Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша 3 нысаналы индикатор қарастырылған:

1) 10 мың адамға шаққанда құқық бұзушылық деңгейі;

2) Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы;

3) Төтенше жағдайларға қарсы әрекет ету инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейі.

3-БАҒЫТ. Инфрақұрылым.

1-мақсат.Тұрғын үй құрылысын дамыту, коммуналдық сектордың инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту және көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша 6 нысаналы индикатор қарастырылған:

1) Құрылыс жұмыстарының көлемі;

2) Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі;

3) Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы;

4) Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесін азайту;

5) Ауылдық елді мекендердің орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу;

6) Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі.

2-мақсат. Аумақтың экологиялық жағдайын жақсарту бойынша 4 нысаналы индикатор қарастырылған:

1)Ауыл шаруашылығы айналымына тартылған жерлердің үлесін ұлғайту;

1) Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды кәдеге жарату үлесі;

2) Экологиялық талаптар мен санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан);

3)Халықты ағынды суларды тазартумен қамту.

Бағдарламада 2020 жылы қол жеткізуге қарастырылған 30 нысаналы индикатордың ішінде 26-на қол жеткізілді немесе жалпы санына 86,7 пайызға,3 индикатор бойынша немесе 13,3 пайыз орындалмады.

III. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін бюджет есебіне жалпы сомасы 3389,2 мың теңге өндірілді, 55 691,8 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды, 147,1 мың теңге бюджетке салықтық түсімі жасалыды, олар:

- «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесібойынша өндірілуге жататын111,9 мың теңгебюджет есебіне өндірілді;

- «Қызылағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесібойынша өндірілуге жататын20,0 мың теңгебюджет есебіне өндірілді;

- «Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесібойынша өндірілуге жататын252,5 мың теңгебюджет есебіне өндірілді;

- «Ақсу аудандық кітапханасы» коммуналдық мемелекеттік мекемесібойынша өндірілуге жататын107,5 мың теңгебюджет есебіне өндірілді;

- «Ақсу ауданының қаржы бөлімі»бойынша өндірілуге жататын147,0 мың теңгебюджет есебіне өндірілді;

- «Ақсу ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесібойынша өндірілуге жататын95,4 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;

- «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесібойынша қалпына келтірілуі тиіс 440,0 мың теңге қалпына келтірілді;

- «Ақсу ауданының Суықсай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуі тиіс 8602,4 мың теңге бухгалтерлік есеп негізінде қалпына келтірілді;

- «Алматы облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесібойынша өндірілуге жататын 799,8 мың теңгебюджет есебіне өндірілді және қалпына келтірілуі тиіс 21183,2 мың теңге бухгалтерлік есеп негізінде қалпына келтірілді;

- «Ақсу ауданының Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесібойыншақалпына келтірілуі тиіс 4340,0 мың теңгеқалпына келтірілді;

- «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын10,3 мың теңгебюджет есебіне өндірілді және қалпына келтірілуі тиіс 16711,8 мың теңге бухгалтерлік есеп негізінде қалпына келтірілді;

- «Ақсу ауданының Матай  ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесібойынша қалпына келтірілуі тиіс 927,9 мың теңге бухгалтерлік есеп негізінде қалпына келтірілді;

- «Ақсу аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 1215,0 мың теңгенің 1015,0 мың теңгесі бюджет есебіне өндірілді;

- «Ақсу ауданының Жансүгіров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесібойынша өндірілуге жататын 526,8 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;

- «Ақсу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесібойынша өндірілуге жататын 302,5 мың теңге бюджет есебіне өндірілді және қалпына келтірілуі тиіс 2720,5 мың теңгебухгалтерлік есеп негізінде қалпына келтірілді;

- «Ақсу ауданының Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесібойынша қалпына келтірілуі тиіс 766,0 мың теңге қалпына келтірілді;

- «Ақсу ауданының Арасан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесібойынша өндірілуге жататын22,9 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;

- «Ақсу ауданының Молалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесібойынша өндірілуге жататын7,9 мың теңгебюджет есебіне өндірілді.

- «Ақсу ауданы әкімдігінің Қапал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын22,2 мың теңге бюджет есебіне өндірілді.

- «Ақсу ауданы әкімдігінің «Барлыбек Сырттанов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын32,1 мың теңге бюджет есебіне өндірілді.

- «Ақсу  ауданының «Ойтоған  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын17,0 мың теңге бюджет есебіне өндірілді.

- «Ақсу ауданының Қарашілік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын45,4 мың теңге бюджет есебіне өндірілді.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 15 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды:

- Алматы облысы Ақсу ауданының әкімінің 2021 жылғы 06қыркүйегіндегі №312-өөкіміне сәйкес, бухгалтерлік есеп және біріңғай мемлекеттік сатып алу бөлімшемесінің жетекші маманы м.а.М.С. Сейсембаеваға ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған;

- «Ақсу ауданы әкімдігінің Қызылағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімінің м.а. 2021 жылғы 06қыркүйегендегі №46-жқөкіміне сәйкес, аталған бөлімнің бас маман-есепшісіА.Қ. Қалибековке ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған;

- «Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басышысының 2021 жылғы 14 қыркүйегіндегі №43 бұйрығына сәйкес, аталған бөлімнің сектор меңгерушісіМ.Б. Мусановқаескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған;

- «Ақсу аудандық кітапханасы» КММ басшысының 2021 жылғы 09 қыркүйегендегі №1бұйрығына сәйкес, мекеменің бас есепшісі Б.Бұхарбаеваға ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған;

- «Ақсу ауданының қаржы бөлімі» ММбасышысының 2021 жылғы 6қыркүйегіндегі №27бұйрығына сәйкес, аталған бөлімнің бас маманыМ.Ж. Қағазбеккесөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылған;

- «Ақсу ауданы әкімдігінің Қарашілік ауылдық округі әкімінің аппараты» ММәкімінің 2021 жылғы 20тамыздағы №8-өөкіміне сәйкес, аталған мекеменің бас маман-есепшісіЭ. Төлеубайқызына ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған;

- «Ақсу ауданы әкімдігінің Ойтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» ММәкімінің 2021 жылғы 26тамыздағы №9-өөкіміне сәйкес, аталған мекеменің бас маман-есепшісіЛ. Жандайбековаға ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған;

- «Ақсу ауданы әкімдігінің Арасан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімінің 2021 жылғы 25 тамыздағы №21-Өөкіміне сәйкес, бас маман - есепшісіН. Темірғалиевағаескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған;

- «Алматы облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысының 2021 жылғы 6 қыркүйегіндегі№53 бұйрығына сәйкес, есепшілерЖ.Жыргаловаға, Д.Ондасыноваға, Ж.Рамазановаға, Ж.Дарибаеваға, Р.Абдолдаевағаескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған;

- «Ақсу ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММбасшысының2021 жылғы 24тамыздағы №28-ж/қбұйрығына сәйкес, сектор меңгерушісіР.Б. Исаевағаескертутүріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

- «Ақсу ауданы әкімдігінің Молалы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімінің 2021 жылғы 17 тамыздағы №7-ө өкіміне сәйкес, аталған мекеменің бас маман-есепшісі З.Аташоваға ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған;

- «Ақсу ауданы әкімдігінің Б.Сырттанов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімінің 2021 жылғы 24 тамыздағы №73-40/167хатына сәйкес, аталған мекеменің жауапты тұлғалары жұмыстан шығып кетуіне байланысты жауапкершілікке тарта алмайтынын хабарлаған;

- «Ақсу ауданы әкімдігінің Қапал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімінің хатына сәйкес, аталған мекеменің жауапты тұлғалары жұмыстан шығып кетуіне байланысты жауапкершілікке тарта алмайтынын хабарлаған;

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне16 материал және Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына1 материал, жылпы саны 17материал жолданды,Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес 9 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 656,3 мың теңге, 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасына сәйкес 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып жалпы сомасы 131,2 мың теңгеаудиторлық іс-шара барысында айыппұл бюджетке төленді, олар:

- «Ақсу ауданының Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесініңбас маман-есепшісіЛ.Аташеваға №643 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағына2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;

- «Ақсу ауданының Матай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесініңбас маман-есепшісіЖ.Қасенге №640 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағына 2 тармақшасынасәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;

- «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысыА.Ш. Елубаеваға №659 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;

- «Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орталықтандырылған бухгалтериясының лауазымды тұлғасы А.Т. Касеноваға №664 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;

- «Ақсу ауданының Жансүгіров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман-есепшісі Ш.К. Мухамадиеваға №676 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;

- «Ақсу ауданының Суықсай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі Г.К. Мерекеновке №673, №674, №675 хаттамаларға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;

- «Ақсу ауданының Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғасы А.С. Қожахметовке №666 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;

- «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы А.Ә. Абилсеитовке №667 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;

- «Ақсу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы А.Н. Бакееваға №680 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;

- «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы С.А.Жакуповке №665 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;

- «Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы Ж.Б. Бейсебаевке №686 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;

- «Ақсу ауданы әкімдігінің Молалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі С.К. Даутбековке №697 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;

 

-«Ақсу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы И.С.Мусабалановқаәкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 314 бабынасәйкес хаттама толтырылып,Ақсу ауданының сотына шешім қабылдау үшін жолданды;

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

1. Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша 59 838,5мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 183,8 мың теңгебюджетке қаражаттың түсуі кезіндегі заңнаманың өзге де қаржылық бұзушылықтаржәне 9 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

2. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың басым бөлігі ҚРҚаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының, ҚР Үкіметінің Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының, ҚР Ұлттық экономика министрінің ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларының, ҚР«Еңбек кодексінің» талабы,ҚР Салық кодексінің, ҚР Мүлік туралы Заңының, ҚР Бюджет кодексінің, ҚРҮкіметінің азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесі туралы қаулысының,ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының,ҚР органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу туралы Ережесінің талаптарының сақталмауынан орын алған.

3. Қазақстан Республикасы Заңнамаларының талаптарын тиісті сақтамау салдарынан бюджет қаражатын артық және негізсіз шығысталуларына жол берілген.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар

Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы және жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану жеткізуінің тиімділік аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

1.Ақсу ауданыныңжергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану жеткізуінің тиімділік аудитінің нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.

2. Ақсу ауданының әкімі келесі шараларды қабылдасын:

1)«Ақсу аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2021 жылдың 11қарашасына дейін өндірілуге жататын 200,0 мың теңгенің жергілікті бюджет есебіне өндірілуін қамтамасыз етсін.

2) «Ақсу ауданының Жансүгіров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша 2021 жылдың 11қарашасына дейін қалпына келтіруге жататын 557,5 мың теңгенің қалпына келтірілуін және жергілікті бюджет кірісіне төленбеген 36,7 мың теңге бюджет кірісіне өндірілуін қамтамасыз етсін.

3)«Ақсу аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, «Ақсу ауданының Жансүгіров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзылуына жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін 2021 жылдың 11қарашасынадейін қарасын.

  1. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларының бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрын жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында жергілікті бюджет есебіне өндірген 3389,2мың теңгесі және есептілік бойынша қалпына келтірілген 55 691,8 мың теңге назарға алынсын.
  2. «Ақсу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, «Ақсу аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, «Ақсу ауданының Жансүгіров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде анықталған заңбұзушылықтарға құқықтық баға беру мақсатында тиісті материалдар құқық қорғау органдарына жолдансын.

 

3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар  менкемшіліктердің жиынтық тізілімі.

 

Тексеру комиссиясының мүшесіЖ. Үсенбаев

 

Бөлім басшысы  Н. Қалқаев

 

Сапа бақылауына жауапты

Құрылымдық бөлімшенің басшысы Қ.Есенаманов

 

Құқықтық сүйемелдеуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы А.Кадир 

Аудит тобының жетекшісі                                                Қ.Есенаманов

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ