Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Итоги государственного аудита
Жамбыл ауданы
Категория: Итоги государственного аудита | |
Дата: 01.10.2022 | |
Просмотры: 1066 | Печать страницы |
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
I. Кіріспе бөлік
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Жамбыл ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.
1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:
- «Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
2.«Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
3.«Жамбыл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөліміі» мемлекеттік мекемесі;
4. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
5. «Жамбыл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
6.«Жамбыл ауданы әкімдігінің «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесі;
7. «Жамбыл ауданының Теміржол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
8.«Жамбыл ауданы әкімдігінің «Сарытауқұм ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық» мемлекеттік мекемесі;
9.«Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2021 жылдың 31 желтоқсан аралығы.
II. Негізгі (талдамалық) бөлік
2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:
Жамбыл ауданының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы Жамбыл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 1-6 шешімімен бекітілген.
Статистикалық деректерге және уәкілетті органдардың ақпаратына сәйкес Жамбыл ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері:
2021 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер 13,4 млрд.теңге түсіп, болжам 109,9%-ға орындалды, оның ішінде: республикалық бюджетке 3,5 млрд.теңге немесе 102,3%, жергілікті бюджетке 9,9 млрд.теңге немесе 114,8%, аудандық бюджетке 4,5 млрд.теңге немесе 127,1%.
Бюджетке мезгілінде төленбеген берешек жыл басынан 4 742 млн.теңгеге артып, 595,5 млн.теңгені құрады (01.01.2021 ж.-121,3 млн.теңге)
Аудан бюджетінің шығыс бөлігі 14,6 млрд.теңгені құрап, қаржы игеру 100%-ды құраған.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі 63,6 млрд.теңгені, нақты көлем индексі 102,1%-ды құраған.
Мал шаруашылығында ет 25,8 мың тонна өндіріліп, 2020 жылға қарағанда 105,8% құрады, сүт 56,6 мың тонна (111,4%), жұмыртқа 108,2 млн.дана (88,4%) құраған.
Ірі қара малының саны 116,2 мың бас (109,3%), қой мен ешкі 861,7 мың бас (119,5%), жылқы – 41,6 мың бас (106,2%) және құс 573,2 мың бас (109,5%) құраған.
Ауыл шаруашылығы дақылдары жалпы 103,7 мың гектарға (2020 ж. - 103,2 мың) егіліп, 191,3 мың тонна өнім алынды. Оның ішінде, негізгі дақыл жаздық арпа дәні 14 мың гектарға егілді (2020 ж. – 13,9 мың га) және 25,2 мың тонна (2020 ж-31,1 мың тонна) өнім алынған, немесе әр гектардан 18 центнерден (2020 ж.-22,4) өнім алынған.
Өнеркәсіп саласында 20,1 млрд.теңгеге өнім өндіріліп (2020 жылы -19,4 млрд. теңге), 2020 жылмен салыстырғанда 0,7 млрд.теңгеге артқан, НКИ- 121,5%.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 8,8 мың бірлікті құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 907-ға артты (2020 ж.-7,9 мың бірлік). Шағын кәсіпкерліктен бюджетке түсетін салық төлемдері 40187,6 млн.теңге құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 2095 млн.теңгеге артты (2020ж.-38092,6 млн.теңге).
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 26,5 млрд.теңге, НКИ- 100,2%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 22,8 млрд.теңгені, НКИ- 120,9% құрады. 2021 жылы 32429 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді (2020 жылы 32176 шаршы метр) немесе 2020 жылға 100,8% құрады.
Жұмыспен қамту саласында жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады. 2021 жылдың қорытындысымен Еңбек ресурстары бойынша статистикалық мәлімет бүгінгі күнге шыққан жоқ. Болжам бойынша 2021 жылдың қорытындысымен жұмыссыздар саны 4185 адам (2020 жылы-4108 адам) құрайды.
Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылғандар саны 2021 жылы 562 отбасын (3091 адам) құрады, 2020 жылмен салыстырғанда 65 отбасына (465 адамға) артты (2020ж.-497 отбасы/2626 адам). Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылғандар санының арту себебі, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына байланысты 2021 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны артты. Себебі, 2021 жылы Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидалары қатаңдатылып, өзгерістер енгізілгенімен атаулы әлеуметтік көмек алушылар арасынан кейбір азаматтар жұмыстарынан босатылып, материалдық жағдайлары төмендеген.
Денсаулық сақтау саласы бойынша бүгінгі күні ауданда жалпы 54 медициналық мекемелер жұмыс жасайды. Оның ішінде: 1-Орталық аудандық аурухана 150 төсектік, 1-аудандық аурухана 50 төсектік, 2-ауылдық аурухана 35 төсектік, 20-дәрігерлік амбулатория, 8-фельдшерлік-акушерлік қосын, 22 фельдшерлік қосында 260 дәрігер, 875 орта буын медициналық мамандар халыққа қызмет көрсетуде.
2021 жылдың қорытындысы бойынша Жамбыл ауданында негізгі әлеуметтік-экономикалық индикаторлар бойынша өсудің оң қарқынын көрсетті. Экономиканың барлық салаларында нақты шарлар қабылданып, оңды нәтижеге қол жеткізілді.
Жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 331 км, облыстық маңызы бар - 581,6 км және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының және кентішілік жолдардың ұзындығы - 990,6 км құрайды.
Облыстық маңызы бар жолдарда 17 көпір, аудандық маңызы бар 10 көпір және барлығы 511 су өткізу құбыры бар. Аудан орталығы Ұзынағаш және Қарғалы ауылдары ғана бағдаршамдармен және жол белгілеулерімен, облыстық жолдар мен республикалық жолдар жол белгілеулерімен жабдықталған. 2021 жылы елді мекендер көшелеріндегі автомобиль жолдарын жөндеуге, автожолдарды қысқы ұстауға және сметалық құжаттаманы әзірлеуге 901,9 млн.теңге сомасында бюджеттік қаражат бөлінген. Бөлінген қаражатқа ауданның елді мекендерінің ұзындығы 35 км көше желісіне орташа жөндеу жүргізілген, ағымдағы жөндеумен 26,3 мың шаршы метр жол қамтылған. 2021 жылы автомобиль жолдарын қысқы ұстауға 40 млн.теңге бөлініп игерілген.
Өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту
Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен 15 қарашасына дейін 24 елді мекенде 50 мыңнан астам тұрғын Жалпы аудандық сенбіліктерге қатысқан. Барлық сенбіліктерге білім беру объектілерінің, ауданның коммуналдық қызметтерінің қызметкерлері, кәсіпкерлік субъектілері, қоғамдық ұйымдар тартылған.
ҚТҚ шығаруды "Көркем - Ел" ЖШС және "Жамбыл Тазалық" ЖК, "Тармип" ЖК жүзеге асырады . Ұзынағаш ауылында ҚТҚ астында 1 алаң (10 га) және 70 контейнер орнатылған. Шығаруды 13 бірлік техника мен 60 жұмысшы жүзеге асырады. Ауданында ҚТҚ сақтауға арналған 1 полигон бар.
Білім беру сапасын қамтамасыз ету:
Ауданда барлығы 46 орта, 6 негізгі және 10 бастауыш мектеп бар. Сондай-ақ, 2 өнер мектебі, 1-Оқушылар үйі, 1-балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығы, 2 - ҚІЖК, 26-шағын орталық, 71 - жеке меншік және 16-мемлекеттік балабақша. Мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 99,7% құрады. Тұтастай алғанда, бағдарлама іске асырыла бастағаннан (2010 жыл) ауданда 85 жеке меншік балабақша ашылды, қамту деңгейін 2020 жылға дейін 100 пайызға жеткізу жоспарланған болатын, бірақ бала туу мен ішкі көші-қонның ұлғаюына байланысты жоспарлы сомаға қол жеткізілген жоқ.
Аудан бойынша 2020-2021 оқу жылында үш ауысымда оқитын 8 мектеп болды – Қасымбек орта мектебі, Жайсаң орта мектебі,Шолаққарғалы орта мектебі, ат.Оспанов А.Ынтымақ ауылы, ОМК. Әбсеметова Қарғалы ауылы, Қайназар №1 ОМ, ат.А. Қарсақбаева с. Жаңақұрылыс, Көкдала бастауыш мектебі, ат.Ұзынағаш ауылының Бердіқұлов ауылы. 2020 жылы акт залы, асхана және спорт залы бар 300 орындық жапсаржай құрылысына байланысты Жайсан және Қасымбек орта мектептерінің үш ауысымдылық мәселесі шешілді. Алайда, сыртқы және ішкі көші-қонға, бала туудың ұлғаюына байланысты соңғы жылдары 2021 оқу жылында үш ауысымдылық проблемасы 10 мектепте қалыптасты. Ұзынағаш ауылында 1500 орындық мектеп және Көкдала ауылында 110 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде. Осы мектептердің құрылысы үш ауысымдылық мәселесін шешеді.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 42,45,46 және 47-баптарына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңның 31-бабына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы Заңның 18-бабына, Алматы облысының мемлекеттік басқару құрылымы туралы қаулысына сәйкес, Жамбыл ауданының әкімінің 2021 жыл 22 қарашасындағы №515 Қаулысына сәйкес,
«Жамбыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Жамбыл ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрамына қосылу арқылы;
«Жамбыл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Жамбыл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрамына қосылу арқылы;
«Жамбыл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрамына қосылу арқылы;
«Жамбыл ауданының сәулет және қалақұрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Жамбыл ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрамына қосылу арқылы;
«Жамбыл ауданының жолаушылар көлігі және автомобил жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Жамбыл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрамына қосылу арқылы;
Келесі мемлекеттік мекемелер қайта аталған;
«Жамбыл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып;
«Жамбыл ауданының экономика және қаржы бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып;
«Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып;
«Жамбыл ауданының құрылыс, сәулет және қалақұрылыс бөлімі» бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып;
«Жамбыл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобил жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілген.
Сонымен қатар Алматы облысы Әділет департаменті Жамбыл ауданаралық Әділет басқармасында 2021 жылдың 29 желтоқсанында заңды тұлғалар ретінде қайта тіркелген мекемелерге.
Жергілікті бюджеттен Жамбыл ауданына 2020-2021 жылдары бөлінген бюджет қаражатының аудитпен қамтылған жалпы сомасы 7 766 459,1 мың теңге, оның ішінде: 2020 жылы – 4 002 974,7 мың теңге, 2021 жылы – 3 763 484,4 мың теңге.
2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері
Жамбыл ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті жүргізудің дұрыстығы мен тиімділігінің мемлекеттік аудитімен бюджет қаржысы есебінен жұмсалған жалпы сомасы 7 766 459,1 мың теңге қамтылды, жалпы сомасы 389 891,7 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:
Бюджетке түсетін түсімдер бойынша қаржылық бұзушылықтар сомасы 65,8 мың теңге;
Қаржылық бұзушылықтардың сомасы 389 825,9 мың теңге (қалпына келтіруге жатқызылатыны – 389 418,6 мың теңге, бюджет есебіне қайтаруға жататыны – 407,3 мың теңге).
Осымен қатар 1 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.
1. «Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43 бабының 24 тармағымен және негізгі келісім шарттың 8.3 тармағымен қаралған шаралар қолданбағандығы немесе тұрақсыздық айыбының жалпы соммасы 112,8 мың теңге айппұл өндірілмегені анықталды.
Сонымен қатар, тапсырыс беруші тарапынан жоғарыда аталған келісім-шарттар бойынша тиісті Мердігерлерге қатысты Мемлекеттiк сатып алу Заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес шаралар қолданбаған, «Жамбыл ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осындай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
2. «Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» №413-IV Заңынының 74 бабының 3,4,5 тармақтары және Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы 10 тамыздағы №163 қаулысымен бекітілген «Коммуналдық меншік нысандарын жалға беру қағидасын» 1 тармағының 10 тармақшасының талаптары орындалмай, көрсетілген коммуналдық қызметтер ақысы 65,8 мың теңге толық өтелмегені анықталып, аудит барысында жергілікті бюджет есебіне өңдірілді.
3. Жамбыл ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлiмi»:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының» 236,243 – тармақтарының талаптары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы жоспарының» 16 тармағы талаптары (енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) басшылыққа алынбай, 394,2 мың теңгеге сатып алынған сейф бухгалтерлік есепте 2370 шотына қойылмағаны анықталды.
2020 жылы «Жамбыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінен «Жамбыл ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі» МКҚК – не негізгі қорларды сатып алу мақсатында аударылған 43 527,0 мың теңге «Жамбыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылдың қорытынды есебінде 2330 шотына өз теңгеріміне алған. Бұл ретте қаржылық есептілік бұрмаланып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының» 2 бөлімі 4 тармағының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №241 бұйрығымен бекітілген «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының» 3 тармағы, 1 тармақшасының және 5 тармағының талаптарының сақталмауынан орын алған.
4. «Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылдың 31 желтоқсанындағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесін бекіту туралы» қаулысының 1-3 тармақтардың талаптары және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V «Еңбек кодексінің» 103 бабының 1 тармақшасының талаптары сақталмай, мекеме қызметкерлеріне жалпы сомасы 163,9 мың теңге жыл сайынғы еңбек демалыс ақысына артық төленгені анықталып, мемлекеттік аудит барысында жергілікті бюджетке өндірілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының» 236-тармағы талаптары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы бұйрығымен бекітілген № 281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» есепке алу шоттары жоспарының 16 тармағы талаптары (енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) басшылыққа алынбай, 2020 жылы алынған –77,8 мың теңгеге өнім «Программное обеспечение 1C» бухгалтерлік есепке негізгі құралдар ретінде 2711 шотына қойылмағаны анықталды. Мемлекеттік аудит барысында қалпына келтірілді.
5. «Жамбыл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының» 243 тармағының талаптары сақталмай, жалпы баланстық құны 70 498,4 мың теңгені құрайтын мамандырылған техника мекеменің теңгерімінен алынбағаны анықталды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бұйрығымен бекітілген № 393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының» 243, 272 тармақтарының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы жоспарының» 16 тармағының талаптары сақталмай, Алматы облысы Жамбыл ауданы Жайсаң аулын сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңартуға және салуға жұмсалған 264 930,8 мың теңге сомасындағы шығындар мекеменің балансына қабылданбағаны анықталды.
6. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының» 236,243 тармақтарының талаптары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы жоспарының» 21 тармағы талаптары (енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) басшылыққа алынбай, 2020 – 2021 жылы 205,0 мың теңгеге әзірленген жобалау–сметалық құжаттамасы бухгалтерлік есепке ұзақ мерзімді активтер ретінде 2810 шотына қойылмағаны анықталып, мемлекеттік аудит барысында қалпына келтірілді.
Сол сияқты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидасына 236,243 – тармақтарының талаптары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы бұйрығымен бекітілген № 281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы жоспарының» 21 тармағы талаптары (енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) басшылыққа алынбай, 2020 – 2021 жылы 300,0 мың теңгеге сатып алынған 20 дана шырша бухгалтерлік есепке өзге негізгі құралдар ретінде 2383 шотына қойылмағаны анықталып, мемлекеттік аудит барысында қалпына келтірілді.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы «Құрылыстағы баға белгілеу бойынша нормативтік құжаттарды бекіту туралы» № 249-нқ бұйрығының 3 – тарауының 22 – тармағына сәйкес құрылыстың сметалық құнының құрамы мен құрылымына тапсырыс беруші мен мердігердің (мердігерлік жұмыстарға жататын) шығындары мен жұмыстарына бөлінетін өзге де шығындар мен жұмыстар енгізіледі. Мердігер орындайтын өзге де жұмыстары мен шығындары осы Нормативтік құжатқа 1-қосымшада келтірілген. Сметалық есептерді жасау барысында ағымдағы жөндеуге арналған техникалық құжаттаманың құрамына 2% мөлшеріндегі күтпеген жұмыстарға арналған шығыстар мен шығындар 31,0 мың теңге негізсіз енгізілгені анықталып, аудит барысында бюджет есебіне өндірілді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының» 125 тармағының талаптарына қайшы 21.04.2020 жылды 21 сәуірінде 1 750,0 мың теңгеге № 21 келісім шартпен екінші дүние жүзілік соғыс монументіне жасалған ағымдағы жөндеу жұмыстарын тексеріп қарау барысында техникалық құжаттамада көрсетілген 4 скамейканың ішіндегі 17,9 мың теңгенің 1 дана скамейкасы жетпейтіні анықталып, аудит бюджет есебінеөндірілді.
7. «Жамбыл ауданының Теміржол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен беітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің» 234-тармағының талаптары сақталмай, мекеме қызметкеріне 81,7 мың теңге сомасында негізсіз аударылғаны анықталып, аудит барысында жергілікті бюджет есебіне өндірілді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен беітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің» 234 тармағы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының» 243 тармағының талаптары сақталмай, жалпы соммасы 8 890,2 мың теңге Қазыбек бек станциясында спорт алаңын жайластыруға жұмсалған қаражат мекеме теңгерімінде алынбағаны анықталды. Мемлекеттік аудит барысында қалпына келтірілді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілікті жасау және ұсыну қағидаларының» 25 тармағының талаптары сақталмай, 2021 жылдың есептілік кезеніне 67,5 мың теңге дебиторлық берешек ретінде көрсетілмегені анықталды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бұйрығымен бекітілген № 393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы қағидаларының» 15, 114, 115-тармақтары (енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) басшылыққа алынбай, 2021 жылдың желтоқсан айында аударылған аванстық төлемдер жалпы 595,2 мың теңге жылдық бухгалтерлік балансында 014 жол коды 1230- шотында «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» көрсетілмегені анықталып, мемлекеттік аудит барысында қалпына келтірілді.
3.1.2. Жамбыл ауданынына қарасты 8 мемлекеттік мекемелері бойынша мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін бюджет есебіне жалпы сомасы 473,1 мың теңге өндірілді, 389 418,6 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды, олар:
- «Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 112,8 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
-«Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 65,8 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
«Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 163,9 мың теңге бюджет есебіне өндірілді және қалпына келтіруге жататын 77,8 мың теңге қалпына келтірілді.
- «Жамбыл ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлiмi мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтіруге жататын 43 921,2 мың теңге бухалтерлік есепте қалпына келтірілді;
- «Жамбыл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтіруге жататын 335 429,2 мың теңге бухалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді;
- Жамбыл ауданы әкімдігінің «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтіруге жататын 505,0 мың теңге бухалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді және өндірілуге жататын 49,0 мың теңге өідірілді.
- «Жамбыл ауданының Теміржол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтіруге жататын 8 890,2 мың теңге бухалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді және қалпына келтіруге жататын 81,6 мың теңге өідірілді.
- Жамбыл ауданы әкімдігінің «Үңгіртас ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 595,2 мың теңге бухалтерлік есепте қалпына келтірілді.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 3 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды:
- «Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша мекеме басшысының 11.08.2022 ж. №22 бұйрығымен мекеме статисті Р.К Копбаеваға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды;
-«Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша мекеме басшысының 08.08.2022 ж. №41-ө бұйрығымен мекеме инспектор бухгалтері Б.Қазкееваға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды;
- «Жамбыл ауданының Теміржол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша мекеме басшысының 16.08.2022 ж. №46-ө бұйрығымен мекеме бас маман есепшісі А.Сакееваға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жалпы саны 11 материал төмендегі мекемелерге қатысты жолданып, 207 бабының 16 тармағына сәйкес 1 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған, 8 материал 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес 6 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған, 2 материал 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес ішкі мемлекеттік аудит департамент тарапынан қарастырылуда.
1. «Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ақылбек Бексұлтанға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 207 бабының 10 тармағының 3 тармақшасына сәйкес №557 хаттамасы толтырылып айыппұл өндірілген.
2. «Жамбыл ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлiмi мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі Аманкулова Бану Абдыхамитовнаға, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 238 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес №555 хаттамасы толтырылып айыппұл өндірілген.
3. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі Молдабаева Мадина Болатовнаға, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 238 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес №548 хаттамасы толтырылып айыппұл өндірілген.
4. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі Молдабаева Мадина Болатовнаға, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 238 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес №549 хаттамасы толтырылып айыппұл өндірілген.
5. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі Казкеева Бибикуль Рахимжановнаға, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 238 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес №549 хаттамасы толтырылып айыппұл өндірілген.
6. «Жамбыл ауданы әкімдігінің «Үңгіртас ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі Иманкулова Жанар Абдугалимовнаға, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 238 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес №552 хаттамасы толтырылып айыппұл өндірілген.
7. «Жамбыл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі Капушева Жанар Маратовнаға, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 238 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес №569 хаттамасы толтырылып айыппұл өндірілген.
8. «Жамбыл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі Капушева Жанар Маратовнаға, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 238 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес №570 хаттамасы толтырылып айыппұл өндірілген.
9. «Жамбыл ауданының Теміржол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі Сакеева Айдана Ғабитқызына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 238 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес №570 хаттамасы толтырылып айыппұл өндірілген.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.
Жамбыл ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті жүргізудің дұрыстығы мен тиімділігінің мемлекеттік аудитімен бюджет қаржысы есебінен жұмсалған жалпы сомасы 7 766 459,1 мың теңге қамтылды, жалпы сомасы 389 891,7 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:
Бюджетке түсетін түсімдер бойынша қаржылық бұзушылықтар сомасы 65,8 мың теңге;
Қаржылық бұзушылықтардың сомасы 389 825,9 мың теңге (қалпына келтіруге жатқызылатыны – 389 418,6 мың теңге, бюджет есебіне қайтаруға жататыны – 407,3 мың теңге).
Осымен қатар 1 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар
Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:
1. Жамбыл ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.
2. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларының бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрын жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында жергілікті бюджет есебіне өндірген 473,1 мың теңгесі және есептілік бойынша қалпына келтірілген 389 418,6 мың теңге назарға алынсын.
3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.
Тексеру комиссиясының мүшесіҚ.Есенаманов
№1 мемлекеттік аудит бөлімінің
- Н.Қалқаев
Сапа бақылауына жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы С.Елубаева
Аудит тобының жетекшісі Н.Қалқаев