Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Кеген Ауданы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 01.10.2022
Просмотры: 1081 Печать страницы

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ I. Кіріспе бөлік 1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Кеген ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті. 1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу. 1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері: 1. «Кеген ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; 2. Кеген ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 3. Кеген ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 4. Кеген ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кеген аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 5. Кеген ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 6. «Кеген ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 7. Кеген ауданының «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 8. Кеген ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 9. Кеген ауданының «Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. 1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2021 жылдың 31 желтоқсан аралығы. II. Негізгі (талдамалық) бөлік 2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау: Ауданда халық саны-33 729 адам. Оның ішінде экономикалық белсенді халық саны 15 875 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар – 4 495 адам. жұмыспен қамтылғаны 14 985, жұмысссыздар саны - 887 адам. Білім беру саласында ауданда барлығы – 32 мектеп бар. Оның: -21-і орта, 2 -4-і негізгі орта, -7-і бастауыш. 1 өнер мектебі, 1 оқу өндірістік комбинаты, 1 колледж, 4 мемлекеттік және 11 жекеменшік балабақша жұмыс жасайды. Денсаулық сақтау саласында 31 емдеу мекемесі бар. (1- аудандық, 2 ауылдық, 9 дәрігерлік амбулатория, 5 ФАП, 14 МП) 62 дәрігер, 285 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс жасайды. Ана өлімі тіркелмеген. Сәби өлімі бойынша 8 жағдай орын алып отыр. Олар; Кеген - 5, Қарқара - 3. Әлеуметтік маңызы бар аурулар көрсеткіші төмендегідей болып отыр: -Туберкулез 2021 ж – 4. (2020 ж – 4) -Бруцеллез 2021 ж – 4. (2020 ж – 5) Мәдениет, ішкі саясат, спорт: Ауданда 10 мәдениет үйі, 4 ауылдық клуб және «Кеген» халық театры, «Ереуіл» фольклорлық – этнографиялық ансамблі, 13 кітапхана, 1 тарихи – өлкетану мұражайы жұмыс жасайды. Құқық қорғау саласы бойынша 2021 жылдың 12 айында 71 қылмыс тіркелген немесе өткен жылдың сәйкес кезеңі мен салыстырғанда 25,3 %- ға төмендеген. Ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнім көлемі 30 млрд 368 млн теңгені құраған, нақты көлем индексі – 101,1 %. Аудан бойынша жалпы егістік жер – 35 452 га, оның ішінде: игерілген жер – 29 451 га, игерілмегені – 6001 га. Себілген 7 140 га күздік және жаздық дәнді дақылдар орылып, 8 947 тонна, (5244 га жаздық арпадан, 7662 тонна өнім жиналған. Өнімділігі – 14,7 ц/га. 1300 га күздік бидай орылып, жалпы түсімі – 1285 тонна құраған. Өнімділігі- 9,9 ц/га), отырғызылған 2 465 га картоптан 47 726 тонна (гектарына 185 центнер), 271 га көкөністен 7 080 тонна (гектарына 260 центнер), өнім жиналған. 2021 жылдың 12 айында ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі 191 млн 569 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 105,3 % құраған. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 20 млрд 248 млн теңгені құрап нақты көлем индексі 100,2 %- ға орындалған. «Слава Мунай Сервис» ЖШС–і 2021 жылы Тұйық ауылынан, мыс, қорғасын өндіретін кен орынын іске қосуды қолға алды. 1,5 га жер телімі берілген. (Жер асты пайдалы қазбаларын өндіруге № 04-2-18/7935 лицензиясы 25 жылға берілген) Компания 25 жыл ішінде Тұйық кен орнын игеруге шамамен 13,1 млрд теңге инвестиция салуды көздеп отыр. Бүгінгі күнге 60 млн теңге инвестиция тартылып, 20 адам жұмыспен қамтылған. Ауданда 2 552 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасайды. (122 заңды тұлға, 762 жеке кәсіпкер, 1 501 шаруа қожалықтары). Оларда 5 187 адам жұмыспен қамтылған. Негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 5 млрд 584 млн теңгені құраған, нақты көлем индексі 94,5 пайызға орындалған. - республикалық бюджеттен – 1 070 млн теңге (2020 ж 745,5 млн теңге), - жергілікті бюджеттен - 2 996 млн теңге (2020 ж 2 287,6 млн теңге), 3 - тұрғындардың жеке қаржысымен -1 517 млн теңге, (2020 ж. 1 305,9 млн теңге). Бюджеттің атқарылуы Кеген ауданы бойынша жоспарланған 3 785 млн теңгенің орнына 4 016 млн теңге салық жиналып, 106,1 пайызға орындалды, (+231 млн тг) жергілікті салық көлемі 111,4 пайызға жетті (жоспар 1 573 млн, орындалғаны 1 752 млн тг +179,9 млн тг). Құрылыс жұмыстарының көлемі 6 млрд 224 млн теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 119,5 пайызды құраған. 5 100 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 2,1 есеге артық орындалған. (2020 жылы 2469 шаршы метр). Кеген ауылынан 36 тұрғын үйдің құрылысын салуға 655,8 млн теңге, инженерлік-коммуникациялық желілерін тартуға 223,5 млн теңге бөлініп, пайдалануға берілген. 1. Өнірдегі әлеуметтік саланың жай күйіне талдау жүргізу. Әлеуметтік сала бойынша 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жалпы сомасы 56,3 млн. теңгеге 158 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту» бағдарламасы шеңберінде барлық үш бағыт бойынша жоспарлы көрсеткіштер орындалды. 2021 жылы ауданда 1102 жаңа жұмыс орны ашылған. Оңың ішінде ауылшаруашылығыда -154, шағын және орта бизнесте -204, құрылыста -43, басқа салаларда -701 орын. Жұмыспен қамту саласында жұмыссыздық деңгейі 5,6 % құрады. 2021 жылдың қорытындысымен Еңбек ресурстары бойынша статистикалық мәлімет бүгінгі күнге шыққан жоқ. Болжам бойынша 2021 жылдың қорытындысымен жұмыссыздар саны 870 адам (2020 жылы-880 адам) құрайды. Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылғандар саны 2021 жылы 158 отбасын (935 адам) құрады, 2020 жылмен салыстырғанда 23 отбасына (122 адамға) азайды (2020ж.-181отбасы/1057адам). Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылғандар санының азаю себебі, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына 2021 жылы 5 қаңтарда №3 бұйрықпен өзгерістер енгізілуіне байланысты 2021 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азайды. Себебі, 2021 жылы Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидалары қатаңдатылып, өзгерістер енгізілген. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында: Ауданда 34 елді мекеннің 31-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Яғни, деңгейі 91 пайызды құрайды. Орталықтандырылмаған ауыз су мен қамтылмаған елді мекендер -Мыңжылқы – халық саны 55 адам. -Қызылжар – халық саны 55 адам. -Мойнақ (Қолтықбастау) – халық саны 105 адам. 4 Жол саласы Аудан аумағында барлығы 775 шақырым жол бар. Оның ішінде 67,7 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болса, 32,3 пайызы жөндеу жұмыстары қажет етеді. -республикалық маңызы бар – 215 км (жақсы және қанағаттанарлық – 85, жөндеу қажет ететіні – 15 пайыз); -Облыстық маңызы бар – 240 км (жақсы және қанағаттанарлық – 52, жөндеу қажет ететіні – 48 пайыз); -Жергілікті маңызы бар – 320 км (жақсы және қанағаттанарлық – 68, жөндеу қажет ететіні – 32 пайыз);. Жол құрылысына аудандағы жолдарына және туризм саласын көтеру үшін инфрақұрылымдарды дамыту мақсатында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 1 млрд 706 млн теңге бөлініп, 114,3 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілген. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бойынша бюджеттік бағдарламаларға сәйкес аудитпен қамтылған кезеңде атқарылған жұмыстарға талдау жасау. Аудан бойынша тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын белгіленген бағдарламалар аясында жобалықсметалық құжаттарын даярлау, сумен жабдықтау және су жүйесінің құрылыс жұмыстарына елеулі қаражаттар бөлініп келеді. Жалпы аудан бойынша су жүйесінің ұзындығы 281 шақырымды құрайды, аудандағы 34 елді мекеннің 31-і орталықтандырылған су жүйесімен қамталған. Орталықтандырылған су жүйесі Мыңжылқы, Қызылжар және Мойнақ елді мекендерінде жоқ. 2019-2020 жылдары 393,7 млн теңге Тұйық ауылының ауыз су жүйесін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп толығымен аяқталды. Мердігер: «Риголит» ЖШС. 2019-2020 жылдары 293,3 млн теңге Кеген ауылының ауыз су жүйесінің құрылысын салу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп толығымен аяқталды. Мердігер: «Киікбай строй сервис» ЖШС. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша: 1. 2020 жылға республикалық бюджеттен «Бөлексаз ауылының ауыз су жүйесін күрделі жөндеу» жобасына 413,9 млн теңге бөлініп 2020 жылы мемлекеттік сатып алу порталында «ДАНЕКЕР» ЖШС мердігер болып танылып, 334610,5 мың теңгеге келісім шартқа жасалып, құрылыс жұмыстары басталды. Бүгінгі күнге 314652,0 мың теңге қаржы аударылған. 2021 жылға жұмыстарды кешіктіруіне байланысты облыстық ауданаралық мамандандырылған сотына арыз жолданып 2022 жылы 30 маусымына дейін жұмыстарды аяқтау міндеттелген. Соттың шешімін орындамай 2022 жылы 30 маусымына дейін жұмыстарды аяқтамағандықтан 04.07.2022 жылы облыстық ауданаралық мамандандырылған сотына қайтадан арыз жолданды. «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша: 2. 2020-2021 жылдары 361925,4 мың теңгеге «Алғабас ауылының ауыз су жүйесінің құрылысын салу және қайта жаңғырту» жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік сатып алу порталының қорытындысымен анықталған «Сұңқар2002» ЖШС келісім шартқа қол қойылып, құрылыс жұмыстары аяқталды. 5 3. 2020 жылы Жайдақбұлақ (50,0 млн теңге), Жалаулы (30,0 млн теңге), Кіші Қарқара (30,0 млн теңге) ауылдарының ауыз су жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 110,0 млн теңге бөлініп жұмыстар толығымен аяқталды. Жобалық сметалық құжаттар даярлау бойынша Ақтасты ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарына ЖСҚсын жасатуға 8,5 млн. теңгеге «Сым-Тас проект» ЖШС арқылы 2019-2020 жылдары жұмыстар атқарылған. 2020 жылы А. Нүсіпбеков (30 млн. теңге), Қарабұлақ (20,7 млн. теңге) ауылдарының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарына «Р. Ж. Жәнекенов атындағы жобалау институты» ЖШС мен келісім шарт жасалып жұмыстар толығымен аяқталды. Шырғанақ ауылының ауыз су жүйесінің құрылысын салу және қайта жаңғырту жұмыстарына ЖСҚсын жасатуға 12,7 млн. теңгеге «Сұлутөр проект эксперт» ЖШС арқылы жұмыстар атқарылды. 2021-2022 жылдарға Саты ауылынан Саты көліне (3,8 млн теңге) және Қайыңды көліне (9,0 млн теңге) электр желілерін тарту жұмыстары мемлекеттік сатып алу порталына беріліп «Геодезия сервис» ЖШС-гі арқылы жұмыстар жүргізілуде. 2021-2022 жылдарға Хан-Тәңірі халықаралық альпинистік лагерге (21,5 млн теңге) электр желілерін тарту жұмыстары мемлекеттік сатып алу порталына беріліп «Казахский институт технического развития» ЖШС-гі арқылы жұмыстар жүргізілуде. Кеген ауданы бойынша кәріз жүйесі мен газға қосылмаған. 2020 жылы аудан тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету үшін Алматы облыстық «Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» арқылы техникалық экономикалық негіздемесі (ТЭН) толық аяқталып мемлекеттік сараптамадан өткізілген, мердігер «ГазДорПроект» ЖШС. Табиғи газ құбырының ұзындығы 230,2 км. Шелек-Кеген газ құбырының ұзындығы 123 км. Газ құбырының ішкі диаметрі 263 мм. Газ құбырының қалыңдығы 5 мм. 2021-2022 жылдары Шелек-Кеген магистралды газ құбырын тартуға Алматы облыстық «Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» арқылы 332,0 млн. теңгеге жобалық сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) жасалуда. Мердігер «КАТЭК» ЖШС-сі. Шелек-Кеген магистралды газ құбырының ЖСҚ–сы 2022 жылдың аяғына дейін аяқтап құрылыс жұмыстары 2023-2024 жылдары бастау жоспарлануда. Құрылыс саласында: - Кеген ауылынан салынатын 15 тұрғын үй құрылысының 1 кезеңі (15- үй) 14.05.2019 жылы құрылыс жұмыстары басталған. Мердігер «Сем-шоғы сервис құрылыс» ЖШС. Келісім шарт №15 14.05.2019 жыл. Жобаның құны 226, 363 млн. теңге. 23.12.2019 жылы құрылыс жұмыстары аяқталған. - Кеген ауылынан салынатын 36 тұрғын үй құрылысының 2 кезеңі (36- үй) 10.03.2021 жылы құрылыс жұмыстары басталған. Мердігер «Құрылысшы ТБС» ЖШС. Келісім шарт №10 10.03.2021 жыл. Жобаның құны 655,871 млн. теңге. 28.02.2022 жылы құрылыс жұмыстары аяқталған. - 15 үйдің инженерлік коммуникациялық желілерінің 1-кезеңінің (15-үй) 16.04.2019 жылы құрылыс жұмыстары басталған. Мердігер «Сем-шоғы сервис құрылыс» ЖШС. Келісім шарт №03 16.04.2019 жыл. Аяқталу мерзімі 29.05.2020 жыл. Жобаның құны 134.523 млн. теңге. 6 - 36 үйдің инженерлік коммуникациялық желілерінің 2-кезеңінің (36-үй) 30.01.2020 жылы құрылыс жұмыстары басталған. Мердігер «КазLux» ЖШС. Келісім шарт №11 16.04.2019 жыл. Аяқталу мерзімі 02.05.2022 жыл. Жобаның құны 223,531 млн. теңге. Кеген ауылынан салынатын 20 тұрғын үй құрылысының 3 кезеңі (20-үй) 12.04.2022 жылы құрылыс жұмыстары басталған. Мердігер «ҚұрылысшыТБС» ЖШС. Келісім шарт №12 12.04.2022 жыл. Жобаның құны 446,005 млн. теңге. Нысанды аяқтау мерзімі 05.05.2023 жылға жоспарланған. - Саты ауылындағы А.Түркебаев атындағы орта мектептің спорт залымен асхана жіне тамақтану блогына жапсарлама құрылысы. 12.08.2019 жылы құрылыс жұмыстары басталған. Мердігер «Риголит» ЖШС. Келісім шарт №25 12.08.2019 Жобаның құны 344.424 млн. теңге. 22.06.2020 жылы құрылыс жұмыстары аяқталған. - Саты ауылындағы ауылдық әкімшілік ғимаратының құрылысы. 12.05.2020 жылы құрылыс жұмыстары басталған. Мердігер «Компания Строи Индустрия» ЖШС. Жобаның құны 202.401 млн. теңге. Нысанды аяқтау мерзімі 31.08.2022 жылға жоспарланған. - Кеген ауылындағы ауылдық әкімшілік ғимаратының құрылысы. 12.05.2020 жылы құрылыс жұмыстары басталған. Мердігер «Компания Строи Индустрия» ЖШС. Жобаның құны 216.204 млн. теңге. Нысанды аяқтау мерзімі 31.08.2022 жылға жоспарланған. - Кеген ауылынан салынатын 30 ареналдық тұрғын үйдің жобалық сметалық кұжатына 12.369 млн. теңге бөлінген. Жобалаушы «Строитекс» ЖШС-гі. Жоба толық аяқталып жекеменшік сараптамадан оң қорытынды алынған. - 30 үйдің инженерлік коммуникациялық желілерінің жобалық сметалық кұжатына 10.521 млн. теңге бөлінген. Жобалаушы «Строитекс» ЖШС-гі. Жоба толық аяқталып жекеменшік сараптамадан оң қорытынды алынған. - Жалаңаш ауылынан салынатын жаңа мәдениет үйінің жобалық сметалық кұжатына 17,386 млн. теңге бөлінген. Жобалаушы «Строитекс» ЖШС-гі. Жоба толық аяқталып жекеменшік сараптамадан оң қорытынды алынған. Жергілікті бюджеттен Кеген ауданына 2020-2021 жылдары бөлінген бюджет қаражатының жалпы сомасы 7 638 366,9 мың теңге, оның ішінде: 2020 жылы – 4 236 470,7 мың теңге, 2021 жылы – 3 401 896,2 мың теңге. 2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері Кеген ауданы бойынша бюджет қаражаты есебінен салалар бойынша 7 638 366,9 мың теңге қамтылды, жалпы сомасы 216 963,6 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде: - 152 604,4 мың теңге қаржылық бұзушылықтар (оның 151 436,0 мың теңгесі қалпына келтірілуі тиіс, 1168,4 мың теңгесі бюджет есебіне өндірілуі тиіс); -889,2 мың тенге бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтар (889,2 мың тенге бюджет есебіне өндірілуі тиіс); - 63 470,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты. Осымен қатар 1 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған. 7 «Кеген ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі: Бухгалтерлік есепті жүргізу, қаржылық есептілікті жасаудың дұрыстығы мен анықтығын тексеру барысында. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығының 114, 115 және 118-тармақтарының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығының 9 тармағының талаптарына қайшы 2020 жылдың бухгалтерлік балансында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-на төленген 129,7 мың теңге дебиторлық берешек ретінде көрсетілмегені анықталды. Кеген ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V ҚРЗ Еңбек кодексінің 103-бабының 1-тармағының талаптары сақталмай, мекеме қызметкеріне жалпы сомасы 90,3 мың теңге еңбекақы артық төленгені анықталып, аудит барысында бюджет есебіне қайтарылды. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекiтiлген «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағы 1 тармақшасының талабы сақталмай, мекеме қызмеркеріне 184,0 мың теңге мөлшерінде сыйақы негізсіз есептеліп төленгені анықталып, аудит барысында жергілікті бюджет есебіне қайтарылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Қағидалардың 2-тармағы сақталмай, мекеме қызметкеріне 15,1 мың теңге сомасында іс-сапар шығыстарының артық төленгені анықталып, аудит барысында жергілікті бюджет есебіне қайтарылды. Кеген ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кеген аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Ережесінің 2-тармағы сақталмай, мекеме қызметкерлеріне 121,8 мың теңге сомасында іс-сапар шығыстарының артық төленгені анықталып, аудит барысында жергілікті бюджет есебіне қайтарылды. Кеген ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI) РЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексінің 487-489 баптары сақталмай, еңбек төлем қорынан төленетін, әлеуметтік салығы жалпы соммасы 637,1 мың тенге салық декларациясында 8 кем тапсырылғаны және бюджетке төленбегені анықталып, аудит барысында қосымша салық декларациясы есептелініп, жергілікті бюджет есебіне төленді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабы 9),12) тармақшаларымен қарастырылған, бюджет жүйесінің негізділік принципі мен тиімділік қағидаты сақталмай, 63 470,0 мың теңге бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланғанына жол берілген. Кеген ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 Қаулысының 1 тараудың 2 тармағының, 2 тарау 6 тармағының талаптары сақталмай, мекеме қызметкеріне 47,7 мың теңге мөлшерінде іс-сапар шығыстарының артық төленгені анықталып, аудит барысында жергілікті бюджет есебіне қайтарылды. Кеген ауданының «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидаларының 236 – тармағының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен 15.06.2010 жылғы № 281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» буйрығының 21 тармағының талаптары (енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) басшылыққа алынбай, жалпы сомасы 41 690,4 мың теңгеге сметалық құжаттамалар, бухгалтерлік есепке ұзақ мерзімді активтер ретінде қойылмағаны анықталды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43-бабының 24- тармағының талаптары орындалмай, Кеген ауылы Атыханов көшесіндегі тұрғын үй ауласын абаттандыру жұмыстарын 81 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындағаны анықталды. Орындалмаған міндеттемелер сомасынан тұрақсыздық айыппұл немесе 709,5 мың теңгені бюджет есебіне өндіруге жатады. Кеген ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидасының 18,244-тармақтарынын талаптары басшылыққа алынбай, 2021 жылы сараптамадан өтілген 9 дана жобалық-сметалық құжаттамалары жалпы сомасы 109616,1 мың теңге бухгалтерлік есебі бойынша Мекеменің 2810 – «Өзге ұзақ мерзімді активтер» шотына есепке алынбағаны анықталды. 8. Кеген ауданының «Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120- VI)РЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексінің 350-351-355 баптарына қайшы, еңбек ақы және басқада 9 табыстардан ұсталатын жеке тұлға табыс салығы бойынша 2021 жылдың 3 тоқсанда тапсырылған салық декларациясында жалпы соммасы 252,2 мың тенгені қосымша салық декларациясымен негізсіз азайтылып, бюджет есебіне төленбегені анықталды. Аудит барысында қосымша салық декларациясы есептелініп, жергілікті бюджет есебіне төленді. 3.1.2. Кеген ауданынына қарасты 8 мемлекеттік мекемелері бойынша мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін бюджет есебіне жалпы сомасы 1348,2 мың теңге өндірілді, 151 436,2 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды, олар: 1. «Кеген ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтіруге жататын 129,7 мың теңге бухалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді. 2. Кеген ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 289,4 мың теңге бюджет есебіне өндірілді. 3. Кеген ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кеген аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 121,8 мың теңге бюджет есебіне өндірілді. 4. Кеген ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 637,1 мың теңге бюджет есебіне өндірілді. 5. «Кеген ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 47,8 мың теңге бюджет есебіне өндірілді. 6. Кеген ауданының «Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 252,2 мың теңге бюджет есебіне өндірілді; 7. Кеген ауданының «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтіруге жататын 41690,4 мың теңге бухалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді. 8. Кеген ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтіруге жататын 109 616,1 мың теңге бухалтерлік есепте қалпына келтірілді. Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 5 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды: 1. Кеген ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша мекеме басшысының 26.08.2022 ж. №47 бұйрығымен мекеменің статисі Е. Көкеұлына ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылған; 10 2. Кеген ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кеген аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша мекеме басшысының 28.07.2022 ж. №42 бұйрығымен бас есепші К. Кошимбаеваға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылған; 3. Кеген ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша мекеме басшысының 22.08.2022 ж. №29б-н/қ бұйрығымен бас есепші Д. Қайнарбаевқа ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылған; 4. «Кеген ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша мекеме басшысының 02.08.2022 ж. №24-9 А бұйрығымен бас есепші Е. Жұмағалиға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылған; 5. Кеген ауданының «Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша мекеме басшысының 24.08.2022 ж. №47-ө-ж/қ бұйрығымен бас есепші А. Қылышбаеваға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылған. Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жалпы саны 5 материал төмендегі мекемелерге қатысты жолданып, уәкілетті органмен қаралуы бойынша жергілікті бюджет есебіне 199,1 мың теңге айыппұл өндірілді: Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағы 1 тармақшасына сәйкес 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған, 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасына сәйкес 1 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған, олар: 1. «Кеген ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша жолданған материал уәкілетті органмен қаралып, бас маман-есепшісі Б.Нурғожаеваға №553 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 1 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған; 2. Кеген ауданының «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша жолданған материал уәкілетті органмен қаралып, мекеменің бұрынғы басшысы С.Құныпиановқа №568 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшеінде әкімшілік айыппұл салынған; 3. Кеген ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша жолданған материал уәкілетті органмен қаралып, бас маман-есепшісі А.Сураншыға №559 хаттамаға сәйкес Қазақстан 11 Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 1 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған; 4. Кеген ауданының «Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбегені үшін, әкімшілік жауапкершілігінің қаралуына, уәкілетті органға 09.08.2022ж. №02- 13/942 хатпен әкімшілік шешім қабылдауға жолданды. 3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар. 1. Кеген ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитпен қорытындысымен Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптарын сақтамау бойынша жалпы сомасы сомасы 7 638 366,9 мың теңге қамтылды, жалпы сомасы 216963,6 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде: - 152 604,4 мың теңге қаржылық бұзушылықтар (оның 151 436,0 мың теңгесі қалпына келтірілуі тиіс, 1168,4 мың теңгесі бюджет есебіне өндірілуі тиіс); - 889,2 мың тенге бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтар (889,2 мың тенге бюджет есебіне өндірілуі тиіс); - 63470,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты. Осымен қатар 1 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған. 2. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының талаптарын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының талаптарын, Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу туралы Ережесінің сақтамаудан орын алған. 3. Қазақстан Республикасы Заңнамаларының тиісті талаптарын сақтамау салдарынан жоғарыда аталған бұзушылықтарға жол берілген. 3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы және жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану жеткізуінің тиімділік аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН: 1. Кеген ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитнің нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын. 2. «Кеген ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы 12 бөлімі» ММ-де «Жолашар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 709,5 мың теңге тұрақсыздық айыппұл жергілікті бюджет есебіне өндірілсін. 3. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларымен бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрын жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында жергілікті бюджет есебіне өндірілген 1 348,2 мың теңге, бухалтерлік есептілік бойынша қалпына келтірілген 151 436,2 мың теңге назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін жұмыстар жүргізілсін. 3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.

Тексеру комиссиясының мүшесі Ж. Үсенбаев

№1 мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы Н. Қалқаев

Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы С. Елубаева

Аудит тобының жетекшісі А. Қадір

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ