Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Итоги государственного аудита
«Алматы облысының энергетика және үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»
Категория: Итоги государственного аудита | |
Дата: 01.04.2022 | |
Просмотры: 1030 | Печать страницы |
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
- Кіріспе бөлік
1.1.Аудиторлық іс-шараның атауы:
Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.
1.2.Мемлекеттік аудиттің мақсаты:
Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.
1.3.Мемлекеттік аудиттің объектілері:
«Алматы облысының энергетика және үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
1.4 Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:
2019 жылдың қаңтарынан бастап, 2021 жылдың желтоқсанын қоса алған кезең.
II.Негізгі (талдамалық) бөлік:
- «Алматы облысының энергетика және үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатының атқарылуына талдау жасау:
Мемлекеттік аудитпен «Алматы облысының энергетика және үй- коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жергілікті бюджет есебінен бөлінген 25 350 142,0 мың теңге қаражат қамтылды, оның ішінде тексерілетін жылдар бөлінісінде: 2019 жылы –9 637 312,0 мың теңге,
2020 жылы –7 386 291,4 мың теңге, 2021 жылы –8 326 538,6 мың теңге.
Мемлекеттік аудит барысында жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың бюджет қаражатын пайдаланғанда бұзушылықтардың барлығы Қазақстан Республикасының Заңнамаларының нормаларын тікелей сақтамағандықтан орын алған, олардың басым бөлігі еңбек ақы, сауықтыруға жәрдемақы, іс-сапар шығындары үшін қабылданған заңнамалар мен «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV ҚР Бюджет кодексі талаптарының бұзылуы бойынша.
Мемлекеттік аудитте пайдаланылған көрсеткіш МӘНДІЛІК бойынша жалпы мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражаттың көлемінен анықталған бұзушылықтардың көлемі 26,3 % құрағанын ескерсек бөлінген бюджет
қаражаты қанағатанарлық деңгейде пайдаланылған деген тұжырымға келуге болады.
2.2.«Алматы облысының энергетика және үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері:
Мемлекеттік аудитпен 2019 жылдың қаңтарынан бастап, 2021 жылдың желтоқсанын қоса алған кезең қамтылып, 2022 жылдың 14 қаңтарынан басталып, 11 ақпандында аяқталды.
Аудитпен жалпы сомасы 25 350 142,0 мың теңге қаражат қамтылып, 6671182,9 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптары бұзылғаны анықталды оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар –6 671 182,9 мың теңгеге, соның ішінде: (6602340,7 мың теңгеге аяқталған 9 нысан құрылыстары бухгалтерлік есебіне алынбаған, 4425,2 мың теңгеге қосалқы бөлшектері жетіспеушілігі, азаматтық қызметшілер болып табылмайтын 10 штаттан тыс жұмыскерлерге 338,2 мың теңге сауықтыруға арналған жәрдемақы негізсіз төленгені 150,0 мың теңгеге жұмыс көлемі орындалмағандығы);
Қалпына келтірілетің сомма 6602340,7 мың теңге, бюджет есебіне өндірілуі тиісті сомма 64078,8 мың теңге;
Алайда басқармада 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің» 139 бабының 10 тармағы талабы бұзылып, 2019 жылы азаматтық қызметшілер болып табылмайтын 10 штаттан тыс жұмыскерлерге 338,2 мың теңге сауықтыруға арналған жәрдемақы негізсіз төленгені анықталды.
Атап айтқанда, 071 «Газ тасымалдау жүйесін дамыту» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» бұйрығымен бекітілген қағидасының 236-тармағы талаптары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есептің шоттар жоспарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген қағидасының 16,19 тармақтарының талаптары (енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) басшылыққа алынбай, 2021 жылы облыс көлемінде 4 (төрт) газбен жабдықтау құбырын және газ тарату желілері құрылыстары жалпы құны 2 265 256,7 мың теңге аяқталып, нысандар пайдалануға қабылдау Актілерімен қабылданған(Көксу ауданы Мұқры ауылында, Ескелді ауданы Қарабулақ және Өрқұсақ ауылдарында, Қаратал ауданы Қанабек ауылында), бірақта бухгалтерлік есепке басқада негізгі құралдар ретінде 2340 «Беру құрылғылары» шотына қойылмаған.
096 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау» бағдарламасы бойынша 2021 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша облыс көлемінде 4 газ тарату желілері мен 1 кентішілік және жеткізуші желілер құрылысы жалпы
құны 4 337 084,0 мың теңге аяқталып, нысандар пайдалануға қабылдау Актілерімен қабылданған (Талғар ауданы Ақтас, Ақдала және Жалғамыс ауылдарында, Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында, Балқаш ауданы Бақанас ауылында), бірақта «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы
№ 713 бұйрығының 2 тармағы және Алматы облысы Әкімінің 2021 жылғы 22
сәуірдегі №156, 2021 жылғы 25 маусымдағы №252, 2021 жылғы 31 тамыздағы
№332 жоғарыда аталған нысандарды Алматы облысының коммуналдық меншігіне қабылдап алу туралы қаулылары орындалмай бухгалтерлік есепке басқада негізгі құралдар ретінде 2340 «Беру құрылғылары» шотына қойылмаған.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабы 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес жоғарыда аталған заңнамалардың бұзылуына жол берген жауапты тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі қарастырылған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V
«Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 12 бап 4–тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей мұндай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге міндетті, бірақта Мекеме 4 мердігерлерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызын Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінбеген, атап тайтқанда:
«Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «Сұңқар-2002»ЖШС-гі арасында Балхаш ауданы Ақдала ауылында газбен жабдықтау құбырын және газ тарату желілерін салуға 24.09.2020 жылы №109/20 келісім шарты 725334,0 мың теңгеге жасалынған, 23.12.2020 жылғы №1 қосымша шартымен 2020 жылға 580267,9 мың теңге, 2021 жылға 145067,0 мың теңге қаралған, аяқталу мерзімі 30.07.2021 жылы.
Алайда осы объект бүгінгі күнге дейін пайдалануға қабылдау актісімен қабылданбаған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V
«Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 - тармағы және кешіктірілген әрбір күн үшін 24.09.2020 жылы №109/20 келісім шарттың №1 қосымшасы талабы, 8 бап 8.3 тармағы орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбы ұсталмаған. Аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде орындамаған орындаушының атына
кешіктірген 196 күнге орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 пайызында 7716,2 мың теңгеге (31.07.2020-11.02.2021 жылы 39368300 теңге*0,1%*196 күн=77716,2) айыппұл есептеліп, жергілікті бюджет есебіне өңдірілуге жатады.
«Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «Сұңқар-2002» ЖШС-гі арасында Көксу ауданы Бесқайнар ауылында газбен жабдықтау құбырын және газ тарату желілерін салуға 24.09.2020 жылы №110/20 келісім шарты 283017,7 мың теңгеге жасалынған, 23.12.2020 жылғы №1 қосымша шартымен 2020 жылға 226414,2 мың теңге, 2021 жылға 56603,5 мың теңге қаралған, аяқталу мерзімі 30.07.2021 жылы.
Алайда осы объект бүгінгі күнге дейін пайдалануға қабылдау актісімен қабылданбаған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V
«Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 - тармағы және кешіктірілген әрбір күн үшін 24.09.2020 жылы №110/20 келісім шарттың №1 қосымшасы талабы, 8 бап 8.3 тармағы орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбы ұсталмаған. Аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде орындамаған орындаушының атына кешіктірген 196 күнге орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 пайызында 1823,5 мың теңгеге (31.07.2020-11.02.2021 жылы 9303500 теңге*0,1%*196 күн=1823,5) айыппұл есептеліп, жергілікті бюджет есебіне ңдірілуге жатады.
«Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «Сұңқар-2002»ЖШС-гі арасында Көксу ауданы Мамбет ауылында газбен жабдықтау құбырын және газ тарату желілерін салуға 24.09.2020 жылы №111/20 келісім шарты 205451,2 мың теңгеге жасалынған, 11.12.2020 жылғы №1 қосымша шартымен 2020 жылға 179451,2 мың теңге, 2021 жылға 26000,0 мың теңге қаралған, аяқталу мерзімі 30.07.2021 жылы.
Алайда осы объект бүгінгі күнге дейін пайдалануға қабылдау актісімен қабылданбаған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V
«Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 - тармағы және кешіктірілген әрбір күн үшін 24.09.2020 жылы №111/20 келісім шарттың №1 қосымшасы талабы, 8 бап 8.3 тармағы орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбы ұсталмаған. Аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде орындамаған орындаушының атына кешіктірген 196 күнге орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 пайызында 5096,0 мың теңгеге (31.07.2020-11.02.2021 жылы 26000 теңге*0,1%*196 күн=5096,0) айыппұл есептеліп, жергілікті бюджет есебіне өңдірілуге жатады.
«Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «Azia RC»ЖШС-гі арасында Көксу ауданы Жамбыл ауылында газбен жабдықтау құбырын және газ тарату желілерін салуға 24.09.2020 жылы №112/20 келісім шарты 175118,8 мың теңгеге жасалынған, 19.11.2020 жылғы №1 қосымша шартымен 2020 жылға 63855,8 мың теңге, 2021 жылға 111263,0 мың теңге қаралған, аяқталу мерзімі 30.07.2021 жылы.
Алайда осы объект бүгінгі күнге дейін пайдалануға қабылдау актісімен қабылданбаған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V
«Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 - тармағы және кешіктірілген әрбір күн үшін 24.09.2020 жылы №112/20 келісім шарттың №1 қосымшасы талабы, 8 бап 8.3 тармағы орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбы ұсталмаған. Аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде орындамаған орындаушының атына кешіктірген 196 күнге орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 пайызында 4091,3 мың теңгеге (31.07.2020-11.02.2021 жылы 20873774 теңге*0,1%*196 күн=2534,0) айыппұл есептеліп, жергілікті бюджет есебіне өңдірілуге жатады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 12 бап 4– тармағының талаптары орындалмай, Мекеме «Сұңқар-2002» ЖШС-ің және
«Azia RC»ЖШС-ің мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
071011 бағдарламасы бойынша Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен
«ТАРАЗСТРОЙ-2004» ЖШС-гі арасында Талдықорған қаласы газ тарату желілерің құрылысы 22 іске қосу кешенінің IV-кезеңін салуға 10.03.2020 жылы
№32/20 келісім шарты 388633,1 мың теңгеге жасалынған, 24.04.2020 жылғы
№1 қосымша шартымен 388633,1 мың теңге 071015 бағдарламаға ауыстырылған, 24.12.2020 жылғы қосымша шартымен 2020 жылға 349770,5 мың теңге, 2021 жылға 38862,6 мың теңге қаралған, аяқталу мерзімі 30.07.2021 жылы.
Шарттың орындалуын қамтамасыз ету кепілдігі 11660,0 мың теңге 27.05.2020 жылғы №564 төлем тапсырмасымен аударылған.
«ТАРАЗСТРОЙ-2004» ЖШС-гі өз міндеттемелерін мезгілінде орындамағандықтан Мекеме тарапынан 22.09.2021 жылы №26-02-21/2164-и шартты біржақты бұзу туралы хабарлама жіберілген.
Алайда осы объекті құрылыс жұмыстары бүгінгі күнге дейін аяқталмаған. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V
«Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 12 тармағына сәйкес
өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт бұзылған жағдайда, енгізген сома өнім берушіге қайтарылмайды және тиiстi бюджет есебіне 11 660,0 мың теңге бюджетке қайтаруға жатады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 - тармағы және кешіктірілген әрбір күн үшін 24.09.2020 жылы
№112/20 келісім шарттың №1 қосымшасы талабы, 8 бап 8.3 тармағы орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбы ұсталмаған. Аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде орындамаған орындаушының атына кешіктірген 196 күнге орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 пайызында 7617,1 мың теңгеге (31.07.2021- 11.02.2021 жылы 38862600 теңге*0,1%*196 күн ) айыппұл есептеліп, жергілікті бюджет есебіне өңдірілуге жатады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 12 бап 4– тармағының талаптары орындалмай, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей мұндай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге міндетті, бірақта Мекеме «ТАРАЗСТРОЙ-2004» ЖШС-ін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа тек 20.12.2021 жылы жүгінген.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабы 10 тармағы 3 тармақшасына сәйкес жоғарыда аталған заңнамалардың бұзылуына жол берген жауапты тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі қарастырылған.
«Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы №423 бұйрығының 1 тарауы, 3 тармағына сәйкес жүргізілген түгендеумен «ТУР- ГАЗ»ЖШС-мен арасында Талдықорған қаласы Көктал шағын ауданында газ тарату желілерінің құрылысы 20 іске қосу кешенінің IV-кезеңіндегі орнатылған газды реттеу пунктерінің 06 шкафтері және де басқа қосалқы бөлшектері жалпы сомасы 4425,2 мың теңгеге жетіспеушілігі анықталды.
Ескелді ауданы Қарабулақ ауылында «МБК-Кұрылыс» ЖШС-мен газ тарату желілері құрылысыда бақылау өлшемімен орындалмаған жұмыстардың сомасы 150,0 мың теңгені құрады.
Мекеменің 3271«Ақшаны уақытша орналастыру бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты бойынша балансында 3 жылдан асқан 21 мердігерелердің шарттардың орындалуын қамтамасыз ету кепілдігі жалпы
соммасы 26074,7 мың теңге орналасқан, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы №268- XIII «Қазақстан Республикасы азаматтық кодексі» Кодексінің 178 бабы 1 тармағына сәйкес алап қоюдың жалпы мерзімі 3 (үш) жыл болып белгіленген.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V
«Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабы 12–тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттартың орындалуын қамтамасыз ету, сондай- ак осы Заңның 26-бабына сәйкес өнім беруші енгізген сомма(болған кезде) тиісті бюджет кірісіне қайтарылады, бірақта 26074,7 мың теңге өнім берушілермен енгізілген кепілдік жарна бойынша кредиторлық берешектер есепті бюджет кірісінің есебіне жіберілмеген.
III.Қорытынды бөлік:
- Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:
Мемлекеттік аудит барысында 2021 жылы облыс көлемінде аяқталып бухгалтерлік есебі бойынша кіріске алынбаған 9 (тоғыз) газбен жабдықтау құбырлары мен газ тарату желілер нысандары жалпы құндары 6 602 340,7 мың теңге бухгалтерлік есебі бойынша қалпына келтіріліп, жергілікті бюджет есебіне 37734,7 мың теңге қайтарылды.
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң «Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабы 10 тармағы 3 тармақшасы және 238 бабы 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес жоғарыда аталған заңнамалардың бұзылуына жол берген жауапты тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарауына материалдар жіберілді.
3.2.Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:
Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сай пайдаланылуы бойынша сәйкестік аудитімен «Алматы облысының энергетика және үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражатты игеруге қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол толық жеткізілмегені және барынша пайдалы нәтиже алу көрсеткіштері толық орындалмағаны анықталды.
Анықталған қаржылық және рәсімдік бұзушылықтары қолданыстағы бюджеттік және басқада заңнамалардың талаптары бұзылғаннан орын алған.
3.3.Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар:
Негізгі (талдамалық) бөлікте аталған мәліметтерді назарға ала отырып:
- Мемлекеттік аудит іс-шараның қорытындысы Тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.
- Мемлекеттік аудит объектісіне басшыларына Қазақстан Республикасы Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының 04 желтоқсан 2015 жылғы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсан «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі
«Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» №1428 қаулысы және басқада заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және келешекте қаржылық бұзушылықтарға жол берілмеуі бойынша Тексеру комиссиясының Нұсқамасы ұсынылсын.
- «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде 5608,7 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілуі қамтамасыз етілсін.
- Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзушылықтарына жол берген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігі қаралсын.
- Алматы облысы әкімдігіне хат дайындалсын.
Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (3 парақ).