Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Итоги государственного аудита
«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»
Категория: Итоги государственного аудита | |
Дата: 10.06.2022 | |
Просмотры: 1096 | Печать страницы |
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
- Кіріспе бөлік
- Аудиторлық іс-шараның атауы: Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.
- Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.
1.3.Мемлекеттік аудиттің объектілері:
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Аманат» Есік арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақ ниет» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Нұр» Сарқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қоғалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған
«Үміт» күндізгі болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Қаратал күндізгі болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2021 жылдың 31 желтоқсан аралығы.
II.Негізгі (талдамалық) бөлік
- Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:
«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі Алматы облысының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Осы бағытта мекеме қызметі жақсы деңгейге қойылған, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, халықты жұмыспен қамту, мүгедектерді қолдау, халықтың көш-қоны, шетелдік жұмыс күштерін тарту, әлеуметтік қорғау
салаларында айтарлықтай жұмыстар жүргізілген.
2020 жылға әлеуметтік салаға 31 307,2 млн.теңге, оның 21 208,7 млн. теңгесі республикалық бюджеттен, 10 098,5 миллион теңгесі жергілікті бюджеттен қарастырылған.
Жергілікті деңгейде жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және халыққа әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру бойынша қызметтер үшін жергілікті бюджет есебінен 147 928,0 мың теңге қарастырылып, 100% игеріліген.
Жұмыспен қамту
2020 жылы Алматы облысы бойынша жұмыспен қамту органдарына 66728 адам жүгініп, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 53 684 адам камтылды немесе 80,4%. Тұрақты жұмыспен 35 749 адам қамтылған.
Әлеуметтік көмек
Облыс бойынша 2020 жылы аз қамтылған 38,4 мың астам азаматтарға 9 млрд 799,2 млн.теңге мөлшерінде әртүрлі әлеуметтік көмектер көрсетілген.
Мүгедектерді оңалту бағдарламасы
Облыс бойынша тіркелген мүгедектердің жалпы саны 67,0 мыңнан астам.
Жылдан жылға мүгедектерді оңалту шараларына қарастырылып отырған қаржы көлемі өсіп келеді.
2020 жылы мүгедектерді оңалтуға 5,2 млрд.теңге бөлінген.
2019 жылмен салыстырғанда 1,3 млрд.теңгеге артық. (2019 жылы 3,9 млрд.теңге бөлінді).
Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігі
Облыс бойынша бекітілген аймақтық бейімдеу картасы аясында
«Интерактивтік қолжетімді карта» порталына 2 351 паспортталған нысан енгізілді немесе жоспарға 100%.
Оның ішінде бейімделуден бірінші кезекте өтуге жататын 586 нысанға 430 млн.теңге бөлініп, бейімдеу жұмыстары толық аяқталған.
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
Облыс бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет (бұдан әрі - АӘҚ) көрсететін 2 231 орынға арналған 13 мекеме жұмыс істейді. АӘҚ көрсету ұйымдарын ұстауға 2020 жылға 3 952,0 млн.теңге қарастырылған.
Шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша
Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды беру экономикалық қызмет түрі бойынша облысқа бөлінген квота шегінде жүзеге асырылған.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №722 бұйрығымен 2020 жылға бөлінген квота мөлшері – 2 238 бірлікті, оның ішінде І санат бойынша - 70, ІІ санат бойынша - 461, ІІІ санат бойынша - 985, ІV санат бойынша - 244 және маусымдық жұмыстарға – 478 бірлікті құраған.
2021 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша 69 мекеме мен кәсіпорында 751 шетелдік жұмыс күші тартылған. Оның ішінде: I санат – 25 адам(3,3%), II санат- 143(19%), III санат - 326(43,4%), IV санат - 12(1,6%),
корпоративішілік ауыстыру шеңберінде- 245(32,6%).
Тұрғылықты тұру үшін келген оралмандарға «Оралман» мәртебесін
беру
Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 22 шілдесіндегі «Халықтың
көші-қоны туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі №329-Ө-М бұйрығымен шетелден келген этникалық қазақ ұлт өкілдеріне «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметті көрсетілген.
Облыс аумағына 1 991 жылдан 2019 жылдар аралығында 65 568 отбасында 206617 этникалық қазақтар көшіп келіп қоныстанған.
Ал, 2020 жылдың 01 қаңтарынан 31 желтоқсан аралығында 6 695 этникалық қазақтарға (3 259 отбасына) «оралман» мәртебесі беріліп, оның
100 пайызы Алматы облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы арқылы қағаз түрінде жүзеге асырылған.
Жұмыспен қамту
2022 жылдың 1 қаңтарына Алматы облысы бойынша жұмыспен қамту органдарына 95 332 адам жүгініп, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 85067 адам камтылды немесе 89,2%.
Тұрақты жұмыспен 42075 адам қамтылған.
2021 жылға Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын іске асыру үшін 18,5 млрд.теңге қарастырылған.
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 4087 адамды кәсіптік оқытуға 2675,6 млн.теңге бөлінген.
Әлеуметтік көмек
2022 жылдың 1 қаңтарына аз қамтылған 39,8 мың астам азаматтарға 9,7 млрд. теңге мөлшерінде әртүрлі әлеуметтік көмектер көрсетілген.
Мүгедектерді оңалту бағдарламасы
2021 жылымүгедектердіоңалтуға 5,9 млрд. теңгебөлінді, оныңішінде3,0 млрд.теңгежекекөмекшініңқызметі (ЖБ – 4,5 млн. теңге, РБ – 1,4 млн. теңге).
Облыс бойынша 2022жылдың 1 қаңтарынабарлығы 66947 мүгедек азамат тіркелген.
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
Облыс бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет (бұдан әрі - АӘҚ) көрсететін 2231 орынға арналған 13 мекеме жұмыс істейді. АӘҚ көрсету орталықтарын ұстауға 2021 жылға 6029,3 млн. теңге бөлініп, 6017,6 млн. теңге игерілген.
Шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша
2021 жылға Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 558 бұйрығымен бөлінген квота мөлшері – 2729 бірлікті, оның ішінде І санат бойынша - 65, ІІ санат бойынша - 450, ІІІ санат бойынша - 1330, ІV санат бойынша - 288 және маусымдық жұмыстарға – 596 бірлікті құраған.
2022 жылдың 1 қаңтарына берілген, ұзартылған, қайта рәсімделген рұқсаттардың саны - 1216, оның ішінде І санат бойынша -23, ІІ санат бойынша – 204, ІІІ санат бойынша - 452, IV санат бойынша -18, маусымдық жұмыстарға - 223 және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде-296 бірлік.
Тұрғылықты тұру үшін келген оралмандарға «қандас» мәртебесін беру немесе ұзарту
2021 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсан аралығында 5279 этникалық қазақтарға (3456 отбасына) «қандас» мәртебесі беріліп, оның 100 пайызы Алматы облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы арқылы жүзеге асырылған.
2.2.Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері
«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен 11 888 777,0 мың теңге жұмсалған бюджет қаражаты қамтылды және ведомствалық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне бақылаулар жүргізіліп, қорытындысымен Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптарын сақтамау бойынша жалпы сомасы 182 618,4 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:
- 128,9 мың теңге қаражат бюджетке түскен кездегі бұзушылықтар;
- 24614,4 мың теңге қаржылық бұзушылықтар (оның 23 627,0 мың теңгесі қалпына келтірілуі тиіс, 987,4 мың теңгесі бюджет есебіне өндірілуі тиіс);
- 155527,6 мың теңге тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты;
- 2347,5 мың теңге тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты. Осымен қатар 3 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.
Жеке мемлекеттік мекемелер бойынша бұзушылықтардың сипаттамасы:
1.«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі:
Бюджет қаражатын игерудің негізділігін зерделеу кезінде мекеменің 2021 жылдың соңына 155527,6 мың теңге игерілмегені анықталды, оның ішінде:
- 102 «Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердің және мүгедек балалардың санаторлық-курорттық емделуін қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы бойынша жалпы аурулардан мүгедектерге 4209 санаторлық-курорттық жолдамалар сатып алуға 476911,0 мың теңге қарастырылып, 425768,5 мың теңге игерілді. Игерілмеген 51142,5 мың теңге мүгедектігі бар тұлғалар еліміздегі орын алған эпидахуалға байланысты санаторлық-курорттық шипажайларға барудан бас тартуына байланысты, осы шараға бөлінген қаражат толығымен игерілмеді,
- 105 «Мүгедектер мен ардагерлерді оңалту» кіші бағдарламасы бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға және тыл еңбеккерлеріне 61324,0 мың теңге қарастырылып, 520 санаторлық-курорттық жолдамалар сатып алынып 61239,4 мың теңге жұмсалды. Игерілмеген 84,6 мың теңге өнім берушінің атқарылған қызметтер актісе сәйкес төлемдер жүргізілді,
- 106 «Протездеу, үйрету жөнінде медициналық қызметтер көрсету протездік-ортопедиялық құралдарымен және оларды пайдалануды қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы бойынша 5591 протездік-ортопедиялық бұйымдар 313 804,0 мың теңге қарастырылып, 308007,3 мың теңге игерілді. Игерілмеген 5796,6 мың теңге «Әлеуметтік қызметтер порталында» кейбір протездік-ортопедиялық құралдардың кепілдік берілген соммасының жоқ болуына байланысты және жоспарлау модулына қаражатты енгізген жағдайда ғана мүгедектігі бар тұлғалардың таңдау мүмкіндіктері ашылып Әлеуметтік қызметтер порталына жолданадып қажетті протездік құралдардың қымбат болуына орай таңдау жасалынбай, алу мүмкіндігі болмады. Аталған себептерге байланысты, бөлінген қаражат толығымен игерілмеді,
- 046 «Техникалық көмекші (косымша)» құралдарының тізімін кеңейтуге кіші бағдарламасы бойынша 1916,0 мың теңге бөлініп, 1749,6 мың теңге игерілді. Бұл қаралған қаражатқа 412 техникалық көмекші құралдары сатып алынды. Игерілмеген 166,4 мың теңге «Әлеуметтік қызметтер порталында» жоспарлау модулына қаражатты енгізген жағдайда ғана мүгедектігі бар тұлғалардың таңдау мүмкіндіктері Әлеуметтік қызметтер порталына
жолданаданып, қажетті техникалық көмекші құралдарың қымбат болуына орай таңдау жасалынбай, алу мүмкіндігі болмады. Аталған себептерге байланысты, бөлінген қаражат толығымен игерілмеді.
- 103 «Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердің техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдарымен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы бойынша 247696,0 мың теңге бөлініп, 150823,4 мың теңге қаражат игерілді. Бұл қаралған қаражатқа 1443 қол арбалар, 255 сурдо және
370 тифло құралдары сатып алынды. Игерілмеген 96873,0 мың теңге
«Әлеуметтік қызметтер порталында» жоспарлау модулына қаражатты енгізген жағдайда ғана мүгедектігі бар тұлғалардың таңдау мүмкіндіктері Әлеуметтік қызметтер порталына жолданаданып, қажетті техникалық көмекші және арнаулы жүріп-тұру құралдарың қымбат болуына орай таңдау жасалынбай, алу мүмкіндігі болмады. Аталған себептерге байланысты, бөлінген қаражат толығымен игерілмеді.
- 067 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша 29 290,4 мың теңге бөлініп «Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек с/о Қарақастек ауылының ғимаратын абаттандыра отырып, күрделі жөндеу» объект бойынша жобалау сметалық құжаттаманы әзірлеуге шарт шасалған. Алайда, жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс сараптамасы қорытындының оң қорытындысы алынбағанына байланысты, 5 пайыз мөлшеріндегі қалдық 1464,5 мың тенге төленбей игерілмеген. Жобалау сметалық құжаттамасы 2021 жылғы 24 қарашада мемлекеттік сараптамаға жіберіліп, 2022 жылғы 14 наурызда теріс қорытынды алынды. Аталған себептерге байланысты, бөлінген қаражат толығымен игерілмеді.
- Тармақ: Бұл ҚР Бюджет Кодексінің 3-бабы 1 - тармағының 12-4), 12-5) тармақшасына, 4-бабы 9,12 тармақшыларды және Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары» 7 тармақтарды бұзу болып табылады. Бұл Бюджет кодексінің негізділік және тиімділік қағидаттары сияқты қағидаттарының толық сақталмауына әкелді.
Себебі, бюджетті жоспарлау және оны одан әрі іске асыру кезінде Басқарма алдыңғы кезеңдердің негізгі болжамды деректері, нәтижелерді бағалау тиісті шамада ескерілмеген, бюджетті жоспарлау кезінде қандай да бір шығыстарды қосу қажеттілігінің негізділігі және олардың көлемдерінің негізділігі айқындалмаған және бюджетті жоспарлау және атқару кезінде бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу жөніндегі қағидаттар тиісті дәрежеде сақталмаған. Яғни Басқармамен 155527,6 мың теңге тиімсіз жоспарлау жіберіліп, бюджет қаражатын пайдалану кезінде тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген.
- Тармақ: Басқарма мен «Ер-Аудит» ЖШС арасында ведомстволық бағыныстағы 13 мекеменің «Қаржылық есептілік аудитін жүргізу қызметтер» бойынша 15.02.2021 жылғы №44 жалпы сомасы 2 347,5 мың теңгеге келісім
шарт жасалған. Аталған келісім шарт Заңның 1-бабының 6,7-тармақшаларын, 10-бабын және Аудиторлық қызмет туралы Заңның 1-бабының 4- тармақшасын, 5,6-бабын нормаларға қайшы келеді. Өйткені аудит туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекемелерде аудит жүргізуге құқығы бар уәкілетті органдар және бастамашылық аудит бойынша аудит бойынша шарт жасасу тәртібі айқындалды.
- Тармақ: Жеке серіктес – «Нұр Әлем Компаниясы» ЖШС мен мемлекеттік серіктес – «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі арасында
«Алматы облысы Талғар ауданындағы мүгедек балаларға арналған күндізгі күтім орталығы» МЖӘ жобасын іске асыру барысында – жеке оңалту бағдарламасы бойынша 25 мүмкіндігі шектеулі балаға қызмет көрсетуге 14 тамыз 2018 жылы №75 келісім шарт жасалған. МЖӘ нысанын іске асыру мерзімі 2018 жылдан 2021 жылға дейін. Жобаны іске асырудың басталуы – 2018 жылдың 1 тамызы және жобаның аяқталу күні – 2021 жылдың 31 шілдесі. Жеке серіктестің барлық кезеңдегі шығындарын өтеу және кіріс алу көздерінің жалпы сомасы 211 352,1 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
- жеке серіктестің инвестициялық шығындарын өтеу – 9960,0 мың
теңге;
- сапалы қызмет көрсеткені үшін сыйақыдан және жеке серіктестің
операциялық шығындарын өтеуден тұратын қолжетімділік төлемі – 201392,1 мың теңге.
№1 кестеге сәйкес 2020 жылға жекеше әріптестің шығындарын өтеу сомасы 71 423,0 мың теңге және 2021 жылға 41 020,0 мың теңгені құрайды.
2020 жылғы 15 желтоқсандағы №001 қосымша келісімге сәйкес 2020
жылға өтемақы сомасы 13 555,7 мың теңгеге азайтылып, 57 867,3 мың теңгені құрады.
2018 жылғы 29 тамыздағы қосымша келісімге сәйкес, жеке серіктес жоба аяқталғаннан кейін 30 жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына мүлікті мемлекеттік меншікке беру туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №713 бұйрығының 12-тармағына сәйкес бұдан әрі – № 713 бұйрық) «облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астаналардың) жергілікті атқарушы органдары өтінішті алғаннан кейін он күн ішінде олар қабылдауға жататын МЖӘ объектісін коммуналдық меншікке қабылдау және оны коммуналдық заңды тұлғаға беру туралы шешім қабылдайды»
№713 бұйрықтың 13-тармағына сәйкес «осы Қағидалардың 12- тармағында көзделген шешімді қабылдағаннан кейін жекеше әріптес және мемлекеттік меншікке қабылдауға жататын МЖӘ объектісі бекітілетін мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары қабылдайды күнтізбелік он бес күн ішінде
мемлекеттік меншікке қабылдауға жататын МЖӘ объектісін қабылдау- тапсыру актісі ресімделеді».
№713 бұйрықтың 14-тармағына сәйкес «қабылдау-беру актісі оған қол қоюға қатысатын тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде бір-бір данадан үш данада бекітіледі».
Алайда, қосымша келісімнің 6,7-тармағын бұза отырып, 2018 жылғы 29 тамызда жекеше әріптес жоба аяқталғаннан кейін 30 жұмыс күні ішінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына мүлікті мемлекеттік меншікке беру туралы өтінішпен жүгінбеді; №713 бұйрықтың 12-тармағын бұза отырып, коммуналдық меншікке қабылдауға жататын МЖӘ объектісін коммуналдық меншікке қабылдау және оны коммуналдық заңды тұлғаға беру туралы шешім қабылданған жоқ, және тиісінше №713 бұйрықтың 13,14-тармағын бұза отырып, мемлекеттік меншікке қабылдауға жататын МЖӘ объектісін қабылдау-беру үш жақты актісі ресімделмеген.
Осылайша, жекеше әріптес жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына берген 9960,0 мың теңге сомасындағы мүлік балансқа уақтылы кіріске алынбаған, бұл Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 18, 21, 34 және 250-тармақтарының бұзылуына әкеп соққан.
2.«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және
коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
2021 жылы мекеменің аумағына аббатандыру жұмыстарын «Хан- Тенгри Құрылыс» ЖШС-мен 50250,0 мың теңгеге 28 сәуірінде келісім шарт
№190 негізінде жасалынған. Жасалынған жұмыстарына жұмыс жасалынған актілеріне қарай төлемдер жүргізілген, алайда:
- Тармақ: ғимарат аумағын аббатандыру жұмыстары жасалынғанымен, соның ішінде баскетболдық және волейболдық алаңдар - 4105,1 мың теңгеге, орындықтар арқасымен 15 дана -1433,4 мың теңгеге, вазон «Ромашка» 20 дана – 621,8 мың теңгеге, Беседка 3х3 8 дана – 2937,6 мың теңгеге, жарықтандыру шам «Шар» 25 дана -220,0 мың теңгеге, бақ- саябақты жарықтандыру шамдары «Дон Кихот» -25 дана -1832,2 мың теңгеге бухгалтерлік есебіне алынбаған. Яғни,«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген
«Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесін 244 тармағы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2010 жылы №
281 бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының бұйрығының» 16 тармағының (енгізілген өзгерістер мен толықтырулар) талаптары басшылыққа алынбаған. Жалпы акивтердің баланстық құны 11150,1 мың теңгеге ұлғайтылмаған.
3.«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
«Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
- Тармақ: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы №1210 «Қазақстан Республикасының мемлекттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» Қаулысының талаптарының сақталмауынан 2012 жылы шығарылған
«Chevrolet Cruze» мемлекеттік тіркеу нөмірі В066СV автокөлігіне 2020-2021 жылдары жанар-жағармай шығыстары 48,1 мың теңгеге нормадан артық шығысталғаны анықталды. Анықталған 48,1 мың теңге бұзушылық сомасы аудит барысында жергілікті бюджет есебіне 2022 жылдың 21 сәуіріндегі
№620300062750 түбіртегімен өтелді.
4.«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және
коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
- Тармақ: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамызындағы №1127 қаулысының 10 тармағы сақталмай санитар М.Тоқтамысовқа 2020 жылы алынбаған қатан сөгіс бола тұра 29032 тенге, және қожалық менгерушісі У.Бугачеевқа 2020 жылы алынбаған қатан сөгіс бола тұра 91670 тенге сыйақы берілген, барлығы 120702 тенге негізсіз берілген сыйақы мемлекеттік аудит барысында бюджетке қайтарылды.
5.«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және
коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
- Тармақ: Қазақстан Республикасының шегінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары туралы Қағидалардың 2-тармағы бұзылғанда, сондай- ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына қызметкерді қызметтік іссапарға жіберу туралы тиісті Бұйрықсыз қызметтік іссапарларға арналған шығыстар жалпы сомасы 17 502 теңге, оның ішінде жүргізуші М.Есеевке 2021 жылғы 22 қазандағы №59 аванстық есеп бойынша 11668 теңге сомасы және санитар Е.Қанағатовқа 2021 жылғы 25 қазандағы №58 аванстық есеп бойынша 5834 теңге сомасы негізсіз төленді. Анықталған 17,5 мың теңге бұзушылық сомасы аудит барысында жергілікті бюджет есебіне өтелді.
- Тармақ: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін жанар - жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп- ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 қаулысының жеңіл автомобильдер үшін жанар-жағармай материалдары шығыстарының базалық нормалары бұзылған «Chevrolet NiVa» ВАЗ 2123-ке жалпы сомада негізсіз есептен шығарылған жалпы сомасы 20 066 теңге, оның ішінде:
- 2021 жылдың қыркүйек айында сомасы 16432 теңге;
- 2021 жылдың қараша айында жалпы сомасы 3634 теңге.
Анықталған 20,1 мың теңге бұзушылық сомасы аудит барысында жергілікті бюджет есебіне өтелді.
6.«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
«Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
9 - Тармақ: Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекiтiлген «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағы 1 тармақшасының талабы сақталмай,
«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының 2021 жылғы 16 шілдедегі №71-ө бұйрығымен коммуналдық мекеменің кадрлар жөніндегі инспекторы Б.Бердигуловаға, бухгалтер Б.Кабылбековаға, 1 бөлім шаруашылық бикесі Б.Мукановаға, 2 бөлім шаруашылық бикесі У.Нугмановаға, 3 бөлім шаруашылық бикесі К.Ажинуроваға ескерту түрінде тәртіптік жаза жарияланған, алайда аталған қызметкерлердің тәртіптік жазасы алынбағанына қарамастан «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының 2021 жылдың 01 қарашадағы №99/1-ө бұйрығы негізінде
«Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні» мерекесінің құрметіне Б.Бердигуловаға-64,5 мың теңге, Б.Кабылбековаға-63,4 мың теңге, Б.Мукановаға-42,5 мың теңге, У.Нугмановаға-42,1 мың теңге К.Ажинуроваға-42,1 мың теңге, барлығы - 254,6 мың теңге мөлшерінде сыйақы негізсіз есептеліп төленген. Аудит барысында 254,6 мың теңге 2021 жылдың 21 сәуірдегі №211104407636, 211104994149, 211104763663,
211104165713, 211105525698 түбіртектерімен бюджет есебіне қайтарылды.
7.«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақ ниет» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
- Тармақ: «ТОРИ КОМПАНИ» ЖШС-гі 01.11.2021 жылы жасалған
№239 негізгі келісім шарт талаптарымен өзіне қабылдаған міндеттерін 15 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындағаны анықталды. Бұл ретте негізгі келісім шарттың 7.3 тармағына сәйкес орындаушы жұмыстарды кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан (18.11.2021ж-13.12.2021 жыл, 2 234400*0,1%*15=33516 теңге.) 0,1% тұрақсыздық айыппұл немесе 33516 теңге бюджет есебіне өндірілмеген. Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышының 2.11.1.1 тармағы.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43-бабының 24 – тармағына сәйкес тапсырыс беруші, мердігерден мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін тиісінше орындамаған үшін жалпы 33516 теңге тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) және өндіріп алуды қамтамасыз етуге міндетті. Аудит барысында 33516 теңге 2021 жылдың 29 сәуірдегі №6 төлем тапсырмасымен бюджет есебіне қайтарылды.
- Тармақ: Сонымен жоғарыда көрсетілген бұзушылық бойынша тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 12 бабының
4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес «ТОРИ КОМПАНИ» ЖШС-гін тапсырыс беруші өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
8.«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Нұр» Сарқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
- Тармақ: Еңбекақыға үстеме және қосымша ақыларды есептеу және төлеу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» қаулысының 4- тармақ, 1-тармақшасының талабы сақталынбай 2020 жылдың наурыз айында мекеме басшысының 16.03.2020 ж. №48- ж/қ, 17.03.2020 ж. №49-ж/қ бұйрықтары негізінде А.Асқароваға алып тасталмаған тәртіптік жазасы сөгіс бола тұра, 8 Наурыз халықаралық әйелдер күні мемлекеттік мерекесінің құрметіне 121 439 теңге, Наурыз мейрамы мемлекеттік мекемесінің құрметіне 122 994 теңге, барлығы 244 433 теңге сыйақы берілген. Қызметкердiң төлем көзiнен ұсталынатын табыс салығымен әлеуметтік төлемдер (міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар) ұсталынғаннан кейінгі аударылған сома 198 008 теңге.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 18-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышының 2.1.1.6 тармағына сай бұзушылық сомасы 198 008 теңге бюджет есебіне қайтарылуға жатады.
9.«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және
мемлекеттік мекемесі:
- Тармақ: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағы толық сақталынбай мекеменің палаталық санитар Сулейменова Мейрамгуль Байбатыровнаның тәртіптік жазасы алынбай негізсіз жалпы соммасы 25130 теңге сыйақы төленген. Аталған сома 2022 жылдың 21 сәуріңде аудит жүгізу барысында жергілікті бюджет 206109 кодына қайтарылды.
10.Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
- Тармақ: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыз N 1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қаулысының 4 тармағының 1 тармақшасы талаптары бұзылып, С. А. Сабиргалиеваға тәртіптік жазасы бола тұра 2020 жылы қараша және желтоқсан айларында 182,1 мың тенге сыйақы төленген. Бұл қаражат бюджет қорына өтеліуі тиіс.
- Тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының 114-тармағын бұза отырып, "Серік" ЖК алдындағы 2020 жылға бухгалтерлік есепте дебиторлық қарыздар ретінде 2 516 939 теңге сомасы көрсетілмеген, бұл 2021 жылғы қаржылық есептің бұрмалануына алып кеп соғады. Аудит барысында 2 516 939 теңге қалпына келтірілді.
- Тармақ: Мекеме 414 ерекшеліктен, «Jelide» ЖШС-мен 21.20.2020 жылы №40 келісім шартқа 833,75 мың теңгеге 5 дана кеңселік компютерлер сатып алынған. Тауарларды алып келу мерзімі 15 күнтізбелек күн болып белгіленген. Алайда Мердігер 12 күнге кешіктіріп, қабылдап алу актісімен 2020 жылдың 18 науырыз күні жеткізілген. Мемлекеттің сатып алу Ережелерінің типтік келісім-шарт үлгісі бойынша мерзімін өткізіп алған жағдайда, әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбы ұсталатыны көрсетілген. Осы негізде тұрақсыздық сомасы 10,0 мың теңге (833750х0,1%х12).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V
«Мемлекеттік сатып алу» Заңының 43 бабының 24 тармағы сақталмай және келісім шартың 8.3 тармағына сәйкес белгіленген мерзімді бұзғаны үшін әрбір мерзімі өткен күніне шарттың орындамаған мөлшерінің 0,1 пайыз көлемінде 10,0 мың теңге (833750*0,1%*12) тұрақсыздық сомасы ұсталмаған.
Аудит барысында 10,0 мың теңге 2021 жылдың 01 маусымдағы
№2206010376427 түбіртегімен бюджет есебіне қайтарылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу» Заңының 12 бабының 4 тармағы 3 тармақшасы қайшы тапсырыс беруші мердігерді мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы ретінде тану туралы талап арызбен сотқа шағымданбаған.
- Тармақ: Мекеме 414 ерекшелігтен, Altaiyr, куәлік негізінде әрекет ететін Арымбаев Амангелді Ибрайұлы 20.11.2020 жылы № 173 келісім шартқа 120,0 мың теңгеге 1 дана витринасы бар мұздатқыш сатып алынған. Тауарларды алып келу мерзімі 16 күнтізбелек күн болып белгіленген. Алайда, Мердігер 21 күнге кешіктіріп, қабылдап алу актісімен 2020 жылдың 24 желтоқсан күні жеткізілген. Мемлекеттің сатып алу Ережелерінің типтік келісім-шарт үлгісі бойынша мерзімін өткізіп алған жағдайда, әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбы ұсталатыны көрсетілген. Осы негізде тұрақсыздық сомасы 2520 теңге (120,0х0,1%х21).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V
«Мемлекеттік сатып алу» Заңының 43 бабының 24 тармағы сақталмай және келісім шартың 8.3 тармағына сәйкес белгіленген мерзімді бұзғаны үшін әрбір мерзімі өткен күніне шарттың орындамаған мөлшерінің 0,1 пайыз көлемінде 2520 теңге (120,0*0,1%*21) тұрақсыздық сомасы ұсталмаған. Аудит барысында 2520 теңге 2021 жылдың 01 маусымдағы №2206010381751 түбіртегімен бюджет есебіне қайтарылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу» Заңының 12 бабының 4 тармағы 3 тармақшасы қайшы тапсырыс беруші мердігерді мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы ретінде тану туралы талап арызбен сотқа шағымданбаған.
- Тармақ: Мекеме 414 ерекшеліктен, Жеке кәсіпкер PC MASTER Плясовских Владимир Олегович 18.11.2020 жылы №171 келісім шартқа 446,0 мың теңгеге 5 дана Сейф отқабұзуға төзімді сатып алынған. Тауарларды алып келу мерзімі қазынашылық органдарда келісім шарт тіркелген күнен бастап 16 күнтізбелек күн болып белгіленген. Алайда, Мердігер 14 күнге кешіктіріп, қабылдап алу актісімен 2020 жылдың 16 желтоқсан күні жеткізілген. Мемлекеттің сатып алу Ережелерінің типтік келісім-шарт үлгісі бойынша мерзімін өткізіп алған жағдайда, әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбы ұсталатыны көрсетілген. Осы негізде тұрақсыздық сомасы 6244 теңге (446,0х0,1%х14).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V
«Мемлекеттік сатып алу» Заңының 43 бабының 24 тармағы сақталмай және келісім шартың 8.3 тармағына сәйкес белгіленген мерзімді бұзғаны үшін әрбір мерзімі өткен күніне шарттың орындамаған мөлшерінің 0,1 пайыз көлемінде 6244 теңге (446,0*0,1%*21) тұрақсыздық сомасы ұсталмаған.
Аудит барысында 6244,0 теңге 2021 жылдың 01 маусымдағы
№2206010395700 түбіртегімен бюджет есебіне қайтарылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу» Заңының 12 бабының 4 тармағы 3 тармақшасы қайшы тапсырыс беруші мердігерді мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы ретінде тану туралы талап арызбен сотқа шағымданбаған.
Осылармен қатар Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» №434-V Заңының 43 бабының 24 тармағына қайшы 3 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталған.
11.Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт» күндізгі болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
- Тармақ: Қызметкерлердін еңбекақыларын, лауазымдық жалақыларды, тарифтік ставкаларды, еңбекақыға үстеме және қосымша ақыларды белгілеудін дұрыстығына аудит жүргізу барысында, еңбек ақы қорынан ұсталатын әлеуметтік салығы бойынша 2020 жылдың 2- тоқсанының маусым айында 88697 тенге, 2021 жылдың 4 тоқсанның қараша айында 40260 тенге, жалпы соммасы 128957 тенгені салық декларациясында кем тапсырылған және бюджетке төленбеген. Бұл ҚР 2017 жылғы №120- VI)РЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексінің 487-489- баптарына қайшы келеді.
12.«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және
орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
- Тармақ: Орталық директорының 2020 жылғы 16 наурызындағы
№44-ж/қ бұйрығымен тәртіптік жаза қолдану туралы заңгер Ж.А.Джингильбаева, тәрбиеші Г.Б.Толеумырзанова, жүзу жөніндегі нұсқаушы Р.Е. Мелисов, автобус жүргізушісі Б.К.Копжановқа қатаң сөгіс берілген. 2020 жылы 30 сәуірінде тәрбиеші Г.Б.Толеумырзанова, автобус жүргізушісі Б.К.Копжановтан тәртіптік жазалары мерзімінен бұрын №92-ж/қ бұйрығымен алынған. Алайда, заңгер Ж.А. Джингильбаева және жүзу жөніндегі нұсқаушы Р.Е.Мелисовтан тәртіптік жазаларын мерзімінен бұрын алу туралы бұйрығы шықпағанына қарамастан, 2020 жылы 04 мамырында Қазақстан Республикасының халқының бірлігі-1 мамыр мемлекеттік мерекесінің құрметіне Қызметкерлерге сыйақы беру туралы №97-ж/қ бұйрығы бойынша тізімдегі заңгер Ж.А. Джингильбаеваға 39464,0 теңге және жүзу жөніндегі нұсқаушы Р.Е. Мелисовқа 29730,0 теңге жалпы сомасы 69194 теңге көлемінде сыйақы негізсіз төленген.
2001 жылғы 29 тамыз №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар
белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 4-тармақ 1) тармақшасының талабының сақталмауынан заңбұзушылық орын алған.
2.3.Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік- экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):
2020 жылға әлеуметтік салаға 31 307,2 млн.теңге, оның 21 208,7 млн. теңгесі республикалық бюджеттен, 10 098,5 миллион теңгесі жергілікті бюджеттен қарастырылған.
Жергілікті деңгейде жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және халыққа әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру бойынша қызметтер үшін жергілікті бюджет есебінен 147 928,0 мың теңге қарастырылып, 100% игеріліген.
Жұмыспен қамту
2020 жылы Алматы облысы бойынша жұмыспен қамту органдарына 66728 адам жүгініп, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 53 684 адам камтылды немесе 80,4%. Тұрақты жұмыспен 35 749 адам қамтылған.
2020 жылға Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын іске асыру үшін 16 149,9 млн.теңге қарастырылған.
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 3 907 адамды кәсіптік оқытуға 2 259,3 млн.теңге бөлінген.
Оның ішінде:
- кәсіптік техникалық оқытуға 1 535 адамға 1 779,4 млн.теңге;
- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2 372 адамға 479,9 млн.теңге.
2021 жылдың 1 қаңтарына 2 536 адам оқуға жіберілді. Оның 2 408 оқуын
аяқтап, 2 272 тұрақты жұмыспен қамтылған.
Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде 6 200,5 млн.теңге бөлінген. оның ішінде:
- 1 094 адамға 4 791,3 млн.теңге шағын несие беру жоспарланған;
- қалаларда және ауылды аймақтарда шағын несиені кепілдендіруге – 69,6 млн.тенге;
- операциялық шығындарды субсидиялауға – 8 млн.тенге бөлінген.
2021 жылдың 1 қаңтарына ауылдық жерлерде 1 064 адамға 4 552,0 млн.теңге, қалада 24 адамға 239,2 млн.теңге көлемінде шағын несие берілді.
Сонымен қатар, 185 адамға 718,3 млн.теңге қайтарылған қаржы есебінен берілген.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 900 адамды оқыту жоспарланған. Оның ішінде 3 677 адам қамтылған.
Жаңа бизнес идеяларды дамытуға 2 403 адамға 1 331,6 млн. теңгеге мемлекеттік грант қарастырылған.
2021 жылдың 1 қаңтарына жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 2 403
адамға 1 331,0 млн.теңге грант берілген.
Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде 7 684,6 млн. тенге бөлінді.
Оның ішінде:
-әлеуметтік жұмыс орындарына – 217,4 млн.тенгеге 1010 адамға;
-жастар практикасына 598,5 млн.тенгеге 1 541 адамға;
-қоғамдық жұмысқа 6 868,7 млн.тенгеге 18 087 адамға.
2020 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 1 375 адам, жастар
практикасына 1 932 түлек, қоғамдық жұмыс орындарына 19 972 жұмыссыз азамат жолданған.
Бірыңғай электрондық еңбек биржасы арқылы 2 356 бос жұмыс орындары тіркеліп, жыл басынан электрондық еңбек биржасы арқылы тікелей жұмысқа 15 745 адам орналастырылған.
Әлеуметтік көмек
Облыс бойынша 2020 жылы аз қамтылған 38,4 мың астам азаматтарға 9 млрд 799,2 млн.теңге мөлшерінде әртүрлі әлеуметтік көмектер көрсетілген.
Оның ішінде:
Тұрмысы төмен отбасыларға тұрғын үй көмегі 4 265 отбасына 162,8 млн.теңге мөлшерінде төленген.
Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын 1 814 отбасына 93,3 млн.теңге көлемінде төленген.
Туберкулез індетімен ауыратын 1 300 азаматқа 140,3 млн.теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілген.
2020 жылы 68 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне қосымша тұрмыстық-коммуналдық жеңілдіктерге 5,6 млн.теңге және мерекелік және естелік даталарға 12 550 адамға 706,3 млн.теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілген.
2020 жылдың қаңтар айынан бастап Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері енгізілді, атаулы әлеуметтік көмек
- жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен аспайтын отбасыларына шартсыз ақшалай көмек және шартты ақшалай көмек түрінде көрсетілген.
Бұл мақсаттарға бюджеттен 8,8 млрд.теңге қарастырылған (РБ - дан – 7,5 млрд.теңге, ЖБ - 1,3 млрд.теңге). Ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айына АӘК төлеуге 18 465 отбасына тағайындалып, 8 млрд 690,9 млн.теңге көлемінде төленген.
Мүгедектерді оңалту бағдарламасы
Облыс бойынша тіркелген мүгедектердің жалпы саны 67,0 мыңнан астам.
Жылдан жылға мүгедектерді оңалту шараларына қарастырылып отырған қаржы көлемі өсіп келеді.
2020 жылы мүгедектерді оңалтуға 5,2 млрд.теңге бөлінген.
2019 жылмен салыстырғанда 1,3 млрд.теңгеге артық. (2019 жылы 3,9 млрд.теңге бөлінді).Соның ішінде орындалуы бойынша:
- санаторлық-курорттық емделумен 5602 адамды қамтуға 558,7 млн.теңге бөлінген, жеке оңалту бағдарламасының орындалуы – 97,3 % құрайды;
- арнайы техникалық қозғалу құралдарымен – 2 121 адамды қамтуға 1 029,7 млн.теңге қаражат бөлініп, жеке оңалту бағдарламасының орындалуы
- 100% құрайды;
- протездік-ортопедиялық көмекпен қамтуға 4 306 құралға 303,9 млн.теңге бөлінген;
– тифлоқұралдар 1 972 құралға 436,5 млн. теңге көлемінде сатып алынуға қаражат бөлінген.
- сурдоқұралдармен 1 560 адамды қамтуға 123,1 млн.теңге көлемінде қаражат бөлінген.
- гигиеналық құралдар 5 115 құралға 671,7 млн.теңге қарастырылып, сатып алынған;
- жеке көмекшілердің қызметтеріне 3 416 адамға 1 767,4 млрд.теңге бөлініп, ымдау тілі мамандарының қызметтеріне 475 тұлғаға – 159,9 млн.теңге қаражат бөлінген.
- техникалық оңалту құралдарын кеңейтуге 123,8 мың теңге бөлініп, толығымен игерілген.
- ағымдағы жылы кохлеарлық импланттары бар 33 адамға сөйлеу процессорлары – 161,7 млн. теңгеге ауыстыруға бөлінген.
Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігі
Облыс бойынша бекітілген аймақтық бейімдеу картасы аясында
«Интерактивтік қолжетімді карта» порталына 2 351 паспортталған нысан енгізілді немесе жоспарға 100%.
Оның ішінде бейімделуден бірінші кезекте өтуге жататын 586 нысанға 430 млн.теңге бөлініп, бейімдеу жұмыстары толық аяқталған.
Әлеуметтік инфрақұралымдардағы нысандарды бейімдеу және паспарттау бойынша мәлімет Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сайтының «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» бөлімінде орналастырылған.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы №772 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының «Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін елді мекендерде «кедергісіз орта» құру бойынша шаралар қабылдау, оның ішінде осы мәселені шешуге қоғамдық бақылауды күшейту» деген 62- тармағын іске асыру мақсатында облыс әкімімен жол картасы бекітілді.
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында, «Инватакси» қызметін көрсету үшін 2014 жылдан бастап 33 арнаулы автокөлік қызмет көрсетеді.
2020 жылы «Инватакси» қызметін жүргізу үшін бюджеттен 186,3 млн.теңге қаржы бөлінген.
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
Облыс бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет (бұдан әрі - АӘҚ) көрсететін 2 231 орынға арналған 13 мекеме жұмыс істейді. АӘҚ көрсету ұйымдарын ұстауға 2020 жылға 3 952,0 млн.теңге қарастырылған.
Оның ішінде: Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі
570 орындық екі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары қызмет көрсетуде (350 орындық «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, оның ішінде 30 орын күндіз болуға арналған және 220 орындық «Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ). 2021 жылдың 1 қаңтарына 516 адам қызметпен қамтылған.
18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге қызмет көрсететін 1 240 орынға арналған алты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары бар («Аманат» Есік арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 505 орындық, «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 320 орындық, «Қоғалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 157 орындық, «Нұр» Сарқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 110 орындық, «Ақ ниет» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 108 орындық, «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ - 40 орындық). 2021 жылдың 1 қаңтарына 1 275 адам қызмет алған.
Психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған
231 орындық екі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары бар (130 орындық «Қамқор» Талдықорған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, 101 орындық «Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ). Аталған мекемелерде 2021 жылдың 1 қаңтарына
190 мүгедек бала қызметпен қамтылған.
Жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 190 орындық үш күндізгі болу орталықтары жұмыс істейді («Бәйтерек» күндізгі болу орталығы» КММ – 90 орындық, «Үміт» күндізгі болу орталығы» КММ – 40 орындық, «Қаратал күндізгі болу орталығы» КММ – 60 орындық). 2021 жылдың 1 қаңтарына 207 мүгедек бала арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған.
Облыста үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 46 бөлімше жұмыс істейді. 2021 жылдың 1 қаңтарына 4446 адам қызметпен
камтылды. Оның ішінде: 20 бөлімшеде 1 691 балаға және 18 жастан асқан
психоневрологиялық ауытқулары бар тұлғаларға және 24 бөлімшеде 2 545 жалғызбасты және жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерге, сонымен қатар, аралас контингент үшін 2 бөлімшеде 210 қызмет алушыға (90 бала және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар тұлғаларға, 120 жалғызбасты және жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерге) қызмет көрсетілген.
Облыста үкіметтік емес ұйымдармен де жұмыстар жүргізілуде. Үкіметтік емес ұйымдар арқылы үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін бюджеттен 170 адамға 45 542,0 мың теңге бөлінді. 7 ҮЕҰ- мен
келісім-шарт жасалды. 2021 жылдың 1 қаңтарына 186 адам қызметпен қамтылған.
Жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін 176 171,0 мың теңге бөлінді. 6 ҮЕҰ- мен келісім-шарт жасалды. 2021 жылдың 1 қаңтарына 203 адам арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылған.
Сонымен қатар, мемлекеттік - жеке меншік әріптестік аясында Талғар ауданында 25 орынға арналған күндізгі болу орталығында жыл басынан 30 мүгедек - бала арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды. Келісім-шарт 2018 жылы 14 тамызда «Нұр Әлем Company» ЖШС-мен бекітілген.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге ағымдағы жылға 53 425 мың теңге бөлінді. 2021 жылдың 1 қаңтарына 195 адам арнаулы әлеуметтік қызмет алған.
Адам саудасының құрбандарына 6 адамға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін республикалық бюджеттен 8 264,0 мың теңге бөлінді. 1 адамға орташа мөлшермен күніне 5 045 теңге. Бүгінгі күнге сәйкестендіруден өткен және адам саудасының құрбандары болған адамдар келіп түскен жоқ.
Шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша
Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды беру экономикалық қызмет түрі бойынша облысқа бөлінген квота шегінде жүзеге асырылған.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №722 бұйрығымен 2020 жылға бөлінген квота мөлшері – 2 238 бірлікті, оның ішінде І санат бойынша - 70, ІІ санат бойынша - 461, ІІІ санат бойынша - 985, ІV санат бойынша - 244 және маусымдық жұмыстарға – 478 бірлікті құраған.
2021 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша 69 мекеме мен кәсіпорында 751 шетелдік жұмыс күші тартылған. Оның ішінде: I санат – 25 адам(3,3%), II санат- 143(19%), III санат - 326(43,4%), IV санат - 12(1,6%),
корпоративішілік ауыстыру шеңберінде- 245(32,6%).
Оның ішінде: ҚХР- 599 адам (79,7%), Туркия- 82 адам (10,9%),
Украина-19 адам(2,5%), Азербайджан-16 (2,1%), Өзбекстан- 4 адам (0,5%),
басқалары- 31 адам (4,1%).
2020 жылы берілген рұқсаттардың саны - 412, ұзартылғаны-428, қайта рәсімделгені- 40. Жыл басынан бері комиссияның 56 отырысы өткізіліп, шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органның 102 шешімі шығарылған.
Берілген рұқсаттар үшін төленген салық алымы 308,2 млн. теңгені
құраған.
Тұрғылықты тұру үшін келген оралмандарға «Оралман» мәртебесін беру
Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 22 шілдесіндегі «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі №329-Ө-М
бұйрығымен шетелден келген этникалық қазақ ұлт өкілдеріне «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметті көрсетілген.
Облыс аумағына 1 991 жылдан 2019 жылдар аралығында 65 568 отбасында 206617 этникалық қазақтар көшіп келіп қоныстанған.
Ал, 2020 жылдың 01 қаңтарынан 31 желтоқсан аралығында 6 695 этникалық қазақтарға (3 259 отбасына) «оралман» мәртебесі беріліп, оның
100 пайызы Алматы облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы арқылы қағаз түрінде жүзеге асырылған. Оның ішінде:
- Өзбекстаннан 690 отбасы, 1 083 адам;
- Түркиядан 3 отбасы, 3 адам;
- Түркменстаннан 26 отбасы, 54 адам;
- Тәжікстаннан 4 отбасы, 4 адам;
- Ресейден 11 отбасы, 16 адам;
- Монғолиядан 64 отбасы, 106 адам;
- Қырғызстаннан 13 отбасы, 19 адам;
- Қытайдан 2 429 отбасы, 5 374 адам;
- Басқа ТМД мемлекеттерінен – 1 адам, 1 отбасы;
- Басқа алыс шетелден 18 отбасы, 35 адам.
Өтініш білдірген 503 этникалық қазаққа оралман мәртебесі ұзартылған.
Жұмыспен қамту
2022 жылдың 1 қаңтарына Алматы облысы бойынша жұмыспен қамту органдарына 95 332 адам жүгініп, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 85067 адам камтылды немесе 89,2%.
Тұрақты жұмыспен 42075 адам қамтылған.
2021 жылға Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын іске асыру үшін 18,5 млрд.теңге қарастырылған.
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 4087 адамды кәсіптік оқытуға 2675,6 млн.теңге бөлінген.
Оның ішінде:
- кәсіптік техникалық оқытуға 1535 адамға 2106,8 млн.теңге;
- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2552 адамға 568,8 млн.теңге.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту ағымдағы жылдың 1 сәуірінде басталған. 2022 жылдың 1 қаңтарына оқытуға 2701 адам бағытталып, оның 2633 оқуды аяқтады. Оның 2430 тұрақты жұмыспен қамтылды немесе 92,3% құраған.
Екінші бағыт бойынша 5738,2 млн. теңге жоспарланған. Оның ішінде: 909 әлеуетті қатысушыға микрокредит беруге 4420,9 млн. теңге:
- қалаларда 25 адамға - 239,2 млн. теңге;
- ауылдарда 884 адамға 4181,7 млн.теңге.
Қалаларда және ауылдарда микрокредиттерге кепілдік беруге - 19,0 млн.теңге.
2022 жылдың 1 қаңтарына ауылдық жерлерде 884 адамға 4181,7 млн.теңге көлемінде шағын несие берілді (жоспар 884 адамға 4181,7 млн.теңге). Оның ішінде:
Алматы облыстық «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»АҚ облыстық филиалы арқылы 542 адамға 2031,7 млн.теңге, «АКК» АҚ арқылы 342 адамға 2150,0 млн.теңге шағын несие берілді.
Қалада 22 адамға 239,2 млн.теңгеге шағын несие берілген.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 3490 адам оқытылған.
Жаңа бизнес идеяларды дамытуға 2225 адамға мемлекеттік гранттар беруге 1298,2 млн.теңгеге қарастырылған.
2022 жылдың 1 қаңтарына 2228 адамға 1298,1 млн,теңге көлемінде грант берілген.
Үшінші бағыт бойынша 10080,9 млн. теңге қарастырылған. Оның ішінде:
- әлеуметтік жұмыс орындарына 1029 адамға – 240,8 млн. теңге;
- еңбекақыны субсидиялау (мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы әлеуметтік жұмыс орындары) 3 адамға - 6,7 млн. теңге;
- жастар практикасына 1252 түлекке – 534,0 млн. теңге;
- қоғамдық жұмыстарға 13 000 адамға – 9237,9 млн. теңге;
- бірінші жұмыс орнына 125 адамға – 48,1 млн. теңге;
- ұрпақтар келісімшартына 42 адам үшін – 13,6 млн.теңге. Ақпараттық жұмысқа 5,2 млн. теңге қарастырылған.
2022 жылдың 1 қаңтарына жастар практикасына 1726 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына - 1292 адам, қоғамдық жұмыстарға 18148 адам, алғашқы жұмыс орындарына - 141 адам, ұрпақтар келісімшартына - 51 адам жіберілген.
Бірыңғай электрондық еңбек биржасы арқылы 9959 бос жұмыс орындары тіркеліп, жыл басынан электрондық еңбек биржасы арқылы тікелей жұмысқа 26609 адам орналастырылған.
Әлеуметтік көмек
2022 жылдың 1 қаңтарына аз қамтылған 39,8 мың астам азаматтарға 9,7 млрд. теңге мөлшерінде әртүрлі әлеуметтік көмектер көрсетілген.
Оның ішінде:
- 3942 отбасына 163,3 млн. теңге мөлшерінде тұрғын үй көмегі төленген;
- үйде тәрбиеленетін және оқитын 1884 мүгедек балаға 117,2 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленген;
- әлеуметтік мәні бар аурулармен (туберкулез, ВИЧ) ауыратын 1353 азаматқа 161,4 млн. теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек төленген;
- 46 ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет өтемақысына 4,2 млн. көлемінде әлеуметтік көмек төленген.
- 12104 ҰОС қатысушылары мен Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, Чернобыль АЭС-індегі авариялардың зардаптарын жоюға
қатысқан адамдарға мерекелік және атаулы күндерге 967,3 млн. теңгеге бір жолғы көмек төленген;
Атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) бюджеттен 8,3 млрд.теңге бөлінді, іс жүзінде 20452 отбасына 8,3 млрд. теңгеге АӘК төленген.
Мүгедектерді оңалту бағдарламасы
2021 жылымүгедектердіоңалтуға 5,9 млрд. теңгебөлінді, оныңішінде3,0 млрд.теңгежекекөмекшініңқызметі (ЖБ – 4,5 млн. теңге, РБ – 1,4 млн. теңге).
Облыс бойынша 2022жылдың 1 қаңтарынабарлығы 66947 мүгедек азамат тіркелген:
I топ мүгедектері-6187;
- топ мүгедектері – 27572;
- топтағымүгедектер – 24346;
18 жасқадейінгімүгедекбалалар - 8843 адам.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап техникалық оңалту құралдары мен әлеуметтік қызметтер «әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы көрсетілген.
Облыста әлеуметтік қызметтер порталында реестрге техникалық оңалту құралдарының 10 жеткізушісі, санаторий-курорттық емдеудің 7 жеткізушісі, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін 55 жеткізуші, 3825 жекекөмекші, 66 ымдаутілі маманы енгізілген.
2022 жылғы 1 қаңтарға техникалық оңалту құралдарына мұқтаж мүгедек адамдардың саны 38857 құрайды, оның ішінде 34862 әлеуметтік қызметтер порталына жіберілген, 31571 тапсырыс берілген, бұл 90,6%-ды құрайды (орташа республикалық көрсеткіш 86,9% -ды құрайды).
Оның ішінде көмек түрлері бойынша:
- шипажай-курорттық емдеумен 5243 адам немесе 81,9%;
- арнайы қозғалыс құралдарымен 1598 адам немесе 88,8; %;
- протездік-ортопедиялық бұйымдармен 5604 адам немесе 78,9%;
- тифлотехникалық құралдармен 1337 адам немесе 92,9%;
- сурдотехникалық құралдармен 1141 адам немесе 90,7%;
- гигиеналық құралдармен 11965 адам немесе 98,3%;
- жеке көмекшінің қызметтерімен 4135 адам немесе 99,4;%;
- ымдаутілі мамандары 548 адам немесе 99,1 %;
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
Облыс бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет (бұдан әрі - АӘҚ) көрсететін 2231 орынға арналған 13 мекеме жұмыс істейді. АӘҚ көрсету орталықтарын ұстауға 2021 жылға 6029,3 млн. теңге бөлініп, 6017,6 млн. теңге игерілген.
Оның ішінде: Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі 570 орындық екі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары қызмет көрсетуде (350 орындық «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, оның ішінде 30 орын күндіз болуға арналған және 220 орындық «Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ММ). 2022 жылдың 1 қаңтарына 520 адам қызметпен қамтылған.
18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге қызмет көрсететін 1240 орынға арналған алты арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету орталықтары бар («Аманат» Есік арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 505 орындық, «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 320 орындық, «Қоғалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 157 орындық,
«Нұр» Сарқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 110 орындық, «Ақ ниет» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 108 орындық, «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ - 40 орындық). 2022 жылдың 1 қаңтарына 1295 адам қызмет алған.
Психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған
231 орындық екі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары бар (130 орындық «Қамқор» Талдықорған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, 101 орындық «Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ). Аталған мекемелерде 2022 жылдың 1 қаңтарына 185 мүгедек бала қызметпен қамтылған.
Жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 190 орындық үш күндізгі болу орталықтары жұмыс істейді («Бәйтерек» күндізгі болу орталығы» КММ – 90 орындық, «Үміт» күндізгі болу орталығы» КММ – 40 орындық, «Қаратал күндізгі болу орталығы» КММ – 60 орындық). 2022 жылдың 1 қаңтарына 216 мүгедек бала арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылған.
Облыста үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 46 бөлімше жұмыс істейді. 2022 жылдың 1 қаңтарына 4771 адам қызметпен камтылды. Оның ішінде: 20 бөлімшеде 1832 балаға және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар тұлғаларға және 24 бөлімшеде 2699 жалғызбасты және жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерге, сонымен қатар, аралас контингент үшін 2 бөлімшеде 240 қызмет алушыға (107 бала және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар тұлғаларға,
133 жалғызбасты және жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерге)
қызмет көрсетілген.
Облыста үкіметтік емес ұйымдармен де жұмыстар жүргізілуде. Үкіметтік емес ұйымдар арқылы үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін бюджеттен 170 адамға 45 220,0 мың теңге бөлінді. 7 ҮЕҰ- мен
келісім-шарт жасалды. 2022 жылдың 1 қаңтарына 200 адам қызметпен қамтылған.
Стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін бюджеттен 50 адамға 63 828,0 мың теңге бөлінді. 1 ҮЕҰ- мен келісім-шарт жасалды. 2022 жылдың 1 қаңтарына 52 адам арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылған.
Жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін 205 959,0 мың теңге бөлінді. 17 ҮЕҰ- мен келісім-шарт жасалды. 2022 жылдың 1 қаңтарына 588 адам арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылған.
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін жеке ұйым арқылы 23 383,0 мың теңге бөлініп келісім-шарт жасалды. 2022 жылдың 1 қаңтарына 42 адам арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылған.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 2021 жылға 54,9 млн. теңге бөлінді. 2022 жылдың 1 қаңтарына 133 адам арнаулы әлеуметтік қызмет алған.
2021 жылы адам саудасының құрбандарына 5 адамға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін республикалық бюджеттен 7 231,0 мың теңге бөлінді. 1 адамға орташа мөлшермен күніне 5 278 теңге. Сәйкестендіруден өткен және адам саудасының құрбандары болған адамдар келіп түскен жоқ.
Шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша
«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік қызмет www.egov.kz, www.elіcense
«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылан.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат облысқа бөлінген квота шегінде берілген.
2021 жылға Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 558 бұйрығымен бөлінген квота мөлшері – 2729 бірлікті, оның ішінде І санат бойынша - 65, ІІ санат бойынша - 450, ІІІ санат бойынша - 1330, ІV санат бойынша - 288 және маусымдық жұмыстарға – 596 бірлікті құраған.
2022 жылдың 1 қаңтарына берілген, ұзартылған, қайта рәсімделген рұқсаттардың саны - 1216, оның ішінде І санат бойынша -23, ІІ санат бойынша – 204, ІІІ санат бойынша - 452, IV санат бойынша -18, маусымдық жұмыстарға - 223 және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде-296 бірлік.
Берілген рұқсаттар үшін төленген салық алымы 402,5 млн. теңгені құрайды. 2022 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша шетелдік жұмыс күшін тартушы 73 мекеме мен кәсіпорында 1025 шетелдік және 13074 қазақстандық азамат еңбек етуде.
Тұрғылықты тұру үшін келген оралмандарға «қандас» мәртебесін беру немесе ұзарту
Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 22 шілдесіндегі «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен 2013 жылғы 22 шілдедегі №329-Ө-М бекітілген бұйрығымен шетелден келген этникалық қазақ ұлт өкілдеріне
«Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметті көрсетеді.
Облыс аумағына 1991 жылдан 2021 жылдар аралығында 218591 этникалық қазақтарға (72283 отбасы) «қандас» мәртебесі берілген.
Ал, 2021 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсан аралығында 5279 этникалық қазақтарға (3456 отбасына) «қандас» мәртебесі беріліп, оның 100 пайызы Алматы облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы арқылы жүзеге асырылады. Оның ішінде:
- Өзбекстаннан 2602 отбасы, 3951 адам;
- Қытайдан 696 отбасы 1096 адам;
- Монғолиядан 61 отбасы, 107 адам;
- Қырғызстаннан 35 отбасы, 42 адам;
- Түркменстаннан 29 отбасы, 38 адам;
- Ресейден 17 отбасы, 21 адам;
- Түркиядан 7 отбасы, 9 адам;
- Ауғаныстаннан 3 отбасы, 6 адам;
- Ираннан 2 отбасы, 5 адам;
- Тәжікстаннан 2 отбасы, 2 адам;
- Беларусьтен 1 отбасы, 1 адам;
- Сауд Аравиясынан 1 отбасы, 1 адам.
Өтініш білдірген 1041 этникалық қазаққа «қандас» мәртебесі ұзартылған.
III.Қорытынды бөлік
- Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының
отырысы өткізілуге дейін бюджет есебіне жалпы сомасы 805,3 мың теңге өндірілді, 13666,9 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды, 128,9 мың теңге бюджетке салықтық түсімі жасалды, олар:
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша аудит барысында 11150,1 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды;
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 48,1 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Аманат» Есік арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 120,7 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 37,5 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 254,6 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының» «Ақ ниет» Талғар аарнаулы әлеуметтік
қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 33,5 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Нұр» Сарқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 198,0 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қоғалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 25,0 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Байтерек» күндізгі болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша аудит барысында 2516,9 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалып, өндірілуге жататын 18,7 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының» «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған
«Үміт» күндізгі болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша бюджетке түсетін түсімдер 128,9 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Қаратал күндізгі болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 69,2 мың теңге бюджет есебіне өндірілді.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 12 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды:
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылдың 06 мамырдағы №34-ж, №35-ж бұйрықтарына сәйкес әлеуметтік көмек және мүгедектермен жұмыс жүргізу бөлімінің бас мамандары Ж.Нурпейсоваға және Л.Нысанкуловаға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды;
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022 жылдың 21 сәуіріндегі №43-ө бұйрығына сәйкес шаруашылық меңгеруші Ғ.Бимырзаевқа ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды;
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Аманат» Есік арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022 жылдың 22 сәуіріндегі №120-ж бұйрығына сәйкес бас есепші Д.Сарыбаеваға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды;
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022 жылдың 22 сәуіріндегі №31-н/қ, №32-н/қ бұйрықтарына сәйкес бас есепші З.Есимкановаға және шаруашылық жөніндегі меңгеруші Т.Нугаға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды;
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022 жылдың 04 мамырындағы №62-ө бұйрығына сәйкес кадрлар жөніндегі инспектор А.Сәрсенбаеваға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды;
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Нұр» Сарқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022 жылдың 22 сәуіріндегі №61-ж/қ бұйрығына сәйкес кадрлар жөніндегі инспектор М.Разбековаға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды;
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қоғалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022 жылдың 19 сәуіріндегі №47 бұйрығына сәйкес есепші Н.Шубшибаеваға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды;
- Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңдегі орталықтың жауапты тұлғалары жұмыстан шығып кетуіне байланысты тәртіптік жауаптылығын қарау мүмкіндігі болмады.
- Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған
«Үміт» күндізгі болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022 жылдың 04 мамырдағы №30-ж/қ бұйрығына сәйкес бас есепші Ж.Оспанбековаға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды;
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Қаратал күндізгі болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022 жылдың 22 сәуіріндегі №47-ж/қ бұйрығына сәйкес бас есепші Р.Атабаеваға және кадр инспекторы Г.Бекешоваға сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің»
238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес 3 лауазымды тұлға және 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасына сәйкес 4 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартуға 7 материал жолданды.
Орындалғаны 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес 3
лауазымды тұлға және 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасына сәйкес 1 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып айыппұл өндірілді.
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д.Талданбаеваға №н/ж хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің
238 бабының 1 тармағына 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік айыппұл салынған;
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі Е.Айдабулға №н/ж хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағына 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік айыппұл салынған;
«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақ ниет» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Сұлтанов Тұрлыханға №401 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің
207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасына сәйкес әкімшілік айыппұл салынған;
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша, Қазақстан Республикасының
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабының 10 тармағы
3 тармақшасына сәйкес 3 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту, Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қаралуында.
3.2.Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.
- Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша жалпы сомасы 182 618,4 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде: 128,9 мың теңге қаражат бюджетке түскен кездегі бұзушылықтар, 24 614,4 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 155 527,6 мың теңге тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты, 2 347,5 мың теңге тиімсіз пайдаланған бюджет қаражаты және 3 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
- Анықталған қаржылық бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің, Қазақстан
Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы қаулысының талаптарының сақталмауынан орын алған.
- Бюджет қаражаты шығындарын жоспарлау және пайдалану кезінде тиімділік принциптерінің сақталмауы салдарынын бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлануына жол берілген.
- Қазақстан Республикасы Заңнамаларының тиісті талаптарын сақтамау салдарынан бюджет қаражатының тиімсіз шығысталуына жол берілген.
3.3.Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар
«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен ведомствалық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен ведомствалық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігі аудитінің нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралуын.
2.«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі келесі шараларды қабылдауын:
- Мемлекеттік аудит объектілері басшыларымен бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрын жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында жергілікті бюджет есебіне өндірілген 805,3 мың теңге және есептілік бойынша қалпына келтірілген 23627,0 мың теңге назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін жұмыстар жүргізілуін.
- Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша аудит қорытындысымен анықталған 182,1 мың теңгенің жергілікті бюджет есебіне өндірілуі қамтамасыз етілуін.
- Нұсқама жіберуді.
- Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзылуына жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қаралсын.
- Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.
Тексеру комиссиясының мүшесі Қ. Сағымбаев
Бөлім басшысы Д. Базарбаев
Сапа бақылауына жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы Қ.Есенаманов
Құқықтық сүйемелдеуге жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы А.Қадір