Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» және «Алматы облысы Білім бас

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 05.12.2022
Просмотры: 1088 Печать страницы

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекеттік активтерін пайдалану тиімділігінің аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекеттік активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1. «Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

2. «Алматы облысы Білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2022 жылдың 01 қаңтарынан бастап, 2022 жылдың 31 тамыз аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

Аудиттелетін мекемелерде осы аудитпен 2022 жылдың 01 қаңтарынан бастап, 2022 жылдың 31 тамыз аралығында бюджет қаржысы есебінен жұмсалған жалпы сомасы 23 247 349,7 мың теңгенің  және мемлекеттік активтердің пайдалану тиімділігі қаралды, соның ішінде «Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі  бойынша 21 490 541,5 мың теңге, «Алматы облысы Білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 1 756 808,2 мың теңге.

«Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «Алматы облысы Білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің басты мақсаттары білім беру саласында мемлекеттік саясатты іске асырудағы оның ішінде негізгі орта және жалпы білім беру бағыттарының жүзеге асырылуына талдау жүргізу.

«Қапшағай қаласы білім бөлімі» ММ-сі «Ш. Уалиханов атындағы №2 Гимназия» МКМ-сінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына 2020 жылдың қараша айында әзірленген жобалық-сметалық құжаттамасын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан уақытылы өткізу мәселесінде Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» № 242 Заңының 60-бабы 7 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілгеннен кейiн үш және одан да көп жыл iшiнде құрылысы басталмаған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы ескiрген болып есептеледі және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен түзетілгеннен, қайтадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекiтiлгеннен кейiн iске асыру үшiн пайдаланылатындығын ескеру қажет.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекеттік активтері тиімділігіне  бюджет қаржысы есебінен жұмсалған жалпы сомасы 23 247 349,7 мың теңге қамтылды, жалпы сомасы 320 038,0 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:

   -235,7 мың тенге бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтар (235,7 мың тенге бюджет есебіне өндірілуі тиіс);

 - 171 361,7 мың теңге қаржылық бұзушылықтар (оның 165 605.1  мың теңгесі қалпына келтірілуі тиіс, бюджет есебіне өндірілуі тиіс 5756,6 мың теңге);

- 148 440,6 мың теңге тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты.

- Мемлекеттік сатып алу заңын бұзу бойынша 18 бірлік (420520,5 мың тенге), 1 – Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасын бұзу сипатында және 1 – бюджеттік өтінімдегі ақпарат пен есеп-қисаптардың толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етпеу сипатында, барлығы 20 бірлік рәсімдік бұзушылықтар орын алған.

Анықталған бұзушылықтардың жеке мекемелер бойынша сипаттамасы:

1. Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1-тармақ. Аудит барысында Мекеменің төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы (101201)» және әлеуметтік салық (103101) төлемдеріне аударымдар жөніндегі құжаттарды зерделеу барысында 2022 жылдың 1 қаңтарына (2021 жылдың 4-ші тоқсанына есептелген салықтар сомасын есептемегенде) 103101 коды бойынша 124 747,8 мың теңге дебиторлық берешектер болған.

Мекеменің 2022 жылға бюджеттік өтінімдеріне және мәліметтеріне сәйкес, орталықтандырылған бухгалтерия арқылы қаржыландырылатын 001 «Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер», 029 «Білім беру жүйесін әдістемелік және қаржылық сүйемелдеу», 082   «Мемлекеттік бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарында жалпы білім беру» бағдарламаларында көрсетілетін төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығына 124747,8  мың теңге және әлеуметтік салыққа жоспарланып бөлінген. Алайда, жоспарлау барысында жоғарыда есепті жылдың қорытындысы бойынша анықталған дебиторлық берешектер ескерілмеген.

Бұл Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік Кодексінің 67-бабы 12-тармағының талаптарына қайшы келеді, немесе бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік өтінімдегі ақпарат пен есеп-қисаптардың толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етпеген.

2-тармақ: Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге, ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының, 18 -қосымшасына сәйкес, сыныптық біліктілігі бар жүк және жеңіл автомобильдердің, автобустардың жүргізушілеріне сыныптылығы үшін штаттан тыс қызметкерге, жүргізушіге БҚБ-ның 20% - ы төленді: "2-сыныпты жүргізуші" (В, С, Е немесе В, С, Д немесе Д (Д және Е) санаттары болған кезде. Жүргізуші Оңлас Алишерде заңда қарастырылған саннатар болмаған, дегенмен 8 айда 2-сыныпты жүргізуші ретінде- 24,8 мың теңге негізсіз қосымша ақы төленген, жергілікті бюджет есебіне қайтарылуға тиісті.

3-тармақ: 2015 жылдың 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі» туралы заңының 10 бабы 12 –тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы  29 желтоқсандағы №153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлығының 3 тарау 8-тармақшасына сәйкес «Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалануға тиіс».

Жоғарыда көрсетілген талаптарды бұза отырып, мекеменің қызметтік автокөлік жүргізуші Оңлас Алишерге демалыс және мереке күндері жұмыс жасағаны үшін 50% - ға қосымша ақы 8 ай үшін – 220,2 мың теңге мөлшерінде негізсіз төленген.

4-тармақ: 2022 жылдың  1 қаңтарына бекітілген штаттық кестесіне және бекіткен тарификациялық тізіміне сәйкес «Балалар құқығын қоғау» жөніндегі сектор меңгерушісі А.Дюсебекованың денсаулық сақтау жәрдемақысы 558 474  теңгені құрайды. Ал, 2022 жылдың 25 сәуіріндегі №2611108/22-8997 төлем тапсырмасына сәйкес денсаулық сақтау жәрдемақысына 208 576 теңге төленген, осылайша 349,9 мың теңгеге кем төленген, немесе Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 54-бабының 1-тармағы бұзылғандығы анықталды. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың №383 «Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 3 тармақ 25 тармақшасының талабы орындалмай Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі №916 қаулысымен аналары қайтыс болған 20.11.2013 жылы туылған Бабанова Анжелаға қорғаншы(қамқоршы) болып тағайындалған нағашы ағасы  Д.Махневқа қорғаншы жәрдемақы 2021 жылдың қараша айынан тоқтатылған, 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында 250,9 мың теңге қорғаншы жәрдемақысы төленбеген.

5-тармақ: 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V ҚР Еңбек кодексінің 10-тармақтың 139- бабына және 1-бап 1-тармақ 2 тармақшасы ескерілмей, штаттан тыс қызметкер  Аксултанова Дарияға – 66,2 мың теңге(мб-53821, 055 -12352)  сауықтыруға арналған жәрдемақы толенген.

6-тармақ: Сонымен бірге, 2022 жылы қызметкерлерге іс сапар барған кезінде айлық есептік көрсеткіші дұрыс белгіленбей мекеме басшысы Б.Амановаға 7,7 мың теңге, көлік жүргізуші А.Оңласқа 7,0 мың теңге іс сапар шығындары артық төленген, артық төленген іс сапар шығындары бюджет есебіне қайтарылуы тиісті.

7-тармақ: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 - тармағы және кешіктірілген әрбір күн үшін келісім шарттың №1 қосымшасы талабы, 7 бап 7.3 тармағы  орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде  тұрақсыздық айыбы қарастырылған. Аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 пайызында  кешіктірілген 7 күнге 95,7 мың теңгеге ( 25.08.2022ж.-31.08.2022 жылы 13675000теңге*0,1%*7 күн) айыппұл болу керек еді.

8-тармақ: Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге, ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының, 18-қосымшасына сәйкес «мемлекеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындардың негізгі лауазымы (мамандығы) бойынша жұмыс уақытының шегінде қосымша жұмыс орындайтын қызметкерлеріне лауазымдарды қоса атқарғаны (қызметтер көрсету аймағының кеңейгені) үшін қосымша ақы қызметкердің өзінің ЛА-нан 50 %-ға дейін төленеді, Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 23 қарашадағы №414-V Еңбек Кодексінің 111 бабының, 2 тармақ 2 тармақшасына сәйкес жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар жұмыс күнінің (ауысымның) белгіленген ұзақтығы ішінде қосымша жұмыстыорындауы – қызмет көрсету аймағын кеңейту болып табылады. Мекеменің орталықтандырылған бухгалтериясының қызметкерлеріне, тарификациялық тізім бойынша толық штаттық бірліктері болуына қарамастан, қызмет көрсету аймағын кеңейту үшін 45% қосымша ақы бір жылға 23692,8 мың теңге тиімсіз жоспарланған, немесе ҚР 2008 жылдың 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджеттік кодексінің 104-1 бабының тармағы сақталмаған.

9-тармақ: «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Өнім беруші» деп аталынатын «NS Pro Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №235 Заңының 39-бап 3-тармақ 50-тармақшасына сәйкес «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде 28.02.2022ж. № 416 келісім-шарт азық түлік сатып алуға 5777,6 мың теңгеге тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден негізсіз жасалған.

10-тармақ: «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Өнім беруші» деп аталынатын «Астана Мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №235 Заңының 39-бап 3-тармақ 50-тармақшасына сәйкес «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде 21.02.2022ж. № 364 келісім-шарт 621764 литр дизельдік суюық отын сатып алуға  143 007,7 мың теңгеге тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден негізсіз жасалған.

11-тармақ: «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Өнім беруші» деп аталынатын «Астана Мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №235 Заңының 39-бап 3-тармақ 50-тармақшасына сәйкес «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде 25.02.2022ж. № 423 келісім-шарт дизельдік суюық отын сатып алуға  2819,9 мың теңгеге тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден негізсіз жасалған.

12-тармақ: «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Өнім беруші» деп аталынатын «Forever» Қабаев А.К.» ЖК арасында Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №235 Заңының 39-бап 3-тармақ 50-тармақшасына сәйкес «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде 15.02.2022ж. № 346 келісім-шарт кеңсе және шаруашылық заттарын сатып алуға 53985,7 мың теңгеге тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден негізсіз жасалған, шарттын орындалу мерзімі 03.03.2022 жылы, 01.06.2022 жылы №346/1 қосымша шарты жасалынып 37985,7 мың теңгеге өзгертілген, немесе келісім шарт соммасы 16200,0 мың теңгеге қысқартылған.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 - тармағы және кешіктірілген әрбір күн үшін келісім шарттың №1 қосымшасы талабы, 7 бап 7.3 тармағы  орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде  тұрақсыздық айыбы қарастырылған. Аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 пайызында  кешіктірілген 89 күнге 1441,8 мың теңгеге ( 04.03.2022ж.-31.06.2020 жылы 16200000теңге*0,1%*89 күн) айыппұл болу керек еді.

13-тармақ: «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Өнім беруші» деп аталынатын «ИП АЛМАЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №235 Заңының 39-бап 3-тармақ 50-тармақшасына сәйкес «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде 15.02.2022ж. № 348 келісім-шарт кеңсе және шаруашылық заттарын (3000 дана скорошиватель 600 регистр, 8000 дана сабын, 2500 дана шелек, 2405 дана файл вкладыш) сатып алуға 9580,2 мың теңгеге тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден негізсіз жасалған.

14-тармақ: «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Өнім беруші» деп аталынатын «ИП АЛМАЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №235 Заңының 39-бап 3-тармақ 50-тармақшасына сәйкес «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде 15.02.2022ж. № 349 келісім-шарт 3000 дана дезинфекциялаушы дәрілер сатып алуға 9300,0 мың теңгеге тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден негізсіз жасалған.

15-тармақ: «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Өнім беруші» деп аталынатын «ИП АЛМАЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №235 Заңының 39-бап 3-тармақ 50-тармақшасына сәйкес «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде 15.02.2022ж. № 350 келісім-шарт 4500 дана жұғыш үнтақ сатып алуға  8100,0 мың теңгеге тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден негізсіз жасалған.

16-тармақ: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 - тармағы және кешіктірілген әрбір күн үшін келісім шарттың №1 қосымшасы талабы, 8 бап 8.3 тармағы  орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде  тұрақсыздық айыбы қарастырылған. Аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 пайызында  кешіктірілген 41 күнге 147,9 мың теңгеге ( 10.09.2022ж.-20.10.2022 жылы 3605400 теңге*0,1%*41 күн) айыппұл болу керек еді.

17-тармақ: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 - тармағы және кешіктірілген әрбір күн үшін келісім шарттың №1 қосымшасы талабы, 8 бап 8.3 тармағы  орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде  тұрақсыздық айыбы қарастырылған. Аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 пайызында  кешіктірілген 41 күнге 221,4 мың теңгеге ( 10.09.2022ж.-0.10.2022 жылы  5401200 теңге*0,1%*41 күн) айыппұл болу керек еді.

18-тармақ: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 - тармағы және кешіктірілген әрбір күн үшін келісім шарттың №1 қосымшасы талабы, 8 бап 8.3 тармағы  орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде  тұрақсыздық айыбы қарастырылған. Аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 пайызында  кешіктірілген 41 күнге 242,1 мың теңгеге (10.09.2022ж.-20.10.2022 жылы  5904700 теңге*0,1%*41 күн) айыппұл болу керек еді.

19-тармақ: «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Өнім беруші» деп аталынатын «АЛМАЗ»ЖК арасында Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №235 Заңының 39-бап 3-тармақ 50-тармақшасына сәйкес «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде 25.02.2022ж. № 417 келісім-шарт санитарлық қызмет (дезинфекция, дезинсекция, дератизация)  көрсетуге  7962,4 мың теңгеге тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден негізсіз жасалған, жүмыстардын аяқталу мерзімі  28.02.2022 жылы, жүмыс көлемі орындалған ктісі бойынша жүмыс тек 20.04.2022 жылы орындалған.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 - тармағы және кешіктірілген әрбір күн үшін келісім шарттың №1 қосымшасы талабы, 8 бап 8.3 тармағы  орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде  тұрақсыздық айыбы қарастырылған. Аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 пайызында  кешіктірілген 50 күнге 398,1 мың теңгеге ( 01.03.2022ж.-20.04.2022 жылы  590500 теңге*0,1%*30 күн) айыппұл болу керек еді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 12 бап 4–тармағының талаптары орындалмай, Мекеме «Арай» ЖШС-ің және «Aлмаз»ЖШС-ің мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа  жүгінбеген.

20-тармақ: «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Өнім беруші» деп аталынатын «СЫМБАТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №235 Заңының 39-бап 3-тармақ 50-тармақшасына сәйкес «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде 15.02.2022ж. № 343 келісім-шарт қатты тұрмыстық қалдықтарды және құрылыс қоқыстарын шығару қызметтеріне  7625,0 мың теңгеге тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден негізсіз жасалған.

21-тармақ: «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Өнім беруші» деп аталынатын «NOVO Line"» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №235 Заңының 39-бап 3-тармақ 50-тармақшасына сәйкес «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде 23.02.2022ж. № 365 келісім-шарт оргтехникаға техникалық көмек көрсету қызметтеріне  15323,4 мың теңгеге тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден негізсіз жасалған.

22-тармақ: «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Өнім беруші» деп аталынатын «АЛМАЗ»ЖК арасында Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №235 Заңының 39-бап 3-тармақ 50-тармақшасына сәйкес «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде 25.02.2022ж. № 419 келісім-шарт оргтехникаға техникалық қызмет көрсетуге  3346,5 мың теңгеге тікелей шарт ұжырымы бір дерекөздерден негізсіз жасалған.

23-тармақ: «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Өнім беруші» деп аталынатын «АЛМАЗ»ЖК арасында Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №235 Заңының 39-бап 3-тармақ 50-тармақшасына сәйкес «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде 28.02.2022ж. № 445 келісім-шарт жылыту қазандығына техникалық қызмет көрсетуге  3889,9 мың теңгеге тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден негізсіз жасалған.

24-тармақ: «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Өнім беруші» деп аталынатын «АЛМАЗ»ЖК арасында Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №235 Заңының 39-бап 3-тармақ 50-тармақшасына сәйкес «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде 28.02.2022ж. № 442 келісім-шарт автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсетуге  3250,0 мың теңгеге тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден негізсіз жасалған.

25-тармақ: «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Өнім беруші» деп аталынатын «АЛМАЗ»ЖК арасында Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №235 Заңының 39-бап 3-тармақ 50-тармақшасына сәйкес «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде 25.02.2022ж. № 425 келісім-шарт автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсетуге  2350,0 мың теңгеге тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден негізсіз жасалған.

26-тармақ: «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Өнім беруші» деп аталынатын «АЛТАЙ»ЖК арасында Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №235 Заңының 39-бап 3-тармақ 50-тармақшасына сәйкес «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде 26.02.2022ж. № 441 келісім-шарт септиктерді тазалау қызметтеріне  18900,0 мың теңгеге тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден негізсіз жасалған.

27-тармақ: Алматы қаласы білім басқармасының №42 жалпы білім беретін мектебінің 30.03.2022 жылғы №54 бұйрығымен 20.12.202 жылы берілген Г.Л. Искакованың жоғарғы санаты мұғалім-зертеуші біліктілігі күшін жою және жарамсыз деп танылған, бірақта Розыбакиев орта мектебінің тарификациялық тізімі бойынша мұғалім-ұйымдастырушысы Г.Л. Искаковаға ҚР білім және ғылым министрінің 12.11.2021 жылғы №561 «Педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын бекіту» бұйрығының 79 тармағы 4 тармақшасы орындалмай жоғарғы санаты мұғалім-зертеуші санаты белгіленіп 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында негізсіз есептелініп 254,5 мың теңге еңбек ақысы төленген, бюджет есебіне қайтарылуға жатады.

28-тармақ: Таиров орта мектебінің тарификациялық тізімі бойынша қазақ тілі мұғалімі М.Сулейменоваға ҚР білім және ғылым министрінің 11.05.2020 жылғы №192 «Педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын бекіту» бұйрығының 11 тармағы 1 тармақшасы орындалмай қазақ тілі пәнінің мұғалімі деп 12 разряд белгіленіп 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында негізсіз есептелініп 167,2 мың теңге еңбек ақысы төленген, бюджет есебіне қайтарылуға жатады.

29-тармақ:  Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі директорының 16.09.2021 жылғы №83 бұйрығымен Қазақстан Республикасының 23.11.2015 жылғы №414-V Еңбек кодексінің  68 бабы 1 тармағының талабы сақталмай математика пәнінің мұғалімі Ә.Абдрамановаға барлық жүктеме сағаты 51(елу бір) сағат  берілген, осы себептен 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында негізсіз есептелініп 522,6  мың теңге еңбек ақысы төленген, бюджет есебіне қайтарылуға жатады.

30-тармақ: Шорманов атындағы орта мектебі директорының 16.09.2021 жылғы №83 бұйрығымен Қазақстан Республикасының 23.11.2015 жылғы №414-V Еңбек кодексінің  103 бабының 1 тармақшасының талабы сақталмай ағылшын тілі мұғалімі Д.Оражанға 2022 жылдың науырыз айында алмастырылған артық 4 сағатқа  9,6 мың теңге негізсіз еңбек ақысы төленген.

31-тармақ: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2020 жылғы 11 мамырдағы  №191 «Білім мекемелерінде мұғалімдердің еңбек ақысын есептеу Ережесін бекіту туралы» бұйрығынын қағидаларын 1,13  тармақтарының талаптары толықтай орындалмағандықтан  Еңбекшіқазақ ауданы бойынша  6 білім мекемелерінде  58(елу сегіз) мұғалімдерімен жалпы 174 оқу сағаттары жалпы соммасы 1125,0 мың теңгеге өткізілмегендігі анықталды, бюджет есебіне қайтарылуға жатады. 2022 жылы мекеменің қызметі бойынша қарастырылған іс-шараларға қатысу үшін іс-сапарларға жіберу шығындары 161 ерекшелік «Ел iшiндегi iссапарлар мен қызметтiк сапарлар» бойынша  10418,4 мың теңге игерілген.

Мемлекеттік аудитпен қамтылған мерзім аралығында мемлекеттік мекемеде іс-сапар шығындарын  өтеулер Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы аумағында іссапар ережесін бекіту туралы» 2000 жылдың 22 қыркүйегіндегі №1428 қаулысы (кейінгі енгізілген толықтырулар мен өзгертулер) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының талаптарына сай жүргізілген.

32-тармақ: Іс-сапар шығындарын өтеуде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қағидасының 2 тарау 3 тармағы 1,2 - тармақшасы талаптарының толықтай орындалмаған, атап айтқанда  2022 жылдың сәуір айынан маусым айы аралығында іс – сапар шығындарын өтеуде айлық есептік көрсеткішті дұрыс алмау себебінен 52 (елу екі) адамға 93,1 мың теңге көлемінде іс-сапар шығындары артық аударылған, 59 (елу тоғыз) адамға 139, 2 мың теңге  артық есептелген, 93,1 мың теңге бюджет есебіне қайтарылуға жатады, 139,2 мың теңге қалпына келтіруге жатады.

33-тармақ: «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Өнім беруші» деп аталынатын «Шелек-Тулпар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №235 Заңының 39-бап 3-тармақ 50-тармақшасына сәйкес «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде 25.02.2022ж. № 420 келісім-шарт 39582,1 мың теңгеге жасалынған, 01.06.2022ж. № 420/1 қосымша келісім-шарты 30606,1 мың теңгеге жасалынып  жалпы соммасы 70188,2 мың тенгеге оқушыларды автобуспен тасымалдау қызметын көрсетуге келісім шарт тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден негізсіз жасалған.

34-тармақ: «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Өнім беруші» деп аталынатын «Ақ жол Агротранс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №235 Заңының 39-бап 3-тармақ 50-тармақшасына сәйкес «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде 28.02.2022ж. № 443 келісім-шарт 26956,0 мың теңгеге жасалынған, 30.05.2022ж. № 443/1 қосымша келісім-шарты 28158,0 мың теңгеге жасалынып  жалпы соммасы 55114,0 мың тенгеге оқушыларды автобуспен тасымалдау қызметын көрсетуге келісім шарт тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден негізсіз жасалған.

35-тармақ: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың №383 «Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 3 тармақ 25 тармақшасының талабы орындалмай 

Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі №916 қаулысымен аналары қайтыс болған 20.11.2013 жылы туылған Бабанова Анжелаға қорғаншы(қамқоршы) болып тағайындалған нағашы ағасы  Д.Махневқа қорғаншы жәрдемақы 2021 жылдың қараша айынан тоқтатылған, 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында 250,9 мың теңге қорғаншы жәрдемақысы төленбеген.

36-тармақ: Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығының 3 тарау 31 тармағының талабы сақталмай 2022 жылдың  01 қаңтарындағы қаржылық есептілігінің ҚЕ-1 нысаны бойынша есепті кезеңнің бухгалтерлік балансында мекеменің төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша 124 747,8 мың теңге дебиторлық берешек, ал әлеуметтік салық бойынша 64 038,7 мың теңге және дизель отыны үшін 1 200,0 мың теңге сомасына кредиторлық берешек  көрсетілмеген.

2022 жылдың 01 шілдесіндегі жартыжылдық қаржылық есептілігінің ҚЕ-1 нысаны бойынша есепті кезеңде бухгалтерлік балансын тапсыруда 218 жолында іссапар шығыстарының кредиторлық берешегінің сомасы айлық есептік көрсеткішті дұрыс қолданбауына байланысты – 139,2 мың теңгеге артық көрсетілген. Бұл қаржылық  есептіліктің бұрмалануына алып келді.

37-тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығының 181-тармағына сәйкес мемлекеттік мекеме есепті жылдың аяғында қызметкерлердің пайдаланылмаған демалыстары бойынша резерв есептеуді жүргізеді. Мекеменің 2022 жылдың  01 қаңтарындағы қаржылық есептілігінің ҚЕ-1 нысаны бойынша жоғарыда көрсетілген бұйрықтың талабы сақталмай, есепті кезеңнің бухгалтерлік балансының 218 жолында қызметкерлердің пайдаланылмаған демалыстары бойынша резервтер есептелініп көрсетілмеген. Бұл қаржылық  есептіліктің бұрмалануына алып келді.

38-тармақ: Мекеменің 2022 жылғы 01 шілдесіндегі қаржылық есептілігінің ҚЕ-1 нысаны бойынша есепті кезеңде бухгалтерлік балансының 113 жолында өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз көрсетілген. Бұл дебиторлық қарыз 2014 жылы қалыптасқан. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  қағиданың»  152 тармақшалары басшылыққа алынбай 39 543,0 мың теңгеге күмәнді берешектер бойынша резерв құрылмаған. Мекеменің бухгалтерлік есебі бойынша бұл сомаға түзетулер беріліп, қалпына келтірулер жасалуы тиіс.

39-тармақ: Алматы облысы Әкімінің 2011жылғы №163 қаулысымен бекітілген «Коммуналдық меншік нысандарын жалға беру» қағидасының 10 тармағы негізінде жергілікті атқарушы органдары мен Еңбекшіқазақ ауданының жеке кәсіпкерлер арасындағы келісім шарттардың талаптары орындалмай, 2022 оқу жылы аудан мектептерінің ғимараттарының аландарын жылытуға, электр құатына және суға бюджет есебінең кеткен шығындардың ішінде жеке кәсіпкерлердің пайдаланған коммуналдық  төлемдері жалпы сомасы 235,7 мың теңге өндірілмеген.

2. «Алматы облысы Білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1-тармақ. Аудит барысында Мекеменің төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы (101201)» және әлеуметтік салық (103101) төлемдеріне аударымдар жөніндегі құжаттарды зерделеу барысында 2022 жылдың басына (2021 жылдың 4-ші тоқсанына есептелген салықтар сомасын есептемегенде) 101201 бойынша 75 186,8 мың теңге және 103101 бойынша 22 601,7 мың теңге артық төленгені анықталған.

Мекеменің 2022 жылға бюджеттік өтінімдеріне және мәліметтеріне сәйкес, орталықтандырылған бухгалтерия арқылы қаржыландырылатын 001 «Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер», 029 «Білім беру жүйесін әдістемелік және қаржылық сүйемелдеу», 082 «Мемлекеттік бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарында жалпы білім беру» бағдарламаларында көрсетілетін төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығына қаражат жоспарлау барысында есепті жылдың қорытындысы бойынша төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық төлемдеріне артық төленген қаражаттар ескерілмеген.

2-тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 6-тармағы 2) тармақшасына қайшы, Мекемемен, кредиторлық қарыздар ескерілмей, қызметкерге 190,7 мың теңге көлемінде сый ақы негізсіз төленген.

3-тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V «Еңбек кодексінің» 103 бабының 1 тармақшасының талабы сақталмай «Алматы облысының білім басқармасының Қапшағай қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мектептерінің оқытушыларына 2020-2021 оқу жылына белгіленген барлығы 27 сағат толық өткізілмей, жұмыс журналдарында сабақ өткізгендігі расталмаған сағаттарға барлығы 445, 4 мың  теңге негізсіз артық есептелініп төленген.

4-тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 41-бабы, 1,6  тармақтарымен көзделген шаралар қолданылмай, бағдарламалық өнімге техникалық қызмет көрсету және техникалық қолдау көрсету қызметтерін сатып алу мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен жүргізілген.

5-тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы» Ереженiң 1-тармағына және 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы» қағидаларының 2-тармағына қайшы, Мекеме қызметкеріне, іс-сапарға жіберу туралы бұйрықпен белгіленген күндері артық есептелініп, 49,0 мың теңге көлемінде іс-сапар шығындарына негізсіз артық төленген.

6-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидаларының 15-тармағымен белгіленген талаптар сақталмай, 2022 жылдың жарты жылдығына өткізілген бухгалтерлік балансын тексеру барысында жоғарыда аталған барлығы 125 182,9 мың теңге дебиторлық қарыздар көрсетілмегендігі немесе бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру фактісі орын алған.

7-тармақ. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» № 242 Заңының 64-1 бабының 7-тармағына сәйкес шаралар іске асырылмай, «Қапшағай қаласы білім бөлімі» ММ-сі «Ш. Уалиханов атындағы №2 Гимназия» МКМ-сінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына 2020 жылдың қараша айында әзірленіп, Мекемемен қабылданып алынған жобалық-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге қаралған 3000,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу 2022 жылдың қыркүйек айында ғана өткізілген.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):

«Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:

«Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша білім беру объектілерінің саны - 273, оның ішінде 86 жалпы білім беретін мектеп (оның 2-і жекеменшік мектеп), 158 мектепке дейінгі мекеме (оның 128-і жеке меншік), 2 қосымша білім беру, 1 ОПМПК, 5 оқу-өндірістік комбинаты.

 

Үш ауысымды мектептерді жою туралы.

Ауданда үш ауысымда оқыту мәселесі  проблемалық мәселе болып қала бермек.  Бүгінгі таңда олардың саны- 3. Олар Бірінші Рахат орта мектебі, В.Терешкова атындағы орта мектеп, Бәйтерек орта мектебі.

Үш ауысымды мектептерді жою үшін жаңа мектептер салу қажеттілігі туындауда.

541 тұрғыны бар Сатай ауылына сыйымдылығы 450 орынды мектеп салу қажет. Көршілес Қаракемер ауылындағы сыйымдылығы – 640 орын, білім алушылар саны – 1485 құрайтын Орынбетов орта мектебі бар. Тасымалдауда 261 оқушы.

Қайта жаңғырту:

Ташкенсаз ауылындағы Х.Абдуллин атындағы орта мектепке 300 орындық жапсаржайдың  құрылысына жалпы сметалық құны 1,3 млрд. теңге бөлініп,  «Компания Строй Индустрия» ЖШС мердігер ұйымы жүргізуде. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталып, ағымдағы жылдың 20 қазанында қолданысқа беру жоспарланды. Құрылыс басқармасы тарапынан мемлекеттік акт және техникалық паспорты дайындалуда, материалдық-техникалық базасы толығымен жеткізіліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.       Толеби ауылындағы орта мектеп жанынан 450 орындық жапсаржай құрылысын салуға жалпы сметалық құны 1 млрд.873 мың теңге бөлініп,   (тапсырыс беруші Алматы облысының құрылыс басқармасы) құрылысты «EC  ENERGY» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізді.  Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталып, Алматы облысының құрылыс басқармасы тарапынан мемлекеттік акт және техникалық паспорты дайындалуда, материалды-техникалық базасы толығын жеткізілді.

Қазақстан ауылындағы Қайыпов атындағы орта мектеп жанынан  300 орындық жапсаржай құрылысын салуға жалпы сметалық құны 1,3 млрд. теңге бөлініп (тапсырыс беруші Алматы облысының құрылыс басқармасы) құрылысты «Нұр Шапағат-Құрылыс» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізді. Құрылыс жұмыстары аяқталып,  Алматы облысының құрылыс басқармасы тарапынан мемлекеттік акт және техникалық паспорты дайындалуда, материалды-техникалық базасы толығын жеткізілді.

Есік қаласындағы 1500 орынға арналған мектептің құрылыс жұмыстарының 50%-ы аяқталды, құрылысты жүргізуші «Bi Grup» ЖШС мердігерлік ұйымы.

Қарасай ауылындағы Абай атындағы орта мектептің ағымдағы жылғы жөндеу жұмыстарын жүргізуге  64,1 млн.теңге қаражат бөлініп, 40 млн.теңгеге «Райхан» ЖК терезелерін ауыстырды. «Арай» ЖК мектептің шатырын ауыстыру жұмыстарының 85%-ы аяқтады, спорт залдың жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту:

Ауданда мектепке дейінгі 179 білім беру ұйымдары жұмыс істейді.

Оның ішінде мемлекеттік – 30, жекеменшік-137 балабақша, шағын орталықтар – 12.

 

Қазіргі уақытта 16564 бала қамтылған (оның ішінде 2 жастан 6 жасқа дейін – 13860).

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 87%, 2 жастан 6 жасқа дейін - 83% құрайды (балабақшамен қамту көрсеткіші кезектілікке сәйкес есептеледі).

Мектепке дейінгі білім беру саласындағы негізгі проблема балабақшаларда орын тапшылығы болып табылады. Балабақшада орын алу кезегінде 845 бала (кезектілік қызмет алушылар санына байланысты өзгереді).

Мектепке дейінгі ұйымдарда 1565 педагог жұмыс істейді.

Орта білім:

2022-2023 оқу жылын 86 жалпы білім беретін мектебінде (оның ішінде 2 жекеменшік мектеп ) оқушылар саны – 54 705 құрайды. Оның ішінде қазақ тілінде –32 мектеп ,оқушы саны 33680, орыс тілінде -17687,  ұйғыр тілінде - 3338 мектеп. Шағын жинақталған мектептер саны-8, оқушылар саны-1063.

2022-2023 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін жүргізілді. Өтініштерді қабылдау қағаз және электрондық форматта egov.kz, Е-zhetysu.

Бүгінгі таңда 5588(85%) оқушы қабылданды, оның ішінде қазақ тілінде – 3709 ( 66%) оқушы, орыс тілінде – 1848 (33 %) оқушы, ұйғыр тілінде –325 (5%) оқушы.

Ауданның білім беру жүйесін цифрландыру:

Ауданның барлық 84 мемлекеттік мектебі 100% компьютерлік техникамен жабдықталған. Жалпы техникалар саны 14201, оның ішінде 2020 жылы республикалық бюджеттен  4906 ноутбук, 725 дербес компьютер, 1151 планшет және жергілікті бюджеттен 2891 дербес компьютер алынды. Білім беруді ақпараттандырудың негізгі көрсеткіші 1 компьютерге шаққандағы оқушылар саны болып табылады. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 1 компьютерге 4,4 оқушыны құрайды.

Ауданда барлығы 84 мектеп бар. Барлық мектептер интернет желісіне 100% қосылған. Осылайша, 67 мектеп 60 Мбит/сек жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген, 14 мектеп 8-16 дейінгі мбит/сек жылдамдықты интернетпен, 3 мектеп, атап айтқанда Таутүрген негізгі орта мектебі, Қайрат негізгі орта мектебі және Құрөзек негізгі орта мектебі 4 мбит/сек жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген.

ҰББДҚ (Ұлттық білім беру деректер қоры), Kundelik.kz., BilimLand 100% қамтамасыз етілген. 37 мектеп Sabak.kz платформасына қосылған.

Жалпыға бірдей міндетті білім беру қоры.

Аудан бойынша 2022-2023 оқу жылында мемлекеттік 84 мектепте 68 (оның ішінде 5 қалалық) асхана және 8 буфеттің жұмысы ұйымдастырылды. 70 мектепте ыстық тамақ ұйымдастырылып, онда ыстық тамақпен 8688 оқушы қамтылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес 2022 жылға жекелеген санаттағы аз қамтылған отбасылардан шыққан 43 339 (14,5%) оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. (оның 1-4 сыныптағы оқушылар саны 27 689 (20,2%).

 

2022 жылға жоспарланған бюджет бойынша мемлекеттік білім беретін 84 мектептің 3267 жекелеген санаттарындағы білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне жалпыға бірдей білім беру қорынан мектеп формасы және оқу құралдарымен қамтамасыз етуге (әр балаға 37 389 теңге көлемінде) облыстық бюджеттен 122,1 млн. теңге сомасында қаражат жұмсалды.

Балаларды тасымалдау туралы

2020 жылы 10 автобус сатып алынды.

2022 жылы білім бөлімімен 20 бірлік мектеп автобусын сатып алу бойынша бюджеттік өтінім жолданды.

Қазіргі таңда «Шелек-Тулпар» ЖШС 18 автобус, «Ақ жол агротранс» ЖШС 25 автобусымен балалар тасымалдануда.

Кадрлармен қамтамасыз ету:

Қазіргі уақытта ауданның 84 мемлекеттік жалпы білім беретін мектепте 5585 мұғалім жұмыс істейді.

Жоғары санатты мұғалімдер саны - 142, бірінші санатты – 262, екінші санатты – 317, педагог-модератор – 1315, педагог-сарапшы - 1272, педагог - зерттеуші - 494, педагог - шебер-28.

Бүгінгі таңда педагог кадрлардың қажеттілігі 22 бірлікті құрайды, оның (негізгі қажеттілік: қазақ және орыс мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті, математика, ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс сыныптарына бастауыш сынып мұғалімі, орыс сыныптарына физика, химия, логофед, дефектолог).

Үш ауысымды мектептерді жою туралы.

Ауданда үш ауысымда оқыту мәселесі проблемалық мәселе болып қала бермек.  Бүгінгі таңда олардың саны- 3. Олар Бірінші Рахат орта мектебі, В.Терешкова атындағы орта мектеп, Бәйтерек орта мектебі.

Үш ауысымды мектептерді жою үшін жаңа мектептер салу қажеттілігі туындауда.

541 тұрғыны бар Сатай ауылына сыйымдылығы 450 орынды мектеп салу қажет. Көршілес Қаракемер ауылындағы сыйымдылығы – 640 орын, білім алушылар саны – 1485 құрайтын Орынбетов орта мектебі бар. Тасымалдауда 261 оқушы.

Жаңа мектеп құрылысы:

1. Балтабай ауылдық округіндегі 1569 тұрғын тұратын Бірлік ауылында мектеп жоқ, 270 оқушы көрші ауылдың мектебінде оқиды.

2.Бірлік ауылына 450 орындық жаңа орта мектеп салу қажет, жобалық сомасы 1579,3 млн. теңге, жалпы көлемі 2 гектар жер учаскесі белгіленді.

Күрделі жөндеу:

Ауданда 1,4 млн. теңгеге 2 нысанды күрделі жөндеу жоспарланған. Олардың ішінде; 2 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары 2022 жылға жоспарланған (Абылай хан атындағы №4 орта мектеп, Абай атындағы қазақ рта мектебі). 

 

 

 

Абылайхан атындағы орта мектеп бойынша мемлекеттік сараптамасы 27.05.2021 № 06-0150/21 дайын.  Мемлекеттік сараптама қорытындысының жалпы соммасы 655 921 000 теңге. 2021 жылы білім басқармасынан 700 000 теңге бөлінді. Жөндеу жұмысына 655 221 000 теңге қажет.

Абай атындағы орта мектеп (Шелек) бойынша мемлекеттік сараптамасы дайын, 2022 жылғы 16 ақпандағы №18-0022/22 мектеп-интернатының мемлекеттік сараптама қорытындысының сомасы 516 185 000 теңге.

Абай (Шелек) атындағы, 11.03.2022, № 18-0045/22 мемлекеттік сараптамасы дайын.  Мемлекеттік сарапта қорытындысының сомасы 1 333 496 000. Білім бөлімі бөлген жалпы сома 700 000 теңге. Қажеттілік 1 848 981 000 теңгені құрайды.

Аудан бойынша 2022-2023 жылғы жылыту маусымына дайындық барысы туралы ақпарат:

Аудан бойынша 118 білім беру мекемесі сұйық отымен жылытылады. Мердігер ЖШС «Trans Oil Invest». Келісім шарт соммасы 963 304 013 теңгеге, 3 216 374 литрге, жасалды. Бүгінгі күні сұйық отынның   2069818 литрі жеткізілді. Қалған жеткізілуге тиістісі - 1146556 литр.

Қатты отынмен (көмір) 7 білім мекемесі жылытылады. Қатты отын бойынша лимит 160 000 тонна, сатып алуға келісім шарт «Керимбаев Чингиз Маратович» ЖШС жасалды, қатты отын мектептерге 100 % жеткізілді.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту:

Ауданда мектепке дейінгі 179 білім беру ұйымдары жұмыс істейді.

Оның ішінде мемлекеттік – 30, жекеменшік-137 балабақша, шағын орталықтар – 12.

Қазіргі уақытта 16564 бала қамтылған (оның ішінде 2 жастан 6 жасқа дейін – 13860).

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 87%, 2 жастан 6 жасқа дейін - 83% құрайды (балабақшамен қамту көрсеткіші кезектілікке сәйкес есептеледі).

Мектепке дейінгі білім беру саласындағы негізгі проблема балабақшаларда орын тапшылығы болып табылады. Балабақшада орын алу кезегінде 845 бала (кезектілік қызмет алушылар санына байланысты өзгереді).

Мектепке дейінгі ұйымдарда 1565 педагог жұмыс істейді.

Орта білім:

2022-2023 оқу жылын 86 жалпы білім беретін мектебінде (оның ішінде 2 жекеменшік мектеп) оқушылар саны – 54 705 құрайды. Оның ішінде қазақ тілінде –32 мектеп, оқушы саны 33680, орыс тілінде - 17687, ұйғыр тілінде - 3338 мектеп. Шағын жинақталған мектептер саны-8, оқушылар саны-1063.

2022-2023 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін жүргізілді. Өтініштерді қабылдау қағаз және электрондық форматта egov.kz, Е-zhetysu.

Бүгінгі таңда 5588(85%) оқушы қабылданды, оның ішінде қазақ тілінде – 3709 (66%) оқушы, орыс тілінде – 1848 (33 %) оқушы, ұйғыр тілінде –325 (5%) оқушы.

Оқушылардың қауіпсіздігін ұйымдастыру:

Ауданда барлық мемлекеттік мектептер (84) және балабақшалар (179) бейнебақылау камераларымен 100% қамтамасыз етілген.

Алайда, білім беру ұйымдарында орнатылған бейнебақылау камералары БҒМ мен Қазақстан Республикасы ІІМ-нің № 32 және №49 бірлескен бұйрығымен бекітілген бейнебақылау жүйелерінің стандарттарына сәйкес келмейді.

Білім беру ұйымының бейнебақылау жүйелерін 2025 жылға дейін бейнебақылау жүйелерін жаңғыртуға келтіру үшін қосымша құрал қажет.

60 мектепте «дабыл түймелері» орнатылған, қалған 24 мектепте «дабыл түймелері» жоқ.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар:

-Қамқоршылық және қорғаншылық органында   305 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тіркелген, оның ішінде, 257 бала қамқоршылыққа және қорғаншылыққа берілген, 22 бала патронаттық тәрбиеде, 6 бала қабылдаушы отбасында, 20 бала отбасылық үлгідегі балалар үйінде тәрбиеленуде.

- Қаракемер ауылының тұрғыны, Орынбетов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Серік Назымның мекен-жайына тексеріске комиссия құрамымен шығып, кәмелетке толмағандардың ісі-жөніндегі комиссия отырысына шығару үшін құжаттар жиналуда.

-Талдықорған қаласындағы балаларды бейімдеу орталығына орналастырылған М.Бакированы құжаттандыру мәселесі бойынша сұраныстар жолданылды.

-Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Бөлек батыр мектебінің оқушысы Р.Нуржановтың әкесіне әкелікті анықтап, қандас отбасына қайтарылды.

-Кәмелетке толмағандарға қатысты 9 сот отырысы өтті. 

-Аудан бойынша 295 жетім және ата-анасының қамқорлыңынсыз қалған балалар үй кезегіне қойылған, 27 баланың атында үлестік мұра рәсімделген.

«Алматы облысы Білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:

Мекемеге қарасты 2022-2023 оқу жылында жалпы  білім  беретін 15 мектеп (оның ішінде 2 орта мектеп-гимназия), 4 кешкі (ауысымдық) мектеп, 7 мемлекеттік бала-бақша, 1 мектептен тыс қосымша оқыту мекемесі қызмет көрсетеді.

2020-2021 оқу жылында бала саны 11 738 оқушы және 527 сынып комплектісі болса, 2021-2022 оқу жылында мектептерде 12 228 оқушы 544 сынып комплектісі бар.  

Қала (ауылдар) мектептері бойынша аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан, яғни ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылар саны 1794 баланы құрайды. Олар мектептердегі 13 асхана және 2 буфет арқылы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Жалпы алғанда, Мекемеге 2022 жылға жергілікті бюджет есебінен берілген бюджетінің атқарылуын бағалау нәтижелері негізінен Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына және мемлекеттік және бюджеттік бағдарламаларда көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған бюджет қаражатының нысаналы сипатына сәйкес келетінін көрсетті. Мекемеге бөлінген бюджет қаражаты мен теңгеріміндегі мүлік жалпы алғанда қанағаттанарлық дәрежеде және қолданыстағы заңнамаға сәйкес игерілген және пайдаланылған деп бағалауға болады.

Сонымен қатар, аудит барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы бірқатар заңнамалары талаптарының сақталмауы бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне уақытылы қол жеткізбеу, ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік органдарды тиімді басқару бөлігінде кемшіліктер бар, бұл бюджет жүйесінің жекелеген қағидаттарын – нәтижелілік пен тиімділіктің тиісті дәрежеде сақталмауына алып келген.

III. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін барлығы 1 778,6 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді, 628,3 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды, соның ішінде:

- «Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жергілікті бюджет есебіне жалпы сомасы 1093,5 мың теңге өндірілді, 628,3 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды;

- «Алматы облысы Білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 685,1 мың теңге аудит барысында жергілікті бюджет есебіне өтелді.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» тиісті баптары бойынша шара көру мақсатында «Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 24, «Алматы облысы Білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2, барлығы 26 материал жіберілді, аталған материалдар Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде қаралуда.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

1. Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша жалпы сомасы 320 038,0 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде: 235,7 мың тенге бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтар, 171 361,7 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 148 440,6 мың теңге тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты.

Сонымен бірге мемлекеттік сатып алу заңын бұзу бойынша 18 бірлік (420520,5 мың тенге), 1 – Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасын бұзу сипатында және 1 – бюджеттік өтінімдегі ақпарат пен есеп-қисаптардың толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етпеу сипатында, барлығы 20 бірлік рәсімдік бұзушылықтар орын алған.

2. Анықталған қаржылық бұзушылықтар Алматы облысы Әкімінің 2011жылғы №163 қаулысымен бекітілген «Коммуналдық меншік нысандарын жалға беру» қағидасы,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.09.2000 жылғы №1428 «Қазақстан Республикасы аумағында іссапар ережесін бекіту туралы» және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 мамырындағы №256 қаулылары, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңы, Қазақстан Республикасының 23.11.2015 жылғы №414-V Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  қағидасы»,   Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік Кодексі талаптарының толық сақталмауынан орын алған.

3. Бюджет қаражаты шығындарын жоспарлау кезінде тиімділік принциптерінің сақталмауы салдарынын бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланылуына жол берілген.

4. Қазақстан Республикасы Заңнамаларының тиісті талаптарын сақтамау салдарынан бюджет қаражатының негізсіз шығысталуына жол берілген.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар

«Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» және «Алматы облысы Білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемелерінде жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

1. «Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» және «Алматы облысы Білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемелерінде жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігі аудитінің нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.

2. «Алматы облысы Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесімен келесі шараларды қабылдансын:

1) Бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрын жол берген бұзушылықтарының салдарынан жіберілген және аудиторлық іс-шара барысында жергілікті бюджет есебіне өндірілген 1 778,6 мың теңге және есептілік бойынша қалпына келтірілген 857,8 мың теңге назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін жұмыстар жүргізілсін.

2) «Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша аудит қорытындысымен анықталған 4213,7 мың теңгенің жергілікті бюджет есебіне өндірілуі және 39793,9 мың теңгеге қалпына келтірулер жасалуы қамтамасыз етілсін.

3) «Алматы облысы Білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 125 182,9 мың теңге дебиторлық қарыздар бухгалтерлiк есепте көрсетiлуі қамтамасыз етілсін.

3) Анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама жіберілсін.

4) Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзылуына жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралсын.

 

3.4. Қосымша: «Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» және «Алматы облысы Білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемелері бойынша мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар  мен кемшіліктердің жиынтық тізілімдері.

 

Тексеру комиссиясының мүшесіЖ. Үсенбаев

 

№1 мемлекеттік аудит бөлімінің

  •  

 

Сапа бақылауына жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы С. Елубаева

 

Құқықтық сүйемелдеуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы Ғ. Күмісбеков

 

Аудит тобының жетекшілері  Б. Орманов

 

Қ. Молдашев

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ