Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Алматы облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 05.10.2023
Просмотры: 862 Печать страницы

 

 

 

 

 

 

    

    

    

    


           

 

                                             

Алматы облысы бойынша

тексеру комиссиясы

төрағасының м.а

Қ. Есенамановқа

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1. «Алматы облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасы»  мемлекеттік мекемесі.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2022 жылдың 31 желтоқсан аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

 

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

«Алматы облысының сәулет және қалақұрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме) Алматы облысы аумағындағы сәулет саласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Басқарманың миссиясы:

Сәулет, қалақұрылыс және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқарудың функциясын жүзеге асыру Басқарманың миссиясы болып табылады.

Басқарманың мақсаттары:

1) қалақұрылысын игеру, дамыту, құрылыстандыру  кезінде тұрғындардың тіршілік ету және өмір сүру ортасының толық құндылығын қалыптастыру, табиғи ресурстарды, елді мекен аумақтары мен ауыларалық аумақтарды тиімді пайдалану;

2) аумақтардың, елді мекендердің, тұрғын үй құрылысының, құрылыс кешені мен инфрақұрылымның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған қалақұрылыстық және басқа бағдарламаларды жүзеге асыру;

3) қалақұрылыстық кеңістікті қалыптастыру бойынша, аумақтың және облыс елді мекендерінің қызмет көрсету деңгейін арттыру жөніндегі  іс-шараларды жүзеге асыру;

4) тарихи және мәдени мұра ескерткіштерінің сақталуын сәулет және қалақұрылыстық құралдармен қамтамасыз ету;

5) әлеуметтік, өндірістік, инженерлік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылымды дамыту;

6) облыстың құрылыс кешенін дамыту жөнінде мақсатты инвестициялық бағдарламалардың   әзірленуі мен ендірілуіне бақылауды жүзеге асыру, салаға инвестиция тарту және олардың  тиімді пайдалануы үшін ынталандыру шарттарын құру;

7) облыс аумағында инфрақұрылымның дамуын зерделеу, талдау, болжамдау және реттеу;

8) жобалау өнімінің ішкі нарығын қорғау, отандық жобалау өнімінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін  арттыруды ынталандыратын шарттарды қалыптастыру;

9) сәулет және қалақұрылыс қызметінде интеграциялық процесстерді  тереңдету;

10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, орындалып жатқан өзге міндеттер.

«Алматы облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасы»  мемлекеттік мекемесі штаттық құрылымы 8 қызметкер, 2 бөлімнен тұрады.

Басқарманың құқықтары мен міндеттері:

1) өз құзырында облыстың қала құрылысы саласындағы жоспарлау стратегиясын жетілдіруде, құрылыс кешендерін салу мен инфраструктураны дамытуда ұсыныстар еңгізеді;

2) өз құзырында сәулет қала құрылысы саласында нормативтік-құқықтық актілерді қабылдайды;

3) меншік және ведомстволық бағынуына қарамастан, облыс аумағындағы   сәулеттік-қала құрылысы субъектілерінің қызметінде міндетті түрде орындалуға жататын, елді мекендердің  бас жоспарларын қосымша құрылыспен толтыру, аумақты көркейту, көгалдандыру мен аумақтарды көркемді безендіру, тұрғын үй саясатын жүзеге асыру  мақсатында шешімдер қабылдайды және бұйрықтар шығарады;

4) облыс аумағындағы  құрылыс кешендерін салу мен инфрақұрылымның дамуына кедергі келтіретін сәулет, қала құрылысы және коммуналдық шаруашылығы саласында жекелеген орталық және жергілікті атқарушы органдардың шешімдерінің пәрменділігін тоқтатуға және күшін жоюға ұсыныс еңгізеді;

5) тарихи және мәдени ескерткіштерді, мемлекеттік қорық қоры нысандарын сақтауға қатысты нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады және  ұсыныстар енгізеді;

6) қала құрылысы бағдарламаларын, инвестициялық жобалар мен облыс аумағында әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын әзірлеуге  және жүзеге асыруға қатысады;

7) сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі үшін кадрлар дайындау жөнінде бағдарламаларды әзірлеуге, жүзеге асыруға қатысады;

8) тұрғын үй құрылысын қаржыландыру және несиелеу механизмдері мен схемаларын әзірлеуге қатысу және тұрғын үй қорын сақтау,  облыстағы проблемалардың кезең-кезеңмен шешілуіне, тұрғын үй нарығының толыққанды дамуы мен қалыптасуына жәрдемдесу;

9)  облыс аумағындағы тұрғын үй-азаматтық, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуналдық құрылыстар және қайта құру нысандарына, кәсіпорындар мен мекемелерге меншік құрылымы мен ведомстволық бағынушылығына қарамастан, кедергісіз кіреді;

10) қолданыстағы нұсқаулықтар мен нормативтерді бұзған немесе белгіленген тәртіптегі рұқсатты алмай жасалынған топогеодезиялық, инженерлік-геологиялық  ізденістер және бөлу жұмыстарының өндірісін тоқтату;

11) меншіктік құрылымы мен ведомстволық бағынушылығына қарамастан, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындар мен мекемелерден белгіленген тәртіпте және келісілген мерзімде ақпаратты алуға, сондай-ақ, барлық облыстық басқарма, комитеттерден, сәулет және қала құрылыс органдарының құзырындағы мәселелер бойынша тиісті мәліметті  алады;

12) күрделі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, сондай-ақ құрылыс материалдарын импорттау саласында белгіленген тәртіппен және  кезектілікпен статистикалық материалдарды алу;

13) Қазақстан Республикасы  қала құрылыстық  заңнамасын бұза отырып,  өз бетінше құрылыс жүргізген тұлғаларға тәртіптік, әкімшілік  істерін қозғайды, қажет болған жағдайда, қылмыстық іс қозғау жөнінде мәселені көтереді.

14) қолданыстағы заңнамаларды, сәулет, қала құрылыс, экологиялық  және басқа нормативтік талаптарды бұзған, сәулет-қала құрылысы қызметтерін атқаратын жобалау, құрылыс салатын өндірістік ұйымдарға, сондай-ақ жеке тұлғалардың іс-әрекетін тоқтату туралы немесе құқығынан айыру жөнінде тиісті ұсыныс береді;

15) Басқарма  жанынан, өзіне жүктелген тапсырмаларды орындау үшін, жобалау-іздестіру, кеңесші және тағы басқа міндеттерді атқаратын бөлімшелер құрады және олардың қызметінің тақырыптық бағытын анықтайды

16) акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акция пакеттері мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысу үлесін, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектісіне, соның ішінде шешім қабылдауға иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асырады;

17) облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалу жөніндегі есептерін қарайды, бекітеді және келіседі;

18) облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестердің даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады.

         2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері:

«Алматы облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасы»  мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен 3037463,0 мың теңге жұмсалған бюджет қаражаты қамтылды және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының талаптарын сақтамау бойынша жалпы сомасы 77,7 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының (ары қарай - Заң) 39-бабы 3-тармағы 3) тармақшасы (сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтарға ие тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ жоба алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеген тұлғадан осы жоба алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы түзету жөніндегі жұмыстарды сатып алу) негізінде «Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алу» тәсілімен жүргізілген.

Заңның 41-бабы 1-тармағына сәйкес, осы Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу мұндай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген өзге де тәсілдермен сатып алу мүмкін болмаған айрықша жағдайларда жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, 41-баптың 6-тармағына сәйкес, осы баптың 1-тармағының талабы олар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға, сондай-ақ осы Заңның 39 бабы 3  тармағы 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40), 41) және 46) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

«1С Бухгалтерия бағдарламалық өнімді орнату. Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған Бухгалтерлік есеп Конфигурациясын толықтыру. Кеңейтілген бухгалтерлік есеп»  жөніндегі қызметті сатып алу Заңның 13-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен жүргізілуге тиіс болған сәйкесінше аталған сатып алуды «Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алу» тәсілімен жүргізу Заң талаптарына қайшы болып табылады.

Осымен қатар 1 рәсімдік сипаттағы бұзушылық орын алған.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының 43 бап 22 тармақтарының талаптары сақталмай мемлекеттік сатып алу туралы заңының келісім шарт жасасу талабы сақталмай келісім шарт он бес күнтізбелік күннен кем белгіленгені анықталды.

Аудит бағдарламасының мәселесін талдау, соның ішінде жүйелі кемшіліктерге, бюджет қаражатын және активтерді тиімсіз жоспарлауға және пайдалануға, нәтижелерге қол жеткізбеуге байланысты, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің жіберіп алынған пайдасы мен экономикалық шығындарын бағалауды қоса алғанда, мемлекеттік аудит объектісі қызметіндегі өзге де проблемалық мәселелер бойынша бұзушылықтарға ықпал еткен себептер мен жағдайларды талдау:

272 «Облыстың сәулет және қала құрылысы басқармасы» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 2021 жылы мекеменің қаржыландырудың жеке

жоспарымен 1464815,0 мың теңге жоспарланып, 1464815,0 мың теңгеге нақтыланып, 1464815,0 мың теңге игерілген. Соның ішінде бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде:

001 «Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарлама бойынша 139617,0 мың теңге жоспарланыпғ 139617,0 мың теңгеге нақтыланып, 139617,0 мың теңге игерілген. 100,0 пайызға орындалған.

002 «Қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу» бюджет бағдарлама бойынша 1258369,0 мың теңге жоспарланып, 1258369,0 мың теңгеге нақтыланып,  1258369,0 мың теңге игерілген. Жоспар 100,0 пайызға орындалған.

004 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарлама бойынша 1000,0 мың теңге жоспарланыпғ 1000,0 мың теңгеге нақтыланып, 1000,0 мың теңге игеріліп, 100,0 пайызға орындалған.

272 «Облыстың сәулет және қала құрылысы басқармасы» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 2022 жылы мекеменің қаржыландырудың жеке

жоспарымен 1638477,0 мың теңге жоспарланып, 1638477,0 мың теңгеге нақтыланып, 1638477,0 мың теңге игерілген. Соның ішінде бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде:

001 «Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарлама бойынша 78875,0 мың теңге жоспарланыпғ 78875,0 мың теңгеге нақтыланып, 78875,0 мың теңге игерілген. 100,0 пайызға орындалған.

002 «Қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу» бюджет бағдарлама бойынша 1554664,0 мың теңге жоспарланып, 1554664,0 мың теңгеге нақтыланып, 100% 1554664,0 мың теңге игерілген. Жоспар 100,0 пайызға орындалған.

004 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарлама бойынша 78,0 мың теңге жоспарланып 78,0 мың теңгеге нақтыланып, 78,0 мың теңге игеріліп, 100,0 пайызға орындалған.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):

Мекеме, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №-242 "Қазақстан Республикасындағы сәулет қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының «Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары» туралы 44 және 47 «Елді мекендердің бас жоспарлары» туралы баптарының талаптарына сәйкес, тапсырыс беруші «Алматы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен 2021 жылы бағдарлама әкімішісі 272 « Облыстық сәулет  және қала құрылысы басқармасы» туралы 002 «Қала құрылысын дамытудың  кешенді схемаларын және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу»  бағдарламасы 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыс ақы төлеу» ерекшелігімен 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ “Мемлекеттік «сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі» туралы 50 бабының 3 тармағына және мемлекеттік сатып алудың қорытындыларына сәйкес мердігерлермен барлығы 12 келісім шарт жасалып, 1 258 368,02 мың теңге төленген.

2022 жылы барлығы 26 келісім шарт жасалып, 1 554 663,59 мың теңге төленген.

 

III. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады.

Бүгінгі таңда Алматы облысының елді мекендерін бас жоспарлармен қамтамасыз ету 100 (100%) құрайды және қажеттілігіне қарай түзетулер жүргізілуде. Облыс бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен қамтамасыз ету 40,2 (40,2%) пайызды құрайды. Олардың ішінде: - қалалар 100 пайыз; - халық саны 5 мыңнан асатын елді мекендер 100 %; - халық саны 5 мың адамнан кем елді мекендер 33,8 %.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 88 Қаулысымен бекітілген "Алматы агломерациясын 2030 жылға дейін дамыту жөніндегі өңіраралық іс-шаралар жоспарына" сәйкес, 2021 жылы "2-ші жарты айналымға дейінгі БАКАД артында орналасқан Алматы облысының аумақтарын қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын" әзірлеу аяқталған.

Жобалау аймағы жалпы ауданы - 54 000,5 мың га аумақты қамтиды; оған кіретін елді мекендер саны - 32, масштабы М1:10 000.

Кешенді схема жобасында келесі аудандар қарастырылған: - Қарасай ауданы-13 елді мекен, ауданы - 22 697,5 га, - Іле ауданы-5 елді мекен, ауданы 11 655,0 га, - Талғар ауданы-14 елді мекен, ауданы -19 648,0 га.

Бұдан басқа, Қарасай, Іле және Талғар аудандарының аумағында қала құрылысы тораптары бар БАКАД автомобиль жолының топографиялық түсірілімін орындай отырып, егжей - тегжейлі жоспарлау жобасын (ЖЖЕ) әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталды, жалпы ауданы-М 1:2000 масштабында 7 127,0 га.

Бас жоспарға және Іле ауданының Гейт Сити спутник - қаласының ПДП егжей - тегжейлі жоспарлау жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, жалпы ауданы-М 1:5000 масштабында 2 340 га және жалпы алаңы бар аумақта егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы-М 1:2000 масштабында 280 га.

Жобаның мақсаты-облыс аумағындағы әлеуметтік-экономикалық, өндірістік-шаруашылық, табиғи-климаттық жағдайларды, халық санын дамытудың 2045 жылға дейінгі перспективасын ескере отырып, Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық және қала құрылысын дамытудың мемлекеттік саясатының стратегиясын әзірлеу, сондай-ақ Алматы облысының аумақтары мен мемлекеттік, өңірлік және жергілікті маңызы бар.

Басқарма "қылмыстық құқық бұзушылық картасы" интернет-порталын құру үшін (32-қадам) облыстың 2021-2022 жылдарда 742 елді мекенінің электрондық картасын әзірлеген. Осы жұмыстардың құрамында облыстың барлық елді мекендерінің мекенжайларын түгендеу бойынша жұмыстар орындалды (жергілікті жерде бар барлық бастапқы жылжымайтын мүлік объектілерін үй ішінде аралау).

2021-2022 жылдары электрондық карталарға салынған объектілерді тоқсан сайын жинау, тексеру және салыстыру жүзеге асырылған. Деректерді жинау және мәліметтер аяқталғаннан кейін облыстың электрондық картасы толығымен өзектендірілетін болады.

Өзектендірілген картаның көшірмесі "қылмыстық құқық бұзушылық картасын" жаңарту үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Алматы облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басқармасына жолданған.

Басқарма "Алматы облысының құрылыс басқармасы" ММ және Алматы облысының аудандары мен қалаларының құрылыс бөлімдерінің жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеуге өткізілген Мемлекеттік сатып алу негізінде орындалған әлеуметтік объектілердің 2021 жылы 16 эскиздік жобасын қарады және келісілді.

Басқарма жобалауға берілген Сәулет-жоспарлау тапсырмаларына (АЖО) тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

2021-2022 жылдардың 4 - тоқсандарында аудандық және қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімдерімен "Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" 15269 және 11523 әр жылға сәйкес, Мемлекеттік қызмет және "эскизді (эскиздік жобаны) келісу" 9415 және 5368 әр жылға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетілген.

2021-2022 жылдары "ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасқан жерін айқындау туралы шешім беру", "үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлеріне (ғимараттарына) қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызметтер көрсетуге 23 және 17 әр жылға сәйкес өтініш келіп түсті. 5 және 8 әр жылға сәйкес - өтініш берушілерге ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасқан жерін анықтау туралы шешім берілді, 4 және 3 әр жылға сәйкес – өтініш берушіге қайта бейіндеу туралы шешім берілді, 2021 жылы 9 - өтініш берушіге дәлелді бас тарту берілді (5 және 6 әр жылға сәйкес -өтінішті көрсетілетін қызметті алушылар кері қайтарып алды).

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабының 11 тармағына 1 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартуға 1 материал жолданып, Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде қаралуда.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

1. Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша жалпы сомасы 77,7 мың теңгеге Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының талаптарының сақталмауынан бұзушылық анықталды және 1 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

2. Анықталған бұзушылықтар Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының талаптарының сақталмауы орын алған.

3. Мекемеде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының талаптарының сақталмауына жол берілген.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

«Алматы облысының сәулет және қалақұрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

1. «Алматы облысының сәулет және қалақұрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігі аудитінің нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралуын.

2. Мемлекеттік аудит объектісі басшымен Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының талаптарының сақталмауына жол берген бұзушылықтарының салдарын азайтуға назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін жұмыстар жүргізілуін.

3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар  мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.

 

Тексеру комиссиясының мүшесі А. Кадир

 

Аудит жүргізуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы  Н. Қалқаев

 

Сапа бақылауына жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы С. Елубаева

 

Құқықтық сүйемелдеуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы А. Құлмұхамбетова 

 

Бас маман – мемлекеттік аудитор                                    Б. Жумашев

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ