Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 15.12.2023
Просмотры: 888 Печать страницы

 

 
 

 

 

 

 

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

«Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі және оның бағынысты мемлекеттік мекемелерінде Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арна  ауылы  2023 жыл

 

Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы М. Мұсаевқа

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлім

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі және оның бағынысты мемлекеттік мекемелерінде Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудит объектілері:

1. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы»;

2. «Бақанас орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3. Кеген орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесі;

4. Қаскелен орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесі;

5. Қарадала орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесі;

6. «Күрті шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7. «Нарынқол орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

8. «Шелек орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2022 жылдың  31 желтоқсан аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау

«Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру, реттеу және тиімді пайдалану салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, басқарманың қарамағында мемлекеттік мекемелері бар.

Алматы облысының мемлекеттік орман қоры 3,7 млн.га, оның ішінде орманмен көмкерілген аумақ 1,6 млн. га. Мемлекеттік орман қорын күзету, сақтау, орман ресурстарын пайдалану, орман өсіру және молықтыру жұмыстарын 7 орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің 558 мамандары мен қызметкерлері атқарады.

  Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында бес жыл ішінде мемлекеттік орман қорына 2 миллиард ағаш отырғызу туралы тапсырмасын орындау мақсатында «Алматы облысының ормандарын молайту және орман өсіру көлемін ұлғайту бойынша 2021–2025 жылдар аралығындағы кешенді жоспарға» сәйкес,  облыс аумағында 2025 жылға дейін 23,4 мың гектар алқапқа 50,3 миллион ағаштар отырғызылып, өсіріледі.

2021 жылы облыс бойынша  орман екпелерімен отырғызылатын және тұқыммен егілетін жердің көлемі 1034,6 гектарды құрады, толығымен орындалды.

   2022 жылы облыс бойынша  орман екпелерімен отырғызылатын және тұқыммен егілетін жердің көлемі 3608,4 гектарды құрады (7,7 млн. дана),  ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемін ұлғайту жөніндегі  жұмыстар толығымен аяқталды. (оның 122,7 га (591,9 мың дана) отырғызылды, 3486,0 га (жоспарлы шығымдылығы 7,4 млн. дана қара сексеуіл тұқымы) себілді).

Жоспарлы жұмыстарды орындағаннан кейін облыс аумақтарының ормандылығы 14,9%-дан 15,2%-ға  ұлғаяды (ҚР ормандылығы 5,0% дан 5,2%).

2022 жылдың басынан «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 69 бірлескен рейдтер мен тексерулер жүргізді. Табиғат қорғау заңнамасын 64 бұзушылық анықталды. Оның ішінде 37 бұзушыға 1 408 980 теңге айыппұл салынды, оның ішінде 16 бұзушыдан 160807,5 теңге өндірілді.

  Алматы облысының аумағында 104 балық шаруашылығы су айдындарымен және (немесе) учаскелері бар, оның ішінде балық шаруашылығын жүргізу үшін балық шаруашылығының 39 субъектісіне 69 балық шаруашылығы су айдындарымен және (немесе) учаскелері бекітілген, қалған 35 балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскесі резервте қалып отыр.

Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 14.06.2021 жылғы №198 «Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Алматы облысы бойынша 6665,48 тонна балықтың жалпы лимиті бөлінді. Оның ішінде Балқаш көлі бойынша 5378 Іле өзенінің атырауы және Іле өзені 30,57 тонна, Қапшағай су қоймасы бойынша 1121,1 на әне жергілікті маңызы бар су айдындары бойынша 135,81 тонна.

2022 жылы  жануарлар дүниесін пайдаланушылардың өтінімдері бойынша жалпы сомасы 95,123 млн.теңгеге балық аулауға 96 рұқсат берілді.Алматы облысының аумағында 78 аңшылық алқаптары бар, оның ішінде 71 аңшылық алқаптар 46 аңшылық пайдаланушыларға бекітіліп берілген. Аңшылық алқаптарының резервтік қорында 7 аңшылық алқаптар қалып отыр. Бекітілген аңшылық алқаптардың жалпы көлемі 2630763 гектарды құрайды.2022 жылы жануарлар дүниесін пайдаланушылардың өтінімдері бойынша жалпы сомасы 35,559 млн.теңгеге аң аулауға 975 рұқсат берілді.Сонымен қатар, Балық шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында 2022 жылға жергілікті бюджеттен балық шаруашылығын субсидиялауға 70,0 млн.теңге бөлініп, «Qoldau» порталы арқылы берілген 17 өтінім бойынша бұл сома толығымен игерілді.

Жобаларды экологиялық сараптама және табиғатты қорғау бағдарламалары бөлімімен келесі қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

2021 жылдың қорытындысымен:

II, III және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға 775 рұқсат;

II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық 24 рұқсат;

III санаттағы объектілер үшін 16 мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындылары және 39  мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындылары.

2022 жылдың қорытындысымен:

II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық  148 рұқсат;

III санаттағы объектілер үшін 177 мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындылары және 159 мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындылары берілді.

Іле-Балқаш бассейнінің экологиялық жай-күйін жақсарту, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің биологиялық тепе-теңдігін сақтау, балықтардың жайылуы мен уылдырық шашу жағдайларын жақсарту, елді мекендерді, табиғи жайылымдарды су басудан қорғау мақсатында жыл сайын механикаландырылған тазарту бойынша Іле өзенінің арналары тереңдету жұмыстары жүргізіледі.

2021 жылы өзен арналарын механикалық тазалауға облыстық бюджеттен 164,3 млн. теңге қаржы бөлінді, оның ішінде Балқаш ауданындағы Іле өзенінің Топар сағасының (Ақкөл ауылдық округі, Балқаш ауданы Алматы облысы) механикаландырылған тазалау жұмыстарына – 40,7 млн. теңге; Іле өзенінің Алматы облысы Балқаш ауданындағы Тасмұрын аймағындағы сағасында механикаландырылған тазалау жұмыстарына 71,3 млн.тенге жұмсалды; Алматы облысы Балқаш ауданы Көктал ауылдық округіндегі ндағы Кертөбел және Мықтыбай сағаларында механикаландырылған тазарту жұмыстарына - 52,2 млн. теңге.

 2022 жылы өзен арналарын механикалық тазалауға облыстық бюджеттен 650,2 млн. теңге қаржы бөлінді, оның ішінде Балқаш ауданындағы Іле өзені сағасының Ақкөл а/о «Ранды» тармағын механикаландырылған тазалау жұмыстарына - 157,0 млн. теңге (өтпелі нысан); Балқаш ауданында Бестамақтан бастап Шұбарқұнан арқылы Іле өзенінің сағалары Жиделі, Қосқызыл, Асаубай тармақтарын тереңдету және механикаландырылған тазарту жұмыстарына - 72,3 млн. теңге (өтпелі нысан); Балқаш ауданының Іле өзені Ақтоған тармағының арнасын механикалық тазарту жұмыстарына – 75,7 млн. теңге; «Қапшағай су қоймасына құятын Іле өзені сағасының балық шаруашылығы мелиорациясы бойынша жұмыстар»-191,8 млн.теңге сомасына; Балқаш ауданы Іле өзені арнасының Топар тармағының соңғы  бөлігін механикаландырылған тазарту жұмыстарына - 48,9 млн. теңге; Балқаш ауданыны Қарой аулыдық округі Алтай баз өзенінің арнасын механикаландырылған тазалау жұмыстарына - 63,3 млн. теңге; 3-нысан бойынша Механикаландырылған тазалау жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге - 32,4 млн. теңге (Балқаш ауданы Іле өзені арнасының Топар тармағының соңғы  бөлігін механикаландырылған тазарту жұмыстарының, Балқаш ауданы, Ақжар а/о, Топар-1, Топар-2 арналарының кіріс арнасын механикаландырылған тазарту жұмыстарының және Балқаш ауданы, Ақжар ауылы манындағы Іле өзенінде жағалауды нығайту жұмыстарының ЖСҚ); 5-нысан бойынша механикаландырылған тазалау жұмыстарына мемлекеттік ведомстводан тыс кешенді сараптама – 8,5 млн теңге бағытталған.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері

Аудит нәтижелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады:

Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 4 383 246,1 мың теңгеге жұмсалған бюджет қаражаты қамтылды және жалпы сомасы 8 907,1 мың теңгеге бюджет және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

- 1 193,6 мың теңге еңбек ақыдан ұсталатын жеке тұлға табыс салығы декларациясында кем тапсырылғаны және бюджетке төленбеген сомма;

- 4 977,4 мың теңге бюджет қаражаты мен активтерді пайдалану кезіндегі  бұзушылықтар (оның 1498,0 мың теңгесі өтелуге, 3479,4 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады);

Сонымен қатар 2 736,1 мың теңге ықтимал шығындар мен жіберіп алған пайда және 2 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

1. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

1 тармақ: «Құрылысмаркетинг» ЖШС-мен техникалық қадағалаға 07.07.2020 жылғы №26 келісім шарты, оған 06.12.2021 жылғы №26/42 қосымша шарты бойынша қызметің аяқтау мерзімі 20.11.2022 жылы,  келісім шарты орындалмаған Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 12 – тармағы орындалмай шарттың орындалуын қамтамасыз ету кепілдігінің соммасы 416,1 мың теңге бюджет есебіне  қайтарылмаған,аудит қортындысы бойынша бюджетке қайтарылды.

2 тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 14 тармағы сақталмай 2022 жылы шілде айында мекеме бас мамандары(бас есепші) ауысқан кезеңде, мекеме басшысының өткізп қабылдау туралы бұйрығы болмаған, бухгалтерлік құжаттары қабылданып алынбаған.

2. «Бақанас орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1 тармақ. Мемлекеттiк сатып алу Заңының 43 бабының 24 тармағының және негізгі келісім шарттың 8.3 тармақтарына сәйкес Қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс. Яғни 12,5 мың теңге (541500*0,1%*23=12455) аталған сомма  аудит барысында 2023 жылдың 27 қазанда жергілікті бюджет 206109 кодына №0003 түбіртекпен өңдірілді.

2 тармақ. Сонымен қатар, Тапсырыс беруші тарапынан жоғарыда аталған келісім-шарттар бойынша тиісті Мердігерлерге  қатысты Мемлекеттiк сатып алу Заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес шаралар  қолданбаған, "Бақанас орман шаруашылығы"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осындай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

3 тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ережесінің 9 тарауының 236 тармағы  орындалмай Мекемеге қарасты шекераларда орманды қорғау, өрт болдырмау,қауыпсіздік белгілерін орналастыру үшін 5 дана темір құралдарды монтаждап орналастыруға жеке кәсіпкер  Б.М. Жумалиевпен 2021 жылыдың 2 тамызында №66 келісім шарты жасалынған орындалған жұмыстар қабылданған. Темір құралдар бүгінгі күнге дейін пайдалануда. Яғни, 541,5 мың теңгенің құралдары негізі 2021 жылғы табысталған қаржылық есепте негізі құрал ретінде көрсетілмеген.

2023 жылдың 27 қазанда мекеме директоры М.Н Нурмуханбетовтың №98-н/қ бұйрығымен жіберілген кемшіліктер аудит барысында қалпына келтірілді.

3. «Кеген орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1 тармақ. Еңбек ақыдан ұсталатын жеке тұлға табыс салығы бойынша 2022 жыл 1- тоқсаныныңқаңтар айында 559,6 мың тенге, салық декларациясында кем тапсырылған және бюджетке төленбегені анықталды. Бұл ҚР 2017 жылғы №120-VI)РЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексінің 350-351-355 қайшы келеді.

Аудит қортындысы бойынша мекеме есепшісіне сөгіс берілді.

4. «Қаскелен орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1 тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ережесінің 9 тарауының 236 тармағы  Мекеме теңгеріміндегі ГАЗ 3308 автомашинасына қозғалтқыш сатып алуға жеке кәсіпкер  "НҰРСАНА" басшысы Каденова Жаннат Шаймардановнамен 2022 жылыдың 2 ақапанында №6 келісім шарты жасалынып жалпы соммасы 1046,6 мың теңге орындалған жұмыстар актісімен төленген. Қозғалтқыш бүгінгі күнге дейін пайдалануда.Яғни, 1046,6 мың теңгенің құралдары негізі 2022 жылғы табысталған қаржылық еспте негізі құрал ретінде көрсетілмеген.

2023 жылдың 6 қарашада мекеме директоры Г.М Бердибаевтың №61-н бұйрығымен жіберілген кемшіліктер аудит барысында қалпына келтірілді.

5. «Қарадала орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1 тармақ. ЖК«Ахантаева»-мен  жылы тікенді сым сатып алуға 15.04.2019 жылы №24 келісім шарты 171,9 мың теңгеге жасалынған,өз міндетемесің орындамаған үшін Мекеме тарапынан 11.07.2019 жылы біржақты келісім шарты бұзылған.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 12 тармағына сәйкес өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт бұзылған жағдайда, енгізген сома  өнім берушіге қайтарылмайды және тиiстi бюджет есебіне 5,1 мың теңге бюджетке қайтаруға жатады, аудит қортындысы бойынша бюджетке қайтарылды.

2 тармақ. «E.S international trede company»ЖШС-мен  жылы 2 мотоцикл  сатып алуға 01.06.2020 жылы №39 келісім шарты 935,6 мың теңгеге жасалынған,өз міндетемесің орындамаған үшін Мекеме тарапынан 12.11.2020 жылы біржақты келісім шарты бұзылған.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 12 тармағына сәйкес өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт бұзылған жағдайда, енгізген сома  өнім берушіге қайтарылмайды және тиiстi бюджет есебіне 28,1 мың теңге бюджетке қайтаруға жатады, аудит қортындысы бойынша бюджетке қайтарылды.

3 тармақ. Аудитпен 02.11.2023ж. бақылау өлшемі жасалып, нәтижесінде сатып алынған Графикалық планшеттер жалпы құны 625,0 мың теңге мекеменің қоймасында бүгінгі күнге дейін қолданылмай тұрғаны анықталды.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV  «Бюджет кодексінің» 4 бабының 12 тармағының тиімділік принципі талабы сақталмай, 625,0 мың теңгеге сатып алыныған «Графикалық планшет» қолданылмай, түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмей, бюджет қаражатының тиімсіз пайдалануына жол берілген.

4 тармақ. Аудитпен 02.11.2023ж. бақылау өлшемі жасалып, нәтижесінде сатып алынған 5 дана Термопринтерлер жалпы құны 420,0 мың теңге мекеменің қоймасында бүгінгі күнге дейін қолданылмай тұрғаны анықталды.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV  «Бюджет кодексінің» 4 бабының 12 тармағының тиімділік принципі талабы сақталмай, 420,0 мың теңгеге сатып алыныған «Термопринтер» қолданылмай, түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмей, бюджет қаражатының тиімсіз пайдалануына жол берілген.

5 тармақ. Аудитпен 02.11.2023ж. бақылау өлшемі жасалып, нәтижесінде сатып алынған Маторлы қайық құны 1691,1 мың теңге мекеменің қоймасында бүгінгі күнге дейін қолданылмай тұрғаны анықталды.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV  «Бюджет кодексінің» 4 бабының 12 тармағының тиімділік принципі талабы сақталмай, 1691,1 мың теңгеге сатып алыныған «Моторлы қайық» қолданылмай, түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмей, бюджет қаражатының тиімсіз пайдалануына жол берілген.

Аудит қортындысы бойынша мекеме есепшісіне сөгіс берілді.

6. «Күрті шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1 тармақ. Мекеменің  бас бухгалтері Н.Маратқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулының талаптары  бұза отырылып, комиссияның хаттамасымен мамандығы бойынша жұмыс өтілі 01.08.2021 ж. – 1 жыл 9 ай (С-2 санатымен коэффициент-4,14) орнына, мамандығы бойынша жұмыс өтілі 3 жыл 2 ай белгіленіп 4,23 (с-2 санаты) коэффициенті қолданылған, сол себептермен 32,2 мың теңге еңбекақысы артық төленген.

2 тармақ. ЖЖМ шығыстарын есептен шығарудың дұрыстығы аудитімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 тамыздағы №1210 «Мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» қаулысының талаптары бұзыла отырып, мекеме 01.01.2022 ж. бастап 31.12.2022 ж. аралығындағы кезеңде Нива 212300-55 мемлекеттік автомашинасына в373dd нөмірімен) іс жүзінде 524,5 мың теңге сомаға ЖЖМ – 2881,69 литр есептен шығарылғаны анықталды, нормаға сәйкес 2666,44 есептен шығарылуы тиіс жалпы сомасы 485,3 мың теңге сомаға ЖЖМ литрі жанар-жағармайдың артық шығыны 39,2 мың теңге сомасына 215,25 литрді құрады.

Аудит қортындысы бойынша мекеменің екі маманына ескерту берілді.

7. «Нарынқол орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1 тармақ.  Еңбек ақыдан ұсталатын жеке тұлға табыс салығы бойынша 2022 жыл 1- тоқсаныныңқаңтар айында 634,0 мың тенге, салық декларациясында кем тапсырылғаны және бюджетке төленбегені анықталды. Бұл ҚР 2017 жылғы №120-VI)РЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексінің 350-351-355 айшы келеді.

Аудит қортындысы бойынша мекеме есепшісіне сөгіс берілді.

8. «Шелек орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1 тармақ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы No 908 «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы қағидалардың 2-тарауының 6-тармағын бұза отырып, мекеме қызметкерлерге орташа жалақыны есептеу кезінде белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйлықақылар және тұрақты сипаттағы басқа да ынталандырушы төлемдер ескеріле отырып, тиісті кезең үшін нақты жұмыс істеген уақыт үшін жалпы сомасы 964,8 мың теңгені құрайтын 18 қызметкерге еңбекақы артық төленген.

2 тармақ. №281 Шоттар жоспарының 5-тарауының 16-тармағын бұза отырып, мекеменің аудит  кезеңде сатып алынған құндылықтар атап айтқанда: 2021 жылы 2 дана  «күн электр станциясы» жалпы сомасы -290,0 мың теңгеге 360 шотына «машиналар мен жабдықтар» кіріске алынған және 2022 жылы сатып алынған «күн батареясы» құны -344,0 мың теңге 2383 шотына «басқа да негізгі құралдар» кіріске алынған, ал бұл активтер жалпы сомасы – 634,0 мың теңге 2340  шотына «беру құрылғылары» кіріске алынуы тиіс еді.

3 тармақ. №468 Қағидалардың 3-тарауының 24-тармағының 25-тармақшасын бұза отырып, мекеменің 2021 жылғы бухгалтерлік балансында (ТҚ-1) 017 "қызметкерлердің және өзге де есепті тұлғалардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі" жолы бойынша кезең соңындағы сальдода жалпы сомасы 558,5 мың теңгеге жалақы бойынша дебиторлық берешек көрсетілмеген, бұл мекеменің 2021 қаржылық есептілігінің бұрмалануына әкелді.

4 тармақ. №468 Қағидалардың 3-тарауының 24-тармағының 25-тармақшасын бұза отырып, мекеменің 2022 жылғы бухгалтерлік балансында (ТҚ-1) 017 "қызметкерлердің және өзге де есепті тұлғалардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі" жолы бойынша кезең соңындағы сальдода жалпы сомасы 684,0 мың теңгеге жалақы бойынша дебиторлық берешек көрсетілмеген, бұл мекеменің 2022 жылғы қаржылық есептілігінің бұрмалануына әкелді.

5 тармақ. №468 Қағидалардың 3-тарауы 24-тармағының 31-тармақшасын бұза отырып, 2022 жылғы бухгалтерлік баланста (ТҚ-1) "қызметкерлер мен өзге де Есеп беретін тұлғалар алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек"деген 218-жол бойынша есепті кезеңнің соңындағы сальдо жалпы сомасы 14,8 мың теңгеге қызметкерлер алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек көрсетілмеген, бұл мекеменің 2022 жылғы қаржылық есептілігін бұрмалауға әкелді.

Аудит қортындысы бойынша мекеме есепшісіне сөгіс берілді.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе): _______________________________________________________

                                            (болған жағдайда)

III. Қорытынды бөлім

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін жалпы сомасы 3479,4 мың теңгеге тиісті бухгалтерлік бухгалтерлік анықтамамен түзетілді және 1498,0 мың теңге жергілікті бюджет есебіне қайтарылды.

Жіберілген кемшіліктер үшін аудит қортындысы бойынша 6 адамға (Күрты орман шаруашылығында 2 маманға ескерту, Қарадала орман шаруашылығында есепшіге ескерту, Нарынқол, Кеген, Шелек орман шаруашылықтарында есепшілеріне сөгіс) тәртіптік жаза  берілді.

Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің  207 және 238 баптары бойынша 5 материал жолданды.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қорытындылар

1. Жоғарыда көрсетілгендей, мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша 4 383 246,1 мың теңге қамтылып, өтелуге және қалпына келтіруге жататын

8 907,1 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар және 2 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

2. Бюджет қаражатының шығындарын жоспарлау және пайдалану кезінде тиімділік қағидаттарын сақтамау салдарынан 2769,3 мың теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға жол берілді.

3. Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік есебін жүргізу қағидаларының, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтамау салдарынан жіберілді.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар:

Тексеру комиссиясының отырысында ормандарды сақтау, қорғау, молайту және орман өсiруге бөлінген қаражаттың жоспарлауы мен пайдаланудың іске асыру тиімділігіне мемлекеттік аудит нәтижелерін қарау.

3.4. Қосымша: анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (..... парақта).

Тексеру комиссиясының мүшесі                               Ж.Үсенбаев

№1 мемлекеттік аудит бөлімінің

басшысы-мемлекеттік аудитор                                 Н. Қалқаев

 

№2 мемлекеттік аудит бөлімінің                               А.Сәді

басшысы-мемлекеттік аудитор                                       

Талдау, сапаны жоспарлау және

бақылау бөлімінің басшысы

-мемлекеттік аудитор                                                          С. Елубаева

 

Әкімшілік-құқықтық бөлімінің

бөлімінің басшысы

-мемлекеттік аудитор                                           А. Кулмухамбетова

 

Аудит тобының жетекшісі

бас маман-мемлекеттік аудитор                                 Б.Орманов

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ