Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Итоги государственного аудита
Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы
Категория: Итоги государственного аудита | |
Дата: 28.12.2023 | |
Просмотры: 946 | Печать страницы |
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
«Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүргізілген жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті
Арна ауылы 2023 жыл
Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы М. Мұсаевқа
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
I. Кіріспе бөлім
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.
1.3. Мемлекеттік аудит объектілері:
1. «Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
2. «Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: «Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2022 жылдың 31 желтоқсан аралығы, «Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2022 жылдың 31 желтоқсан аралығы.
II. Негізгі (талдамалық) бөлік
2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау
«Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары қызметінде ақпараттандыру, цифрландыру, мемлекеттік қызметтер мониторингі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
«Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Басқарма өз қызметінде цифрландыру саласындағы мемлекеттік саясатты, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, өңірдің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесуді, байланыс қызметтері нарығының тиімді жұмыс істеуін жүргізеді.
2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте байланыс қызметтері 10,8 млрд. теңге сомасына немесе 2022 жылғы тиісті кезеңге 117,8 % құрады. Байланыс қызметтерінің жалпы көлемінде Интернет, телекоммуникация және ұялы байланыс қызметтері айтарлықтай үлеске ие.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін жыл сайын IT мамандықтары бойынша 300-ден астам түлек бітіреді. Өңірде IT-бағыттар бойынша дайындықты 15 білім беру мекемесі жүзеге асырады (14 колледж және С.Демирель университеті). Ағымдағы жылдың 10 айында басқарма келесі жұмыстарды атқарды.
Аумақтық департаменттердің, басқарманың, аудан әкімдіктерінің және Қонаев қаласының қызметкерлерін «Protocol» АЖ-мен жұмыс істеуге оқыту жүргізілді, ол барлық хаттамалар мен тапсырмалар ауылдық округтер деңгейіне дейін жүйесіне көшіру арқылы ішкі құжат айналымын қысқартады. Келісудің артық кезеңдері қысқартылды.
Құжат айналымын қысқарту үшін гибридті электрондық пошта енгізілді. Бүгінгі таңда 8 басқарма «Қазпошта» АҚ-мен шарт жасасты, жыл соңына дейін облыстың барлық мемлекеттік органдарының ауысуы күтілуде.
Өңірлік геоақпараттық жүйе шеңберінде облыс бойынша «Жер учаскесін сату бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу арқылы мемлекеттік меншіктен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы мақсатта жүйеде орталық мемлекеттік органдардың жүйелерімен және дерекқорларымен 16-дан астам интеграциялық іс-қимыл өзара іске асырылды («Жеке тұлғалар» мемлекеттiк деректер қоры; «Мекенжай тіркелімі», «Жылжымайтын мүлік тіркелімі», «Электрондық үкімет порталы»; «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» және т.б.) және де геопортал АЖ ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі үшін аттестатталды.
Облыста «Ведомствоға қарасты мекемелерінің орталықтандырылған деректер базасы» жобасы іске асырылды. Осы жүйенің көмегімен ата-аналарға порталда нақты уақыт режимінде өтінішті тіркеуге және білім бөлімдері мен мектепке дейінгі балалар ұйымдарының қызметкерлерінің тікелей қатысуынсыз мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама алу мүмкіндігі іске асырылды. Бүгінгі таңда «Ведомствоға қарасты мекемелерінің орталықтандырылған деректер базасы» АЖ-де білім беру саласында 18 Мемлекеттік қызмет автоматтандырылды. «Мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама алу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою» және «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)» халық арасында ең танымал қызметтерге жатады.
«Алматы облысының цифрлық егізі» жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жалғасуда, ағымдағы жылы облыстың 33 елді мекенінде жобаны енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоба инженерлік және цифрлық инфрақұрылымның әлеуеті, қол жетімді адами капиталдың саны мен сапасы және жаһандық қосылған құн тізбегіне интеграциялау мүмкіндіктері бойынша қолданыстағы салынған және құрылысқа жоспарланған индустриялық аймақтардың тиімділігін тексеруге және қайта бағалауға мүмкіндік береді.
Осы жоба негізінде Ахуалдық орталық әзірленді (дашборд цифрлық егіздердің барлық деректері бойынша әзірленді). «Алматы облысының туристік орындары», «Жер қойнауын пайдалану», «Ветеринария картасы», «ТЖД картасы», «Спорт басқармасының картасы», «ЖКО және қылмыс картасы», «Байланысты жабу картасы» веб-карталары жасалды. Жобаның барлық жауапты тұлғаларына қолжетімділік қамтамасыз етілген.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысына сәйкес басқарма DLP жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде. Жүйе ақпараттың ағып кетуінен қорғауға арналған және бірыңғай көлік ортасының (ішкі желі) және Интернет желісінің трафигін сүзуге арналған екі серверлік жабдықты қамтиды.
Пилоттық режимде iQala жобасы іске қосылды, жоба шеңберінде су арнасы, жылу желісі және энергия өткізу қызметтері бойынша табиғи монополиялар субъектілерімен келісім-шарттар жасасудың электрондық процесі, сондай-ақ техникалық шарттарды беру процестерін толық цифрландыру қамтамасыз етілетін болады. Жүйе «Электрондық үкімет» порталымен және «Жылжымайтын мүлік тіркелімімен» біріктірілген. Қазіргі уақытта интеграциялық қызметтер сынақтан өтілуде, сонымен қатар газбен жабдықтау және байланыс қызметтерін қосу жоспарлануда.
«SmartCity» тұжырымдамасы аясында Қонаев қаласында коммуналдық қызметтерді төлеу, қалалық қоғамдық көлікті диспетчерлеу, жол ақысын төлеу бойынша «Алсеко» бірыңғай есеп айырысу орталығының жүйесі енгізілді, қаланың 308 камерасы облыс ПД жедел басқару орталығына қосылды, қаланың барлық ғимараттары онлайн гид жүйесіне қосылды, Қонаев қаласының барлық мектептерінде кіруді басқаруды бақылау жүйесі қолданылады.
Сондай-ақ, облыста жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 124 АӨК бойынша байланыс арналарын ұйымдастыру және іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде.
Қонаев қаласында IT -хаб пен бағдарламалау мектебін құру бойынша Astana Hub-пен белсенді жұмыс жүргізілуде. Бұл өңір жастарына өздерінің шығармашылық әлеуетін іске асыруға, қалада креативті мәдениетті қалыптастыруға, IT-стартаптардың санын арттыруға, сәйкесінше жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және IT -салаға инвестициялар тартуға жәрдемдесетін болады.
«109 қызмет» бірыңғай кезекші байланыс орталығының жобасы іске қосуда. Қызметтің негізгі мақсаты тіршілікті қамтамасыз ету және қауіпсіздік мәселелері бойынша тәулік бойы өтініштерді қабылдау, қалалық және шұғыл қызметтердің тиімді жұмыс істеуі үшін бірыңғай техникалық инфрақұрылымды қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі ақпараттық қоғамда Интернет желісін, сондай-ақ экономиканың әртүрлі секторларындағы ақпараттық технологияларды пайдалану елдің экономикалық дамуының таптырмас құрамдас бөлігі болып табылады. Интернет пен цифрландырудың әсерінен экономиканың көптеген салалары (сауда, мемлекеттік қызметтер секторы, интернет-туризм және т.б.) өзгеруде, сатудың жаңа арналарының пайда болуына және дамуына, заманауи инновациялық және тиімді бизнес модельдерді енгізуге және операциялық процестердің құрылымын өзгертуге ықпал етеді.
Көбінесе халық ұялы байланыс операторларынан кең жолақты интернетті пайдаланады, оның сапасы операторлардың жұмыс істейтін базалық станцияларының санына, жер бедеріне, метеорологиялық жағдайларға, топографиялық кедергілерге тікелей байланысты.
Бүгінгі таңда облыста 380 ауылдық елді мекеннің 352-сі (92,6%) Интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етілген, оның 279-да 4G бар. Кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілмеген 28 АЕМ-де 3 мыңға жуық адам тұрады.
Облыс басқармасы облыстың 131 елді мекенінде жоғары жылдамдықты интернетті жеткізетін 20 шағын байланыс операторымен меморандумдарға қол қойды. Жасалған меморандумдар шеңберінде 95 жұмыс орны құрылды.
Ағымдағы жылы «КаР-Тел» ЖШС Ұйғыр ауданы Кепебұлақ ауылында мобильді базалық станцияны іске қосты, сол арқылы ауыл тұрғындарын 4G стандартындағы мобильді кең жолақты интернетпен қамтамасыз етті.
Шалғайдағы аз қоныстанған ауылдарды спутниктік технология бойынша Интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ 129 адам тұратын Қарасай ауданының Жыңғылды және Күрқұдық ауылдарының тұрғындарына интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етті.
Freedom Telecom компаниясы облыс орталығының 65 әлеуметтік нысанын жоғары жылдамдықты Интернетке қосу үшін жалпы ұзындығы 104 км талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу бойынша жұмыстар жүргізуде, оларға тегін Wi-Fi нүктелері беріледі.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде цифрлық құралдарды пайдалану цифрлық диалог алаңдарын құруға мүмкіндік береді, бұл мемлекет пен қоғам арасындағы коммуникацияны жақсартады.
Тұрақты негізде «Ашық деректер» және «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы» порталдарында деректердің өзектілігіне мониторинг, сондай-ақ MISP (Malware Information Sharing Platform) платформасындағы хабарламаларға сәйкес облыстың мемлекеттік органдарында ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін жояды, анықталған кемшіліктер бойынша ақпарат дайындайды.
Облыс әкімі мен салалық мемлекеттік органдар сайтының толықтығы 100% құрайды және тұрақты негізде өзектендіріледі.
Барлық басқармаларға, аудан әкімдіктеріне және Қонаев қ. әкімдігіне «Қабылдауға жазылу» сервисіне қол жеткізуді қамтамасыз етті.
Сондай-ақ, Астана қаласындағы «Digital Bridge 2023» халықаралық технологиялық форумында «Алматы облысының цифрлық егізі» жоба ұсынып «Qazaqstan Project Management Awards-2023» ұлттық байқауының «Үздік» жоба номинациясы бойынша күміс жүлдегер атанды.
«Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік басқаруды автоматтандырудың тиімділігі мен сапалылығын, әрі автоматтандырылған мемлекеттік қызметтерді ұсыну үдерісін арттыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырушы және үйлестіруші функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме, кызметінің негізгі мәні - облыс әкімдігінің ақпараттық инфрақұрылымын дамыту болып табылады.
Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты - мемлекеттік басқаруды тиімді автоматтандыру және автоматтандырылған мемлекеттік қызметтерді ұсыну үдерісінің тиімділігі мен сапалылығын арттыру, Алматы облысының аумағында ақпараттық жүйелерді құрастыру (енгізу, жүргізу, дамыту), заманауи компьютерлік техника негізінде салааралық ақпаратты жинау, өңдеу, ұсыну және сақтау жүйесін ұйымдастыру жолымен, ақпараттық -коммуникациялық күйдегі және басқару шешімді қабылдауға ақпараттық қолдау.
2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері
Аудит нәтижелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады:
Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 1 206 546,0 мың теңгеге жұмсалған бюджет қаражаты қамтылды және жалпы сомасы 3 628,0 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:
- 3 628,0 мың теңге бюджет қаражаты мен активтерді пайдалану кезіндегі бұзушылықтар (оның 2 504,7 мың теңгесі өтелуге, 1 123,3 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады).
Осымен бірге 11 999,9 мың теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану және 5 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Анықталған бұзушылықтардың жеке мекемелер бойынша сипаттамасы:
1. «Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі:
1 тармақ: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 Қаулысының 2-тарауы 6-тармағы талаптарының сақталмай, атап айтқанда 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №62 бұйрыққа сәйкес 2022 жылғы желтоқсанда Ш.М. Мұратжанов Райымбек және Жамбыл аудандарына 21-23 желтоқсан аралығында іссапарға жіберілгені анықталды, алайда іссапар туралы есеп берілмеген.
2 тармақ. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 43-бабы 22-тармағының талаптары сақталмай, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету тауарларын қабылдау актісі 14 желтоқсанда - күнтізбелік он бес күннен кем жүзеге асырылғаны анықталды.
3 тармақ. 001 «Жергілікті деңгейде ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және облыстың жобалық басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша мекеме 22.08.2022ж. № 16 ұялы байланыс операторларының базалық станцияларынан 1000,0 мың теңге сомаға сәулелену табиғатын түсіндіру бойынша бейнеролик дайындау бойынша жұмыстар;
Шарттың 1-қосымшасына сәйкес «Тукеева Дана Сәкенқызы» ЖК 2022 жылғы 3 қазанда шарт жасалғаннан кейін 40 күнтізбелік күн ішінде міндеттемелерін орындап, жұмысты орындауы тиіс еді, шарт 22.08.2022 жылы жасалды, яғни орындалған жұмыстардың актісі 03.10.2022 жылы, орындалған жұмыстардың актісі 27.10.2022 жылы ұсынылуы тиіс еді.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 24-тармағында көзделген орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде 25,0 мың теңге (1000,0 * 25) мөлшерінде тұрақсыздық айыбы есептелмеген.
4 тармақ. Заңның 12-бабы 4-тармағының талаптары орындалмай, мекеме «Төкеева Дана Сәкенқызы» ЖШС-ні онымен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны үшін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінген жоқ.
2. «Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1 тармақ. №1193 қаулыға 18-қосымшаның 5-тармағын бұза отырып, аудиттелетін кезеңде мекеме қызметкерлерге лауазымдық жалақысының 100%-ы мөлшерінде қоса атқарғаны үшін қосымша ақы белгіленген, ал аталған қаулымен қосымша ақы қызметкердің өзінің лауазымдық жалақысының 50%-ға дейінгі мөлшерінде белгіленуі тиіс, осылайша 10 қызметкерге жалақының артық төленуінің жалпы сомасы 855,4 мың теңгені құрады.
2 тармақ. Сондай-ақ, №1193 қаулыға 18-қосымшаның 5-тармағын бұза отырып, аудиттелетін кезеңде мекеме басшыға және басшының орынбасарларына қызмет көрсету аймағын кеңейту үшін лауазымдық жалақысының 100% мөлшерінде қосымша ақы төледі, ал аталған қосымша ақы басшылар мен олардың орынбасарларына қолданылмайды, осылайша басшының және басшының орынбасарларының жалақысынан артық ақы төлеу жалпы сомасы 768,0 мың теңгені құрады.
3 тармақ. Еңбек Кодексінің 36-бабының 1-тармағын және 107-бабының 3-тармағын және 2022 жылғы 21 қарашадағы № 162ж-к бұйрығын бұза отырып, инспектор А. Кабдолдаеваға 2022 жылғы 17 желтоқсандағы № 71н-к бұйрығының негізінде тиісті мекемеде бір айдан аз мерзім жұмыс істеген және сынақ кезеңінде 376,4 мың теңге мөлшерінде сыйақы негізсіз төленді.
4 тармақ. Еңбек кодексінің 14-тарауының 1-бабы 1-тармағының 79) тармақшасын, 156-бабының 3) тармағын және 11) тармағын бұза отырып, мекеме жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында ұжымдық шарт жасаспаған және мониторинг үшін еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға тараптар қол қойған ұжымдық шартты ұсынбаған.
5 тармақ. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 43-бабының 24-тармағын және шарттың 7.3-тармағын бұза отырып, мекеме 23999808 теңге сомасының 0,1%-ы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын, 28.09.2022 жылдан бастап жыл 17.10.2022 жылға дейін әрбір кешіктірілген күн үшін орындалмаған міндеттемелерді өндіріп алмаған, яғни - кешіктірілген 29 күнге (23999,8 теңге * 0,1%) * 20 күн) 479 996 теңге.
6 тармақ. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 12-бабы 4-тармағының 3) тармақшасын бұза отырып, мекеме әлеуетті өнім берушінің «HTEL» ЖШС бұзу фактісі туралы өздеріне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей «HTEL» ЖШС өнім берушісін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінген жоқ.
7 тармақ. Мекеме Бюджет кодексінің 4-бабының 12) тармақшасында көзделген тиімділік жүйесін сақтамайды, бұл 11999,9 мың теңге сомаға активтерді тиімсіз пайдалану болып табылады.
8 тармақ. Мекеме № 393 Ереженің 181-тармағын, 7-тарауын бұза отырып, есепті кезеңнің соңына 22 қызметкерге пайдаланылмаған демалыс бойынша резерв - 1123,3 мың теңге сомасында есептелген, ол 3246 «Пайдаланылмаған демалыс бойынша қызметкерлер алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» бухгалтерлік шоты бойынша көрсетілген, онда резерв сомасы (міндеттемелер) қызметкерлердің жинақталған пайдаланылмаған демалыстары бойынша есепке алынады.
Ал 2022 жылы мекеме қызметкерлері бойынша демалыстың пайдаланылмаған күндері жоқ, онда демалыстың пайдаланылмаған күндері бойынша артық есептелген резерв сомасы 1123,3 мың теңгені құрады.
Осылайша, мекеме № 468 Ереженің 3-тарауының 31-тармағын бұза отырып, Бухгалтерлік баланстың (ФО-1) 218 «Қызметкерлер және өзге де есеп беретін тұлғалар алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» жолы бойынша жалпы сомасы 1123,3 мың теңгеге пайдаланылмаған демалыс күндері бойынша артық есептелген резерв сомасын көрсетті, бұл 2022 жылғы қаржылық есептілікті бұрмалауға әкеліп соққан.
2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе): _______________________________________________________
(болған жағдайда)
III. Қорытынды бөлім
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін бұзушылықтар бойынша жергілікті бюджет есебіне өтелуге жататын 2 504,7 мың теңге жергілікті бюджет есебіне толық өтелді, қаржылық есептілік бойынша қалпына келтірілуі тиіс 1 123,3 мың теңгеге 2022 жылғы қаржылық есептілік бойынша қалпына келтірулер жасалды.
Сонымен бірге «Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша мекеме басшысының 2023 жылғы 22 қарашадағы № 96н-к бұйрығымен кадрлар жөніндегі инспектор А. Жұмахановаға «ескерту» түрінде, бас бухгалтер С.Қарыбаеваға және мемлекеттік сатып алу жөніндегі инспектор Д.Есенғұловаға «сөгіс» түрінде тәртіптік жазалар жарияланды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидаларының талаптары сақталмауы бойынша Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 238 бабына сәйкес жауапты тұлғаға әкімшілік жаза қолдануға Алматы облысы бойынша мемлекеттік ішкі аудит департаментіне 1 материал, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы талаптарын бұзулар бойынша Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 239 бабына сәйкес жауапты тұлғаларға әкімшілік жаза қолдануға Алматы облысы бойынша мемлекеттік ішкі аудит департаментіне 1 материал, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңы талаптарын бұзулар бойынша Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 207 бабына сәйкес жауапты тұлғаларға әкімшілік жаза қолдануға Алматы облысы бойынша мемлекеттік ішкі аудит департаментіне 2 материал жолданды.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қорытындылар
1. Жоғарыда көрсетілгендей, мемлекеттік аудит бойынша 1 206 546,0 мың теңге жұмсалған бюджет қаражаты қамтылды және жалпы сомасы 3 628,0 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар, осымен бірге 11 999,9 мың теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану және 5 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
2. Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV «Бюджет кодексінің», Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 23 қарашасындағы №414-V Еңбек кодексінің, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулыларының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы талаптарын сақтамау салдарынан жіберілген.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар
Тексеру комиссиясының отырысында жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелерін қарау.
3.4. Қосымша: Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (4 парақта).
Тексеру комиссиясының мүшесі Қ.Есенаманов
№1 мемлекеттік аудит бөлімінің
басшысы-мемлекеттік аудитор Н. Қалқаев
Талдау, сапаны жоспарлау және
бақылау бөлімінің басшысы
-мемлекеттік аудитор С. Елубаева
Әкімшілік-құқықтық бөлімінің
бөлімінің басшысы
-мемлекеттік аудитор А. Кұлмұхамбетова
Аудит тобының басшысы
бас маман-мемлекеттік аудитор Г. Назырова