Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Итоги государственного аудита
Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы
Категория: Итоги государственного аудита | |
Дата: 26.01.2024 | |
Просмотры: 1121 | Печать страницы |
|
|
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы
|
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы м.а. Қ.Есенамановқа
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
I. Кіріспе бөлік
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.
1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:
1. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
2. «Алматы облысының қысқы спорт түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3. «Жігер» спорттың олимпиадалық түрлері бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4. «Қарасай аудандық ұлттық және ат спорты түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5. «Балқаш ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6. «№1 Еңбекшіқазақ ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт» мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7. «№2 Еңбекшіқазақ ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8. «Қарасай ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9. «Кеген ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10. «Алматы облысының дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спортты дамыту дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11. «Жамбыл ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12. «Іле ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13. «Қарасай ауданының №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14. «Қарасай ауданы Үшқоңыр балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15. «Талғар ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16. «Талғар ауданының №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17. «Райымбек ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18. «Ұйғыр ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19. «Қонаев қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» "коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2022 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанда.
II. Негізгі (талдамалық) бөлік
2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:
«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Алматы облысы аумағында дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Мақсаттары:
1) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
3) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу.
Құқықтары:
Мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
Заңнамада белгіленген тәртіппен спорттық шараларды өткізу бойынша жұмыстарды сатып алу шартын жасау және оның орындалуын бақылау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Міндеттері:
Оперативті басқару құқығымен қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелерді және кәсіпорындарды құру, қайта құру, қайта атау және тарату бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу және олардың Жарғыларын (ережелерін) бекіту, оларға толықтырулар мен өзгерістер енгізу;
Әртүрлі спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына кіретін спортшыларды ұстау бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен облыс әкімдігіне ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
Заңнамада белгіленген тәртіппен спорттық шаралары бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
2021 жылы дене шынықтыру мен спортты дамытуға бюджеттен 21,4 млрд. теңге бөлінген. Оның ішінде жергілікті бюджеттен - 20,2 млрд. теңге, басқару аппаратын ұстауға 97,5 млн. теңге, облыстың 54 спорт мекемесін ұстауға 14,1 млрд. теңге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға 624,2 млн. теңге, спортшыларға ай сайынғы ақшалай қаражат ұстауға және облыстық деңгейде жарыстар өткізуге 412,2 млн. теңге, спорт түрлері бойынша облыстық командаларды республикалық және халықаралық жарыстарға даярлау мен қатысуға 1,6 млрд. теңге, МЖӘ (ГЧП) жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындауға 4,3 млрд. теңге, мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру үшін жан басына қаржыландыруға 192 млн. теңге. Сондай-ақ, республикалық бюджеттен - 1,3 млрд. теңге дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдарының педогогикалық және медицина қызметкерлерінің жалақысын ұлғайтуға.
2022 жылы дене шынықтыру мен спортты дамытуға бюджеттен 17,2 млрд. теңге бөлінген. Оның ішінде республикалық бюджеттен азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеуді арттыруға 1,0 млрд. теңге, басқару аппаратын ұстауға 104,2 млн. теңге, облыстың 25 спорт ұйымын ұстауға 7,6 млрд. теңге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға 267,8 млн. теңге, спортшыларды ай сайын ұстауға және облыстық деңгейде жарыстар өткізуге 235,4 млн. теңге, 1.2 млрд. теңге 1,0 млрд. теңге. республикалық және халықаралық жарыстарға спорт түрлері бойынша облыстық командаларды дайындауға және қатысуға, МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындауға 3,5 млрд. теңге, мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру үшін жан басына шаққандағы қаржыландыруға 3,3 млрд.теңге бөлінген.
Алматы облысында дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін 3856 бірлік, оның ішінде дене шынықтыру спорттық мәндегі нысандар (ДШМ) – 926, білім беру ұйымдарда (БҰ) -2661, спорт мектептерде (СМ) – 269 (оның ішінде ауылдық жерде - 2933, жеменшік – 179) спорттық құрылымдар бар.
Соның ішінде: 26 стадион, 3 спорт сарайы, 13 спорттық құрылымдар кешені, 2 құрама командалардың оқу-жаттығу орталығы, 38 спорт кешені (оның ішінде 14 дене шынықтыру-сауықтыру кешені), 1 шаңғы базасы, 248 атыс тирі, 4 атыс алаңы, 2 яхт-клуб, 1 конькимен жүгіру стадионы, 20 хоккей корты, 2309 жазықтық құрылым, 27 теннис корты, 7 ипподром, 54 бассейн, 922 спорт зал, 179 жалғасып салынған спорт залдар.
2021 жылдың наурыз айында Райымбек ауданы Нарынқол ауылында жергілікті бюджет есебінен және Балқаш ауданы Бақанас ауылында «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 180 орынға арналған ДШСК-ні салынып қолданысқа берілді. Сондай-ақ, желтоқсан айында Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында жергілікті бюджет есебінен 180 орынға арналған ДШСК-ні салынып қолданысқа берілген.
Талдықорған қаласында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде бассейні бар спорттық кешен студенттерге қолданысқа берілген. Қарасай ауданы Айтей ауылында «Самрұқ Қазына» Акционерлік Қоғам есебінен ауа тіреуіш 100 орынды спорттық кешен салынған.
2021 жылы 130 спорттық алаңдар, стритворкаут және шағын футбол алаңдары қолданысқа берілген.
Сонымен қатар 14 дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілген (Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылы, Панфилов ауданының Жаркент қаласы, Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы, Қарасай ауданы Қаскелең қаласы, Талғар ауданы Талғар қаласы, Кеген ауданы Кеген ауылы, Алакөл ауданы Үшарал қаласы, Көксу ауданының Балпық би ауылы, Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылы, Балқаш ауданының Бақанас ауылы, Райымбек ауданының Нарынқол ауылы, Қарасай ауданы Шамалған мен Райымбек ауылдарында, Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында).
2021 жылы 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені (Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы, Текелі қаласы, Қапшағай қаласы) мен 6 спорт кешенінің құрылысы (50, 60, 70, 80, 90, 100 көрермендер орындары бар (Алакөл, Панфилов (2), Райымбек (2) және Ұйғыр аудандары) және 1 стадионды қайта жаңғырту (Сарқан ауданы Сарқан қаласының Орталық стадионын қайта жаңарту) бойынша жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.
Сонымен қатар, 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы (Іле ауданы Байсерке ауылы, Қаратал ауданы Үштөбе қаласы - 2021 жылдың соңына дейін сараптаманың қорытындысын алу жоспарланған, Сарқан ауданы Сарқан қаласы - сараптаманың қорытындысын алу 2022 жылға жоспарланған), Талдыкорған қаласының Орталық стадионы реконструкциялау және Талдықорған қаласындағы индрохоккейге арналған әмбебап спорт залы, Талдықорған қаласында әлемдік стандарттарға сай көркем гимнастика және өрге өрмелеу үшін спорт кешені, Райымбек ауданы Сарыбастау ауылы спорт кешені құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленуде.
Талдықорған қаласында баскетбол, футбол, волейболға арналған әмбебап спорт залы мен Жамбыл және Сарқан аудандарында 3 спорт кешеннің (Жамбыл ауданы Қаракестек және Тарғап ауылдары, Сарқан ауданы Алмалы ауылы – 2022 жылы) құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеуге мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдер өткізілген.
Облыста бұқаралық спортты дамыту мақсатында «1000 адамға шаққанда, халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету» үлесі, 60 пайызды құраған.
Облыста дене шынықтыру және спорпен 723852 адам шұғылданған. Бұл дене шынықтыру және спортпен айналысатын облыс халқының 34,5 пайызын қамтыған.
2022 жылы 9 дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілген (Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылы, Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы, Қарасай ауданы Қаскелең қаласы, Талғар ауданы Талғар қаласы, Кеген ауданы Кеген ауылы, Балқаш ауданының Бақанас ауылы, Райымбек ауданының Нарынқол ауылы, Қарасай ауданы Шамалған мен Райымбек ауылдарында).
2022 жылы 4 спорт кешені (Райымбек ауданы Сүмбе ауылында 70 орынды және Қызылшекара ауылында 60 орынды, Ұйғыр аудандары Кіші Дихан ауылында 50 орынды, Жамбыл ауданы Қаракастек ауылы 50 орынды) құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген.
Сондай-ақ, 2022 жылы 3 спорттық нысанның құрылысына ЖСҚ әзірлеуге конкурс жарияланған. Олар:
- Қонаев қаласы Заречный және Шеңгелді ауылдарына спорт кешенін салу;
- Қарасай ауданы Шамалған ауылына спорттық мектеп-интернатын және жатақханасын салу.
Алматы облысының құрамынан Жетісу облысының бөлінуіне байланысты жаңа спорт мекемелерін ашу қажеттілігі туындаған. Осының негізінде облыста жаңа спорт мекемелерін құру бойынша жұмыстар атқарылған. Атап айтқанда:
- «Алатау» спорттың ойын түрлері бойынша клубы»;
- «Алматы облысының спортты дамыту дирекциясы»;
- «Алматы облысының ұлттықжәне ат спорты түрлерін дамыту дирекциясы»;
- «Жалаңаш ауылындағы Алматы облыстық қысқы спорт түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі».
2021 жылы облыс әкімдігінің қаулысымен аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімдеріне ведомстволық бағынысты спорт мекемелері басқарма қарамағына берілген. Ведомстволық бағынысты спорт мекемелерінің жалпы саны 54 бірлікті құраған.
(2021 жыл басынан облыс әкімдігінің қаулысымен «Алматы облысының Ату спорты түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» және «Алматы облысының волейбол бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-сі ашылған)
Жалпы облыстың аудандары мен қалаларының 45 спорт мектебінде 72 спорт түрімен 44038 спортшы шұғылданған.
2021 Облыста үш кәсіби клуб жұмыс істеген: «Олимп» регби клубы, «Жастар» спорттың ойын түрлері клубы және «Жетісу» футбол клубы; Талғар қаласындағы Ат спорты түрлері бойынша Ұлттық Орталық; 45 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі; Алакөл ауданы Лепсі ауылындағы спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернат; Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі; Талдықорған қаласындағы жоғары спорт мектебі; Олимпиадалық резервті даярлау орталығы.
Сондай-ақ, 2021 жылы «Алматы облысының бұқаралық іс-шаралар өткізу орталығы» КММ ашылған.
Келісім шарт негізінде ауылдық әкімдіктерге бекітілген 253 спорт бойынша нұсқаушылар штаттық бірлігіне ағымдағы жылы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі республикалық Жол картасының 140-тармағын іске асыру бойынша бұқаралық спортты дамыту бойынша халықпен жұмыс істеу үшін спорт нұсқаушыларының қосымша 147 штат бірлігі енгізілген. Спорт нұсқаушыларының жалпы саны 400 бірлікті құраған.
Жыл соңына дейін аудандар мен қалалар әкімдіктерінің жанынан бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталықтары ашылған.
Алматы облысында ұлттық спорт түрінен 1634 секция болған. Оларда 60034 адам спортмен жүйелі түрде шұғылданады (оның ішінде 46233 ауылды жерде), бұл облыстағы жалпы спортпен шұғылданушы халық санының 8,3 % қамтиды.
2021 жылы Облыста ұлттық спортты дамытумен 4 ұйым айналысқан:
1. Талдықорған қаласының ұлттық және ат спорты түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі (бала саны 511, 29 оқытушы-жаттықтырушы)
2. Облыстық ұлттық және ат спорт түрлері орталығы Талғар ауданы, Панфилов ауылы (бала саны 120, 13 оқытушы-жаттықтырушы)
3. Қапшағай қаласының ат спорты және қазіргі бессайыстан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі (бала саны 412, 13 оқытушы-жаттықтырушы) жұмыс істеуде.
4. Қарасай ауданында Ұлттық ат спорты мектебі (бала саны 333, 14 оқытушы-жаттықтырушы) ашылған.
Облыста ұлттық спорт түрлерінен 1 халықаралық, 7 республикалық және 30 облыстық іс-шаралар ұйымдастырылған.
2022 жылы Алматы облысында ұлттық спорт түрінен 774 секция болған. Оларда 39291 адам спортмен жүйелі түрде шұғылданған, бұл облыстағы жалпы спортпен шұғылданушы халық санының 7,4 % қамтыған.
2022 жылы облыста ұлттық спортты дамытумен 2 мекеме айналысқан:
1. Қарасай аудандық ұлттық және ат спорты түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі (бала саны 333, 14 оқытушы-жаттықтырушы).
2. Алматы облысының ұлттық және ат спорты түрлерін дамыту дирекциясы.
2021 жылы облыста мүмкіндігі шектеулі тұлғалар шұғылданатын 23 спорт түрі бойынша «Мүгедектерге арналған облыстық мамандандырылған спорт мектебі» КММ-сі жұмыс істеген.
Мүгедек спортшыларға арналған спорт түрлері бойынша айналысатын адамдар саны 3615 құраған, ол облыстағы жалпы мүгедектер санының 12% құраған.
Парапауэрлифтингтен жазғы ХVI Паралимпиада ойындарына қатысушалар: Раушан Қойшыбаева (4 орын), Рахметжан Хамаев (5 орын), Әбдіхалықова Гүлбану (7 орын) орынды иеленген.
2021 жылы тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында І,ІІ,ІІІ кезең бойынша Қазақстан Республикасының VI Спартакиадасы Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларында өткізілген.
Аталған жарысқа жалпы 17 команда 1000-нан астам спортшылар сынға түскен. Алматы облысының құрама командасы 16 спорт түрі бойынша 108 спортшы қатысқан. Жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысы 1 орынды иеленген.
2022 жылы облыста мүмкіндігі шектеулі тұлғалар шұғылданатын 23 спорт түрі бойынша Алматы облысының дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спортты дамыту дирекциясы жұмыс істейді. Дирекциядағы жалпы жаттықтырушылар саны 20, спортшылар саны 304. Облыста 62 спорт секциясында 2167 мүгедек спортшы шұғылданған.
2021 жылы Алматы облысында қысқы спорт түрлерін дамытуда Талғар қаласындағы Алматы облысының қысқы спорт түрлерінен МБЖСМ, Лепсі ауылындағы мектеп интернаты және Сарқан, Қарасай ауданының БЖСМ жұмыс атқараған.
11 қысқы спорт түрі бойынша 9336 спортшы шұғылданған.
Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасында 14 спортшы, 4 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 30 спорт шеберіне үміткер, 65 - 1-ші разрядты спортшы дайындалған.
2022 жылы Алматы облысында қысқы спорт түрлерін дамытуда «Жалаңаш ауылындағы Алматы облыстық қысқы спорт түрлерінен МБЖСМ және Талғар қаласындағы Алматы облысының қысқы спорт түрлерінен МБЖСМ, Қарасай ауданының БЖСМ жұмыс атқарады. 9 қысқы спорт түрі бойынша 1462 спортшы шұғылданған.
2021 жылы 1 еңбек сіңірген спорт шебері, 31 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 187 спорт шебері, 800 спорт шеберіне кандидат және 280 бірінші разрядты спортшы дайындалған.
2021 жылы облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда 3522 медаль (1169 алтын, 1015 күміс және 1338 қола) жеңіп алған.
2021 жылы Токиода (Жапония) өткен ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына Алматы облысының спортшылары 10 лицензияға ие болған, оның ішінде ауыр атлетикадан Зульфия Чиншанло мен Игорь Сон Олимпиаданың қола жүлдегерлері атанған.
Облыстың үздік спортшыларын ынталандыру мақсатында 269 спортшыға (59 мүгедек спортшы) 30 000 нан 300 000-ға дейінгі Алматы облысы әкімдігінің ақшалай жабдықталымы төленуде.
Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес облыс аумағында спорт түрлері бойынша спартакиадалар, турнирлер және біріншіліктер өткізілген. Жыл басынан бері облыста 7 халықаралық, 57 республикалық және 300-ге жуық облыстық жарыстар ұйымдастырылып, өткізілген. Олар:
- 7 наурыз – 24 шілде күндері аралығында Қазақстан Республикасының V жастар спорттық ойындары спорттың 36 түрінен өткен. Облыс аумағында 7 спорт түрі бойынша (грек-рим, садақ ату, ат спорты, велоспорт ВМХ, велоспорт маунтинбайк, желкенді спорт, регби) жарыстар өткен. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1 орынды – Алматы қаласы, 2 орынды – Шымкент қаласы, 3 орынды – Алматы облысы иеленген.
2021 жылғы 20-21 желтоқсан күндері Талдықорған қаласының «Салтанат сарайында» 2021 жылдың қорытындысы бойынша «Хан Тәңірі» спортшылар сыйлығын табыстау рәсімі өткен.
Спорт қызметкерлері, үздік спортшылар мен жаттықтырушылар және бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік наградалар, ақшалай сертификаттар, алғыс хаттар, құрмет грамоталармен марапатталған. Марапатталған адамдардың жалпы саны – 220.
2022 жылы облыс бойынша:
- 23 ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері;
- 111 спорт шебері;
- 586 спорт шеберіне кандидат;
- 146 бірінші разрядты спортшы дайындалған.
2022 жылы облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда 1783 (560 алтын, 512 күміс және 721 қола) жеңіп алған. Оның ішінде:
Әлем чемпионаттарында 45 медаль;
Азия чемпионаттарында 114 медаль жеңіп алды.
Үздік 116 спортшыға (26 мүгедек спортшы)облыс әкімдігінің ақшалай стипендиясы төленуде.
2022 жылы жан басына шаққандағы қаржыландыру механизмін іске асыру барысында спорттық секцияларда 16 000 баланы қамту жоспарланып, аталған мақсатқа жергілікті бюджеттен 3 млрд 309 млн 404 мың.теңге оның ішінде республикалық бюджеттен 782 002 мың тенге Алматы облысына бөлінген (жалпы екі облыс бөлінбей тұрғанда 2 млрд. 677 млн.теңге бөлінген, Жетісу облысына – 386 млн.теңге тиесілі).
Балаларды спортпен қамтуды 2022 жылға 16 000 балаға, ал 2023 жылға 20 000 балаға дейін жеткізу жоспарланған.
Операторға («Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ) өнім берушілерден 2370 өтініш келіп түсіп, оның 718 өтініші мақұлданған (футбол, шахмат, көркем гимнастика, бокс, дзюдо, қазақ күресі, пауэрлифтинг, ауыр атлетика, таеквондо, грек-рим күресі, еркін күрес, баскетбол, волейбол, жүзу, үстел теннисі, футзал (шағын футбол),спорттық гимнастика,спорттық би,гандбол, дойбы,теннис,жеңіл атлетика (қабылдай алатын бала саны – 82146), 206 кәсіпкерлер (ЖШС және ЖК) спорттық тапсырыс бойынша тіркелді.
Сонымен қатар жалпы ваучер саны 33226 құрайды, балалардың спорттық секцияға баруына 23827 ваучер (нұсқама) берілген (ваучер ата-аналардың секцияны таңдауына қарай Портал арқылы автоматты түрде беріледі), оның ішінде бүгінгі күнде 20252 бала спорттық секцияларда дайындалуда.
2022 жылы Алматы облысында «Халықтың 1000 адамға шаққандағы спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу» көрсеткіші 51,6%-ды құраған (дене шынықтыру және спорт мақсатындағы спорт залдарының жалпы алаңы, жалпы білім беру мекемелерінің спорт залдарын қоспағанда – 45132 ш.м; қажеттілік – 115237 ш.м, спорт залдарының тапшылығы – 70 105 ш.м.). Маңызды мәселелердің бірі Қонаев қаласындағы спорт залдарының жетіспеушілігі (3296 ш.м.). Қонаев қаласының спорттық инфрақұрылымын дамыту мақсатында келесі нысандарды салу қажеттігі туындаған:
1. Орталық стадион;
2. Дене шынықтыру сауықтыру кешенін;
3. Су спорты түрлеріне арналған база;
4. Көпфункуионалды спорт кешенін;
5. Ипподром;
6. Жабық жүзу бассейні;
7.Спорт алаңдар желісін кеңейту;
8. Спорттық веложолдар;
9. Спорт аллеясы;
10. Гольф алаңы.
Облыста спорт инфрақұрылыммен халықты қамтамасыз ету тапшылығы – 70 105 ш.м.-ді құраған.
2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері
«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі, ведомствалық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен 8 108 083,5 мың теңге жұмсалған бюджет қаражаты қамтылды және ведомствалық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне бақылаулар жүргізіліп, қорытындысымен Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптарын сақтамау бойынша жалпы сомасы 135 046,8 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:
- 35479,2 мың теңге қаржылық бұзушылықтар (оның 32 121,3 мың теңгесі қалпына келтірілуі тиіс, 3 066,2 мың теңгесі бюджет есебіне өндірілуі тиіс, 291,7 мың теңге түсімдер бюджетке түсуге тиіс);
- 83 323,8 мың теңге тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты;
- 16 243,8 мың теңге тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты.
Осымен қатар 12 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.
Жеке мемлекеттік мекемелер бойынша бұзушылықтардың сипаттамасы:
1. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі:
2021 жылға арналған 001-015 бюджеттік бағдарлама шығындарының ерекшеліктері бойынша үнемдеу және қаржыландырудың жеткіліксіздігінің есептері
ерекшеліктер |
4-20 есептілігі (мың теңге) |
|
||
Жыл басындағы жоспар |
қосымша өтінім |
жыл соңында нақты шығындар |
айырмашылық |
|
111 |
19155,0 |
16400 |
36347,5 |
-792,5 |
112 |
|
10000 |
35062,2 |
-25062,2 |
113 |
3255,0 |
3448 |
9229 |
-2526 |
121 |
1034,0 |
1290 |
4709,9 |
-2385,9 |
122 |
603,0 |
825 |
1351,4 |
76,6 |
124 |
383,0 |
476 |
964 |
-105 |
131 |
2234,0 |
200 |
3987,8 |
-1553,8 |
135 |
236,0 |
30 |
413,1 |
-147,1 |
136 |
|
|
689,7 |
-689,7 |
149 |
9750,0 |
12103 |
1 294,00 |
20559 |
151 |
3139,0 |
|
2435 |
704 |
152 |
1694,0 |
|
756,1 |
937,9 |
157 |
|
|
371,2 |
-371,2 |
159 |
12366,0 |
1390 |
3259,7 |
10496,3 |
161 |
6135,0 |
1400 |
6671,5 |
863,5 |
Всего |
59984,0 |
47562,0 |
107542,1 |
3,9 |
Үнемделген қаржы |
|
|
33637,3 |
|
Қаржыландырудың жеткіліксіздігі |
|
|
-33633,4 |
Жоғарыдағы кестеге сәйкес Спорт басқармасының 122, 149, 151, 152, 159, 161, ерекшеліктер бойынша 33637,3 мың теңге сомасына үнемдеу байқалады. Бұл сома бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау кезеңінде соманы көбейту есебінен қалыптастырылған.
1-Тармақ. Бюджеттік кодекстің 3-бабы 1-тармағының 12-4) тармақшасын, 4-бабы 12) тармақшасын басшылыққа алынбай, спорт басқармасы 33637,3 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағанына жол берген. 2021 жылы Спорт басқармасы 35062,2 мың теңге қаражатын қосымша сыйақы төлеп, бұл 2021 жылғы жалақы сомасының 96,4 пайызын құрайтынын айта кету керек.
2022 жылға арналған 001-015 бюджеттік бағдарлама шығындарының ерекшеліктері бойынша үнемдеу және қаржыландырудың жеткіліксіздігінің есептері
Ерекшеліктер |
4-20 есептілігі (мың теңге) |
айырмашылық |
||
Жыл басындағы жоспар |
қосымша өтінім |
жыл соңында нақты шығындар |
||
111 |
56903,0 |
0,0 |
39523,9 |
17379,1 |
112 |
9484,0 |
0,0 |
36158,6 |
-26674,6 |
113 |
9916,0 |
0,0 |
6540,9 |
3375,1 |
121 |
3505,0 |
0,0 |
5105,9 |
-1600,9 |
122 |
2091,0 |
0,0 |
1 519,70 |
571,3 |
124 |
1992,0 |
0,0 |
1537,2 |
454,8 |
131 |
2250,0 |
0,0 |
1920,8 |
329,2 |
135 |
256,0 |
0,0 |
237,8 |
18,2 |
136 |
|
|
555,0 |
-555,0 |
149 |
11100,0 |
0,0 |
1 169,30 |
9930,7 |
151 |
3287,0 |
0,0 |
691,4 |
2595,6 |
152 |
1694,0 |
0,0 |
234,9 |
1459,1 |
157 |
300,0 |
|
45,0 |
255,0 |
159 |
6048,0 |
8000,0 |
3679,2 |
10368,8 |
161 |
7101,0 |
0,0 |
4159 |
2942,0 |
169 |
0,0 |
|
540,0 |
-540,0 |
416 |
40,0 |
0,0 |
32,4 |
7,6 |
Барлығы |
115967,0 |
8000,0 |
103651,0 |
20316,0 |
Үнемделген қаржы |
|
|
49686,5 |
|
Қаржыландырудың жеткіліксіздігі |
|
|
-29370,5 |
Жоғарыдағы кестеге сәйкес Спорт басқармасының 111, 113, 122, 124, 131, 135, 149, 151, 152, 157, 159, 161, 416 ерекшеліктер бойынша 49686,5 мың теңге сомасына үнемдеу байқалады. Бұл сома бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау кезеңінде соманы көбейту есебінен қалыптастырылған.
2-Тармақ. Бюджеттік кодекстің 3-бабы 1-тармағының 12-4) тармақшасын, 4-бабы 12) тармақшасын басшылыққа алынбай, спорт басқармасы 49686,5 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағанына жол берген. 2022 жылы Спорт басқармасы 36 158,6 мың теңге қаражатын қосымша сыйақы төлеп, бұл 2022 жылғы жалақы сомасының 91,4 пайызын құрайтынын айта кету керек.
3-Тармақ. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Кодексінің 34 бабының 1-тармағындағы «Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға» жататын және бұл бағдарламалар арқылы мекеменің қызметіне байланысты барлық ағымдағы шығыстар жоспарланып, төленетіндігі ескерілмей, 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 285-001-416 бағдарлама арқылы 32,4 мың теңге күрделі сипаттағы шығындарды жоспарлап төленуіне жол берілген.
4-Тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу» туралы Қағидаларының 2-тарау, 3-тармақ, 2 тармақшасының талаптары бұзылып келесідей бұзушылықтар анықталды.
Мекеменің 2022 жылғы 09 маусымдағы №74 б-ж/қ бұйрығы негізінде мекеменің бас мамандары Б.Тұрлыбеков және А.Асқаров триатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионатының ұйымдастыру жұмыстарына қатысу үшін 09-13 маусым күндері Алакөл ауданы, Ақши ауылына жіберілген. 2022 жылдың маусым айында Б.Тұрлыбековке 11,5 мың теңге, А.Асқаровқа 11,5 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары барлығы 23,0 мың теңге артық есептеліп төленген;
Мекеменің 2022 жылғы 09 қыркүйектегі №105 б-ж/қ бұйрығы негізінде мекеменің бөлім басшысы Б.Тұрлыбеков және бас мамандар А.Нұрлыбекова, Н.Медерова алқа мәжілісін ұйымдастырып, өткізу үшін 09-10 қыркүйек күндері Қарасай ауданы, Шамалған ауылына жіберілген. 2022 жылдың қыркүйек айында Б.Тұрлыбековке 2,9 мың теңге, А.Нұрлыбековаға 2,9 мың теңге, Н.Медероваға 2,9 мың теңге, тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары барлығы 8,7 мың теңге артық есептеліп төленген;
Мекеменің 2022 жылғы 09 қыркүйектегі №157-і бұйрығы негізінде мекеменің іс жүргізуші жөніндегі инспекторы А.Даулеталиева триатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионатының ұйымдастыру жұмыстарына көмектесу үшін 09-12 маусым күндері Алакөл ауданы, Ақши ауылына жіберілген. 2022 жылдың маусым айында А.Даулеталиеваға 8,6 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары артық есептеліп төленген;
Мекеменің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі №108 ж/қ бұйрығы негізінде мекеменің бөлім басшысы Б.Тұрлыбеков қазіргі бессайыстан ересектер мен жасөспірімдер арасында Азия Чемпионаты өтуіне байланысты 15-18 қыркүйек күндері Талғар ауданы, Рысқұлов ауылына жіберілген. 2022 жылдың қыркүйек айында Б.Тұрлыбековке 8,6 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары артық есептеліп төленген;
Мекеменің 2022 жылғы 18 қазандағы №117 б-ж/қ және 2022 жылдың 19 қазандағы №118 б-ж/қ бұйрықтары негізінде мекеменің бөлім басшысы Р.Шахарбек және бас мамандар А.Қалибек, Д.Базарбаев, Ж.Ахаев Алматы облысы бойынша «Көкпар» спортынан жарыстар өткізілуіне байланысты ұйымдастырушылық жұмыстарын атқару үшін 19-20 қазан күндері Кеген ауданы, Қарқара ауылына жіберілген. 2022 жылдың қыркүйек айында Н.Шахарбекке 2,9 мың теңге, А.Қалибекке 2,9 мың теңге, Д.Базарбаевқа 2,9 мың теңге, Ж.Ахаевқа 2,9 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары, барлығы 11,6 мың теңге артық есептеліп төленген;
Мекеменің 2022 жылғы 02 қарашадағы №122 б-ж/қ бұйрығы негізінде мекеменің бөлім басшысы Б.Тұрлыбеков және бас маман А.Қалибек бокстан 2009-2010 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында «USHQONYR Кубогы» Республикалық турнирін ұйымдастырып, өткізу мақсатында 02-06 қараша күндері Қарасай ауданы, Шамалған ауылына жіберілген. 2022 жылдың қараша айында Б.Тұрлыбековке 11,5 мың теңге, А.Қалибекке 11,5 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары барлығы 23,0 мың теңге артық есептеліп төленген;
Мекеменің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №138 б-ж/қ бұйрығы негізінде мекеменің бөлім басшысы Р.Шахарбек КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 2 дүркін әлем чемпионы, Еуропа чемпионы Шәміл Серіковты еске алуға арналған жастар арасында грек-рим күресінен Еуразиялық турнирін ұйымдастырып, өткізу үшін 16-18 желтоқсан күндері Қарасай ауданы, Шамалған ауылына жіберілген. 2022 жылдың желтоқсан айында Р.Шахарбекке 5,7 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары артық есептеліп төленген;
Мекеменің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №139 б-ж/қ бұйрығы негізінде мекеменің бас маман м.а. А.Нұрланұлы КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 2 дүркін әлем чемпионы, Еуропа чемпионы Шәміл Серіковты еске алуға арналған жастар арасында грек-рим күресінен Еуразиялық турнирін ұйымдастырып, өткізу үшін 15-18 желтоқсан күндері Қарасай ауданы, Шамалған ауылына жіберілген. 2022 жылдың желтоқсан айында А.Нұрланұлына 8,6 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары артық есептеліп төленген;
Мекеменің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №140 б-ж/қ бұйрығы негізінде мекеменің бөлім басшысы Б.Тұрлыбеков КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 2 дүркін әлем чемпионы, Еуропа чемпионы Шәміл Серіковты еске алуға арналған жастар арасында грек-рим күресінен Еуразиялық турнирін ұйымдастырып, өткізу үшін 15-16 желтоқсан күндері Қарасай ауданы, Шамалған ауылына жіберілген. 2022 жылдың желтоқсан айында Б.Тұрлыбековке 2,9 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары артық есептеліп төленген;
2022 жылы барлығы 100,6 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары артық есептеліп төленген. Аудит барсысында анықталған 100,6 мың теңге бюджет есебіне қайтарылған.
5-Тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу» туралы Қағидаларының 2-тарау, 3-тармақ, 3 тармақшасының талаптары бұзылып, келесі қызметкерлерге ерекше, шұғыл жағдайлар болмағанына қарамастан әуе көлігімен ұшуға жол берілгені анықталды;
2021 жылы:
Мекеменің 2021 жылғы 13 шілдедегі №86 б-ж/қ бұйрығы негізінде мекеменің бас маманы Ж.Ахаев мемлекеттік-жекешелік әріптестік оқу семинарына қатысу үшін 14-17 шілде күндері Нұр-Сұлтан қаласына жіберілген. 2021 жылдың шілде айында Ж.Ахаевқа жол жүру шығындары 28,8 мың теңге артық есептеліп төленген;
Мекеменің 2021 жылғы 10 қыркүйегінде №109 б-ж/қ бұйрығы негізінде мекеменің бас маманы Ж.Ахаев ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәжілісіне қатысу үшін 12-13 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласына жіберілген. 2021 жылдың қыркүйек айында Ж.Ахаевқа жол жүру шығындары 35,4 мың теңге артық есептеліп төленген;
Мекеменің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №161 б-ж/қ бұйрығы негізінде мекеменің бөлім басшысы С.Сарқытов Ел спортының үздіктерін марапаттау рәсіміне қатысу үшін 14-15 желтоқсан күндері Нұр-Сұлтан қаласына жіберілген. 2021 жылдың желтоқсан айында С.Сарқытовқа жол жүру шығындары 37,5 мың теңге артық есептеліп төленген;
2022 жылы:
Мекеменің 2022 жылғы 17 ақпандағы №13 б-ж/қ бұйрығы негізінде мекеменің бас маманы Д.Базарбаев «Мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың негізгі аспектілері» тақырыбында семинар кеңеске қатысу үшін 18-19 ақпан күндері Нұр-Сұлтан қаласына жіберілген. 2022 жылдың ақпан айында Д.Базарбаевқа жол жүру шығындары 42,5 мың теңге артық есептеліп төленген;
Мекеменің 2022 жылғы 18 ақпандағы №15 б-ж/қ бұйрығы негізінде мекеменің бас маманы Ж.Ахаев Мемлекеттік спорттық тапсырыс жүзеге асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерге түзету енгізу бойынша жұмыс тобына қатысу үшін 20-23 ақпан күндері Нұр-Сұлтан қаласына жіберілген. 2022 жылдың ақпан айында Ж.Ахаевқа жол жүру шығындары 47,1 мың теңге артық есептеліп төленген;
Мекеменің 2022 жылғы 06 сәуірдегі №33 б-ж/қ бұйрығы негізінде мекеменің бас мамандары Д.Байзақов және Б.Тұрлыбеков ҚР Мәдениет және спорт министрі Д.Абаевтың төрағалығымен өтетін дене шынықтыру және спорт саласының өзекті мәселелері туралы көшпелі жиналысына қатысу үшін 07-08 сәуір күндері Қарағанды қаласына жіберілген. 2022 жылдың сәуір айында Д.Байзақовқа 19,8 мың теңге, Б.Тұрлыбековке 19,8 мың теңге, барлығы 39,6 мың теңге жол жүру шығындары артық есептеліп төленген;
Мекеменің 2022 жылғы 09 маусымдағы №75 б-ж/қ бұйрығы негізінде мекеменің бөлім басшысы Р.Шахарбек ҚР VII Халық ойындарында Алматы облысының құрама командасына жетекшілік ету үшін 14-26 маусым күндері Қостанай қаласына жіберілген. 2022 жылдың шілде айында Р.Шахарбекке жол жүру шығындары 60,4 мың теңге артық есептеліп төленген;
Мекеменің 2022 жылғы 03 қазандағы №111 б-ж/қ бұйрығы негізінде мекеменің бас мамандары Ж.Ахаев және Д.Базарбаев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жүзеге асыру тетігін жетілдіру мақсатында ағымдағы жылғы 2 қазаннан бастап күшіне енетін бұйрықтарға енгізілген өзгерістерді талқылау және түсіндіру мақсатында жұмыс тобының отырысына қатысу үшін 04-06 қазан күндері Астана қаласына жіберілген. 2022 жылдың қазан айында Ж.Ахаевқа 38,6 мың теңге, Д.Базарбаевқа 38,6 мың теңге, барлығы 77,2 мың теңге жол жүру шығындары артық есептеліп төленген;
Мекеменің 2022 жылғы 23 қарашадағы №130 б-ж/қ бұйрығы негізінде мекеменің бөлім басшысы Р.Шахарбек ҚР дене шынықтыру және спортты дамыту туралы ведомствалық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (1 ФК) бойынша есебін кестеге сәйкес тапсыру үшін 27 қарашадан 02 желтоқсан күндері Астана қаласына жіберілген. 2022 жылдың қараша, желтоқсан айларында Р.Шахарбекке жол жүру шығындары 20,7 мың теңге артық есептеліп төленген;
Мекеменің 2022 жылғы 14 қарашадағы №124 б-ж/қ бұйрығы негізінде мекеменің бөлім басшысы Б.Тұрлыбеков 2024 Франция Париж қаласында өтетін XXXI жазғы Олимпиада ойындарына спорт түрлерінен ұлттық құрама команда спортшыларының сапалы дайындығы мен нәтижелі өнер көрсетуін қамтамасыз ету мақсатында 15 қараша күні Астана қаласына жіберілген. 2022 жылдың қараша айында Б.Тұрлыбековка жол жүру шығындары 20,9 мың теңге артық есептеліп төленген;
2021-2022 жылдары барлығы 410,0 мың теңге жол жүру шығындары негізсіз артық есептеліп төленген.
6-Тармақ. Мемлекеттік аудит барысында 2021 жылы сатып алынған негізгі құралдардың анықтығын растау мақсатында бақылау өлшемі (тексеріп қарау) жүзеге асыру кезінде 599,8 мың теңгеге сатып алынған ноутбук қолданылмай қорабында сақталып тұрғаны анықталды.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабының 1-тармағы, 12-4) тармақшасының талабы сақталмай, мекеме сатып алынған активті тиімсіз пайдаланған.
7-Тармақ. Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 25 мамырдағы «Орталық, жергілікті мемлекеттік органдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» №108 өкімінің 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге 3 жыл мерзімге кеңсе жиһазын сатып алуға тыйым салынған. Алайда жоғарыда көрсетілген өкім талаптарын бұза отырып, 005 бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатқа мекемемен 2 келісім-шарт негізінде жалпы сомасы 154,0 мың теңгеге 4 дана кресло сатып алынған.
Яғни, мекеме үнемдеу режимін сақтамаған және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексінің 4 - бабының 9-тармағы-негізділік қағидаты бұзылып, нәтижесінде 154,0 мың теңге сомасында бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкеп соққан.
2. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының қысқы спорт түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1-Тармақ: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» (өзгертулер мен қосымшалармен) қаулысының қағидасының 2 тармағының талаптары сақталмай 2021 жылдың 22 ақпанындағы № 2851029/21-76 төлем тапсырмасымен мекеме басшысы К.Нурбаевқа іс сапар шығындарына 24 868 теңге, мекеме жүргізуші М.Агедиловқа 23 368 теңге, басшының шаруашылық жүргізу жөніндегі орынбасары Н.Имангожаевқа 23 368 теңге және 2021 жылдың 24 ақпанындағы №2851029/21-81 төлем тапсырмасымен жаттықтырушы В.Клепиковқа 23 368 теңге төленген, алайда аудит барысында іс сапарға шығуына негіз болатын мекеме басшысының бұйрығы шығарылмағаны анықталды, яғни іс-сапар шығындарына төленген 94 972 теңге негізсіз болып табылады. Мемлекеттік аудит барысында негізсіз төленген 94 972 теңге бюджет есебіне өтелген.
3. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жігер» Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша мамандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1-Тармақ. Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ММ-сінің 2022 жылғы 13 қазандағы № 253 бұйрығына сәйкес, мекеме 2022 жылғы 25 қазандағы № 45ж/қ ішкі бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы күніне орай қызметкерлерге бір жалақы мөлшерде сыйақы берілген.
Мекеменің қызметкерлері жаттықтырушы-оқытушы, Е.Жұмашев, және А.Пирмаханов мекеме басшының 2022 жылдың 26 тамызындағы №149ж-ң, және 2022 жылдың 23 тамызындағы №134 ж-ң, 2022 жылдың 01 қыркүйегінен бастап 1,0 еңбек жүктемесімен әр қайсысы бокс жаттыктырушы - оқутышы болып жүмысқа қабылдау туралы бұйрығымен жұмыс орнына қабылданған.
Алайда 2022 жылдың 01 қыркүйегіндегі мекеменің «Еңбек шартының» 1.8 тармағы бойынша «қызметкерлердің жұмысқа лайықтылығын тексеру мақсатында оған 3 ай сынақ мерзімі белгіленді». «Ұжымдық шартының» 7.4 тармағының 7.4.10. тармақшасы бойынша (қызметкерге сынақ мерзімін өту кезеңінде сыйлықақы берілмейді) деп белгіленген, жоғарыдағы қағидалары сақталмай аталған қызметкерлерге, Е.Жумашев - 59287 тенге, А.Пирмаханов – 66 155 тенге, жалпы сомасы – 125 442 тенге сый ақы берілгені анықталды.
Мемлекеттік аудит барысында негізсіз төленген 125 442 теңге бюджет есебіне өтелген.
4. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай аудандық ұлттық және ат спорты түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ-1. Шарттың 1-қосымшасына сәйкес GSM Service міндеттемелерді орындауға және жұмыстарды 2022 жылғы шілдеде орындауға тиіс болды, шарт 12.07.2021 жылы жасалды, орындалған жұмыстар актісі 31.08.2021 жылы ұсынылды. Қазақстан Республикасы Заңының «Мемлекеттік сатып алу туралы» 43-бабының 24-тармағында көзделген орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде 4,5 мың теңге (147,8*31) мөлшерінде тұрақсыздық айыбы есептелмеген.
Тармақ-2. Заңның 12-бабы 4-тармағының 3-тармақшасының талаптары орындалмады, мекеме GSM Service-ті мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны үшін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінген жоқ.
Тармақ-3. Қазақстан Республикасы Заңының «Мемлекеттік сатып алу туралы» 43 бабы 22-тармағының талаптары сақталмағаны, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, 2022.12.22 № 57,56, 55; 23.12. 2022 ж. № 59, 58; 29.12.2022 ж. № 53 жасалған шарттар бойынша қызметтер көрсету тауарларын беру актісі-күнтізбелік он бес күннен кем екені анықталған.
5. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Балқаш ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
- 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша перделер, киімдер, банерлер, Полиграфиялық қызметтер бойынша жұмыстар, мекемеге дезинфекция бойынша жұмыстар, 12 келісім жасалынып 4117,0 мың теңгеге қызмет көсрсетушілер өзге де қызметтер мен жұмыстар сатып алынып келісімдел белгіленген мерзімде жеткізілген. Алайда, Мекеме полиграфиялық қызметтер оның ішінде ручка, блокноттар алуға ЖК «GALAXY» атынан Абдухаликова Эльвира Исмуратовнамен 2022 жылдың 28 қыркүйегінде №53 келісім шарты жасалынып, қолқойған сәттен 15 күн ішіндегі мерзім болып белгіленген. Тауарлар 2022 жылдың 09 желтоқсанында 58 күнге кешігіп жеткізілген.
Тармақ-1. Мемлекеттiк сатып алу Заңының 43 бабының 24 тармағының және негізгі келісім шарттың 7.3 тармақтарына сәйкес Қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс. Яғни 15,7 мың теңге (270000*0,1%*58 күн =15660 теңге) аталған сомма аудит барысында 2023 жылдың 7 желтоқсанда жергілікті бюджет 206109 кодына №0012 түбіртекпен өңдірілген.
Тармақ-2. Сонымен қатар, Тапсырыс беруші тарапынан жоғарыда аталған келісім-шарттар бойынша тиісті Мердігерлерге қатысты Мемлекеттiк сатып алу Заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес шаралар қолданбаған, «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Балқаш ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осындай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
Тармақ-3. Мекеме тарапынан 2022 жылға табысталған қаржылық есептіліктін 114 жолы негізгі құралдар бөлігінде жыл кезенінің басына 13457422,81 теңге белгіленген жыл кезенінің аяғына 3661727,15 теңге белгіленген. Мекеме тарапынан негізгі құралдарға шығысталу жүргізілмеген. Мекеменің бухгалтері қаржылық есепті өткіу кезінде 10350000 теңге авто көліктің құны есептілікке енгізбеген. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ережесінің 9 тарауының 236 тармағы Негiзгi құралдар: 238 тармақ негізгі құралдар ретінде мемлекеттік мекеме үшін оларды қолдану тікелей экономикалық пайда әкелмейтін, бірақ басқа объектілерді (қоршаған ортаның қауіпсіздігі мен қорғауын қамтамасыз ету үшін сатып алынатын негізгі құралдар) қолданудан пайда алу үшін қажет объектілер танылады және 243 тармағы негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі дұрыс құжатты ресімдеуді және мемлекеттік мекеме ішінде олардың ауысуының түсімі мен шығуын есепке алу тіркелімдерінде уақытылы көрсетуді, сондай-ақ әрбір объектінің (заттың, жиынтықтың) сақталуы мен дұрыс қолданылуын бақылауды қамтамасыз етуі тиістігіне қайшы келеді. 2023 жылдың 7 желтоқсандағы мекеме директоры Х.Сембаевтың №164 бұйрығымен жіберілген кемшіліктер аудит барысында қалпына келтірілген.
6. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «№1 Еңбекшіқазақ ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт» мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1-тармақ. Қазақстан Республикасы дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 бұйрығымен бекітілген «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру және айыру, төсбелгілерді беру, сондай-ақ олардың сипаттамасы» 25-тармағының 2-тарауын бұза отырып, мекеменің жаттықтырушы-оқытушысы К.Р.Аюповқа 2022 жылғы тамыз және қыркүйек айларында жыл ішінде В3-3 санаты бойынша негізсіз жалақы төленген, алайда В3-4 санаты бойынша төлеу керек еді. 2022 жылдың тамыз, қыркүйек айларында артық төлем сомасы 57,2 мың теңгені құраған.
2-тармақ. Мекеме басшысының 14.12.2022 жылғы № 53 бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу» қағидаларының 4-тармақ, 1-тармақшасын бұза отырып, кадрлар бөлімінің нұсқаушысы З. Т. Шагирова, 2022 жылдың желтоқсанында оның ескерту түрінде тәртіптік жазасы бола тұра жалпы сомасы 40,0 мың теңгеге сыйлықақы негізсіз төленді. Бұл сома бюджетке өтелуге жатады.
3-тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.05.2020 ж. №256 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы» Ереженің 3-тармағының 2-тармақшасын бұза отырып және «Еңбекшіқазақ ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №35-ӨК бұйрығымен мекеменің жаттықтырушы-оқытушысы Б.Әнуарбековке 2022 жылғы қазанда тәуліктік (тамақтану) бойынша іссапар шығыстары 40,0 мың теңге сомасында негізсіз төленген. Мемлекеттік аудит барысында негізсіз төленген 137,2 мың теңге бюджет есебіне өтелген.
7. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Еңбекшіқазақ ауданының №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Тармақ-1. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-ің 2021 жылғы 02 тамыздағы №92 ж/қ бұйрығына сәйкес, «Еңбекшіқазақ ауданының №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-ң директоры Е.Кайыпжановтың 2021 жылы 05 тамыздағы бұйрығына сәйкес, КММ-ң 11 қызметкерлеріне сыйақы ретінде қаражаттар берілген, аталған бұйрықта мекеменің әдіскері Ахметов Самат Әлиұлы бұйрықтың тізімінде болмасада 2021 жылдың қыркүйек айында 16211 тенге сыйақы негізсіз төленгені анықталды.
Бұл Қазақстан Республикасыны 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ. Еңбек Кодексінің 107-бап. 3 тармағының Еңбекке ақы төлеу жүйесі сәйкес (Жұмыс беруші жұмыскерлердің өндіріс тиімділігі мен орындалатын жұмыстардың сапасын жоғарылатуға мүдделілігін арттыруды күшейту үшін ұжымдық шарт талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде айқындалған сыйлықақы беру жүйелерін және еңбекті ынталандырудың басқа да нысандарын енгізе алады) қайшы келеді. Мемлекеттік аудит барысында негізсіз төленген 16211 теңге бюджет есебіне өтелген.
Тармақ-2. Еңбек ақыдан ұсталатын жеке тұлға табыс салығы бойынша 2021 жыл 4- тоқсанының қазан айында 49247 тенге, қараша айында 204794 тенге, желтоқсан айында 37649 тенге, жалпы соммасы 291 690 тенге салық декларациясында кем тапсырылған және бюджетке төленбегені анықталды. Бұл ҚР 2017 жылғы №120-VI)РЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексінің 350-351-355 бабына қайшы келеді.
8. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1-тармақ: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсан 2015 жылғы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін бекіту туралы» қаулысының 18 қосымшасы 5 тармағы толықтай орындалмай директордың шаруашылық жөніндегі орынбасарлары өздерінің негізгі лауазымынан қоса атқарған 0,5 бірлік техник қызметіне негізсіз еңбек ақы төленген,оның ішінде 2021 жылы Ж.Айнабековқа 26,3 мың теңге, Қ.Қоныратбайға 44,0 мың теңге төленген.
Сол сияқты, 2022 жылы Қ.Қоныратбайға 161,4 мың теңге, Е.Садвақасовқа 83,1 мың теңге негізсіз төленген, жалпы төленген 314,8 мың теңге еңбек ақы бюджет есебіне қайтарылуы жатады. Мемлекеттік аудит барысында негізсіз төленген 314,8 мың теңге бюджет есебіне өтелген.
2-Тармақ: 2022 жылдың бухгалтерлік балансында есепті кезеңнің басында 019 жолында басқада қысқа мерзімді дебиторлық қарыз ретінде 10,5 мың теңге, 215 жолында кысқа мерзімді кредиторлық қарыз ретінде 125,2 мың теңге көрсетілмей 01.08.2017 жылғы №468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілікті жасау мен ұсынудың нысандары мен қағидаларын бекіту туралы» 20,24 - тармақтарының талаптарының сақталмауынан орын алған.
9. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Кеген ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Тармақ-1. Тапсырыс беруші «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Кеген ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Өнім беруші Жеке кәсіпкер Чико басшысы А.Рахимбекова ЖСН 920114400573 арасында ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы заңына сәйкес Бағалы ұсыныстарға сұраным мемлекттік сатып алудың қортындысы негізінде 2800,0 мың теңгеге шаруашылық заттар сатып алуға 08.09.2021 жылы №33 келісім шартқа отырған. Өнім берушімен шарт күшіне енген күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде тауарды жеткізу мерзімі 29.09.2021 жылы деп айқындалған. Осы шарт Қазынашылық органдарында 08.09.2021 ж тіркелген. Тауарды №30 жеткізу актісі ретінде 09.10.2021 ж. 9 күнге кешіктіріліп жеткізілген.
Тапсырыс беруші шарттың 8.3-тармағы мен "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңының 43-бабының 24-тармағына сәйкес кезінде жұмыстарды орындау мерзімдерін кешіктіргені үшін (өткен әрбір күн үшін тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасының 0,1% - ы, бірақ шарт сомасының 10% - нан аспайтын аралық есептелген) тұрақсыздық айыбы 9 күн ішінде 25,2 мың теңгені өнім беруші Чико ЖК-дан шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын есептемеген және тұрақсыздық айыбын өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдағанбаған. Аудит барысында бюджетке өнділілген.
Тармақ-2. Тапсырыс беруші «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Кеген ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Өнім беруші жеке кәсіпкер Чико басшысы А.Рахимбекова арасында ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы заңына сәйкес Бағалы ұсыныстарға сұраным мемлекттік сатып алудың қортындысы негізінде 2800,0 мың теңгеге шаруашылық заттар сатып алуға 08.09.2021 жылы №33 келісім шартқа отырған. Өнім берушімен шарт күшіне енген күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде тауарды жеткізу мерзімі 29.09.2021 жылы деп айқындалған. Осы шарт Қазынашылық органдарында 08.09.2021 ж тіркелген. Тауарды №30 жеткізу актісі ретінде 09.10.2021 ж. 9 күнге кешіктіріп жеткізілген.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 12-бабының 4-тармағын бұза отырып, «Чико» ЖК-н Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінбеген.
10. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спортты дамыту дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1 – Тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 107- бабының 3- тармағына сәйкес жұмыс беруші жұмыскерлердің өндіріс тиімділігі мен орындалатын жұмыстардың сапасын жоғарылатуға мүдделілігін арттыруды күшейту үшін ұжымдық шарт талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде айқындалған сыйлықақы беру жүйелерін және еңбекті ынталандырудың басқа да нысандарын енгізе алады.
Сонымен қатар, аталған Кодекстің 36-бабының 1-тармағының негізінде «Алматы облысының дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спортты дамыту дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2022 жылдың 01 қарашасындағы №34 бұйрығымен Шырайлым Серікқызы Орысбаева кадр бөлімі лауазымына 3 ай сынақ мерзімімен 2022 жылдың 01 қарашасынан бастап жұмысқа қабылданған.
Аудит барысында Шырайлым Серікқызы Орысбаеваға сынақ мерзімі аяқталмай, барлығы 145 426 теңге көлемінде сый ақы төленгені анықталды. Аталған сома негізсіз төленген болып табылады және тиісті бюджет есебіне қайтарылуға жатады. Мемлекеттік аудит барысында негізсіз төленген 145 426 теңге бюджет есебіне өтелген.
11. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1 – Тармақ. Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығының 3 тарау 25 тармағының талабы сақталмай 2021 жылдың 01 қаңтарындағы қаржылық есептілігінің ҚЕ-1 нысаны бойынша, ұсынылған құжаттарға сәйкес, яғни жеткізушілермен салыстыру актілеріне көрсетілген мәліметке сәйкес, есепті кезеңнің басында бухгалтерлік балансында мекеменің жеткізушілерге аударылған қаражат бойынша 65 750 теңге сомасына дебиторлық қарыздар көрсетілмеген. Соның салдарынан бұл бұзушылық қаржылық есептіліктің бұрмалануына соқтырған.
12. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Іле ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1 тармақ. Аудитке ұсынылған бюджеттік өтініміне (қосымшаларымен) сәйкес Мекемеге қажетті дәрі-дәрмектер алуға 2022 жылдың басында 006 «Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен 142 «Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды сатып алу» ерекшелігіне 115,0 мың теңге бөлінген.
Аудитпен қамтылған мерзімдегі Мекемемен жүргізілген төлемдерге қатысты құжаттарды, өткізілген сатып алуларды тексеру барысында аталған ерекшелікке қаралған қаражаттарға тиісті сатып алулар жүргізілмей, қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер енгізу арқылы 2022 жылдың желтоқсан айында бөлінген қаражаттар толығымен өз мақсатында, немесе дәрі-дәрмектерге жұмсалынбай, 112 «Қосымша ақшалай төлемдер» ерекшелігіне жылжытылып, қызметкерлерге сыйақы ретінде аударылып төленген.
Ал, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеу туралы» бірыңғай Ережесінің 13-тармағына сәйкес, сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу шығыстардың мынадай түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады.
Демек, қызметкерлерге сый ақы ретінде жоғарыда аталған қаражаттарды төлеу негізсіз болып табылады және тиісті тұлғалардан жергілікті бюджет есебіне қайтарылуға жатады. Аудит барысында негізсіз төленген қаражаттар жергілікті бюджет есебіне өтелген.
13. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай ауданының №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
«Тапсырыс беруші» мекемемен «Өнім беруші» «Kairat Construction» ЖШС арасында тұрғын үйлерді ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша 2021 жылдың 20 шілдесінде жалпы сомасы 15 568,9 мың теңгеге №640140000025/210044/00 келісім шарт жасалған. «Өнім беруші» «Kairat Construction» ЖШС шарт талаптары бойынша жұмыстарды орындау мерзімі келісім шартқа қол қойылған күннен бастап 2 (екі) ай болып міндеттелген. Алайда, орындалған жұмыстардың бекітілген актісіне сәйкес «Kairat Construction» ЖШС жұмысты 10 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындаған.
1-тармақ. Осылайша, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43 бабының 24 тармағы және 2021 жылдың 20 шілдедегі келісім шарттың 8.3. тармақтары басшылыққа алынбай, мекеме жоғарыда аталған келісім шарт бойынша 155,7 мың теңге (15 568,9*0,1*10) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алу қамтамасыз етілмеген. Аудит барысында 2023 жылдың 7 желтоқсанда №590 төлем тапсырмасымен 155,7 мың теңге бюджет есебіне қайтарылған.
2-тармақ. Сонымен қатар, Мемлекеттік сатып алу заңнының 12 бабы 4 тармағының 3) тармақшасы басшылыққа алынбай, мекеме сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, өнім беруші «Kairat Construction» ЖШС-ті мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеген.
«Тапсырыс беруші» мекемемен «Өнім беруші» «Ali-Max.kz» ЖШС арасында футбол добын жеткізу бойынша 2021 жылдың 29 наурызында жалпы сомасы 283,9 мың теңгеге №640140000025/210025/00 келісім шарт жасалған. «Өнім беруші» «Ali-Max.kz» ЖШС шарт талаптары бойынша жұмыстарды орындау мерзімі келісім шартқа қол қойылған күннен бастап 15 (он бес) күн болып міндеттелген. Алайда, қорларды жіберуге арналған жүкқұжатқа сәйкес «Ali-Max.kz» ЖШС жұмысты 14 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындаған.
3-тармақ. Осылайша, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43 бабының 24 тармағы және 2021 жылдың 29 наурызындағы келісім шарттың 7.3. тармақтары басшылыққа алынбай, мекеме жоғарыда аталған келісім шарт бойынша 3,9 мың теңге (283,9*0,1*14) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алу қамтамасыз етілмеген.
4-тармақ. Сонымен қатар, Мемлекеттік сатып алу заңнының 12 бабы 4 тармағының 3) тармақшасы басшылыққа алынбай, мекеме сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, өнім беруші «Ali-Max.kz» ЖШС-ті мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеген.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының 243 тармағына сәйкес негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі дұрыс құжатты ресімдеуді және мемлекеттік мекеме ішінде олардың ауысуының түсімі мен шығуын есепке алу тіркелімдерінде уақытылы көрсетуді, сондай-ақ әрбір объектінің (заттың, жиынтықтың) сақталуы мен дұрыс қолданылуын бақылауды қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығының 5 тарау 16 тармағына сәйкес 2300 «Негізгі құралдар» кіші бөлімі негізгі құралдарды есепке алуға арналған.
5-тармақ. Алайда, мекеменің ұсынған 2022 жылдың тауар материалдық қорлар қалдықтарының айналым ведомосына сәйкес, ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығының 243 тармағының және ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығының 5 тарау 12,13,16 тармақтарының талаптары сақталмағаны анықталған, яғни жалпы құны 2 563,7 мың теңге негізгі құралдар тауарлық материалдық қорлардың шоттарына жатқызылған. Аудит барысында 2023 жылдың 8 желтоқсандағы №137 бухгалтерлік анықтамамен 2 563,7 мың теңгенің негізгі құралдары 2300 «Негізгі құралдар» шотына қалпына келтірілген.
6-тармақ. Мекеменің ұсынған 2022 жылғы ұзақ мерзімді активтердің амортизация ведомосына сәйкес, ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығының 4 тарау 10 тармақтарының талаптары сақталмағаны анықталған, яғни 1319 «Өзге материалдар» шотына жатқызылатын жалпы құны 566,3 мың теңге тұратын жалюзилер 2370 «Аспаптар, өндірістік және шаруашылық мүкәммалы» шоттарына жатқызылған. Аудит барысында 2023 жылдың 8 желтоқсандағы №136 бухгалтерлік анықтамамен 566,3 мың теңге тұратын жалюзилер 1319 «Өзге материалдар»шотына қалпына келтірілген
7-тармақ. Мекеменің ұсынған 2022 жылғы ұзақ мерзімді активтердің амортизация ведомосына сәйкес, ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығының 243 тармағының және ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығының 5 тарау 16 тармақтарының талаптары дұрыс сақталмағаны анықталған, яғни 2360 «Машиналар мен жабдықтар» шотына жатқызылатын жалпы құны 780,2 мың теңге тұратын тренажерлер 2370 «Аспаптар, өндірістік және шаруашылық мүкәммалы» шоттарына жатқызылған. Аудит барысында 2023 жылдың 8 желтоқсандағы №136 бухгалтерлік анықтамамен 780,2 мың теңге тұратын тренажерлер 2360 «Машиналар мен жабдықтар» шотына қалпына келтірілген.
8-тармақ. Мекеменің ұсынған 2022 жылғы ұзақ мерзімді активтердің амортизация ведомосына сәйкес, ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығының 243 тармағының және ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығының 5 тарау 16 тармақтарының талаптары дұрыс сақталмағаны анықталған, яғни 2383 «Өзге негізгі құралдар» шотына жатқызылатын жалпы құны 2 775,9 мың теңге тұратын көгалдандыру және сәндік екпелерді 2600 «Биологиялық активтер» кіші бөлімі шоттарына жатқызылған. Аудит барысында 2023 жылдың 8 желтоқсандағы №135 бухгалтерлік анықтамамен 2 775,9 мың теңге тұратын көгалдандыру және сәндік екпелерді 2383 «Өзге негізгі құралдар» шотына қалпына келтірілген.
Қаржылық есептілікті жасауда Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 01 тамыздағы №468 бұйрығымен бекітілген талаптарды басшылыққа алады. Жылдық қаржылық есептілік үшін Есепті кезең күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанды қоса алғандағы аралық болып табылады.
9-тармақ. Электрондық үкімет порталынан берілген мәліметтерге, яғни жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамаға сәйкес, мекемеде жылжымайтын мүлік, яғни жер учаскелері тіркелген. Ал, 2021-2022 жылғы активтердің айналым ведомосінде және 2021-2022 жылдардағы қаржылық есептілікте олар көрсетілмеген.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығының 2 тарау 4 тармағының және Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығының 3 тарау 27 тармағының талабы сақталмай, мекемеге тіркелген жер учаскісі бухгалтерлік есепке алмағандықтан, қаржылық есептілікте де көрсетілмеген. Бұл қаржылық есептіліктің бұрмалануына алып келген.
10-тармақ. Мекеменің төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы төлемдеріне аударымдар жөніндегі салық кабинетінен түсірілген салық төлеушінің дербес шотының деректерін зерделеу барысында 2021 жылдың 1 қаңтарынан бүгінгі күнге дейін жеке табыс салығы бойынша дебиторлық берешек болғаны анықталған.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығының 3 тарау 31 тармағының талабы сақталмай 2023 жылдың 01 қаңтарындағы қаржылық есептілігінің ҚЕ-1 нысаны бойынша есепті кезеңнің бухгалтерлік балансында мекеменің төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша 1 103,0 мың теңге сомасына дебиторлық берешек көрсетілмеген.
Бұл қаржылық есептіліктің бұрмалануына алып келген.
14. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай ауданы Үшқоңыр балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1-Тармақ: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409 Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлігі) 553-бабының, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидаларының 51-тармағының және 18.11.2019 ж. №19366358 мүліктік жалдау шартының 12-тармағының талаптары сақталмай, жалға алушы "Дәурен" ЖК-нің аудитпен қамтылатын кезең аралығында коммуналдық қызметтер үшін төлемдердің өтелмегені анықталған.
2-Тармақ: Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Заңының 4 бабының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу Қағидаларының 4, 114, 115, 116, 117 тармақтарының талаптары толық сақталмай 01.01.2022 ж. жағдай бойынша бухгалтерлік есепте 4 499,9 мың теңге сомасында жеке табыс салығы бойынша дебиторлық берешек және 428,4 мың теңге сомасында әлеуметтік салық бойынша кредиторлық берешек көрсетілмегені анықталған.
3-Тармақ: «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңының 4-бабын, Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің 4, 114, 115, 116, 117-тармақтарын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» 113-жолы бойынша бухгалтерлік баланста 01.01.2022 жылғы жағдай бойынша төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша дебиторлық берешек көрсетілмеген (101201) 4 468,7 мың теңге сомасында, 212 «Бюджетке төленетін төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» жолы бойынша әлеуметтік салық бойынша кредиторлық берешек көрсетілмеген (103101) 3 370,9 мың теңге сомасында, бұл мән-жайлар бухгалтерлік есепте көрсетілген деректердің дәйексіздігі туралы куәландырады, бұл бұрмаланған қаржылық есептілікті жасауға әкеп соқты.
4-Тармақ: Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Заңының 4 бабының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу Қағидаларының 4, 247 тармақтарының талаптары сақталмай, Мекемемен жер учаскесін ғимараттан бөлек көрсету жөнінде шаралар қабылданбаған, өйткені жер учаскесі-бұл активті танудың жеке бірлігі болып табылады.
Аудит барысында 2021 жылғы 08 желтоқсандағы № 190540030096/210063/00 жасалған шарт негізінде Мекеме 15 490,0 мың теңге сомасына «Комфорт» жиынтықталған А класты автокөлікті сатып алғаны анықталды.
5-тармақ. Осылайша, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабының 9) тармақшасын бұзған жағдайда, негізділік қағидатын сақтамау себебінен Мекеме 15 490,0 мың теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға жол берді.
15. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талғар ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1-Тармақ: Алайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген, Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының 6 тармағының талаптары сақталмай, келесі жаттықтырушыларға аванстық есеп тапсырмаса да жалпы сомасы 166,0 мың теңгеге іс-сапар шығындары өтелгені анықталды:
- 2021 жылдың 26 тамызындағы №296 төлем тапсырмасымен жаттықтырушы Молдабеков Бақытжанның 15,4 мың теңгені құрайтын іс сапар шығындары;
- 2021 жылдың 23 сәуір №103 төлем тапсырмасымен жаттықтырушы Абылгазин Смагулдың 24,4 мың теңгені құрайтын іс сапар шығындары;
- 2022 жылдың 02 ақпанындағы №30 төлем тапсырмасымен жаттықтырушы Идиллаев Имаржанның 30,0 мың теңгені құрайтын іс сапар шығындары;
- 2022 жылдың 20 желтоқсанындағы №665 төлем тапсырмасымен жаттықтырушы Байчоров Алмастың 37,1 мың теңгені құрайтын іс сапар шығындары;
- 2022 жылдың 15 қыркүйегіндегі №482 төлем тапсырмасымен жаттықтырушы Мусаев Наильдің 59,1 мың теңгені құрайтын іс сапар шығындары.
Барлығы 166,0 мың теңгеге (2021 жыл – 39,8 мың теңге, 2022 жыл – 126,2 мың теңге) аванстық есептерсіз іс-сапар шығындары өтелген және аудит барысында жергілікті бюджет есебіне өңдірілген.
16. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талғар ауданының №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2015 жылғы №1181 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған, тауарлар өндіретін және (немесе) жеткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі сәйкес «құжат тігілетін папкалар», «қағазға арналған папкалар» және «майлықтар» деп көрсетілген.
1-тармақ. Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 51-бабының 2-тармағын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2015 жылғы №1181 қаулысымен бекітілген, тізбесіне сәйкес нормаларды бұза отырып, Ұйымдастырушы мемлекеттік қолдау шаралары қолданылатын әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттары арасында емес, Мекемемен «Гарант» ЖК арасында 2021 жылдың 8 ақпандағы № 22 келісім шарты, «Art» ЖК арасында 2021 жылдың 26 ақпандағы № 32 келісім шарты және «KMM Company» ЖШС арасында 2022 жылдың 31 тамыздағы № 58 келісім шарттары бойынша «құжат тігілетін папкалар», «қағазға арналған папкалар» және «майлықтар» жалпы негіздерде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғандығы анықталған.
Іссапар шығындары туралы есептер мен іссапар туралы өкімдер бар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 мамырындағы № 256 қаулысының 2 тарау 6-тармағына сәйкес қызметкерлер іссапардан оралғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде іссапар бойынша шығыстар туралы растаушы құжаттарды қоса бере отырып, іссапар туралы есеп береді.
2-тармақ. Алайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырындағы № 256 қаулысының 2 тарау 6-тармағының талабы басшылыққа алынбай 2021 жылдың ішінде іссапар туралы есептер бес жұмыс күнiнде тапсырылмағандығы анықталды.
3-тармақ. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 22 қыркүйегіндегі №1428 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженiң 2 тармағының талаптары толық сақталмай, қызметкерді iссапарға жiберу туралы бұйрығы болмай, көлік жүргізуші Ж.Майшыбаевқа 27,5 мың теңге көлемінде іссапар шығыстарының негізсіз өтелуіне жол берілген. Аудит барысында негізсіз төленген қаражат жергілікті бюджет есебіне өтелген.
17. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Райымбек ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1-тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының Азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша сыныптауға сәйкес әзірленетін азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі негізінің қаулысының 6-қосымшасының талаптары сақталмай жаттықтырушы Исабеков Н.Ж.-қа 22585 теңге 2021 жылдың қараша айында жұмыста себепсіз болмағаны үшін негізсіз артық еңбек ақы төленгені анықталды.
Демек, жоғарыда аталған 22585 теңге негізсіз төленген болып отыр және де жергілікті бюджет есебіне қайтарылуға жатады.
2-Тармақ. Мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын қарау барысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірінің 30.05.2017 жылғы №155 бұйрығымен бекітілген Оқу-жаттығу процесін, спорт резервтері мен жоғары санатты спортшыларды даярлауды, допингке қарсы іс-шараларды, ғылыми, әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын ұйымдардың және спортшыларға медициналық көмек көрсететін ұйымдардың үлгі штаттарын бекіту туралы 1-қосымшасына үлгілік штатттарға сәйкес келмейтіндігі анықталды. Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Е.Нурсейтовті жоғарғы білімінің жоқтығына байланысты, «Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары» қызметін атқаруға негізсіз тағайындалған. Осыған орай 2022 жылдың тамыз айынан бастап желтоқсан айын қоса алған мерзімге еңбек ақы 122115 теңге артық төленгені анықталды.
Демек, жоғарыда аталған 122115 теңге негізсіз төленген болып отыр және де жергілікті бюджет есебіне қайтарылуға жатады.
3-тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының Азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша сыныптауға сәйкес әзірленетін азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі негізінің қаулысының 6-қосымшасының талаптары сақталмай жаттықтырушы Іскендір А.Т -ға 32310 теңге жұмыста себепсіз болмағаны үшін 2022 жылдың қаңтар айында негізсіз артық еңбек ақы төленгені анықталды.
Демек, жоғарыда аталған 32310 теңге негізсіз төленген болып отыр және де жергілікті бюджет есебіне қайтарылуға жатады.
18. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ұйғыр ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1-Тармақ: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысы «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» (өзгертулер мен қосымшалармен) қаулысының қағидасының 6 тармағының талаптары сақталмай 2021 жылдың 29 қыркүйегінде №116 бұйрығымен қазақ күресі бөлімінің жаттықтырушысы Б.Стамбаевқа іс сапар шығындарына 21 751 теңге төленген, алайда аудит барысында іс сапар шығындарын растайтын аванстық есебі тапсырылмағаны анықталды, яғни іс-сапар шығындарына төленген 21 751 теңге негізсіз болып табылады.
2-Тармақ: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысы «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» (өзгертулер мен қосымшалармен) қаулысының қағидасының 6 тармағының талаптары сақталмай 2022 жылдың 08 желтоқсанында №46 бұйрығымен армрестлинг бөлімінің жаттықтырушысы Н.Ахуновқа іс сапар шығындарына 20 000 теңге төленген, алайда аудит барысында іс сапар шығындарын растайтын аванстық есебі тапсырылмағаны анықталды, яғни іс-сапар шығындарына төленген 20 000 теңге негізсіз болып табылады. Аудит барысында негізсіз төленген қаражат жергілікті бюджет есебіне өтелген.
19. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қонаев қаласының мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1 тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бекітілген № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу туралы» Қағидаларының (әрі қарай - № 393 Қағида) 15-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау үшін толық және нақты ақпаратпен мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етуі тиіс.
Аудит барысында Мекемемен ұсынылған салықтар бойынша жеке шоттардағы мәліметтерді қарау барысында 2022 жыл қорытындысы бойынша Мекеме бойынша төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталынатын жеке табыс салығы бойынша 511 116 теңге және әлеуметтік салық бойынша 621753 теңге дебиторлық, барлығы 1 132 869 теңге көлемінде қарыздар қалыптасқаны анықталды.
Алайда, аудитке ұсынылған жылдық есептілікте (бухгалтерлік баланс) аудит барысында анықталған берешектер көрсетілмеген немесе бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру фактісі орын алған.
Аудит барысында ұсынылған бухгалтерлік анықтамаға сәйкес, жоғарыда көрсетілген дебиторлық қарыздар бухгалтерлік есепке алынған.
2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):
III. Қорытынды бөлік
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін бюджет есебіне жалпы сомасы 3066,2 мың теңге өндірілді, 32121,3 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды және 291,7 мың теңге бюджетке түсетін түсімдер өтелді, олар:
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 510,6 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының қысқы спорт түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 94,9 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жігер» Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша мамандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 125,4 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай аудандық ұлттық және ат спорты түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 4,5 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Балқаш ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 15,7 мың теңге бюджет есебіне өндіріліп, аудит барысында 10350,0 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды;
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «№1 Еңбекшіқазақ ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт» мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 137,5 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Еңбекшіқазақ ауданының №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 16,2 мың теңге бюджет есебіне өндіріліп, 291,7 мың теңге бюджетке түсетін түсімдер өтелді;
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 314,8 мың теңге бюджет есебіне өндіріліп, аудит барысында 135,7 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды;
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Кеген ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 25,2 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спортты дамыту дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 145,4 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудит барысында 65,7 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды.
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Іле ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 115,0 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай ауданының №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 159,6 мың теңге бюджет есебіне өндіріліп, аудит барысында 7789,1 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды;
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай ауданы Үшқоңыр балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өндірілуге жататын 451,5 мың теңге бюджет есебіне өндіріліп, аудит барысында 12767,9 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды;
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талғар ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 166,0 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талғар ауданының №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 27,5 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Райымбек ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 177,0 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ұйғыр ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 41,7 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қонаев қаласының мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша аудит барысында 1132,9 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 12 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды:
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың 10 қаңтардағы №2 б-ж/қ бұйрығына сәйкес жоспарлау-қаржыландыру бөлімінің басшысы А.Төлепбековаға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды;
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының қысқы спорт түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңдегі мекеменің жауапты тұлғалары жұмыстан шығып кетуіне байланысты тәртіптік жауаптылығын қарау мүмкіндігі болмады.
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жігер» Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша мамандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылдың 08 қаңтардағы №52ж/қ бұйрығына сәйкес кадрлар жөніндегі инспектор Д.Абдраимоваға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды;
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «№1 Еңбекшіқазақ ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт» мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылдың 08 желтоқсандағы №42 бұйрығына сәйкес бас есепші Э.Алибековаға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды;
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Еңбекшіқазақ ауданының №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңдегі мекеменің жауапты тұлғалары жұмыстан шығып кетуіне байланысты тәртіптік жауаптылығын қарау мүмкіндігі болмады.
- «Қарасай ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылдың 11 желтоқсандағы №63/1-Н бұйрығына сәйкес директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Е.Садвакасовқа ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды;
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спортты дамыту дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылдың 15 желтоқсандағы №271-к бұйрығына сәйкес бас есепші Р.Сауруковаға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды;
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Іле ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылдың 11 желтоқсандағы №89 бұйрығына сәйкес бас есепші Э.Қияловаға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды;
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай ауданының №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылдың 22 желтоқсандағы №319 бұйрығына сәйкес бас есепші А.Алпысбаеваға сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды;
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай ауданы Үшқоңыр балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылдың 20 желтоқсандағы №137-ж және №138-ж бұйрықтарына сәйкес есепші З.Бикеноваға және мемлекеттік сатып алу порталының қызметкері А.Джакатоваға сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды;
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талғар ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңдегі мекеменің жауапты тұлғалары жұмыстан шығып кетуіне байланысты тәртіптік жауаптылығын қарау мүмкіндігі болмады.
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талғар ауданының №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылдың 29 желтоқсандағы №636 бұйрығына сәйкес мемлекеттік сатып алу менеджері М.Бектенұлына ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды;
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Райымбек ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың 05 қаңтардағы №01 бұйрығына сәйкес бас есепші Б.Зейрақынға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды;
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ұйғыр ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың 04 қаңтардағы №1 бұйрығына сәйкес бас есепші А.Аппазоваға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды;
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының тармақтарына сәйкес 6 лауазымды тұлға және 207 бабының тармақтарына сәйкес 5 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартуға тиісті құжаттар (материалдар) жолданды.
Қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде қаралуда.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.
1. Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша жалпы сомасы 135046,8 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде: 35479,2 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 83 323,8 мың теңге тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты, 16 243,8 мың теңге тиімсіз пайдаланған бюджет қаражаты және 12 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
2. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексі» кодексінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының, «Қазақстан Республикасының Салық» Кодексінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы қаулысының, Қазақстан Республикасы дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру және айыру, төсбелгілерді беру, сондай-ақ олардың сипаттамасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қызметтік іс-сапарларға арналған шығыстарды өтеу «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарының сақталмауынан орын алған.
3. Бюджет қаражаты шығындарын жоспарлау және пайдалану кезінде тиімділік принциптерінің сақталмауы салдарынын бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлануына жол берілген.
4. Қазақстан Республикасы Заңнамаларының тиісті талаптарын сақтамау салдарынан бюджет қаражатының тиімсіз шығысталуына жол берілген.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар.
«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен ведомствалық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде жүргізілген жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:
1. Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігі аудитінің нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралуын.
2. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларымен бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрын жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында жергілікті бюджет есебіне өндірілген 3066,2 мың теңге, есептілік бойынша қалпына келтірілген 32121,3 мың теңге, бюджетке түскен 291,7 мың теңге түсімдер, тиімсіз жоспарланған 83323,8 мың теңге және тиімсіз пайдаланылған 16 243,8 мың теңге назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін жұмыстар жүргізілуін.
3. Аудит барысында анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған ұсынымдарды тиісті аудит объектілеріне жолдау.
3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.
Тексеру комиссиясының мүшесі Ж. Үсенбаев
№1 мемлекеттік аудит
бөлімінің басшысы Н. Қалқаев
№2 мемлекеттік аудит
бөлімінің басшысы А. Сәді
Сапа бақылауына жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы С.Елубаева
Құқықтық сүйемелдеуге жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы А.Кулмухамбетова
Аудит тобының жетекшісі Н. Қалқаев