Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 26.04.2024
Просмотры: 2 Печать страницы

 

 
 

 

 

 

 

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

«Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арна  ауылы  2024 жыл

 

Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы М. Мұсаевқа

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлім

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудит объектісі:

1. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»;

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап, 2022 жылдың  31 желтоқсан аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау

«Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығына, асылдандыру жұмыстарына көрсетілген қолдау - тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара аналығының үлесін ұлғайту, сиыр еті өндірісінің көлемін өсіру, құс шаруашылығын одан әрі дамытытуға, аудандарда жалпы егіс көлемінің, дәнді-дақылдар, майлы дақылдар, картоп дақылы бойынша егіс алқаптары кеңітуге басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Мал шаруашылығы

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi №278 «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi, асыл тұқымды малдың тектiк қорын сақтауға және көбейтуге, сондай-ақ оны өз төлiнен өсiруге және өнiмдiк сапасын жақсартуға бағытталған, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласымен айналысатын мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн реттейдi.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында соңғы уақытта жалпы мал басына асыл тұқымды малдың үлесі өсуде.

2021 жылдың 1 қаңтарына шаруашылықтың барлық санаттарында 205,5 мың бас асыл тұқымды ірі қара малы тіркелген, бұл жалпы мал басының 19,2%, 765,3 мың бас асыл тұқымды қой, жалпы мал басының 20,9%, 54,0 мың бас асыл тұқымды жылқы, жалпы мал басының 15,3% құрайды.

Облыста қуаттылығы 73,4 мың бас болатын 117 бордақылау алаңы жұмыс істейді, қосымша 2021 жылы қуаттылығы 4,3 мың бас болатын 7 бордақылау алаңын құру жоспарланған.

Мал шаруашылығында асыл тұқымды мал мен құстың үлесі орта есеппен 27% - ға жетті (ІҚМ - 20%, қой - 23%, жылқы - 16%, түйе – 52%, құс - 27,9%).

Сүтті мал шаруашылығы бойынша, 2021 жылға 1,3 млн. бас ірі қара мал болып, оның ішінде 616 мың басы сиырлар.

Сүтті малдың өнімділігін арттыру үшін шетел селекциянан соңғы бес жылда 11,2 мың асыл тұқымды мал басы әкелінді.

2021 жылы Алматы облысында жалпы 26 мың басқа арналған 83 тауарлы сүт фермасы болып, 400 басқа арналған 2 объектісі енгізілген.

Облыс көлемінде жыл сайын 800 мың тонна сүт өндірілген, оның ішінде тауарлы-сүт фермаларының көлемі  – 104 мың тонна (13%).

Жылдық қуаттылығы 253 мың тонналық 26 сүт өңдеу кәсіпорындары мен цехтарының жүктемесі 73%-ға игерілуде, сүтке қосымша қажеттілік - 60 мың тоннаны құрайды.

Сүт зауыттарының қажетті қуатына жету үшін              2025 жылға дейін 6 300 басқа арналған тағы 15 ферма құру жоспарлануда (болжамды сүт көлемі - 50 мың тонна).

Етті мал шаруашылығында 2021 жылы 319 шаруашылықтарымен 7 мыңнан астам ірі қара сатып алынған. Жаңадан 4760 басқа арналған 7 мал бордақылау алаңы құрылып, жалпы саны 116 нысанға және сыйымдылығы 73,4 мың басқа жеткен.

Асылдандыру жұмыстарына көрсетілген қолдау - тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара аналығының үлесін 41% – ға дейін ұлғайтты, нәтижесінде, сиыр еті өндірісінің көлемі бір жылда 3% - ға өсіп, 180 мың тоннаға жетілген, бұл республика өңірлері арасында  жетекші орын (2019ж. -145 мың тн ).

Осы саланы ары қарай да қарқынды дамыту мақсатында трансұлттық "Тайсон Фуд" компаниясымен жұмыс жүргізілуде, жобаның жалпы инвестициялық құны - 129 млрд. теңге, қуаты - 145 мың тонна сиыр етін өңдеу, бірінші кезеңі  - 36 мың тонна етке межеленген. Сондықтан, 2025 жылға дейін қосымша           51 мың басқа арналған 35 бордақылау алаңын құруды жоспарланған.

Қой шаруашылығында мал басы 4% - ға өсіп, 3,7 млн. басқа жеткізілген, бұл салада кооперациялау тетігі табысты қолданылуда.

 Жылына 30 мың тонна қой етін тереңінен өңдейтін "Бауман" компаниясының жобасы ("Жетісу қой", инвестиция - 12,3 млрд. теңге) тәулігіне шамамен 2000 бас ұсақ малды союды талап етеді.

Құс шаруашылығымен 10 кәсіпорын айналысқан, тауық жұмыртқасының          өндірісі 2021 жылмен салыстырғанда 43,6%-ға артып, 560,6 млн дананы құрады. 2023 жылы тауық жұмыртқасын өндіру 590 млн дананы құрайды деп күтілуде.

Алайда, 2022 жылдың қорытындысы бойынша тауық жұмыртқасын өндіруде Ұйғыр ауданы 1,2 %-ға төмендеген.

Бұл өнімдермен (ет үлесі – 36%, жұмыртқа – 20%) облыстың және Алматы қаласының ішкі нарығын толық қамтамасыз етеді, басқа өңірлерге шамамен 20 мың тонна және экспортқа 5 мың тоннаға жуық құс етін жіберіледі.

2021 жылы "Отап Green Food" ЖШС құс фабрикасымен 17 мың тонна ет өндірді шығарылған.

"Наурыз Агро ЛТД" ЖШС-нің асыл тұқымды жұмыртқа өндіретін құс фабрикасы 23 млн. данаға жеткізу көзделген.

Құс шаруашылығын одан әрі дамытытатын – 3 жоба қаралған, олардың жалпы қуаты - 173 мың тонна етке арналған. Атап айтқанда, Ұйғыр ауданында "Прима Құс" ЖШС - 36 мың тоннаға (43 млрд. теңге), Кербұлақ ауданында – "Кәусар Агро" ЖШС - 17 мың (41 млрд. теңге) және Іле ауданында – "Айтас" компаниясымен 120 мың тоннаға (117 млрд. теңге).

        Облыста 2022 жылы 774 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 0,4%-ға аз, ал облыстың Қазақстандағы үлесі 8,1%-ды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша өңірлер рейтингінде 5-ші орында тұр, бұл облысты Қазақстандағы ең маңызды және ірілерінің бірі етеді. Оның үстіне бұл нәтижеге жуырда Жетісу өңірі одан бөлініп шыққаннан кейін қол жеткізілді. Екі облыстың жалпы өнімін біріктіретін болса, ескі Алматы облысы Қазақстан бойынша бірінші орынды алатын еді.

       Өңірдің негізгі драйвері мал шаруашылығы болып табылады, өйткені ол республикадағы барлық өнімнің оннан бір бөлігін береді, ал облыс рейтингте екінші орында. Мал шаруашылығында жалпы өнім көлемі 371,3 млрд теңгені құраған (2021 жылға салыстырғанда +1,2%).

2022 жылы Алматы облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 4 164 мың га құраған. Оның ішінде: Егістік жер – 457,8 мың га, оның ішінде: суармалы жер – 239,7 мың га, жайылымдық жер –3 513,1 мың га және шабындық жер– 63,0мың га.

Облыста     30      мыңға         жуық ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс істейді. Оның ішінде: шаруа қожалықтар саны - 27 201, кәсіпорындар - 1 614, жеке кәсіпкерлер - 1 182 және 218,9 мың жеке қосалқы шаруашылықтар бар.

Ауыл шаруашылығы саласында жұмыспен қамтылғандар саны 127,2 мың адамды құраған.

2022 жылдың 12 айында 736,5 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,1% құрап, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 115% артылған.

Оның ішінде: мал шаруашылығында 371,3 млрд.теңге, нақты көлем индексі 102,3% .

     2022 жылға жалпы мал шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 2021 жылғы деңгейдің 100,8 пайызын құрады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы. Өсім мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіруді ұлғайту есебінен болып отыр. 2021 жылмен салыстырғанда мал мен құстың барлық түрін сою немесе өткізу көлемі тірі салмақта 0,2%-ға, сүт өндіру – 1,9%-ға, жұмыртқа – 4,4%-ға өсті», - деп түсіндірді ведомстводан. жыл (2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша) келесідей өзгерді: жылқы саны – 10,5%-ға, түйе – 6,5%-ға, ірі қара – 4,2%-ға, қой мен ешкі – 4,4%-ға, құс – 4%-ға өсті, шошқа саны 9,2%-ға азайды.

2022 жылдың 12 айында шаруашылықтардың барлық санаттарындағы мал басының тұрақты өсімі байқалады. Атап айтсақ, ірі қара малының саны 4 % ға өсіп, 651 мың басты құраса, сәйкесінше жылқы 3,4% ға өсіп, 218,0 мың басқа жетіп отыр, қой-ешкі 4,1 % ға өсіп 2 354,6 мың басқа жетсе, құс саны 2021 жылмен салыстырғанда 2,9% ға артып, 9,8 млн басқа жетіп отыр.

Сонымен бірге, төмендегі аудандар бойынша мал мен құс санының төмендегені байқалады:

- Еңбекшіқазақ ауданында ірі қара малының саны 22,4%-ға, қой – ешкі 26,2%-ға, түйе 8,2%-ға және құс саны 56,5% төмендеген;

- Балқаш ауданында ірі қара малы 11,9%-ға, жылқы 22,2% - ға төмендеген;

- Талғар ауданында ірі қара малы 2,4%-ға, қой-ешкі 12,8%-ға, жылқы 36%-ға, құс саны 15%-ға төмендеген;

- Жамбыл ауданында құстар саны 9,7%-ға төмендеген;

- Кеген ауданында қой-ешкі саны 7,5%-ға төмендеген;

- Ұйғыр ауданында жылқы саны  18,5%-ға, түйе 37,1%-ға, құс саны 25,8%-ға төмендеген;

- Қонаев     қаласында    қой-ешкі      7,6%-ға,       құс     саны  0,5%-ға төмендеген;

Ет өндірісі 2022 жылы сойыс салмағындағы  ет өндірісінің көлемі 281 мың тоннаны құраған, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,5%-ға жоғары.

  Ет өндірісіне Іле, Ұйғыр аудандарындағы «Алатау Құс» ЖШС, «Алель агро» ЖШС, «Отан Green Food» ЖШС және «Qaz-Ak-Kus» ЖШС құс фабрикалары айтарлықтай әсер еткен.

2023 жылға ет өндірісінің көлемі 300,0 мың тоннаға, оның ішінде: құс етін 120,0 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда.

Облыс бойынша ет өндірісі артып жатқанымен, жекелеген аудандар бөлінісінде ет өндірісінің төмендеуі байқалады.

- Қарасай ауданы 7,3%-ға төмендеген;

- Кеген ауданы 6,2%-ға төмендеген;

- Талғар ауданы 3,4%-ға төмендеген;

- Еңбекшіқазақ ауданы 5,0%-ға төмендеген;

- Жамбыл ауданы 3,0%-ға төмендеген;

- Қонаев қаласы 0,2% - ға төмендеген;

 Сонымен қатар, 2022 жылы бір сауын сиырдың орташа сүт өнімділігі 2021 жылмен салыстырғанда 2,4%-ға ұлғайып, 535,3 мың тоннаны құраған, шаруашылықта сойылған немесе союға сатылған бір бас ірі қараның орташа тірі салмағы 2021 жылғы көлемімен қалған.

Облыс аумағында сүт өндіруде жетекші орындарға ие ірі кәсіпорындар Еңбекшіқазақ ауданындағы «АПК Адал-Сүт» АҚ, Талғар ауданындағы «Амиран» ЖШС-і.

Сүт өндірісі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмендеген аудандар:

- Жамбыл ауданы 6,5%-ға төмендеген;

 - Талғар ауданы 4,4%-ға төмендеген;

2023 жылға сүт өндірісін 583 мың тоннаға дейін арттыру көзделуде.

2022 жылы  тауық жұмыртқаның    өндірісі      2021 жылмен салыстырғанда 43,6%-ға артып, 560,6 млн дананы құраған.

Облыста асыл тұқымды ірі қара мал басының үлес салмағы 19,0 % немесе 119,5 мың бас, қой 16,5 % немесе 360,0 мың бас, жылқы 13,8 % немесе 28,7 мың бас, құстар 17,4 % немесе 1463 мың басты құрайды.

Бұдан басқа, мал   шаруашылығын   субсидиялауға 25,6 млрд.теңге қаражат бөлініп, агроқұрылымдарға төленген, 2023 жылға мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 15,0 млрд.теңге қаржы қарастырылуда.

Өсімдік шаруашылығы гіс алаңдарының құрылымы)

      Дегенмен, басқа облыстарға қатысты бұл нәтиже ең жоғары емес. Өсімдік шаруашылығы бойынша облыс 5-ші орында.

Осының барлығымен 2022 жылы егіс көлемі небәрі 463 мың гектарды құрайды, бұл барлық облыстар арасында 13-ші ғана көрсеткіш. Дәнді және бұршақ дақылдары бойынша облыстың үлесі небәрі 1,1%, ал бидай бойынша 0,3% ғана. Бірақ облыстың егін шаруашылығындағы күші астықпен немесе экстенсивті әдіспен емес, басқа нәрсеге негізделген. Айтпақшы, облыс жылыжай көлемі бойынша құрметті 3-ші орында: жалпы ауданы 86,9 гектарды құрап, республикадағы барлық жылыжай алқаптарының 6,9% құрайды.

       Жиналған алқаптар мен көкөністердің жалпы түсімі бойынша облыс 3-ші орын алады, 2022 жылы 11,6% ұлттық үлесті құрайтын 1,4 млн тонна көкөніс, бақша дақылдары, тамыр және түйнектер жиналды. Облыс көкөністер мен жемістердің тұтас ассортименті бойынша көшбасшы: қызылша (ұлттық үлес 17%), асқабақ (22%), баклажан (19%), бұрыш (42%), жемдік жүгері (21%), алмұрт ( 38%). ), өрік (51%)(көбінесе Түркістан немесе Жамбыл облысынан).

       Сонымен бірге, Облыс алма (35% үлес), жүзім (19%), жүгері (13%), картоп (12%), қырыққабат (13%) %), қияр (18%) және пияз (13%) жинауда аздап артта қалды және екінші орында тұр.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы саласында экспорт көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 24 миллион АҚШ $ артып, 2022 жылдың 12 айында 221 миллион АҚШ $ құрады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27-наурыздағы №4-2/266 бұйрығымен бекітілген «Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 2-Тарауына және 3-Тарауының 22-тармағына сәйкес 2021 жылы - 7 шаруашылық субъектісі (о.і.: элита – 1, жоғары репродукциялы – 1, тұқым өткізуші – 5) аттестаттау және қайта аттестаттаудан өткізілген.

2022 жылы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары          454,2 мың   га. Егіс        құрылымында дәнді дақылдардың үлесі 38,0% – ды, жемшөптік дақылдар – 42,0% – ды, картоппен көкөніс-бақша дақылдары-11,7% - ды, майлы дақылдар-7% - ды құраған.

          2022 жылы 628 мың тонна астық бастырылды, өнімділігі 35,1 ц/га, майлы дақылдар 62,2 мың тонна, өнімділігі 18,0 ц/га,картоп дақылы 504,2 мың тонна, өнімділігі 193,4 ц/га, көкөніс дақылдары 761,5 мың тонна өнімділігі 309,0 ц/га, 59,8 мың тонна бау – бақша дақылдары жиналды, өнімділігі 237,6 ц/га құрады.

2022 жылы бірнеше аудандарда жалпы егіс көлемінің сақталғанымен, дәнді-дақылдар, майлы дақылдар және картоп дақылы бойынша егіс алқаптары айтарлықтай төмендеген, бұл жағдай өсімдік       шаруашылығы     бойынша    өндірілген  өнім көлемінің төмендеуіне әсер етіп отыр. Атап айтқанда;

Дәнді-дақылдар бойынша:

- Балқаш ауданында 0,6 мың га;

 - Талғар ауданында 3,7 мың га;

 - Ұйғыр ауданында 5,8 мың га.

Майлы дақылдардар бойынша:

- Талғар ауданында 0,5 мың га;

- Іле ауданында 4,8 мың га.

 Картоптың төмендеуі:

- Талғар ауданында 159 га;

- Балқаш ауданында 260 га;

-    Райымбек ауданында 550 га азайған.

Қайта өңдеу

Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау 2014 жылдан бастап іске асырылып келеді және мал шаруашылығы саласын, сол сияқты қайта өңдеу саласын дамытуға бағытталған.

2021 жылы 1276302,0 мың теңге бөлінді. Субсидиялау бағдарламасы есебінен сары май өндіру көлемін 1266 тоннаға, құрғақ сүт өндіру көлемін 150 тоннаға, ірімшік өндіру көлемін 86 тоннаға дейін арттыру жоспарлануда. 29,1 мың тонна сүт сатып алынады. Қазіргі уақытта бұл қызмет автоматтандырылған.

Егін шаруашылығында 363,6 млрд.теңге, нақты көлем индексі 98,3% 2023 жылға 820,0 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 101,3% болады деп күтілуде.

Оның ішінде: мал шаруашылығында 418,2 млрд.теңге, нақты көлем индексі 102,8% .

Су шаруашылығы

Облыста барлық суару жүйелерінің ұзындығы 9,4 мың шақырымды құрайды. Жалпы 205 гидротехникалық құрылым /су қоймасы-72, тоған-107,бөгет-12, су алу торабы-14/ орналасқан.

Облыста су үнемдеу технологиясы 20,2 мың гектар алқапқа қолданылады. Оның ішінде: тамшылатып – 9,3 мың гектар, жаңбырлатқыш машиналармен – 10,9 мың гектар жер суарылады.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге суармалы суды жеткізуді«Қазсушар» РМК-ның Алматы филиалы, Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалы және6 коммуналдық су шаруашылығы кәсіпорындары жүзеге асырады.

        Шаруашылықтарға      суармалы      суды      беру      жөніндегі қызметтер құнының бір бөлігін өтеуді субсидиялауға 2022 жылы облыстық бюджеттен 778,3 млн теңге бөлінді.

2022 жылы Республикалық бюджеттен Райымбек, Кеген аудандарына және Қонаев қаласының Шеңгелді массивінің № 5 сорғы станциясының суару желілерін          қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл жобаларды іске асыру құны -18,8 млрд. теңге. Нәтижесінде 17,9 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіру жоспарлануда.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен Іле ауданындағы «Самбет»,«Свинсовхозный» магистральды        каналдарын күрделі жөндеу жұмыстары 566,7 млн теңге бөлініп, жұмыстар атқарылған.

2022 жылы Талғар ауданы «Әлмерек», «Терең қара» каналдарына 20,3 млн теңге, Райымбек ауданы «Дараты» каналы 63,0 млн теңге,      Іле ауданы«К-3» су қоймаларына 19,5 млн теңге, Жамбыл ауданы«Сорбұлақ» сорғы станциясы 40,0 млн теңге қыржы қарастырылып, қалпына келтіру жұмыстары аяқталған.

Ауыл шаруашылығы каналдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 615,2 млн теңге қаржы бөлінген. Олар: Іле ауданындағы«К-1» су қоймалары 112,1 млн тенге, Еңбекшіқазақ ауданындағы«Октябрь-2» су қоймалары 134,5 млн теңге, Ұйғыр ауданындағы дренаждық арналарын тазартуға 123,8 млн теңге, Жамбыл       ауданының  4        су       қоймасын     (Унгиртас-1,2, Ақсеңгір, Сасықбай)тазартуға 244,8 млн теңге.

2022 жылы облыстық бюджеттен ирригациялық жүйелерді тазарту үшін 375,4 млн теңге бөлініп, 6 дана арнайы техникалар сатып  алынған (фронтальды    тиегіштер,          самосвалдар, манипулятор, бульдозер).

Аталған      арнайы       техникалар коммуналдық           су      шаруашылығы мекемелеріне беріледі, олар,«Талғарригация»МКК,«Илирригация»МКК, «Көлсайирригация» МКК, «Үшқоңырригация» МКК, «Балқаширригация» МКК, «Сорбұлақ» НС.

Қосымша жер үсті су ресурстарын жинақтау үшін Ұйғыр ауданы Ават, Сюмбин, Шошанай және Қырғызсай ауылдық округтеріне, Райымбек ауданы Шалкөде, Талас ауылдық округтеріне және Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округіне жаңа тоғандар салу жоспарлануда. Осы тоғандар құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге облыстық бюджеттен 205,8 млн. теңге бөлінді.

Қапшағай су қоймасынан аз су жіберу кезінде Балқаш ауданының 14 мың га жерін суармалы сумен қамтамасыз ету мақсатында Іле өзенде беріктігі жоғары полимерлі (габионды, маталы) материалдардан жасалған су бөгет салуғажобалық-сметалыққұжаттамасына 61,4 млн теңге түзетулер жүргізіледі.

Коммуналдық      кәсіпорындарды  орталықтандырылған басқару және суармалы су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің             сапасын жақсарту          мақсатында «Алматыоблсушар» ШЖҚ МКК облыстық су шаруашылығы кәсіпорны  құрылды.     2023     жылға     облыстық     бюджеттен кәсіпорынды дамытуға және күтіп ұстауға 897,2 млн. теңге бөлінеді.

Машина-трактор паркі

Облыста машина-трактор паркінде 13,4 мың дана ауыл шаруашылығы техникасы тіркелген. Оның 58,8%-ы 10 жылдан астам уақыт бойы қолданыстағы техникалар (7,8 мың бірлік).

2022 жылы 7,2 млрд.теңгеге 436 дана техника сатып алынды. Оның ішінде: «КазАгроҚаржы»          арқылы 83 дана техника 1 307,4 млн.теңгеге, өз қаражаты есебінен 330 дана техника 5 514,2 млн.теңгеге және басқа да лизингтік компаниялар арқылы 23 дана техника 376,1 млн.теңгеге сатып алынды.

Облыста 16 сервистік-дайындау орталығы жұмыс істейді. 2022 жылы жалпы құны 513 млн.теңге болатын 2 сервистік-дайындау орталығы құрылды. Ондағы техника саны 63 дана.

Агроөнеркәсіптік кешен         субъектілеріне     кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға 8,5 млрд. теңге бөлініп, қаржы 100%-ға игерілді. 2023 жылға сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға 4,7 млрд теңге қаржы қарастырылып отыр.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері

Аудит нәтижелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады:

Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 38 841 411,5 мың теңге жұмсалған бюджет қаражаты қамтылды және жалпы сомасы 2 822 009,7 мың теңгеге (оның 870942,7 мың теңгесі өтелуге, 1404345,5 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады) бюджет және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

- жеке кәсіпкер «Мусин Д.Е.» және «Мерке тәжірибелі шаруашылығы» ЖШС-не  870942,7 мың теңге субсидия заңсыз аударылған;

- «Даут» шаруашылық қожалығымен 473838,7 мың теңге алынған субсидия тиімсіз пайдаланған;

- 71141,0 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған;

- 2021-2022 жылы пайдалануға қабылданған объектінің шығындар құны жалпы соммасы 1404345,5 мың теңге(2021ж.- 1086040,8 мың теңге,2022ж.-318304,7 мың теңге) бухгалтерлік есебі бойынша 2330 шоты «Құрылыстар» ұлғайтылмаған.

Сонымен қатар, 9 рет  Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚР Заңының мемлекеттік сатып алудың тәсілдерін қолданбай негізсіз шарт жасалған және 12 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

1.Жеке кәсіпкер «BVD» атынан Талғар ауданы Нура ауылдық округіне қарасты 14 гектар жеріне жеке кәсіпкер «Мусин Д.Е.»-ең  20.01.2022 жылы №07КК-2022МД келісім шарты бойынша отырғызуға 147000  дана таңқұрай тұқымды көшеттері жалпы соммасы              80850,0 мың теңге сатып алынды деп, соның 50 % несмесе 40425,0 мың теңгесің өтелуге  2022 жылдың 16 қараша айында №03-2022-04-2647 аудармалы өтінім беріліген.  

       2022 жылдың 21 қараша айында №84 ведомосы бойынша жалпы 147000 дана таңқұрай тұқымды көшеттеріне ЖК«Мусин Д.Е.» есеп шотына  барлығы 40425,0 мың теңге субсидия заңсыз аударылған.

      Талғар ауданы Нура ауылдық округі әкімінің аппаратының 15.06.2024 жылғы хаты бойынша 03-51-319-027 кадастрлық жер телімінің иесі Бережной Денис Викторович Нура ауылдық округіне қарасты Өстемір ауылында турмайды, нақты тіркелген мекен жайы Тараз қаласы Қажымұқан көшесі №57.

      Сонымен бірге, Нұра ауылдық округінде көрсетілген мерзімінде 147000 дана таңқұрай тұқымды көшеттері отырғызылмағанын растаған. .

       2.«Аққыз» шаруашылық қожалығы атынан Жамбыл ауданы Теміржол ауылдық округіне қарасты 35 гектар жеріне жеке кәсіпкер «Мусин Д.Е.»-ең  06.01.2022 жылы №02КК-2022 келісім шарты бойынша отырғызуға 857500  дана таңқұрай тұқымды көшеттері жалпы соммасы              471625,0 мың теңге сатып алынды деп, соның 50 % несмесе 235812,5 мың теңгесің өтелуге  2022 жылдың 05 сәуір айында №03-2-04-004 аудармалы өтінім беріліген.

   2022 жылдың 05 сәуіріндегі №1 ведомосы бойынша жалпы 857500 дана таңқұрай тұқымды көшеттеріне ЖК«Мусин Д.Е.» есеп шотына  барлығы 235812,5 мың теңге субсидия заңсыз аударылған.

      «Аққыз» ШҚ-ын басшысы Қ.Борықбаевтың түсініктемесі бойынша ол жеке кәсіпкер «Мусин Д.Е.» өкілдеріне өзінің электрондық цифрлық қолтанбасын берілгенін хабарлай отырып, жеке кәсіпкер «Мусин Д.Е.»-ің есеп шотына аудару туралы келісімің немесе өтінім бермегенін және таңқұрай тұқымды көшеттерін алмағанын, жеке қарасты  жеріне   таңқұрай тұқымды көшеттерін отырызылмағандығын растады.

       3.Сол сияқты, аудармалы өтінімде Алматы қаласы Бостандық ауданы деп «Жұмабеков» шаруашылық қожалығынан Панфилов ауданына қарасты 50 гектар жеріне (кадастр номірі 03-262-063-281:01(576252) жеке кәсіпкер «Мусин Д.Е.»-ең  05.09.2021 жылы №7КК-2021 келісім шарты бойынша отырғызуға 1225000  дана таңқұрай тұқымды көшеттері жалпы соммасы              673750,0 мың теңге сатып алынды деп, соның 50 % несмесе 336875,0 мың теңгесің өтелуге  2022 жылдың 05 сәуір айында №03-2-04-005 аудармалы өтінім беріліген.

       2022 жылдың 05 сәуіріндегі №1 ведомосы бойынша жалпы 1225000 дана таңқұрай тұқымды көшеттеріне ЖК«Мусин Д.Е.» есеп шотына  барлығы 336875,0 мың теңге субсидия заңсыз аударылған.

       4. «Асқаров» шаруашылық қожалығы атынан Еңбекшіқазақ ауданы Бөлек ауылдық округіне қарасты 28 гектар жеріне жеке кәсіпкер «Мусин Д.Е.»-ең 10.09.2021 жылы №8КК-2021 келісім шарты бойынша отырғызуға 686000  дана таңқұрай тұқымды көшеттері жалпы соммасы              377 000,0 мың теңге сатып алынды деп , соның 50 % несмесе 188650,0 мың теңгесің өтелуге  2021 жылдың 14 қазан айында №03-2021-04-2655 аудармалы өтінім беріліген.

Сол сияқты, тағыда «Асқаров» шаруашылық қожалығы атынан Еңбекшіқазақ ауданы Бөлек ауылдық округіне қарасты 10 гектар жеріне жеке кәсіпкер «Мусин Д.Е.»-ең жалпы 10 гектарға  245000 дана таңқұрай тұқымды көшеттері отырғызуға жалпы соммасы              134750,0 мың теңге сатып алынды деп, соның 50 % несмесе 67375,0 мың теңгесің өтелуге  2021 жылдың 15 қазан айында №03-2021-04-2656 аудармалы өтінім беріліген.  

       2021 жылдың 15 қазанындағы №12 ведомосы бойынша жалпы 931000 дана таңқұрай тұқымды көшеттеріне ЖК«Мусин Д.Е.» есеп шотына  барлығы 256025,0 мың теңге субсидия заңсыз аударылған.     

 «Асқаров» ШҚ-ын басшысы Ю.Аскаровтың түсініктемесі бойынша ол жеке кәсіпкер «Мусин Д.Е.» өкілдеріне өзінің электрондық цифрлық қолтанбасын берілгенін хабарлай отырып, жеке кәсіпкер «Мусин Д.Е.»-ің есеп шотына аудару туралы келісімің немесе өтінім бермегенін және таңқұрай тұқымды көшеттерін алмағанын, жеке қарасты  жеріне   таңқұрай тұқымды көшеттерін отырызылмағандығын растады. 

5.«Искандар» шаруашылық қожалығы атынан Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округіне қарасты жалпы 2,4 гектар жеріне «Мерке тәжірибелі шаруашылығы»ЖШС-ең  28.03.2022 жылы №2 келісім шарты бойынша отырғызуға жалпы 2400  дана алма тұқымды көшеттері жалпы соммасы              1320,0 мың теңгеге сатып алынды деп, соның 50 % несмесе 660,0 мың теңгесің өтелуге  2022 жылдың 05 сәуірінде №03-2022-04-018 субсидияға аудармалы өтінім беріліген.

        «Мерке тәжірибелі шаруашылығы»ЖШС-ің есеп шотына 2022 жылдың 11 сәуірінде 660,0 мың теңге толықтай аударылған.

        «Мерке тәжірибелі шаруашылығы»ЖШС-гі нақты сатылған алма көшеттеріне дұрыс мәлімет бермей, «Искандар»ШҚ-ың атынан ЭСҚ пайдаланып аудармалы өтінім беріп, артық 247,5 мың теңге субсидия алған (2400*550:2)-(1500*550:2).

       «Искандар»ШҚ-ың басшысы А.Искандаровтың тусініктемесі бойынша ол, 2022 жылы «Мерке тәжірибелі шаруашылығы»ЖШС-ен тек 1500 дана алма тұқымды көшеттерін 825,0 мың теңгеге сатып алғанын растап,  келісім шартын қол қойғанын, көшекттерді алған құжаттары  болмағанына, аудармалы субсидияға өтінім бермегеніне түсініктеме берілген.

6. Сол сияқты, «Зандаров Р.М.» шаруашылық қожалығы атынан  Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округіне қарасты жалпы 25,8 гектар жеріне «Мерке тәжірибелі шаруашылығы»ЖШС-ең  31.03.2022 жылы №3 келісім шарты бойынша отырғызуға жалпы 20770  дана алма тұқымды көшеттері жалпы соммасы              8308,0 мың теңгеге(20770*400) сатып алынған, нақты өтелуге 50 % несмесе 4154,0 мың теңге жатады.

        «Мерке тәжірибелі шаруашылығы»ЖШС-ің есеп шотына 2022 жылдың 08 сәуірінде 5711,7 мың теңге толықтай аударылған.

        «Мерке тәжірибелі шаруашылығы»ЖШС-гі нақты сатылған алма көшеттерінің бағасын дұрыс көрсетпей, «Зандаров Р.М.»ШҚ-ың атынан ЭСҚ пайдаланып 2022 жылдың 05 сәуірінде №03-2022-04-013 аудармалы өтінім 5711,7 мың теңге(20770*550:2) беріп, артық 1557,7 мың теңге субсидия алынған (5711,7-4154,0).

        «Зандаров Р.М»ШҚ-ың басшысының тусініктемесі бойынша ол, 2022 жылы   «Мерке тәжірибелі шаруашылығы»ЖШС-ен  20770 дана алма тұқымды көшеттерін 8308,0 мың теңгеге сатып алғанын растап,  келісім шартын қол қойғанын, көшеттерді алған құжаттары  болмағанына, аудармалы субсидияға өтінім бермегеніне түсініктеме берілген.

         Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының» бұйрығымен бекітілген 6 қосымшасында өтінім берудін үлгісі атап көрсетілген, алайда 2 тармағында өтінім берушінін толықтай мәліметі болу тиісті( Аты жөні, мекен жайы, жеке куәлігі, мекен жайы, байланыс телефоны, ЖСН).

         Жоғарыда аталынған қағидаларының 1 қосымшасынын 8,9 тармағына сәйкес өтінім берушінін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс немесе толық еместігін анықталған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері Қазақстан Республикасының заңдарында белгілен.

2021 жылы Талғар ауданының тұрғыны Даутов Турсынжан Даутовичтен («Даут» шаруашылық қожалығы) Жамбыл ауданы Базой ауылдық округіне қарасты жалпы 30,8 гектар жеріне жеке кәсіпкер «Абишев»-тең 08.09.2021 жылы №32/08 келісім шарты бойынша отырғызуға 738450 дана  таңқұрай тұқымды көшеттері жалпы соммасы              406147,5 мың теңге сатып алынған, соның 50 % несмесе 203073,7 мың теңгесің өтеуге 2021 жылдың 06 қазандағы №03-2021-04-2575  өтінім берілген.

Сол сияқты, Т.Даутовтан («Даут» шаруашылық қожалығы) Жамбыл ауданы Базой ауылдық округіне қарасты жалпы 70,6 гектар жеріне жеке кәсіпкер «Абишев»-тең 14.06.2021 жылы №31/06 келісім шарты бойынша отырғызуға 984600 дана  таңқұрай тұқымды көшеттері жалпы соммасы              541530,0 мың теңге сатып алынған, соның 50 % несмесе 270765,0 мың теңгесің өтеуге 2021 жылдың 17 қазандағы №03-2021-04-2249  өтінім берілген.

2021 жылдың 06 қазанындағы №11 ведомосы бойынша жалпы 1723050 дана таңқұрай тұқымды көшеттеріне   Д.Даутовтың есеп шотына барлығы 473838,7 мың теңге аударылған.

 Д.Даутовтың түсініктемесі бойынша 2021 жылы отырғызылған таңқұрай тұқымды көшеттері табиғи жағдайына байланысты тамырламаған, толықтай құрап кеткен.

Немесе, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 4-бабы 6), 12) тармақшасының нәтижелілігі мен тиімділігі қағидатын сақтамауға алып келді, мұнда бюджеттік бағдарламаларда көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеу және атқару, сондай-ақ ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттілігінен бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалану, тиімсіз пайдаланылған,  түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмегені және бюджет қаражатының қалдықтарын пайдалану жөніндегі талаптары сақталмағаны анықталды.

2021 жылғы 05 қаңтарда №20069 шарт бойынша Алматы облысы бойынша Ауыл шаруашылық басқармасы мемлекеттік мекемесі Ереже негізінде әрекет ететін Басшысы Есболатов Канат Болатович, «Өнім беруші» Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі ММ-ң ШЖҚ «Жетісу Су құбыры» қалалық МКК (басшысы Ким В.Ф) арасында Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚР Заңының мемлекеттік сатып алудың тәсілдерін қолданбай сумен жабдықтауға негізсіз шарт жасалған. Осылайша, мемлекеттік сатып алу әдісін қолданбай қағаз түрінде шартқа отыру  заңсыз болып табылады.

2021 жылғы 20 желтоқсанында №278804 шарт бойынша Алматы облысы бойынша Ауыл шаруашылық басқармасы мемлекеттік мекемесі Ереже негізінде әрекет ететін Басшысы Есболатов Канат Болатович, «Өнім беруші» Жетісу Энерготрейд ЖШС (басшысы Какабаев С.А.) арасында Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚР Заңының мемлекеттік сатып алудың тәсілдерін қолданбай электр энергиясымен қамтамасыз етуге негізсіз шарт жасалған. Осылайша, мемлекеттік сатып алу әдісін қолданбай қағаз түрінде шартқа отыру  заңсыз болып табылады.

2021 жылғы 03 қарашада №862 шарт бойынша Алматы облысы бойынша Ауыл шаруашылық басқармасы мемлекеттік мекемесі Ереже негізінде әрекет ететін Басшысының м.а. Омаров Коюмчан Аванович, «Өнім беруші» Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі ММ-ң ШЖҚ «Талдықорғанжылусервис» МКК (басшысы Ахымбеков М.А.) арасында Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V -V ҚР Заңының мемлекеттік сатып алудың тәсілдерін қолданбай жылу энергиясы беруге негізсіз шарт жасалған. Осылайша, мемлекеттік сатып алу әдісін қолданбай қағаз түрінде шартқа отыру  заңсыз болып табылады.

2021 жылғы 24 желтоқсанда №103 шарт бойынша Алматы облысы бойынша Ауыл шаруашылық басқармасы мемлекеттік мекемесі Ереже негізінде әрекет ететін Басшысы Джапаров Максут Рамазанович, «Өнім беруші» Тугушева Светлана Абдулана арасында Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚР Заңының 39-бап 3-тармақ 42-тармақшасына сәйкес «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде жалпы сомасы 283,8 мың теңгеге кеңсе тауарларын сатып алуға  №103 шарт жасалған. Заңның 39-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген сатып алу тәсілін қолдану негізсіз болып табылады, сондай-ақ бұл қызметті әлеуетті өнім берушілердің кең ауқымы көрсете алады. Осылайша, мемлекеттік сатып алу әдісін Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден қолдану заңсыз болып табылады.

2022 жылғы 05 қаңтарда №20069 шарт бойынша Алматы облысы бойынша Ауыл шаруашылық басқармасы мемлекеттік мекемесі Ереже негізінде әрекет ететін Басшысының м.а. Омаров Коюмчан Аванович, «Өнім беруші» Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі ММ-ң ШЖҚ «Жетісу Су құбыры» қалалық МКК (басшысы Ким В.Ф) арасында Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚР Заңының мемлекеттік сатып алудың тәсілдерін қолданбай сумен жабдықтауға негізсіз шарт жасалған. Осылайша, мемлекеттік сатып алу әдісін қолданбай қағаз түрінде шартқа отыру  заңсыз болып табылады.

2022 жылғы 20 желтоқсанында №278804 шарт бойынша Алматы облысы бойынша Ауыл шаруашылық басқармасы мемлекеттік мекемесі Ереже негізінде әрекет ететін Басшысының м.а. Омаров Коюмчан Аванович, «Өнім беруші» Жетісу Энерготрейд ЖШС (басшысы Какабаев С.А.) арасында Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚР Заңының мемлекеттік сатып алудың тәсілдерін қолданбай электр энергиясымен қамтамасыз етуге негізсіз шарт жасалған. Осылайша, мемлекеттік сатып алу әдісін қолданбай қағаз түрінде шартқа отыру  заңсыз болып табылады.

2022 жылғы 03 қарашада №862 шарт бойынша Алматы облысы бойынша Ауыл шаруашылық басқармасы мемлекеттік мекемесі Ереже негізінде әрекет ететін Басшысының м.а. Омаров Коюмчан Аванович, «Өнім беруші» Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі ММ-ң ШЖҚ «Талдықорғанжылусервис» МКК (басшысы Ахымбеков М.А.) арасында Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚР Заңының мемлекеттік сатып алудың тәсілдерін қолданбай жылу энергиясы беруге негізсіз шарт жасалған. Осылайша, мемлекеттік сатып алу әдісін қолданбай қағаз түрінде шартқа отыру  заңсыз болып табылады.      2022 жылғы 03 ақпанында №20 шарт бойынша Алматы облысы бойынша Ауыл шаруашылық басқармасы мемлекеттік мекемесі Ереже негізінде әрекет ететін Басшысы Есполатов Қанат Болатович, «Өнім беруші» RSB Education ЖШС арасында жасалған шарт Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚР Заңының 39-бап 3-тармақ 45-тармақшасына сәйкес «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» жалпы сомасы 80,0 мың теңгеге семинар тренинг "Кәсіби бухгалтер" біліктілігін арттыру бойынша негізсіз шарт жасалған, сондай-ақ бұл қызметті әлеуетті өнім берушілердің кең ауқымы көрсете алады. Осылайша, мемлекеттік сатып алу әдісін Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден қолдану заңсыз болып табылады.

 2022 жылғы 03 ақпанында №6 шарт бойынша Алматы облысы бойынша Ауыл шаруашылық басқармасы мемлекеттік мекемесі Ереже негізінде әрекет ететін Басшысының м.а. Омаров Коюмчан Аванович, «Өнім беруші» АҚ Қазақтелеком арасында жасалған шарт Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚР Заңының 39-бап 3-тармақ 1-тармақшасына сәйкес «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» Тіркелген жергілікті, қалааралық, халықаралық телефон байланысы қызметтері  бойынша жалпы сомасы 1850,0 мың теңгеге  сатып алуға негізсіз шарт жасалған, сондай-ақ бұл қызметті әлеуетті өнім берушілердің кең ауқымы көрсете алады. Осылайша, мемлекеттік сатып алу әдісін Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден қолдану заңсыз болып табылады.

       Жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар үшін "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру" Қазақстан Республикасының 05.07.2014 ж. № 235 "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"кодексінің 207-бабының 11-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

2021-2022 жылы пайдалануға қабылданған объектінің шығындар құны жалпы соммасы 1404345,5 мың теңге(2021ж.- 1086040,8 мың теңге,2022ж.-318304,7 мың теңге) бухгалтерлік есебі бойынша 2330 шоты «Құрылыстар» ұлғайтылмаған, және  жылдық бухгалтерлік баланста орын алмаған. Бұл өз кезегінде ҚР  Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» бұйрығының және ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»  Ережесінің 32,42,142,272 тармақтарының талаптарының бұзылуына әкелген, бұрмаланған қаржылық есептілікті жасағаны үшін (көрінеу дұрыс емес қаржылық есептілікті ұсыну) жағдайларда:

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабына сәйкес жоғарыда аталған заңнамалардың бұзылуына жол берген жауапты тұлғалардың әкімшілік жауапкершіліктері  қарастырылған.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе): _______________________________________________________

                                            (болған жағдайда)

III. Қорытынды бөлім

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін жалпы сомасы 1404345,5 мың теңгеге тиісті бухгалтерлік бухгалтерлік анықтамамен түзетілді.

Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің  207 және 238 баптары бойынша 4 материал жолданды.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қорытындылар

1. Жоғарыда көрсетілгендей, мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша 38 841 411,5 мың теңге қамтылып, өтелуге және қалпына келтіруге жататын 2 275 288,2 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар, 9 мемлекеттік сатып алу заңнамалары және 12 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

2. Бюджет қаражатының шығындарын жоспарлау және пайдалану кезінде тиімділік қағидаттарын сақтамау салдарынан 473838,7 мың теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға және 71141,0 мың теңге тиімсіз жоспарланғанына жол берілді.

3. Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджеттік Кодексінің  4 бабы 12 тармағы, Субсидия төлеу барысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 бұйрығымен бекітілген «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының» 3-тарауында тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау ережелері мен субсидияларды төлеу тәртібі сақталған. Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына 2-қосымшасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 01.08.2017 жылғы №468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілікті жасау мен ұсынудың нысандары мен қағидаларын бекіту туралы» 27,28 – тармақтары, ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»  Ережесінің 32,42,142,272 тармақтарының талаптары, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 - тармағы  талаптарын сақтамау салдарынан жіберілді.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар:

Тексеру комиссиясының отырысында ауыл шаруашылығына, асылдандыру жұмыстарына көрсетілген қолдау - тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара аналығының үлесін ұлғайту, сиыр еті өндірісінің көлемін өсіру, құс шаруашылығын одан әрі дамытытуға, аудандарда жалпы егіс көлемінің, дәнді-дақылдар, майлы дақылдар және картоп дақылы бойынша егіс алқаптары кеңітуге бөлінген қаражаттың жоспарлауы мен пайдаланудың іске асыру тиімділігіне мемлекеттік аудит нәтижелерін қарау.

3.4. Қосымша: анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (..... парақта).

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                               А.Кондыбаева

№2 мемлекеттік аудит бөлімінің                               А.Сәді

басшысы-мемлекеттік аудитор                                       

Талдау, сапаны жоспарлау және

бақылау бөлімінің басшысы

-мемлекеттік аудитор                                               С. Елубаева

 

Әкімшілік-құқықтық бөлімінің

бөлімінің басшысы

-мемлекеттік аудитор                                           А. Кулмухамбетова

 

Аудит тобының жетекшісі

бас маман-мемлекеттік аудитор                                 Б.Орманов

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ