Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Қонаев қаласы мәслихатының аппараты»

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 14.06.2024
Просмотры: 2 Печать страницы

 

 

 

    

    

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы

    

    

                
                                    

 

Алматы облысы бойынша

тексеру комиссиясының

төрағасы

М. Мұсаевқа

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы:  «Қонаев қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: «Қонаев қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері: «Қонаев қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2024 жылдың  31 наурызы аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

«Қонаев қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қонаев қалалық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Мақсаттары қалалық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының тиімді қызметін қамтамасыз ету, қалалық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының, ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық қызметін қамтамасыз ету, қалалық мәслихаттың және оның органдарының бақылау функцияларын іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.  Өкілеттіктері, құқықтарына мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан жоспарланып отырған қалалық мәслихаттың сессияларының және тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелер, бойынша ақпаратты сұрау, депутаттардың сауалдарын және депутаттық ұсыныстарды уақытылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге сауалдар жіберу кіреді. Міндеттері қалалық мәслихатына жолданған заңды және жеке тұлғалардың өтініштерінің орындалу мерзімі мен нәтижесін бақылауды жүзеге асыру, қалалық мәслихат сессияларын және тұрақты комиссиялардың отырыстарын хаттамалауды қамтамасыз ету болып табылады.

Қонаев қаласы мәслихатының 8 шақырылмында, яғни 2023 жылдың наурыз айынан 2024 жылдың мамыр айына дейін 27 сессия өткізіліп, ол жерде 91 мәселе қаралған.

Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес құқықтық нормаларды белгілейтін мәслихаттың 8 шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен. Сессияда қаралған мәселелердің қатарында бюджетті бекіту, оған түзетулер енгізу, қала мен ауылдық округтері бюджеттерінің орындалуы,  жергілікті атқарушы органдарының нормативтіқ құқықтық актілерін бекіту туралы т.б мәселелер бар.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері

«Қонаев қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен 2023-2024 жылдары аралығында 100 790,8 мың теңге бөлінген бюджет қаражаты қамтылды, қорытындысымен Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптарын сақтамау бойынша жалпы сомасы 2 648,8 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, соның ішінде: 1 547,3 мың теңгесі бюджет есебіне өндірілуі тиіс, 1 101,5 мың теңгесі қалпына келтірілуі тиіс.

Осымен қатар 6 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.

Бұзушылықтардың сипаттамасы:

1-тармақ. Мекемемен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсанындағы №195 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларының» 22 тармағының талабы сақталмаған, яғни, 2023-2024 жылдары бюджеттік бағдарламалар бекітілгеннен кейін күнтізбелік 3 күн ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің веб – сайтында уақытылы орналастырылмағаны анықталған.

2-тармақ. Мекеме Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 2 бап 22 тармағын және 5 бап 1 тармақ 2 тармақшасының талаптарын сақтамай,   2023 жылы мемлекеттік сатып алу порталында келісім шарт жасамастан,   ЖК «Канцторгсервис»-ке 160,0 мың теңге кеңсе тауарлары үшін есеп шот фактурасы мен жүкқұжат негізінде аударғаны анықталған.

3-тармақ. Мекеме Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 2 бап 22 тармағын және 5 бап 1 тармақ 2 тармақшасының талаптарын сақтамай,   2023 жылы мемлекеттік сатып алу порталында келісім шарт жасамастан,   ЖШС «Дом печати Эдельвейс»-ке 56,5 мың теңге өзге де полиграфиялық қызметтер үшін орындалған жұмыстар актісі және төлем шоты негізінде аударғаны анықталған.

4-тармақ. Мекеме Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43 бабының 24 тармағы және 2023-2024 жылдардағы келісім шарттардың 7.3. тармақтары басшылыққа алынбай, келесі «Өнім беруші»-лерден жұмыстарды орындау мерзімін  кешіктіріп орындағаны үшін, жалпы тұрақсыздық айыбы 118,7 мың теңгені өндіріп алу қамтамасыз етілмегені анықталған.

- 06.01.2023 жылғы  №1 мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институты»  шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

- 16.01.2023 жылғы  №3 мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша ЖШС «Азия-Сервис»;

- 19.01.2023 жылғы  №7 мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша ЖК «SABR»;

- 10.02.2024 жылғы  №6 мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша

ЖШС «Азия Сервис - Астана»;

- 09.02.2024 жылғы  №3 мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша ЖК «Arystan»-ның тұрақсыздық айыбы 18,5 мың теңге аудит барысында 2024 жылдың 29 сәуір №137 төлем тапсырмасымен бюджет есебіне қайтарылды.

5-тармақ. Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 12 бабы 4 тармағының 3) тармақшасы басшылыққа алынбай, мекеме сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, өнім берушілер, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институты»  ШЖҚРМК, ЖШС «Азия-Сервис», ЖК «SABR», ЖШС «Азия Сервис - Астана», ЖК «Arystan»-ды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбегені анықталған.

6-тармақ. 2023 жылдың 19 желтоқсанында баға ұсыныстарын сұрату әдісі бойынша жеңімпаз ЖК «Гайниев»-пен 21,5 мың теңгеге желдету жүйелеріне және жабдықтарға техникалық қызмет көрсету бойынша келісім шарт жасалған. Алайда, өнім беруші шарт талаптары бойынша жұмыстарды орындамаған.

Мекемемен Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 12 бабы 4 тармағының 3) тармақшасы басшылыққа алынбай, сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, өнім беруші   ЖК «Гайниев»-ты мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбегені анықталған.

7-тармақ. Мекеме Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43 бап 26 тармағы, мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезінде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы, саны, сапасы, техникалық өзіндік ерекшелігі, құны, оларды беру (орындау, көрсету) орны мен мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мазмұнына сәйкес келуге тиіс екенін басшылыққа алмай, 2023-2024 жылдары интернет желісіне қол жеткізу және телефон байланысы қызметтері бойынша жасаған келісім шарттарында, техникалық өзіндік ерекшелігі мен шарттың мазмұнында айырмашылық бар екені анықталған.

8-тармақ. Мекеме ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 бұйрығының 1-қосымшасының 19-тармағының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығының 225 тармағының талаптарын басшылыққа алмай, 2023 жылдың 3 шілдесінен бастап қызметтік автокөліктің болмауына қарамастан, жұмыскер жеке мүлкін жұмыс берушінің мүддесіне қолдану туралы жазбаша нысандағы келісімдердің болмауына қарамастан 264,0 мың теңге тұратын 1056 литр жанар жағармай негізсіз жұмсалып, есептен шығарылғаны анықталды. Жанар жағармайды орнына қою арқылы және есепке алу бойынша қалпына келтіру жолымен өтелуге тиіс.

9-тармақ. Мекеме Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 103-бап 1-тармағын басшылыққа алмай, мекеменің хатшысы С.Нурсолтанованың өкілеттік мерзімі 2023 жылдың 20 қаңтарынан бастап тоқтатылғанын есепке алмай, 2023 жылдың қаңтар айында жұмыс істемеген 8 күн үшін қайта есептеу жүргізілмегендігі анықталды. Ұсынылған есеп айырысу парақтарына сәйкес,  жұмыс істемеген 8 күн үшін 202,9 мың теңге бюджет есебіне өтелуге жатады.

10-тармақ. Мекеме Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 96-бап 2-тармағын басшылыққа алмаған. Яғни, мекеменің хатшысы С.Нурсолтановаға 2021 жылдың 15 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 19 қаңтар аралығы жұмыс кезеңдері үшін тиісті жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріліп, толық төленген. Еңбек демалысын толық пайдаланғанына қарамастан,  өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін  пайдаланылмаған еңбек демалыс күндері үшін С.Нурсолтановаға 199,4 мың теңге көлемінде өтемақы төлемі жүргізілгені анықталды,  бұл сома бюджет есебіне өтелуге жатады.

11-тармақ. Мекеме Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 96-бап 2-тармағын басшылыққа алмаған. Яғни, мекеменің төрағасы Қ.Ахметтаевқа 2023 жылдың 30 наурызынан  бастап 2024 жылдың 15 ақпан аралығы жұмыс кезеңдері үшін тиісті жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріліп, толық төленген. Еңбек демалысын толық пайдаланғанына қарамастан,  лауазымынан босатылғаннан  кейін  пайдаланылмаған еңбек демалысы күндері үшін Қ.Ахметтаевқа 218,9 мың теңге көлемінде өтемақы төлемі жүргізілгені анықталды,  бұл сома бюджет есебіне өтелуге жатады.

12-тармақ. Мекеме Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 92-бап 2-тармағын басшылыққа алмаған. Яғни Қ.Ахметтаев мекемеде 2023 жылдың 30 наурызынан 2024 жылдың 14 ақпаны аралығында жұмыс істеген. Нақты жұмыс істеген уақыты үшін ақы төленетін еңбек демалысы 27 күнтізбелік күн болуы тиіс. Алайда демалысты 30 күнтізбелік күніне жүргізілгені анықталды. 3 күнтізбелік демалыс күні үшін төленген 90,7 мың теңге бюджет есебіне өтелуге жатады.

13-тармақ. Мекемемен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысының 9-10 тармақтарының талаптары басшылыққа алынбаған. Яғни Қонаев қаласының мәслихатының төрағасы К.Ахметтаевтың 2023 жылғы 06 желтоқсандағы №01-27/43 өкімімен Тәуелсіздік күніне сыйақы 4 лауазымдық жалақысы мөлшерінде және 2023 жылғы 07 желтоқсандағы №01-27/45 өкімімен Жаңа жыл мерекесіне сыйақы 5 лауазымдық жалақысы мөлшерінде белгіленген. Алайда, У.Казбековаға – 170,7 мың теңге, М.Аметоваға – 210,4 мың теңге, М.Жексембайға – 158,0 мың теңге, Ж.Калиеваға – 177,6 мың теңге, жалпы сомасы 716,7 мың теңге сыйақы артық аударылғаны анықталды, бұл сома бюджет есебіне өтелуге жатады.

14-тармақ. Алайда, мекеменің ұсынған ұзақ мерзімді активтер қалдықтарының ведомосына сәйкес, ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығының 243 тармағының және ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығының 5 тарау 12,16 тармақтарының талаптары сақталмағаны анықталған, 525,2 мың теңге сомасына негізгі құралдар дұрыс шоттарда көрсетілмеген. Анықталған бұзушылық аудит барысында сәйкеске келтірілді.

15-тармақ. Мекеменің ұсынған төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы төлемдеріне аударымдар жөніндегі салық кабинетінен түсірілген салық төлеушінің дербес шотының деректерін зерделеу барысында 2023 жыл қорытындасы бойынша жеке табыс салығы бойынша 289,3 мың теңге, әлеуметтік салық бойынша 23,0 мың теңге  дебиторлық берешек болғаны анықталған. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен 114, 115 және 118-тармақтарының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығының 9 тармағының талаптары сақталмаған.

Сонда-ақ, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығының 3 тарау 31 тармағының талаптары сақталмай 2023 жылдың  01 қаңтарындағы қаржылық есептілігінің ҚЕ-1 нысаны бойынша есепті кезеңнің бухгалтерлік балансында салықтар  бойынша 312,3 мың теңге сомасына дебиторлық берешек көрсетілмеген. Бұл қаржылық  есептіліктің бұрмалануына алып келген.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):

Қонаев қаласы мәслихатының 8 шақырылмында, яғни 2023 жылдың наурыз айынан 2024 жылдың мамыр айына дейін 27 сессия өткізіліп, ол жерде 91 мәселе қаралған.

Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес құқықтық нормаларды белгілейтін мәслихаттың 8 шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен. Сессияда қаралған мәселелердің қатарында бюджетті бекіту, оған түзетулер енгізу, қала мен ауылдық округтері бюджеттерінің орындалуы,  жергілікті атқарушы органдарының нормативтіқ құқықтық актілерін бекіту туралы т.б мәселелер бар.

Қалалық мәслихаттың қала бюджетін бекіту туралы 2022 жылы 27 желтоқсанда «Қонаев қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 35-100 шешімі қабылданған. Осы шешімге 2023 жылы 5 рет түзетулер енгізілген.

Қалалық мәслихаттың ауылдық округтердің бюджетін бекіту туралы 2022 жылы 29 желтоқсанда «Қонаев қаласының ауылдық округтерінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттері туралы» № 36-101 шешімі қабылданған. Ол шешімге 2023 жылы 4 рет түзетулер енгізілген.

Қалалық мәслихаттың қала бюджетін бекіту туралы 2023 жылы 29 желтоқсанда «Қонаев қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 17-51 шешімі қабылданған. Ол шешімге 2024 жылы 23 сәуірде 1 рет түзету енгізілген.

Қалалық мәслихаттың ауылдық округтердің бюджетін бекіту туралы 2022 жылы 29 желтоқсанда «Қонаев қаласы ауылдық округтерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы» № 17-52 шешімі қабылданған. Бұл шешімге түзетулер енгізу туралы шешім жобасы қазіргі уақытта Ашық нормативтік құқықтық актілер порталында талқылауға жарияланған.

III. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін бюджет есебіне жалпы сомасы 1 096,04 мың теңге өндірілді, 1 101,5 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес 1 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартуға 1 материал және 207 бабына сәйкес 2 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартуға 4 материал, барлығы 5 материал жолданды. Бүгінгі күнге барлық материал Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде қаралуда.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

1. Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша жалпы сомасы 2 648,8 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде: 2 648,8 мың теңге қаржылық бұзушылықтар және 6 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

2. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың басым бөлігі «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңның, «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларының», «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының, Еңбек Кодексінің,

«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» бұйрығының, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарының сақталмауынан орын алған.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар.

«Қонаев қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

1. «Қонаев қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігі аудитінің нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралуын.

2. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларымен бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрын жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында жергілікті бюджет есебіне өндірілген 1 096,04 мың теңге және есептілік бойынша қалпына келтірілген 1 101,5 мың теңге назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін жұмыстар жүргізілуін.

3. «Қонаев қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі келесі шараларды қабылдауын:

1) «Қонаев қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша аудит қорытындысымен анықталған С.Нурсолтановаға еңбекақы бойынша артық төленген 202,9 мың теңге мен жұмыстан босатылған кезде демалыс өтемақысы бойынша негізсіз төленген 199,4 мың теңгені, жалпы сомасы 402,3 мың теңгені бюджет есебіне өндіру қамтамасыз етілсін.

2) «Өнім беруші» ЖК «SABR»-дан жұмыстарды орындау мерзімін  кешіктіріп орындағаны үшін, тұрақсыздық айыбы 49,0 мың теңгені бюджет есебіне өндіру қамтамасыз етілсін.

3) Нұсқама жіберуді.

4) Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзылуына жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралсын.

3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар  мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.

 

 

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                                         А. Кадир

 

Сапа бақылауына жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы                                   С.Елубаева

 

Құқықтық сүйемелдеуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы                                А.Кулмухамбетова 

 

Аудит тобының жетекшісі                                                 А.Кулмухамбетова                                     

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ