Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Жамбыл ауданының

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 20.06.2024
Просмотры: 10 Печать страницы

 

    

    

    

    

 

 

 

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы

 

Алматы облысы бойынша

тексеру комиссиясы

Төрағасы М. Мұсаевқа

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Жамбыл ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жамбыл ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

2. «Жамбыл ауданы әкімдігінің Ұзынағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

3. «Жамбыл ауданы әкімдігінің Самсы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

4. «Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

5. «Жамбыл ауданы әкімдігінің Мыңбаев ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6. «Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

7. «Жамбыл ауданы әкімдігінің Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

8. «Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің «Жамбыл аудандық кітапханасы» КММ;

9. «Жамбыл ауданы әкімдігінің Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

10. «Жамбыл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

11. «Жамбыл ауданы әкімдігінің Беріктас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

12. «Жамбыл ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл ауданының спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

13. «Жамбыл ауданы әкімдігінің Шиен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

14. «Жамбыл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 

15. «Жамбыл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік  мекемесі;

16. «Жамбыл ауданы әкімдігінің Теміржол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

17. «Жамбыл ауданы әкімдігінің Шолаққарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

18. «Жамбыл ауданы әкімдігінің Үңгіртас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

19. «Жамбыл ауданы әкімдігінің Талап ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

20. «Жамбыл ауданы әкімдігінің Ақтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

21. «Жамбыл ауданы әкімдігінің Үлгілі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

22. «Жамбыл ауданы әкімдігінің Үлкен ауылдық округі әкімінің аппарат1» мемлекеттік мекемесі;

23. «Жамбыл ауданы әкімдігінің Таран ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

24. «Жамбыл ауданы әкімдігінің Мәтібұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

25. «Жамбыл ауданы әкімдігінің Қарақастек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

26. «Жамбыл ауданы әкімдігінің Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

27. «Жамбыл аудандық мәслихаттың аппараты» мемлекеттік мекемесі.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2023 жылдың 31 желтоқсан аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік.

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

Аудан бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің деректеріне сәйкес 2022 жылға кірістер 13536937,0 мың теңге көлемінде бекітілді, жыл ішінде жоспар 910297,0 мың теңгеге немесе 6,7 % кобею жағына түзетілді және 14447234,0 мың теңгені құрады (меншікті кірістер бойынша – 3219368,0 мың теңге, трансферттер бойынша – 11227866,0 мың теңге). Нақты 2022 жылы 14692847,1 мың теңге сомасында кірістер алынды, түзетілген жоспарға 101,7%-ға орындалды немесе 245613,1 мың теңгеге артық орындалды.

Кірістер құрылымында айтарлықтай үлесті меншікті кірістер құрайды, олар 2022 жылы 22,3% немесе 3219368,0 мың теңгені құрады. Оның ішінде салықтық түсімдер 21,3% немесе 3079225,0 мың теңгені, салықтық емес түсімдер 0,2 % немесе 28872,0 мың теңгені, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 0,8 % немесе 111271,0 мың теңгені құрады.

2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет Жамбыл аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 28 желтоқсандағы «Жамбыл ауданының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» №14-79 шешімімен бекітілген және Жамбыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы «Жамбыл аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 28 желтоқсандағы «Жамбыл ауданының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» №14-79 шешімін жүзеге асыру туралы» №01 қаулысымен орындауға қабылданды. 2022 жыл ішінде бюджеттік заңнама нормаларына сәйкес аудандық бюджетті 5 нақтылау және 6 түзету жүргізілді.

Ауылдық округтерінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттері аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 30 желтоқсандағы сессиясының «Жамбыл ауданының  ауылдық округтерінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» №15-83 шешімімен бекітілген және ауылдық округтер әкімдерінің шешімдерімен орындауға қабылданды. 2022 жыл ішінде бюджеттік заңнама нормаларына сәйкес көрсетілген бюджеттерді 5 нақтылау 1 түзету жүргізілді.

2022 жылғы жалпы ауданның жиынтық бюджетінің түсімдер бөлігі 101,9%-ға орындалған, жоспар бойынша 15175425,0 мың теңге, орындалғаны 15468433,6 мың теңге, немесе жоспардан асып түскен түсімдер көлемі 293008,6 мың теңгені құрайды.

2022 жылдың басында кірістер 14 256 728,0 мың теңге көлемінде бекітілді, жыл ішінде жоспар 918697,0 мың теңгеге немесе 6,4 % кобею жағына түзетілді және 15 175 425,0 мың теңгені құрады (меншікті кірістер бойынша – 3991489,0 мың теңге, трансферттер бойынша – 11183936,0 мың теңге).

Нақты 2022 жылы 15468433,6 мың теңге сомасында кірістер алынды, түзетілген жоспарға 101,9%-ға орындалды, 293008,6 мың теңгеге артық орындалды.

Есепті кезеңде ауданның (өзара өтелетің кодтарды қосып есептегенде) жиынтық бюджетінің шығыстары 15894344,0 мың теңге болып бекітіліп, нақтылаулар мен түзетулер нәтижесінде 17777223,0 мың теңгеге жетті.

2022 жылдың қорытындылары бойынша ауданның жиынтық  бюджетінің шығыстары 17763022,1 мың теңгеге немесе 99,9%-ға атқарылды.

Жамбыл аудандық мәслихатының «Жамбыл ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №33-157 шешімімен бекітілген. 2023 жылдың аралығында аудандық мәслихаттың сессияларында 4 рет аудандық бюджетке нақтылау және аудан әкімінің қаулыларымен 12 рет түзетулер жасалды.

 2023 жылдың қорытындысы бойынша аудандық бюджеттік параметрлердің орындалуы: түсімдер бойынша – 19 899224,3 мың теңге немесе жоспарға 101,8 %, шығыстар бойынша – 20 603 767,7 мың теңге немесе 97,8 % құрады.

2023 жылдың қорытындысы бойынша аудандық бюджет профициті -821579,9 мың теңге мөлшерінде қалыптасты.

2023 жылы аудандық бюджетке түскен түсімдер 21 479 060,7 мың теңгені немесе түзетілген бюджетке 101,8 % құрады. Олар;

- Кірістер 19 889 224,3 мың теңге;

- Бюджет кредиттерін өтеу сомалары 125808,4 мың теңге;

- Қарыздар түсімі 1464028,0 мың теңге.

2023 жылы бюджеттік кредиттерді өтеу 101 091,0 мың теңгеге жоспарланып, 125 808,4 мың теңгеге орындалды немесе 124,5 %. 2022 жылмен салыстырғанда 47,2%-ға артқан.

Нақты 2023 жылы 19 889 224,3 мың теңге сомасында кірістер алынды, түзетілген жоспарға 101,8% - ға орындалды.

2023 жылғы аудандық бюджеттің шығыстары 13 728 982,0 мың теңге болып бекітіліп, нақтылаулар мен түзетулер нәтижесінде 22 273 783,7 мың теңгеге жетті.

Жамбыл ауданының 2023 жылғы бюджетінің шығындары бойынша орындалуына келсек, есепті қаржы жылына түзетілген бюджет бойынша қаралғаны 21 076 949,7 мың теңге, игерілгені 20 603 737,7 мың теңгені құрап, 97,8 %-ға атқарылды. Ауылдық округтардың шығындары жалпы 1 549 040,0 мың теңге көлемінде нақтыланып 1 543 164,1 мың теңгеге орыналды, яғни 99,6 пайызды құраған.

Аудан бойынша 11 бюджеттік бағдарлама әкімішісі 75 бюджеттік бағдарлама бойынша 19 861 875,7 мың теңге қарастырылып, 19 394 539,6 мың теңге игерілді, немесе 97,6 %. 

Жоғарыда көрсетілген бюджеттік бағдарламалар бойынша ББӘ 213 Тікелей нәтиже көрсеткіштері мен 198 түпкілікті нәтиже көрсеткіштері қабылданды.

Бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу туралы ақпарат негізінде 24 ауылдық округтер  барлығы 138 нәтижелер  133 көрсеткіштеріне 96,4 % қол жеткізілген.

2023 жылдың қорытындысы бойынша аудандық бюджеттік параметрлердің орындалуы: түсімдер бойынша – 21 479 060,8 мың теңге немесе жоспарға 101,8 %, шығыстар бойынша – 20603737,7 мың теңге немесе 97,8 % құрады.

Барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізу көрсеткіші 93,0% шығындар бойынша аудан бюджетін орындау кезінде 97,8% мөлшерінде қалыптасты, бюджеттік бағдарламаларды орындау тиімділігі 93,0% деңгейінде қалыптасқан.

2023 жылдың қорытындысы бойынша аудандық бюджет профициті                       -821579,9,0 мың теңге мөлшерінде қалыптасты.

Барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізу көрсеткіші 93,0% шығындар бойынша аудан бюджетін орындау кезінде 97,8% мөлшерінде қалыптасты, бюджеттік бағдарламаларды орындау тиімділігі 93,0% деңгейінде қалыптасқан.

Жалпы алғанда, Жамбыл ауданының аудандық бюджетінің атқарылуын бағалау нәтижелері аудандық бюджеттің атқарылуы негізінен Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына және мемлекеттік және бюджеттік бағдарламаларда көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған бюджет қаражатының нысаналы сипатына сәйкес келетінін көрсетті.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері:

Аудит нәтижелері, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады: Жамбыл ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 7 424 943,7 мың теңге бюджет қаржысы есебінен жұмсалған қаражаты қамтылды және Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптарын сақтамау бойынша жалпы сомасы 598 575,2 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:

- 273 981,9 мың теңге қаржылық бұзушылықтар (270 094,2 мың теңге қалпына келтіруге жататын және бюджет есебіне өндіруге жататын соммасы – 3 887,7 мың тенге);

- 55 501,9 мың теңге тиімсіз жоспарлау;

- 269 091,4  мың теңге тиімсіз пайдалану.

Сонымен қатар 26 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.  

1. Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:

1) 2023 жылға жасалған бюджеттік өтініміне сәйкес 011 «Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу» бюджеттік бағдарламасы 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігіне жыл басында 2703,0 мың теңге қаралған.

Сол жылдың ақпаны айында аталған бағдарламаға облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақы төлемдерін, бір жолғы және өзге де төлемдерді ұйымдастыру және жүзеге асыруға 1 850,0 мың теңге қосымша берілген.

Алайда, жыл бойы аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылардың нақты санының жоспарланған санынан аз болуына байланысты, Мекемемен жыл бойы қаржыландыру жоспарына енгізілген өзгерістер мен толықтауларға сәйкес, аталған бюджеттік бағдарламаға қаралған барлық қаражаттардың жыл басында бөлінген 2703,0 мың теңгесі толығымен өз мақсатында пайдаланылмай, 2023 жылдың қараша айында басқа да бағдарламаларға жылжыту арқылы басқа да шығындарға жұмсалынған.

Бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабы 12) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік қағидатының сақталмағанды, яғни бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару шаралары атқарылмағандығы болып табылады.

Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану.

Демек, 2023 жылға жоспарланып берілген 2 703,0 мың теңге қаражаты тиімсіз жоспарланған болып табылады.

2. «Жамбыл ауданы әкімдігінің Ұзынағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеу туралы» бірыңғай ережесінің 4-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, қызметкерге оның алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде сыйлық берілмейді.

Аудит барысында Мекеме қызметкерлері Г.Ешетов пен А.Оңлабаеваға ауылдық округ әкімінің өкімдері негізінде 2023 жылдың ақпан айында «Ескерту» түрінде берілген тәртіптік жазасы алынбай, 2023 жылдың маусым айында барлығы 49 740 теңге көлемінде сый ақы заңнама талаптарына қайшы төленген.

2). Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 22 қыркүйегіндегі № 1428 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджеттiк қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтік iссапарлары туралы» Ережесінің 2-тармағына сәйкес, мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiн iссапарға жiберудi бұйрықтың (өкiмнiң) негiзiнде баратын жерi мен мекеменiң атауын, iссапардың мерзiмi мен мақсатын көрсете отырып, орталық атқарушы органның жауапты хатшылары (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғалары), ал мұндай болмаған жағдайда - осы мемлекеттiк мекемелердiң басшылары жүргiзедi.

Алай, аталған заңнама талаптарына қайшы, округ әкімінің іс-сапарға жіберу туралы өкімінсіз, сондай-ақ жұмыстан босатылып, іс-сапарға бармаған Мекеме қызметкерлеріне 2022 жылы 19 177 теңге, 2023 жылы                 124 338 теңге, барлығы 143 515 теңге көлемінде іс-сапар шығындары негізсіз өтелген.

3). Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бекітілген № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу туралы» Қағидаларының және (әрі қарай - № 393 Қағида) 15-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау үшін толық және нақты ақпаратпен мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етуі тиіс.

Аудит барысында Мекемемен ұсынылған салықтар бойынша жеке шоттардағы мәліметтерді қарау барысында 2023 жыл қорытындысы бойынша Мекеме бойынша төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталынатын жеке табыс салығы бойынша 253846 теңге және әлеуметтік салық бойынша 91000 теңге, барлығы 344 846 теңге көлемінде дебиторлық қарыздар қалыптасқаны анықталды.

Алайда, аудитке ұсынылған жылдық есептілікте (бухгалтерлік баланс) аудит барысында анықталған берешектер көрсетілмеген немесе бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру фактісі орын алған.

4). Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының кіре берісіне көше жарығын орнату (ауыл шекарасы-Алматы/Бишкек трассасы) жұмыстарын жүргізуге 2022 жылдың 21 желтоқсанында Мекеме мен «ЭЛКОМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында 48 526,8 мың теңгеге № 103 (веб порталда № 970640002920/220080/00) келісім-шарты түзілген, жұмыстарды орындау мерзімі Келісім шартқа отырған күннен бастап 60 күн ішінде деп белгіленген.

Жұмыстардың 2023 жылы аяқталуына байланысты келісім-шарт соммасы жалпы соммасының 10 пайызына азайтылып, 2022 жылдың 24 желтоқсанындағы № 1 қосымша келісім жасалған.

Аудит барысында ұсынылған құжаттарға, оның ішінде 2022 жылдың желтоқсан айына орындалған жұмыстардың құны және шығындар туралы анықтамасына сәйкес 2022 жылы 43 726,8 мың теңге төленген.

Қалған 4800,0 мың теңгесіне «ЭЛКОМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 2023 жылдың 06 ақпанында № 2 және 2023 жылдың 20 ақпанында № 3 қосымша келісімдері жасалған.

Алайда, аудит барысында аталған қаражаттардың толығымен игерілмей, жыл аяғында бюджетке қайтарылғандығы, себебі «Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының кіре берісіне көше жарығын орнату (ауыл шекарасы-Алматы/Бишкек трассасы)» нысаны осы уақытқа дейін тиісті түрде пайдалануға қабылданбаған.

Осы жағдай бойынша Жамбыл ауданы әкімдігінің «Ұзынағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан 2023 жылдың 30 маусымында «ЭЛКОМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына аталған Мердігерден тұрақсыздық айыппұл өндіру және оны мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу туралы талап-арыз берілген, алайда Сот шешіміне сәйкес, талап арыз қанағаттандырылмаған.

Бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік Кодексінің 12) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін принциптерінің тиімділік қағидаты сақталмағандығын білдіреді, немесе бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген.

3. «Жамбыл ауданы әкімдігінің Самсы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

1). Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 23 қарашасындығы №414-V «Еңбек кодексінің» 23 бабының 6 тармақшасы, ұжымдық шарттың 3.4-4.2.6 тармақшалары  және Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағының 1 тармақшасы толық сақталынбай округ әкімі Кусаинов Ержан Дауытхановичтің 2022  жылдың 31 қаңтардағы №11-ө өкіміне сәйкес аудан әкімі Н.Ертаспен ескерту жарияланған. Ескерту мерзімінен бұрын шешілмеген немесе алынбаған.2022 жылдың наурыз айына 121,5 мың теңге негізсіз сыйақы тағайындалып төленген.

Аталған сома аудит барысында 2024 жылдың 18 сәуірде №0091 түбіртек бойынша жергілікті бюджет 206109 кодына өндірілді.

2). Мердігер "Асем-Құрылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қалған орындалған жұмыстар актісін 2022 жылдың 27 желтоқсанда жалпы соммасы 377,9 мың теңгенің жұмыстарын  27 күнге кешігіп өткізген.

Мемлекеттiк сатып алу  Заңының 43 бабының 24 тармағының және негізгі келісім шарттың 7.3 тармақтарына сәйкес Қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс. Яғни 377887*0,1%*27 күн =10203 теңге жергілікті бюджет 206109 кодына өңдірілуі тиіс.

3). Тапсырыс беруші тарапынан жоғарыда аталған келісім-шарттар бойынша тиісті Мердігерлерге  қатысты Мемлекеттiк сатып алу Заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес шаралар  қолданбаған,  Жамбыл ауданы әкімдігінің "Самсы ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осындай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

4). Мердігер "Асем-Құрылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қалған орындалған жұмыстар актісін 2022 жылдың 27 желтоқсанда жалпы соммасы 849,2 мың теңгенің жұмыстарын  27 күнге кешігіп өткізген.

Мемлекеттiк сатып алу  Заңының 43 бабының 24 тармағының және негізгі келісім шарттың 7.3 тармақтарына сәйкес Қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс. Яғни 849242*0,1%*27 күн =22930 теңге жергілікті бюджет 206109 кодына өңдірілуі тиіс.

5). Сонымен қатар, Тапсырыс беруші тарапынан жоғарыда аталған келісім-шарттар бойынша тиісті Мердігерлерге  қатысты Мемлекеттiк сатып алу Заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес шаралар  қолданбаған,  Жамбыл ауданы әкімдігінің "Самсы ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осындай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

6). Мердігер "Игілік Стройпроект" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орындалған жұмыстар актісін 36 күнге кешігіп өткізген.

Мемлекеттiк сатып алу Заңының 43 бабының 24 тармағының және негізгі келісім шарттың 7.3 тармақтарына сәйкес Қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс. Яғни 3658387*0,1%*36 күн =131702 теңге жергілікті бюджет 206109 кодына өңдірілуі тиіс.

7). Сонымен қатар, Тапсырыс беруші тарапынан жоғарыда аталған келісім-шарттар бойынша тиісті Мердігерлерге  қатысты Мемлекеттiк сатып алу Заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес шаралар  қолданбаған,  Жамбыл ауданы әкімдігінің "Самсы ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осындай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.    

4. «Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:

1). Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 51-бабының 2-тармағын және ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы №1181 қаулысымен бекітілген, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.06.2023 жылғы №225 бұйрығымен бекітілген тізбелеріне сәйкес нормаларды бұза отырып, Ұйымдастырушы мемлекеттік қолдау шаралары қолданылатын әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттары арасында емес, Мекемемен «МАКАШОВ» ЖК арасында 2022 жылдың 13 қазанындағы № 26 келісім шарты және «Сыдыков» ЖК арасында 2023 жылдың 01 шілдесіндегі № 21 келісім шарттары бойынша «құжат тігілетін папкалар, қағазға арналған папкалар, сызғыштар» жалпы негіздерде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғандығы анықталды.

2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығының 3-тарау, 25 тармағының талаптары сақталмай, 2023 жылдың бухгалтерлік баланстың ҚЕ-1 нысаны бойынша 013 код жолында жалпы сомасы 900,6 мың теңге дебиторлық берешек қаржылық есептілікте көрсетілмеген, атап айтқанда (әлеуметтік салықтан – 415,8 мың теңге және жеке табыс салығынан – 484,8 мың теңге) осылайша қаржылық есептілік сенімді және толық көлемді болмай, қаржылық есептіліктің бұрмалануына әкелгені анықталды.

Мемлекеттік аудит барысында анықталған кемшіліктерге бухгалтерлік жазба беріліп 2023 жылдың бухгалтерлік балансында түзету жасалынды.

5. «Жамбыл ауданы әкімдігінің Мыңбаев ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:

1). Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 4 тармағы 3 тармақшасының талаптары сақталмай Округ әкімінің 2022 жылдың 06 қазандағы №103-ө ж/қ өкімімен Мекемеге еңбек шартына сәйкес 3 айлық сынақ мерзімімен Д.С.Женсикбаев жетекші маманның уақытша міндетін атқарушы болып қызметіне қабылданған.

Алайда 2022 жылдың 23 қарашасындағы Округ әкімінің №111-ө ж/қ «Ұлттық Валюта күні мерекесіне сыйақы беру» және 2022 жылдың 15 желтоқсанындағы Округ әкімінің №119-ө ж/қ «Тәуелсіздік күні мерекесіне сыйақы беру» туралы өкімдеріне сай Мекеменің жетекші маманның уақытша міндетін атқарушысы Д.С.Женсикбаевқа 2022 жылдың 15 желтоқсанындағы №1241048/22-553 төлем шотымен 204,4 мың теңге көлемінде 3 айлық сынақ мерзімінен бұрын сыйақы негізсіз төленген.

2). № 256 Қағиданың 2-тарауының 3-тармағы 3-тармақшасының талаптары сақталмай, Мекеменің 2022 жылғы 30 наурызындағы №28-ө ж/қ өкімі негізінде мекеменің бас маманы Ш.Букубаева 7-8 сәуір күндері Нұр-Султан қаласына жіберілген.

Алайда №1241048/22-146 және №1241048/22-151 төлем шотарымен Ш.Букубаева тұрғын үй-жайды жалдау шығыстарын 50,3 мың теңгеге артық есептеліп төленген.

3). Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 51-бабының 2-тармағын және ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы №1181 қаулысымен бекітілген, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.06.2023 жылғы №225 бұйрығымен бекітілген тізбелеріне сәйкес нормаларды бұза отырып, Ұйымдастырушы мемлекеттік қолдау шаралары қолданылатын әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттары арасында емес, Мекемемен «Наржан» ЖК арасында 2022 жылдың 14 сәуіріндегі № 23 келісім шарты, «Ахметжанова Мадина» ЖК арасында 2023 жылдың 10 наурызындағы № 6 келісім шарты және «ЕРНАР» ЖК арасында 2023 жылдың 8 желтоқсанындағы № 46 келісім шарттары бойынша «қаптарды» жалпы негіздерде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғандығы анықталды.

6. «Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:

1). Жамбыл ауданының әкімдігінің 2022 жылдың 21 желтоқсандағы №534 қаулысымен Әбдеш Абай Аянбекұлына 100(жүз) еселенген айлық есептік көрсеткіш көлемінде 306,3 мың теңге көтерме жәрдемақы төленген,19.12.2022 жылдың келісімнің талабы, атап айтқанда Жамбыл аудандық орталық ауруханасы ұйымында кемiнде үш жыл жұмысты өтеуге мiндеттемелер толықтай орындалмаған, 21.01.2024 жылы өз еркімен жұмыстан босаған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 4 қосымшасының 1тармағының 1.2 тармақшасы негізінде Алушы өзiне жоғарыда көрсетiлген әлеуметтiк қолдау шараларын алу кезінде ауылдық елдi мекенiнде орналасқан (денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) ұйымында кемiнде үш жыл жұмысты өтеуге мiндеттемелер орындалмаған, 306,3 мың теңге көтерме жәрдемақы бюджет есебіне қайтарылуы жатады.

2). Жамбыл ауданының әкімдігінің 2023 жылдың 18 тамызындағы №223 қаулысымен Ешимбетов Адилбек Рапқатұлына 100(жүз) еселенген айлық септік көрсеткіш көлемінде 345,0 мың теңге көтерме жәрдемақы төленген, 21.08.2023 жылдың келісімнің талабы, атап айтқанда Қарғалы денсаулық ұйымында кемiнде үш жыл жұмысты өтеуге мiндеттемелер толықтай орындалмаған,өз еркімен 03.01.2024 жылы жұмыстан босаған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 4 қосымшасының 1тармағының 1.2 тармақшасы негізінде Алушы өзiне жоғарыда көрсетiлген әлеуметтiк қолдау шараларын алу кезінде ауылдық елдi мекенiнде орналасқан (денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) ұйымында кемiнде үш жыл жұмысты өтеуге мiндеттемелер орындалмаған, 345,0 мың теңге көтерме жәрдемақы бюджет есебіне қайтарылуы жатады.

7. «Жамбыл ауданы әкімдігінің Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

1). 2023 жылдық бухгалтерлік балансын жасақтау кезінде есепті кезеңнің басында 145,4 мың теңге, есепті кезеңнің соңында 221,4 мың теңге «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-не кредиторлық қарыздары көрсетілмеген. Бухгалтерлік есепте көрсетiлуге жататын деректердi көрсетпей, бухгалтерлік есепті әдістерін бұза отырып жүргізу, 2023 жылдағы қаржылық есептілікті бұрмалау жағдайына әкеп соққан. Аталған бұзушылық Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 31.03.2015 жылғы №241 бұйрығымен бекітілген «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының» 20, 21-тармақтарының және ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 116,117–тармақтарының талаптарының сақталмағаны анықталды.

Мемлекеттік аудит барысында анықталған кемшіліктерге  бухгалтерлік жазба беріліп 2023 жылдың бухгалтерлік балансында  түзету жасалынды.

8. «Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің «Жамбыл аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:

1). Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» (өзгертулер мен қосымшалармен)  қаулысының қағидасының 2 тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 1 тарауының 2 тармағының талаптары сақталмай 2022 жылдың сәуір мен желтоқсан айларындағы төлем тапсырмалармен мекеме қызметкерлері Г.Абдикадироваға 15 000 теңге, К.Оспанбаеваға 34 000 теңге  іс сапар шығындары төленген, аудит барысында аталған қызметкерлерге іс сапарға шығуына негіз болатын мекеме басшысының бұйрығы шығарылмағаны анықталды, яғни төленген 49 000 теңге негізсіз болып табылады.

Аудит барысында 2024 жылдың 26 сәуіріндегі түбіртегімен  49 000 теңге жергілікті бюджет есебіне өтеліп, жауапты тұлға есепші Г.Абдикадироваға 2024 жылдың 29 сәуіріндегі № 7 мекеме басшысының бұйрығымен ескерту берілді.

9. «Жамбыл ауданы әкімдігінің Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

1). Аудитке ұсынылған салықтар бойынша жеке шоттардағы мәліметтерді қарау барысында 2023 жыл қорытындысы бойынша Мекеме бойынша төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталынатын жеке табыс салығы бойынша 194 318 теңге кредиторлық және әлеуметтік салық бойынша 146 354 теңге көлемінде дебиторлық берешектер қалыптасқаны анықталды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидаларының 15-тармағымен мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау үшін толық және нақты ақпаратпен мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етуі тиіс екендігі белгіленген.

Алайда, аудитке ұсынылған жылдық есептілікте (бухгалтерлік баланс) аудит барысында анықталған барлығы 340 672 теңге құрайтын берешектер көрсетілмегені немесе бухгалтерлік есепте көрсетілуге жататын деректердi жасыру фактісі орын алған.

Аудит барысында бухгалтерлік анықтама беріліп 340 672 теңге есеп бойынша қалпына келтірілді.

10. «Жамбыл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:

1). «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысының 2 тарауы, 3 тармағы, 1),2),4),5) тармақшалары талабы сақталмай, мекеменің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі №86 – і/с бұйрығына сәйкес және 14.09.2022ж. аванстық есеп бойынша мекеменің бас маманы К.Д.Тойшибековке Нұрсұлтан қаласына барған іс-сапар шығындарын  растайтын құжаттары бойынша пәтер жалдауда екі тәулікке 41332 теңгені құрайтын қаражаттар негізсіз артық өтелген.

Сол сияқты, мекеменің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі №88 – і/с бұйрығына сәйкес және 14.09.2022ж. аванстық есеп бойынша мекеменің есепші-инспекторы Б.Ұланға Нұрсұлтан қаласына барған іс-сапар шығындарын  растайтын құжаттары бойынша пәтер жалдауда екі тәулікке 41332 теңгені құрайтын қаражаттар негізсіз артық өтелген. Барлығы, 82664 теңгенің іс-сапар шығындары артық төленген.

Аудит барысында 82664 теңгеге артық төленген іссапар шығындары бюджет есебіне аударылды. Мекеме басшысының 2024 жылғы 26 сәуірдегі №10-ж/қ бұйрығымен есепші М.Ұланға тәртіптік жаза қолданылды.

11. «Жамбыл ауданы әкімдігінің Беріктас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

1). «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысының 2 тарауы, 3 тармағы, 1),2),4),5) тармақшалары талабы сақталмай, Беріктас ауылдық округі Әкімінің 2022 жылғы 05 сәуірдегі №13-Ө Өкіміне сәйкес және 08.04.2022ж. №3 аванстық есеб бойынша мекеменің бас маманы Д.К.Тұрғынғалиға Нұрсұлтан қаласына барған іс-сапарында темір – жолмен жүргендігін растайтын құжаттары болмасада 17137 теңгені құрайтын жол жүру шығындары негізсіз өтелген.

Сонымен қатар,  Беріктас ауылдық округі Әкімінің 2022 жылғы 06 маусымдағы №24-Ө Өкіміне сәйкес және 10.06.2022ж. №6 аванстық есеб бойынша мекеменің бас маман Д.К.Тұрғынғалиға Талдықорған қаласында болған іс-сапарының шығындарын өтеуде 1 күнге  18378 теңгені құрайтын пәтер жалдау шығындары артық төленген.

Сол сияқты, Беріктас ауылдық округі Әкімінің 2022 жылғы 03 маусымдағы №23-Ө Өкіміне сәйкес және 10.06.2022ж. №6 аванстық есеб бойынша мекеменің бас маман Н.А.Килибаевқа Талдықорған қаласында болған іс-сапарының шығындарын өтеуде 1 күнге  18378 теңгені құрайтын пәтер жалдау шығындары артық төленген.

12. «Жамбыл ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің «Жамбыл ауданының спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:

1). Мекеме "Ернар" ЖК-мен 31.05.2023 ж. № 16 баннеренге баспа қызметі бойынша 600,0 мың теңге сомасында шарт жасасты.Негізгі шарттың 1-қосымшасына сәйкес "Ернар" ЖК 2022 жылғы 31 Мамырда 600,0 мың теңге сомасына міндеттемелерді орындауы тиіс, 510,0 мың теңге мерзімге орындалды, ал көрсетілген қызметтер актісі 2023 жылғы 21 Маусымда 90,0 мың теңге сомасына ұсынылды.

"Мемлекеттік сатып алу туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 24-тармағында көзделген орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде 1,8 мың теңге (90,0*21) мөлшерінде тұрақсыздық айыбы есептелмеген.

2). Заңның 12-бабы 4-тармағының 3-тармақшасының талаптары орындалмады, мекеме "Қуаныш Б" ЖШС мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа өзімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны үшін талап арызбен жүгінген жоқ.

3). "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес бухгалтер азаматтық қызметші ретінде жіктеледі және 1-қосымшаға сәйкес С блогына (әкімшілік персонал) жатады.

Бухгалтердің жалақысы 2-қосымшаға сәйкес азаматтық қызметшілердің жұмыс өтіліне сәйкес функционалдық блоктар бойынша лауазымдық жалақыларын есептеуге арналған коэффициенттерді негізге ала отырып және № 18-қосымшаға сәйкес ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақы лауазымдық жалақының 10% құрайды. Бухгалтерлер білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет мамандарының қатарына кірмейтіндіктен, ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін 25% өсім жасалмайды.

Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының № 18-қосымшасының 1-тармағын  бұза отырып бухгалтерлерге ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін лауазымдық жалақыдан 25% үстемеақы төленді – Г.Б. Сиргебаеваға 2022 жылғы қаңтар-мамыр аралығында 81,4 мың теңге, Н.Т. Шаяхметоваға 2022 жылғы маусымда 16,9 мың теңге мөлшерінде, негізсіз төленген 98,3 мың теңге сомасы бюджетке өтелді.

13. «Жамбыл ауданы әкімдігінің Шиен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1). Бюджеттік өтінімге және 2022 жылға арналған шығыстар бойынша жиынтық есепке сәйкес - 001 (015-144) "Отын, жанар-жағармай материалдарын сатып алу" бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен жанар-жағармай материалдарын сатып алуға 1 177,0 мың теңге бөлінді. Қаржыландыру жоспарының деректеріне сәйкес (4-20) 31.12 жағдай бойынша. 2022 жылы 144 ерекшелігі бойынша барлығы 675,0 мың теңге пайдаланылды.

Аудитпен қамтылған кезеңде мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне сәйкес қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларының сақталуын тексеру барысында көрсетілген ерекшелікпен көзделген қаражат жүргізілмеді және мақсаты бойынша пайдаланылмауына байланысты 502,0 мың теңге алынып тасталды.

- "Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру" 008 (029-159) бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен электр энергиясы жұмыстарын жүргізуге және қызмет көрсетуге 2032,0 мың теңге бөлінді. Қаржыландыру жоспарының деректеріне сәйкес (4-20) 31.12 жағдай бойынша. 2022 жылы бағдарлама бойынша барлығы 1832,0 мың теңге пайдаланылды, аудитпен қамтылған кезеңде аталған ерекшелікте көзделген қаражат жүргізілмеді, ал мекеменің 05.10.2022 ж. № 168 хаты негізінде және 200,0 мың теңге мақсаты бойынша пайдаланылмауына байланысты алынып тасталды.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 3 - бабы 12-4) тармақшаларының талаптары бұзылған-бюджет қаражатын жоспарлауға және (немесе) пайдалануға сәйкес бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау (немесе) тиімсіз пайдалану бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін, 4-баптың 9) тармақшасы-бюджеттің жобасына қандай да бір түсімдер мен шығыстарды енгізу қажеттілігін және олардың көлемдерінің негізділік қағидаты ретінде негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау.

Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген баптың 12) тармақшасында тиімділік қағидаты да көзделген, оған сәйкес-бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең жақсы тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдалана отырып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару.

Демек, мекемеге жанар-жағармай материалдарын сатып алу, жұмыстар жүргізу және осындай электр энергиясын жеткізу қызметтерін көрсету қажеттілігі туындамады. Осыған байланысты ҚР Бюджет кодексінде көзделген көрсетілген қағидаттарды бұза отырып, жоғарыда көрсетілген қаражат негізсіз жоспарланған болып табылады.

2). Бюджеттік өтінімге және 2023 жылға арналған шығыстар бойынша жиынтық есепке сәйкес- "аудандық маңызы бар ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету, өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу жөніндегі қызметтер" 001 (015-159) бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен аудандық маңызы бар ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету, өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу бойынша қызметтер көрсетуге 2614,0 мың теңге бөлінді.

Қаржыландыру жоспарының деректеріне сәйкес (4-20) 31.12 жағдай бойынша 2022 жылы 159 ерекшелігі бойынша барлығы 1684,0 мың теңге пайдаланылды.

Аудитпен қамтылған кезеңде мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне сәйкес қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларының сақталуын тексеру барысында көрсетілген ерекшелікпен көзделген қаражат өндірілмеді және мақсаты бойынша пайдаланылмауына байланысты 930,0 мың теңге алынып тасталды.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабы 12-4) тармақшаларының, 4-бабы 9) тармақшасының талаптары бұзылды.

4 - баптың 12) тармақшасына сәйкес тиімділік қағидаты да көзделген, оған сәйкес-бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең жақсы тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдалана отырып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару.

Демек, мекемеге қажеттілік, жұмыс жүргізу және сол сияқты қызмет көрсету қажет болмады. Осыған байланысты ҚР Бюджет кодексінде көзделген көрсетілген қағидаттарды бұза отырып, жоғарыда көрсетілген қаражат негізсіз жоспарланған болып табылады.

3). Негізгі шарттың 1-қосымшасына сәйкес "Қуаныш Б" ЖШС міндеттемелерді орындап, 2022 жылғы 22 сәуірде 595,0 мың теңге сомасына жұмыстарды орындауға тиіс болды, орындалған жұмыстардың актісі 12.05.2023 жылы 595,0 мың теңге сомасына ұсынылды. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 24-тармағында көзделген орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде 12,4 мың теңге (595,0*21) мөлшерінде тұрақсыздық айыбы есептелмеген.

4). Заңның 12-бабы 4-тармағының 3-тармақшасының талаптары орындалмады, мекеме "Қуаныш Б" ЖШС-мен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа өзімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны үшін талап арызбен жүгінген жоқ.  

14. «Жамбыл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:

1). Бюджеттік кодекстің 3-бабы 1-тармағының 12-4) тармақшасын, 4-бабы 12) тармақшасын басшылыққа алынбай, Мекеме 2023 жылға жоспарланып берілген 26 132,9 мың теңге қаражаты тиімсіз жоспарланған.

2). Бюджеттік кодекстің 3-бабы 1-тармағының 12-4) тармақшасын, 4-бабы 12) тармақшасын басшылыққа алынбай, Мекеме 2023 жылға жоспарланып берілген 25 034,0 мың теңге қаражаты тиімсіз жоспарланған.

3). Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары»-ның 16 тармағы мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары»-ның  271 тармағының талаптары сақталмай, тұрғын үйдің аулаларын орнатуға 2023 жылы қарастырылған 698,0 мың теңге қаржы ұзақ мерзімді активтердің балансытық құнын ұлғайтпай  2322 шотына есепке көрсетілмеген.

4). Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары»-ның 16 тармағына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»  Ережесінің 243,244-тармақтарының талаптары толық басшылыққа алынбай, 45 634,3  мың теңгенің казармалары есепке алынбаған.

5). Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидалары»-ның 1 тарауының 3 тармақтары мен  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары»-ның  3 тармағының 56, 60 тармақшалары  бұзылып,     тұрғын үйдің аулаларын орнатуға 2023 жылы қарастырылған 698,0 мың теңге қаржы ұзақ мерзімді активтердегі тұрғын үйдің баланстық құнына қосылып   2322 шотына есепке көрсетілмеген және 45 634,3  мың теңгенің казармалары 2321 шотына есепке көрсетілмеген активтер сомасы барлығы 46 332,3  мың теңге азайып, жылдық есептілік бұрмаланған.

6). 1994 жылғы 27 желтоқсандағы №268-XIII «Қазақстан Республикасы азаматтық кодексі» Кодексінің 178 бабы 1 тармағын және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының  43 бабы  12–тарматары толық басшылыққа алынбай, 949,8 мың теңге өнім берушілермен енгізілген кепілдік жарна бойынша талап қоюдың жалпы мерзімі өтіп кеткен кредиторлық берешектер есепті кезеңде бюджет кірісінің есебіне жіберілмеген.

7). Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы No 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 466-тармағының, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы  №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 4-бабының 1) тармақшасы, осы Заңның 39 бабының 3 тармағы 48 тармақшасының талаптары орындалмай, тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған кезде мемлекеттік сатып алуға жұмсалған 42 968,0 мың теңгеге қаржы оңтайлы және тиімді жұмсалғаны анықталды.

8). Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы  №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 39 бабының 3 тармағы 48 тармақшасының талаптары орындалмай, «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» мемлекеттік сатып алудың тәсілімен қарастырылмаған сатып аулар бір дерекөздерден сатып алынып рәсімдік заңбұзушылық анықталды.

9). Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет кодексінің  3 бабының    1-тармағының 12-4) тармақшасы  мен  талабына сәйкес,  ҚР заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілікте болады және Кодекстің 104-1 бабының талабы бұзылып, Мекеме «Үлкен ауылындағы жылу жүйесін ұйымдастыру бойынша қызметтері»  бойынша, өзінің балансының есебінде тұрмаған объектіні жылтуға 2023 жылы жұмсалған 57 473,0  мың теңге сомасындағы бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланған.

10). Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет кодексінің 3 бабының 1-тармағының 12-4) тармақшасы мен 4 бабының 12 тармағының талаптары толық басшылыққа алынбай, Мекеме 62 183,0  мың теңге сомасындағы бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланған.

11). Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет кодексінің 3 бабының 1-тармағының 12-4) тармақшасы мен 4 бабының 12 тармағының талаптары толық басшылыққа алынбай, Мекеме           7 354,3   мың теңге сомасының ұзақ мерзімді активі тиімсіз пайдалануда.

15. «Жамбыл ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:

1). 18.02.2022 жылғы №1 келісім шарттың орындалуын бақылау барысында, келісім шарт бойынша жұмыстар атқарылып, 30.09.2022 жылғы №28 нысанды іске қосып пайдалану қабылдау актісі бойынша қабылданданған. Алайда қабылданған нысанның ішінде 2 деңгейдегі су көтеру станциясы құны 97392,6 мың теңгеге, сол 2022 жылдың қыркүйек айынан бері іске қосылмай, тиімсіз пайдаланылған. Яғни бөлінген қаражат Бюджет кодексінің 4 бабының 9 тармақшасына сәйкес негізділік принципі және 12 тармақшасы тиімділік қағидаты – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқарылуы жүзеге асырылмаған.

2). Аудит кезінде 22.06.2023 жылғы №20 келісім шартының орындалуын, яғни Қарасу ауылдық округінің әкімдігі ғимаратының салынуына тексеріп қарау жүргізіліп, нәтижесінде сомасы 665,4 мың теңгеге атқарылмаған жұмыстар анықталды. Бұл кемшілік Қазақстан Республикасы Бюджеттік көдексінің 97-бабы, 6-бөлімінің талабыны қарсы келеді. Яғни ол баптың талабы бойынша мемлекеттік мекеме, жасалынған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың берілуін, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметті растаудың дұрыстығын қамтамассыз етуі тиіс еді. Анықталған кемшілік аудит кезінде толық бюджетке өндірілді.

3). «Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округі әкімдік ғимаратының құрылысы бойынша барлық жұмыстар толық атқарылып, оған жұмыс аяқталып пайдалануға берілген Акті 27.12.2023 жылы рәсімделген. Бірақта ол нысан сомасы 219831,6 мың теңгеге мекеме теңгеріміне уақытылы алынбаған. Бұл сәйкессіздік Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 Бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары»-ның 272, 280-бөлімінің талаптарына қарсы келеді. Анықталған кемшілік бақылау кезінде кіріске алынып, қалпына келтірілді.

16. «Жамбыл ауданы әкімдігінің «Теміржол ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:

1). Аудит жүргізу барысында мекеме қызметкерлеріне іс сапар шығындарын төлеуге келесідей бұзушылық анықталды: Мекеменің 29.08.2023 жылғы 6 аванстық есебіне негізінде, 29.08.2023 жылғы № 1241050/23-229 төлем шотына сәйкес бұрынғы есепші А.Ғ.Сакееваға сомасы 112,4 мың теңге іс сапар шығыны төленген. Бірақ та, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының»  1-тарау, 2-бөлімінің талабы бойынша іссапар жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу болып табылады. Бұл жағдайда қызметкерге іссапар шығынын төлеуге негіз болатын өкім немесе бұйрықтар шығырылмаған және аудит кезінде ол құжаттар табылған жоқ. Артық төленген 112,4 мың теңге аудит кезінде толық бюджетке өндірілді.

2) Игерілген қаражаттың дұрыстығын бақылау кезінде келесідей бұзушылық анықталды: «Жамбыл ауданы әкімдігінің Теміржол ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «СмартЭлектроМонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында 07.10.2022 жылы Екпе ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары үшін № 46 келісім шарт сомасы 4999,7 мың теңгеге жасалынған. Келісім шарт талабы бойынша жұмыстар 2022 жылдың қазан айында орындалды делініп, жалпы сомада акті толтырылған. Сол арқылы мекеменің 31.10.2022 жылғы № 1241050/22-379 төлем шотына сәйкес, мердігерге 4999,7 мың теңге қаржы аударылған. Алайда, әр жұмыс бойынша нақты істелінген екпе ағаштарын кесу жұмыстары тізбесі нақтыланып рәсімделмеген, яғни қай көшеде қандай жұмыстар атқарылғандығы жөніндегі актілер аудит кезінде табылған жоқ.

Бұл кемшілік, Қазақстан Республикасы Бюджеттік көдексінің 97-бабы, 6-бөлімінің талабыны қарсы келеді. Яғни ол талап бойынша мемлекеттік мекеме, жасалынған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың берілуін, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметті растаудың дұрыстығын қамтамассыз етуі тиіс еді.

3). Аудит барысында мекеменің теңгеріміндегі негізгі қорлар мен құндылықтарға текесеріп қарау, түгендеу жұмыстарын жүргізгенде сомасы 45,9 мың теңгенің құндылығы есептен кем шықты. Бұл кемшілік «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығының 58-бөлімі талабына қарсы келеді. Анықталған кемшілік аудит кезінде толық бюджетке өндірілді.

17. Жамбыл ауданы әкімдігінің  «Шолаққарғалы ауылдық округі әкімінің аппарат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:

1). «Шолаққарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекетті к мекемсі теңгерімінде барлығы 2 (екі) бірлік жеңіл автокөліктер тіркелген.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жихазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту» туралы №179 бұйрығының 1-қосымшасымен беогіленгенмемлекеттік органдарды қызметтік жіне кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларына сәйкес қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округ әкімдеріне 1 (бір) бірлік қызметтік автокөлік тиесілі.

Демек, мекеменің лауазымды адамдары тарапынан қызметтік автокөліктер бойынша бекітілген заттайц нормалардан асыру фактісіне жол берілген.    

18. Жамбыл ауданы әкімдігінің  «Үңгіртас ауылдық округі әкімінің аппарат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:

1). Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысы «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапараларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 1-ші тарауының, 2-ші тармағының «Іссапар жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу болып табылады» талаптары сақталмағаны анықталды. Аудит барысында бұзушылықтың артық төленген 30360 теңге қаражат бюджет есебіне қайтарылды.  

2). Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысы «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапараларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 1-ші тарауының, 2-ші тармағының «Іссапар жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу болып табылады» талаптары сақталмағаны анықталды. Аудит барысында бұзушылықтың артық төленген 34500 теңге қаражат бюджет есебіне қайтарылды.

19. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Ақтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 4-бабы 12) тармақшасының талаптары сақталмай, бюджет жүйесінің тиімділік қағидаты сақталмаған, атап айтқанда 2022-2023 жылдарға арналған тарификациялық тізімде 5 бірлік қарастырылғанына қарамастан, 2022 жылғы қазаннан 2023 жылғы желтоқсанға дейінгі кезеңде штаттан тыс жұмыскерлердің нақты саны 6 бірлікті құрады, бұл бюджет қаражатының 1 720,5 мың теңге сомасында тиімсіз пайдаланылуына әкелді.

2. "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңының 4-бабының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу Қағидаларының 4, 247 - тармақтарының талаптары сақталмай, Мекеме тарапынан жер учаскесін әкімшілік ғимараттан бөлек көрсету жөнінде шаралар қабылданбады, себебі жер учаскесі-бұл активті танудың жеке бірлігі болып табылады.

3. "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 4, 243 тармақтарының талаптары сақталмай, Мекеменің балансынан негізгі құралды (нөлдік қалдық құны бар LADA 21214 автокөлігі) шығару бойынша шаралар қабылданбады.

20. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Талап ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

1. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңының 43-бабының 24-тармағы бұзылып, өнім берушілер («JB Foods» ЖШС, «B.M. Group» ЖШС, «Кокшетау» Корпоративтік қор) келісім-шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерін уақтылы орындамағаны анықталды.

2. Сонымен бірге, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңының 12-бабы 4-тармағының 3) тармақшасын бұза отырып, Мекеме өнім берушілерді («JB Foods» ЖШС, «B.M. Group» ЖШС, «Кокшетау» Корпоративтік қор) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа әлеуетті өнім берушінің бұзушылық фактісі туралы белгілі болған күннен бастап талап арызбен жүгінгенбеген.

3. "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңның 18-1-бабының 7) және 13) тармақшаларының, 1-тармағының 1-тармақшаларының талаптары орындалмай,  Мекемемен мемлекеттік кәсіпорындармен және мемлекеттік мекемелермен, сондай-ақ мемлекеттік емес заңды тұлғалармен пайдалану құқықтарының ауысуын көздейтін жалдау және өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу жөнінде шаралар қабылданбады, бұл өз кезегінде, Жамбыл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 22 қаулысымен бекітілген Ереженің 2-тарауы, 12-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін тиімсіз пайдалануына әкелді.

4. "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңының 4-бабының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу Қағидаларының 4, 247 - тармақтарының талаптары сақталмай, Мекеме тарапынан жер учаскесін әкімшілік ғимараттан бөлек көрсету жөнінде шаралар қабылданбады, себебі жер учаскесі-бұл активті танудың жеке бірлігі болып табылады.

5. "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 Заңының 4-бабының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу Қағидаларының 272-тармағының талаптары сақталмай, Мекеме тарапынан әкімшілік ғимаратты мекеменің балансына тану жөнінде шаралар қабылдамады, бұл бухгалтерлік есепте көрсетілуге жататын деректердің толық көрсетілмеуіне әкелді.

6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу Қағидаларының 114, 115-тармақтарының талаптары сақталмай, "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС алдындағы 124,9 мың теңге сомасындағы дебиторлық берешек бухгалтерлік есепте көрініс таппаған және бұл өз кезегінде 2023 жылғы қаржылық есептің бұрмалануына әкелді.

21. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Үлгілі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:

1). Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 бұйрығының 24-тармағын және Алматы облысы әкімінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №134-р о/д «Алматы облысының мемлекеттік органдарының қызметтік автокөліктер лауазымының стандарты және техникалық персонал санының лимиті туралы» өкімі талаптарын бұза отырып Жамбыл ауданы әкімінің «Үлгілі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналық мемелекеттік мекемесімен М-92 маркалы 276 литр бензин жалпы сомасы 52 716 мың теңгеге нормадан тыс есептен шығарылған, оның ішінде: 2022 жылға 25116 теңге және 2023 жылға 27600 теңге сомасында.

2). Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.05.2020 ж. No256 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегінде қызметтік іссапарлары туралы» ереженің 3-тармағының 2-тармақшасын бұза отырып, бас маман – есепші К.Ж. Искаковаға 18 378 теңге мөлшерінде тәуліктік ақы  негізсіз төленген.

22. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Үлкен ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:

1). Джумаева» ЖК-мен 133,0 мың теңгеге жасалған 2023 жылғы 27 сәуірдегі №20 келісім шарттың жеткізу мерзімі бұзылған, нақты тауар 50 күнге кешіктіріліп жеткізілген. Келісімшарттық мерзім 2023 жылдың 30 сәуірі, нақты жеткізу мерзімі 2023 жылдың 19 маусымы (есеп: 133 000 * 0,1% = 133 * 50 = 6650 теңге). Мекеме бұл мәселені дер кезінде сотқа жеткізбеген.

2). Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.05.2020 ж. №256 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегінде қызметтік іссапарлары туралы» ереженің 3-тармағының 2-тармақшасын бұза отырып, жүргізуші Жұмат А.-ға 48 300 теңге жол шығыны негізсіз (нормадан тыс) төленген.

23. «Жамбыл ауданы әкімдігінің «Таран ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:

1). 2022 жылы Таран ауылдық окрігі аппаратының коммуналдық мемлекеттік мекемесінің компьютерлік бағдарламамалар операторы Муратбаева Ляззат Талғатовна, 2022 жылғы 14 маусымындағы №48-ө ж/қ әкімнің өкіміменен,  14.06.2022 жылдан бастап «бір ай» мерзімге Ұзынағаш ауылына «АХАЖ тіркеу пункті» іс-сапарына жіберілген,  бірәқта  әкімнің өкімінде көрсетілген негіз, Жамбыл ауданы әкімінің аппараты басшысының хаты болмады, бақылау барысында негізсіз төленген іс-сапар шығыны 49008 тенгеге  анықталды.

Мемлекеттік мекемеде іс-сапар шығындарын өтеулер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 22 қыркүйегіндегі №1428 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы аумағында іссапар ережесін бекіту туралы» (кейінгі толықтырулар мен өзгертулер енгізілген),   талабының 2 тармағы  сақталмаған. Негізсіз төленген іс-сапар шығыстары  жалпы сомасы- 49048 тенге бюджет есебіне қайтарылуға жатады.

24. «Жамбыл ауданы әкімдігінің «Мәтібұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:

1). 2023 жылы Мәтібұлақ ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маман есепші Калиев А. 08 - 09 маусым аралығында Алматы қаласына «2023 жылғы өзгерістер негізінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» атты семинарға  қатысу үшін 2 (екі) күнге әкімнің 06.06.2023 жылғы №28-ө ж/қ өкімімен «Аstana Orleu Group» ЖШС-нің негіздемесі бойынша іс-сапарға барған, алайда аудит барысында «Аstana Orleu Group» ЖШС-нің негіздемесі (хаты) болмады, негізсіз төленген іс-сапар шығыны 34 500 тенге  анықталды.

Мемлекеттік мекемеде іс-сапар шығындарын өтеулер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 22 қыркүйегіндегі №1428 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы аумағында іссапар ережесін бекіту туралы» (кейінгі толықтырулар мен өзгертулер енгізілген),   талабының 2 тармағы  сақталмаған. Негізсіз төленген іс-сапар шығыстары  жалпы сомасы- 34 500 тенге бюджет есебіне қайтарылуға жатады.

25. Жамбыл ауданы әкімдігінің  «Қаракастек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:

1). «Жамбыл ауданы әкімдігінің Қаракастек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен аудитке ұсынылған салықтар бойынша жеке шоттардағы мәліметтерді қарау барысында 2023 жылы қорытындысы бойынша Мекемеде әлеуметтік салық бойынша код (103101) 122,4 мың теңге,  дебиторлық қарыздар қалыптасқаны анықталды. Алайда, аудитке ұсынылған жылдық есептілікте (бухгалтерлік баланс) аудит барысында анықталған дебиторлық берешектер көрсетілмеген немесе бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру фактісі орын алған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен 114, 115 және 118-тармақтарының және  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығының 9 тармағының талаптарына қайшы.

26. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:

1). «Жамбыл ауданы әкімдігінің Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен аудитке ұсынылған салықтар бойынша жеке шоттардағы мәліметтерді қарау барысында 2023 жылы қорытындысы бойынша Мекемеде әлеуметтік салық бойынша код (103101) 145,2 мың теңге,  дебиторлық қарыздар қалыптасқаны анықталды. Алайда, аудитке ұсынылған жылдық есептілікте (бухгалтерлік баланс) аудит барысында анықталған дебиторлық берешектер көрсетілмеген немесе бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру фактісі орын алған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен 114, 115 және 118-тармақтарының және  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығының 9 тармағының талаптарына қайшы.

27. «Жамбыл аудандық мәслихаттың аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша: аудит (тексеру) барысында бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталмаған.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):________________________(болған жағдайда).

III. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Жоғарыда көрсетілгендей, мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін жалпы сомасы 3581,4 мың теңге тиісті бюджет есебіне өтелді, сонымен қатар 270094,2 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 9 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды:

- Жамбыл ауданы әкімдігінің «Шиен ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша аудитпен қамтылған кезеңде бас маманы Г. Арыноваға қатысты 2024 жылдың 24 сәуіріндегі №4-ө ж/қ өкімімен «Ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

- «Жамбыл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша аудитпен қамтылған кезеңде бөлімінің инспекторы А. Қарнақоваға қатысты 2024 жылдың 22 сәуіріндегі №18 б/ж-қ бұйрығымен «Ескерту» түрінде тәртіптік аза қолданылды.

- «Жамбыл ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша аудитпен қамтылған кезеңде бөлімінің инспекторы (бухгалтер) К.Чоембаеваға қатысты 2024 жылдың 02 мамырдағы №04 н/қ бұйрығымен «Сөгіс» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

- Жамбыл ауданы әкімдігінің «Теміржол ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша аудитпен қамтылған кезеңде компьютерлік бағдарламалар операторы Т.Жанатұлына қатысты 2024 жылдың 15 мамырдағы №07-ө ж/қ өкімімен «Ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

- Жамбыл ауданы әкімдігінің «Үңгіртас ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша аудитпен қамтылған кезеңде бас маман – есепші Ж. Иманкуловаға қатысты 2024 жылдың 26 сәуірдегі №4 ө ж/қ өкімімен «Сөгіс» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

- Жамбыл ауданы әкімдігінің «Ақтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша аудитпен қамтылған кезеңде бас маман-есепші Э. Сейдахиноваға қатысты 2024 жылдың 16 мамырдағы №29-ө ж/қ өкімімен «Ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

- Жамбыл ауданы әкімдігінің «Үлгілі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша аудитпен қамтылған кезеңде бас маман-есепші К. Искаковаға қатысты 2024 жылдың 29 сәуірдегі №10-ө  өкімімен «Ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

- Жамбыл ауданы әкімдігінің «Таран ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша аудитпен қамтылған кезеңде бас маман-есепші К. Мухатаеваға қатысты 2024 жылдың 23 сәуірдегі №04-ө ж/қ өкімімен «Ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

- Жамбыл ауданы әкімдігінің «Мәтібұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша аудитпен қамтылған кезеңде бас маман-есепші А. Калиевке қатысты 2024 жылдың 30 сәуірдегі №14-ө ж/қ өкімімен «Ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабына сәйкес 8 материал және 207 бабының 10 тармағына сәйкес 10 материал әкімшілік жауапкершілікті қарау үшін жолданған.

Қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде 3 материал қаралуда және 15 материал бойынша лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Барлық салынған айыппұл сомасы 1 255,3 мың теңгені құрайды.

Сонымен қатар бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және тиімсіз пайдалану бойынша Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 234-1-бабына сәйкес аудит барысында 2 лауазымды тұлғаларға айыппұл салынған. Оның ішінде:

  • «Жамбыл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы  Д.Ибраимов – 184,6 мың теңге;
  • Жамбыл ауданы әкімдігінің «Шолаққарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Төленді - 184,6 мың теңге.

Қазіргі уақытта жоғарыда корсетілген айыпұлдар бюджетке төленген.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

1. Жоғарыда көрсетілгендей, мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша жалпы сомасы 7 424 943,7  мың теңге қамтылды, оның ішінде жалпы сомасы 598 575,2 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде: 273 981,9 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 55 501,9 мың теңге тиімсіз жоспарлау, 269 091,4 мың теңге тиімсіз пайдалану және 26 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

2. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексі» кодексінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің  Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметтік іс-сапарларға арналған шығыстарды өтеу «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының  талаптарының сақталмауынан орын алған.

3. Бюджет қаражаты шығындарын жоспарлау және пайдалану кезінде тиімділік принциптерінің сақталмауы салдарынын бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлануына жол берілген.

4. Қазақстан Республикасы Заңнамаларының тиісті талаптарын сақтамау салдарынан бюджет қаражатының тиімсіз шығысталуына жол берілген.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.

Жамбыл ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

1. Жамбыл ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелерінің Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралуын.

2. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларымен бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрмалануына жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында тиісті бюджет есебіне өндірілген 3 581,4 мың теңге және есептілік бойынша қалпына келтірілген 270 094,2 мың теңге назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін жұмыстар жүргізілуін.

3. Аудит барысында анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында тиісті аудит объектісіне 306,3 мың теңге теңге бюджет есебіне өндіруді қамтамсыз ету туралы Нұсқама жолдансын.

4. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Талап ауылдық округі әкімінің аппараты» және «Ақтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне аудититорлық іс-шаралар нәтижелерінің қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының ұсынымдары жіберілсін.

 3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар  мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.

 

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                                 Қ.Есенаманов

 

Аудит жүргізуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы                           А.Сәді

 

Сапа бақылауына жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы С.Елубаева

 

Құқықтық сүйемелдеуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы А.Құлмұхамбетова

 

Аудит тобының жетекшісі                                            А.Сәді

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ