Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Итоги государственного аудита
Алматы облысының өңірлік дамыту орталығы
Категория: Итоги государственного аудита | |
Дата: 15.07.2024 | |
Просмотры: 7 | Печать страницы |
|
|
|
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы
ЖОБА
Алматы облысы бойынша
тексеру комиссиясы
Төрағасы М. Мұсаевқа
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
I. Кіріспе бөлік
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Алматы облысының Өңірлік даму орталығы қаржы-шаруашылық қызметінің және кәсіпкерлік қызметті қолдауға бөлінген жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудиті жүргізу.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Алматы облысының Өңірлік даму орталығы қаржы-шаруашылық қызметінің және кәсіпкерлік қызметті қолдауға бөлінген жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігінің мемлекеттік аудиті.
1.3. Мемлекеттік аудиттің объектісі:
1. «Алматы облысының өңірлік дамыту орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 31 желтоқсан аралығы.
II. Негізгі (талдамалық) бөлік.
2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі ұлттық жол картасын бекіту туралы» №1331 қаулысын іске асыру үшін Алматы облысының жаһандық бәсекеге қабілеттілігін дамытуға жәрдемдесу, инновациялар мен жаңа технологияларды дамыту мен енгізу және өңірге инвестициялар тарту үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Алматы облысы әкімінің 2014 жылғы 27 қарашадағы №424 Қаулысы негізінде «Алматы облысының Өңірлік даму орталығы» ЖШС-гі құрылған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 тамыздағы «Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту туралы» №585 қаулысы негізінде Алматы облысы әкімінің 24.09.2019 жылғы №400 қаулысымен аталған Серіктестік инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйым болып белгіленген.
Серіктестік өз кезегінде өңірдің экономикалық дамуына және инвестициялар тартуға тікелей әсерін тигізетін келесідей функцияларды атқарады:
- Деректерді ай сайын жаңартумен және іске асырылатын объектілерге барумен облыстың барлық инвестициялық жобаларының мониторингі;
- Облыста іске асырылатын инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету, мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мерзімдерін едәуір қысқарту және өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту;
- Өңірдің инвестициялық имиджін жақсарту және тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша іс-шаралар өткізу;
- Облыстың барлық аудандарында бизнесті мемлекеттік қолдаудың барлық қолданыстағы бағдарламалары бойынша жыл сайын семинарлар өткізумен және үлестірмелі иллюстрациялық материалдар әзірлеумен консультациялар жүргізу;
- Шетелдік ұйымдармен ынтымақтастық жолымен жеке кәсіпкерлердің инвестициялық жобаларын қаржыландыруды іздеу жөніндегі жұмыстар.
2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері:
«Алматы облысының өңірлік дамыту орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бойынша:
Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының сақталуы бойынша мемлекеттік аудит объектісінде анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады:
Алматы облысының Өңірлік даму орталығы қаржы-шаруашылық қызметінің және кәсіпкерлік қызметті қолдауға бөлінген жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен 1 398 010,0 мың теңге активтер сомасы қамтылды және Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптарын сақтамау бойынша жалпы сомасы 116,1 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:
- 116,1 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндіруге жататын қаржылық бұзушылықтар.
Сонымен қатар 2 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.
1-тармақ. Аудитке ұсынылған құжаттарға сәйкес, «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесімен «Алматы облысының Өңірлік даму орталығы» ЖШС-гі қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру туралы, еңбек демалыс беру туралы, қызметтік іссапарлары туралы» Ережелері 2019 жылдың 24 желтоқсанында бектілген және де аталған Ережелер Басқару органымен 2022 жылдың 29 сәуірінде ғана қайта бекітілген.
Демек, Серіктестікте қызметтік автомобильдердiң тиiстiлiк нормативiнің, қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн қызметкерлерiне шығыстарын өтеу тәртiбi мен шарттарына сәйкес шығыстардың жыл сайынғы лимиттерi бекітілмеген.
2-тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 мамырындағы №256 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегінде қызметтік іссапарлары туралы ережесінің 3-тармағының 2-тармақшасын бұза отырып, 2023 жылы «Алматы облысының Өңірлік даму орталығы» ЖШС-гі қызметкерлеріне іссапар шығындарын өтеуде тұрғын үй-жайды жалдау шығындарына барлығы 116 100 теңге бюджет қаражаттары негізсіз артық төлеген, оның ішінде: ЖШС директорының орынбасары Д.Қ.Есімсейітовке 36 400 теңге, ЖШС директорының орынбасары О.Н.Құмаровқа 72 800 теңге, хаттама және маркетинг бөлімінің бас менеджері А.Н.Әділге 6 900 теңге.
3- тармақ. Бухгалтерлік есеп жүргізу Серіктестікте жалпы 2008 жылдың 4 желтоқсандағы № 95-IV Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Бюджет Кодексі», 2007 жылдың 28 ақпанындағы № 234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңына сәйкес жасалған.
Алайда, жоғарыда көрсетілген заңнама талаптарына қайшы, Серіктестікте Есеп саясаты бекітілмеген.
«Алматы облысының өнерлік даму орталығы» жауапкершілігі шетеулі серіктестігі Жарғысының 6.1 тармағы 2) тармақшасымен Серіктестіктің басқару органы болып – «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі табылады және де 6.3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Басқару органының құзыретіне серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарын, даму жоспарын және есеп саясатын бекіту (салық есеп саясаты туралы бөлімді міндетті түрде қоса отырып) кіреді.
2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):________________________(болған жағдайда).
III. Қорытынды бөлік
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:
Жоғарыда көрсетілгендей, мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін жалпы сомасы 116,1 мың теңге тиісті бюджет есебіне өтелді.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.
1. Жоғарыда көрсетілгендей, жүргізілген мемлекеттік аудитпен 1 398 010,0 мың теңге активтер қамтылып, мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша жалпы сомасы 116,1 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды және 2 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
2. Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» № 234 Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы №145 Қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметтік іс-сапарларға арналған шығыстарды өтеу «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының талаптарының сақталмауынан орын алған.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.
Алматы облысының Өңірлік даму орталығы қаржы-шаруашылық қызметінің және кәсіпкерлік қызметті қолдауға бөлінген жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудитіне жүргізілген аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:
1. Алматы облысының Өңірлік даму орталығы қаржы-шаруашылық қызметінің және кәсіпкерлік қызметті қолдауға бөлінген жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудитіне жүргізілген аудит нәтижелерінің Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.
2. Мемлекеттік аудит объектісі басшысымен бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрмалануына жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында жергілікті бюджет есебіне өндірілген 116,1 мың теңге назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін жұмыстар жүргізілсін.
3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.
Тексеру комиссиясының мүшесі А. Қондыбаева
Аудит жүргізуге жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы А.Сәді
Сапа бақылауына жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы С.Елубаева
Құқықтық сүйемелдеуге жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы А.Құлмұхамбетова
Аудит тобының жетекшісі Н. Пирмаков