Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Итоги государственного аудита
Алматы облысы әкімінің аппараты
Категория: Итоги государственного аудита | |
Дата: 15.07.2024 | |
Просмотры: 6 | Печать страницы |
|
|
|
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы М.Мусаевқа
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
I. Кіріспе бөлік
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Алматы облысы әкімінің аппаратының және оның ведомствовалық бағыныстағы ұйымдардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Алматы облысы әкімінің аппаратының және оның ведомствовалық бағыныстағы ұйымдардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.
1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:
1. «Алматы облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
2. «Алматы облысы әкімі аппаратының «Шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанда.
II. Негізгі (талдамалық) бөлік
2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:
«Алматы облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Алматы облысы әкімдігі қызметін ақпараттық –талдау, ұйымдастыру-құқықтық тұрғыдан сүйемелдеуді және Алматы облысы әкімін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- Облыс әкімі мен әкімдігінің қызметін қамтамасыз ету;
2) Алматы облысы әкіміне қаржылық, шаруашылық және материалдық-техникалық қызмет көрсету;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің, оның орынбасарларының тапсырмалары мен актілерінің орындалуын бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
4) Заңнамада белгіленген құзірет шегінде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі, облыс әкімі және әкімдігі қойған міндеттерді іске асыру бойынша облыстың мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру;
5) Жергілікті атқарушы органдарға жүктелген құзыреттер шегінде «Сайлау туралы» Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны, «Құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы» және өзге де заңдарды іске асыруды қамтамасыз ету.
Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Алматы облысы әкімінің тиісті қаулысымен мақұлданған, Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық саясатының мақсаттары мен міндеттері мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға, Мемлекет Басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуін іске асыру бойынша айқындалған шараларды іске асыруға бағытталған.
Көптеген жылдар бойы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері мен адам дамуы индексінің тұрақты өсуі байқалады.
2023 жылға әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары экономика секторларының барлық бағыттары бойынша өсу қарқынының өсуімен сипатталады.
Облыстың жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) 2023 жылдың 9 айында - 3093,2 млрд. теңгені, жан басына шаққанда – 2 041,4 млн.теңгені құраған. ЖӨӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 49,0%, көрсетілген қызметтер 51,0% құрады.
Өнеркәсіп саласында 2023 жылы өндіріс көлемі 1 716 722 000,0 мың теңгеден асып, өңдеу секторының 105,9% - ға ұлғаюы есебінен 106% - ға өскен.
Ауыл шаруашылық саласында жалпы өнім 817 624 300,0 мың теңгеге немесе 2022 жылғы деңгейіне қарағанда 96,6% - ға жетті, оның ішінде мал шаруашылығы өнімінің өндірісі 103,9% - ға өскен.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 28,4% - ға өсіп, 330 666 000,0 мың теңгені құрады. 864 000 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 2022 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 109,4% - ға ұлғайған.
2023 жылы шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны 135,5 мың бірлікті құрған.
Облыс экономикасына 705 322 000,0 мың теңгеден астам инвестиция тартылған, өсу қарқыны 110,7% құрған.
Сауда-саттық көлемі 1 481 150 000,0 мың теңгеге жетіп, 102,7%-ға өскен.
2023 жылғы алдын ала деректер бойынша ЕАЭО елдерімен өзара сауда 56,1 млн. АҚШ долларын құрған және 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 16,2% – ға төмендеген, оның ішінде экспорт – 21 млн. АҚШ доллары (1,1% - ға төмендеген), импорт-35,1 млн. АҚШ доллары (23,3% - ға төмендеген).
Тұтыну бағаларының индексі 108,4% құраған, оның ішінде азық – түлік тауарларына – 108,1%, азық-түлік емес тауарларға - 107,6%, ақылы қызметтерге - 110,0%.
Тұрғындардың орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылуы: қалаларда - 100%, ауылдарда – 99,3%. Газбен жабдықталуы – 67,8%, жолдардың деңгейі жақсы және қанағаттанарлық жағдайда 91% құрады.
13,8 мың орынға 13 мектеп салынды, оның ішінде 12,9 мың орынға 12 мектеп үш ауысымның орнына салынды, бұл олардың санын 52-ден 39-ға дейін азайтылды.
«Алматы облысының 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» Алматы облысы мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 31-147 шешімімен бекітілген Алматы облысының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті, Алматы облысы әкімдігінің «Алматы облысы мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы No 31-147 «Алматы облысының 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына сәйкес қабылданды.
Алматы облысының бюджеті түсімдер бойынша 647 189 061,0 мың теңге мөлшерінде бекітілген, түзетілген бюджет 709 002 397,8 мың теңгені құраған, нақты түскені 686 199 383,4 мың теңге немесе түзетілген бюджеттен 96,8% құраған.
Облыстық (Жеке-облыстық) бюджеттің шығыстары 647 189 061,0 мың теңге мөлшерінде бекітілген, нақты шығыстары 686 199 383,4 мың теңге құрады, атқарылуы 2022 жылмен салыстырғанда 19 450 317,0 мың теңгеге азайды (2022 жылы 705 649 700,0 мың теңге).
2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері
Алматы облысы әкімінің аппаратының және оның ведомствовалық бағыныстағы ұйымдардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен 8 141 607,0 мың теңге жұмсалған бюджет қаражаты қамтылды және ведомствалық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне бақылаулар жүргізіліп, қорытындысымен Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптарын сақтамау бойынша жалпы сомасы 32 907,5 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:
- 980,9 мың теңге қаржылық бұзушылықтар (оның 980,9 мың теңгесі бюджет есебіне өндірілуі тиіс);
- 31 926,6 мың теңге тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты;
Осымен қатар 4 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.
Жеке мемлекеттік мекемелер бойынша бұзушылықтардың сипаттамасы:
1. «Алматы облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
1-Тармақ. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекiтiлген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 1 тармағы 1-2 тармақшасының, 3 тармағының және Алматы облысы әкімі аппараты басшысының 2022 жылғы 23 маусымдағы №54-б н/қ бұйрығының талаптары сақталмай, аппарат қызметкері А.Кибаевқа 206,4 мың теңге негізсіз сыйақы төленген. Аудит барысында 206,4 мың теңге бюджет есебіне қайтарылды.
2-Тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу» туралы Қағидаларының 2-тарау, 3-тармақ, 3 тармақшасының талаптары бұзылып, келесі қызметкерлерге ерекше, шұғыл жағдайлар болмағанына қарамастан әуе көлігімен ұшуға жол берілгені анықталды;
Мекеменің 2023 жылғы 30 мамырдағы №175 б-ж/қ бұйрығы негізінде мекеменің бас инспекторы О.Нусіпова Облыс әкімдіктерінің награда мәселесімен айналысатын қызметкерлерін ҚР Президентінің Кеңсесінде тағлымдамадан өткізу мақсатында 18 маусымнан 01 шілде күндері Астана қаласына жіберілген. 2023 жылдың маусым айында О.Нусіпова 107,7 мың теңге жол жүру шығындары артық есептеліп төленген. Аудит барысында 107,7 мың теңге бюджет есебіне қайтарылған.
Мекеменің бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есебі бойынша 004 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасының мақсаты облыс әкімі аппаратының материалдық-техникалық базасын нығайту және автомашиналар сатып алу болып табылады.
3-Тармақ. Алайда, 04.12.2008 ж. №95-IV (кейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 32 бабы, 1 тармағы және 34 бабы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптар»-дың 3 тармағының және 6 тармағы 7 тармақшасының, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы №629 «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» бұйрығының 4 тарау 49 тармағының 4 тармақшасының талаптары сақталмай, мекеме 004 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша облыс әкімі аппаратының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 2021 және 2023 жылдары сатып алынған 114 дана автокөлікті және негізгі құралдарды ведомствалық мемлекеттік мекемелерге және республикалық меншікке өткізіп берген. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы №403 бұйрығына сәйкес, мекеме ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстарын 007 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасынан жоспарлауы керек болған.
2. «Алматы облысы әкімі аппаратының «Шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1-Тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 23 қарашасындығы № 414-V «Еңбек кодексінің» 23 бабының 6 тармақшасы, ұжымдық шарттың 7.2.2 тармақшалары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағы 2 тармақшасына сәйкес қызметкерге тиісті органда бір айдан кем жұмыс істеген болса сыйлық берілмейді.
Алайда, аталған норма талаптары сақталмай, 2022 жылдың қазан айында бөлім басшысы болып жұмысқа қабылданған Сәулебек Жанар Серікқызына сол айда 137,8 мың теңге көлемінде сый ақы төленген.
Сондай-ақ, 2023 жылыдың 16 қазанында жұмысқа қабылданған Елубаева Динара Аяшевнаға 25 қазанында Республика күніне 284,1 мың теңге, 2023 жылдың 1 тамызында жұмысқа қабылданған Нурланов Нуржан Нурлановичке 2023 жылдың 31 тамыз айына 148,3 мың теңге көлемінде сыйақы берілген. Жалпы негізсіз төленген сый ақы көлемі 570,2 мың теңгені құрап отыр.
Аудит барысында 570,2 мың теңге бюджет есебіне қайтарылған.
2-Тармақ. Мекеме теңгеріміндегі Астана қаласы, Тайбеков көшесі №23 мекен-жайы бойынша орналасқан ғимарат Астана қаласына қызметтік іс-сапарға барған мемлекеттік қызметкерлерге жатын орны ретінде пайдаланылатын қызметтік үй болып табылады. Алайда ұсынылған құжаттарға сәйкес, аудитпен қамтылған кезең 2022-2023 жылдары барлығы 48 қызметкер ғана қабылданған.
Ал, аудитпен қамтылған кезеңде аталған ғимаратты ұстауға, оның ішінде ғимаратты қарауға 5 жұмыскердің еңбек ақысы, ұсталынатын салық-төлемдері, коммуналдық шығындары, от жағу мерзімінк дизель отынын сатып алу шығындары бар - 2022 жылы 16 291,3 мың теңге және 2023 жылы 15 635,3 мың теңге бюджет қаражаттары жұмсалған.
Аудит объектісінің берген мәліметтеріне сәйкес, 2023 жылы сауда-саттықты өткізу тәртібі бойынша жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын белгілеп сату үшін Алматы облысының қаржы басқармасы арқылы екі рет аукцион өткізіліп, сауда-саттыққа қатысушылардан өтінімдер болмаған.
2024 жылдың 17 сәуірінде Астана қаласының коммуналдық меншігіне қабылдау мүмкіндігін қарастыру туралы хат жолданып, Астана қаласының коммуналдық меншігінде бос орын-жайлардың болмауына байланысты меншікке беру мүмкін еместігі анықталған.
Қазіргі таңда ғимаратты жалға беру жұмыстары жүргізілуде.
Жоғарыда көрсетілген фактілерді ескерсек, ғимаратты ұстау, оған қаражат жұмсау бюджеттік бағдарламаларды тиімсіз атқару, немесе бюджеттік жүйенің мынадай: нәтижелілік, негізділік, тиімділік, жауапкершілік, бюджет қаражатының атаулылығы мен нысаналы сипаты қағидаттарына сәйкес келмейтін бюджет қаражаттарының жұмсалуы болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабы 12) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік қағидатының сақталмағандығы, яғни бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару шаралары атқарылмағандығы болып табылады.
Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану.
Демек, жоғарыда көрсетілген игерілген 31 926,6 мың теңге қаражаты тиімсіз пайдаланған болып табылады.
3-Тармақ. «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ ҚР Парламенті депутаттарының ҚР шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы» 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 Ережесінің 2-тармағына және 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы» Ережесінің 3-тармағына қайшы, 2023 жылы төмендегі қызметкерлерге іссапар шығындарына негізсіз артық төленгені анықталды: С.Н.Әбілбаевқа - 24,1 мың теңге, И.Т.Мамбетоваға - 6,9 мың теңге, М.А.Әбдірахмановқа - 10,4 мың теңге, О.Т.Байгалиеваға - 27,6 мың теңге, А.С.Жақсыкелдиноваға - 27,6 мың теңге барлығы 96,6 мың теңгені құраған. Аудит барысында 96,6 мың теңге бюджет есебіне қайтарылған.
2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе): Бағалау жүргізілмеді.
III. Қорытынды бөлік
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін бюджет есебіне жалпы сомасы 980,9 мың теңге өндірілді, олар:
- «Алматы облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 314,1 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
«Алматы облысы әкімі аппаратының «Шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 666,8 мың теңге бюджет есебіне өндірілді.
Облыста қызметкерлердің тұрақтамай жиі ауысуына байланысты, мемлекеттік аудит барысында жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту мүмкін болмаған. Аталған бұзушылықтарға жауапты қызметкерлер қазіргі уақытта мекемеде жұмыс істемейді.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.
1. Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша жалпы сомасы 32 907,5 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде: 980,9 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 31 926,6 мың теңге тиімсіз пайдаланған бюджет қаражаты және 4 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
2. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексі» кодексінің, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қызметтік іс-сапарларға арналған шығыстарды өтеу «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының талаптарының сақталмауынан орын алған.
3. Бюджет қаражаты шығындарын жоспарлау және пайдалану кезінде тиімділік принциптерінің сақталмауы салдарынын бюджет қаражатының тиімсіз пайдалануына жол берілген.
4. Қазақстан Республикасы Заңнамаларының тиісті талаптарын сақтамау салдарынан бюджет қаражатының тиімсіз шығысталуына жол берілген.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.
Алматы облысы әкімінің аппаратының және оның ведомствовалық бағыныстағы ұйымдардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:
1. Алматы облысы әкімінің аппаратының және оның ведомствовалық бағыныстағы ұйымдардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігі аудитінің нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралуын.
2. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларымен бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрын жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында жергілікті бюджет есебіне өндірілген 980,9 мың теңге және тиімсіз пайдаланылған 31 926,6 мың теңге назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін жұмыстар жүргізілуін.
3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.
Тексеру комиссиясының мүшесі А. Қондыбаева
№1 мемлекеттік аудит
бөлімінің басшысы Ж. Үсенбаев
№2 мемлекеттік аудит
бөлімінің басшысы А. Сәді
Сапа бақылауына жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы С.Елубаева
Құқықтық сүйемелдеуге жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы А.Кулмухамбетова
Аудит тобының жетекшісі А. Сәді