Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Алматы облысының индустриалдық аймақтар

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 12.07.2024
Просмотры: 2 Печать страницы

                                                                        

 

 

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

Алматы облысының индустриалдық аймақтарын басқарушы компаниясы қаржы-шаруашылық қызметінің және индустриалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бөлінген  жергілікті бюджет қаражатын пайдаланылу тиімділігінің мемлекеттік аудиті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арна  ауылы  2024 жыл

 

Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы М. Мұсаевқа

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлім

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: «Алматы облысының индустриалдық аймақтарын басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде Алматы облысының индустриалдық аймақтарын басқарушы компаниясы қаржы-шаруашылық қызметінің және индустриалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бөлінген  жергілікті бюджет қаражатын пайдаланылу тиімділігінің мемлекеттік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Алматы облысының индустриалдық аймақтарын басқарушы компаниясы қаржы-шаруашылық қызметінің және индустриалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бөлінген  жергілікті бюджет қаражатын пайдаланылу тиімділігінің мемлекеттік аудиті.

1.3. Мемлекеттік аудит объектісі: «Алматы облысының индустриалдық аймақтарын басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2021 жылдың 1 сәурінен бастап, 2023 жылдың  31 желтоқсан аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау

          Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3- сәуірдегі №242-VI «Арнайы экономикалық және индустриалық аймақтар туралы» Заңының  9 бабы бойынша, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру мақсаттары:

       Арнайы экономикалық аймақ өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті заманауи өндірістерді жедел дамыту, қызметтерді ұсынудың сапалық тұрғыдан жаңа деңгейін қалыптастыру, экономика салаларына және өңірлерге инвестициялар тарту, жаңа технологиялар ендіру, сондай-ақ халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру мақсатында құрылады.  

         Индустриялық аймақ өңірлерде кәсіпкерлікті дамытуды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету мақсатында құрылған.      

Алматы облысының әкімдігінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі №161 қаулысымен «Алматы облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қорғас» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «Алматы облысының индустриялық аймақтарды басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылған.

«Алматы облысының индустриалдық аймақтарын басқару компаниясы» ЖШС-гі  Алматы облысы әкімінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 162 қаулысымен құрылған және Алматы облысы аумағындағы индустриялық аймақтарды құруға, қамтамасыз етуге және пайдалануға бағытталған алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыратын компания болып табылады.

 «Алматы облысының индустриалдық аймақтарын басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Қайрат», «Береке» және «Талдықорған» индустриялық аймақтарының басқарушы компаниясы болып белгіленген.

Алматы облысының әкімдігінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі №276 қаулысымен «Алматы облысының индустриалдық аймақтарын басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жамбыл аудандағы «Қазбек бек» және Еңбекшіқазақ ауданындағы «Шелек» индустриялық аймақтарының басқарушы компаниясы болып белгіленген.

Қазіргі уақытта Алматы облысының аумағында өңірлік маңызы бар «Қайрат», «Береке», «Қазыбек бек» және «Шелек» 4 (төрт) индустриялық аймағы бар, оның ішінде Талғар ауданының «Қайрат» және Іле ауданының «Береке» 2 (екі) индустриалды аймағы жұмыс істейді.

        «Қайрат» индустриялық аймағы Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 17 маусымдағы №05-455 қаулысымен құрылды. Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 162 қаулысымен, «Қайрат» ИА басқарушы компаниясы болып «Алматы облысының индустриалдық аймақтарын басқарушы компаниясы» ЖШС анықталды. Жер учаскесінің ауданы - «Қайрат» ИА  198,3 гектарды құрайды. Жобаларға 123,05 гектар бөлінген. ИКИ ауданы 27,9 гектар. Санитарлық аймақ 21,7 гектар.

       Қайрат индустриялық аймағында қатысушылар ретінде 19 инвестициялық компания орналастырылған, оның 3-уі жұмыс істеп тұр, оның ішінде «ТехноНиколь-Орталық Азия» ЖШС пайдалануға беру сатысында (іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілді).

 Инвестициялардың жалпы сомасы - 104,352 млрд. теңгені құрайды. Алматы облысының халқын 1 521 жұмыс орнымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.      

     1.1 «Техно Николь - Орталық Азия» ЖШС-гі Энергияні үнемдейтін жылу оқшаулағыш материалдар өндірісі. 2021 жылғы 17 маусымдағы Индустриялдық аймақ қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарты, 2021 жылғы 01 қыркүйектегі жер учаскесін қосалқы жалдау шарты.

- Өндiрiстiк қуаты жылына 1,4 млн. текше метр тас мақта, жылына 0,4 млн. текше метр полимерлiк оқшаулау;

Бүгінгі таңда 1 жол іске қосылып, өнім беруде.

     1.2 «QazMetProduct» ЖШС-гі болат сым өндіру зауытын салу.

- Инвестиция сомасы – 228,0 млн. теңге;

- Өндірістік қуаты жылына 17,9 мың тонна;

- құрылатын жұмыс орындарының саны-60;

   Бүгінгі таңда 1 жол іске қосылып, өнім беруде.

      1.3 «SUNLONG» ЖШС-гі тау-кен жабдықтары үшін бронь өндіру және сату цехын салу.

- Инвестиция сомасы – 600,0 млн. теңге;

- Өндірістік қуаты жылына 800 тонна бронь (тау-кен техникасына арналған қосалқы бөлшектер);

- құрылатын жұмыс орындарының саны-27;

   Бүгінгі таңда 1 жол іске қосылып, өнім беруде.

      1.4 «SAFA INDUSTRIAL» ЖШС-гі шойын және болат бұйымдарын шығаратын зауыт.

- Инвестиция сомасы – 40,0 млн. теңге. (жобаны кеңейтуге 1 млрд 300 млн. теңге инвестициялау жоспарланып отыр) бірінші кезең пайдалануға берілді.

-Өндірістік қуаты жылына - 6 000 тонна шойын бұйымдары;

- құрылатын жұмыс орындарының саны-70;

     1.5 «Hong Shun» ЖШС-гі сұйық шыны өндіру зауыты (Натрий силикаты).

- Инвестиция сомасы 7,0 млрд. теңге;

- құрылатын жұмыс орындарының саны-90;

        Бүгінгі таңда «ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттама) бойынша жұмыстар жүргізілуде.

      1.6 «Алкон-А» ЖШС-гі автоклавты газдалған бетон өндірісі.

- Инвестиция сомасы - 3,44 млрд. теңге;

- Өндірістік қуаты жылына 200 мың текше метр газ бетоны (автоклавты газ блогы).

- Инвестиция сомасы 7,0 млрд. теңге;

- құрылатын жұмыс орындарының саны-79;

      1.7 «Aravt container port»ЖШС-гі контейнерлік логистикалық терминалы.

- Инвестиция сомасы - 4,7 млрд. теңге;

- Өндірістік қуаты тәулігіне 65 контейнерге дейін, жылына 24 000 контейнерге дейін;

- құрылатын жұмыс орындарының саны-81;

     1.8 «Meister company» ЖШС-гі құрғақ құрылыс қоспалары зауыты.

- Инвестиция сомасы - 3,3 млрд теңге;

- Өндірістік қуаты жылына 160 мың тонна құрғақ құрылыс қоспасы;

- құрылатын жұмыс орындарының саны-48;

       Қазіргі сәтте бұл жобалар қаржыландыру алу процесінде (кредитті мақұлдау).

     1.9 «ИнтерТехСтрой» фирмасы»ЖШС-гі темір бетон бұйымдарын өндіру зауыты.     

- Инвестиция сомасы - 3,5 млрд. теңге;

- Өндірістік қуаты жылына 100 000 тонна ТБ бұйымдары;

- құрылатын жұмыс орындарының саны-207;

      1.10 «ISF-ATABLOCK» ЖШС-гі алынбайтын қалыптар мен көбік полистиролдан жасалған бұйымдар (көбік бұйымдары) өндіретін зауыт.

- Инвестиция сомасы 1,3 млрд. теңге;

- Алынбайтын қалып зауытының өндірістік қуаты - айына 25000 мың дана, бетон бұйымдары айына 10000 текше метр;

- құрылатын жұмыс орындарының саны-20;

      1.11 «Аманат көлік компаниясы» ЖШС-гі логистикалық орталық (Аманат транс логистикалық орталығын дамыту).

- Инвестиция сомасы 755,0 млн. теңге;

- Өндірістік қуаты жылына 12 000 контейнер;

- құрылатын жұмыс орындарының саны-40;

     1.12 «СтройИнвест-TS» ЖШС-гі көпфункционалды өндірістік-логистикалық кешен.

- Инвестиция сомасы 2,0 млрд. теңге.

- құрылатын жұмыс орындарының саны-61;

     1.13 «Мегагазоблок» ЖШС-гі автоклавты газ блогын өндіру зауыты.

- Инвестиция сомасы 1,87 млрд. теңге;

- құрылатын жұмыс орындарының саны-80;

      1.14 «SAS Industrie» ЖШС-гі үй құрылысы комбинаты (темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыт). - инвестиция сомасы 4,99 млрд. теңге;

- құрылатын жұмыс орындарының саны-197;

     1.15 «SKYMAX TECHNOLOGIES»ЖШС-гі темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыт (үй құрылысы комбинаты).

- құрылатын жұмыс орындарының саны-50;

      1.16 «АЛКОН А» ЖШС-гі фиброцемент панельдерін шығаратын зауыт.

- Инвестиция сомасы 13,2 млрд. теңге;

- Фиброцемент панельдерінің өндірістік қуаты жылына 3 000 мың шаршы метр;

- құрылатын жұмыс орындарының саны-90;

      1.17 «Alatau qurylys materialdary» ЖШС-гі сэндвич/SIP панельдер және модульдік тез жасалатын конструкциялар жасау зауытын салу.

- Инвестиция сомасы 850,0 млн. теңге;

- Өндірістік қуаты 120 бірлік/дана дайын модульдік конструкциялар;

- құрылатын жұмыс орындарының саны-81;

      1.18 «Water Supply» ЖШС-гі полиэтилен құбырлар мен тамшы желілерін өндіру зауытының құрылысы.

- Инвестиция сомасы 4,8 млрд. теңге;

- Өндірістік қуатымен: Құрылатын өндірістік қуаттар жылына 41 472 000 қума метр көлемінде өнім шығаруға мүмкіндік береді;

- құрылатын жұмыс орындарының саны-40;

     1.19 «GENERAL IMPORT» ЖШС-гі Құрылыс Түстi металл сынықтарын қайта өңдеу жөнiндегi өндiрiстiк кешен.

- Инвестиция сомасы - 12,7 млрд. теңге.

- құрылатын жұмыс орындарының саны-41;

 «Қазбек бек» индустриялық аймағының жалпы ауданы 900,0 гектарды құрайды,оның ішінде:

- Басқару органдары, коммуналдық қызметтер, инженерлік инфрақұрылым - 140 га.;

- Агроөнеркәсіптік кешен секторы - 397 га.;

-Жеңіл өнеркәсіп - 36 га.;

-Химия өнеркәсібі - 75 га.;

- Құрылыс өнеркәсібі - 105 га.;

-Машина жасау және энергетика өнеркәсібі - 103 га.;

- Логистикалық орталық - 9 га.;

     

        «Қазбек бек» ИА «Bagus steel» ЖШС-не 43,24 га жер телімін бөлінген, қара металлургия өнімдерін шығару үшін - арматура, бұрыштар және т.б.

- Инвестиция сомасы - 27,78 млрд. теңге;

- Құрылатын жұмыс орындарының саны - 300.

       «Шелек» индустриалды аймағы да агломерация аясында Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 276 қаулысымен құрылған. «Шелек» индустриялық аймағы өңірлік маңызы бар мемлекеттік индустриялық аймақ мәртебесіне ие. Бұл аймақтың жұмыс істеу мерзімі 2022 жылғы 12 қыркүйектен бастап 25 жылды құрайды. «Шелек» индустриялық аймағындағы қызметтің басым түрлері тамақ және агроөнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін тамақ өңдеу, логистика және басқа да салалар сияқты аралас қызметті қамтиды.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері:

Аудит нәтижелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады:

Алматы облысының индустриалдық аймақтарын басқарушы компаниясы қаржы-шаруашылық қызметінің және индустриалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бөлінген  жергілікті бюджет қаражатын пайдаланылу тиімділігінің жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 940296,0 мың теңге жұмсалған бюджет қаражаты қамтылды және жалпы сомасы 1 518 767,4 мың теңгеге (оның 1099,0 мың теңгесі өтелуге, 1426430,1 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады) бюджет және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

- 91238,3 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған;

- 2021 жылдың қортындысы бойынша таза кірісінің бір бөлігі 955,2 мың теңгесі бюджет есебіне аударылмаған;

- 2022 жылы 40,4 мың теңге іс-сапар шығыны артық төленген , 2023 жылы 103,4 мың теңгеге негізсіз табыс және айыппұл есептелмеген;

- 2022 жылы Қайрат» индустриялық аймағының  сыртқы кәріз желілері 1426430,1 мың теңгеге Компанияның  жарғылық капиталы ұлғайтылмаған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚР Заңының мемлекеттік сатып алу заңнамалары бойынша 3 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

        1. Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 04 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексінің 97-бабы 3-тармағы бойынша ағымдағы жылы жарғылық капиталды қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға бөлінген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының шоттарындағы, есепті кезеңнің соңында пайдаланылмай қалған қаражат қалдықтары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының 2021 жылы пайдаланылмаған 35912,0 мың теңге, ал 2023 жылы  36585,8 мың теңге бюджет қаражаты болып табылады және бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз жоспарланғанына жатады.

       2.Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 04 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексінің  101-бабы  7-тармағы бойынша уақытша бос бюджет ақшасын ұтымды пайдалану және тиісті бюджетке кіріс алу мақсатында республикалық және облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің уақытша бос бюджет ақшасы тек Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға (депозиттерге) орналастырылады.

      Бірақта, Компания 2023  жылдың сәуір айында 120000,0 мың теңге бюджет қаражатын «ForteBank»АҚ-на депозитіне 14,5% орналастырылып 40,5 мың теңге банктің сыйақысын алған, Заңсыз алынған банктің сыйақысы аудит барысында бюджет есебіне қайтарылды. 

        3. 2023 жылдың 9 наурызында  №45/23 мемлекеттік сатып алу туралы шарты «НПО КуРмЕт»ҚБ-мен техникалық және рұқсат беру құжаттамаларын әзірлеу және ресімдеу қызметтеріне сыртқы су құбыры жүйесіне ағымды жөндеу жүмысын жүргізуге 8000,0 мың теңгеге жасалынған, келісім шартын аяқталу мерзімі  15 күнтізбелік күндер(26.03.2023ж.), жүмыс көлемі орындалған Актісі  бойынша жүмыс аяқталған мерзімі 30.03.2023 жылы.

        Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 - тармағы негізінде орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде кешіктірген 3 күнге барлығы 24,0 мың теңге айыппұл есептелмеген.

      4.   Сол сияқты,        2023 жылдың 3 сәуірінде  №47/23 мемлекеттік сатып алу туралы шарты Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының баға ұсынысы тәсілімен «Алем Bulding»ЖШС-мен техникалық және рұқсат беру құжаттамаларын әзірлеу және ресімдеу қызметтеріне 1556,8 мың теңгеге жасалынған, келісім шартын аяқталу мерзімі  30 күнтізбелік күндер(03.05.2023ж.), жүмыс көлемі орындалған Актісі  бойынша аяқталған мерзімі 29.05.2023 жылы.

       Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 - тармағы негізінде орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде кешіктірген 25 күнге барлығы 38,9 мың теңге айыппұл есептелмеген.                               Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 12 бап 4–тармағының талаптары орындалмай мұндай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге міндетті, бірақта Компания ««НПО КуРмЕт»ҚБ және «Алем Bulding»ЖШС-мен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа  жүгінбеген. 

      5. 2023 жылдың 27 қыркүйегінде  №56/23 мемлекеттік сатып алу туралы шарты «MS Group»ЖШС-мен «Қайрат» индустриялық аймағының инженерлік желілерді салу және көліктік инфрақұрылымын жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге 11378,7 мың теңгеге жасалынған, келісім шартын орындалу мерзімі  31.12.2023 жылы.

         Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 12 бап 4–тармағының талаптары орындалмай, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей мұндай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге міндетті, бірақта Компания «MS Group» ЖШС-ін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызды сотқа  тек 16.02.2024 жылы жүгінген.      

Жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар үшін "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру" Қазақстан Республикасының 05.07.2014 ж. № 235 "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"кодексінің 207-бабының 11-бөлігі2 тармақшасы  бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

6. Аудит жүргізу уақыты аралығында компанияның 3 (үш) қызметкеріне нақты осы компанияна қызмет атқармаса да оларға барлығы 18740,5 мың теңге (еңбек ақы, сый ақы демалыс және материалдық көмек шығындары) қаражат жұмсалған. Яғни Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексі 4-бабы, 12-бөлімі принципі сақталмаған, тиімділік қағидаты бойынша бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген.

7.  ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек кодексінің 1 бабы 1 тармақ 82 тармақшасын талабы сақталмай уәкілетті органы  Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының өкімісіз  2022 жылдың 25-27 қараша демалыс күндері аралығында Компания басшысы Е.Бедельбеков 2022 жылғы 23 қарашадағы №61-к өз бұйрығымен Астана қаласына іс-сапарға барған.

 Іс-сапар кезінде ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысының 3 тармағы 2,3 тармақшалары сақталмай тұрғын үй-жайды жалдауға және ұшаққа негізсіз 40,4 мың теңге төленген іс-сапар шығындары аудит барысында бюджет есебіне қайтарылды.

8. Компания 2021жылдың қорытындысымен  11052,0 мың теңге пайдамен аяқтаған, бірақта    Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 сәуірдегі 2018 жылғы №179 «Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулысымен бекітілген, 2021 жылдың қортындысы бойынша таза кірісінің бір бөлігі 955,2 мың теңгесі бюджет есебіне аударылмаған, аудит барысында таза кірісінің бір бөлігі бюджет есебіне қайтарылды.

9. Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі №274 «Коммуналдық меншіктің кейбір мәселелері  туралы» қаулысымен «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен «Алматы облысының индустриялық аймақтарды басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталын ұлғайту үшін «Қайрат» индустриялық аймағының инженерлік-көліктік инфрақұрылымын нысандары жалпы соммасы 4 727 215,9 мың теңге өткізіліп берілген,оның ішінде «Қайрат» индустриялық аймағының  сыртқы кәріз желілері 1426430,1 мың теңгеге Компанияның жарғылық капиталы ұлғайтылмаған, бұл кемшілік Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңының 6-бабы, 3-бөлімінің талабына қарсы келеді.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе): _______________________________________________________

                                            (болған жағдайда)

III. Қорытынды бөлім:

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар: Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін анықталған кемшіліктер таза табыс бөлігі 955,2 мың теңге(22.05.2024ж. №245 төлем тапсырмасы), депозит 40,5 мың теңге(22.05.2024ж. №247 төлем тапсырмасы), 40,4 мың теңге іссапар шығыны(22.05.2024ж. төлем түбіртегі) бюджет есебіне құйылды.

Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің  207-238  баптары бойынша 3 материал жолданды.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:

1. Жоғарыда көрсетілгендей, мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша 940296,0 мың теңге қамтылып, жалпы сомасы 1 518 767,4 мың теңгеге (оның 1099,0 мың теңгесі өтелуге, 1426430,1 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады) бюджет және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды.

          Сонымен бірге, 3 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін бюджет кірісіне жалпы сомасы 1036,1 мың теңге өтелді.

2. Бюджет қаражатының шығындарын жоспарлау және пайдалану кезінде тиімділік қағидаттарын сақтамау салдарынан 91238,3 мың теңге тиімсіз жоспарланғанына жол берілді.

3. Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 04 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексінің  97-бабы 3-тармағы, 101-бабы  7-тармағы ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек кодексінің 1 бабы 1 тармақ 82 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 12 бап 4–тармағы,  Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңының 6-бабы, 3-бөлімінің талабы, Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі №274 «Коммуналдық меншіктің кейбір мәселелері  туралы» және Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 сәуірдегі 2018 жылғы №179 «Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулылары сақтамау салдарынан жіберілген.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар:

Тексеру комиссиясының отырысында арнайы экономикалық аймақ өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті заманауи өндірістерді жедел дамыту, қызметтерді ұсынудың сапалық тұрғыдан жаңа деңгейін қалыптастыру, экономика салаларына және өңірлерге инвестициялар тарту, жаңа технологиялар ендіру, сондай-ақ халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру мақсатында, индустриялық аймақ өңірлерде кәсіпкерлікті дамытуды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету мақсатында құрылаған бөлінген қаражаттың жоспарлауы мен пайдаланудың іске асыру тиімділігіне мемлекеттік аудит нәтижелерін қарау.

3.4. Қосымша: анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (..... парақта).

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                               А.Кондыбаева

 

№2 мемлекеттік аудит бөлімінің

басшысы-мемлекеттік аудитор                                  А.Сәді                                                                                                   

 

Талдау, сапаны жоспарлау және

бақылау бөлімінің басшысы

-мемлекеттік аудитор                                               С. Елубаева

 

Әкімшілік-құқықтық бөлімінің

бөлімінің басшысы

-мемлекеттік аудитор                                           А. Кулмухамбетова

 

 

Аудит тобының жетекшісі

бас маман-мемлекеттік аудитор                                 Б.Орманов

 

 

бас маман-мемлекеттік аудитор                                 Ж.Досбаев

 

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ