Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Итоги государственного аудита
Райымбек ауданы
Категория: Итоги государственного аудита | |
Дата: 22.08.2024 | |
Просмотры: 2 | Печать страницы |
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Райымбек ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті
Арна ауылы 2024 жыл
Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы М. Мұсаевқа
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
I. Кіріспе бөлік.
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Райымбек ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Райымбек ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.
1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:
1. «Райымбек ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі;
2. «Райымбек ауданының әкімдігіні әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі;
3. «Райымбек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
4. «Райымбек ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
5. «Райымбек ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
6. «Райымбек ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің «Райымбек аудандық кітапханасы» КММ;
7. «Райымбек ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
8. «Райымбек ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
9. «Райымбек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
10. «Райымбек ауданының жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
11. «Райымбек ауданы әкімдігінің Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
12.« Райымбек ауданы әкімдігінің Қайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
13. «Райымбек ауданы әкімдігінің Сарыжаз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
14.« Райымбек ауданы әкімдігінің Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
15. «Райымбек ауданы әкімдігінің Текес ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
16. «Райымбек ауданы әкімдігінің Тегістік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
17. «Райымбек ауданы әкімдігінің Ұзақ батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
18. «Райымбек ауданы әкімдігінің Шәлкөде ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2023 жылдың 31 желтоқсан аралығы.
II. Негізгі (талдамалық) бөлік
2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау
Райымбек ауданының 2023 жылға бюджетінің атқарылуы туралы есебі.
Райымбек аудандық мәслихатының «Райымбек ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №43-198 шешімімен бекітілген. 2023 жылдың аралығында аудандық мәслихаттың сессияларында 4 рет аудандық бюджетке нақтылау және аудан әкімінің қаулыларымен 7 рет түзетулер жасалды.
2023 жылдың қорытындысы бойынша аудандық бюджеттік параметрлердің орындалуы: түсімдер бойынша – 6 600 997,4 мың теңге немесе жоспарға 102,4%, Шығыстар бойынша – 6 659 172,9 мың теңге немесе 99,3 % құрады.
2023 жылдың қорытындысы бойынша аудандық бюджет профициті -312665,9 мың теңге мөлшерінде қалыптасты.
2023 жылы аудандық бюджетке түскен түсімдер 6 600 997,4 мың теңгені немесе түзетілген бюджетке 102,4 % құрады. Олар:
- Кірістер 6 600 997,4 мың теңге;.
- Бюджет кредиттерін өтеу сомалары 86152,9 мың теңге;
- Қарыздар түсімі 129375,0 мың теңге.
2022 жылмен салыстырғанда кірістер сомасы 168838,1 мың теңгеге артты.
-салықтық түсімдер – 1 179,0 мың теңге (2022 ж. көрсеткіштен +11,7 %-ға кеміген);
-салықтық емес түсімдер – 19046,8 мың теңге (2022 ж. Көрсеткіштен 28,5 %-
ға артқан);
-негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2216,7 мың теңге (2022 ж. көрсеткіштен -63 %-ға артқан);
- трансферттер түсімі – 102945,9 мың теңге кеміді (2022 ж. көрсеткіштен 83 %-ға кеміген), оның ішінде: ағымдағы нысаналы трансферттер 18369,0 мың теңге, нысаналы даму трансферттері 1914,3 мың теңге.
2023 жылы бюджеттік кредиттерді өтеу 69660 мың теңгеге жоспарланып, 86152,9 мың теңгеге орындалды немесе 104,7 %. 2022 жылмен салыстырғанда 7,7 %- ға артқан.
Қарыздар түсімі 129375,0 мың теңге түсіп, 100 % орындалды. Оның ішінде 129375,0 мың теңгеге ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 25 маманға тұрғын үй сатып алуға әлеуметтiк қолдау шарасы көрсетілген.
Райымбек ауданы бюджетінің атқарылуы туралы есептің деректеріне сәйкес 2023 жылға кірістер 5827546 мың теңге көлемінде бекітілді, жыл ішінде жоспар 615808 мың теңгеге немесе 9 % көбею жағына түзетілді және 6600997,4 мың теңгені құрады (меншікті кірістер бойынша – 2155683,8 мың теңге, трансферттер бойынша – 5237283,0 мың теңге).
Нақты 2023 жылы 6600997,4 мың теңге сомасында кірістер алынды, түзетілген жоспарға 102,4% - ға орындалған.
Кірістер құрылымында негізгі үлесті трансферттік түсімдер 5237283,0 мың теңгені немесе 100% құрайды, салықтық түсімдер 1336493,9 мың теңгені немесе 4,9% құрады, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 572,1 мың теңгені немесе 0,1% құрады, салықтық емес түсімдер 26648,3 мың теңгені немесе 0,04% құрады. Ауданның меншікті кірістері 3 түр бойынша жоспарланып орындалған, олар;
- 1336493,9 мың теңге көлемінде салықтық түсімдер;
- 26648,3 мың теңге көлемінде салықтық емес түсімдер;
- 572,1 мың теңге көлемінде негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер.
Жалпы алғанда, Райымбек ауданының аудандық бюджетінің атқарылуын бағалау нәтижелері аудандық бюджеттің атқарылуы негізінен Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына және мемлекеттік және бюджеттік бағдарламаларда көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған бюджет қаражатының нысаналы сипатына сәйкес келетінін көрсетті.
2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері
Аудит нәтижелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады:
Райымбек ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 8 274 049,3 мың теңге қамтылды.
Жүргізілген аудитпен жалпы сомасы 1000229,0 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
- 328232,6 мың теңгенің қаржылық бұзушылықтары қалпына келтірілуге жатады, аудит барысында ол бұзушылықтар толық қалпына келтірілді.
- 14625,2 мың теңгенің қаржылық бұзушылықтары өтелуге жатады, аудит барысында ол бұзушылықтардың 13464,0 мың теңгесі өтелді.
Сонымен қатар аудитпен 78779,0 мың теңгенің активтерді тиімсіз жоспарлануы және 578592,2 мың теңге тиімсіз пайдалануы анықталды.
Осылармен қатар 17 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
1. «Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі:
Тармақ-1. Осылайша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 3-тармағының талаптары сақталмай, 2022 жылдың сәуір айынан желтоқсан айына дейін мекеменің қызметкерлеріне 59,7 мың теңге артық төленген.
Тармақ-2. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2-тармағының талаптары сақталмай, Г.Ариповаға өкімсіз 2022 жылдың желтоқсан айында 63,6 мың теңге негізсіз аударылған.
Тармақ-3. Мекеменің ұсынған төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы төлемдеріне аударымдар жөніндегі салық кабинетінен түсірілген салық төлеушінің дербес шотының деректерін зерделеу барысында 2022 жылы жеке табыс салығы бойынша 54,0 мың теңге, әлеуметтік салық бойынша 162,3 мың теңге, 2023 жылы жеке табыс салығы бойынша 33,0 мың теңге, әлеуметтік салық бойынша 238,6 мың теңге дебиторлық берешек болғаны анықталған. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен 114, 115 және 118-тармақтарының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығының 9 тармағының талаптары сақталмаған.
Сонда-ақ, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығының 3 тарау 31 тармағының талаптары сақталмай 2023 жылдың 01 қаңтарындағы қаржылық есептілігінің ҚЕ-1 нысаны бойынша есепті кезеңнің бухгалтерлік балансында салықтар бойынша 487,9 мың теңге сомасына дебиторлық берешек көрсетілмеген.
Аудит нәтижесімен әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалту мақсатында Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне материал жолданған.
2. «Райымбек ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
Тармақ-1. Мекемемен ұсынылған бюджеттік өтінімдерге сәйкес, 2023 жылдың қараша айында әдеп тақтайшасын жасату үшін және қызметтік автокөлікке техникалық жөндеу жүмыстарын жүргізу үшін 5000,0 мың теңге сұратылған. Қазынашылық басқармасының 4-20 нысандарына сәйкес 2023 жылдың қараша айында 001 «Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігіне жергілікті бюджеттен барлығы 31 509,0 мың теңге берілген. Аудит объектісімен жыл аяғына дейін жоғарыда көрсетілген мақсаттарға 8501,0 мың теңгесі жұмсалып, қалған 23 008,0 мың теңгенің 22 508,0 мың теңгесі желтоқсан айында бағдарлама ішінде ерекшеліктерге жылжыту арқылы басқа да шығындарға жұмсалып, 500,0 мың теңгесі бюджет есебіне қайтарылған. Бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабы 9) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін негізділік, яғни негізділік принципі - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану принципінің сақталмағанды болып табылады. Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану. Демек, 2023 жылға жоспарланып берілген қаражаттардың 23 008,0 мың теңгесі тиімсіз жоспарланған болып табылады.
Тармақ-2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеу туралы» бірыңғай ережесінің 4-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, қызметкерге оның алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде сыйлық берілмейді. Аудит барысында Мекеме қызметкері Ахмет Сабиғат Сұлтанғазыұлына Райымбек ауданы әкімінің 2022 жылдың 09 ақпанындағы № 28-ө-ж/қ өкімімен «Ескерту» түрінде берілген тәртіптік жазасы алынбай, аудан әкімінің 2022 жылдың 01 шілдесіндегі № 14-ө-н/қ өкімімен шілде айында 74 375 теңге көлемінде сый ақы заңнама талаптарына қайшы төленгені анықталды.
Тармақ-3. Аудитке ұсынылған құжаттарға сәйкес, 2022 жылға жасалған бюджеттік өтініміне және қосымшаларына сәйкес 001 «Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 123 «Мiндеттi сақтандыру жарналары» ерекшелігіне 120,0 мың теңге қажет болып, толығымен берілген. Алайда, Мекемемен аудитке ұсынылған қазынашылық басқармасының 4-20 нысанындағы шығындар бойынша жиынтық есепке сәйкес, жоғарыда көрсетілген шығындарға жоспарланған қаражаттар 2022 жылдың тамыз айында толығымен 112 «Қосымша ақшалай төлемдер» ерекшелігіне қаралып, қызметкерлерге сый ақы ретінде төленген. Ал, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеу туралы» бірыңғай Ережесінің 13-тармағына сәйкес, сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу шығыстардың мынадай түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады. Демек, қызметкерлерге сый ақы ретінде жоғарыда 120,0 мың теңге қаражаттарын төлеу негізсіз болып табылады және тиісті тұлғалардан жергілікті бюджет есебіне қайтарылуға жатады.
Тармақ-4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бекітілген № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу туралы» Қағидаларының (әрі қарай - № 393 Қағида) 15-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау үшін толық және нақты ақпаратпен мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етуі тиіс.Аудит барысында Мекемемен ұсынылған салықтар бойынша жеке шоттардағы мәліметтерді қарау барысында 2023 жыл қорытындысы бойынша Мекеме бойынша төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталынатын жеке табыс салығы бойынша 2 695 206 теңге және әлеуметтік салық бойынша 714 920 теңге, барлығы 3 410 126 теңге көлемінде кредиторлық қарыздар қалыптасқаны анықталды.Алайда, аудитке ұсынылған жылдық есептілікте (бухгалтерлік баланс) аудит барысында анықталған берешектер көрсетілмеген немесе бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру фактісі орын алған.
Аудит нәтижесімен әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалып, айып пұл салынған.
3. «Райымбек ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
Тармақ-1. Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының 116-118-тармағын, ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығын және Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттары жоспарының 22-тармағын, ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығын бұза отырып, есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу жөніндегі жинақтау ведомосына сәйкес 01.01.2024 жағдай бойынша пайда болған кредиторлық берешек «№8 мемориалдық ордер» 99,1 мың теңге мөлшерінде мекеменің бухгалтерлік есебінде көрсетілмеген, осыған байланысты тиісті деректерді көрсетпей қаржылық есептілікті жасау кезінде 2023 жылғы қаржылық есептіліктің бұрмалануына әкеп соққан.
Тармақ-2. 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген" мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ҚР органдары қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және олардың лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларының 4-тармағының 1) тармақшасының талаптары бұзылған, оған сәйкес қызметкерде алынбаған тәртіптік жаза болған кезде сыйлықақы беру жүргізілмейді. 03.03.2023 жылғы № 62-ө-ж/к өкімімен Е.С.Касеновке ескерту түрінде тәртіптік жаза жарияланған. Осыған қарамастан, 2023 жылғы 28 шілдедегі № 52-н/к және 2023 жылғы 23 тамыздағы № 60-н/к Е.Қасеновтың бұйрықтары негізінде 577,2 мың теңге көлемінде сыйақы төленгендігі анықталған.
Тармақ-3. "Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ ҚР Парламенті депутаттарының ҚР шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы" 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 Қағидалардың 2-тармағын және "қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде Шет мемлекеттерге өтеу" қағидаларының 3-тармағын бұза отырып 2018 жылғы 11 мамырда № 256 үшін іссапар шығындары артық төленген: Е. С. Касеновқа 110,6 мың теңге, Л. Ирсалиеваға - 69,5 мың теңге, М. Шоқаеваға - 44,5 мың теңге көлемінде іссапар шығыстарының артық төленген сомасы 224,6 мың теңгені құраған. 03.03.2023 жылғы № 62-ө-ж/к Касенов Ербол Серікұлы өкімімен 2023 жылғы 28 шілдедегі № 52-н/к және 2023 жылғы 23 тамыздағы № 60-н/к Касенов Е. С. бұйрықтары негізінде ескерту түрінде тәртіптік жаза жариялау 577,2 мың теңге мөлшерінде сыйлықақы төленген. Тармақ-4. ҚР ҚМ 17.03.2015 жылғы № 179 бұйрығымен бекітілген «мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, офистік жиһазбен және мемлекеттік органдар аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз ету нормаларын» (№1 қосымша ) және Алматы облысы әкімінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 4-ө-н/қ «Алматы облысы мемлекеттік органдарының қызметтік автомобильдер тиістілігінің нормативі және техникалық персонал санының лимиті туралы» өкімдері (№2 қосымша) бұза отырып қызметтік автомобильдер тиістілігінің артық белгіленген лимиті мекемесінің балансына «Райымбек ауданының қаржы бөлімі» ММ мен «Райымбек ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ (Райымбек ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі) арасында жасалған 2022 жылғы 22 қарашадағы № 232 тапсыру қабылдау актісі негізінде Kia Rio маркалы, мемлекеттік нөмірі 793 aw05 автомашинасы қабылданды, оның құны 5790,0 мың теңгені құраған.
Аудит кезінде жауапты тұлғаға тәртіптік жаза көрілмеген, себебі кінәлі жауапты тұлға мекеменің 09.10.2023 жылғы № 31-т-ж/қ бұйрығымен жұмыстан босатылған.
4. «Райымбек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
Тармақ-1. Аталған бағдарламаға 2023 жылға жасалған бюджеттік өтінімге сәйкес жыл басына 166 324,0 мың теңге жоспарланған. Алайда атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының жоспарлаған санынан аз болуына байланысты, Райымбек ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы «Райымбек аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы «Райымбек ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» №43-198 шешімін іске асыру туралы» №01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Райымбек ауданды әкімдігінің 2023 жылғы 20 қарашадағы №375 және 26 желтоқсандағы №398 қаулысымен 33 240,0 мың теңге өз мақсатында пайдаланылмай, 2023 жылдың қараша және желтоқсан айларында 10 784,0 мың теңгесі басқа да бағдарламаларға жылжыту арқылы басқа да шығындарға жұмсалып, қалған 22 456,0 мың теңгесі тиісті бюджетке қайтарылған. Жыл соңында 133 083,6 мың теңге игерілген.Бұл ретте, 04.12.2008 ж. №95-IV (кейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 3 бабы 1 тармағының 12-4 тармақшасының, 4 баптың 1 бөлігі 12 тармақшасының талаптары басшылыққа алынбай 33 240,0 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған.
Тармақ-2. Аталған бағдарламаға 2023 жылға жасалған бюджеттік өтінімге сәйкес жыл басына 23 916,0 мың теңге жоспарланған. Жыл ішінде қаржыландыру жоспарына енгізілген өзгерістер мен толықтауларға сәйкес 31 140 мың теңгені құраған. Алайда мұқтаж азаматтардың жекелеген топтары санының жоспарлаған санынан аз болуына байланысты, Райымбек ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы «Райымбек аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы «Райымбек ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» №43-198 шешімін іске асыру туралы» №01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Райымбек ауданды әкімдігінің 2023 жылғы 20 қарашадағы №375 және 26 желтоқсандағы №398 қаулысымен 15 307,0 мың теңге өз мақсатында пайдаланылмай, 2023 жылдың қараша және желтоқсан айларында 3000,0 мың теңгесі басқа да бағдарламаларға жылжыту арқылы басқа да шығындарға жұмсалып, қалған 12 307,0 мың теңгесі тиісті бюджетке қайтарылған. Жыл соңында 15 833,0 мың теңге игерілген. Бұл ретте, 04.12.2008 ж. №95-IV (кейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 3 бабы 1 тармағының 12-4 тармақшасының, 4 баптың 1 бөлігі 12 тармақшасының талаптары басшылыққа алынбай 15 307,0 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған.
Тармақ-3. Аталған бағдарламаға 2023 жылға жасалған бюджеттік өтінімге сәйкес жыл басына 75 764,0 мың теңге жоспарланған. Жыл ішінде қаржыландыру жоспарына енгізілген өзгерістер мен толықтауларға сәйкес 83 062 мың теңгені құраған. Алайда мұқтаж мүгедек адамдар санының жоспарлаған санынан аз болуына байланысты, Райымбек ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы «Райымбек аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы «Райымбек ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» №43-198 шешімін іске асыру туралы» №01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Райымбек ауданды әкімдігінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №398 қаулысымен 7 224,0 мың теңге 2023 жылдың желтоқсан айында тиісті бюджетке қайтарылып, жыл соңында 75837,5 мың теңге игерілген. Бұл ретте, 04.12.2008 ж. №95-IV (кейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 3 бабы 1 тармағының 12-4 тармақшасының, 4 баптың 1 бөлігі 12 тармақшасының талаптары басшылыққа алынбай 7 224,0 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған.
«Райымбек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 30.07.2024 жылғы № 38-ж/қ бұйрығына сәйкес, А.Е.Тоққожаға ескерту берілген.
5. «Райымбек ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
Тармақ-1. Бюджет қаражаты есебінен іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарлар бойынша шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысының 2-тараудың 3-тармағының 1 және 2 тармақшалары сақталмай: Мекеменің 2022 жылғы 01 ақпанындағы №2-ө-ж/қ өкімі негізінде мекеменің жүргізушісі Мұқаш Ж.Қ. 1-2 ақпан күндері «Дене шынықтыру және спорт басқармасы ММ-нің алқа мәжілісіне бөлім басшысымен бірге Талдықорған қаласына жіберілген. Алайда Мұқаш Ж.Қ.-ға тұрғын үй-жайды жалдау шығыстарын және тәуліктік өтемақыны қосқанда 1 күнге 18,4 мың теңгеге артық есептеліп төленгені; 2022 жылғы 3 шілдесіндегі №8-ө-ж/қ өкімі негізінде қызметтік қажеттілікке байланысты мекеменің есепшісі Салмекеева М.А. 4-5 шілде күндері Алматы қаласына жіберілген. Алайда Салмекеева М.А.-ға тұрғын үй-жайды жалдау шығыстарын және тәуліктік өтемақыны қосқанда 1 күнге 1,1 мың теңгеге артық есептеліп төленгені; 2022 жылғы 08 шілдесіндегі №9-ө-ж/қ өкімі негізінде қызметтік қажеттілікке байланысты мекеменің жүргізушісі Мұқаш Ж.Қ. 4-5 шілде күндері Қонаев қаласына жіберілген. Алайда Мұқаш Ж.Қ.-ға тұрғын үй-жайды жалдау шығыстарын және тәуліктік өтемақыны қосқанда 1 күнге 4,9 мың теңгеге артық есептеліп төленгені анықталды.
Тармақ-2. Бюджет қаражаты есебінен іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарлар бойынша шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысының 2-тараудың 6-тармағына сақталмауы, яғни мекеменің жауапты тұлғаларының іссапарлар туралы есеп беруді жүйелі түрде тапсырмауы анықталды.
Тармақ-3. Сонымен қатар, Мемлекеттік мекеменің 2022 қаржы жылының қорытындысы бойынша №8 мемориалдық ордеріне (есеп беретін тұлғалармен есеп айырысулардың жиынтық ведомосі) сәйкес есеп берушілер тарапынан (ұсынылмаған аванстық есептер) берешегі 3436,1 мың теңгені құрайды. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының» 16-тараудың 415 тармағы талабы бұзылып, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша дебиторлық берешек бухгалтерлік есепте көрсетілмегені қаржылық есептілікті бұрмалау болып табылады.
Тармақ-4. Мемлекеттік мекеменің 2023 қаржы жылының қорытындысы бойынша №8 мемориалдық ордеріне (есеп беретін тұлғалармен есеп айырысулардың жиынтық ведомосі) сәйкес есеп берушілер тарапынан (ұсынылмаған аванстық есептер) берешегі 7093,7 мың теңгені құрайды. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының» 16-тараудың 415 тармағы талабы бұзылып, дебиторлық берешек 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бухгалтерлік есепте көрсетілмегені қаржылық есептілікті бұрмалау болып табылады. Және бұл бұзушылық үшін ӘҚБтК-нің 238-бабының 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Тармақ-5. 421 Жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, беру қондырғыларын күрделі жөндеу» ерекшелігі бойынша «Тапсырыс беруші» мекемемен «Өнім беруші» "ИКАР-СТРОЙ", "ГрадСтройСервис", "АДС САПА" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері арасында 2022 жылға жалпы соммасы 287213,9 мың теңгеге келісім шарттар жасалып, «Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қақпақ ауылындағы Мәдениет үйінің ғимараты - күрделі жөндеу жұмыстары және авторлық қадағалау, техникалық қадағалау жасалынған. Жұмыстарды аяқтау мерзімі уәкілетті мемлекеттік органнан құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат алған күннен бастап 4 ай ішінде жоспарланған. Уәкілетті мемлекеттік органнан құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат 2022 жылдың 13 маусымында алынған. 2022 жылғы 10 қазандағы кеңес негізінде «Тапсырыс беруші» мен «мердігер» арасында 2022 жылғы 11 мамырдағы №10 қосымша келісім шарт жасалған, және мұнда жұмыстарды аяқтау мерзімі 2022 жылғы 20 желтоқсанға дейін ұзартылған. Қаражат мердігерге толықтай аударылған. Алайда, мекеменің 2023, 2024 жылдардың 1 қаңтардағы бухгалтерлік балансы бойынша Қақпақ ауылындағы Мәдениет үйінде өндірістік күрделі жөндеу жұмыстары «аяқталмаған құрылыс» деп көрсетілген. Қақпақ ауылындағы мәдениет үйінің негізгі қорын ұлғайту бойынша өндірістік шығындарды әкімші әлі күнге дейін мәдениет үйінің балансына аудармаған. Осы кемшілік аудит барысында бухгалтерлік анықтамамен түзетілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының» 243 тармағы талабы бұзылып, негізгі құралдардың 287213,9 мың теңгеге бухгалтерлік есеппен дұрыс ресімделуі қамтамасыз етілмеген, яғни 2320 шотына «Ғимараттар» оның ішінде: 2321 шотына «Тұрғын емес үй ғимараттары» бухгалтерлік балансқа кіріске алынбаған.
Тармақ-6. Алайда, Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығының 6, 8, 9 тармақтары сақталамағаны анықталды. Яғни ведомстволық бағыныстағы «Райымбек ауданы Әкімінің аудандық Мәдениет үйі» бөлiнетiн бюджеттiк субсидиялар көлемiне: кіріс-шығыс жоспарларын, алдағы айдың залалдарын жабу есептерiн, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне даму жоспарларының орындалуы бойынша бекітілген есептерді беруді қамтамасыз ету туралы мәлiметтердi жеткiзебеген.
Мекеменің 04.07.2024 жылғы №17 бұйрығымен жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
6. «Райымбек ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
Алматы облысы Райымбек ауданы Текес ауылында ауылдық әкімдік ғимаратын салуға. "Еділ-Строй Сервис" ЖШС жеткізушімен жалпы сомасы 159 125,8 мың теңгеге 19.04.2023 жылғы №6 шарт жасалды. Жұмыстарды аяқтау мерзімі шарт бойынша жасалған күннен бастап 5 ай 15 күн. Келісім-шарт Қазынашылық басқармасында 20.04.2023 жылы тіркелген. Төлем кестесі бойынша 2023 жылға арналған төлемдер 159 125,8 мың теңге. 2024 жылға 1 теңге. Келісім- шарт бойынша жасалған күннен бастап жұмыстардың орындау мерзімі 2023 жылғы 6 қазанға дейін.
24.05.2023 ж. №6/1 қосымша келісім-шарт бойынша, қосымша келісімдерге ағымдағы қаржы жылына бөлінген соманың төлемдер кестесін өзгерту бөлігінде негізгі шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2023 жылға 47737,7 мың теңге. (Шарттың жалпы сомасының 30 пайызы түріндегі аванс сомасы). 2024 жылға 111388,1 мың теңге. 17.07.2023 жылға дейін 47737,7 мың теңге игерілді.
17.07.2023 ж. №6/2 қосымша келісім-шарт бойынша қосымша келісімдерге ағымдағы қаржы жылына бөлінген соманың төлемдер кестесін өзгерту бөлігінде негізгі шартқа 2023 жылға 159125,7 мың теңге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2024 жылға 1 теңге.
26.12.2023 ж. №6/3 қосымша келісім-шарт бойынша қосымша келісімдерге 2023 жылға игерілген соманы шегергенде ағымдағы қаржы жылына бөлінген соманың төлемдер кестесін өзгерту бөлігінде негізгі шартқа 159125,8 мың теңге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Жұмыстардың нақты орындалуы 154800,1 мың теңгені құрады, Нысан 28.12.2023 ж. пайдалануға берілді, уақытында игерілмеген қаражат қалдығы 4325,7 мың теңгені құрады.
Тармақ-1. Келісім-шарттың 8.3-тармағының және Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 43-бабы 24-тармағының талаптарына сәйкес жұмыстарды орындау мерзімдерін кешіктіргені себебінен, мерзімі өткен әрбір күн үшін тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасының 0,1% - ы, бірақ шарт сомасының 10% - нан аспайтын аралық есептелген). Орындалмаған міндеттеме 4325,7 теңгені құрады (4325,7 мың теңге * 0,1%* 82 к/күн) 354,7 мың теңгені Мердігерден (206109) кодқа жергілікті бюджет кірісіне өндіруіге жатады.
Алматы облысы Райымбек ауданы Жамбыл ауылында ауылдық әкімдік ғимаратын салуға. "Еділ-Строй Сервис" ЖШС жеткізушімен жалпы сомасы 165184,6 мың теңгеге 19.04.2023 жылғы №5 шарт жасалды. Жұмыстарды аяқтау мерзімі шарт бойынша жасалған күннен бастап 6 ай. Келісім-шарт Қазынашылық басқармасында 20.04.2023 жылы тіркелген. Төлем кестесі бойынша 2023 жылға арналған төлемдер 165184,6 мың теңге. 2024 жылға 1 теңге. Келісім- шарт бойынша жасалған күннен бастап жұмыстардың орындау мерзімі 2023 жылғы 20 қазанға дейін.
24.05.2023 ж. №5/1 қосымша келісім-шарт бойынша, қосымша келісімдерге ағымдағы қаржы жылына бөлінген соманың төлемдер кестесін өзгерту бөлігінде негізгі шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2023 жылға 49555,4 мың теңге. (Шарттың жалпы сомасының 30 пайызы түріндегі аванс сомасы). 2024 жылға 115629,3 мың теңге. 17.07.2023 жылға дейін 49555,4 мың теңге игерілді.
17.07.2023 ж. №5/2 қосымша келісім-шарт бойынша келісімдерге ағымдағы қаржы жылына бөлінген соманың төлемдер кестесін өзгерту бөлігінде негізгі шартқа 2023 жылға 115629,4 мың теңге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2024 жылға 1 теңге.
26.12.2023 ж. №5/3 қосымша келісім-шарт бойынша қосымша келісімдерге 2023 жылға игерілген соманы шегергенде ағымдағы қаржы жылына бөлінген соманың төлемдер кестесін өзгерту бөлігінде негізгі шартқа 165184,7 мың теңге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Жұмыстардың нақты орындалуы 161 725,4 мың теңгені құрады, Нысан 28.12.2023 ж. пайдалануға берілді, уақытында игерілмеген қаражат қалдығы 3459,3 мың теңгені құрады.
Тармақ-2. Келісім-шарттың 8.3-тармағының және Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 43-бабы 24-тармағының талаптарына сәйкес жұмыстарды орындау мерзімдерін кешіктіргені себебінен, мерзімі өткен әрбір күн үшін тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасының 0,1% - ы, бірақ шарт сомасының 10% - нан аспайтын аралық есептелген). Орындалмаған міндеттеме 3459,2 теңгені құрады (3459,3 мың теңге * 0,1%* 68 к/күн) 235,2 мың теңгені Мердігерден (206109) кодқа жергілікті бюджет кірісіне өндіруіге жатады.
Алматы облысы Райымбек ауданы Ұзақ Батыр ауылында ауылдық әкімдік ғимаратын салуға. "Еділ-Строй Сервис" ЖШС жеткізушімен жалпы сомасы 158917,5 мың теңгеге 19.04.2023 жылғы №7 шарт жасалды. Жұмыстарды аяқтау мерзімі шарт бойынша жасалған күннен бастап 6 ай Келісім-шарт Қазынашылық басқармасында 20.04.2023 жылы тіркелген. Төлем кестесі бойынша 2023 жылға арналған төлемдер 158 917,6 мың теңге. 2024 жылға 1 теңге. Келісім- шарт бойынша жасалған күннен бастап жұмыстардың орындау мерзімі 2023 жылғы 20 қазанға дейін.
24.05.2023 ж. №7/1 қосымша келісім-шарт бойынша, қосымша келісімдерге ағымдағы қаржы жылына бөлінген соманың төлемдер кестесін өзгерту бөлігінде негізгі шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2023 жылға 47675,3 мың теңге. (Шарттың жалпы сомасының 30 пайызы түріндегі аванс сомасы). 2024 жылға 111242,3 мың теңге. 17.07.2023 жылға дейін 6675,2 мың теңге игерілді.
17.07.2023 ж. №7/2 қосымша келісім-шарт бойынша қосымша келісімдерге ағымдағы қаржы жылына бөлінген соманың төлемдер кестесін өзгерту бөлігінде негізгі шартқа 2023 жылға 111242,3 мың теңге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2024 жылға 1 теңге.
26.12.2023 ж. №7/3 қосымша келісім-шарт бойынша қосымша келісімдерге 2023 жылға игерілген соманы шегергенде ағымдағы қаржы жылына бөлінген соманың төлемдер кестесін өзгерту бөлігінде негізгі шартқа 158917,5 мың теңге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Жұмыстардың нақты орындалуы 154602,2 мың теңгені құрады, Нысан 28.12.2023 ж. пайдалануға берілді, уақытында игерілмеген қаражат қалдығы 4315,3 мың теңгені құрады.
Тармақ-3. Келісім-шарттың 8.3-тармағының және Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 43-бабы 24-тармағының талаптарына сәйкес жұмыстарды орындау мерзімдерін кешіктіргені себебінен, мерзімі өткен әрбір күн үшін тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасының 0,1% - ы, бірақ шарт сомасының 10% - нан аспайтын аралық есептелген). Орындалмаған міндеттеме 4315,3 теңгені құрады (4315,3 мың теңге * 0,1%* 68 к/күн) 293,4 мың теңгені Мердігерден (206109) кодқа жергілікті бюджет кірісіне өндіруіге жатады.
Алматы облысы Райымбек ауданы Шәлкөде ауылында ауылдық әкімдік ғимаратын салуға. "Еділ-Строй Сервис" ЖШС жеткізушімен жалпы сомасы 177 755,7 мың теңгеге 19.04.2023 жылғы №8 шарт жасалды. Жұмыстарды аяқтау мерзімі шарт бойынша жасалған күннен бастап 6 ай Келісім-шарт Қазынашылық басқармасында 20.04.2023 жылы тіркелген. Төлем кестесі бойынша 2023 жылға арналған төлемдер 177 755,7 мың теңге. 2024 жылға 1 теңге. Келісім- шарт бойынша жасалған күннен бастап жұмыстардың орындау мерзімі 2023 жылғы 20 азанға дейін.
24.05.2023 ж. №8/1 қосымша келісім-шарт бойынша, қосымша келісімдерге ағымдағы қаржы жылына бөлінген соманың төлемдер кестесін өзгерту бөлігінде негізгі шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2023 жылға 53326,7 мың теңге. (Шарттың жалпы сомасының 30 пайызы түріндегі аванс сомасы). 2024 жылға 124429,0 мың теңге. 17.07.2023 жылға дейін 53326,7 мың теңге игерілді.
17.07.2023 ж. №8/2 қосымша келісім-шарт бойынша қосымша келісімдерге ағымдағы қаржы жылына бөлінген соманың төлемдер кестесін өзгерту бөлігінде негізгі шартқа 2023 жылға 177755,7 мың теңге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2024 жылға 1 теңге.
26.12.2023 ж. №8/3 қосымша келісім-шарт бойынша қосымша келісімдерге 2023 жылға игерілген соманы шегергенде ағымдағы қаржы жылына бөлінген соманың төлемдер кестесін өзгерту бөлігінде негізгі шартқа 1777755,7 мың теңге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Жұмыстардың нақты орындалуы 177755,7 мың теңгені құрады, Нысан 28.12.2023 ж. пайдалануға берілді, уақытында игерілмеген қаражат қалдығы 4087,8 мың теңгені құрады.
Тармақ-4. Келісім-шарттың 8.3-тармағының және Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 43-бабы 24-тармағының талаптарына сәйкес жұмыстарды орындау мерзімдерін кешіктіргені себебінен, мерзімі өткен әрбір күн үшін тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасының 0,1% - ы, бірақ шарт сомасының 10% - нан аспайтын аралық есептелген). Орындалмаған міндеттеме 4087,8 теңгені құрады (4087,8 мың теңге * 0,1%* 68 к/күн) 277,9 мың теңгені Мердігерден (206109) кодқа жергілікті бюджет кірісіне өндіруіге жатады).
7. «Ұйғыр ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
Тармақ-1. Аудит барысында іс сапар шығындарының дұрыс есептелініп, төленуін бақылағанда іс сапардың нақты төленетін пәтер ақы күні мен жол шындары дұрыс анықталынбай жалпы сомасы 82,1 мың теңгеге іс сапар шығыны артық есептелініп, төленгендігі анықталды. Бұл кемшілік Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының» (2018 жылғы 11 мамырдағы № 256) 2-бөлімінің талаптарының сақталмауынан туындаған.
Тармақ-2 . Мекеменің 2023 жылы күрделі шығыстар ретінде сатып алынып, оны өздерінің және өздеріне қарасты ұйымдарға берілу дұрыстығымен құндылықтардың сақталу дұрыстығына аудит жүргізу кезінде, басқару және қорғау Келет-100 станциясы 1 дана құны 751,0 мың теңгеге жетіспеушілігі анықталды. Бұл кемшілік «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығының 58-бөлімі талабына қарсы келеді.
Тармақ-3. Аудит кезінде 2021 жылда басталып, 2022 жылда аяқталынуға тиісті сумен жабдықтау жұмыстарының орындалу дұрыстығын бақылағанда келесідей сәйкессіздік анықталды: "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен "ДАНЕКЕР" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы Алматы облысы Райымбек ауданы Шәлкөде ауылының ауыз су жүйелерінің құрылысы мен жаңғыртуына 04.05.2021 жылы №13 келісім шарт жасалынған. Келісім шарттың жалпы сомасы 360 470,0 мың теңге. Әрі қарай 25.05.2021 жылы №1924 төлем тапсырмасымен Мердігер Шарттың орындалуын қамтамасыз ету кепілдемесі ретінде 10 814 116,21 теңге төлеген. Жұмыстың толық аяқталу мерзімі келісім шарттың 1- қосымшасына сәйкес, келісімшарт жасалған күннен бастап 2022 жылдың 15 мамырына дейін. Одан кейін 11.04.2022 жылы жұмыстарды аяқтау мерзімін 1 айға, 15 маусымға дейін ұзарту мақсатында №13/3 қосымша келісім жасалған. Бірақ мердігер өзіне алған міндеттерін орындамай, аталған мерзімге жұмысты аяқтамаған. Соның салдарынан мекеме тарапынан Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінгеннен кейін, сот тарапынан 29 қараша 2022 жылы № 1912-22-00-2/1627 шешім шығып, соның нәтижесінде Жауапкер «Данекер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп танылған. Жоғарыда аталған шешімді басшылыққа ала келе 21.12.2022 жылы №13/4 қосымша келісіммен жұмыстарды орындау мерзімін бірнеше рет бұзғаны үшін келісім шарты бір жақты бұзылған. Жоғарыда аталған бұзушылық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 43-бабы, 12-тармағының талаптарына қарсы келеді. Яғни бұл заңның талабы бойынша келісім шарт міндеттерін толық орындамағаны үшін келісім шарт бір жақты бұзылатын болса, онда бұрын төленген шарттың орындалуын қамтамасыз ету кепілдемесі мердігерге емес бюджетке қайтарылуға жатады.
Тармақ-4. Қабылдап алынған құрылыс жұмыстарының нақты пайдалануға берілуін бақылағанда Райымбек ауданы Көкбел ауылының ауыз су жүйелерінің құрылысы мен жаңғырту нысаны жалпы сомасы
538 136,0 мың теңгеге бөлінген қаражат игеріліп, ол ҚР Бюджет кодексінің 4 бабының 9 тармақшасына сәйкес негізділік принципі және 12 тармақшасы тиімділік қағидаты – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмей, тиімсіз пайдаланылған.
Тармақ-5. Алматы облысы Райымбек ауданы Шәлкөде ауылының ауыз су жүйелерінің құрылысы мен жаңғыртуына (аяқтау жұмыстарына) жалпы сомасы 29 862,0 мың теңгеге "GAZSTROY COMPANY" ЖШС-мен №43 келісім шарт жасалған. Төлемдер 2023 жылы 1-қосымшаға сәйкес шарт бойынша көзделген аванс 8958,0 мың теңге төленген. Және келісім шарт бойынша жоспарланған жұмыстар уақытында атқарылмай 20 903,2 мың теңге игерілмей қалған. Нысан ауыспалы 2023 жылдан 2024 жылға ауысқан. Берілген қаражат 2023 жыл қортындысында қазынашылық басқармасымен берілетін 4-20 формасы бойынша соммасы 20903,2 мың теңгеге жұмсалынбай қалып, ҚР Бюджет кодексінің 4 бабының 9 тармақшасына сәйкес негізділік принципі және 12 тармақшасы тиімділік қағидаты бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқарылуы жүзеге асырылмай, тиімсіздік орын алған.
Тармақ-6. Аудит барысында мекенің теңгерімінде тұрған коммуналдық меншіктегі үйлердің тұрғындарының коммуналдық шығындарын уақыты өтелуін бақылағанда, ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылдың 17 наурыздағы №212 «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Ереженің 54-тармағы талабы сақталмай коммуналдық пәтерлердің коммуналдық шығындары жалпы сомасы 91,9 мың теңгеге уақытылы өтелмегендігі анықталды.
Мекеменің 04.07.2024 жылғы № 07 ж/қ бұйрығымен жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
.
8. «Райымбек ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Райымбек аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: Тоқсандық, жылдық есептер «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығымен бекітілген мерзімде тапсырылған.
Тармақ-1. Алайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бекітілген №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу туралы» Қағидаларының және (әрі қарай - №393 Қағида) 15-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау үшін толық және нақты ақпаратпен мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етуі тиіс.
Аудит нәтижесімен әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалту мақсатында Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне материал жолданған.
9. Райымбек ауданының «Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
2022 жылдын 1 қаңтарына мекеменің теңгерімінде 2013 жылғы алынған мемлекеттік тіркеу нөмірі 907/АB/05 Lada 21214 қызметтік автокөлігі қалдық құны 1593,0 мың теңге тіркелген. Оған қармастаған, 2022 жылдың 11 қарашасында №28 келісім шарты «СарыаркаАвтоПром» ЖШС-мен 5890,0 мың теңгеге жасалынып «Chevrolet Cobalt» маркалы қызметтік автокөкөлігі сатып алынған.
Тармақ-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылдың 17 наурыздағы №179 «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен,телефон байланысымен,кеңсе жихазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген қағидалары және Алматы облысы әкімінің 2021 жылдың 31 желтоқсандағы №134-өн/қ өкімінің 2 қосымша талаптары сақталмай 2022 жылы бекітілген лимиттен тіс 1 (бір) қызметтік автокөлігі мемлекеттік нөмірі 216 AI05 «Chevrolet Cobalt» мекемеде болған.
Аудит нәтижесімен әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалып, айып пұл салынған.
10. «Райымбек ауданының Тегістік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
Тармақ-1. Мекеме қаражатын жұмсауда сомасы 55,2 мың теңгеге іс сапар шығындары артық төленгендігі анықталған. Аудит кезінде жауапты тұлғаға тәртіптік жаза көрілмеген, себебі кінәлі жауапты тұлға мекеменің 22.05.2024 жылғы № 13-ө-ж/қ, өкіміне сәйкес жұмыстан босатылған.
11. Райымбек ауданының «Текес ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
Тармақ-1. Мекемемен жыл бойын қаржыландыру жоспарына енгізілген өзгерістер мен толықтауларға сәйкес, аталған сома жыл бойы игерілмей, жыл аяғында қалып қалған. Бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің (әрі қарай - Бюджет Кодексі) 3-бабы 1-тармағының 12-4) тармақшасы мен 4-бабы 12) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік қағидатының сақталмағанды, яғни бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару шаралары атқарылмағандығы болып табылады. Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану. Алайда, Бюджеттік кодекстің 3-бабы 1-тармағының 12-4) тармақшасын, 4-бабы 12) тармақшасын басшылыққа алынбай, Мекеме 2023 жылға жоспарланып берілген 1483,0 мың теңге қаражаты тиімсіз жоспарланған болып табылады.
Тармақ-2. Мекемемен жыл бойын қаржыландыру жоспарына енгізілген өзгерістер мен толықтауларға сәйкес, аталған сома жыл бойы игерілмей, жыл аяғында қалып қалған. Бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің (әрі қарай - Бюджет Кодексі) 3-бабы 1-тармағының 12-4) тармақшасы мен 4-бабы 12) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік қағидатының сақталмағанды, яғни бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару шаралары атқарылмағандығы болып табылады. Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану. Алайда, Бюджеттік кодекстің 3-бабы 1-тармағының 12-4) тармақшасын, 4-бабы 12) тармақшасын басшылыққа алынбай, Мекеме 2023 жылға жоспарланып берілген 500,0 мың теңге қаражаты тиімсіз жоспарланған болып табылады.
Әкімнің 02.07.2024 жылғы №19 өкіміне сәйкес, Д.Н.Салимжановқа тәртіптік жаза «Ескерту» берілген.
12. Райымбек ауданы әкімдігінің «Сарыжаз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
Тармақ-1. Округ әкімі С.Жетпысбаевтың бұйрығының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тарауының 3 тармағының талаптары сақталмай 2023 жылы іс сапарға барған бас маман С.Е.Мукановқа тұрғын үй-жайды жалдау шығыстарына 1 күнге 24 150 теңге артық есептелініп төленген.
Тармақ-2. Аудитке ұсынылған салықтар бойынша жеке шоттардағы мәліметтерді қарау барысында 2023 жыл қорытындысы бойынша Мекеме бойынша төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталынатын жеке табыс салығы бойынша 45 336 теңге және әлеуметтік салық бойынша 84 026 теңге көлемінде дебиторлық берешектер қалыптасқаны анықталды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидаларының 15-тармағымен мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау үшін толық және нақты ақпаратпен мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етуі тиіс екендігі белгіленген.
Аудит нәтижесімен әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалту мақсатында Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне материал жолданған.
13. Райымбек ауданының «Кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
Тармақ-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары»-ның 16 тармағына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 243,244-тармақтарының талаптары болық басшылыққа алынбай, 224,0 мың теңгенің ұзақ мерзімді активтері алғашқы тануда дұрыс шотта көрсетілмеген.
Жауапты кінәлі тұлғаның жұмыстан босатылу себебінен, тәртіптік жаза қаралмаған.
14. «Райымбек ауданының Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
Тармақ- 1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Заңының 4-бабы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы N 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының 3-тармағы 53) тармақшасының, 4, 243-тармақтарының талаптары сақталмай, Мекеме тарапынан жалпы сомасы 19 590,1 мың теңгеге негізгі құралдар объектілерін бухгалтерлік есепке тану бойынша шаралар қабылдамаған.
Тармақ-2. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 107-бабы 3-тармағының талаптары басшылыққа алынбай, 2023 жылдың мамыр айында Райымбек ауданы әкімінің 2024 жылғы 02 мамырдағы № 26-ө-н/қ өкімі негізінде статист-бухгалтер А. М. Тәжібаеваға 74,9 мың теңгеге сыйақы негізсіз төленгені анықталды.
Аудит нәтижесімен әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалту мақсатында Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне материал жолданған.
15. Райымбек ауданының «Қайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
Тармақ-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 Қаулысының 2-тарауының 3-тармағы 1 және 2-тармақшаларының талаптары сақталмай барлығы 132,9 мың теңгеге іс сапар шығындары артық есептелініп, төленген.
Мекеме теңгерімінде 1978 жылы салынған, жалпы алаңы 609,12 шаршы метр жер телімінде орналасқан екі қабатты ғимарат бар, оның ішінде әкімшілік ғимаратының ауданы 609,12 шаршы метр, бөлмелер саны 30, Ғимараттың ауқымы 3114,4 шаршы метр. Және де Қайнар ауылдық әкімдігінің балансындағы ғимаратта уәкілетті органмен жалдау шартынсыз бір бөлмені "Райымбек ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК алады, ол электр энергиясы бойынша қызметтерді дербес төлейді.
Тармақ-2. Алайда, "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 17 наурызда № 10467 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 Бұйрығының 1-тарау 5 және 6-тармақтары сақталмаған.
Тармақ-3. 040 «Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру» бағдарламасы бойынша қаржы игеріліп, Оның ішінде қызметтер мен жұмыстарға 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша балалар ойын алаңына 01.06.2023 жылы ЖК «ЕЛЕМЕСОВА А.»-мен құны 4000,0 мың теңгеге №23 келісім шарт жасалып, кейін 10.10.2023 жылы жоғарыдағы келісім шартқа құны 2250,0 мың теңге № 1 қосымша келісім шарт жасалып, жалпы келісім шарт құны 6250,0 мың теңгеге ұлғайтылып ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Нақтылап айтқанда: балалар каруселі, аспалы әткеншек, балалар ойын кешені, жарықтандыру, төсеніштер (брусчатка) 525 м2 төселген. Алайда, төлем "ағымдағы жұмыс" ретінде жүзеге асырылған, ал салынған: балалар каруселі, аспалы әткеншек, балалар ойын кешені, жарықтандыру, төсеніштер (брусчатка) өзге негізгі құралдарға жатады және мекеменің балансында көрсетілуі керек еді, яғни Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының» 243 тармағы талабы бұзылып, негізгі құралдардың бухгалтерлік есеппен дұрыс ресімделуі қамтамасыз етілмеген.
«Қайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 28.06.2024 жылғы № 28-ө ж/қ өкіміне сәйкес Р.Танекееваға ескерту берілген.
16. «Райымбек ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
Тармақ-1. «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысының 2 тарауы, 3 тармағы, 1),2),4),5) тармақшаларының талаптары сақталмай барлығы 77,7 мың теңге артық төленген. «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 26.06.2024 жылғы № 20-ө ж/қ өкіміне сәйкес, жауапты тұлғаға ескерту берілген.
17. «Райымбек ауданының Ұзақ батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
Тармақ-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 бұйрығына сәйкес автокөлік құралдарының тиесілік лимиті белгіленген.Алматы облысы әкімінің 2021 жылдың 31 желтоқсанындағы №134-ө н/қ 2-ші қосымшасына талаптары сақталмай 2022 жылы бекітілген лимиттен тыс 1 (бір) қызметтік автокөлігі мемлекеттік тіркеу номері 645АI -05, «Шевроле Кобальт» мекемеде болғаны анықталды, баланстық құны- 5890,0 мың теңге.
Аудит нәтижесімен әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалып, айып пұл салынған.
18. Райымбек ауданының "Шәлкөде ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі:
Тармақ-1. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекiтiлген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағының 1 тармақшасының талаптары сақталмай, мекеменің бас маман – іс басқарушысы Н. Болсанбекке 216,1 мың теңге негізсіз сыйақы төленген.
Мекеменің теңгерімінде 2012 жылы шығарылған «ЛАДА 21214» маркалы мемлекеттік тіркеу нөмірі 087АТ 05 автокөлігі, және 2022 жылы шығарылған «SHEVROLET COBALT» маркалы мемлекеттік тіркеу нөмірі 281 AI 05 автокөлігі тіркелген. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» №179 бұйрығының 1-қосымшасымен белгіленген Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларына сәйкес қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округ әкімдеріне 1 (бір) бірлік қызметтік автокөлік тиесілі.
Тармақ-2. Жоғарыда айтылғандай, «Шәлкөде ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі теңгерімінде барлығы 2 (екі) бірлік жеңіл автокөліктер тіркелген.
Демек, Мекеменің лауазымды адамдары тарапынан қызметтік автокөліктер бойынша бекітілген заттай нормалардан асыру фактісіне жол берілген.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 234-1 бабымен мемлекеттік органдармен бекітілген заттай нормалардан асыру арқылы бюджет қаражатын тиімсіз жоспарланғаны және (немесе) тиімсіз пайдаланғаны үшін әкімшілік-құқықтық жауапкершілік қарастырылған.
2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе): _______________________________________________________
(болған жағдайда)
III. Қорытынды бөлім
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бұзушылықтар бойынша аудит объектілерімен 328232,6 мың теңге тиісті бухгалтерлік жазбалармен қалпына келтіріліп, түзетілді және 13464,0 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өтелді.
Сонымен қатар, аудит жүргізулер барысында ауданның жекелеген мекемелерінде бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, сатып алынған негізгі материалдық құндылықтарды есепке алмау фактілері бойынша Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында 12 аудит объектісі бойынша кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында барлығы 17 материал рәсімделді. Оның ішінде: 4 материал 234-бабына сәйкес, 4 материал 207-бабына сәйкес және 9 материал 238-бабына сәйкес.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің бабы тармақтарының бұзылу фактілері бойынша 13 материал Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданып, бүгінгі күнге 238-бабы бойынша 3 материал сомасы 369,2 мың теңге айып пұл бюджетке өндірілді.
Әкімшілік құқық бұзушылық фактілерінің ішінде аудит барысында 234-бабы бойынша 4 материалға жеңілдікпен сомасы 738,4 мың теңге айып пұл бюджетке өндірілді.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қорытындылар
1. Жоғарыда көрсетілгендей, Райымбек ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 8 274 049,3 мың теңге қамтылды.
Жүргізілген аудитпен жалпы сомасы 1000229,0 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
- 328232,6 мың теңгенің қаржылық бұзушылықтары қалпына келтірілуге жатады, аудит барысында ол бұзушылықтар толық қалпына келтірілді.
- 14625,2 мың теңгенің қаржылық бұзушылықтары өтелуге жатады, аудит барысында ол бұзушылықтардың 13464,0 мың теңгесі өтелді.
Сонымен қатар аудитпен 78779,0 мың теңгенің активтерді тиімсіз жоспарлануы және 578592,2 мың теңге тиімсіз пайдалануы анықталды.
Осылармен қатар 17 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
2. Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы заңы, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іс-сапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №241 «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы талаптарын сақтамау салдарынан орын алған.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар
Райымбек ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:
1. Райымбек ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.
2. Аудит объектілері тарапынан тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін анықталған қаржылық бұзушылықтар бойынша бюджет есебіне 1 161,2 мың теңгенің өтелуі шаралары назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізілсін.
3. Аудит барысында анықталған қаржылық бұзушылықтарды жою мақсатында «Райымбек ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 1161,2 мың теңгегені бюджет есебіне өндірілуін қамтамсыз ету және жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы Нұсқама жолдансын.
3.4. Қосымша: анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (21 парақта).
Тексеру комиссиясының мүшесі А. Кадир
Аудит тобының жетекшісі,
№2 мемлекеттік аудит бөлімінің
басшысы-мемлекеттік аудитор А. Сәді
Талдау, сапаны жоспарлау және
бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік аудитор,
- Б.Жұманов
Әкімшілік-құқықтық бөлімінің
бөлімінің бас маманы-заңгер Ж.Ұзақова