Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ олардың ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік сектор су

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 20.09.2024
Просмотры: 3 Печать страницы

 

 
 

 

 

 

 

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

Жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ олардың ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілері борышының басқарылу тиімділігінің мемлекеттік аудиті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арна  ауылы  2024 жыл

 

 

Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы М. Мұсаевқа

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлім

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ олардың ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілері борышының басқарылу тиімділігінің мемлекеттік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ олардың ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілері борышының басқарылу тиімділігіне аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудит объектілері:

1. Қонаев қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жылу Орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

2. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

2.1. «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы;

3. «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

3.1. «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы;

4. «Ж Каскелен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

5. «Талғар аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы тасымалдау және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Талғар ауданындағы«Талғар Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

6. Қарасай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Таусамалы Қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2023 жыл.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау

Мелекеттік борыш – алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың, сондай-ақ заңнамалық актілерге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҰБ) қарызына жатқызылған борыштық міндеттемелердің сомасы немесе мәслихаттардың жатқызылған борыштық міндеттемелердің сомасы немесе мәслихаттардың шешімдері өзара талаптарды есепке алмай, жергілікті атқарушы органдардың борышы бойынша.

Яғни, мемлекеттік қарыз үкіметтің, Ұлттық банктің және жергілікті атқарушы органдардың қарыздарынан қалыптасады. Мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы болуы мүмкін.

Сыртқы мемлекеттік қарыз – мемлекеттің шет мемлекеттер, азаматтар, заңды тұлғалар және халықаралық ұйымдар алдындағы барлық міндеттемелері. Ішкі мемлекеттік қарыз – бұл мемлекеттің өз азаматтары мен заңды тұлғалары алдындағы міндеттемелері.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері

Аудит нәтижелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады:

Жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ олардың ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілері борышының басқарылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 8 252 809,8  мың теңге қамтылды және жалпы сомасы 1 000 838,3 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

- 922 103,5 мың теңге бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бұзушылықтар (оның 178 323,5 мың теңгесі өтелуге, 743780,0 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады);

- 78 734,8 мың теңге активтерді тиімсіз тиімсіз пайдаланулар.

Осылармен қатар 18 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

1. Қонаев қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жылу Орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны:

1 тармақ. Қалған 32 731,0 мың. теңге бюджеттік кредиттерді өтеу Бюджет кодексінің 172 бабының, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 495 бұйрығының 4 тармағының, 1 тармақшасының және Несиелік келісім шарттың тараптардың жауапкершілігі туралы талаптары сақталмай, уақытында қайтарылмаған негізгі қарыз мен тұрақсыздық айыппұлы есептеледі.

1) 2021 жылдың 8 желтоқсанындағы №1127 төлем тапсырмасымен                     10 000 000 теңге, бюджеттік кредиттерді өтеу уақытынан кейін өтелген сомаға айыппұл есептелді:

32 731 000 теңге*0,01/100=3273 теңге *16 күн = 52 368 теңге.

2) 2021 жылдың 20 желтоқсанындағы №1142 төлем тапсырмасымен                    10 000 000 теңге бюджеттік кредиттерді өтеу уақытынан кейін өтелген сомаға айыппұл есептелді:

22 731 000 теңге*0,01/100 = 2 273 теңге *28 күн = 63 644 теңге.

3) 2021 жылдың 24 желтоқсанындағы №1222 төлем тапсырмасымен                 2 731,0 мың. теңге бюджеттік кредиттерді өтеу уақытынан кейін өтелген сомаға айыппұл есептелді:

20 000 000 теңге*0,01/100=2 000 теңге *34 күн = 68 000 теңге.

4) 2021 жылдың 28 желтоқсанындағы №1157 төлем тапсырмасымен                    10 000 000 теңге бюджеттік кредиттерді өтеу уақытынан кейін өтелген сомаға айыппұл есептелді:

10 000 000 теңге*0,01/100=1 000 теңге *38 күн=38 000 теңге.

Бюджеттік кредиттерді өтеу уақытынан кейін өтелген 32 731 000 теңгеге саналған айыппұл сомасы барлығы 222,0 мың. теңге құрады.       Бюджет кодексінің 172 бабына және Несиелік келісім шарттың тараптардың жауапкершілігі туралы талаптары сақталмай, уақытында қайтарылмаған негізгі қарызбен тұрақсыздық айыппұлы есептелді.

        2 тармақ: Бюджеттік кредиттерді өтеу Бюджет кодексінің 172 бабының, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 495 бұйрығының 4 тармағының, 1 тармақшасының және Несиелік келісім шарттың тараптардың жауапкершілігі туралы талаптары сақталмай, уақытында қайтарылмаған негізгі қарыз мен тұрақсыздық айыппұлы есептеледі. Бірінші шарттың қарызды өтеу кестесі бойынша 2022 жылдың 20 қараша және 2023 жылдың 20 қараша күндеріне қайтарылуға жататын, өтеу уақыты өткен, яғни өтелмеген  несиелік қарыз сомалар 2022 жылғы 82 731,0 мың. теңге және 2023 жылғы 82 731,0 мың. теңге бюджет есебіне қайтарылуы тиіс.

        2022-2023 жылдары қайтарылмаған негізгі несиелік қарыз сомасы 165 462,0 мың теңге құрайды.

        3 тармақ: Бюджеттік кредиттерді өтеу Бюджет кодексінің 172 бабының, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 495 бұйрығының 4 тармағының, 1 тармақшасының және Несиелік келісім шарттың тараптардың жауапкершілігі туралы талаптары сақталмай, уақытында қайтарылмаған негізгі қарыз мен тұрақсыздық айыппұлы есептеледі

        2022 жыл. 82 731 000*0,01/100=8 273,1 теңге*618=5 112 776 теңге

        2023 жыл. 82 731 000*0,01/100=8 273,1 теңге*251=2 076 548 теңге.

        Бірінші шарт бойынша уақытын өткізіп барып қайтарылған қарыз сомасына есептелген айыппұлдың барлығы 7 189,3 мың теңге құрады.

        4 тармақ. 2017 жылдың 7 шілдесінде жасалған 9 МИО 717 кредит шарты №2 қосымшасына сәйкес  қарызды өтеу кестесі бойынша 2021 жылдың 20 қараша күні.  Шарттың қарызды өтеу кестесі бойынша бірінші мерзімі 2023 жылдың 20 қараша күні болып белгіленген, қарыз сомасы 101 909,0 мың. теңге. Аталған қарыз уақытында қайтарылмаған. Бюджеттік кредиттерді өтеу Бюджет кодексінің 172 бабының, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 495 бұйрығының 4 тармағының, 1 тармақшасының және Несиелік келісім шарттың тараптардың жауапкершілігі туралы талаптары сақталмай, уақытында қайтарылмаған негізгі қарыз мен тұрақсыздық айыппұлы есептеледі

101 909 000*0,01/100=101 90 теңге*13=132 482 теңге.

Екінші шарт бойынша уақытын өткізіп барып қайтарылған қарыз сомасына есептелген айыппұлдың сомасы  132,5 мың теңге құрады.

2. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

1 тармақ. Жастардың кәсіпкерліктерін қолдауға берілген несиенің дұрыстығына аудит жүргізу барысында келесідей сәйкессіздік анықталды:  «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі және Филиал және «Дарын» жеке кәсіпкері арасында 30.05.2023 жылы 14 ірі қара мал басын сатып алу мақсатында жылдық 2,5 пайыз көлемінде сыйақы мөлшерлемесімен несие беру үшін сомасы 4900,0 мың теңгеге №16-АЛМ-М келісім шарты жасалынған. Жеке кәсіпкер – О.Ж.Кабамбаев 11.04.1988 жылы дүниеге келген. Несие алуға Филиалға 07.04.2023 жылы өтініш білдірген. Ол 1988 жылдың сәуір айының 11-нен, 2023 жылғы сәуір айының 11-не дейін 35 жасқа толып кеткен. Соған қарамастан Алматы облысының комиссия шешімінің 04.05.2023 жылғы №1-8 хаттамасына сәйкес, «Дарын» жеке кәсіпкеріне сомасы 4900,0 мың теңге шағын несие беру мақұлданған. Филиалдың 07.06.2023 жылғы № 000000879 өкімімен несие төленіп берілген. Бұл сәйкессіздік, Қазақстан Республикасының 09.02.2015 жылғы №285-V «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 1-бабы, 3) тармақшасы және «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы басқармасының 13.09.2023 жылғы №62 шешімімен бекітілген Жұмыс регламентінің 1-тарау, 15) бөлімінің талаптарына қарсы келеді.

2 тармақ. Берілген несиенің берілу негізділігін, қайтарылу дұрыстығына аудит жүргізгенде келесідей кемшілік анықталды: Несие алуға негіз болатын 14 жеке кәсіпкерлердің келісім шарттарының талаптары, оның ішінде филиалға өткізілуге тиіс құжаттар уақытында өткізілмей олардың мақсаттары дұрыс пайдаланылмай және мақсаттары ауыстырылу жағдайлары орын алған. Жалпы жоғарыда айтылған 14 жеке кәсіпкерге барлығы 69900,0 мың теңге несие берілген. Бұл жайлы «Алматы облысының жұмыспен  қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі және Филиал тарапынан несиені мақсатсыз пайдалану мен айыппұлды өндіру бойынша сотқа шағым түсірілген. Яғни мемлекет тарапынан жастарға кәсіпкерліктерін дамытуға бөлінген 69900,0 мың теңге көздеген түпкілікті нәтижелеріне жетпеген, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4 бабының 9 тармақшасына сәйкес негізділік принципі және 12 тармақшасы тиімділік қағидаты – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмей, тиімсіз пайдаланылған.

3. «Ж Каскелен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

1 тармақ. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік Кодексінің 36-бабы 5) тармақшасына сәйкес, бюджеттік кредиттер мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге бағытталады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 495 бұйрығымен бекітілген «Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу туралы» қағидаларының 4 тармағына сәйкес, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға бюджеттік кредиттер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттің әлеуметтік саясатының шешіміне беріледі.

«Қарасай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарасай су Құбыры» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен түзілген несие шартының 1.3. тармағымен «Халықты сумен қамтамасыз ету» бойынша түпкілікті нәтиже 13 094 адамға жеткізу көрсеткіші көзделген.

Алайда, аудитке ұсынылған құжаттарға сәйкес 2017 жылы «Қарасай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарасай су Құбыры» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны арқылы сумен қамтамасыз етілген тұрғындар саны 13 834 адам болған.

Демек, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен кредит беру барысында әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарының бағыты дұрыс белгіленбеген.

Яғни, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік Кодексінің 4-бабы 14) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін бюджет қаражатының атаулылығы мен нысаналы сипатының қағидаты сақталмаған, немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджет қаражатын ұлттық жобаларды іске асыруға, мемлекеттік органдардың даму жоспарларында, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларында және (немесе) мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларында, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелерінде көзделген нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы қамтамасыз етілмеген.

2 тармақ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 495 бұйрығымен бекітілген «Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу туралы» қағидаларының 6 тармағына сәйкес, Кредитордың бөлінген кредиттік қаражатты тиімді және орынды пайдалануға, оларды уақытында қайтаруға және кредиттік тәуекелдің туындауын барынша төмендетуге негізделген мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бюджеттік кредиттеудің міндетті шарты болып табылады.

Ал, жоғарыда айтылғандай, Несие шарты «Қарасай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарасай су Құбыры» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен ғана түзілген.

Аталған Кәсіпорын сатылғаннан кейін «Ж Каскелен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен шарт жаслмаған, яғни берілген несиені уақытында қайтару бойынша міндеттемелер қойылмаған.

Аудандық қаржы бөлімімен жаслған сату-сатып алу келісім-шартымен ұзақ мерзімді кредитті өтеу міндеттемесі ғана қойылған.

«Ж Каскелен» ЖШС-нің Жарғысына сәйкес Серіктестіктің жоғары органы болып оған қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады, яғни оны басқаруда мемлекеттік үлесі жоқ.

Демек, кредиттік тәуекелдің туындауын барынша төмендетуге негізделген мүдделерін қорғау қамтамасыз етілмеген.

4. Қарасай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Таусамалы Қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны:

1 тармақ: 2018 жылғы 10 сәуірдегі №1 Несие шартының 1.3 тармағына сәйкес, сумен қамтамасыз етудің түпкілікті нәтиже көрсеткіштері - 24501 мың адам. Яғни, бұл тармақ (формальды түрде) нақты емес және алдын ала орындалмайтын болып жасалған (ҚР халқының болуы 20 млн. адамнан аспайды).

Сонымен қатар, бюджеттен берілетін кредитті талдау барысында, бюджет қаражатын ұтымсыз жоспарлау орын алған. Мысалға алғанда, Қарасай ауданында осы бағдарлама аясында үш жоба бойынша қайтарымды бюджеттік кредиттер бөлінген. Салыстыру үшін:

- Аудан орталығы Қаскелен қаласында су құбыры желісін жаңартуға  сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 30,6 км - 388 429 000 теңге, 13 094 адамды сумен қамтамасыз етеді (орта есеппен 1 км шығын 12 693,7 мың теңге);

- «Алматы облысы Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылының сумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау» жобасы бойынша сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы -  6,783 км – 348 157 000 теңге (орта есеппен 1 км шығын 51 327,9 мың теңге);

-  «Алматы облысы Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылының сумен жабдықтау жүйелерін қайта құру және салу» жобасы бойынша сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы - 19,423 км – 395 623 000 теңге (орта есеппен 1 км шығын 20 368,8 мың теңге);

Бұл ретте, 04.12.2008 ж. №95-IV (кейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 3 бабы 1 тармағының 18 тармақшасының талаптары басшылыққа алынбаған.

2 тармақ. Ақша қаражаты кәсіпорынның «АТФ Банк» АҚ-ның Алматы облыстық филиалындағы есеп шотына, 2018 жылғы 19 сәуірдегі №4871020/18-102 төлем шотымен жалпы сомасы 743 780 000 теңге аударылған.

Кредит шартының 3 бөлім, 3.2. тармағына сәйкес кредит Қарыз алушымен Түпкілікті қарыз алушының екінші деңгейдегі банкте арнайы ашылған банктік шотына аудару арқылы ұсынылады.

Алайда, Кредит шартының 3 бөлім, 3.2. тармағының талаптары сақталмай кәсіпорын тарапынан екінші деңгейдегі банктен арнайы банктік шот ашылмаған.

3 тармақ. Бұл ретте, 04.12.2008 ж. №95-IV (кейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 191 бабының, кредит шартының 3 бөлім, 3.4. тармағы және 6 бөлім                             6.2. тармағының талаптары сақталмай, кредиттік шарт бойынша 107 104,32 теңге (148 756*0,1%*720) өсімақы қалыптасқан.

Аталған бұзушылық қаржылық бұзушылық санатына жатады және республикалық бюджетке өтелуге жатады.

4 тармақ. 2018 жылдың 17 мамырында №9-П-ТК қосалқы мердігерлік шартты жасасу кезінде Қазақсан Республикасының 1995 жылғы                              19 маусымдағы «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» №2335 Заң күшіне ие Президент Жарлығының 9 бабы, 5 тармағын негізге алған, алайда бұл Заң, Қазақстан Республикасының 2011 жылы 01 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» №413-IV Заңымен күшін жойған.

5 тармақ. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» N 242 Заңының 66 бабы 11-тармағының және 2018 жылдың               10 сәуірінде №1 Кредит шартының 4.3.4. тармағының талаптары сақталмай, құрылыс монтаж жұмыстары толығымен үшінші тұлғаларға берілген.

6 тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 2 бап 22 тармағын және 5 бап 1 тармақ 2 тармақшасының талаптарын сақтамай, мемлекеттік сатып алудың тиісті рәсімдерін өткізбей «Bey Azh Trans» ЖШС-мен қағаз жеткізгіште  қосалқы мердігерлік шартын жасасқан.

Сонымен қатар, «Қосалқы мердігер» «Bey Azh Trans» ЖШС-мен 2018 жылдың 17 мамырындағы №9-П-ТК қосалқы мердігерлік шартын жасасу кезінде жұмыс тәжірибесі жоқ қосалқы мердігер ұйым таңдалған, себебі III санаттағы №18007075 мемлекеттік лицензия оған 2018 жылдың 9 сәуірінде, яғни шарт жасалғанға дейін бір ай бұрын ғана берілген. Бұдан басқа, аталған мердігер Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелен қаласы, Итақов көшесі №3 үйде, яғни тапсырыс беруші орналасқан мекен-жай бойынша орналасқан.

Жоғарыда атап өткендей Тапсырыс беруші материалдарды өзі сатып алады және материалдарды жеткізу кестесіне сәйкес Қосалқы мердігерге береді.

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі «Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (ерекше бөлім)» №409 Кодексінің 625 бабы 1 тармағына сәйкес, Мердiгер тапсырысшы берген материалды үнемдеп және есеппен пайдалануға, жұмыс аяқталғаннан кейiн тапсырысшыға жұмсалған материалдар туралы есеп беруге, сондай-ақ олардың қалдықтарын қайтарып беруге не тапсырысшының келiсiмiмен, мердiгерде қалған пайдаланылмаған материалдың құнын ескере отырып, жұмыстың бағасын кемiтуге мiндеттi.

7 тармақ. Алайда, 2018 жылдың 17 мамырындағы №9-П-ТК қосалқы мердігерлік шарттың 2.3. тармағының талаптары сақталмай, кәсіпорын аудит барысында ұсынылған құжаттар  бойынша 75 733 479 теңгенің материалдары өткізіп бергені туралы өткізіп беру-қабылдап алу актілері жасалмаған. Яғни, 75 733 479 мың теңгенің материалдары аталған жұмыстарға жұмсалғаны күмән тудырады.

Себебі, 2019 жылдың 31 шілдедегі Пайдалануға қабылдау актісіне сәйкес, барлығы 342 839 930 теңгені, оның ішінде: құрылыс монтаж жұмыстарының сомасы 306 107 080 теңге, басқада шығындар 36 732 850 теңгені құраған. Ал, аудит барысында ұсынылған тапсырыс берушімен қол қойған орындалған жұмыстар актілеріне сәйкес жалпы сомасы 267 106 451 теңгеге құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаған.

Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілгендей 2018 жылғы 17 мамырдағы қосалқы мердігерлік шартқа, 2018 жылғы 28 желтоқсанда тараптар арасында №1 қосымша келісім шарты жасалған. Онда жұмыстарды аяқтау мерзімі 2019 жылдың 30 маусымына дейін ұзартылып, 2019 жылға ауыспалы сома 169 733 479 теңгені құраған.

Яғни, негізгі қосалқы мердігерлік келісім шарттың 2.6. тармағына сәйкес, қосымша келісім шартты жасасқан кезде, қосалқы мердігерге берілетін материалдын құнын (75 733 479 теңге) санамағанда  бекітілген жұмыс кестесінен артта қалу 52 627 028 теңгені құраған. (169 733 479 теңге - 75 733 479 теңге материалдың құны – 41 372 972 теңге 2018 жылғы желтоқсандағы құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі = 52 627 028 теңге)

8 тармақ. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі «Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (ерекше бөлім)» №409 Кодексінің 620 бабы, 1 тармағына сәйкес мердiгерлiк шартта жұмысты орындаудың бастапқы және түпкi мерзiмi көрсетiледi. Тараптардың арасындағы келiсiм бойынша шартта жұмыстың жекелеген кезеңдерiнiң аяқталу мерзiмдерi (аралық мерзiмдерi) де көзделуi мүмкiн.

Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер жұмысты орындаудың бастапқы және түпкi, сонымен қатар аралық мерзiмдерiнiң бұзылғаны үшiн жауапты болады.

Сонымен қатар, 2018 жылдың 17 мамырында №9-П-ТК қосалқы мердігерлік шарттың 10.24. тармағына сәйкес, егер қосалқы мердігер жұмыстарды осы шартта көрсетілген мерзімдерде орындамаса, тапсырыс беруші әрбір кешіктірілген күн үшін орындалмаған міндеттемелердің жалпы сомасының 0,1 мөлшерінде айыппұл төлейді (52 627 028 теңге *0,1%*28 күн=1 473 556,7 теңге.

9 тармақ. Келісім шартты жасасу кезінде Қазақсан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» №2335 Заң күшіне ие Президент Жарлығының 9 бабы, 5 тармағын негізге алған, алайда бұл Заң, Қазақстан Республикасының 2011 жылы 01 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» №413-IV Заңымен күшін жойған.

10 тармақ. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» N 242 Заңының 66 бабы 11-тармағының және Кредит шартының 4.3.4. тармағының талаптары сақталмай, кәсіпорын құрылыс монтаж жұмыстарын үшінші тұлғаларға беруге құқығы болмағанына қарамастан, техникалық қадағалауды және технологиялық сүйемелдеуді жүзеге асыру бойынша «RIZIM engineering» ЖШС келісім шарт жасасқан.

11 тармақ. Бұл ретте, 04.12.2008 ж. №95-IV (кейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің                 3 бабы 1 тармағының 12-4 тармақшасының, 4 баптың 1 бөлігі                                         12 тармақшасының талаптары басшылыққа алынбай 4 135 510 теңге тиімсіз пайдаланылған.

12 тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы                                    4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 2 бап 22 тармағын және 5 бап 1 тармақ 2 тармақшасының талаптарын сақтамай, мемлекеттік сатып алудың тиісті рәсімдерін өткізбей «RIZIM engineering» ЖШС-мен қағаз жеткізгіште  келісім шартын жасасқан.

13 тармақ. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» N 242 Заңының 66 бабы  11-тармағының, Кредит шартының 4.3.4. тармағының талаптары сақталмай, құрылыс монтаж жұмыстары толығымен үшінші тұлғаларға берілген.

14 тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы                                     4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 2 бап 22 тармағын және 5 бап 1 тармақ 2 тармақшасының талаптарын сақтамай, мемлекеттік сатып алудың тиісті рәсімдерін өткізбей «БАТТ Строй» ЖШС-мен қағаз жеткізгіште  қосалқы мердігерлік шартын жасасқан.

Сонымен қатар, «Қосалқы мердігер» «БАТТ Строй» ЖШС-мен 2018 жылдың 23 сәуіріндегі №07-П-ТК-18 мердігерлік шартын жасасу кезінде жұмыс тәжірибесі жоқ қосалқы мердігер ұйым таңдалған, себебі II санаттағы №07653 мемлекеттік лицензия оған 2018 жылдың 9 ақпанда, яғни шарт жасалғанға дейін екі ай бұрын ғана берілген.

15 тармақ. Кәсіпорынмен ұсынылған құжаттарға сәйкес, «Түпкілікті қарыз алушы» Жаңатұрмыс ауылының сумен жабдықтау жүйелерін қайта құру және салу жұмыстарына қосалқы мердігерді тартуға рұқсат алу үшін, «Қарыз алушы» «Қарасай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» бөліміне 2018 жылдың 14 мамырындағы №20 хатын жолдаған. Тиісінше, «Қарыз алушы» 2018 жылдың 16 мамырындағы №16-493 хатымен қарсы еместігі туралы жауабын берген. Алайда, қосалқы мердігерлік шарты 2023 жылдың 23 сәуірінде жасалып қоюына байланысты, аталған хат алмасулар формальды сипатқа ие.

16 тармақ. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі «Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (ерекше бөлім)» №409 Кодексінің;

619 бабы 2 тармағына сәйкес, бас мердiгер қосалқы мердiгердiң алдында тапсырысшының мiндеттеменi орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн жауапты, ал тапсырысшының алдында қосалқы мердiгердiң мiндеттеменi орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн жауапты болады.

- 621 бабы, 5 тармағына сәйкес, мердiгер тұрлаулы бағаны (тұрлаулы сметаны) көбейтудi, ал тапсырысшы оны азайтуды, оның iшiнде шартты жасау кезiнде орындалуға тиiс жұмыстардың толық көлемiн немесе бұл үшiн қажеттi шығындарды қарастыру мүмкiндiгi болмаған жағдайда да талап етуге құқығы жоқ;

- 625 бабы 1 тармағына сәйкес, Мердiгер тапсырысшы берген материалды үнемдеп және есеппен пайдалануға, жұмыс аяқталғаннан кейiн тапсырысшыға жұмсалған материалдар туралы есеп беруге, сондай-ақ олардың қалдықтарын қайтарып беруге не тапсырысшының келiсiмiмен, мердiгерде қалған пайдаланылмаған материалдың құнын ескере отырып, жұмыстың бағасын кемiтуге мiндеттi.

- 657 бабы 1 тармағына сәйкес, орындалған жұмысқа ақыны тапсырысшы сметада көзделген мөлшерде заң актiлерiнде немесе шартта белгiленген мерзiмде және тәртiппен төлейдi. Заң актiлерiнде немесе шартта тиiстi нұсқаулар болмаған жағдайда мердігер орындаған жұмысқа ақы төлеу осы Кодекстің 623-бабына сәйкес жүргiзiледi.

Алайда, 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 07-П-ТК-18 «Батт Строй» ЖШС-мен жасалған қосалқы мердігерлік шарттың 2.2. тармағына сәйкес ҚМЖ құны 272 706 370 теңгені құрайды, ал аудит барысында ұсынылған тапсырыс беруші қол қойған орындалған жұмыстар көлемінің расталған сомасы 268 969 333 теңгені құрайды, орындалмаған жұмыс көлемінің айырмашылығы 3 737 037 теңгені құрайды, бұл сома кінәлі тұлғалардан бюджетке өндіріліп алуға жатады.

17 тармақ. Келісім шартты жасасу кезінде Қазақсан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» №2335 Заң күшіне ие Президент Жарлығының 9 бабы, 5 тармағын негізге алған, алайда бұл Заң, Қазақстан Республикасының 2011 жылы 01 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» №413-IV Заңымен күшін жойған.

18 тармақ. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» N 242 Заңының 66 бабы 11-тармағының және кредит шартының 4.3.4. тармағының талаптары сақталмай, кәсіпорын құрылыс монтаж жұмыстарын үшінші тұлғаларға беруге құқығы болмағанына қарамастан, техникалық қадағалауды және технологиялық сүйемелдеуді жүзеге асыру бойынша «RIZIM engineering» ЖШС келісім шарт жасасқан.

19 тармақ. Бұл ретте, 04.12.2008 ж. №95-IV (кейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің                 3 бабы 1 тармағының 12-4 тармақшасының, 4 баптың 1 бөлігі                                         12 тармақшасының талаптары басшылыққа алынбай 4 699 315 теңге тиімсіз пайдаланылған.

20 тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы                                    4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 2 бап 22 тармағын және 5 бап 1 тармақ 2 тармақшасының талаптарын сақтамай, мемлекеттік сатып алудың тиісті рәсімдерін өткізбей «RIZIM engineering» ЖШС-мен қағаз жеткізгіште  келісім шартын жасасқан.

21 тармақ. Алайда, кредиттік шарт бойынша бюджет қаражатын алған сәттен бастап қаржылық жағдай туралы есепті (бухгалтерлік баланс) жасау кезінде 743 780 000 теңге бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар жолағында көрсетілмеген. Бұл қаржылық есептілікті бұрмалануына алып келген.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе): _______________________________________________________

                                            (болған жағдайда)

III. Қорытынды бөлім

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің  238-бабы негізінде Қарасай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Таусамалы Қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны басшысына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша шара қолдануға 1 материал Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне хат   жолданды.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қорытындылар

1. Жоғарыда көрсетілгендей, мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша 8 252 809,8  мың теңге қаржы қамтылды және жалпы сомасы 1 000 838,3 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

- 922 103,5 мың теңге бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бұзушылықтар (оның 178 323,5 мың теңгесі өтелуге, 743780,0 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады);

- 78 734,8 мың теңге активтерді тиімсіз тиімсіз пайдаланулар.

Осылармен қатар 18 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

2. Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексінің, Қазақстан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Республикасының 2015 жылғы 09 ақпандағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» №285-5 Заңының, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі №409 «Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің», Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі №495 бұйрығының  талаптарын сақтамау салдарынан орын алған.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар

Жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ олардың ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілері борышының басқарылу тиімділігіне жүргізілген жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

1. Жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ олардың ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілері борышының басқарылу тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.

2. Аудит барысында анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында 178 323,5 мың теңгенің бюджет есебіне өндірілуін қамтамсыз ету, 743 780,0 мың теңгеге қалпына келтіру жасау және жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы Қарасай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Таусамалы Қызмет», Қонаев қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жылу Орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарына тиісті Нұсқамалар жолдансын.

3. Қарасай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Таусамалы Қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Нұсқаманы орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 5-бабы, 2-тармағы, 3-1) тармақшасы және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 6-НҚ нормативтік қаулысымен бектілген «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу туралы» қағидаларының 160, 161 тармақтары негізінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар материалдар тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге процестік шешім қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарына прокуратура органдары арқылы берілсін.

3.4. Қосымша: анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (5 парақта).

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                           А. Қондыбаева

 

Аудит тобының жетекшісі, 

№2 мемлекеттік аудит бөлімінің

басшысы-мемлекеттік аудитор                              А. Сәді

Талдау, сапаны жоспарлау және

бақылау бөлімінің басшысы

-мемлекеттік аудитор                                               С. Елубаева

 

Әкімшілік-құқықтық бөлімінің

бөлімінің басшысы

-мемлекеттік аудитор                                           А. Кұлмұхамбетова

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ