Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Итоги государственного аудита
Төтенше жағдайлар департаменті
Категория: Итоги государственного аудита | |
Дата: 26.09.2024 | |
Просмотры: 2 | Печать страницы |
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесіне жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті
Арна ауылы 2024 жыл
Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы М. Мұсаевқа
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
I. Кіріспе бөлім
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінің жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінің жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.
1.3. :
1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі.
1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2023 жылдың 31 желтоқсан аралығы.
II. Негізгі (талдамалық) бөлік
2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау
● Өрт қауіпсіздігі желісі бойынша:
894 өрт тіркелген (33,1% – ға ұлғайды, 2022 ж. – 598) жарақат алмаған (2022 ж. – 1), 21 адам қаза тапқан (2022 ж. – 14, 33,3% - ға ұлғайды), материалдық шығын-82 млн. 312 мың теңгені құраған. (2022ж. - 58 млн. 656 мың теңге., 28,7% төмендеу).
● Азаматтық қорғаныс желісі бойынша:
Азаматтық қорғау күштері - 7318 л / с және техника-1506.
● Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс тобының желісі бойынша:
Халықты толық жарақтандыру үшін қосымша 3 181 000 000 теңге сомасына 438 сирень-сөйлеу құрылғысын орнату қажеттілігі туындаған.
● ТЖ алдын алу желісі бойынша
ТЖ – 113 (2022 жылы – 68, -50%) комиссияларының отырыстары өткізілген (жоспар бойынша – 52, жоспардан тыс – 61).
● Баспасөз қызметі желісі бойынша:
БАҚ – та 3106 сөз сөйлеу өткізілген (2022ж. – 2926, +6% ), оның ішінде теледидарда – 180 (2022ж. – 174, +3.4%); баспа басылымдарында – 1012 (2022ж. – 1004 + 0,8%); ақпарат агенттіктерінде-1663 (2022ж. - 1516,+ 9,7 радиоэфирде-251 (2022ж. – 232, + 8,2%).
● Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
ТЖД қаржыландыру жоспары мен оның ведомстволық бағынысты бөлімшесі жергілікті бюджеттен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары бойынша 1 млрд.351 млн. 796,0 мың теңге бөлінген (002,004 бағдарламасы бойынша) игеру 93,3% құраған, игерілмеген 90 млн. 708,8 мың теңге немесе 6,3%.
ТЖД үшін 243 млн. 904 мың теңге сомасына 18 бірлік жедел-жеңіл автомобиль, 3 бірлік ҰҰА, 31 млн. 360,0 мың теңге сомасына 80 бірлік тозатын ЖҚҚ радиостанциялары және 4 млн. 303,9 мың теңге сомасына ұйымдастыру техникасы сатып алынған. 10 млн. 651,0 мың теңге сомасына 12 бірлік қызметтік-жеңіл автомобиль жеткізілген.
ТЖ алдын алу шараларына барлығы 46 млн. 680,1 мың теңге шарт жасалған.
"СПиАСР" ММ үшін 956 млн.377,7 мың теңге сомасына 12 бірлік автомобиль сатып алынған.
2 999,9 мың теңге сомасына ЖҚҚ ретрансляторы сатып алынған, 3 млн. 550,3 мың теңге сомасына 1 бірлік ҰҰА, 2 млн. 330,0 мың теңге сомасына 1 бірлік эхалот, 20 млн. 461,0 мың теңге сомасына 6 бірлік пневматикалық секіру құрылғылары және 922 млн. 479,0 мың теңге сомасына 3 дана мөлшерінде принтерлер сатып алынған.
СПиАСР -. материалдық - техникалық жарақтандыру тиістілік нормаларының 91,9% -. құрайды, әртүрлі мақсаттағы 131 бірлік техника бар, оның ішінде: 65 бірлік негізгі, 13 бірлік арнайы, 53 бірлік қосалқы техника, есептен шығаруға жатады-10 бірлік автотехника, өтеусіз беру жоспарлануда-7 бірлік автотехника (аудандық әкімдіктер, орман шаруашылығы, жж бөлімі).
2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері
1. Мекеме 002 бағдарлама 414 ерекшеліктен 2021 жылдың 18 қарашасында ЖК «Наз-Ару» 4 974,4 мың теңгеге 12 бірлік «радиостанция цифровая УКВ стационарная сатып алу» бойынша №210136/00 келісім-шартқа отырған. Жұмыстардың аяқталу мерзімі 25 күнтізбелік көрсетілген. Алайда ЖК «Наз-Ару» уақытында келісім-шарттың қамтамасыз етуін еңгізбегенен кейін, Мекеме келісім-шартты бір жақты бұзған. 2021 жылдың 23 желтоқсанында Уәкілетті органның шешімімен жосықсыз қатысушылар тізіміне енгізілген. Жыл аяғы болған соң, сатып алуларды қайтадан өткізуге мүмкіншілік болмағандықтан, бюджет қаражаты игерілмей қалған.
Тауарлы-материалдық қорларды және негізгі құралдарды сатып алуға арналған шығыстарды жоспарлау кезінде калькуляцияға ТМҚ немесе негізгі құралдардың әрбір түрі бойынша кемінде үш прейскурант қоса беріледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының 47-тармағын, Бюджет Кодесінің 3 бабының 12-4 тармағын және осы Кодекстің 4 бабының 9 тармағын бұза отырып, Мекеме «радиостанция цифровая УКВ стационарный» алуға прайс-парақшасы тіркелмеген. Яғни 4 974,4 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны анықталды.
2. Мекеме 002 бағдарлама 414 ерекшеліктен 2021 жылдың 19 қарашасында ЖШС «Олжа-ЛТС-of compani» 5040,0 мың теңгеге 18 бірлік «радиостанция цифровая УКВ с DTMF носимая сатып алу» бойынша №210137/00 келісім-шартқа отырған. ЖШС «Олжа-ЛТС-of compani» 151,2 мың теңгеге №210137/00 келісім-шарттың қамтамасыз етуін 2021 жылдың 06 желтоқсанында №26 төлем-шотымен еңгізген. Жұмыстардың аяқталу мерзімі 25 күнтізбелік көрсетілген. Алайда ЖШС «Олжа-ЛТС-of compani» тауарды әкелмегеннен кейін, Мекеме ЖШС «Олжа-ЛТС-of compani» жосықсыз қатысушы деп танып және 70,6 мың теңге тұрақсыздықты ұстау мақсатында ауданаралық экономикалық сотқа талап арыз беріліп, 2022 жылдың 21 ақпанындағы ауданаралық экономикалық соттың №1912-22-00-2/30 шешімімен Мекеменің талап арызы қанағаттандырылған. Алайда мемелекеттік сатып алу Заңының 43 бабының 12 тармағы орындалмай, шарттық міндеттемелерді орындамағанына байланысты ЖШС «Олжа-ЛТС-of compani» №210137/00 келісім-шарттың қамтамасыз етуін 151,2 мың теңгені Мекеме бюждетке қайтармаған. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабы 12–тарматары бойынша өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт бұзылған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуі өнім берушіге қайтарылмайды. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабы 12–тарматары толық басшылыққа алынбай, өнім беруші келісім-шарттың қамтамасыз ету сомасы 151,2 мың теңге бюджетке қайтарылмаған.
Аудит барысында 2024 жылдың 19 тамызында №2871001/24-24 төлем шотымен 151,2 мың теңге бюджетке қайтарылды. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету өнім беруші енгізген сома тиiстi бюджет кірісінің есебіне жатқызылады делінген.
3. Сонымен қатар жыл аяғы болған соң, сатып алуларды қайтадан өткізуге мүмкіншілік болмағандықтан, бюджет қаражаты игерілмей қалған. Бұл сатып алулар жыл бойындағы үнемделген қаржы негізінде өткізілген. Алайда «радиостанция цифровая УКВ с DTMF носимая» сатып алуға бюджеттік өтінімді ресімдеу кезінде коммерциялық баға ұсынысы берген өнім берушілердің баға ұсыныстары ұсынылмады. Тауарлы-материалдық қорларды және негізгі құралдарды сатып алуға арналған шығыстарды жоспарлау кезінде калькуляцияға ТМҚ немесе негізгі құралдардың әрбір түрі бойынша кемінде үш прейскурант қоса беріледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының 47-тармағын, Бюджет Кодесінің 3 бабының 12-4 тармағын және осы Кодекстің 4 бабының 9 тармағын бұза отырып, Мекеме «радиостанция цифровая УКВ с DTMF носимая» алуға прайс-парақшасы тіркелмеген. Яғни 5040,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны анықталды.
4. 2022-2023 жылдар аралығында "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесіне 002-015-413 бағдарламасы бойынша жалпы құны 1042925,4 мың теңгеге оның ішінде 2022 жылы 130000,0 мың теңге және 2023 жылы 912925,4 мың теңгеге сатып алынған өрт сөндіретін, АЦ-5-40 өрт автоцистерналар,авто кран, арнай автокөліктер және «вахтовый автобустар» мекеменің автотұрағында қозғалыссыз 6-8 ай бос тиімсіз тұрған. Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесінде 2022-2023 жылға жалпы құны 1042925,4 мың теңгенің тауары тиімді пайдаланылмаған.
Бюджет кодексінің 3 бабының 1 тармағының 12-4 тармақшасына сәйкес бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану және кодестің 4 бабының 9 тармақшасына сәйкес негізділік принципі және 12 тармақшасы тиімділік қағидаты – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқарылуы жүзеге асырылмаған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабы 9–тарматары толық басшылыққа алынбай, өнім беруші келісім-шарттың қамтамасыз ету сомасын енгізбеген.
6. Бухгалтерлік есепті жүргізу, қаржылық есептілікті жасаудың дұрыстығы мен анықтығын тексеруде төмендегілер анықталды: Осы аудиторлық есептің 2021 жылғы «Облыстық ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдың алу және оларды жоюу» бағдарламасы аудитінде көрсетілген ЖК «Taldyqorgan GROUP» жасаған «Стендтер» 2370 шотына есепке уақытында алынбай, 7140 шотымен шығысталған. Бұл Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары»-ның 16 тармағы мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары»-ның 236, 244, 245 тармағының талаптарына қайшы келеді және 1058,0 мың теңгенің стенді 2370 шотына есепке көрсетілмеген.
Бұл қателіктер қаржылық заңбұзушылықтарға жатады. Аудит барысында есепке алынды.
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидалары»-ның 1 тарауының 3 тармақтары мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары»-ның 236, 243, 244-тармақтарының бұзылып, 1058,0 мың теңге қаржы ұзақ мерзімді активтері 2370 шотына есепке көрсетілмегеннен активтер сомасы барлығы азайып, жылдық есептілік бұрмаланған. Осыған байланысты Мекеменің 2021 жылғы қаржылық есептілігі бұрмаланған.
Қазақстан Республикасының 2014 жылдың 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы бойынша Мекеменің бас есепшісіне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу қарастырылған.
8. 2024 жылдың 20 тамызында Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының бас мамандар – мемлекеттік аудиторлары Ж.Дәурембекова, С.Желдібаев, «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Д.Касымов және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Л. Бекбосынова қатысуымен тауар материалдық құндылықтарға ішінара тексеріп қарау жүргізілді. Тексеріп қарау нәтижесінде 2023 жылдың 9 қазанында №141 келісім шарт негізінде "АВТОКРАН СЕРВИС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 211120,0 мың теңгеге сатып алынған 1 дана арнайы Ал-30 шасси КАМАЗ 43502 өрттік автобаспалдағы 30 метірлік сатынымен халыққа қызмет көрсету орталығы берген (ЦОН) техникалық паспортындағы номері MX9665021Р0010109, ал зауоттан шығарылған көлік құралының сәйкестендіру нөмірі MX9655021Р0010109 көрсетілген. Яғни техникалық паспортындағы номерімен зауоттан шығарылған көлік құралының сәйкестендіру нөмірі сәкес келмейтіні анықталды. Зауот берген техникалых паспортында MX9665021Р0010109 көрсетілген. Сонымен қатар тауарды шығару тегі туралы сертификаты көлік құралының сәйкестендіру нөмірі MX9655021Р0010109 мен сәйкес келеді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген «Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру» қағидаларының бірінші тармағының 1 тармақашасы мен 1 қосымшасының 3 тармағының 5 тармақшасы бойынша көлік құралын мемлекеттік тіркеу, оның ішінде көлік құралын бастапқы тіркеу – құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексергеннен, КҚТК мен МТНБ бере отырып, көлік құралының сәйкестендіру нөмірлерін салыстыра тексергеннен кейін уәкілетті орган жүзеге асыратын, көлік құралының жол қозғалысына қатысуына рұқсат беру рәсімі және 1 қосымшасының 3 тармағының 10 тармақшасы бойынша көлік құралының сәйкестендіру нөмірі – БАЖ-да көлік құралын сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік беретін, көлік құралын шығарушы берген, тізбектелген әріптік-цифрлық символдар түрінде көрсетілген көлік құралының жеке сериялық нөмірі делінген.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген «Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру» қағидаларының бірінші тармағының 1 тармақашасы мен 1 қосымшасының 3 тармағының 5 тармақшасы және 1 қосымшасының 3 тармағының 10 тармақшасы толық басшылыққа алынбай, арнайы Ал-30 өрттік автобаспалдағы 30 метірлік сатынымен техникалық пастпорындағы номері MX9665021Р0010109, ал зауоттан шығарылған көлік құралының сәйкестендіру нөмірі MX9655021Р0010109 сәкес келмейтіні анықталды. Аудит барысында 2024 жылдың 23 тамызындағы №412-ж/қ бұйрық негізінде « Алматы облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстар қызметі» РММ заң консультанты Р.Мырзаханов тәртіптік жазаға тартылды.
2024 жылдың 12 қыркүйегінде авто көлікке мемлекеттік тіркеу куәлігі алынып қалпына келтірілді.
2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе): _______________________________________________________
(болған жағдайда)
III. Қорытынды бөлім
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бұзушылықтар бойынша аудит объектісі 1058,0 мың теңгеге тиісті бухгалтерлік жазбалармен түзетілді, 151,2 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өтелді.
2024 жылдың 12 қыркүйегінде авто көлікке мемлекеттік тіркеу куәлігі алынып қалпына келтірілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238-бабы негізінде аудит объектісінің бас есенпшісі Л.Бекбосыноваға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша шара қолдануға, Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне хат жолданды.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар
1. Жоғарыда көрсетілгендей, мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша 2 912 664,0 мың теңге жұмсалған қаржы қамтылды және жалпы сомасы 1 054 149,0 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
- 1209,2 мың теңге бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бұзушылықтар (оның 151,2 мың теңгесі аудит барысында өтелді, 1058,0 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады).
- 10 014,4 мың теңге активтерді тиімсіз жоспарлаулар, 1042925,4 мың теңге тиімсіз пайдаланулар.
Осылармен қатар 3 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
2. Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы заңы, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV Заңы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №241 «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы талаптарын сақтамау салдарынан орын алған.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар
Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінің жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:
1. Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінің жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.
2. Аудит объектісі тарапынан тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін анықталған заң бұзушылық Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген «Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру» қағидаларының бірінші тармағының 1 тармақашасы мен 1 қосымшасының 3 тармағының 5 тармақшасы бойынша көлік құралын мемлекеттік тіркеу, оның ішінде көлік құралын бастапқы тіркеу – құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексергеннен, КҚТК мен МТНБ бере отырып, көлік құралының сәйкестендіру нөмірлерін салыстыра тексергеннен кейін уәкілетті орган жүзеге асыратын, көлік құралының жол қозғалысына қатысуына рұқсат беру рәсімі толық қадағалансын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізілсін.
3.4. Қосымша: анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (4 парақта).
Тексеру комиссиясының мүшесі Е. Бақытов
Аудит жүргізуге жауапты құрылымдық
бөлімшенің басшысы А. Сәді
Талдау, сапаны жоспарлау және
бақылау бөлімінің басшысы
-мемлекеттік аудитор С. Елубаева
Құқықтық сүйемелдеуге жауапты
құрылымдық бөлімшенің
Аудит тобының жетекшісі Ж.Дәурембекова
Аудиторлық іс-шараны жүргізген
мемлекеттік аудиторлар Ж.Дәурембекова
С.Желдібаев