Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Итоги государственного аудита
Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасы
Категория: Итоги государственного аудита | |
Дата: 24.10.2024 | |
Просмотры: 4 | Печать страницы |
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасының және оның ведомствовалық бағыныстағы ұйымдардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті
Арна ауылы 2024 жыл
Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы М.Мұсаевқа
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
I. Кіріспе бөлім
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасының және оның ведомствовалық бағыныстағы ұйымдардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасының және оның ведомствовалық бағыныстағы ұйымдардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.
1.3. Мемлекеттік аудит объектілері:
1. «Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы»;
2. Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2021-2023 жыл.
II. Негізгі (талдамалық) бөлік
2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:
Алматы облысы бюджетінің 2023 жылы атқарылуы туралы есебіне сәйкес, «Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі бойынша 2023 жылы жергілікті бюджеттен 230 867,0 мың теңге бөлініп, келесі мақсаттарға жұмсалған: мемлекеттік тілді насихаттау әдістемелік жұмыс т.б іс-шара өткізуге – 37 184,0 мың теңге, жалақы және әлеуметтік аударымдар – 128 026,0 мың теңге, кеңсе тауарлары, коммуналдық қызмет, байланыс қызметі, өзгеде қызметтерге – 16 601,0 мың теңге, іссапар шығындары – 5 465,0 мың теңге, автомашина және жиһаз сатып алуға – 43 565,0 мың теңге.
2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері
Аудит нәтижелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады:
Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасының және оның ведомствовалық бағыныстағы ұйымдардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 793 523,0 мың теңге қамтылып, жалпы сомасы 80 085,9 мың теңге көлемінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
- 1 477,4 мың теңге қаржылық бұзушылықтар бюджет есебіне өтелуге жатады;
- 78 608,5 мың теңге – бюджет қаражаттарының тиімсіз жоспарлануы.
Сонымен қатар 1 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.
1. «Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1) Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану – бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабы 9) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін негізділік принципі, яғни бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану принципі сақталмай, төмендегідей жағдайларда бюджет қаражаттарының тиімсіз жоспарлануы фактісі орын алған, атап айтқанда:
- 2021 жылға 002 «Мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастыру шығындарына берілген барлығы 87 152,0 мың теңге жоспары толық игерілмей, жыл аяғына дейін 38 332,0 мың теңгесі пайдаланусыз тиісті бюджет есебіне қайтарылған.
- 003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасына 15 621,0 мың теңге берілген болса, жыл бойы міндеттемелер оның тек 107,0 мың теңгесіне ғана қабылданып, 2021 жылдың қараша айында 15 514,0 мың теңге қаражаттары тиісті бюджет есебіне пайдаланусыз қайтарылған.
- 2022 жылдың қазан айынан бастап жыл аяғына дейін 002 «Мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастыру шығындарына 22 612,0 мың теңге жоспарланса, міндеттемелер оның 13 081,1 мың теңгесіне ғана қабылданып, жыл аяғында 9530,0 мың теңге қаражаттары тиісті бюджет есебіне пайдаланусыз қайтарылған.
- 003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспар 4722,0 мың теңге болса, міндеттемелер оның тек 216,5 мың теңгесіне ғана қабылданып, желтоқсан айында 4504,0 мың теңге қаражаттары тиісті бюджет есебіне пайдаланусыз қайтарылған.
- 2023 жылы 001 «Жергілікті деңгейде тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігіне жыл басында 11 335,0 мың теңге қаралса, оның 10 728,5 мың теңгесі өз мақсатында пайдаланылмай, жыл бойы ай сайын басқа да бағдарламаларға жылжыту арқылы басқа да шығындарға жұмсалған.
2) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 107-бабы, 3-тармағына сәйкес жұмыс беруші жұмыскерлерді еңбекке ынталандыру мақсатында оларға сыйлықақы тағайындауда бекітілген ұжымдық шартқа № 5 қосымшасының 1.7-тармақшасына қайшы, қызметкерге сынақ мерзімінен өту кезеңінде сыйлық берілмейтіндігі ескерілмей, штаттан тыс қызметкерге 143 484 теңге көлемінде негізсіз сый ақы берілген.
3) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 103-бабы, 1-тармақшасына сәйкес, жалақы жұмыскерге жұмыс уақытын есепке алу бойынша жұмыс берушінің құжаттарында есепке алынған нақты жұмыс істеген уақыт үшін төленеді.
Алайда, қызметкерлерге еңбекақы есептеп төлеуде өз еркімен жұмыстан босатылған қызметкерге 101 428 теңге көлемінде негізсіз еңбекақы төленген.
2. Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:
1) 2023 жылдың 12 мамырында «Smart edition» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 5 300 000 теңгеге «Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» КММ 2023 жылға арналған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін жасалған келісім-шарты бойынша міндеттемелердің уақытылы орындалмау фактісі орын алған.
Алайда, Мекеме тарапынан Орындаушыға қатысты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43-бабы 24-тармағына сәйкес 132 920 теңге тұрақсыздық айыбын өндіру және 12-бабы 4-тармағы 3) тармақшасымен белгіленген әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгіну шаралары қолданбаған.
2) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы №120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» салық кодексінің 487, 489-баптарына қайшы еңбекақы төлем қорынан төленетін әлеуметтік салығы бойынша 2023 жылы жалпы соммасы 989,5 мың теңге бюджетке төленбеген және салық декларацияларында кем тапсырылған.
Сонымен қатар, Салық кодексінің 350, 351, 355 бабына қайшы, еңбек ақыдан ұсталатын жеке тұлға табыс салығы бойынша 2023 жылы 110,1 мың тенге бюджетке төленбеген және салық декларацияларында кем тапсырылған.
2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе): Бағалау жүргізілмеді.
III. Қорытынды бөлік
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар
1) Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысының өткізілуіне дейінгі мерзімде «Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі тарапынан қызметкерлеріне негізсіз төленген 244,9 мың теңге қаражаттары тиісті бюджет есебіне өтелді.
Басқарманың 2024 жылдың 26 қыркүйегіндегі № 03-41/673 хатына сәйкес, аудитпен қамтылған кезеңде қызметкерлерге еңбек ақы және сыйақылар есептеуге жауапты болған қызметкерлердің қазіргі уақытта өз еркімен жұмыстан босауына байланысты жоғарыда аталған Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту мүмкін болмаған.
2) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207-бабына сәйкес, Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 12-бабы 4-тармағы 3) тармақшасымен белгіленген әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгіну шараларын қолданбағаны үшін Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аудитпен қамтылған кезеңдегі жауапты тұлғасына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша шара қолдану туралы хат жолданды.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қорытындылар.
1. Жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 793 523,0 мың теңге қамтылып, жалпы сомасы 80 085,9 мың теңге көлемінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
- 1 477,4 мың теңге қаржылық бұзушылықтар бюджет есебіне өтелуге жатады;
- 78 608,5 мың теңге – бюджет қаражаттарының тиімсіз жоспарлануы.
Сонымен қатар 1 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.
2. Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» бірыңғай Ережесінің, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің, Мемлекеттiк сатып алу Заңының 43,12 баптарының, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы №120-VI Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексінің 350, 351,355, 487, 489 баптарынын талаптарын сақтамау салдарынан орын алған.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар:
Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасының және оның ведомствовалық бағыныстағы ұйымдардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:
1. Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасының және оның ведомствовалық бағыныстағы ұйымдардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.
2. Аудит барысында анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне әлеуметтік салық пен жеке тұлға табыс салығы бойынша жалпы сомасы 1 099,6 мың теңгенің бюджетке төленуін және «Smart edition» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 132 920 теңге көлемінде тұрақсыздық айыбының тиісті бюджетке өндірілуін қамтамасыз ету шараларын қолдану және жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы тиісті Нұсқама жолдансын.
3.4. Қосымша: Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (5 парақта).
Тексеру комиссиясының мүшесі А. Қондыбаева
Аудит тобының жетекшісі,
№2 мемлекеттік аудит бөлімінің
басшысы-мемлекеттік аудитор А. Сәді
Талдау, сапаны жоспарлау және
бақылау бөлімінің басшысы
-мемлекеттік аудитор С. Елубаева
Әкімшілік-құқықтық бөлімінің
бөлімінің басшысы
-мемлекеттік аудитор А. Кұлмұхамбетова